Глюк Кристов Виллибальд



Глюк (Gluck) Кристов Виллибальд (2.7.1714, Эрасбах, - 15.11.1787, Вена), австриялық композитор. Балалық және жастық шақтарын Чехияда өткізді. Ірі чехиялық органист және композитор Б. Черногорский оның ұстаздарының бірі болды. Глюк Кристов ән айту мен көптеген аспаптарда ойнаумен (орган, клавесин, скрипка, виолончель) шұғылданды. Венада өнерін өрге өрлетіп, шыңдады. Дж. Самартиниден дәріс алып, 1737 – 45 жж. Италияда өмір сүрді. 1741 жылы «Артаксеркс» операсымен опералық композитор ретінде дебюті болды (либреттосын П. Метастазио жазған.). Кристоф Виллибальд Глюктың осы және одан кейінгі итальяндық опералары үлкен сәттілікке бөленді. 1745 – 46 жылдары Кристоф Виллибальд Глюк Лондонда Георг Фридрих Гендельдың ораторияларымен, ал Парижде Жан Филипп Рамо операларымен танысты. 40 жж. соңында Кристоф Виллибальд Глюк итальяндық опералық труппаның капельмейстері ретінде көптеген европалық қалаларға барады (Гамбург, Копенгаген, Прага және т. б.). 1750 жылдан бастап Кристоф Виллибальд Глюк ұзақ уақытқа Венада тоқталады, соңара 1754 жылы сарай маңы капельмейстері қызметіне ие болады. 1758 жылдан бастап итальяндық опералармен қатар К. В. Глюк француздық комедиялық тексттеріне опералар жазатын (Ш. Фавар және т. б. мәтіндеріне): «Остров Мерлина», «Осажденная цитера», «Наказанный пьяница», «Одураченый кади», «Пилигримы в Мекку» және т. б. Кристоф Виллибальд Глюк 1761 жылы балетмейстер Анджолинимен қосылып, бірге сол уақыттағы шығармалармен салыстырғанда үлкен драматизммен ерекшеленетін «Дон Жуан» балетін шығарады.

Реформаторлық қызметтің басы

Кристоф Виллибальд Глюктың реформациялық қызметінің басы Венада тұрған поэт, драматург және либреттист Раниеро да Кальцабиджимен (1714 -

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Глюк Кристов Виллибальд

Глюк (Gluck) Кристов Виллибальд (2.7.1714, Эрасбах, - 15.11.1787, Вена),
австриялық композитор. Балалық және жастық шақтарын Чехияда өткізді. Ірі
чехиялық органист және композитор Б. Черногорский оның ұстаздарының бірі
болды. Глюк Кристов ән айту мен көптеген аспаптарда ойнаумен (орган,
клавесин, скрипка, виолончель) шұғылданды. Венада өнерін өрге өрлетіп,
шыңдады. Дж. Самартиниден дәріс алып, 1737 – 45 жж. Италияда өмір сүрді.
1741 жылы Артаксеркс операсымен опералық композитор ретінде дебюті болды
(либреттосын П. Метастазио жазған.). Кристоф Виллибальд Глюктың осы және
одан кейінгі итальяндық опералары үлкен сәттілікке бөленді. 1745 – 46
жылдары Кристоф Виллибальд Глюк Лондонда Георг Фридрих Гендельдың
ораторияларымен, ал Парижде Жан Филипп Рамо операларымен танысты. 40 жж.
соңында Кристоф Виллибальд Глюк итальяндық опералық труппаның
капельмейстері ретінде көптеген европалық қалаларға барады (Гамбург,
Копенгаген, Прага және т. б.). 1750 жылдан бастап Кристоф Виллибальд Глюк
ұзақ уақытқа Венада тоқталады, соңара 1754 жылы сарай маңы капельмейстері
қызметіне ие болады. 1758 жылдан бастап итальяндық опералармен қатар К. В.
Глюк француздық комедиялық тексттеріне опералар жазатын (Ш. Фавар және т.
б. мәтіндеріне): Остров Мерлина, Осажденная цитера, Наказанный
пьяница, Одураченый кади, Пилигримы в Мекку және т. б. Кристоф
Виллибальд Глюк 1761 жылы балетмейстер Анджолинимен қосылып, бірге сол
уақыттағы шығармалармен салыстырғанда үлкен драматизммен ерекшеленетін Дон
Жуан балетін шығарады.

Реформаторлық қызметтің басы

Кристоф Виллибальд Глюктың реформациялық қызметінің басы Венада тұрған
поэт, драматург және либреттист Раниеро да Кальцабиджимен (1714 - 1795)
қосылып жұмыс істегенімен белгіленеді. Метастазио мен Кальцабиджи XVIII
ғасырдағы либреттистикадағы екі қарама – қарсы бағттардың өкілдері.
Метастазионың сарай маңылық – аристократиялық эстетикасына қарсы шығып,
Кальцабижи қарапайымдылық пен шыншылдыққа, адамның құмарлықтарын
суреттеуге, қалыптық канондарға емес, драматикалық дамудың жүрісіне қараған
еркін формаларға талпынған. Кальцабиджи өзінің либреттоларына антикалық
тақырыптарды таңдағанда, бұл сюжеттерді XVIII ғасырдың алдыңғы қатарлы
классицизмге сипатты биік – этикалық рухта талқылады, бұл тақырыптарға биік
моральды пафос және үлкен азаматтық және талғамдық идеалдарды сіңдірді.
Алдыңғы қатарлық ұмтылыс Кальцабиджи мен Глюктің жақындасуына әкелген себеп
болып табылады.

Веналық кезеңнің реформациялық опералары

Опералық театр тарихында 1762 жылдың 5 қазаны көрнекті дата болып табылады:
бұл күні Кальцабиджи мәтініне жазылған Глюктің Орфей деген операсы
алғашқы рет қойылды. Бұл Глюктың опералық реыорматорлық қызметінің басы
болды. Орфейден кейін бес жылдан соң 1767 жылдың 16 желтоқсанның сол
қалада, Венада, Глюктың Альцеста операсының (Кальцабиджи мәтініне)
бірінші қойылымы өтті. Альцеста операсының партитурасында Глюк герцог
Тосканскийге арналған жолдау жазды, онда өзінің опералық реформасының
негізгі талаптарын атап өтті. Глюк Альцестада Орфейге қарағанда, өзінің
осы уақытта толығымен қалыптасқан музыкалық драматикалық принциптерін
айқынырақ, нақтылау көрсетіп, әске асыра білді. Венада қойылған Глюк
операсы да Кальцабиджи мәтініне жазылған Парис и Елена (1770). Бұл опера
драматургиялық бірлігі мен тұтастығы жағынан алдыңғы екеуіненен кем келген.

60 – шы жылдары Венада тұрып еңбек еткен глюк өзінің шығармашылығында осы
кезеңде қалыптаса бастаған, және Гайдн мен Моцарттың шығармашылығында
шыңдалған, вендік стильдің ерекшеліктерін алдын ала көрстет бастады.
Альцеста операсына жазылған увертюраны вендік мектептің бастапқы кезеңдік
дамуы үшін сипатты мысал деп атауға болады. Бірақ веналық музыканың
қасиеттері итальяндық және француздық музыканың ерекшеліктерімен терең
өріле келеді.

Париждегі реформалық қызметі

1773 жылда Глюктың Парижге көшуі оның шығармашылық жолының жаңа және соңғы
кезеңінің басталуына ықпал етті. Венада Глюктың опералары сәтті болғанмен
Италияда оның ревормалық идеялары толығымен бағаланбады; Глюк француздық
астанада, осынау сол уақыттағы алдыңғы қатарлы мәдениет цитаделінде, өзінің
шығармашылық ойларының толық түсінуін табуғаүміииенді. Еропаның опералық
өмірінің ірі орталығына, Парижге, Глюктың көшуіне Франция дофинінің жары,
австриялық императрицаның қызы, Глюктың бұрыңғы оқушысы, Мария-
Антуанеттаның қолдауы ықпал етті.

Глюктың Париждік опералары

1774 жылдың сәуірінде Парижде Корольдық музыка академиясында Глюктың
Расинның аттас трагедиясына жазылған Дю Рулленің француздық либреттосына
сүйенген жаңа операсы Ифигения в Авлиденың алғашқы қойылымы өтті. Бұл
жиырма жыл бұрын Дидро армандаған опера типі болып шықты. Ифигенияның
қойылымымен тудырылған энтузиазмның көлемі зор болды. Театрдағы публика
санының көп болғанын, оның залға сыймауы білдіре. Барлық журналдық және
газеттік пресса Глюктың жаңа операсынан алған әсері мен оның опералық
реформасының айналасындағы көзқарастар тартысына толы болды; Глюк жайлы
айтысып – тартысады, көп әңгімеленеді, әрине, оның Парижге келуін
энциклопедияшылар қолдады.
Глюктың өзі театрда аса белсенді қызметін сондағы билеген артқа
тартушылықты, керегі кеткен шарттылықтарды, терең тамыр жіберген
штамптарды жою үшін және операның қойылымындағы әрі орындалуындағы
драматикалық шындықты көздеп атқарды. Глюк актерлардың сахналық іс -
әрекеттеріне қатысып, хорды қимылдатып, өмірлік қасиеттер сіңдірді.
Глюктың реформаторлық қызметінің жалғасы және дамуы 1774 жылдың
тамызындағы Орфей операсының жаңа редакциялық қойылымы, ал 1776 жылы
сәуірдегі Альцестаның да жаңа редакциясының шығуымен белгіленеді. Ек
опера да француз тіліне аударылып француздық опералық театрға лайықтанып
қатты өзгертілді. Балеттік сахналар кеңейтілді және Орфей партиясы тенорға
арналып көшірілді, ал веналық нұсқада ол альт үшін жазылып, кастратқа
арналған еді. Сондықтан Орфей арияларын басқа тональносттерге
транспозициялауға тура келді. Глюк операларының қойылымдары Париж театрлық
өмірінің үлкен толқынысына әкелді. Глюкты қолдағандар арасында
энциклопедисттер мен алдыңғы қатарлы қоғамдық өкілдер болды, ал оған қарсы
консервативті бағыттық жасушылар (мысалы, Лагарп пен Мармонтель) шықты.
Әсіресе айтыс – тартыстар 1776 жылы Парижге итальяндық буффа операсының
дамуына елеулі ықпал еткен итальяндық опералық композитор Никколо Пиччини
келгеннен кейін өршелене түсті. Сериа операсы саласында Пиччини дәстүрлі
принциптерді ұстанып ескі позицияларды тұрған еді. Сондықтан Глюк
қарсыластары Пиччинимен салыстырып олардың арасындағы бәсеке отына май
құюды көздеді. Бұл Глюктың Парижден кетүінен ғана аяқталған полемика
глюкисттер мен пиччинисттер соғысы атауына ие болды. Композиторлар
айналасына шоғырланған партиялардың күресі сазгерлердің қарым –
қатыныстарына зардап келтіре алған жоқ. Глюк дүние салғаннан кейін Пиччини
бұл ғұламаға ризалығын айтты, шынында да ол Дидона операсында Глюктың
опералық принциптерін қолданды.

Глюкты соңғы опералары
Глюктың Парижде қойылған реформалық операларының соңғылары Армида
(1777) және Ифигения в Тавриде (1779). Армида (Глюктың басқа
операларынан ерекшеленіп) антикалық сюжетке емес ортағасырлық тақырыпқа
жазылған XVI ғасырдың ақыны Торквато Тассоның Освобежденный Иерусалим
поэмасына сүйенді. Ифигения в Тавриде өзінің сюжеті жағынан Ифигения в
Авлиденің жалғасы болып табылғанмен олардың арасында музыкалық туыстық
мүлдем жоқ.
Ифигения в Тавридеденкейін бірнеше ай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеті және музыкасы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
Людвиг ван Бетховен. Өмірбаян
Қазақ Ұлттық Опера және балет театры
Музыка өнері
Діни музыка
Сумоншақпен кестелеу
Көне Грек әдебиетінің архаикалық дәуірі
Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет
Пәндер