“Қош бол, майдан!” романдағы соғыс тақырыбының бейнеленуі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Негізгі бөлім.
1 . ТАРАУ Э.Хемингуэй шығармаларындағы өмір шындығының бейнеленуі
1.1. Э. Хемингуэйдің жазушылық шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.“Шал мен теңіз” повесі аудармасындағы мәтін мағынасының дәл, көркем берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 .ТАРАУ. “Қош бол, майдан!” романдағы соғыс тақырыбының бейнеленуі ...
2.1. Романның қазақ тіліне аударылуы және стильдік қателіктер себептері ... .
2.2. Жазушының “ Килиманджаро қарлы тау” аудармасының сапасыздығы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ...

РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Э. Хемингуэй шығармаларындағы сатылы аударманың
ролі.
Жұмыстың көлемі: 48
Жұмыстың құрылысы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен (1,2 тараулар),
қорытынды, қосымша, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Жазушының шығармаларына салыстырмалы талдау жасау
Жұмыстың міндеттері: Э.Хемингуэйдің шығармаларының аудармасын дәл,
көркем беруі.
Кіріспе бөлімі.
Негізгі бөлімде: Э.Хемингуэйдің жазушылық шеберлігі.
Э.Хемингуэйдің Шал мен теңіз повесі аудармасының сәттілігі Қош
бол, майдан! романдағы соғыс тақырыбының бейнелеуі.
Романның қазақ тіліне аударылуы және стильдік қателіктер себептері.
Жазушының Килиманджаро - қарлы тау аудармасының сапасыздығы туралы.
Жұмыстың негізін сипаттайтын тірек сөздер: аудармашы, аударма,
түпнұсқа, талдау, салыстыру.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: талдау әдісі, салыстырмалы зерттеу әдісі.
Пайдаланған әдебиеттер саны: 57
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .4
Негізгі бөлім.
1 - ТАРАУ Э.Хемингуэй шығармаларындағы өмір шындығының
бейнеленуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Э. Хемингуэйдің жазушылық
шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.“Шал мен теңіз” повесі аудармасындағы мәтін мағынасының дәл,
көркем
берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
2 -ТАРАУ. “Қош бол, майдан!” романдағы соғыс тақырыбының
бейнеленуі ...
2.1. Романның қазақ тіліне аударылуы және стильдік қателіктер
себептері ... .
2.2. Жазушының “ Килиманджаро қарлы тау” аудармасының сапасыздығы
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ...
КІРІСПЕ
“Егерде талайыңа таудай бақ қонып, жас
дәуреніңді Парижде
өткізсең, сосын қай
жерлерде жүрсең де, ол
өміріңнің ақырына
дейін өзіңмен бірге
болады, өйткені Париж
өміріңнің тойындай әманда
сенің жадыңда
жүреді жаңғырып”.
Эрнест Хемингуэйдің
досына жазған хатынан
(1950 ж.)
Американың ұлы жазушысы Э. Хемингуэй шығармалары адам
болуға, адам болғанда да жүректі адам болуға, ел-жұртқа жақсылық
істеуге, жазушы ар-абыройын биік деңгейде ұстауға тәрбиелейді.
Өйткені, қай жердің, қай елдің оқырманы болса да, оның
шығармаларынан рухани ләззат алып, қызыққа, хикаятқа толы өмірінен
мол тағылым үйренетіні анық. 1, 67.
Жазушының балалық шағынан бастап аңшылықпен, балық аулаумен
қатар аң аулау кәсібімен айналысуы және соғыста басынан кешкен
жағдайларды, айқын әрі шынайы бейнеленгеннен шығармаларында көруге
болды. Оның кітаптарын оқып отырып, көп нәрсені есте сақтап,
оның прозасын басқа жазушылардың прозаларымен мүлдем шатастыра
алмаймыз .
Өйткені өзгеге ұқсамайтын дара стильдік ерекшелігі бар. Жазушы
балалық шағын Чикагоға жақын орналасқан Оук-Парк қаласында өткізді.
Хемингуэйдің әкесі дәрігер болған, ал шешесі жас кезінде музыкамен
айналысып, әнші болуды армандаған .
Сонымен бірге әкесі табиғат аясында болуды ұнататын, сол
себептен де ол көлдің жағасына кішкене ғана аңшылық үйін салған
еді. Атасы Эрнестке мылтық сыйлап, ол сол мылтықпен аңшылыққа
шыққанды жақсы көрген.
Қаланың орта мектебінде оқып жүріп, ол кей-кезде үйден де
қашып кететін кездері де болатын. Осылайша ол 1917 жылдың сәуірінде,
АҚШ бірінші дүние жүзілік соғысты бастағанда, Эрнесті армияға
алмай қояды, себебі оның көзі боксқа қатысып жүргенде жарақат
алып, сол себептен жарамайды. Кейінен ол Италияда болып сол жақта
қатты жарақаттанып, Миландағы госпитальда бірнеше айлар жатып, емденіп
шығады.
Ол бүкіл Еуропа мен Амераканың халықтарының алдында сөз
сөйлейді. Оның атақты шығармалары сол кездегі оқырмандар ғана
емес, сонымен бірге қазіргі жас оқырман қауымға да үлкен мақтаныш
деп айтсақ, қателеспейміз.
Шығармаларының көбісі басқа жазушылардың туындыларынан
ерекшеленіп тұрады, өйткені шығармалары көбінесе соғыс пен
махаббат, теңіз және табиғат тақырыптарына арналады . 2, 13
Жазушы өзінің шығармаларын жазудағы өнерін көптеген орыстың
классик жазушыларынан, басқа да атақты француз жазушыларынан үлгі
алды.
Мысалы, өткен ғасырдың талантты жазушылары Толстой, Тургенев,
Генри, Стендаль, Флобер, Джейм, сияқты дарын иелерінен үйренген. “Көркем
мәтін немесе көркем шығарма мен оқырманның арасында ешқандай делдәл
болмауы керек” деген Э. Хемингуэйдің бұл ұстамдылығын, өзінің оқыту
тәжірибесіне әкелді.
Осымен ол 1918 жылы шілде айының 8-күні қатты жарақат алады
да, үш ай бойы Миландағы госпитальда жатады .
1919 жылы қаңтарда жазушы өзінің туған жері Оук Паркке
келеді де, 1920 жылдың тағы қаңтар айында Торонтоға (Канадаға)
көшіп келеді. “ Торонто дейли стар” деп аталатын газет баспасында
жұмыс істейді. Күзде Чикагоға көшіп келіп, ол жақтағы “Коопертив
Коммюнуэльс” журналында жұмыс істейді. Желтоқсанда ( 1921) “Дейли
старға” Еуропаға тілші болып кетеді. 3,442б
Хемингуэйдің бір кезде ақындар мен жазушылардың сүйкті
қаласы Парижде болған кезеңін суреттейтін “ Қызығы сол мол жылдар ”
атты шығармасын оқығанымызда жақсы әсерге бөленетініміз рас. Дүние
жүзінің қылқалам шеберлері бір көруді өмірлік арман етіп Парижді
“Піл сүйегінен тұрғызылған мұнара ” деп атапты.
Орыс ақыны Маяковскийдің өзі де “ Парижде тұрып өлер ем,
Москвам егер болмаса ”, деп жырлағаны есімізде. Жазушы осы Парижде
аяғынан тік тұрған әдебиетші болып, жазушылық өнерге біржола
құлаш ұрғаның, оның жазған шығармаларынан айқын көреміз.
Жиырма жасқа толған жазған шығармасы, Парижде өткен өмірін
суреттеген жазушының “Қызығы мол сол жылдар” атты шығармасын өзі көз
жұмғаннан кейн жұбайы Мэри 1964 жылы жарыққа шығарды. Ол орыс
тілінде үш аудармашы азаматтардың аударуымен 1966 жылы басылып шықты.
Э.Хемингуэй осы туындысында XX ғасырдың басындағы Париж тіршілігін,
ондағы американдық жазушылар мен суретшілердің тағдырын, өз басынан
кешірген оқиғаларды өте-мөте қызықты етіп суреттейді.
Ол кезде ел-елдегі, жер-жердегі ойшыл ғұламалар, үлкен өнерге
талпынған таланттың бәрі суреткерлер, жазушылар арманының ақ құсын
іздеп, жан -жақтан Парижге сапар шегеді екен. Шығармашылық
ізденіске, ой-парасатына зәру жас суретші де өнерлі адамдар
арасында болуды аңсайды.
Белгілі американ жазушысы Шервурд Андерсон Хемингуэйдің
талантың танып, оған өзі секілденіп біраз уақыт Парижге барып
тұруға ақыл береді. Андерсон Париждегі Эзра Паунд, Гертруда
Стайн, Силвия Биг, Томас Вульф секілді жазушыларға суретшінің
болашағынан үміт күттіретінің айтып, орталарыңа алыңдар деп хат
жазады.
Хемингуэй еңбек етуді жан-тәнімен сүйіп, өз шығармашылығына өте
қатал қараған жазушы. Жұмыс істегенде әр нәрсеге көңілін бөлмей дос-
жарандарын да көрмей, шын беріліп істейді екен. Содан ақ тер боп
әбден шаршағанша отыра береді.
- “Мен нағыз шыңайы өмірдің ортасында тұрдым, - деп жазды ол
осы Парижде өткен күндерін еске алып. Әрқилы адамдар болды, олардың
құлқын түсінуге тырысып бақтым, қайсыбірі маған ұнамайтын, ал
кейбіреулерін әлі күнге дейін жек көремін.” Парижде тұрғанда
Хемингуэйдің отбасымен өмір сүруіне қаражаты тапшы болғанын білеміз.
Ол мұнда алғашқы жұбайы сұлу, сымбатты Хедли Ричардсонмен
некеге отырады. Сол кезде ең тамағы арзан, белгісіздеу оңаша кафені
іздеп, сақал-шашын қидыруға да шамасы келмей, болашақ ұлы жазушының
қала көшелерін жаяу аралайтын кезі болған. Кейде көшедегі
саудакештерден қуырған картоп сатып алып қана күнелтеді.
Біраз уақыт таксидің шофері болып істейді, қыста Австрия мен
Швейцарияның табиғаты тамаша таулы ауданына барып демалу үшін тау
шаңғысы спортының нұсқаушысы қызметіне орналасады.
Жас Хемингуэйдің Парижде жүргендегі бар дүниесі бес жүз
долларға сатып алған екі сурет қана еді. Оның бірі –Жан Миронның
“Саяжай” деп аталатын, екіншісі - Хуана Гристің “Гитарашы” деген
суреттері. Жұбайы Хедли Ричардсон екеуі ішпей-жемей жүріп, бұл
суреттерді ең ақырғы қаражаттарына сатып алған екен. Осы
суреттердің екеуі де өмірінің соңына дейін жазушының Кубаның
астанасы Гавана маңындағы жеке меншік үйінің залында көрнекті
жерінде ілулі тұрған. Қазіргі күнде бұл суретті әрқайсысы
Америкада 100 мың доллар, тіпті одан да қымбатқа түсетін көрінеді.
Қаражат тапшылығын көре тұрса да, Эрнест Хемингуэй шет елдердегі
кейбір өзге жазушылардай жазғанын ешкімге сатпайды.
Мәселен, Париждегі “Херст” бірлестігінің бір баспагері Эрнест
Хемингуейге келіп, өтімді шығарма жазса, ауқымды қаражат
төлейтінін айтқанда суреткер қатты ашуланып, одан бірден бас
тартқан. Өмір сүру үшін ат бәйгесіне барып, жүйрік деген аттарға
бәс тігіп, немесе бокс жарысын ұйымдастырып, содан қаражат табуға
болар. Бірақ, жазушының “ең қасиетті дүниесі – шығармасы, оны
ешқашанда сатуға болмайды”, - дейді жазушы өнерін пір тұтқан ол.
Хемингуэй өзі Американдық жазушы бола тұра, Франция астанасы
Парижді кереметтей сүйіп, дүниеде одан артық қала жоқ деп
есептеген.
Көп жер көріп, саяхатта көп жүрсе де (Америкада, Мексикада,
Францияда, Испанияда, Италияда, Англияда, Африкада, Кубада т. б.
жерлерде болған) ойынан үнемі көкке асқақтаған Эйфель мұнарасы
көрініп тұратын сәулетті, сәнді орындары көп сұлу қала – Париж
кетпеген.
Сол Парижде
өзі жаудан босатқан сүйікті қалада өткен думанды күндер жазушының
мәңгі есінен кетпейді. “Егерде талбойыңа таудай бақ қонып, жас
дәуреніңді Парижде өткізсең, сонан соң қай жерлерде жүрсең де, ол
өміріңнің ақырына дейін өзіңмен бірге болады, өйткені Париж
өміріңнің қызығында әрқашанда сенің жадыңда жүреді жаңғырып”, -
дейді ол кейінірек досына жазған бір хатында. 1,67
Жазушы өзінің алғашқы шығармаларының бірі – “Қош бол, майдан!”
атты романын осы Парижде тұрғанында бастап жазып, 1929 жылдың
көктемінде Флорида штатынан Парижге қайта оралып келіп романың соңғы
тарауларын осы қалада тәмәмдағаның аса мақтанышпен айтады. Бұдан біз
Париждің өзге талант иелері сияқты, жас суретші үшін де көңіл
көкжиегін ашқан, шабытына қанат бітірген қасиетті қала болғаның
аңғарамыз.
1936 жылдың көктемінде жазушы “Эсквайр” журналында очерк
жариялады. Бұл очеркте автор Гольфстримдегі балық аулау эпизоды туралы
әңгімелейді. Қарт балықты ұстап алды. Шалды тапқанда, акуланың
азығына айналған балықтан түк қалмайды, ал балықшы өксіп, жұбамай
отырады. Осы ақиқат жағдай “Шал мен теңіз” повесінің сюжетінің
негізіне салынды.
Бірақ, Стендальдің романы, оның газеттік ақпаратынан өзгеше
секілді, повесть те очеркке ұқсамайды. Тек 1950 жылдың соңында ғана
суреткердің бұрын табылған сюжетті көркем өңдеуге салады. 1951
жылдың 17 ақпаныңда жазушы қолжазбаны бітіріп, 1952 жылдың
қыркүйегінде ғана “Лайф” журналында басылып шығады. 4, 5.
Антифашистік тақырып жазуға көз жұмғанша жақын болды. 1953
жылдан 1960 жылға дейін Э. Хемингуэй Испанияға “Саясат туралы ауыз
ашпау” шартымен бірнеше рет келген. Саясат туралы очерктер 1960
жылы “Лайф” журналында “Опасное лето” атымен жарияланды. Жазушы шын
мәнінде саяси талқылаудан бас тартқан, бірақ, сындардың
көрсетуінше, автордың франкистік режимге деген көзқарасты сол
қалпында қойғанын дәлелдейтін сілтеулерде кездеседі. Жалпы алғанда,
“Опасное лето” очерктік әдебиеттің озық үлгісі болса да,
Э.Хемингуэй шығармашылығында елеулі орынды иеленбейді.
Суреткердің өмірінің соңғы онжылдығындағы шығармашылық
белсенділігінің төмендеуі оның денсаулық күйінің нашарлауымен ғана
түсіндірілмейді. Соғыстан кейінгі ақиқат әскери кезеңнің үмітін
алдады, ақтап шыға алмады. Бұл да бір себеп болып табылады.
Ұлы жазушылар өз әдеби бағаларында көбінесе көбінесе
субъективті болады. Бірақ, сараптаманы У. Фолкнердің сөзімен бітіргіміз
келеді. Ол ешбір себепсіз жазушының шығармашылығының мәнін
асқақтатады. “Бұл шығарманың кез-келгеніміздің туындымыздан үздік
екенің уақыт көрсетер. Мен оны және өзімнің замандастарымды айтып
отырмын”.
Э . Хемингуэй Мемуарлық очерктер кітабын жазу жұмысын 1957
жылдың күз айынан бастап, бірнеше үзілістерімен 1960 жылға дейін
жалғастырды. Осы мерзімге дейін кітап аяқталып қысқаша авторлық
алғысөзбен қорытылған еді.
1964 жылдың мамыр айында “Праздник, который всегда с тобой” деп
аталатын кітабы дүниеге келді. Бұл кітапты құрайтын автобиографиялық
очерктер, хаттар, 1921 жылдан 1926 жылға дейінгі Париждегі жазушы
өмірін қамтиды. Бұл оның соңғы жарияланған үлкен әрі аяқталған
туындысы еді.
1-ТАРАУ
Э.ХЕМИНГУЭЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ
БЕЙНЕЛЕУІ
1.1. Э. Хемингуэйдің шығармашылық шебері
Жазушының шығармалары көбінесе шыңайы өмірден алынған, яғни
адамның ішкі жандүниесінің күйі, және де іс-әрекетінің өзгеруі,
көңіл-күйінің жағдайға байланысты әр түрлі болуы терең философиялық
тұрғыдан қарастырылған. Сонымен қатар оның жазған әңгімелері мен
очерктерінде көбінесе әйел бейнесінің айқындалуы суреткердің, яғни
Хемингуэйдің ерекшелігі болып табылады. Мұндай бейнелерді аудармашы
И. Кашкиннің мақалаларында айқын көрінеді. Ал кері әйел бейнесіне
қарсы пікірді К. Симонов жазушыға мынадай пікір айтады.
Ол ; “Любовь к женщине занимает огромное место в большинстве
книг Хемингуэя. И проблема человеческого мужества, риска,
самопожертвования, готовности отдать жизнь за друга своего –
неотделимы от представления Хемингуэя, о том, что следует назвать
любовью и что не следует, о людях, с личностью которых слово
“любовь” сочетается и о тех, с кем оно не сочетается и
употребляется всуе ”. 5, 86.
Жазушы шығармаларын оқи отырып біз батыр да өжет адамдармен
бірге, өзімшіл және қорқақ кейпкерлерді аңғара аламыз . Сонымен қатар
Хемингуэй көптеген елдерді аралаған, Мысалы ; Франция, Куба, Африка,
Рессей, Германия, Американың жерлерінде болғандығын білеміз.
Хемингуэйдің көлемді шығармалары “Қош бол, майдан!”, “Шал мен
теңіз” “Фиеста” сияқты роман, повестерін оқып отырғанда,
біріншіден оқырман өзін бас кейпкердің орнына қойып, яғни кейпкердің
бейнесіне кіріп кетіп бірге қуанатын жерінде, қуанып, ашуланған
жерінде, қоса ашуланып кетеміз десек, қателеспейміз.
Мысалы “Шал мен теңіздегі” шал қаншама жанталасып, үлкен
балықпен алпарысып жатқаның көз алдымызға елестетіп, бірге қиналып
кетеміз. Ал сол балықты сондай азапты еңбекпен аулап, үйіне
жеткізгенде, үстімізден жүк түскендей жеңілдеп, қуанамыз.
Міне, осындай шығармаларын оқып, суреткердің жазушылық
шеберлігінің қандай деңгейде тұрғаның , біз айқын байқай
Жазушының көптеген әңгімелері өте қызықты, әрі шығармаларының
дерлік көбісі табиғат, ерлік пен махаббат тақырыбына арналып
жазылған. Сондай ақ бұл шығармалардың сапасы жоғары деңгейде
болды.
Атақты испан суретшісі Луис Кантанильдің альбомының
алғысөзінде жазылған “ Э. Хемингуэйдің “Все храбрые” атты очеркінде
; Соғыс – жиіркенішті әрекет. Ол өзін - өзі қорғау ретінде ғана
ақталған. Соғысты суреттей отырып, жазушы шындықты жазуы тиіс,
өйткені ол туралы өте көп жазылған ... ”
Бұл сөздер - суреткердің сенім сыры. Енді, романды қайтара
оқып шығықан кезде ойымызда мыныдай сұрақтар орын алған еді;
нағыз әдебиеттің тірі ағзасына айналдырды ма, басқаша
айтқанда, суретші испан соғысы туралы шындықты жазды ма ? Бар
шындықты жазған жоқ, ол бір жазушыға бір шығармаға барлық шындық
жетіспегендіктен де емес. Тіпті, Толстойдың өзі “Соғыс пен
бейбітшілігінде” француздармен болған соғыс кезіндегі орыс қоғамының
тарихын ашып бермеді.
К.Симоновқа жазылған хатта ; “Менің бірінші соғысымнан кейін,
ол туралы тоғыз жылдай жаза алмадым. Испаниядағы соғыстан соң,
бірден жазуға тура келді. Өйткені мен уақыт тығыз екенің білдім.
Осы соңғы соғыста үш рет бастың ауыр жарақатын алдым, содан бас
ауыруы мені үнемі мазалап жүрді. Бірақ, жазуға бел будым. Романның
қолжазбасында 800 бет, соғысқа дейін әлі ұзақ. Ештеңе етпес, тірі
болсам, соғысқа да жетермін. Жақсы кітап шығады деп үміттенемін ”.
Мұнда 1962 жылды жазушының өмірінің соңына дейін жазған
романы туралы айтылса керек. Бұл роман “ Война на воде , на суше
и в воздухе” деп аталған, бірақ аяқталмаған. Жақында бұл
трилогияның “теңіздік” бөлігін – “ Острова в океане” романның оқып
шықтық. Мұнда “суретші Томас Хадсонның Кариб теңізіндегі фашистік
су асты кемелерінен жүргізген жеке соғысы” сөз болады.4, 78.
Бірде Фолкнер жазушы туралы былай деп пікір айтқан : “Ол өз
мүмкіндіктерін ерте түсінді және осы шектеумен қалды. Ол ешқашанда
шектен тыс шығуға тырыспады. Тәуеклге бел буып, іске асыра алар
еді”. Бұл сөздер әділетті емес екенін “Шал мен теңізді” оқи
отырып, көз жеткізе аламыз. Бірақ суретшіден бағаның нақтылығын күту
мүмкін емес, өйткені оның әлемі мен тұлғасының эстетикалық бағыты
хемингуэйлік бағыттан тым алыс.
Бірақ Хемингуэйге үнемі төніп тұрған ақиқат қауіптісін
Фолкнер дәл тапты. “Аралда” осы секілді арбауға автор қарсы тұра
алмады. Бұл өкінішті –ақ, өйткені бұл жазушының өмірлік әрі
шығармашылық тағдырының қорытындысы ретінде ойлап табылған
туындылардың бөлігі ғой. Жаңа ойлар кітаптар мен очерктерде көрініс
тапқан.
Әсіресе, “Қош бол, майдан” романының 1948 жылғы алғы сөзінде
жақсы көрсетілген. Осы мерзімде “За рекой, в тени деревьев”
туындысының алғашқы беттері жазылып жүрген еді. Сондықтан, романның
кейпкері, екінші дүние жүзілік соғысты басынан кешірген адам –
полковник Ричард Кантуэльдің автор өзінше қалыптастырған көзқарас
ойын білдіруі таңқаларлық құбылыс емес. 6, 85.
Бірақ шығармада жеке фразалар мен жеке суреттеулер қаншалықты
керемет болса да, бұл әлі соғыс туралы кітап болып саналмады. Бұл
осы кітапқа дайындық болып табылады. Ол әлі көркем ұғынуды талап
етеді.
Ал “За рекой, в тени деревьев” романының авторы бақылаулар
мен қорытындылардың деңгейін көтерген де жоқ. Мұнда кейіпкердің рухани
болмысы мен соғыс бөлініп кетті. Оларды тек ромндық шарттылық
қана біріктіреді.
Соғыс туралы Кантуэль әңгімелеуде.
Міне, барлық көп күттірген “За рекой, в тени деревьев”
романының қайғысы мен сағынышы, қаратүнек фаталистік ноталар.
“Острова в океане” беттерінен үндестік тапты. Сонымен екі
шығарманың көзге түсетіні - ол қайталанушылығы болып табылады.
1945 жылдың соңында Хемингуэй американ әдебиетінің ең үздік
шығармаларының антологиясына алғысөз жазады. Онда соғыс бітіп,
өлгендер дүниеден өткеннен адамның міндеті бейбітшілікті түсіну
болғанда, біз үшін қиын заман туды, бейбіт уақытта адамзаттың
міндеті барлық адамдардың жер бетінде бірге жүру мүмкіндігін табу
болмақ.
1952 жылы жазушы “Шал мен теңіз” повесін жарыққа шығарып,
осында Фолкнердің Хемингуэй тәуеклге бел бууға қорқады, шектен тыс
шыққысы келмейді деген пікірінін әділетсіз болғанын дәлелдеді.
Хемингуэй шектен шықты, тамаша, күтпеген кітап дүниеге келді.
1936 жылдың өзінде – ақ жазушының “На голубой воде” очеркі
басылып шыққан еді. Марлин балығын аулауды суреттей отырып, жазушы
теңіз апаты мен үлкен балықпен бірге – бір қалғанда адм бойын
билейтін сезімді керемет жеткізеді.
Осында Герман Мельвиллдің “Моби Дик ” шығармасы еске түседі.
Бұл XIX ғасыр американ әдебиетінің ірі шығармаларының бірі болып
есептеледі. Осы кітапта да теңіз тұрмысы көп.
Мысалы, кит майын өңдеуді әдістемесін суреттеуге бір тарау
арналған, ал кит аулау өнеркәсібі туралы талқылаулар романының
барлық бетін билейді. Міне, прозаикалық кең ауқымдағы драма
суреттеледі : Адам Моби Дик атты ақ киттің бейнесінде сомданған
әлем зұлымдығымен күреседі.4,89
“Праздник, который всегда с тобой” атты шығармасында жазушы
өзін оқырман ретінде, орыс классиктерімен алғашқы кездесуі туралы
жазады. Бұл кездесу Парижда, жиырма жыл барлық әдебиет атақтылары
барып тұратын Сильвия Бичтің дүкенінде болған. Мұнда ол Толстой,
Тургенев, Чехов, Достоевскийдің туындыларының аудармаларын табады.
Сонда ғана ол шыңайы өнердің күшін сезінеді.
“Толстоймен салыстырғанда, - деп жазады ол, - Стивен Крейндегі
біздің азамат соғысымыздың көрінісі, соғысты көрмеген тек ұлы
ұрыстар мен ерліктер туралы әңгімелерді оқыған ауру баланың тамаша
ойлап табуына ұқсайды. Бірақ дәл осы Крейн соғысты романтикалық
ерлік биігінде ғана емес, ақиқат қатандығында көрсете алған
Хемингуэйдің ізбасары болған.
Жас солдат Генри Флемингтің рухани ержеткендігі, жазушы
айтқандай “даңқ”, “әулие”, “құрбан” сияқы сөздердің ұрыс
алаңындағы көрініспен сәйкес еместігін көргеннен құрылды. Бірақ,
суреткердің көркем шығармаларында, беллетристикасында орыстардың
көркемдік “қатысу” әсіресе, Толстойдың әсері әлсіз көрінеді. 7,
37.
Сыннан өту - өмір, өз мәртебесін сақтап қалу үшін, адам үнемі
сынға төзуі қажет, яғни өмір сүруі керек.
Мұны Фолкнер жақсы түсінеді. Ол өз кейіпкерлерін үнемі қатал
кедергілерге жолықтырып отырған.
Мұны Достоевскийде жақсы түсінді. Басқа орыс жазушысы,
Э.Хемингуэйдің сөзі бойынша “Оны оқи отырып, өзіннің өзгергеңінді
сезінесің - әлсіздік пен ақылсыздық, күнә мен әулиелік, құмардың
бойды билеуі ақиқатқа айналып жатты. Бұл Тургеневтің жолдары мен
әсем көріністері, Толстойдың әскери әрекеттері, шенеуліктері мен
әскерлері , ұрыстары секілді шындыққа жанасады ”.
Достоевскийдің “астыртын ” адамдары, Раскольников Дмитрий мен
Иван Карамазов, Аркадий Долгорукийдің алдынан шығатын үнемі таңдау
жағдайы бар поэтикасы, жалпы алғанда, американ жазушысына жат болды.
Бірақ, хемингуэйлік адам үмітсіздік позициясынан босанып,
өзінәлемдегі қарама - қарсы кез – келген күшке төтеп бере алатын
тұлға ретінде сезінгенде ғана орыс классигінің көркем - этикалық
тәжірибесіне көңіл аударған болса керек. 8, 95.
Ол – кейіпкерге тек адамдық қасиет қана дарытып қоймай, оны
тұрақтылық пен ерліктің жаңа тұжырымдарын келтіруге, дәлелдеуге
міндеттенді.
Жазушы да уақыт барысындағы оқиғаларға маңызды, міндетті түрде
үндес жазушыны тануға үйреніп кеткен. Осылай, кенеттен, мәңгілік
тақырыптарға ой – толғаныстар, күн тәртібінен алшақтау байқалады.
Бұл көптеген сыншыларда дау тудырған. Тіпті, И. Кашкин өзінің
нәзік шеберлігіне қарамастан, повесте әңгіме “жарты дауыспен”
жүреді, “соғыстан кейінгі өмірмен туындаған үлкен мәселелерге
Хемингуэй үн қоспайды” деп жазады.
Осылай біз суреткердің шығармаларына зер салып қарайтын
болсақ, қай романың, қай әңгімесін алсақ та, өз заманында, өз елінде
тіпті , тек туған жерінде ғана емес, сонымен қатар, басқа елдерді
аралап, солармен бірге өмір сүріп жүрген кездерінде жазған
еңбектерін оқысақ , оларға үлкен баға беруге болады. Осындай
классик жазушылардың әйгілі шығармаларын біздің аудармашыларымыз өз
қабілет - шамасына қарай аударып, оқырманның көңілінен шықты. Бірақ,
ешкім туғаннан аудармашы бола қоймайды, жазушы, ақын да болмайды.
Бұл адамның өзінің дарыңды да, талантты қасиеттерінің бірі деп
санасақ, ал мықты аудармашы болу, егер өз ынтасын алға қойып,
жігерін асырып, білімін дамытып, алға ғана жүрсе, сонда ғана өз
мақсатына жетеді деген ойдамыз. Сол себептен суреткердің бәріне
мәлім “Шал мен теңіз” және “Қош бол, майдан!” атты шығармаларының
аударылу сапасы жоғары деңгейде деп есептейміз.
Бұл, әсіресе, Н. Ғабдуллин аударған “Шал мен теңіз”
повесіне қатысты, қазақ тіліне аударған аудармашылар, дәл мағынасын
беріп, оқырман қауымға түсінікті етіп аудару, әркімнің қолынан келе
бермейді.
Аудармашының алдында қашан да өзара қарама – қайшы , бірақ
диалектикалық бірліктегі үлкен мәселе тұрады: бір жағынан,
түпнұсқаның “әрпін”, рухын сақтау қажет, екінші жағынан, аударма
жасалып отырған тілдің ерекшеліктерін, сол тілді оқуға тиіс
жұртшылық талап - талғамы да ескеру қажет. Аудармашы таразының екі
басын тең ұстауға тиіс. 10, 5
1.2.“Шал мен теңіз” повесі аудармасындағы мәтін мағынасының дәл
көркем берілуі
Эрнест Хемингуэйдің “Шал мен теңіз” повесін белгілі ғалым,
жазушы, аудармашы Нығмет Ғабдуллин аударған болатын.(1966ж)
Ал “Қош бол, майдан!” атты романын орысшадан қазақшаға
Қ.Қараманұлы аударды.
Сол сияқты суретшінің ”Килиманджаро – қарлы тау” атты
шығармаларын және әңгіме повестерін жазушы Нәбиден Әбуталиев
аударған.
Осы шығармалардың әр қайсысын алып оқысақ, жалпы соғыс туралы,
мұхит, балық аулау табиғатты суреттеуі, осының бәрі жазушының
өмірімен тығыз байланыста болғандығы екені айқын.
Нығмет Ғабдуллиннің – көрнекті әдебиетші ғалым, белгілі жазушы,
сыншы әрі шебер аудармашы. Ол 1927 жылы 26 желтоқсанда Көкшетау
облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туған. 1950 жылы Абай
атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетің үздік
бітірді. 1950-1962 ж.ж. “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” журналдарында
қызмет атқарды. 1964-1966 ж.ж. “Қазақ әдебиеті бас редакторының
орынбасары болып, ал 1966-1969 ж.ж. бас редакторы болды.
1969 жылдан бастап қазақтың Абай атындағы педагогика
институтында ұстаздық еткен. Профессор 1964 жылы “Ғабит Мүсіреповтің
драматургиясы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
Жазушының көптеген шығармалары басылып шықты. Сонымен қатар оның
жасаған еңбектері, орыс тілінде жазылған кітаптары өте көлемді десек
болады.
Мысалы : “ Жаңа таныстар” (1957), “ Өмірдің бұралаң жолдары”
(1967) прозалық кітаптары басылып шықты. Тағы Г. Марковтың екі
кітаптан тұратын “Жер құты” романың , М. Шагинянның “Ульяновтар
семьясы” атты кітабын, В. Быковтың “Альпі аңызы”, “Атар таңға аман
жетсе” повестерін қазақшаға аударған. Одан басқа да көнтеген
әңгімелердің авторы. Мысалы: “Менің достарым”, (1951); “Жаңа таныстар”,
(1955); “Қызық дәурен”, (1963); “Махаббат жыры” Таңдамалы.
“Жалын”, ( 1998 ).
Осы шығармалардың ішінде “Шал мен теңіз” повесін оқып отырған
адамның өмірге деген көзқарасы өзгереді, яғни адамның психологиясына
әсер етеді, әрине жақсы жағынан. Көбінесе туындыны аудару
барысында, яғни сатылы аударма түпнұсқадан бастап, орыс тіліне
басқа аудармашы аударса, ал қазақ тіліне басқа аудармашы аударады.
Егер түпнұсқадағы айтайын деп отырған ойды аудармашы дұрыс
түсінбей, қате аударып жіберсе, онда орыс тілінен қазақ тіліне
аударатын аудармашы азамат негізгі идеядан алшақтап кетеді.
Ал енді осы туындының сапасын біз, осы 3 нұсқасын салыстыра
отырып, мынадай мысалдар келтірсек:
They walked up the road together to the old man’s
shack and went
in through its open door. 11,37
Ал орыс тіліне былай аударма жасаған :
Они поднялись по дороге к хижине старика и вошли в дверь
,
растворенную настежь. 12, 601
Қазақ тіліне былай деп берген :
Екеуі жолмен жоғары көтеріліп , шалдың лашығына келіп ,
шалқасынан ашық жатқан есіктен ішке кірді. 13, 9
Міне ағылшын нұсқасын, орыс тіліндегі аудармаға қарағанда,
қазақ тіліндегі аударылған сөйлем, дәл мағынасына жақын болып
көрінеді деп есептеуге болады, себебі бұл жерде, ағылшын
нқсқасындағы “together ” деген сөз, орыс аудармасында, яғни
сөйлемде мүлдем жоқ, ал қазақ тіліндегі аудармасында “ екеуі ” деп
аударған. Осыдан біз қазақ тіліндегі сөйлемі сәттірек шыққандығын
байқаймыз.
Сол сияқты мынадай сөйлемдерді салыстырып қарастырайық :
What do you have to eat ? the boy asked .
A pot of yellow rice with fish . Do you want some ?
11,39
Что у тебя на ужин ? спросил мальчик.
Миска желтого риска с рыбой . Хочешь ? 12, 14
Кешке не тамағын бар ? - деп сұрады бала.
Балық қосып пісірілген бір шөңке күріш ботқа бар. Жейсің бе ?
13, 11
Осы сөйлемдерде түпнұсқадағы “ What do you have to eat ? ”
деген сұраулы сөйлемді орысшаға, қазақша аударылған сөйлемдерде
кешкі тамақ туралы сұрап тұр. Бірақ ағылшын сөйлемінде бұл
айтылмаған, жай ғана “Қандай тамағын бар ?” немесе “ Жейтін
қандай тамақ бар?” деп сұраған. Орыс тіліне аударған кезде “
ужин” , қазақ аудармасында “кешке ” деген сөздерді
аудармашылар өздері, мағынасын ашу үшін қосқан болар.
- May I take the cast net ? Of course.
-
- Можно взять сеть ?
Конечно.
- Ауды алуыма бола ма ?
Болғанда қандай.
Бұл сөйлемде “ of course ” дегенді “ конечно ” деп орыс
тіліне аударса, ал қазақ тіліне “болғанда қандай ” деп аударып
жіберген. Міне осы жерде қысқа әрі нұсқа “ әрине ” деп аударса,
дұрыс болар еді. Бәлкім, аудармашы бұл сөзді тәжірибеде өзінше
қолданып жүргеннен соң , солай аударған болуы керек. Бірақ мағынасы
сәйкеседі.
The month when the great fish come, the old man said.
Anyone can be a fisherman in May.
“ I go now for the sardines ”, the boy said . 11, 40
- В сентябре идет крупная рыба. Каждый умеет рыбачить в мае.
Ну, я пошел за сардинами, - сказал мальчик.
12, 602
- Сентябрьде ірі балықтар жөңкіліп жүре бастайды. Қайратты осы
кезде көрсету керек. Май айында балық аулау әркімнің-ақ
қолынан келеді.
Ал, кеттім сардина ұстап әкелуге, - деді бала. 13,15
Міне, осы сөйлемде автор жалпы белгісіз бір айды жазып
тұрса, ал аудаған кезде “сентябрь” деп, орыс, қазақ, нұсқасында
беріп, аударып жіберген.
Осы аудармада, яғни орыс нұсқасындағы “ сентябрь ” деген сөзді
қоспай жалпы күз айы деп аударса жөн деп ойлаймыз. Сөйтіп қазақ
тіліне де “ сентябрь ” деп аударып жіберген. Және де қазақша
аудармаға “ Қайратты осы кезде көрсету керек ” деген сөйлемді қосып
жіберген. Ал бұл сөйлем түп нұсқада да, орысша аудармада да жоқ.
Мүмкін, сөйлемнің мағынасын айқындап ашу үшін аудармашы
қосқан болатын. Мүмкіндігінше автор стилін сақтау қажет еді.
- The boy took the old army blanket of the bed and spread it
over the back of the cair and over the old man’s shoulders
- Мальчик снял с кровати старое солдатское одеяли и прикрыл им
спинку стула и плечи старика. 12, 602
- Бала кереуеттің үстінен көнетоз одеялоны алып, шалдың иығына
жапты.
Бұл сөйлемді қазақ тіліне қысқартып аударып жіберген. “ Спинку
стула ” деген сөзді аудармай тастап кеткен .
Содан :
- They were strange shouldres, still powerful althoudh very old
and the neck was still strong too and the creases did not
show so much when the old man was asleep and his head
fallen forward. 11,49
Могучие, несмотря на старость, да и шея была сильная, и
теперь, когда старик спал, уронив голову на грудь, морщины были
не так заметны. 12,605
-
- Кәрілігіне қарамастан, шалдың жауырыны қақпақтай, екі иығына
екі кісі мінгендей сом тұлғалы еді, мойыны да жуан болатын ;
қазір ол басын төмен салбыратып ұйықтап отырғанда, желкесінің
қатпар-қатпар әжімдері де жөнді байқалады. 13,18
Ал бұл ұзақ сөйлемде, түпнұсқа деңгейінде орысша мәтін сәттірек
шыққан. Әрине қазақша нұсқасы да оқырманға түсінікті, аудармашы
еркін аударма тәсілін көбірек қолданғанын мынадай теңеулерден
байқауға болады: ”екі кісі мінгендей”, және ”қатпар-қатпар” деген
сөздерді қосып жіберген.
The Yankees cannot lose.
But I fear the Indians of Cleveland.
Have faith in the Yankees my son.
Think of the great Dimaggio.
- “Янки” не могут проиграть.
Как бы их не побили Кливлендские ”Индейцы”
Не бойся , сынок. Вспомни о великом Ди Маджио.
- “Янки” ұтылмасқа керек.
Кливлендік ”Индейстер” оларды топайдан бірақ қақпаса
неғысын!
Қорықпа , балам ! Ұлы Ди Маджоны есіңе ал.
Бұл сөйлемде түпнұсқадағы “But I fear” деген сөзі орыс тіліне
”Как бы их не побили” деп аударды, ал қазақ тіліне ”топайдан
бірақ қақпаса неғысын” деп аударылған.
Сөйтіп, ”But I fear the Indians of Cleveland.” Деген сөйлемді
ұзартып еркін аударған, ал менің ойымша бұл сөйлемді қысқартып
нақты аударуға болушы еді.
Мысалы:
Но я боюсь Кливлендских ”Индейцев”, Кливлендік “Индейстерден”
қорқамын. Содан “неғысын”, “ұтылмасқа” деген сөздері, аудармашының
стильдік қателіктері деп ойлауға болады.
- I like the beer in cans best.
I know. But this is in bottles hatney beer, and I like
back the
bottles . 11, 45
Орыс тіліне былай аударған:
Я то больше всего люблю консервированное пиво.
Знаю. Но сегодня он дал пиво в бутылках. Бутылки я сдам
обратно. 12, 606
- Мен консервленген сыраны тәуір көремін.
Білемін. Бірақ, бүгін ол шыныға құйылған сыра берді. Шынысын
қайыра өткіземін . 13, 19
Міне, осы жердегі “bottles” яғни, орысша “бутылки” сөзін қазақ
тіліне “шыны” деп аудара салған. Ал нағыз аудармасын бермеген,
бұл да стильдік қателікке жатады. Жалпы “шыны” деген сөздің өзі
бірнеше мағынаны , яғни ыдысқа да, шай ішетін кесені, не басқа
сұйық зат ішетін ыдысты жалпы шыны дейді . Ал бұл жерде автор
нақты “бутылки ” яғни “бөтелке” деп аударса , оқырман бірден
түсінер еді. Мүмкін сол аудармашы өзінің жергілікті сөздік
қорындағы “ шыны ” деген сөзді қолданған шығар. Бұл енді бәлкім,
аудармашының өзіне ғана мәлім болуы керек.
Сонымен қатар ағылшын сөзі “like”, яғни орыс тілінде
“люблю” ал қазақ тілінде “ тәуір ” деген сөздерге зер салып
қарасақ “ тәуір ” бұл жерде өзінің жақсы көретін, жейтін
нәрсені тәуір дегеннен, ұнатамын, “ жақсы көремін ” деп
аударса, сәттірек шығушы еді. Бұл енді біздің ойымыз.
Осы аудармаға қатысты айта кететін бір жәйт, яғни сәтті
аударма болып есептелетін мына сөйлемге көңіл аударсақ :
He was asleep in a short time and he dreamed of Africa
when he was a boy and the long, golden beaches and the
white beaches, so white they hurt your eyes, and the high
capes and the great brown mountains. 11, 47
Уснул он быстро , и ему, снилась Африка его юности,
длинные золотистые ее берега и белые отмели - такие белые,
что глазам больно – высокие утесы и громадные бурые горы.
12, 608
Ол тез ұйықтап қалды, өзінің жас кезінде көрген Африкасы ,
оның созылып жатқан сап – сары жағалауы, көзді ұялтар шаңқан
қайыры , биік жартастары мен қызыл шақат таулары түсіне кірді.
13, 20
Міне осы сияқты өте сәтті, әрі көркем аударылған мына
сөйлемдер мағыналылығымен ерекшеленеді :
“ The bird is a great help ” the old man said. Just
then the stern line came taut under his foot, where he had kept
a loop of the line, and he dropped his oars and felt the
weight of the small tuna’s shivering pull as he held the line
firm and commenced to haul it in. 11, 54
Птица - верный помощник рыбаку, - сказал старик. В этот миг
короткая леска, опущенная с кормы, натянулась под ногой ; которой
он придерживал один ее виток ; старик бросил весла , и крепко
ухватив конец бечевы, стал выбирать ее чувствуя вес небольшого
тунца, который судорожно дергал крючок. 12, 616
Құс - балықшының адал серігі ғой, - деді шал. Осы мезетте
қайықтың артқы жағындағы қысқа қармақбау созылып тартыла қалды
мұның бір ұшы шалдың қолында еді. Қария ескекті тастай беріп,
қармақтың бауын мықтап тұтты да, өзіне қарай сусыта тартты. 13,
25
I do not understand these things, he thought. But it is
good that we do not have to try to kill the sun or the moon
or the stars. It is enough to live on the sea and kill our
true brothers. 11, 80
Я многого не понимаю, - подумал он. Но как хорошо, что нам
не приходится убивать солнце, луну и звезды. Достаточно того,
что мы вымогаем пищу у моря и убиваем своих братьев.
Мен көп нәрсені түсінбеймін, - деген ойға берілді қарт.
Адамның аспандағы күнді, айды, жұлдызды құлатып түсіруге ниет
қылмайтыны қандай жақсы. Біз қорегімізді теңізден зорлық қып
тартып алып өзіміз секілді тіршілік иелерін өлтіріп жатамыз, -
адамға осы да жеткілікті ғой.
Міне осындай сөйлемдерді сөзбе – сөз аударып қоймай, дәл
мағынасын беріп, аудармашы түсінікті етіп тәржімалаған. Аудармашыға
тән кемшілік - мағынаны бұрмалау, түпнұсқадан алшақтау. 14, 26
Тағыда мынадай мысалды қарастырсақ:
“You did not stay long, the man thought. But it’s
rougher where you are going until you make the shore. How did
I let the fish cut me with that one quick pull he made
? I must be getting very stupid or perhaps I was looking
at the small bird and thinking of him. Now I will pay
attention to my work and then I must eat the tuna so
that I will not have failure of strength.
“Не долго же ты побывала со мной, - подумал старик. – Но там,
куда ты полетела, ветер много крепче, и он будет дуть до
самой суши – как же это я позволил рыбе поранить меня одним
быстрым рывком?
Верно, я совсем поглупел. А может быть, просто загляделся
на птичку и думал только о ней? Теперь я буду думать о
деле и съем тунца, чтобы набрать сил”.
“Сен менің қасымда аз уақыт қана болдың ғой. Сенің ұшып
кеткен жағында жел қаттырақ соғып тұр, қашан құрлыққа
жеткеніңше осы жел бәсендемейді, - деп ойлады шал. Мына
балықтың бір рет бұқынып қалғанына қолымды жаралап алғаным
қалай?
Мәңгіп кеттім білем. Әлде, әлгі кішкентай құсқа қарап,
бар ойым соған ауып, қаннен - қаперсіз отырдым ба? Қой, енді өз
жағдайымды ойлайын, әлденіп алу үшін тунецті жейін”.
Осы мәтіндерде, әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне
тәржімаланған “птичку” деген сөзді “ кішкентай құс” деп аударған,
ал бұл сөзді “торғай” деп аудармаған. Негізі “торғай” деп
аударса дұрыс болар еді, бірақ аудармашы мүмкін барлық халыққа
түсінікті болу үшін жай ғана “кішкентай құс” деп берген болар.
Бұл аударма барлық оқырманға түсінікті де, жазушының басқа
шығармаларының ішіндегі ең сәтті тәржімаланған шығармалардың бірі
болып табылады.
Сөйтіп аудармада түпнұсқаның жанрлық сипатын сақтау айырықша
маңызды. Мысалы, С. Маршак, У. Шекспир соннеттерін таза ағылшындық
сонет үлгісінің құрылымдық жүйесін сақтап аудару арқылы оны
көркемдік биікке көтерді.
Осындай тағы бір мысалдар бар:
As the sun set he remembered, to give himself more
confidence the time in the tavern at Casablanca when he
had played the hand game with great negro from Gienfuegos who
was the strongest man on the docks. 11, 86.
Когда солце зашло, старик, чтобы подбодриться стал
вспоминать, как однажды в таверне Касабланки он состязался в
силе с могучим негром из Сьенфуэгос, самым сильным человеком в
порту. 12, 625.
Күн ұясына батқан кезде, сергіп еңсесін көтеру үшін өткен
бір оқиғаны есіне түсірді. Бір жолы Касабланка тавернасында
оның порттағы ең мықты адам деп саналатын, Съенфуэгостан келген
бір зор негрмен күш сынасқан бар еді.
The match had started on a Sunday morning and ended on a
Monday morning. Many of the bettors had asked for a drown
because the had to go to work on the docks loading sacks
of sugar or at the Havana Goal Company. 13, 89
Поединок начался в воскресенье и окончился утром в
понидельник. Многие из державших пари требовали признать ничью,
потому что им пора было выходить на работу в порт, где они
грузили уголь для Гаванской угольной компании или мешки с
сахаром.
12,677.
Сөйтіп, жексенбі күні таңертең басталған тірек, дүйсенбі күні
таңертең аяқталып еді. Бәс тігіскен жұрттың екеуіне теңбе – тең
түсті деп төре беруді талап етті, өйткені бәрінің портқа
жұмысқа баратын уақыттары болып қалған еді.
Осы сөйлемдерге мән беріп қарасақ, екі сөйлемді де өте
сәтті аударған. Түпнұсқаны орыс тіліне, одан қазақ тіліне аудармашы
дәл мағынасын берген.
-Д.Уолдмеир “ Шалды ” “ екі дәрежеде ” – реалистік әңгіме
және символикалық туынды ретінде оқу керек деп есептеді. 15, 210.
К.Харада да повесте символдардың күрделі жүйесін тапты. 16,269.
Мейлінше, Э. Хемингуэйдің ешбір нәрсені символикалық туындылар
секілді сыншылармен қатал қарастырылған емес. Осы көзқарасты
Р.И.Спиллер, М.Бекмен, К.Бейкер және т.б. ұстанған. Ф.Янг , марлин,
акула, арыстан символдаумен қатар, ойландырады деп есептеді.
Жазушының реализмі мен оптимизмін атап өткен сыншылар повестке
жақсы баға берді. 17, 140.
Д.Маккормик жазушының реализмін жоғары бағалады. 20, 105.
К.Берхенс болса, “повесте адамның трагедиясы жазылса, сонымен бірге
оның ең жақсы белгілері де жазылған деп ұйғарды. 22, 235.
Ал Д. Андерсон повестте суреттелген адамның табиғатпен
күресінде ешбір жақ жеңіске жетпейді, бірақ адамның жеңіске жетуі
де ықтимал” деп есептеді. 23, 230.
С.Сэндерсон “Шалды” екілік аллегория тапты: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz