Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Журналистика факультеті

Баспа ісі және редакциялау кафедрасы

Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы

Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5 бет

Негізгі бөлім

I тарау

Баспа ісіндегі бәсеке күресінің маңызы

  1. Кітап бизнесіндегі бәсекелестік - дамыған елдер

тәжірибесі негізінде . . . 6-14 бет

  1. Отандық баспа бизнесіндегі келеңсіздіктер . . . 14-21 бет
  2. Бәсекеге қабілеттік факторының «сұраныс-ұсыныс»

механизіміне тигізер ықпалы . . . 21-29 бет

II тарау

Отандық кітап өнімдерінің бәсеке қабілеттігін арттыру жолдары

2. 1 Бәсеке қабілеттілік - Қазақстан экономикасының

беталыс бағыты . . . 30-36 бет

2. 2 Қазақ баспалары арасындағы бәсекелестікті арттырудың

негізгі тетіктері . . . 36-44 бет

Қорытынды . . . 45-47 бет

Сілтемелер көрсеткіші . . . 48-49 бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 50 бет

Кіріспе

Қазақ прозасының алыбы Мұхтар Әуезовтің жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпірді орнату мәселесі жөнінде «Қазақ қалам қайраткерлеріне ашық хат» мақаласында былай деп түйгені бар: «Ежелден жазу заңы - әрбір жазушы өзіне лайықты оқушы табу керек. Әрбір әдебиет, ретті әдебиет болам десе, сол оқушының ауданын үлкейту керек. Сондықтан жазушының міндеті: ол неге қызығады, нені көксейді, қандай рухы бар, соны ұғып алу һәм соған лайықтап сөзін жазу [1] ». Арада ғасырға жуық уақыт өткенде сол Әуезовтердің ұрпағы - біздің алдымызда сол айтылған «оқушының неге қызығатынын, нені көксейтінін, қандай рухы бар» екенін анықтайтын кітап ісінің экономикалық қырын зерттейтін мамандарға, соған қатысты мемлекет қамқорлығына деген мұқтаждық туып отыр. Ондағы мақсат - кітап шығару ісінің бәсекелестік негізінде сапалы өнім шығаруына жол ашу.

Американың экономисі, ғалым Т. Питерс экономика тарихына арналған бір зерттеуінде былай деп жазыпты: «Соғыстан кейін бәсекелестіктің болмағандығы соншалық, американдықтар тіпті адам мекендемейтін аралда қалғандай әсерде болды. Оның негізгі себебі, халықаралық экономикалық байланыстың үзілуінен болса керек. Әріптестерімен арада байланыс үзіліп, өндіргіш күштердің қуатын салыстыратын еш балама таба алмаған америкалық өнім өндірушілер дағдарып, шығарған өнімдерінің сапасы кейін кетіп, бәсеке кеңістігінің маңыздылығын әбден түсінген еді [2] » деп, бәсекелестік экономиканың катализаторы қызметін атқаратындығын айтқан.

Капиталистік қоғам жағдайында кітап өнімі де тауар ретінде қарастырылып, кітап баспадан шыққасын, өзге баспалардың өнімінен басымдығын дәлелдеп, өтімді тауар бола алуы керек. Бұл орта - кітап нарығы деп аталады. Нарық - өнімдердің еркін бәсекеге түсіп, өз тұтынушысына жету арнасы болса, бәсеке дегеніміз не? «Бәсеке - өнім өндіру мен оны өткізудің үздік, әрі экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер мен сатушылар арасындағы бәсеке [3] ». Міне, «бәсеке» ұғымының классикалық анықтамасы осы болса керек.

Бәсекеге қабілеттілік - тауардың бәсекелес рынок талаптарына, тұтынушы мұқтаждығына өзге әріптестеріне қарағанда барлық жағынан басым болуы. Кітаптың бәсекеге қабілеттігі сол өнімді шығаратын өзге беделді, өзін мойындатқан, деңгейі өте жоғары баспалардың өнімдерімен салыстырмалы түрде анықталады. Бұл ретте, бәсекелестік тек кітап емес, тұтас өндіріс саласын ілгерілету арқылы ел алдына қойып отырған белес - елулікке ұмтылу мұраты ел үшін елеулі сын, жауапты қадам. Бұған батыл бет алу үшін бәрімізге де ортақ жауапкершілікті сезіну парыз болмақ. Мұратқа жетуіміз ең алдымен көп оқитын, білімге ұмтылған бірлігі берік ел болуымызға тікелей байланысты. Көзі ашық, көңілі ояу қауым, өркениетке бет алған ел алдымен білімі мен ғылымы, рухани байлығымен өзін-өзі танытуы керек-ақ. Оқитын ел бәсекеге қабілетті қоғам негізі деуіміздің түп қазығы осында.

Бітіру жұмысымның жүргізілген бағыты - отандық кітап шығару саласының қазіргі жағдайын жан-жақты зерттеп, ондағы тосқауыл, кедергілерді анықтау болатын. Олай болса, бітіру жұмысымның мақсаты - отандық кітап шығарушы баспалардың бәсекелестік деңгейін белгілеп, шетелдік әріптестерінің тәжірибесі негізінде Қазақстан кітап рыногында бәсекелестікті туғызатын жағдайларды ғылыми тұрғыда жүйелеу. Әрине, баспалар тәжірибесінде бәсекелестіктің тактикалық әрекеттері жүргізілмейтіндіктен, бұл тақырыпты зерттеу қиынға соқты. Дегенмен, кітап өндірісі өгіз аяңмен алға жылжып келеді. Соңғы үш жылда қағаз бен картон 138 пайызға өскен. Полиграфияда, баспа ісінде елеулі ілгерілеушілік байқалып, жылдық өсім 128, 8 пайызды құрап отыр. Бұл ретте кітаптар мен кітапшалар шығару 2 еседен астамға, газеттер мен журналдар шығару 2, 2 есе ұлғайған. Мұның бәрі барған сайын ашық бола түскен ел рыногындағы қатал бәсеке жағдайында қалыптасып отыр [4] екен. Демек, осы баяу процесс арқылы да баспалар арасындағы бәсекелестіктің орташа тенденциясын белгілеуге болады. Осы тоқтамды негізге алып мен «Аруна», «Дайк-пресс», «Арыс», «Жазушы», «ЭкономикС» (кітап таратушы компания), «Қазақ университеті» баспаларының өз өнімдері сапасын арттыру, жақсы авторларды тарту, оқырман сұранысын анықтау, шығарған кітаптарын жарнамалау, бір сөзбен бәсекеге қабілетті болу үшін жүргізіп жатқан бірқатар шараларын түрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерге жүгініп және баспа басшыларымен әңгімелесу арқылы келтірдім. Одан өзге реті келгенінше қоғам қайтаркерлерінің де осы мәселеге қатысты пікірін жұптап бердім.

Бәсекелестік - өндіргіш күштер арасындағы өнім шығару тұрғысындағы қарым-қатынасының шиеленіскен формасы. Біздің баспалардың ол сатыға жете алмай отырғандығының себебі, біздің баспалар шығарып жатқан кітаптар баспаның қаржылай алға жылжуына еш мүмкіндік бермей отыр. Кітап өзін-өзі коммерциялық тұрғыда ақтай алуы (оған жіберілген қаржыны қайтара алуы) үшін оның таралымы кем дегенде 3000 болуы керек. Ресейде қазір шығарлылып жатқан кітаптардың орташа таралымы 7000. Осы көрсеткіштің арқасында ресейлік баспа рыногы өзін-өзі қаржыландырып, дамып отыр. Демек кітап бизнесіндегі таралым мен баспаның қаржылық әлеуетінің өзара байланыста болатынын есте ұстау керек. Қазір ел баспаларынан шығатын кітаптардың ең көп деген таралымы 5000, ал елде жалпы саны 12 000 кітапхана бар. Сонда әлгі кітап жеке адамдарды айтпағанда, кітапханаларға бір-бірден таратып бергенге де жетпейді ғой. Кітап таралымының төмендігі проблемалардың біртұтас шоғырынан туып отыр. Айтар болсақ, өзіне тиесілі капитал аз болғандықтан, білгір мамандар кітап рыногынан басқа салаға кетуге мәжбүр болады. Кітап таратуға қолайлы орындардың жалдау бағасы жоғары болғандықтан, аудандық, ауылдық жерлердегі кітап дүкендері мен дүңгіршектерінің саны аз болады. Соған негізделіп, таралымның да тынысы тарылады. Бұл өз кезегінде жұғынға жұқ болмас қаламақының себепкері; дарынды авторлар, редактор, тәржімашы алдына кесе-көлденеңдеп жататын кедергіге айналады. Осы түйінді қалай шешуге болатынын анықтау үшін бірқатар баспа мен кітап дүкен басшыларына жолыққан едім. Ол жөнінде жұмыс барысында кеңінен айтылады. Зерттеу аясында кітап таралымының аздығының себептерін және оған мемлекет тарапынан жасалатын көмектің механизмдерін көрсеттім.

Бітіру жұмысы Ресейдің «Полиграфист и издатель», «Книжное обозрение», «Книжное дело» салалық журналдарындағы материалдар мен қазақстандық баспасөз мақалаларының, кейбір баспалардың (мысалы, «Арыс») интернеттегі сайттарына сүйене отырып жазылды.

Мен қарастырып отырған «Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» тақырыбының өзектілігі - баспалар арасындағы бәсекелестік - баспалар жұмысының ширауына, оқырман талғамына икемделуіне бәсекеге қабілетті өнім шығаруына, сол арқылы, біріншіден бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіруі жолындағы шағын ізденіс. Екіншіден , кітап - рухани қазынаны арқалайтын тауар, ал жақсы кітап - мәдени өрлеудің кепілі. Жұмыс барысында қазақ мәдениетінің бір бөлігіне айналуға тиіс, қара үзер кітап шығарудың теориялық шешімі нұсқалды.

Бітіру жұмысының құрлымы : жұмыс: «Баспа ісіндегі бәсеке күресінің маңызы» және «Отандық кітап өнімдерінің бәсеке қабілеттігін арттыру жолдары» деген екі үлкен тараудан тұрады. Мәселені тарқатып айту үшін тараулар іштей шағын тақырыпшаларға бөлінді. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі берілді.

I тарау

Баспа ісіндегі бәсеке күресінің маңызы

  1. Кітап бизнесіндегі бәсекелестік - дамыған елдер тәжірибесі негізінде

Баспа ісіндегі бәсекелестіктің негізгі бағыты - баспа өнімдерін жылдам тарату, бәсекелестерден оза шабу үшін баспалардың қолданатын шаралары. Қазақстан баспаларының еркін бәсекелестік алаңында жұмыс істемеуі - отандық кітап шығару ісін нысана етуге тосқауыл болады. Сол себепті капиталистік қоғамға әбден бейім Еуропа, Америка елдеріндегі кітап бизнесіндегі бәсекелестік жағдайды сипаттауды жөн санадым. Бір айта кетерлігі, дамыған елдердің баспа ісіндегі бәсекелестігін қарастырғанда мен тек жекелеген баспалардың тактикаларына тоқталмай, кітап ісіне түгелдей мемлекет тарапынан қамқорлық жасау жағын, қолдау саясатын да қамтыдым.

Жоғарыда баспалар жұмысына кедергі келтіріп отырған бір фактор - баспаларға салынатын қосымша құн салығы екенін айттым. Бұл салықтың мәні - кітаптың өзіндік құнының үстіне 16 пайыз көлемінде ақша салық ретінде салып, одан түскен пайданы мемлекет қазынасына аудару. Мысалы, 500 теңгелік кітабыңызға 32 теңге ҚҚС ретінде салынады.

Еуропа елдерінде арнайы төмен жарнамен несие беретін банктер қызмет етеді. Мәселен, Польшада кітап бизнесіне жеңілдетілген несиелер 5-6 пайыздық табыспен қайтарылады. Бізде 20 пайыздан төмен несие жоқ.

Біздегі кітап дүкендерінде сатылып жатқан кітаптардың көбі Ресейден әкелінгенін білеміз. Заманында пайда болған жаңа ғылым салалары мен шетел авторларының шығармасын іздегенде оларсыз іс тағы бітпейді. Алайын десең, кітаптардың бағасы удай қымбат болады. Неге дейсіз ғой, оның сыры мынада: Ресей баспасы бекіткен бағаға көлікке және кедендік құжаттарға кеткен шығын мөлшері қосылады, оның сыртында Қазақстан заңы бойынша 16 пайыздық қосымша құн салығы салынады, оның үстіне Ресей заңы бойынша, (Ресей пайдасына) 10 пайыздық қосымша құн салығы тағы қосылады. Нәтижесінде кітаптың өз бағасы, көлік-кеден шығынына қоса, 26 пайыз суммалық Қосымша құн салығының ақшасы қоса қосылады. Міне, кітап дүкендеріндегі ресейлік кітаптардың қымбат болатыны осыдан. Кітап шығару ісіндегі бәсекелестік туралы айтып отырғанда, қазақ оқырманы неше есе көп шығынға батуға мәжбүр болады. Сол себепті, үкімет ол кітаптардың кеден-көлік, неше еселенген қосымша құн салығын азайтуға күш салу керек.

2002 жылдың басынан бастап Ресей кітапқа деген қосымша құн салығын (газ және мұнай саласымен теңестіріп) 20 пайыз етіп бекіткенде, дүкендердегі кітап бағасы 1, 5 есеге қымбаттаған. Мұның себебін түсіндіруден жалыққан кітап дүкеніндегі сатушылар мемлекет саясат екенін хабарландыруға бадырайтып жазып қойған. Салыстыру арқылы байқалғаны, 2002 жылдың алғашқы жарты жылдығында сатылған кітаптың мөлшері өткен жартыжылдыққа қарағанда 3 есе төмендеді [5] . Осы болмашы салықтың өзін қарыштап дамып келе жатқан ресейлік баспалар артық көріп қарсылық танытып отыр. «Ресейдегі баспа өнімін таратушылардың қауымдастығы (АРПП), Баспасөзді реттеудің ұлттық кеңесі (НКСП) ықпалымен құрылған жұмыс тобы РФ Қаржы Министрлігінің салық басшылығына салық саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныс тастады. Алдағы үш жылға бюджет жобасын белгілеу аясында қарастыруына үміт артып отыр. Баспа өнімдері мен мерзімді басылымдарға салынып отырған салық Флоренция шартына сай келмейтіндігі мен отандық өндіруші мен тұтынушыларға ауыр жүк болып тұрғанын айтып, Қосымша құн салығының мөлшерін қысқарту мәселесін алға тартты. Баспаханадан тартып оқырманға дейінгі аралықтағы іс-шараларға салынатын ҚҚС - 10 пайыз болғаны дұрыс[6] » деп отыр. Олар 2008 жылғы президент сайлауы тұсында ұсыныстарын атқарушы билік назарға алар деген ойда.

Кітап пен оқырман арасына қамал орнатып тастаған басшылық сол жылдың шілдесінен бастап қосымша құн салығын 20-дан 10 пайызға қайта түсірді. Қазір Ресей кітап рыногындағы алпауыт ойыншылар - әлемдік масштабтағы концерн «Бертелсьманмен» бірігіп Ярослав полиграф комбинатын иемденген, «Издательство АСТ», «Дрофа», «ОЛМА-Пресс», «ЭКСМО» деген тарату тораптары бар «Терра» және екатеринбургтік алып баспа «У-Фактория» ұсақ баспалардың бәсекелестік күресінің тәртібін бұзып, оларға жұтылып кету қаупін тудырып тұр.

Көптеген дамыған ел кітапқа деген қосымша құн салығын мүлде алып тастады. Мысалы, Финляндияда қосымша құн салығының жалпы тауарларға салынатын орташа мөлшері 22 пайыз болса, кітап өнімдеріне салынатыны небәрі 8 пайызды құрайды. Мәдениетін ойлаған елдер осылай етіп отыр. Оның үстіне ҚҚС түсетін пайда мемлекет қоржынын соншалық байыта қоймайтындығын министр өз аузымен айтқан: «Мемлекет кітапқа қатысты пошталық, кедендік және салық саясатын өзгертуге асықпауда. Мемлекеттік өлшемдер бойынша кітапқа деген қосымша құн салығынан түсетін пайда - тиын ғана! Ал кітап шығарушылар мен полиграфистерге ол үлкен соққымен пара-пар. Салық механизмі кітап рыногын бәсеке күресте аяғынан шалып, кейін тартып отыр. Оны жеңу үшін кітап шығарушылар мен таратушылар бірігіп, өз мүдделерін мемлекет алдына тартуы керек.

Біздегі баспа рыногы мемлекеттік реттеуге мұқтаж болып отыр. Мемлекеттік реттеу мен мемлекеттің аралауы екі түрлі ұғым. Алғашқысында - мемлекет монополистердің құқығын шектеп, шағын кәсіптің тынысын кеңейту арқылы бәсекелестікті арттырса, келесісінде - мемлекет баспаның ішкі мәселесін толық өзі шешіп отырады. » [7]

Баспалардың жұмысын кейін тартатын қосымша құн салығын салғанша, 90-жылдардың алғашқы жартысында түрлі жолмен мемлекет мүлкін иемденіп, кейін алпауытқа айналғандардың қаржысын елдегі кітап ісінің көп түйінін шешуге бағыттайтын механизм қарастырсақ дұрыс болар еді. Ол механизмнің балама үлгісін қолданушы ел - Англия.

1980 жылы М. Тэтчер үкіметі жасаған жекешелендіруден кейін елде жаппай әлеуметтік кереғарлық орнады. Соның салдарын дұрыс бағытқа бұру үшін 1997 жылы ағылшын үкіметі Windfall салығын бекітті. Салықтың мәні - жекешелендіру барысында түрлі жолдармен мол материалдық игілікті иемденген тұлғалар мемлекетке өз табысының 23 пайызын бір рет беруге міндеттелді. Осы механизмді қолданып, мемлекет бюджетіне 5, 2 млрд. фунт ақша түсірген [8] . Қазақстанда осы саясатты жүзеге асырар болсақ, еліміздегі кітап шығару ісінің етегінен кейін тартып тұрған көп мәселені реттеп алуға болар еді. Мәселен, кітап дүкендерінің құрлысын жүргізуге болар еді.

Бұл салықтың енгізілуі тек әлеуметтік мәселені шешіп қоймай, қоғам алдында жасалған әділетсіздік үшін қарапайым халыққа қайтарылған моральдық өтеу болар еді.

Баспа өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында баспалар өз тарапынан өнімнің түрлі формаларын шығаратын да тактикасы бар. Мәселен, кітаптың электрондық үлгісіне қоса, бүгінде ол кітаптың әдемі мақаммен оқылған аудиоүлгісін қоса сатады. Алғаш рет 1975 жылы Боготэ қаласындағы Дэвид Сэнчео Жулиаоның еңбегі аудиокітап түрінде шыққан. Аудиокітаптың алғышарты болған - 1920-жылдан бастап радиоқойылымдар болды. Есте болса, қазақ радиосының қорында да Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықовтың әдеби туындылары аудиоүлгіде сақталған. Ал енді сол радиоқойылымдардың жасалу технологиясы негізінде есту құралдарына жазылып, таратылатын аудиокітаптар әлемнің озық дамыған елдерде 30 аталым бойынша шығарылады. Ұлыбританияда аудиокітаптың әрбір сатылған данасынан 70 пенсі авторына бөлініп беріліп отырады. Жалпы әлемдік кітап нарығында аудиокітаптардың 40 пайызы аудиокассета, қалғандары диск және өзге де тарату құрылғылары түрінде таратылады [9] . Біздің Қазақстанның кітап дүкендері мен сауда орындарын аралағанда, бірер Құран сүрелері мен Абайдың қара сөздерінен өзге аудиокітап көре алмадым. Онда бұл тәсіл елдегі кітап шығару ісінің бәсекеге қабілетті болуына үлес қосып жатыр деп айта алмаймын.

Енді электронды кітап шығару ісіне көшейін. Әлемдік деңгейдегі «Random House Inc», «Barnes & Noble Inc» және «Microsoft Corp» электронды баспалары кітап тарату ісінде жаңа технологияларды қолдануда алдыңғы қатарда. «Forrester Research» электронды баспасы 2005-жылдың өзінде оқырманының саны 50 000-ға жеткенін хабарлаған. «Consumer Book Buying Study» әлеуметтанушылар компаниясы «Publishers Weekly» журналы үшін жүргізген сауалнамасы нәтижесі электронды кітап адамзат өмірінен пәлендей маңызды орын ала қоймайды екен [10] . Ресейде электронды кітап сатуға бейімделген Arcadia. ru. мен Ozon, Bolero электрондық дүкендері бар. Дегенмен, ресейлік оқырмандардың 1-2 пайызы ғана «электронды оқырман» санатына енеді екен. 2003 жылы ресей кітап дүкендерінің қатары «Суперкнига» интернет-дүкенімен толықты. Бұл дүкен «Олма-пресс», «Астрель», «Белый город», «Москва», «Слово» және тағы бірнеше баспаны өнімдерін электрондық торап шеңберінде сатумен айналысады. Интернет-портал қызметкерлері тұтынушыларының (оқырман) тілек-лебіздеріне үн қатып, жиі пікір алмасып отырады [11] екен. Бұл - аталған баспалар үшін біріншіден, өнім таратудың төте жолы болса, екіншіден, маркетингтік қызмет есебінде жүреді. Портал қызметкерлерінің деректері бойынша баспа қай өніміне басымдық беру, қай өнімнің санын қысқарту керектігін шешеді. Сөйтіп бәсеке күреске шыдас беретін өнімдері сұрыпталып шығады.

20-ғасырда америкалықтар тысқы мұқабасы жұмсақ қағаздан жасалған шағын кітапша - пейпербекті ойлап тапты. Бүгінде пейпербек әлемдік рыногындағы өндіріс айналымының 30 пайызын құрайды. Оның құпиясы - кітап бағасының қатырма мұқабалы кітаптан 1, 5 есе арзандығында.

Өнертапқыштар шоғырланған Америкада кітаптың тағы бір үлгісі ойлап табылды, ол - дайджест. Баспасөз материалдарына қолданатын дайджест ұғымының кітапқа қатысы қанша десек, кітап ісінде де дайджестің негізгі принципі сақталады. Дайджест - мәтіні қысқартылған кітап. Мысалы, америкалықтар Толстойдың «Анна Каренинасын» 8 бет, Диккенздің «Крошка Дорритін» 6 бет етіп шығарып берген. Кітап рыногын жаңа өніммен байытпақ болған баспагерлер енді кітап мазмұнының өзегін құрап тұрған оқиғалық желісін ғана бір ауыз сөзге сидырып бере бастады. Дайджестерді шығарудағы мақсат - шығарманың мазмұнын жалпылама білгісі келетін студенттер мен оқушыларға қысқартылған дайын фабуланы ұсынып, өздері жаңадан еш нәрсе өндірмесе де, тың идеяларының арқасында қыруар пайдаға кенелу. «Қор биржасынан екі миллион қалай қымқыруға болады?» кітабы 4 млн. данамен шықса, «Шарасыз арулар» 2, 5 млн. данамен жарық көріп, әлемдік бестселлерге айналған. Бүгінде ресейлік авторлардан Синельниковтың экзотерика саласындағы, Норбековтың денсаулық сақтау саласындағы кітаптары таралымы, өтімдігі жағынан шашасына шаң жұқтырмайды.

Кітапты тарату топтарына келсек, Қазастанда 15 млн. халық болғандықтан, әлемдік тәжірибе барысында орныққан заңдылық бойынша 10 000 адамға 1 кітап дүкенінен келу керек. Ендеше Қазақстанда 1500 кітап дүкені болуы керек.

Қазір кітап рыногында «автор - баспагер - көтерме сауда нүктесі - ұсақ сауда нүктесі» арасындағы байланыс жүйесіз, эпизордық сипатта. Мәдениетте баға нарығы заңынан құндылықтар заңы биік тұруы керек. Себебі олар бағасыз. Одақ құлаған соң, мәскеулік кітап тарату жүйесінің тағдырын президент Б. Ельцин өте дұрыс шешті. Ол 208 кітап дүкенінің басын құрайтын «Москниганы» демонополияландырды. Сөйтті де заманауи талаптарға сай жұмыс істейтін «Библиоглобус», «Молодая гвардия», «Дом книги на Тверской», «Дом книги на Марксистской» және өзге де кітап дүкендерінің ірге көтеруіне жағдай жасады. Бәсеке күресте сұрыпталған мықтысы - «Библио-глобус» сауда үйінің сөрелерінде 100 000 ресейлік, 15 000 шетелдік кітап және өзге баспа өнімдері, 35 000 кеңсе тауары, 25 000 медиаөнім болады екен. «Библио-глобус» сауда үйіне күніне 10 000 тұтынушы бас сұғады. 1992 жылдан бері 100 000 000 дана өнім сатқан. www. biblio-glodus. ru сайты да бар.

Ал олардың ішінен айналымға шыға алмағанын, нарық тілімен айтқанда бәсекеге қабілетсіз болғандарын Мәскеу мэрі Лужков Арбаттағы «Мәскеу кітап үйіне» қарасты 38 дүкеннен тұратын тораптың құрамына қосып жіберді. Қазір ол торапта 1800 адам жұмыс істейді. Торап арқылы жыл сайын 25 млн. кітап сатылады. Жалпы Мәскеу қаласында ұсақты-кішілі 1800 кітап дүкені бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабылдаушының ақпаратты пайдалануы
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Студент тұлғасының белсенділігі
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
Банктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың кезеңдері
Қазақстанның туристік қызметіне инвестиция тарту және нарықты дамыту перспективалары бойынша ұсыныстар
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері
БРЕНДИНГ МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz