Қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің ішкі ісіне күш қолдану заңдылығы және оны қарумен шешу мәселесі бүгінгі таңда өзекті және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Әділ соғыс концепциясының өзектілігі - қазіргі халықаралық құқықта туындаған парадокста оны дұрыс түсіндіру және оны әділ қолдану болып саналады. Халықаралық қауымдастықта бұдан аз жыл бұрынғы оқиғалар легі және жиі болып жатқан террорлық іс-әрекеттердің нәтижесінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңыздылығының артуына байланысты қорғану ретінде мемлекеттердің күш қолдануы және қауіп төндіруінің заңдылығы дүниежүзілік қауымдастықты толғандыратын маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Әділ соғыс теориясына қызығушылықтың екінші жағы, бітімгершілік қызметінің халықаралық құқық нормаларына сәйкестігі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатымен (санкциясымен) гуманитарлық интервенцияның құқықтық негізділігін қарастыруынан туындап отыр. Соғыстың әділдігін анықтау критерийлері халықаралық құқықта теоретик-ғалымдармен әлденеше рет сараланған. Анықтамаларда ортақ жайттардың болмауы салдарынан, әлемдегі тепе-теңдіктің бұзылуына және ұлттық қауіпсіздікке нақты қатер төніп тұр ма деген сұраққа әрбір мемлекетке өзіндік үкім шығару құқығын қалдырады. Өз кезегінде статус-кво қауіп төндіру сипаты бойынша мемлекеттер арасындағы шиеленіске әкеп соқтырады және осы қауіп-қатерлерді болдырмау мақсатында жұмыс жасайтын БҰҰ қызметінің тиімділігі және БҰҰ Жарғысын қолдануына күмән туғызады.

Сондай-ақ, мына жайттарды ескеру керек, қазіргі таңда мемлекеттің ішкі ісіне араласу құқығының өзектілігі - қақтығыстар санының артуына, ұлтаралық қылмыс, этникалық және діни қақтығыстар сипатына ие қазіргі халықаралық қатынастардың ерекшелігіне, халықаралық құқықта жаңа қағидалардың пайда болуына, жалпы адамзаттық құндылықтар ролінің өсуіне (мәселен, адам құқығын қорғау, демократия, қоршаған ортаны қорғау т. б. ) байланысты артып отыр. Бітімгершілік операциялар жолымен адам құқығын қорғау, терроризмге қарсы күрес және басқа да халықаралық қылмыстар жөнінде ұжымдық шешімнің кең таралуы қазіргі әділ соғыс тұжырымына өз түзетімін енгізді. Соғысты қолдану заңдылығының анықтамаларында жалпыға ортақ жайттардың болмауы және осы мәселе бойынша мемлекеттердің практикасында қарулы күшті БҰҰ Жарғысы тұжырымдамалары тұрғысынан қолдану соғыс институтын реттейтін халықаралық құқықтың жалпыға ортақ нормалары мен қағидаларын біржақты түсіндіруде және оларды дүниежүзілік қауымдастықтың орындамауы өткір мәселе болып отыр.

Зерттеудің жаңалығы. Халықаралық құқық аясында мемлекеттің соғыс ашу құқығының доктриналық негізділігі мен зерттелуіне деген қызығушылық бүгінгі күнге дейін әлемдегі барлық халықаралық заңгерлері үшін өзінің жаңашылдығын жоғалтқан жоқ. Мына жайтты ескеру керек, 1945 ж. БҰҰ Жарғысы ретінде негізгі халықаралық құқықтық деректер тұжырымдарына сүйенгеніне қарамастан, ғалымдардың әділ соғыс түсінігіне берген пікірлері оны қай мектеп ұсынғанына байланысты ерекшеленеді. Кеңес одағының теоретиктері Колосов, Бекяшев, Тункиндер өз еңбектерінде мемлекеттің ішкі ісін қарумен шешудің дұрыстығын қарастыру барысында консервативті позицияны ұстанады. Соғыс құқығы түсінігіне Мартенс мынадай анықтама береді: “мемлекеттер арасындағы ашық күресте күш қолдануды айқындайтын заң нормаларының жиынтығы”1. Батыс ғалымдары Мерфи мен Мур әділ соғыс жөнінде едәуір икемді пікір ұсынады, яғни, терроризмге қарсы мемлекеттің превентивті қарулы күш қолдану және халықтардың өзін-өзі басқару құқығы халықаралық құқықта заңды болып саналады. Соғысты ашу құқығы жөніндегі пікірталастардың және доктриналардың әртүрлілігінен мынадай қорытынды шығардық: аталмыш тақырып толық ашылмады және ХХІ ғасырдың шынайы көрінісін толық беретін әділ соғыс түсінігін қарастыру жүйелі ғылыми талдауды талап етеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу тақырыбының негізгі мақсаты - қазіргі халықаралық құқықта бекітілген мемлекеттің соғысты ашу құқығының заңды негізділігіне нақты тұжырымдама беру және басқа мемлекетке қатысты жасалған заңсыз интервенция мен агрессиялар актілеріне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы берілген мемлекеттің ішкі ісін қарумен шешу жағдайларына шектеу қою. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін, бітіру жұмысты жазу барысында орындалатын бірқатар міндеттерді айқындап алу қажет. Біріншіден, тақырыпты терең түсіну үшін әділ соғыс институтының қалыптасу процесін халықаралық құқық қағидалары мен нормаларының дамуымен ретроспективті параллельде сипаттау қажет. Екіншіден, қазіргі халықаралық құқықта бекітілген әділ соғыс концепциясының мемлекеттің қорғану құқығы мен халықтардың өзін-өзі басқару құқығы сияқты аспекттерін қарастырып, оларды қолданудың заңдылығын анықтау қажет. Үшіншіден, БҰҰ бітімгершілік операциялары аясында қарулы күшті қолданудың тиімділігі мен заңдастырылуына және нақты тарихи мысалдарға сүйене отырып, гуманитарлық интервенция мақсатында мемлекеттің ішкі істерінін қарумен шешу мәселесі жүйелі талдауды қажет етеді. Төртіншіден, соғысты қолдануды ақтайтын қолданыстағы басты ғылыми доктриналарды қарастыру қажет және оның негізділігі мен өзектілігін айқындау керек. Соңғысы, жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша шығатын тұжырымдарға кумулятивті талдау жасау қажет.

Зерттеудің пәні мен обьектісі. Осы жұмыстың зерттеу пәні - қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы. Зерттеудің обьектісі - мемлекеттер соғысты ашу құқығын қолдануының заңдастырылу мәселесі және халықаралық құқық қағидалары мен нормаларына сәйкес жүргізілген мемлекеттің ішкі ісін қарумен шешудің әділдігі.

Зерттеудің әдістері. Бітіру жұмысын жазу барысында эмпирикалық зерттеудің әдістері - салыстыру мен бақылау, сондай-ақ, эмпирико-теориялық әдістер - талдау және зерттеудің тарихи әдісі жүргізілді. Зерттеуді жүргізу барысындағы міндеттерді саралауда ғылыми таным мен зерттеудің теориялық әдісі үлкен роль атқарды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы атты бітіру жұмысын жазу барысында төмендегідей нәтижелер шықты:

  1. Мемлекет қорғану құқығын тек оған қатысты агрессия актілері көрсетілген жағдайда ғана пайдаланады. Превентивті қорғану жүргізу бойынша кез-келген әрекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзуға әкеп соқтыратын жағдай ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен қарастырылу қажет. “Превентивті қорғануға” сүйенген кез-келген басқа іс-қимылдар агрессия ретінде бағалануы қажет.
  2. Тәуелсіздік үшін күресетін халық құрамына кіретін мемлекетке қарсы абсолютті соғыс жүргізу құқығын пайдаланбайды. Егер мемлекет осы халыққа қатысты геноцид (жаппай қырып-жою), апартеид немесе жаппай адам құқығын бұзу секілді ерекше жағдайлар болса, соғыс жүргізу әділ болып есептеледі. Өзін-өзі анықтау үшін күресті жүргізу тәсілдерін таңдау еркіндігі жөнінде 1970 ж. халықаралық құқық қағидалары туралы Декларация тұжырымдамалары барынша дұрыс түсіндірілуі керек.
  3. Мемлекеттің ішкі қызметін қарумен шешу БҰҰ Жарғысына сәйкес және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясы негізінде гуманитарлық мақсатта қолданылатын мәжбүрлеу шараларында ғана заңды болып табылады.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жүргізілген зерттеудің теориялық және практикалық маңызы соғыс заңдылығын біржақты түсіндіру мәселелерінің негізділігі және анықтауымен сараланады. Аталған мәселенің практикалық шешімі, бұл өз кезегінде әділ соғыс институтының қазіргі халықаралық құқықта сапалы деңгейге өтуіне әсерін тигізеді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысының құрылымы және оны құрайтын структуралық элементтер жұмысты жазу барысында қойылған мақсат пен міндеттерге жету қажеттілігінен туындады. Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі - 53 бет.

1. Халықаралық құқық дамуы контексіндегі әділ соғыс концепциясының қалыптасуы

Әділ соғыс концепциясының қалыптасу тарихы өзінің қайнар көзін орта ғасырлар мен жаңа дәуір ойшылдарының еңбектерінен бастау алады. Оның авторы болып «Құдай шаhары туралы» еңбегінде соғыстың әділ болуы мүмкін екенін тұжырымдаған Әулие Августин саналады. Әділ соғыс концепциясының кейбір қырларын Аквиналық Әулие Фома да қарастырған. Халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушысы болып есептелетін Гуго Гроцийдің «Соғыс және бейбітшілік құқығы туралы» еңбегі негізінен әділ соғыс концепциясы тақырыбына арналған. Сонымен қатар, аталмыш мәселені өз еңбектерінде қарастырған Эмерик де Ваттельді, Томас Гоббсты, Джон Локкты, Шарль Луи Монтескьені, Жан-Жак Руссоны атап өткен жөн.

Жалпы, халықаралық құқықтың дамуы соғыс құқығын шектеу процессі болып табылады деп айту қате болмас. Jus ad bellum және jus in belloны шектей, соғыстың әділ болып саналатын себептерін шектей, халықаралық құқықтың қағидалары мен нормалары дами түсті.

Мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттер арасындағы қатынас пен халықаралық құқықтың пайда болуына ықпалын тигізді. Оның бастамалары салыстырмалы түрде алғанда, кішкентай географиялық ауданды қамтитын аумақтың халықаралық құқық жүйесі түрінде қалыптасты. Халықаралық құқық конституциясын оның негізгі қағидалары құрайды. Олар жоғары заңды күшке ие жалпы танылған нормалар. Қалған барлық халықаралық-құқықтық нормалар мен субъектінің халықаралық маңызы бар іс-шаралары негізгі қағидалар тұжырымдамаларымен сәйкес болу керек.

Халықаралық құқық қағидалары әмбебапты сипатқа ие және қалған барлық халықаралық нормалардың заңдылық критерийлері болып табылады. Негізгі қағидалардің тұжырымдамаларын бұзатын шарттар мен іс-шаралар жарамсыз боп танылады және халықаралық-құқықтық жауапқа тартылады. Халықаралық құқықтың барлық қағидалары аса маңызды және олардың әрқайсысын интерпретациялау барысында мүлтіксіз орындалуы керек.

Қағидалар өзара байланыста болғандықтан, бір тұжырымдаманы бұзған жағдайда екіншілері де дұрыс қолданылмайды. Мәселен, мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу мемлекеттің тәуелсіз теңдігі қағидасын бұзумен бірдей, осы секілді т. б.

Алғашқыда бұл қағидалар халықаралық-құқықтық дәстүрлер формасында жүргізілді, алайда БҰҰ Жарғысы қабылданғаннан кейін шарттық-құқықтық формаға ауысты. Осыған орай, Жарғының 103-бабы, егер БҰҰ Жарғысы бойынша БҰҰ мүшелерінің міндеттері қандай да бір халықаралық шарттар міндеттерімен қарама-қайшылықта болған жағдайда Жарғыдағы міндеттер бойынша басымдық күшке ие болатынын қарастырады.

Күш қолдануға және күш қолдану қаупін төндіруге тыйым салу қағидасы халықаралық құқықта алғашқыда агрессивті соғысқа тыйым салу қағидасы ретінде екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде пайда болды. Осы қағида халықаралық құқықта бұрыннан бар мемлекеттердің соғыс ашу құқығын (jus ad bellum) ауыстырды, кез-келген мемлекет басқа мемлекетке соғыс ашу құқығын олардың арасында шиеленіс болған жағдайда ғана басшылыққа алады. 1917 ж. қазанда Ресейдің ұсынған теңсіздікке және агрессивті соғыстың қылмыстылығына қарсы идеялары халық арасында кең қолдауға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс халықаралық мәселелерді шешудің құралы ретінде соғыстың мәнсіздігін көрсетті.

Ұлттар Лигасының статуты мемлекеттің соғысты ашудың дәстүрлі құқығына шектеу қойды. Лиганың мүшелері шиеленіс туған жағдайда, оны шешу үшін ынтымақтастық құралдарын қолдану керек және сәтсіз шешілген жағдайда ғана соғыс ашуға құқылы. Осы шектеуді бұзған мемлекеттерге іс-шаралар (санкция) қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Алайда, іс жүзінде Лига статутында берілген қаулылар жүзеге аспады, өйткені, санкцияны қолдану үшін Лига кеңесі бірауыздан шешім қабылдауы керек еді 2.

Тыйым салу және шабуыл жасаудың қылмыстылығы идеялары Ұлттар Лигасының бірқатар құжаттарында көрініс тапты, оның ішінде, 1923 ж. Ұлттар Лигасы Ассамблеясы қабылдаған (бірақ, кейін жүзеге аспаған) өзара көмек беру жөніндегі Жоба; агрессивті соғысты “халықаралық қылмыс” деп бағаланған 1927 жылғы Ұлттар Лигасы Ассамблеясы қабылдаған агрессивті соғыс жөніндегі Декларация.

1928 ж. 27 тамызындағы Париж шартының (Бриан - Келлог пакті) Жарғылары жетілдірілмегеніне қарамастан, агрессивті соғысқа тыйым салу мазмұнындағы ең алғашқы көп жақты халықаралық шарт болды. Шарттың 1-ші бабында: “Келісетін жоғары тараптар, тегіне орай өз халқының атынан халықаралық шиеленісті соғыс арқылы шешуді айыптайтынын және өзара қарым-қатынаста ұлттық саясаттың қаруы ретіндегі осындай іс-шараны қолданудан бас тартатынын салтанатты түрде мәлімдейді” деп айтылған. 2-бапта “қатысушылардың міндеті - шиеленіс туған жағдайда бейбіт жолмен шешуді қарастыру керек” - делінген. КСРО Париж шартына қосыла отырып, былай мәлімдеді: “халықаралық саясатта соғыстар мен қарулы қақтығыстарды болдырмау идеясы кеңестік сыртқы саясаттың ең басты идеясы”. Осы қағиданың одан ары дамуын болжағандай, “ұлттық саясатты” өз пайдасына шешетін қару ретінде, сондай-ақ, басқа мақсаттарда жүзеге асырылатын әртүрлі халықаралық жанжалдарға тыйым салыну керек. Тек формалды-заңды түрдегі (яғни, соғыс ашуды мәлімдеу және т. б. ) соғысқа ғана емес, сонымен қатар әскери іс-шараларға, мәселен, интервенция жасауға, блокада, бөтен аумаққа, бөтен порттарға шабуыл жасауға тыйым салу 3.

Бұрынғы халықаралық құқық халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу қағидасын білген жоқ. Ол кездегі тұжырым бойынша, мемлекеттер арасындағы жанжалды тек бейбіт жолмен ғана емес, сондай-ақ зұлымдықтың түрлерімен шешуге болады. Мәселен, Римдіктер түрлі халықаралық шарттар жасады. Олардың біреуі “мәңгі” ынтымақтастық пен бейбітшілікті қолдаса, екіншілері уақытша татуласуды бекітті. Қамқоршылық жөнінде, одақтастық жөніндегі шарттар болды. Одақтастық шарттар шабуыл ашумен қатар, қорғаныстық та болды. Тең құқықты мен теңсіздік шарттары да ерекшеленді. Соңғысы, әрине басымдау болды. Осы шарт арқылы Римдіктер қатал соғыс нәтижесінде жеңілген ұлттарға өздерінің басымдығын күшейтті. Ежелгі Римнің әскери салты өте қатал болды. Осыған орай, ежелгі римдіктердің “умен емес, қарумен соғысу керек” деген қанатты сөзі болды. Тұтқынға түскен жауынгерлермен қатар, жаулап алған аумақтың бейбіт тұрғындарын да құлдыққа салды, жаулап алған қалаларды толығымен қиратты. Пун соғысы кезеңіндегі рим қайраткері Катонның: “Карфагенді жою керек” деген сөзі қанатты сөзге айналды. Осындай жағдайларда ынтымақтастық жөніндегі шарттар жасаудың қажеттілігі де болмады. Римдіктер жермен жексен қылған Карфаген де осындай жағдайға душар болған еді. Рим папалары ерекше келісімдер - конкордаттар жасады. Бұлар маңызды шарттардың кепілі болды. Жалпы айтқанда, римнің католиктік шіркеуі Батыс Европадағы феодалдық құқықтың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді, мәселен жеке шабуылдардың (феодтардің) құқығын шектеу жөнінде ережелер шығарды, соғыс ашуды мейрамдар мен аптаның белгілі күндерінде рұқсат етпеді, шіркеуден баспана берді, соғыстың бірқатар құралдарына (1139 ж. Латеран шіркеуі садақ және арбалеттерді қолдануға тыйым салды) тыйым салды. Жалпы алғанда, мемлекеттер арасындағы шиеленісті шешудің заңды құралы болып саналатын шабуылдың дәстүрлері мен заңдары қатал болды: жауынгерлер мен бейбіт тұрғындар арасына айырмашылық жүргізбеді, тұтқындарды құлдыққа салды, жаралыларды тағдырдың тәлкегіне тастады, жаулап алынған қалалар мен ауылдар тоналып, жеңімпаздың құзырына берілді. Ежелгі Русьте шабуылдардың салты мен заңдары едәуір жұмсақтау болды. Оларда алдын-ала ескерту салты бар. “Қоңсыларға”, яғни соғыс кезіндегі бейбіт тұрғындарға қол тигізбеу жөніндегі келісімдері белгілі. Тұтқындарды айырбастау жағдайлары да болды 4.

Орта ғасырдың соңғы ширегінде жаралылар мен науқастарды қамқорлыққа алу бастамалары пайда болды. Соғыс кезінде бейтарап мемлекеттердің міндеттері мен құқықтарына бейтарап болу кепілдемесін белгілеу қатаңдана бастады. 1780 жылы ІІ Екатеринаның қарулы бейтараптық жөніндегі Декларациясында бейтарап кемелердің соғысып жатқан елдер жағалауында еркін жүзуі, бейтарап кемелерде жаудың жүктеріне қол сұқпау және теңіз блокадасының тиімділік қағидасы жөнінде ресми түрде жарияланған. Соғыс кезінде бейбіт тұрғындар мен сауда жолдарына қол тигізбеу қағидасы, осы шартта қарастырыла бастады.

1899 ж. және 1907 ж. Гаага конференцияларының мазмұны тек жылы пейіл білдіру немесе делдалдық іс-шаралар түрінде болды.

Ұлттар Лигасы статутының мемлекеттерге айтылған жолдауында жанжалды бейбіт жолмен шешу жөнінде талпыныс жасалған. Алайда, ынтымақтастық құралдарын қолдану мемлекеттердің соғыс ашу құқығын жоймады. Тек 1928 ж. соғыстан бас тарту жөніндегі бейбіт жолмен шешу қағидасы Париж пактысында (Бриан - Келлог пактысы) - көп жақты шартта көрсетілген. Шарттың тараптары, оның туу сипатына қарамастан, барлық қақтығыстарды шешу немесе реттеу, тек бейбіт жолмен ғана жүргізілуі керектігін мойындады.

Осыған орай, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін халықаралық құқыққа жаңа қағида - халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу қағидасы енді. Мемлекеттердің тәуелсіз теңдігі қағидасы феодализмнен капитализмге өту барысында қалыптасты және халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болды. Алайда, бұрынғы халықаралық құқықта мемлекеттердің тәуелсіздігін сыйлау қағидасымен қатар оны бұзуға рұқсат ететін, ең алдымен, мемлекеттің соғыс ашу құқығы қағидалары де болды. Бұдан басқа, тәуелсіз теңдіктің қағидасы халықаралық құқықтың басқа да қағидалары секілді тек “өркениетті” мемлекеттерге ғана таралды. Бұл қағида Шығыс елдерінде қолданылмады. Өйткені, “өркениетті” мемлекеттер осы мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындамады (протектораттар, мемлекеттің ішкі ісіне араласу, шет елдік сеттельменттер, консулдық юрисдикция және т. б. ) .

Феодалдық шарттар көп жағдайда екі жақты болды. Дегенмен де, көпжақты, ең алдымен ынтымақтастық шарттары да жасалды. Феодалдық кезеңдегі осындай шарттардың бірі отызжылдық соғыстың бітуіне ықпалын тигізген 1648 ж. Вестфал трактаты болды. Вестфал конгресінде бірінші рет дөңгелек үстел басында діні мен мемлекеттік құрылым формасына қатыссыз европа елдерінің өкілдері тең құқылы мүше ретінде жиналды. Мұнда территориалдық өзгерістер заңды түрде бекітілді, европаның жаңа саяси картасы жасалды. Конгресс Герман империясының құрамына кіретін 355 князьдықтың тәуелсіздігін мойындады, оның ары қарай дамуын тежеді, сондай-ақ Швейцария мен Голландияның тәуелсіздігін таныды. Жағалау маңындағы мемлекеттерге Рейнде еркін жүзу құқығы жарияланды; жағалау маңы мемлекеттері феодалдарының салық салу жүйесін жойды. Европа мемлекеттерінің шекараларын айқындап алғаннан кейін Вестфал конгресі және сонда бекітілген құжаттар Ұлы француз буржуазиялық төңкерісіне дейінгі көптеген халықаралық келісімдер үшін заңды негіз болды. Мұнда сондай-ақ, отыз жылдық соғыс нәтижесінде туындаған статус-квоны мәңгілікке қалдыру үшін саяси теңдік қағидасы қалыптасты. Вестфал конгресі көпжақты келісімдер мен европа мәселесін шешудің бастамасын көтерді.

Абсолютизм кезеңінде мемлекеттердің теңдігі мен тәуелсіздік идеялары үлкен мәнге ие бола бастады, алайда бұл қағидалар сол уақытта феодалдық-династиялық мазмұнда болды. Мемлекеттің тәуелсіздігі монарх тәуелсіздігімен бірдей болды, өйткені монарх оның жалғыз билеушісі еді (мәселен, XIV Людовиктің “Мемлекет - бұл мен” деген сөзі бар) . Мемлекеттердің тепе-теңдігі де монарх теңдігімен бірдей болды. Осы кезеңде, сондай-ақ, елшіліктің құқығы дами бастады. Елшіліктерді айырбастау жиі қолданды, ал уақытша елшіліктер тұрақты бола бастады. Олардың артықшылықтары да едәуір кеңейді: қол сұқпау құқығын елшілік ғимараттарына да қолданды, елшілерді қарызы мен қылмысы үшін жергілікті сот алдында соттай алмады. Жергілікті юрисдикциядан алынған тұтас елшілік кварталдары пайда болды, елшіліктерде баспана беру құқығына кепілдік берілді 5.

ХХ ғ. 70-жылдары халықаралық шиеленісті бәсеңдету процесі және аймақтық, ең алдымен европалық интеграцияның дамуы бастамасы белең алды. Европадағы (Хельсинки, 1975 ж. ) ынтымақтасу және қауіпсіздік жөніндегі мәжілістің Қорытынды актысында әртүрлі жүйедегі батыс мемлекеттерінің ынтымақтастық, сенімділік шаралар жүйесінің қалыптасу процесі көтерілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігі
Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы
Халықаралық құқықта құқықбұзушылық жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігін халықаралық-құқықтық реттеу
Геноцидтің халықаралық қылмыс ретінде заңды құрамы мәселелері
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Гуго Гроций кім
Құқықтық сана түсінігі
Құқықтық сананың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz