Шақатты топырақтардың қалыптасуы және таралуы
Мазмұны
АЛҒЫСӨЗ
КІРІСПЕ
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттелу нысандары
2.2 Зерттелу әдістері
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҚАТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЛАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
3.1 Тұзды топырақтардың физикалық.географиялық қалыптасу тектері
3.1.1 Сорлардың тектік (генезистік) негіздері
3.1.2 Сортаңдардың тектік негіздері
3.1.3 Шақаттардың қалыптасуларындағы биогеохимиялық процестер
3.1.4 Қазақстандағы шақаттардың жайғасу жағдайларының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Физикалық география кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ШАҚАТТЫ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ
Орындаған:
4 курс студенті
Ізтілеуова М.К.
Ғылыми жетекші,
б.ғ.д., профессор
Мамытов Ж.У.
(қолы, күні)
Нормоконтролер
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
Мұқашева Ж.Н.
(қолы, күні)
Алматы, 2006
Мазмұны
АлғысӨз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2. Зерттеу нысандары мен
Әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Зерттелу
нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
2. Зерттелу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
3. Қазақстандағы шақаттардың қалыптасуларының
физикалық-географиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ...
1. Тұзды топырақтардың физикалық-географиялық қалыптасу
тектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Сорлардың тектік (генезистік)
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Сортаңдардың тектік
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Шақаттардың қалыптасуларындағы биогеохимиялық
процестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Қазақстандағы шақаттардың жайғасу жағдайларының ерекшеліктері
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Топырақтанушы ғалымдар, В.В Докучаевтың ілімінің негізінде,
тұзды топырақтардың түзіліп, дамып, қалыптасу процестерінің оларға
әсер ететін табиғи факторлар мен байланыстыра түсіндіруге
тырысады. Бірақ басым жағдайда сорлардың сортаңдардың
тақырлардың және шақаттардың тектік (генезистік) болмысын
химиялық физикалық- химиялық және геохимиялық тұрғыдан талдап,
олардың пайда болу механизіміне баса көңіл аударады да, физикалық-
географиялық факторлардың нақтылы әсерлерін жан-жақты қарастырмайды.
Сондықтан осы ұсынып отырған жұмысымызда Қазақстандағы шақаттанған
топырақтардың қалыптасуларын осы тұрғыдан түсіндіріп, айтылған
оқулықтың орнын толтыруға тырыстық. Әрине, республика
территориясындағы жайғасқан шақаттардың көлемі басқа да тұзданған
топырақтарға (сор, сортаң, тақыр) қарағанда аз болғандықтан бұл
факторлардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталмай оларды бірлестіре,
үйлестіре қарауға мәжбүр болдық. Себебі, зерттеулер мен әдебиеттерге
шолу барысында, бұл топырақтардың түзілу процестері, көбінесе,
орманды және орманды-дала зоналарында жүргендіктен, ондағы негізгі
фактор болып топырақтардағы сулық- геохимиялық мизайиялық
құбылыс анықталды.
Сонымен, жұмысымыздың мақсаты – Қазақстандағы шақаттардың
қалыптасуларының физикалық-географиялық жағдайлары. Осы қойылған
мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілді :
- тақырыптың түбегейлі мәнін түсіну үшін және қазіргі кездегі
зерттеу жағдайын ақиқатты анықтау үшін ғылыми әдибиеттерді
жүйелеп, шолу жасау;
- зерттелетін нысандарға сипаттама беріп, ізденістердің
әдістерін нақтылау;
- тұзды топырақтардың физикалық-географиялық қалыптасу тегін
жалпылама сипаттау;
- шақаттардың қалыптасуларының геохимиялық негіздерін
анықтау;
- Қазақстандағы шақаттардың жайғасу жағдайларының
ерекшеліктерін зерттеу.
Бұл жағдай әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың физикалық- геогрфиялық
кафедрасында орындалды.Сондықтан, кафедра меңгерушісі доцент Ж.Н
Мұқашеваға, ғылыми жетекші профессор Ж.Ү Мамытовқа және басқа қол
ұшын беріп, көмегін аямаған кафедра мүшелеріне шексіз алғысымды
айтамын.
1. Әдебиеттерге шолу
Топырақтардың шақаттану алғаш рет зерттеген академик К.Гедроиц
(1). Зерттеу жұмысының негізін физикалық- химиялық көзқараспен
жасап көптеген зертханалық және далалық эксперементтік
тәжірбиелерімен қамтамассыз еткен нәтижесінде шақаттар атмосфералық
ылғалмен шайылу негізінде сортаңдардан пайда болады деген тұжырымға
келеді. Бұл тұжырымның негізінде шақаттардың түзілуінің коллойдық
ертінділердің сортаңдардың жоғарғы қабатындағы сіңіру кешеніндегі
органикалық және минералдық бөлігінің біртіндеп бұзылуы процесінің
механизімі алынған осы ыдыраудың салдарынан пайда болған заттар
су миграциясына ұшырап топырақтың төменгі қабатына жұтылып,
шөгіледі. Ал жоғарғы қабаттарында аморфты кремноземдік қосылыстар
жиналып шақаттанған жаңа қабат пайда болады. Бұл қортындылық
тұжырым Новосовский стансиясындағы тәжірбиелік шаруашылығындағы
бақылауларында алында.
Носов с-хоз Тәжірбиелік алаңында жүргізілген тәжірбие
жұмысының алғашқы жылдарында-ақ зерттеліп отырған аудан
топырақтарында олардың келесі тыңайтқыштарға қатысты бірқатар
өзіндік ерекшеліктер байқалған: минардық тыңайтқыштар және шымтезекке
мәдениетке мысалы клевер және т.б. (отличительные черты юга
чернеговщины- изд. Нос. Ст. Вып 17) . Мұнымен мұнда байқалатын көптеген
құбылыстар сонымен бірге Носов стансиясының Агрохимиялық бөлімінің
осы топырақтарға жүргізген зерттеулерінің мәліметтері сонау
Черниговская губерниясы уақытынан бері зерттелген топырақтарға
жататын дегредацияланған қара топырақтарға жалпыға мәлім
қасиеттерімен сәйкес келмеген. Бұл Носов стансиясындағы Носов С-Хо)
. Тәжірбиелік стансиясының тәжірбиелік алаңы жұмыс жасайтын ең
кең таралған топырақ типі. Бұл ауданның топырақ типтерінің
төтенше (өтпелі зона үшін) пестротасы толық түсіндірілмеген .Тек
Черниговская губерниясында бір климаттық жағдайлардағы түзілген 20
топырақ түрлері есептелген.Олар өз кезеңінде 70 верст жерде
салыстырмалы түрде гумус қабаты 5% (Макиев тәжірбие алаңы) тучные
қара топырақтарынан күлденген сұр топырақтарға (Чемер тәжірбие
алаңы) дейін вариациядан тұрады. Профессор К. К Гедроиц Носов
тәжірбие алаңының Агрохимиялық бөлімінің меңгерушісі жергілікті
жерлердің ерекшеліктерін ескере отырып 1922 жылдың өзінде-ақ Носов
тәжірбие алаңы жұмыс атқаратын топырақ бір кездердегі шақатты
топырақтардың сортаңсыздану нәтижесі болуы мүмкін деп ұйғарған.
К.К Гедройц проф. басқарған Агрохимиялық бөлімшенің кейінгі
зерттеулері бойынша бұл идея тұрақталып проф. К.К Гедройц оны гипотеза
жалпы украиналық кезектегі баяндамасында ұсынды.
Нос. Ст аймағының топырағының зерттеу уақытындағы бақылаулар мен
сараптамалық мәліметтер негізінде проф. К.К Гедройц Днепр мұздық тілінің
қаратопырақты, шымдалған топырақтары шығу тегі бойынша оларға географиялық
жағынан жақын және шақатталған топырақ болып табылады. Проф. К.К Гедройц
бойынша “топырақтың тұздануы мен сортаңдану прцестері қаратопырақты және
тайгалық зоналаларда бұрын байқалған”.
К.К Гедройцтың Днепр маңы ойысының топырақтарының генетикалық
жағынан бір-біріне жақын болуы туралы болжамы өте орынды. Ол Носов.
ст.аймағы топырақтарының Днепр маңы ойысындағы топырақтар типінің жалпы
агрономиялық қасиеттерінің жалпы типін анықтайды.
Шақаттану үрдісіндегі осыған ұқсас пікірді Е.Н Иванова (2) Батыс
Сібір ойпатының орманды- далалық топырағының зерттеу нәтижесінде
білдірді. Шақаттың тектік(генетикалық) ерекшелігін егістікті зерттеу
негізінде және оларға сәйкес келетін топырақтардағы шақат түзілу
үрдісімен салыстырып бұл топырақтардың дамуын келесі сызба
нұсқасы арқылы берді: сор → сортаң → батпақты топырақ →шақат. Осы
зерттеу нәтижесінде, автор сортаңдардағы өсімдіктердің арасында бірде-
бір ағаштардың, оның ішінде талдарды кездестірмегенін баса айтады.
Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер шақаттардың тек
сортаңдардан ғана түзілмейтіндігін олардың нашар минералданған ыза
суларының жер бетіне жақын жататын жерлеріндегі әртүрлі
сортаңданған топырақтардан да дамуы деген пікірді ұстануда. М.Н
Рыбаковтың (3) ойынша, шақаттану сортаңның жуылып- шайылу нәтижесінде
және нашар тұзданған ыза сулардың деңгейлерінің өзгеріп отыру
нәтижесінде олардың тұзданбаған немесе нашар тұзданған топырақтарға
әсерінен болады деп есептейді.
Н.И. Базилевич (4) шақаттану процесі деңгейі жоғарғы ыза
сулары бар топырақтарды қайталап өңдеп нәтижесінде минералданған
содалы егіншілікті жүргізуден жүреді деп есептейді. Шақаттану үрдісі
сортаңдану стадиясында басталып біртіндеп күшті шақаттанған
сортаңдарда қарқындап сортаңдардың шақаттарға толық айналып болған
кезеңде тоқтайды.
Д.И.Попазов (5) сорлану сортаңдану шақаттану үрдістері біріне
–бірі ілегесетін бір мезгілде жүретін құбылыс екенін дәлелдеуге
тырысады. Ал, Д.И Колесов (1957) шақаттар сортаң мен сорларданда
түзілуі мүмкін. Міндетті түрде сода тұзының (Nа2 CO3) ертіндісі
болуы керек. Осындай жағдай болғанда шақаттар басқа да
топырақтардан пайда бола береді. Шақаттану сортаңдану үрдісімен
бірге және бір мезгілде дамуы мүмкін. Ағаш өсімдігін қаулау дами
топырақтар күлгіндену процесіне ұшырап одан кейін батпақтану немесе
немесе шымды үрдісімен жалғасады орманды ағаштар сиреп алаңдардың
ашықтану кезінде шымданумен шалғындануға ауысады.
Ю.С. Толчельников (6) Солтүстік Қазақстан дала зонасындағы
ойпаң жерлерде жайғасқан топырақтардың жамылған келесі көріністе
суреттейді. Осы ойпаңдардың орталығында қара шірікті-глейлі батпақты
топырақтар дамыса, жоғарғы бөлігінде шақаттар, ал батыс беткейінің
жоғарғы бөлігінде шалғынды қара топырақтар, батыс шеті сортаңдармен
жиектеліп, одан кейін қара топырақтармен ауысады. Бұл ойпаңның
орталығындағы биіктелген бөлігіндегі топырақтардың сілтісізденуі
және шақаттардың түзілу үлескілерінің пайда болуымен, ал төменгі
бөлігінің тұздануына және шет жағындағы біраз алыс жатқан
топырақтардың сортаңдалуына әкеледі.
К.А.Тимирязов атындағы Москваның ауылшаруашылық академиясының
ТСХА топырақтану кафедрасының зерттеуші ғалымдары (Ярков, Кауричев,
Поддубный (7), Кауричев, Непамилуев, Поддубный (8)) көрсеткендей
топырақтың шақаттану үрдісіне айтарлықтай рөлді уақытша (мезгіл-
мезгіл) ылғалданушылық анаэробты микробиологиялық процесті дамытып,
темірдің ерігіштік мөлшерінің артуына жағдай туындатады. Б.П.
Ахтырцева және Джегирис Б.Т. (9) мәліметтері бойынша, терек бұталы
шақаттардың тектік негізін салушы болып карбонатты қабыршақты
сортаңдар болып табылады. Жалпақ жапырақты романды ағаштардың
кірігуі әсерінде олардың астындағы жердің бетіндегі шөп төсінді
жамылғысының дамуының әсерінен осы кәріздердің болуы және ыза
суларының деңгейінің төмендеуі нәтижесінде шақаттар сұр түсті
шақаттар содан кейін қошқыл-сұр шақаттанған топырақтарға біртіндеп
даму (эволюциялық) түрде ауысады.
Соңғы кездерде шақаттар және шақаттанған топырақтарға пайда
болуын аморфты кремноземнің жиналуы аккумуляциялануы тек өзіне
тән физикалық-химиялық құбылыстармен емес, сонымен қатар
биологиялық процестердің нәтижесінде бұл топырақтардың жер бетіне
жақын топырақ карбонаттарында өсімдіктерден пайда болатын
кремноземді, заттардың жиналуымен түсіндіріліп жүр (Тюрин 10. Усов
11.т.б.). Көптеген зерттеушілердің пікірінше, физикалық-химиялық және
биологиялық тәсілдермен қатар молекулалық ертінді түрінде аморфты
кремноземнің жиналуы ыза сулар келуінен болып нәтижесінде
шақаттардан қалыптасатындары сеніммен айтылуда (Бразилевич Калашников
Ярилов 12). Шақаттардағы кремноземдердің жиналуы жолын басқада
топырақтардағы биогенді кремноземнің жинақталуы сияқты процеске
ұқсас екендігін кездінде. В.Р. Вильям атап көрсеткенін ескерту
қажет.
Батыс Сібір ойпаты үшін К.П Горшенин (14) шақаттану
қарқындылығымен және шақаттардың шымдануына қарац ерекше жіктеу типін
ұсында. Нәтижесінде бұл топырақтарды сұр-шымдық шақаттанған, қошқыл-сұр
шақаттанған, шалғындық шақаттанған, қара топырақты шақаттанған және
қара-қоңыр шақатты топырақтарға бөлуді ұсынды. Бірақ та , шақаттарды
бұлай бөлу кең қолданысқа ие болмады. Себебі мұнда генетикалық
жағынан алуан түрлі топырақтарды бір типке қосып жіберген А.А Соколов
пен К.Ш Фаизовтың (15) Батыс сібір аймағы шақаттардың жіктемесі және
эллювилі-аккумулятивті шымды және шақат қабаттарының қалыңдықтары мен
топырақтардың батпақтануын жөн деп біледі. Осылайша жіктеуден
автор шақаттарды ашық-сұр сұр және қошқыл-сұр деп бөле келе, ары
қарай оларды аз қалыңдықтағы орта және қуатты шымданбаған деп атап,
нашар, орта, қатты батпақтанған және шымтезекті глейлі шақаттарға
бөледі.
Қазақстан территориясындағы шақаттарды алғашқы зерттушілердің бірі
профессор А.М Дурасов (17). Ол Солтүстік Қазақстан жағындағы ойпаңда
нашар дамыған шақаттармен қатар, орманның шөптесін жамылғысының
астында түзілетін, элювилі нашар дифферанциацияланған кескінмен
көрсетілген және жақсы шымды қабатпен сипатталатын орманды сұр
шақаттанған топырақтар сортаңды және сортаңдалған, топырақтардан
дамиды деген тұжырымға келді ылғалдану арқылы болғандарды орманды
сұр топырақ деп атауға болмайтынын А.А Соколов пен К.Ш Фаизов (15)
ескертіп шалғынды қара топырақ немесе орманды шымды шақаттарға жату
керектігін айтады.
Сонымен жоғарыда талданған ғылыми әдебиеттерден шақаттарды
зерттеуді бастамасы, олардың жалғасуларымен пайда болуы тектеріне
арналған пікірлерге тоқталдық. Бұл көзқарастардың барлығына орта
сипат-шақаттардың натрийлі және натрийсіз тұздары бар сортаңдардан
түзілетіндігі. Осылардың мол атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің
әсерәнен анаэробтық тотықсыздану процесі жүріп ормандық-сағдар шөпті
төсеніштердің ыдырауы нәтижесінде пайда болған фульвоқышқылдардың
ықпалымен, минералдық заттар топырақтың тереңдігіне қарай жуылып ,
жоғарғы қабаттары шақаттанатыны толық дәлелденген (Ковда, 18; Кауричев
,19).Олай болса осы бір биогеохимииялық процестің сортаңдардың
бірнеше типшелік-түрлеріндегі жүру механизіміне шолу жасауды жөн
көрдік.Бұл үшін К.К Гедройцтың (1) тұғырнамалық тәжірбие жұмыстарын және
Е.Н Иванованың (2) толықтыра ізденістік эксперементтік нәтижелеріне
талдау жасауға тырыстық.
Карбонатсыз сортаңдардың шақатануы. Олардың сіңіру кешеніндегі
минералдық және органикалық бөлігінің судың мол мөлшері арқылы жуылып
тез сілтісіздендіру арқылы болады. Осы топырақтардағы азаю қарқынды
сілтісіздендіру салдарынан ғана емес, топырақ микроағзаларының суда
еритін гумустық ыдыратуы салдарынан да, өте екпінді нәтижесінде
болады тұзсыздану құбылысының нәтижесінде, натрйимен қаныққан
карбонатсыз сортаңның барлық гуматты бөлігі топырақтың жоғарғы
қабатында төмен қарай жуылады. Топырақ сортаң болған сайын, яғни
оның құрамында сіңірлген натрий көп болған сайын сортаңнан пайда
болған шақаттар бастпқы сортаңнан гумус құрамы бойынша айрықша
артықшылығы болып, соңғысының кескіндік пішінінен көзге анық байқалатын
сортаңның деградациясы көрінеді.
Сортаңның жұту кешенінің гуматты бөлігінің жуылуы мен еруімен
бірге, оның алюмисиликатты бөлігінің кремний қышқылы мен шала тотыққа
дейін ыдырауы жүреді. Шақаттанатын сортаң бұл процестің болып табылатын-
шақаттардың толық түзлуіне сіңіру кешенінде заттар аз болады.Топырақтың
сортаңдығы жоғары болған сайын, онда сіңірілген натрий ол болады,
оның минералды алюмисиликатты бөлігінің мөлшері айырмашылық та
айтарлықтай болады. Бірақ, сортаңдардан шақаттардың толық пайда болуына
дейін сіңіру органикалық және минералды сіңіру кешкнінен, немесе
басқа бөлігін, тіптен жоғалту нәтижесінде, күлгін топырақтың
морфологиялық белгілері бар топырақ пайда болатын дәлелденген. Бұл
белгілердің айқындалу деңгейі сортаңның бастапқы сортаңдануы
деңгейінен және оның шақаттану процесінің қаншалықты тереңдігіне тәуелді
болады. Сортаңдардың деградациялық процесінің нәтижесіндегі пайда болған
топырақтарды күлгінденген немесе шақаттанғандарға жатқызу туралы Т.И
Поповтың (20) жүргізген зерттеулері біраз мәселенің бетін ашады. Мұнда
бұл екі топырақ өзара морфологиялық ортақ белгілері бар екендігі
айқындалған. Себебі, әңгімелеп отырған топырақтардың екеуінің де шыққан
тегі сортаңдар екені дау тудырмайды. Олай болса, одан пайда болған ,
деградацияланған жаңа типтегі топырақтар, қанша өзгергенмен, тегін
сақтап қалаулары заңды құбылыс. Сондықтан тұзсызданбаған жаңа
топырақтарда сортаңдану белгілері болуы тиіс. Егер күлгінді
топырақтардың түзілу процесіне сәйкес келмейтін климаттық жағдайда
жайғасқан күлгінді топырақта “натрий болса” мұндай топырақтарды
“күлгінденген деп атауға болмайды”. Сондықтан бұл топырақтарды К.К Гедройц
(1) “шақаттар (солоды) ”деген атаумен атауды ұсынды.
Бұл жөніндегі ескертетін мәселе, шақаттардың түзілетін сортаңдардың
өздері карбонатты және карбонатсыз болып келетіндігі. Енді осы екі
түрлі сортаңдардан пайда болған шақаттарға тоқталуға тура келеді. Алайда
шақаттар сортаңдардың деградациясы ақырғы сатысы болатын болса, яғни онда
сіңген Nа толығымен жойылса, онда мұндай топырақтардың шақаттануын
химиялық белгілерінін іздеуі қажет.
Карбонатсыз сортаңдардан пайда болған шақаттардың осындай айрықша
белгілері топырақтың органикалық, сондай-ақ минералды бөліктерінің
өзгерулеріне байланысты болады. Сондықтан шақаттармен күлгінденген
топырақтағы гумус құрамына тоқталамыз және ор шақаттанған топырақ пен қара
топырақтың деградациясы жолымен түзілген екінші текті күлгінде немен
айрықшаланатынын қарастырайық.
Шақаттану процесінде топырақтан органикалық сіңіру кешенінен , яғни
гумустың тұз тәрізді бөлігінің өте тез азаюы жүреді. Сортаңданбаған қара
топырақтың деградация процесінде негізге қаныққан сіңіру кешенінің
қанықпаған күйге ауысуымен байланысты, гумустың осы бөлігінің
микроорганизімдермен күшті ыдырауы да жүреді. Екі жағдайда да гумустық
заттардың азаюымен қатар, кері процес жүреді, яғни сіңіру кешенінің
гуматты бөлігі қайтадан ыдырауға жүреді. Осы органикалық заттардың жаңа
түзілуі топырақта жылдам бола алмайды.сондықтан да шақаттану нәтижесінде
сортаң емес қаратопырақты деградация мен күлгін түзілуге қарағанда,
гумустың индеферентті бөлігі мен сіңіру кешенінің гуматты бөлігі
арасындағы қатынас алшақтауы тиіс. Осылайша, шақаттанған топырақтың
гумусындағы индефферентті бөлігі күлгінденген топырақпен салыстырғанда
басым болуы тиіс. Осы немесе басқа топырақтардың гумустарындағы әрқилы
қосылыстардың сандық қатынасымен сапалығымен де ерекшелінеді. Одан ары
қарай гумустың тотығу деңгейі (көмірсу бойынша анықталған гумус мөлшері
және марганецты қышқылды калийді тотығумен анықталған оның мөлшері
арасындағы қатынас) арқилы болады. Шақат пен күлгінденген топырақтағы
азотты органикалық заттар қатынасында маңызды айырмашылық болады.
Шақаттардағы органикалық азотты қосылыстардың аз ерігіштігінің
салдарынан, мұндағы, оның мөлшері аз болады ал басқа топырақтардағы
гумустық азоттардың пайызы басқаша болу тиіс.
Шақаттардың құрамындағы минералдық бөлігінің жағдайы басқаша болады.
Шақаттну процесінде күлгіндену барысына қарағанда сіңіру кешеніндегі
алюмисиликатты ядросының күшті ыдырауы жүреді. Шақаттанатын топырақтардың
ертіндісі, күлгінденетін топырақтармен салыстырғанда коллоидтағы еріген
кремний қышқылымен шала тотық мөлшері мол болады. Сондықтан мұнда осы
заттардың салыстырмалы өте жоғары концентрациясы мол болып, күлгінденген
топырақтың ертіндісіне қарағанда, тұрақтылығы аз болуы тиіс.
Шақаттардың түзілуінде аморрфты кремний қышқылдарының мол түзілуі
байқалады. Осының нәтижесіндетектік қабаттары ақшыл түске боялады. Сөйтіп
шақаттанудағы топырақ кескінінің морфологиялық белгілері , олардың
химиялық құрамдарына байланысты болады екен. Мысал ретінде Ресейдің
әртүрлі аймағындағы шақатты топырақтардың химиялық құрамын келтіруге
болады.Бұл мәліметтер Е.Н Иванованың зерттулерінен алынды (1 кесте).
1-кесте
Ресейдің әртүлі аймағындағы шақаттардың химиялық құрамы (Иванова ,
1923)
SiО2 AI2О3 AI2О3 2Si Артығы қалады.
Si,,,,,,,,AI2О3
,,О2
1.Тамбов губерниясының шақатынан.
Гор.А ... ... ... ...2.680 0.206 0.449 2.437 -
... ... ..
‘В ... ... ... ... ..0.968 0.310 0.676 0.602 -
... ... ... .
‘С ... ... ... ... ..1.000 0.670 1.462 0.208 -
... ... ... .
2.Оренбург губерниясындағы Торицк шақатынан(западина***)
Гор.А ... ... ... ...5.808 0.156 0.340 5.624 -
... ... ..
В ... ... ... ... ...1.176 0.428 0.934 0.670 -
... ... ... .
3Воронеж губерниясының шақатынан (күлденген западина***).
Гор..1-5 ... ... ... 4.526 0.102 0.223 4.405 -
... ... ...
Кестеде көрсетілген мәліметтерге жүгінсек шақаттардың химиялық
құрамындағы негізгі заттар болып кремнийдің тотығы мен (SiО2)
алюмисиликатты қосылыстар екенін көреміз.Бұлардың мол мөлшері жоғары
қабаттарында жайғасқанын байқаймыз.
Келтірілген мәліметтерден аморфты кремний қышқылының үлкен бөлігі
тектік қабатта болатындығы көрінеді.
2.Зерттелу нысандары мен Әдістер3і.
2.1 Зерттелу нысандары.
Зерттелу нысандары ретінде Қазақстан территорриясындағы шақатты
топырақтар тағайындалып, осылардың табиғи жайғасулары мен, олардың
қалыптасуына әсер ететін негізгі айқындаушы факторларға сипаттама
беру қажет болды. Жер бетіндегі орналасқан шақаттарға жалпы шолу
жасау барысында және осы топырақтардың түзілу, даму, қазіргі
кездегі кездесу ареалдарын анықтағанда бұлардың басым көлемі
жазықтыдағы орманды табиғи зонасында, ал жамылғысы орманды- далалықта
жайғасқандығы анықталды.
Қазақстандағы біріңғай тұтасыпжатқан шақаттар, республикамыздың
солтүстігіндегі облысының Ресеймен шектескен орманды- далалық
алқаптарында жайғасыпты. Ал қалған аймақтарда, бұл топырақтар,
интрозональды сипат алып, ойдым-ойдым, орманды шоқтарға бейімделіп
және Алтай тауларының орманды белдеулерінде табиғи түрде пайда
болыпты. Сондықтан , бұлардың табиғи орналасуларының картасын арнайы
жасамай, 250 жылдық "Қазақстан топырақтары" атты картасынан көрсетуден
жөн көрдік. Бірақ Қазақстандағы шақаттардың негізгі және табиғи
орналасқан аумағы орманды-далалық зона болғандықтан, бұның
сипаттамасын беріп, оның физикалық-географиялық жағдайын талдау қажет
болды. Бұл жағдайлардың ішіндегі шақаттардың қалыптасуларына әсер
ететін негізгі факторлардың ерекшеліктеріне тоқталу тақырабымызға
сәйкес мақсаттың шешілетін мәселелеріне сәйкес болғандықтан, оларды
атап көрсету мүмкіндігі туындайды.
Сонымен орманды-далалық зонасы – орман мен дала зоналарының
аралығында жатқан солтүстік жарты шардағы табиғи ауыспалы зона (Берг,
1947). Евразияда орманды дала зонасы Карпат тауының шығыс етегінен
Алтайға дейн тұтасқан өңірмен созылып жатыр. Бұл өңірдің батысы мен
шығысында таулар орманды даланы ойдым- ойдым бөлікке бөледі. Сондай-ақ
орманды дала Орта Дунай жазығы, Оңтүстік Сібір тау аралық жазығы,
МХР және Қиыр Шығыста, Шығыс Қытайдың солтүстігіндегі Сунляо
жазығының біраз жерін алып жатыр (Мильков 1950). Солтүстік Америкадағы
орманды дала солтүстіктен оңтүстікке қарай Ұлы жазық арқылы солтүстік
ендікте 380-қа дейінгі аралықты қамтиды (Игнатьиев. 1965 ). Оңтүстік
жарты шарда бұл зона жоқ.
Бұл зонаның ерекшелігі қысы суық, қарлы, жазы ылғалды. Қаңтарда
орташа температурасы -20C-тан -200C-қа , ал сібірдің континенттік
аударында -350C-қа дейін жетеді. Жылдық түсетін жауын–шашынның орташа
мөлшері 400-ден 1000мм-ге дейін ауытқиды, мұның көбі жаз айларында
болады да, тез буланып, топырақтың құрғап, өсімдіктің семіп қалуына
шалдықтырады. Өсімдіктердің қыста қар жамылғысының астында ұзақ
уақыт жатуынан төменгі темпетатурада өсімдік вегетациясы және
топырақта биогеохимиялық процес тоқталды.
Өзендері көктемде қар суымен молайып, жазда суы азайып , тіпті
кіші-гірімдері кеуіп қалады. Көптеген көлшіктердің суы кермектеніп
тұздылығы артады. Орманды дала зонасының топырағы ала-құлалығымен
ерекшелінеді. Бұл зонада орманның топырағы құнарсызданған күлгін қара
топырақ шалғынды қара топырақ және прерий қара топырағы
бар.Континентік климатта Батыс Сібір мен Ұлы жазықта шақаттар кең
тараған. Оларға тән қасиет гумусқа бай минералдануы баяу жүреді.
Топырағының табиғи құнарлылығы ауыл-шаруашылығын қарқынды игеруге
мүмкіндік береді. Мұнда шағын орман алабтары мен шалғын , шалғынды
дала өсімдіктері алмасып отырады.
Европа орманды даласында емен, жөке; батысында шаған; сібірде
қайың көктерек балқарағай және қарағай, ал солтүстік шығыс Қытайда
емен және басқа кең жапырақты ағаштар өседі. Табиғи шөптесін
өсімдіктер негізінен қорықтарда сақталған. 1м2 жерде өсімдіктің 70-80
түрі кездеседі.Астық тұқымдастан көде, су бетеге, айрауық, су бетеге,
қоңырбас боз, Солтүстік америкада бозшағыл өседі.өсімдіктің жылдық
өсімі орманды алқапта 200ц⁄ гадейін шалғынды жерде 130ц⁄ га-ға жетеді.
Жануарлардан типі, қоян , аздап суын, дала тышқаны, саршұнақ,
аламан суыр т.б мекендейді. Орманды дала зонасының табиғатын адам
баласы күшті өзгерткен. Жерінің көбі егіндікке жыртылуына байланысты
орман ағаштары азайған. Ауыл шаруашылық дақылынан күздік және жаздық
бидай, сұлы, жүгері , картоп, қант қызылшасы егіледі.
Қазақстан орман-дала зонасы тұтас белдеу құрамайды. Олар осы
зонаның қиыр оңтүстігінде арал тәріздес шоқ-шоқ ормандарға бөлінеді.
Бұған Қазақстан солтүстігіндегі 540 солтүстік ендіктен солтүстікке
қарай жатқан Батыс Сібір мен жалпы сырттың біраз жері ғана жатады.
Орманды далалық зонаның үлесіне Қазақстан территориясының 1млн га жері
немесе 0.4%-і тиеді. Жер беті жазық сондай-ақ кіші-гірім ойпаңдар да
кездеседі. Климаты континенттік, жазы қоңыржай; шілдедегі орташа
температура 18-190C, қысы суық қаңтардағы орташа температура -190C.
Жауын-шашын басқа зоналарға қарағанда көбірек, жылдық орташа мөлшері
300-330 мм-дейі жылы кезде түседі.Топырағы әр түрлі: қара топырақ
(гумусы орташа) қалыңдығы 75см-ге жетеді, оның құрамындағы шірінді 9%-
тей, оңтүстікке қарай шірінді кемиді 6%. Өзеннің су айрықтарындағы
топырақ құрамында тұзы жоқ болса, ал ойпаң жерлерде керсінше
тұздылық артып сортаңдану және шақаттану болады. Бұл - Қазақстан
орманды–дала зонасынан Шығыс Европа орманды-дала зонасының бірден-бір
айырмашылығы.
Орманды-далалық зонасындағы жазықта қызыл боз көбірек олармен
аралас бетеге, шалғынды жерде арпабас, бидайық, түлкіқұйрық, айрауық,
су бетеге, ал өзен көл жағалауында қамыс құрақ өседі. Қыратты
жерлерде қайың , көктерек, тал, долана, қара қарақат, итмұрын, қараған
тобылғы және боз аралас беде өседі. Қазақстанның Жалпы сырттағы
орманды-дала зонасында емен жөке қандыағаш тараған. Жануарлар
дүниесіне бай. Сүт қоректілерден ақ қоян, ор қоян, ақ тышқан, түлкі,
қасқыр, елік, суын, қарсақ, суыр, күзен; кемірушілерден аламан,
саршұнақ , шақылдақ , дала тышқаны бар. Бауырмен жорғалаушылардан
кесіртке, улы сұр жылан, сарыбас жылан ;құстан құр қара, құр, саңырау
құр , үйрек , қаз, қу тырна, дуадақ, безгелдек, бөдене , тоқылдақ ,
көкек; жырқыш құстан бүркіт бөктерге күкентай мекендейді.
2.2 Зерттеу әдістері
Қазақстан территориясындағы шақаттарды зерттеу мақсатына жету
үшін ізденістерімізді осы тоырақтардың жайғасуларын көрсететін
“Қазақстан топырақтары” атты картамен танысып мұның масштабыны сәйкес
қамтылған шақаттардың орналасу территорияларын анықтадық. Қалған
мәліметтерді осы топырақтарды зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерді
екшкеп, жүйелеп, жіктеп, тиянақты шолу арқылы ретке келтірдік. Осының
нәтижелері, шақаттар туралы әдеби мәліметтердің басқа топырақтарды
зерттеуден , көлемдері өте аз екендігі анықталды. Олардың түсінігі ең
негізгілері академик К.К Гедроиц , профессорлар Е.Н Иванов, К.Ш
Фаизовпен А.А Соколовтың жарық көрген еңбектері болып шықты. Ал
алыстағы шетелдік топырақтанушылардың бұл жөнінде жазылған түбегейлі
еңбектерін кездестіре алмадық. Сонымен, зерттеу әдістері ретінде
шақатты топырақтарға арналып жарық көрген әдебиеттерді пайдалану мен
шектелдік. Олардың барлығы тек қана орыс тілінде жазылып , қазақ
тілдегі баспа бетін көрген еңбекті мүлдем кездестірмедік
3.Қазақстандағы шақаттардың қалыптасуларының физикалық-географиялық
жағдайлары.
3.1 Тұзды топырақтардың физикалық-географиялық қалыптасу типтері.
Әлемдегі топырақтардың тұздану процесінің әрқайсысына тән
ерекшеліктері бар (Ковда 19 Боровский 19). Біздің қарастырып
отырған шақаттардың қалыптасу тектері мен оларға әсер ететін физикалық-
географиялық факторларды түсіндіру үшін тұзды топырақтардың
Қазақстандағы мол көлемді кездесетін типтеріне (сорлар , сортаңдарға)
қысқаша сипаттама беруге тура келді. Себебі бұлардың арасында
тікелей байланысты құбылыстардың бар екендігі анықталды. Сондықтан
төменде баяндалатын мәліметтеріміз топырақтағы тұздардың жиналу
(аккумуляциялану) шарттарын сорлар мен сортаңдардың пайда болу
жолдарын қамтиды. Содан кейін шақаттардың қалыптасуы жағдайларын осы
топырақтармен салыстыра түсіндіруді жөн көрдік.
Сонымен тұзданған топырақ деп : “ өсімдіктердің өсіп дамуына
кедергі келтіретін, құрамында әртүрлі мөлшердегі ерігіш және әрқилы
сападағы тұздары бар-ды айтамыз.” Олар көбінесе шөл, шөлейіт далалы
,орманды- далалы және орманды тайга зоналарында кездеседі. Оларғы
сорлар сортаңдар тақырлар және шақаттар жатып ТМД елдерінде 52.3млн га
көлемді құрайды. Ал олардың кең таралған аумақтары Қазақстан Батыс
Сібір Орта және Төменгі Жайық бойы Украинаның оңтүстігі Солтүтік-Шығыс
Кавказдың алдыңғы маңы Орта Азия таралған.
Тұзданған топырақтардыңқалыптасуларыны негізгі факторлары болып
топырақтың ыза сулары мен аналық тау жыныстарына байланыста жүреді.
Аналық тау жыныстарының морылу кездерінде тұздардың мөлшері молая
түседі. Жыл сайын тез еритін тұздардың құрлықтан мұхитқа ағып баратын
көлемі 2735млн т қамтиды, ал жылына 1млд т тұз жер шары материгінің
ауқымына келіп түседі. (21, 22, 23, 24, 25, 26 ). Теңіздік тұздар
жауын-шашын арқылы құрлық бетіне көп мөлшерде ерігіш тұздар түріне
ауысады. Олардың негізгі шоғырланған аймақтары Каспий маңы Тұран және
Ьатыс Сібір ойпаттары болып есептеледі. Бұлардан басқа, тұздар көбінесе
жанартау атқылауы салдарынан газ бен будан шығатын күкірт, хлор, хлоридтер
мен сульфаттарға айналатын тұздардан пайда болады. Сол сияқты тұздардың
көп бөлігі өсімдіктерге де байланысты болады. Органикалық заттардың
қалдықтары анаэробты жолмен минералданып аймақтарда топырақта жиналады.
Ал ең негізгі жолы, топырақтардың тұзданған ыза суларының деңгейі
көтеріліп, жер бетіне жеткенде суы буланып, тұздары топырақтарға сіңіп
қалады.
Тұзды көлдер мен сортаңдарда тұздар тасмалдануында эолдық процесі
үлкен орын алады. Бұл жөнінде Г.Н Высоцкиймен Н.А Димо импульверизация
(тұздардың желмен тасмалдануы) теориясының негізін қалаған ғалымдар болып
отыр. (27,28,29,30). Құрлық бетіндегі тұздың желмен тасмалдануы 1км2 2ден
20т-ға дейін жетуі мүмкін. Тұздың топырақта жиналу қарқындылығы кейінгі
кезде климатпен де байланыстырып жүр. Жауын-шашын мөлшерімен және булану
көлемімен, сонымен қатар, топырақтың фильтрациясының және тұздың ерігіштігі
қасиетімен де анықтауға болады. Бірақ ылғалды климатта сумен мол шайылуы
кезіде топырақта тұздар жиналмайды. Климаттары шөлді аймақтарда яғни шөлейт
зонасына түсетін жауын-шашынның булануының көлемін әлде қайда мол болып ыза
сулардағы тұздардың жиналуына ықпалын тигізіп, топырақ түзуші жыныстардың
ерігіштігіне де үлесін қосады. Сондықтан бұл аймақтарда тұздарданған
топырақтардың көлемі көп келеді. Құрлықтағы топырақтың шоғырлануы
зоналыққа да бағынады. Мысалы, ыза топырақтағы шөл зонасында тұздардың
концентрациясы жоғары болып, орманды дала және дала зонасында, ол көрсеткіш
әлде қайда төмен болады (2-кесте).
2-кесте
Әр табиғи зонадағы тұзданған топырақтармен судың құрамындағы тұздардың
жиналулары (В.А Ковда,1988)
Зоналар Судың жоғарғы минералдануы Сорлардың Сорларға тән
жоғарғы тұздар
қабаттарындағы
ерігіш тұздардың
максималды
мөлшері, %
Өзендер Ыза сулар Тұзды
көлдер
Шөлді 20-90 200-220 350-450 15-25 NaCl
NaNO3
MgCl2
MgSO4
Құрғақ дала 10-30 100-150 300-350 5-8 NaCl
Na2SO4
CaSO4
MgSO4
Дала 3-7 50-100 100-250 2-3 Na2SO4
NaCl
Na2CO3
Na2CO3
Орманды дала0,5-1 1-3 10-100 0,5-1 Na2SO4
Na2SiO3
Кестедегі мәліметтерге жүгінсек зоналардағы тұздардың мөлшері мен
сапалары олардың климаттық ерекшеліктеріне биохимиялық және геохимиялық
процестерге де байланысты екендігі көрінеді. Мысалы, орманды дала және дала
зонасындағы топырақтардың тұздануымен ыза суларының құрамында карбонаттар
,натрийдің бикарбонаты сульфаттар кездеседі. Ал содалы және содалы-
сульфатты топырақтардың тұздану типтері олардағы сілтілі карбонаттарға
байланысты болады. Бұл зонадағы содалардың жиналуындағы сульфаттармен
хлоридтердің салыстыранда олардың аз ерігіштік қасиеті ерекшелінеді.Соданың
топырақта түзілуімен қалыптасуы орардағы сілтінің көрсеткіштерін көрсетеді.
ТМД-дағы топырақтардың тұздануын қазіргі кезде ,4 ірі провинцияларға
жіктейді (Ковда,31):
• сульфаттық содалы (Днепр маңы, Окско-Донның оңтүстік бөлігі,
Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігі, Амур және Лено-Вильюс ойпаты,
Зоволжья Сырттың ортаңғы бөлігі);
• хлоидтік-сульфатты (Завоьже Сырттың оңтүстік бөлігі, Каспий
маңы ойпатының шығысқа қарайғы Орал маңы, Қазақ қатпарлы
аумағы мен Тұран жазығы, Ферғана , Әмударияның атыраулары );
• сульфаттық-хлоридті (Тұран және Қара теңіздің маңы).
Бір зонадағы немесе провинциядағы топырақтардағы тұз жиналу процесі
жер бедері мен территорияның құрғақшылықтардағы қасиеттеріне байланысты
болады қатты тұзданған топырақтың ыза сулары жер бетіне жақын жатады, әрі
түрлі депрессияларға бейімделген. Мысалы, Батыс Сібір ,Тұран , Каспий маңы
Днепр және Лено-вильс ойпаттарындағы топырақтарда тұз мол болады. Ал,ірі
өзендердегі аллювиальды жазықтардағы топырақтардың тұздануының кең таралған
аймақтары: Жайық, Дон, Днепр, Ертіс, Әмудария сияқты және көл маңы
ойпауыттар теңіз маңы аллювиальды жазықтар және ежелгі террассаларда
болып табылады. Тұзданған топырақтар бұл жерлердеде жер бедерінің кері
формаларына жатады. Оларда жайылмалар ,ескірген және әртүрлі жазықтар мол
болады.
3.1.1 Сорлардың тектік (негізі)
Сорларға топырақтың құрамында суда ерігіш тұздар көп мөлшерде болып
олар жердің ең бетіндегі қабаттарында жайғасуын айтады.Мұндай тұзданған
тұзды сордың бетінде 0.6-0.7 ден 2-3%-дан жоғары ерігіш тұздар болады.
Сөйтіп, топырақтардың жоғарғы қабаттарындағы тұздардың кең көлемде
жиналуынан сор үрдісі пайда болады. Сорлар ,ыза сулардың минералданған
түрлерінің режимдік құбылысына ұшырап топырақтың жоғарғы бөлігіндегі
судың булануынан суда еритін тұздардың концентрациясы артуынан түзіледі.
Бұл топырақтар сонымен қатар, тұзданған аналық тау жыныстары мен шектесіп
жеңіл ерігіш тұздар мезгілдік су келуінде, олардың минералдануын 600-
1000тга жетуі мүмкін (Ковда,31).
Теңіз маңы ауданындағы және тұзды көлдердің жанында пайда болған
сорлар желмен келіп слоланған жерлерді жыртылайда, топырақтың құрамындағы
тұздардың таралуы жер бедерінің өзгеруінде байланысты болады.
Сорлардың қалыптасунда өсімдіктердіңде рөлі ерекше. Өсімдіктер
жамылғысындағы голофиттер ыдырағанда, топырақтың жоғарғы бетінде тұздар
жиналып қалыптасады. Бұлардың массасы неғұрлым мол болса, солғұрлым,
тұздардың аккумуляциясының масштабы кең болады. Бірақ сор топырақтардағы
өсімдіктер сирек өседі. Олардың жиілігі топырақтағы тұздардың
мөлшеріне байланысты болады, яғни тұздар неғұрлым мол болса, өсімдік
жамылғысы соғұрлым сирек болады. Сорларда, көбінесе, сарсазан (HеIосnenun
strjrilactum), швуда (Suaeda sp), тұздықтар (Solsola sp), сонымен
қатар қара сексеул (Halorylon aphyllum), бүйірген (Anabasis solso)
кездеседі. Бұлардың биомассалық массалары әртүрлі болады. Мысалы, мол
биомасса –220 цга дейін жетіп, бұл негізінен жайылымды хлоридтік
сульфатты сорлар және тұзданудың содалы типіндегі сорда кездеседі.
Сорлы өсімдіктер жоғарғы мөлшердегі күлділіктермен (зольность)
ерекшелінеді.Шөлді зонадағы етті-женді сортаңдар 40-55% жартылай құрғақ
зоналардағы сортаңдар 20-30% ксерофитті жусандар 10-20% ал
тұзданбаған топырақтың өсімдік жамылғысының биомассасы 10% аспайды.
Сортаңдардың құрамында негізінен хлор, күкірт,натрий, басым болады. Н.И
Базилевич (33) бойынша Барабин ойпатындағы шалғынды сорларда 230-дан
630-ға дейін өсімдіктің күлді элементтері түседі. Мұның ішінде сонымен
қатар хлор 19-дан 101кг-ға дейін, ал натрий 13-тен 67 кг-ға дейін жетеді.
Сорлы сортаңдарда күлді элементтердің мөлшері 690кг-ға дейін, ал хлордың
үлесіне 220-288кг, натрийге 125-157кг-ға тиесілі.
Сорлардағы тұздың көлемінің көптігінен, оның кескіндік пішінінің
ерекше құрылысы қалыптасады. Генетикалық қабаттары аздап
дифференциацияланған болып келеді. Оларға қарашірінді горизонты А, ауыспалы
В және аналық тау жынысы С қабаттары тән. Сордың бүкіл кескін бойындағы,
көбінесе кескіндердің құрғаған тұздардың бетіне шығып тұруымен
ерекшелінеді. Көбінесе төменгі бөлігінде, ал кейде бүкіл кескінінде пайда
болатын глейлену белгілері көрініп тұрады.
Құрамының лайлы бөліктерден, кремнийлі және шала тотықтардан тұратын
және бүкіл кескінінде бір-біркелкі тараулары сорларға өте тән. Ал, тектік
қабаттарының өзара ажырамай, тұтасып жатқанының себебі –электролит ролін
атқаратын ерігіш тұздардың біркелкі таралып болады (3 - кесте).
3-кесте
Сорлардың химиялық құрамы
Сорлар Үлгіге Қарашірін-дCО2 - Су Су
арналған ісі карбо-наттасуспензия-сқалдық-тар ын
көкжиек ры ының, рH ың
пен деңгейі тығыздығы, %
тереңдік 6
см
Шалғындық- А 0-11 8,09 Іздері 9,1 1,23
хлоридтік- АВ1 11-18 6,0 9,5 1,03
содалы 1,6 9,4 1,00
Барбарин В1 18-35 4,79 1,5 9,2 0,75
ойпатындағы В2 35-46 7,2 9,4 0,55
орманды-дала В3 60-90 3,6 9,2 0,37
(Н.И.Базилевич) С1 40-190
Шалғындық-хлоридА 0-8 3,03 0,9 7,4 1,85
тік-сульфатты В1 8-16 4,0 7,3 1,79
В2 50-60 4,0 7,4 1,36
3,1 7,3 1,57
Сорланған топырақтардың қара шірінді мөлшері (А қабатында) 0.5-8%
дейін болады. Орманды дала зонасындағы сорларда қарашірінді мөлшері мол
болады. Бірақ, сордағы шөл және орманды дала зонасындағы қара шіріндінің
көлемі тұздану түрінің дәрежесіне байланысты шоғырланады. Көбінесе,
сорланған топырақтар қарашірінді көлемі өте аз кездеседі. Қарашірінді
құрамында фульвоқышқылының мөлшері басым болады. Сорларда азоттың көлемі
өте аз және сіңімді заттардың да құрамы аз болып келеді. Сордың сіңіру
көлемінің қабілеті төмен болып мэкв қамтиды. Бірақ, орманды дала
зонасындағы қарашіріндінің көлемі оның шалғынды сорлардағы көрсеткіші
50-60мэкв болады. Алмасатын негіздердің құрамына кальций, магний,
натрий элементтері кездеседі. Сорлардың содалы түрінде магний және
натрий көбірек болады. Сорлардың құрамында бейтарапты тұздар мол
болғандықтан, олардың ортасы (рH) 7.3-7.5 құрайды, ал содалы сорлар
өте жоғарғы сілтілігімен ерекшелінеді. Олардың рH деңгейі 9-11-ге дейін
жетеді. Сорлардың жоғарғы қабатынан бастап карбанаттарға бай болады.
Әртүрлі сорлардағы гипстің ғаныш құрамы әртүрлі болып, шөл және шөлейт
зонасында, бұл көрсеткіш жоғары болады. Тұзданудың жоғарғы көрсеткіш
көлемі –сорлардың негігі ерекшелігі. Сондықтан мұндағы жоғарғы
концентрациялы тұз, су және ауыз суға өзінің кері әсерін тигізеді. Тұздың
жоғарғы гигросккопиялық негізі өсімдік топырақтан ылғалды алу көлемін
азайтады. Сондықтан мәдени өсімдіктердің өсу қабілеттіктері өте төмен
болады. Бұлардың топырақтан қоректік заттарын алу процесі. Мәдени
өсімдіктерде бұзылып өсу қабілеті тоқтайды, бастапқы фазада фотосинтез
қабілеті төмендейді және келесі өнімнің сапалық қасиеті
нашарлайды(Ковда, Егоров, Муратова , Строгонова, 34)
Тұздардың өсімдіктерді уландырғыш деңгейі сорлардың құрамындағы
ерігіш тұздардың мөлшерімен сапасына байланысты болады. Олар өсімдікке
қаншалықты енсе, соншалықты уландырғыш қасиеті жоғары болады. Ал,олардың
игеруіне байланысты өседі. Соданың құрамында негізгі улайтын элемент натрий
болып келеді. Сорлардағы сульфатты кальцийдің уаттылық қөасеиті жоқ. Бірақ,
топырақта ол басқа иұзбен бірге кездеседі. Сол себепті топырақта мұның көп
мөлшерде болуы өнімнің шығындық сапасын төменедетеді. Мәдени өсімдіктердің
сорлардағы тұздарға әртүрлі қарым-қатынаста болады. Олардың биологиялық
ерекшелігі, топырақтың тұзданудағы химизмнің дәрежесіне байланысты болып,
қоректік заттардың қоры мен ылғалдылығының мөлшеріне байланысты болады.
Егер өсімдіктің сіңіру қабілеттілігінің мол болып, ылғалдылықтың ұстау
қарқыны жоғары болса, өсімдіктің тұға төзімділігі жоғары болады. Ауыл
шаруашылық дақылдарының тұзға төзімділік ерекшелігі өсімдіктің өсуінің
бастапқы кезеңінде байқалады. Мысалы, олар келесі сипатта болады: (хлордың
үлесі - % В.Е. Кабаев (35) бойынша): арпа – 0,04, тары – 0,04, қант
қызылшасы мен мал азық қызылшасы – 0,04, мақта – 0,03, бидай – 0,03, сұлы –
0,03, жоңышқа – 0,02. Бақшалы және көкөніс өсімдіктерінің тұзға
төзімділік қасиететрі келесідей: асқабак –0,02, қызанақ – 0,02, орамжапырақ
– 0,02, қауын – 0,015, пияз – 0,01, қарбыз – 0,008, қияр – 0,007. Ал ағашта
және бұталы өсімдіктердің тұзға төзімділігі жоғарғыдай болады. Кішкентай
жапырақты, алтын жапырақты қарақат, сары қарағай, татарлық үйіңкі, жыңғыл,
тар жапырақты жиде, татарлық ырғай, қайыңның сорға төзімді көп сүйелді
түрі, сібірлік тал, ақ және көк теректер.
3.1.2 Сортаңдардың типтік негіздері
“Сортаң топырақтар” деп сіңіру кешеніндегі гатрийдің көлемінің мол
болатын топырақ түрін айтады. Натрийдің мөлшері олардың эллювильды
қабатында мол кездеседі. Олар диффиеренциациалды кескін құрып, агрономиялық
құрамы жағымсыз болып келеді. Сортаңдар сорлар сияқты тұзданған топырақ
болып келеді. Бірақ сорлардан айырмашылығы, олар суда ерігіш тұздарды ең
жоғарғы қабаттарында емес, тереңдеу келген төменгі қабаттарында шоғырлану
ерекшелңктеріне қарай, сортаңдар келесідей жіктеледі: қара шірінді –
эллювиальді (сортаң асты) А1, сортаңды (немесе аллювиальді) В1, сортаң асты
В2 және топырақ түзуші жыныстар (C).
Қара шірінді – эллювиальді қабат төменгі қабаттармен салыстырғанда
тұзданған кеуекті, лайлы фракциялармен біріккен, осы себепті механикалық
құрамы жеңіл болып келеді. Бұл қабаттың түсі әртүрлі: сортаңның шөлді-дала
және құрғақ-дала зонадағы түрі ашық құба, құба және қара қоңыр (каштанды),
ал дала және орманды дала зонасында күңгірт-сұр кейде қара түсті бола
алады. Бұл қабаттың қалыңдығы 2-3-тен 20-25 см-ге дейін жетеді.
Сортаңды қабат (В) күңгірт түсті құба және құба-қоңыр түстермен
боялған. Құрылысы таяқша сияқты призмалық қасмиеті аздау, жаңғақты және
кесекті болып келеді. Тақталы жаңғақ тәрізді сазды жылтырақ қатпарлары
көрініп тұрады. Осы қабаттың құрғақ кезінде құрылысы тығыз және тілімділген
болып келеді, ал ылғалды кезінде – жалпайған, құрылымсыз болып келеді.
Сортаңның бұл қабатының 7-12-ден 25 см-ге дейін, кейде одан артық та болуы
мүмкін.
Сортаңның осы қабатының астында ашық түсті, жаңғақ тәрізді құрылысқа
ие және гипс пен карбонатты заттардан тұратын С қабаты болады. Олардың
құрамында жеңіл ерігіш тұздар кездеседі. Бұл қабаттың дифференциациясы,
морфологиялық ерекшеліктері, микроморфологиялық құрылысы жақсы зерттелген
(Михаиличенко, 36,37). Жоғарғы сортаң үсті қабаттың құрамындағы
қиыршықтардың түзу орналасқан органосазды массасының кездесуімен
ерекшеленеді.
Иллювиальді қабатта қара шірінді мен сазды заттардың кейбір түрлері
кездеседі. Сортаң асты қабаты карбонаттың көптеп кездесуімен, саздардың аз
кездесуімен, сонымен қатар оларда кальцийдің микрокристалды формаларында
болады. Топырақ түзі үрдісіндегі сортаңдардың ерекшелігі – қолайсыз, су
режимін атауға болады.
Жоғарыда айтылған сортаңдардың құралысы, құрамы, құрылымы және
қасиеттері, бұлардың түзіліп, қалыптасу тегіне байланысты болады. Ол
процесс туралы әртүрлі пікірлер бар. Солардың барплығының негізгі түйісетін
тұжырымдары, К.К. Гедройцтың (1) коллоидты-химиялық теориясына келіп
тіреледі, ал ол теория топырақтың сіңіру кешеніндегі натрий элементінің мол
болып, сортаңдардың физико-химиялық қасиеттерін нашарлатып, егістікке
пайдалануға жарамсыз етуге душар ету. Сөйтіп топырақ құрамындағы натрий
тұзының көп мөлшері басқа катиондарды ығыстырып шығарып, сортаңдарға тән
қасиеттерді қалыптастырады. Оның ішінде шардар коллоидтарға айналады. Бұлар
(коллоидтар) натриймен қанығып, өзінің сыртқы бетінде су ұстау қабілеті
артып, коагуляция процесіне қарсы тұра алатындай және ерігіштігі кему
жағдайға көшеді. Натрийдің иондарының көп мөлшері топырақтағы органикалық
және минералды қосылыстардың ерігіштігін арттырады. Сөйтіп, ортаның
сілтілігі молайып, минералдың гидролизі жүріп топырақтағы кальцидтің
көмірқышқылды тұздарының ерігіштігі артады. Осының нәтижесінде, топырақтағы
коллоидтардың ерігіштігі молайып, колллоидтардың диспергирленуі жүреді.
Одан кейінгі жоғарғы қабаттардағы электролиттердің кейбір тұздары төмен
қарай жуылып, золь тәрізді заттардың гель тәріздіге айналып, эллювиальді
(сортаңдар) қабатын құрауға әкеледі.
К. К. Гедройц сортаң топырақтардың пайда болуын екі стадияға бөледі:
біріншісі – топырақтағы натрийдің бейтарапты тұздардың жиналуы, яғни
сорлардың (солончак) қалыптасуы; екіншісі – сорлардың тұзсыздануынан
(жуылуынан) пайда болып оларға тән құрылымы мен кескіндік пішінінің
қалыптасулары сордың тұзсыздану стадиясын К.К. Гедройц үш фазаға жіктеген:
еріткіш заттардың жуылуы; соданың түзілуі; топырақтың бөліктерінің фдфрауы
және төменге қарай жуылуы.
Сортаңды туралы бұл ғалымның көзқарасына жақындай анықтаманы
К.Д.Глинка да айтқан. Оның айтуынша, сортаңдану үшін, ол алдымен натрийлі
тұзданып, содан кейін бірнеше рет кезектесе тұзсызданып, тағы да тұздану
қажет (38). Осыдан кейінгі зерттеулер нәтижесінде (Иванова 39,40),
сорлардың жуылуы кезінде, ондағы тұздардың құрамында Na+: (Ca+Mg2+)=4
болса ғана, сортаңдардың түзілуі мүмкін деген шешімге келді. Бірақ табиғи
жағдайда бұл тұрғыдағы ерігіш тұздардың құрамы өте аз кездесетіндігін
ескерткен жөн. Сорларлың жуылуы кезінде, тұздардың бейтарапты түрлерінің
құрамындағы 20% кальций тұздары болса, сортаңдардың түзілмейтіндігін сол
себепті сорлардан сортаңдардың пайда болуы теориясы әмбебап түсіндірме емес
болып табалады.
В.Р.Вильямстың (13) көзқарасы бойынша, сортаңдардың дамуындағы
биологиялық теорияның тұрғысынан шөл және шөлейт зоналардағы өсімдіктердің
тұздану көздері болып саналады. Олар, жусан, сораңдар, комфороса, кермек
жіне т.б. Өсімдіктер қалдықтарының минералдануынан көп мөлшерде сода және
поташ сілтілі тұздар түзіледі. Ал топырақтарды жырту кезінде жеңіл ерігіш
тұздардың құрамындағы натрийдің кешенді сіңірілуі қамтамасыз етіледі.
Сөйтіп, тұзданбаған топырақтардың өздерінде жайлап сортаңдарға айнала
береді.
Кейінгі жылдардың зерттеулері бойынша сортаң сорлар стадиясын өтпей-
ақ пайда болатыны анықталуда. Мұндай сортаңдардың қалыптасу тек натрийлі
содалы заттар бар жерде ғана түзіледі. Бұл жағдайда натрий ионы басқа
иондармен бәсекелеспей-ақ топырақтың сіңіру кешеніне еніп кетеді. Тіпті,
соданың мөлшері шамалы болса да, сортаңдардың түзілуі жүре береді. Слонымен
сортаңның қалыптасуында негңзгі рөлді сода атқаратын болса, онда ол
топырақта қалай жүреді деген еріксіз сұрақ туындайды. Табиғи жағдайда,
сода, магматикалық және шөгінді жыныстар арқылы пайда болады. Мұның
құрамындағы натрийдің мөлшері айтарлықтай рөл атқарады. Осы тау жыныстары
ыдырағанда, топырақтың көмірқышқылды қосылыстарынан карбонаттар қалыптасып
(Ca, Na, Mg) кейін натрий карбонаты түзіледі. Сода, негізінен бейтарапты
тұздармен реакцияға түсіп, ішкі ыза суларындағы карбонаттармен қосылып,
сода түзіледі:
Na2SO4 + Ca (NCO3)2 = CaSO4 + 2NaCO3
Бұл жағдайда, К.К. Гедройц (1) бойынша, топырақтағы соданың жиналу
мөлшері, ондағы көмірқышқылының мол мөлшеріне байланысты болады. Олай
болса, сода, топырақтың сіңіру кешеніндегі (ППК) натрий мен кальций
карбонатының арасындағы реакция нәтижесінде түзіледі:
[ППК=] Na + Ca(HCO3)2 = [ППК=]Ca2+ + 2NaHCO3
немесе
[ППК=] Na + H2CO3 = [ППК=] H + Na2CO3
Топырақтағы сода биологиялық жолмен де қалыптасу мүмкін. Өсімдіктің
қалдықтары минералданған кезде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz