Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі мемлекеттік егемендік мәселесі



Жоспар:

Кіріспе
I Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың қалыптасуының алғышарттары
1.1 Интеграция мәселесіндегі теориялық.әдістемелік ерекшелік
1.2 Аймақтық ынтымақтастық үрдістер: ішкі, сыртқы факторлар
1.3 Орталық Азияның институционализациясы

II Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі мемлекеттік егемендік мәселесі
2.1 Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісім Ұйымы
2.2 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
2.3 Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі

Жоспар:

Кіріспе
I Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың қалыптасуының алғышарттары
1.1 Интеграция мәселесіндегі теориялық-әдістемелік ерекшелік
1.2 Аймақтық ынтымақтастық үрдістер: ішкі, сыртқы факторлар
1.3 Орталық Азияның институционализациясы

II Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі
мемлекеттік егемендік мәселесі
2.1 Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісім Ұйымы
2.2 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
2.3 Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі

Кіріспе

XIX ғсырдың 90 жылдарынан бастап, Орталық Азияның мемлекеттері
Еуропадағы интеграциялық үрдістің жетістіктерін көріп, аймақтағы жағдайды
жақсарту мақсатымен интеграциялық үрдісті дамытуға бет алды.
Биполярлы жүйенің ыдырауынан кейін, Орталық Азия аймағында жаңа
жағдайдың пайда болуына байланысты, Евразияның ең маңызды аймаққа айналу
процессі жүріп жатыр.Аймақтың маңыздылығын анықтап тұрған басты факторлар,
транспорт комплексінің потенциалы, аймақтың экономикалық кеңістікке
интеграциялануы процессі болып табылады.Жұмыстың өзекті мәселелері, бұл
басты әлемдік күштердің геосаяси, геостратегиялық қызығушылықтарының өзара
байланыстылығы, сонымен қатар қауіпсіздік, аймақтағы интеграция мәселесіне
сыртқы күштердің (Қытай,АҚШ,Ресей) араласуы және Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты сияқты факторлардың сабақтасуы болып табылады, сонымен бірге
аймақтағы
геосаяси күштердің бәсекелестігі, орталық азиялық мемлекеттердің геосаяси
және сыртқы саяси бағыттарымен сипатталады, Орталық Азиядағы басты геосаяси
күштерді атайтын болсақ, бұл Ресей, АҚШ, ҚХР, ЕО мемлекеттері.
Жұмысты жазудағы көздеген мақсат- Орталық Азиядағы интеграциялық
процесстерді жүйелі түрде сараптау және мемлекеттік егемендік мәселесін
анықтау.
Көздеген мақсатты іс жүзіне асыру үшін бірнеше маңызды міндеттерді алдыма
қойдым:
1.Жаһандану процессі арқылы аймақтық интеграцияның теориялық-әдістемелік
негіздерін қарастыру;
2.ҚР-ның сыртқы саясаты негізінде Орталық Азиядағы аймақтық
ынтымақтастықтың дамуына әсері тиетін ішкі, сыртқы факторларды айқындау;
3.Аймақтағы интеграциялық үрдістердің институционализациясын қарастыру;
4.Орталық Азия аймағында интеграция мәселесіндегі қауіпсіздік механизмдерін
зерттеу.
Алдыма қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін аймақтағы геосаяси жағдайды
зерттеуге толық тоқталдым.
Орталық Азия, қазіргі таңда, маңызды рөлі бар аймаққа айналып жатыр.Бұрын
егер обьект ретінде қарастырылса, енді белсенді субъект ретінде шығып
жүр.Қазақстан Республикасы аймақтағы интеграцияның жаһандану жағдайында
басты итермелейтін күш ретінде қарастырылады.ҚР аймақта көшбасшы рөліне
ие.Евразиялық Экономикалық Қауымдастық, Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім
Ұйымы және Шанхай ынтымақтастық Ұйымдарының рөлі ерекше.
Қазақстанның аймақтағы дамушы ел ретінде күшеюі оның Ресей және Қытай
сияқты күшті мемлекеттермен тығыз байланыста болуына итермелейді.Сонымен
қатар ТМД, ЕО және т.б. ұлы күштердің аймаққа деген геосаяси әсері өсуде.ҚР
геосаяси және аймақтағы ішкі саяси факторлардың қызметін қолдайды.
Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі күрделі болып табылады.Өйткені
аймақта қауіпсіздікті тек бір держава қамтамасыз ете алмайды, бұл жерде
күштер және қызығушылықтардың тепе-теңдігі ерекше рөл ойнайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа интеграциялық комплекстер пайда
бола бастады, бұлар батыс еуропалық, азия-тынық мұхиттық, орталық азиялық
және т.б. КСРО ыдырап, СЭВ жойылғаннан кейін, шығыс еуропалық интеграциялық
топтар өз қызметтерін тоқтатты.Сонда ЕО-ның
Шығысқа кеңею процессі басталды.Бұл процесстің институционалды
формалары: Еуропа Кеңесі, Батыс Еуропа Одағы, Көмір және Болат
Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Одақ және 1992 жылы Маастрихт келісімімен
жасалған Еуропалық Одақ.[1]
Қазіргі таңда интеграцияның саяси теориясы бірнеше негізгі параметрлерді
бөліп қарастырады.Олар: өз ерігімен қызмет ету, конвергенция, гармонияға
келу және т.б.Осыған орай, ЕО-тың аймақтық интеграция тәжірибесін пайдалана
отырып, экономикалық интеграцияның мынадай заңдылықтарын бөліп
қарастырамыз:
1.Эволюциялық жол;
2.Интеграциялық міндеттердің кезең-кезеңімен жүзеге асуы;
3.Экономикалық ортаның бір типтілігін құру;
4.Серіктіктің теңдігі.
Аймақтағы интеграцияда басты туындайтын мәселе- интеграция этапын,
әсіресе, бастапқы этапын анықтаудағы пайда болатын
қиыншылықтар.Н.Исингириннің айтуынша, Орталық Азиядағы
аймақтық экономикалық одақтардың дамуы екі бағытта жүзеге асуы мүмкін:
1) Үшінші елдерге жабық зона ретінде болу; ішкі аймақтық мәселелерді
оқшаулану арқылы шешу, нарыққа ешқандай сыртқы мемлекетті кіргізбеу;
2) Ашық түрде ынтымақтастық зонасына көшу арқылы ішкі өзара іс-
әрекеттерді жасау арқылы бейбіт шаруашылық жүйесіне ену.
Дамудың екінші жолы- қазіргі кездегі ең дұрысы және әсері бар жол: ЕО-
күрделі ұйымдасқан ұйым болып табылады, экономикалық құрылымы күшті.[2]Оған
мүше-елдер ВТО-ға ғана мүше емес, сонымен бірге басқа да халықаралық
ұйымдарда мүшелікке ие бола отырып, онда өз талаптарын қою құқықтары
бар.Көптеген елдер ЕО-қа мүше болуға ұмтылады.Бұл ұйымның қаншалықты күшті
екенін көрсетеді.Сол сияқты Орталық Азиядағы интеграциялық процессті дамыту
үшін бар ұйымдардың қызметінің сапасын көтеру керек.Олардың халықаралық
сахнадағы рөлі жоғары деңгейге жету керек.Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін
мемлекеттердің ынтымақтастығы күшті бола отырып, жүргізетін сыртқы
саясаттары ашық болу қажет.
Диплом жұмысының тақырыбын зерттеу барысында ресейлік, қазақстандық,
шетел ғылыми әдебиеттердің көмегі көп тиді.Аймақтық интеграция мәселелері
бойынша маңызды мәліметтер Қазақстанның мемлекеттік және саяси тұлғаларының
ғылыми еңбектерінде көп жазылған: ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев, Сол
кездегСыртқы Істер Министрі К.Тоқаев және т.б. Сонымен қатар қазақ
саясаткерлердің еңбектері аз емес:
Н.Исингирин, С.Пірімбетов, С.Әшімбаев, Г.Курганбаева, С.Смирнов т.б.
Орталық Азияға тікелей арналған еңбектерді атайтын болсақ, бұл М.Т.
Лаумулиннің Казахстан в современных международных отношениях:
безопасность, геополитика, политология (2000), С.Кушкумбаевтың
Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность,
безопасность (2002), Қазақ стратегиялық зерттемелер институтының (КИСИ)
қызметкерлерінің бірігіп жазған еңбегі Северенный Казахстан на рубеже
тысячелетий(2001)
Ж.О.Ибрашевтың Европейский Союз во внешней политике Казахстана т.б.
бөлуге болады.
Сонымен бірге Орталық Азияға әсері тиіп жатқан ұлы күштердің ұстанымдары,
аймақтағы жүргізіп жатқан саясаттарына арнайы зерттемелер
жүргізгентұлғаларға тоқталсақ: ҚР-ның Сыртқы Істер Министрі К.Тоқаевтың БҰҰ
Бас Ассамблеясының 54 сессиясындағы сөйлеген сөзі (Нью-Йорк, 23-27
қыркүйек, 1999жыл).
Олкотт М., Коэн А., Фуллер Г.,Стар Ф., Бжезинский З., Бланк С., сияқты
шетел авторларының еңбектері Орталық Азиядағы АҚШ геостратегиясына, қазақ-
орыс қатынастарына, Қытай факторы және ЕО-тың аймақтағы басты акторлар
ретінде саясаттарына арнайы жазылған.Сондай-ақ бұл авторлар Каспий
теңізінің мұнайының үлкен рөліне көп тоқталды. Ең басты қозғалған
тақырыптарды атасақ, бұл батыс елдердің энергетикалық қауіпсіздік мәселесі,
Ресей, АҚШ, Қытай сияқты ұлы күштердің саясаты және т.б. болып табылады.
Е.П. Баглановтың Актуальные темы международных отношений, Новые
Независимые Государства Центральной Азии, А.Задохин Политические процессы
на Востоке Евразии, К.Н.Кулматовтың Приоритеты внешней политики России и
современные международные отношения, Вл.Ф.Ли Теория международного
прогнозирования, Г.А.Рудовтың Я, сердцем русский, духом евразиец т.б.
еңбектерінің көптеген керекті мәліметтерді жазуда көмектері тиді.
Деректер базасы 5 басты топқа бөлінеді:
1.Орталық Азия мемлекеттері және ұлы державалардың дипломатиялық
құжаттары.Жұмыс жазу кезінде Қазақстан-Ресей, Қазақстан-ҚХР, Қазақстан-АҚШ,
Қазақстан-Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты келісімдерді
қолдандым.Бұл топ арқылы 1991-2004 жылдар арасында аймақтағы халықаралық
қатынастарды сараптауды жүзеге асырдым.Сонымен қатар, Қазақстан-Ресей,
Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Орталық Азия мемлекеттері келісімдері, біріккен
хабарламалар, декларациялар қолданылды.
2.ТМД заңшығарушы актілері, сыртқы және ішкі саясаттың бағдарламалық
құжаттары болып табылады.
3.Мемлекеттік және саяси тұлғалардың еңбектері, сөйлеген сөздері жатады.Бұл
топ арқылы екіжақты және көпжақты қатынастардың басты бағыттарын анықтауға
мүмкін болды.Олардың ішінен ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың,
И.А.Каримовтың, А.Ақаевтың аттарын бөліп айту жөн.
4.Статистикалық материалдар.Бұлар арқылы Орталық Азия мемлекеттерінің
интеграциялық потенциалын бағалауға мүмкіншілік туды, сонымен бірге әлемдік
қауымдастықтағы аймақтың рөлі, оны басқа топтармен салыстыру жүзеге асты.
5.Газет-журналдардағы басылған мақалалар, ақпараттық агенттіліктердің
хабарламалары жатады. Континент, Дипломатиялық хабаршы, Известия,
Қоғам және дәуір,
Аналитик, Казахстанская правда, Казахстан и мировое сообщество және
т.б.газеттердің мақалалары өте маңызды болды.
Диплом жұмысының методологиялық негізіне тоқталайық:Орталық Азия
аймағының қалыптасуы мен дамуын, интеграциялық процесті ғылыми және
объективті негізде зерттеу мақсатында жүйелілік, талдаудың тарихи-
анықтамалық әдісі, функционалдық-құрылымдық талдау әдістері
пайдаланылды.Бұл зерттеу әдістерінің көмегімен аймақтағы интеграциялық
процесстің басталу тарихын, қалыптасу жолдарын, пайда болған ұйымдардың
қызметтерін сараптау оңайға түсті.
Ал жұмыстағы қолданылған зерттеу тәсілдерін айтатын болсақ, бұл-
саралау, талдау, әдісі, салыстырмалық, жүйелілік және структуралық
әдістерді қолдандым.Аталған зерттеу тәсілдері арқылы аймаққа деген сыртқы
күштердің ұстанымдарын анықтап, халықаралық ұйымдардың аймақтық ұйымдармен
қызметтерін салыстыру оларды бағалау жүзеге асты.
Жоғарыда айтылған қайнар көздердің көмегімен, Орталық Азиядағы
интеграциялық үрдістерді зерттеу, сонымен қатар мақсаттар мен міндеттер іс
жүзіне асырылды.
Диплом Жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Интеграция мәселесіндегі теориялық-әдістемелік ерекшелік

Интеграция термині алғаш рет неміс және швед ғалымдарымен XX ғасырдың 30
жылдарында қолданылған болатын.Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды
білдіретін integratio деген латын сөзінен шыққан.[3]
Әлеуметтік тұрмыста қолданылатын интеграция түсінігі өте тар, ол мәдени,
экономикалық, саяси және басқа салаларда болып тұратын құбылыстар мен
процесстерді қамтиды.Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникалық,
мемлекетаралық деп бөледі.Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық,
технологиялық және т.б. интеграциялар болады,яғни қазіргі социум қызметінің
барлық жақтарын қамтиды.Интеграциялық процестерді зерттеудің саяси
аспектілері, көбінесе, әрбір елдерде өтіп жатқан ішкі және сыртқы
процестермен байланысты.Бізге қажетті проблематика, мемлекетаралақ
интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне
кіреді.Еларалық интеграциялық мәселелерді зерттеушілер, саяси
проблематикаға қатысты мәселелердің ерекше жақтарын ашу үшін, саяси
интеграция түсінігін жеке қарастыра бастады.
Көптеген зерттеушілер, саяси интеграция ұғымына толықтай анықтама
берген американ саясаттанушысы Э.Хаас деп, есептейді.Ол бұл терминді ұлттық
жүйелердегі саяси өмірдің қатысушылары,өздерінің қызметінің бір бөлігінен
бас тартып,белгілі құзыреттілікке ие жаңа орталыққа бағытталады немесе
мемлекеттерге көшетін процесс деген.Барановский В.Г. көрсеткендей: шын
мәнінде, әрбір зерттеушілердің саяси интеграция ұғымын қамтитын мәселелерді
түсінбегендіктен, әр түрлі ұғымдар қалыптасқандеген.Әйтсе де,
Барановскийдің түсінігі мынадай болды: бөлек, ерекше бөлшектердің
біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай.[4]
Қазіргі кезде бұл анықтама, шын мәнісінде, көп қолдауға ие.Мысалы,
құрылымдық функционализм негізін салушы Т.Парсонстың ұсынған интеграция
түсінігі 2 бөлшектен тұрады.Біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі
сиымдылығы, екіншіден, интеграциялық жүйенің сыртқы қоршаған ортадан
бөлініп шығу кезіндегі ерекше талаптарды сақтау мен қолдау.Сондай-ақ
американ саясаттанушысы М.Капланның берген түсініктемесі, қысқа, нақты
емес:
интеграция дегеніміз- екі немесе бірнеше бөлшектердің біртұтастыққа
бірігуі немесе бір жүйенің екінші жүйені жұтып

алуы. осыған байланысты Барановский Г. интеграцияның 3 белгісін бөлді:
1.Кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән
біржақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан тұратын байланыстар мен
қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады; 2.интеграциялық процестерде жүзеге
асатын басқару, яғни ынтымақтастық, қимылдар, реттелушілік,осының барлығы
ағымдардың, оқиғалардың стихиялы дамуынан ерекшеленеді; 3.Интеграциялық
комплекстегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы. Негізінде,
егерде мәселелерде өзара байланыс немесе өзара келісімнің маңызды немесе
қысқа мерзімді белгісі болмаса, онда интеграция да функционалды болмай
қалады.Интеграцияны жүзеге асыру мүмкін,егерде жаңа уақыт талаптарына сай
құрылымдық элементтерде жүйеленген және бір-бірін толықтырып отыратын
стратегияны іске асыратын қажеттілік туса ғана.Бұл баспалдаққа өту
мүмкіндігі бірқалыпты даму үшін тығыз, реттелмелі, басқарылатын және
бағытталатын мемлекеттер арасындағы байланыс қажеттілігі пайда болуымен
ғана, яғни интеграциялық топтар құрумен байланысты.
Өтіп жатқан процестерді талдау және теориялық қорытудағы алғашқы
қажеттілік, батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты,
интеграциялық аймақтарда пайда болатын. Құрастырылған
концепциялар, көбінесе, жоғары дамыған индустриялы қоғамға арналуы заңдылық
деп есептеуге тура келеді.Себебі, ол кезде әлемдік тәжірибеде басқа
оқиғалар болмады, өйткені үшінші әлем елдерінің бытыраңқылығынан
интеграциялық ағымдардың тууы мүмкін емес еді.
Аймақтық интеграция барыстарына алғашқы теориялық қорытынды беру
талпыныстарын неолибералдық бағыт арнасында жұмыс істеген ғалымдар
1950жылдары жасаған болатын (А.Предоль,В.Репке).[5]Экономиканы ең тиімді
реттеуші нарық концепцияларынан шыға отырып, олар, интеграция деп, бірнеше
елдерді қамтитын ортақ геоэкономикалық кеңістікті құруды айтты.Осы
мақсаттарға жету үшін сыртқы сауда мен валюта-қаржы салаларындағы
мемлекеттің бақылауын толықтай алып тастау қажет болды.Бұл, көбінесе, батыс
юриспруденциясы мен саяси ғылымдағы мемлекет қызметіне еркін көзқарастармен
сәйкес келіп отырды.

Бұл бағыттың өкілдеріне интеграция мәселелері сыртқы экономикалық
қызметтерді либерализациялау негізінде одақтасушы елдердің нарықтарын
біріктіруімен байланысты болды.Яғни,
интеграциялық талпыныстардың тиімділігі, бұл арада, өздерінің
экономикасын біріктіруге талпынып отырған мемлекеттердің саяси еріктеріне
тіреліп отыр.Бұл тәсілде 20 ғасырдың аяғында әйгілі болған
халықаралық қатынастардағы регионализм концепциясының көздерін
біршама байқауға болады.Бірақ одан әрі олар, біріншіден, ұлттық
протекционизм ағымымен, екіншіден, даму көзқарасы жағынан әлемдік масштабта
толық тиімсіз интеграциямен кездесуге тура келеді.
Әлемдік даму ағымдарының ұлттық мүдделерін қорғауда кейбір қарқында
дамушы елдердің тиімді амалды іздестіруге әкелуі әділ еді.Неолибералдардың
көзқарасы бойынша, аймақ ішіндегі ортақ кедендік жүйенің жұмыс істеуіне
жағдайларды жасау және осыған байланысты үшінші елдерге бірыңғай шараларды
дайындау басты элемент болуы мүмкін еді.
1960 жылы интеграция түрлеріне баға беру қайта қарастырыла бастады.Осыған
байланысты американ ғалымы Б.Белаши интеграцияның екі түсінігін енгізді:
біріншіден, процесс, екіншіден, жағдай ретінде.Осы экономикалық салаға
қолданбалы интеграцияның кезеңдерін топтау ақырында біршама жақсы тарап
кетті.Б.Белаши, ең алдымен, бірлестік пен интеграцияны ажыратып алуды
ұсынды.Біздің ойымызша, ол интеграция түсінігін анықтауда маңызды ескерту
жасаған сияқты.Егер бірлестік процесі әр түрлі дискриминация түрін азайтуға
бағытталған қимылдарды жүргізуді білдірсе, интеграция процесі дискриминация
процесін жоюды білдірді.Содан Б.Белаши интеграцияның 5 түрін бөліп
көрсетті:[6]
1.Еркін сауда аймағы- мүше елдер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер
алынған;
2.Кедендік одақ- жоғарғылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем
енгізген;
3.Ортақ нарық- саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың
жылжуына шек қоюлар алынып тасталынады;
4.Экономикалық одақ- тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі
дискриминацияны жою үшін жасалатын ұлттық саясат белгілі түрде
сәйкестендірумен толықтырылады;
5.Толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай
жүйеленеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелері құрылады, басқаша
айтқанда, саяси одақ.
Сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік сияқты ұлттық егемендіктің басты
салалары, ұлттық шеңберден шыққан мекемелердің қарауына беріледі.Бұл тәсіл,
саяси интеграцияны талдауға қолданылмаста еді, егер ол елеулі бөлшекпен
толықтырылмағанда.Белашидің айтуынша, саяси-құқықтық механизмдердің рөлі
басқа халықаралық экономикалық бірлестіктерден интеграцияны бөліп
тұрады.Белаши неолибералдық пен дирижистік көзқарастың арасында
бейтараптық позицияны ұстанғандықтан, бұл жорамалды одан әрі дамыта алмады.
Қазіргі әлемдегі интеграциялық процестерді зерттеуге қызығушылық,
соғыстан кейінгі жылдары байқала бастады.Зерттеушілер интеграция құбылысына
деген мұндай қызығушылықты, ең алдымен, аймақтық интеграцияның шиеленіскен
халақаралық мәселелерді шешуде бейбіт шаралармен дұрыс ықпал ету
мүмкіндігімен түсіндіреді.
Аймақтық интеграцияны зерттеудің теориялық жағына сүйене отырып, мамандар
көп интеграция концепцияларының ішінен 3 ірі бағытты анықтап
отыр.Біріншісі, батыс еуропалық мемлекеттердің тарихи, экономикалық, саяси
мүдделерінің ортақтық идеясына сүйеніп отыр.Осыны алдыға тарта отырып, бұл
ағымның жақтаушылары институцияланған бірлестікті құрудың қажеттілігін
айтады.20 ғасырдың 50 жылдары американ және еуропалық біраз саясаттанушылар
әр түрлі мемлекеттердің федерацияға бірігу идеясына негізделген концепцияны
ұсынды.Саяси ғылымда бұл ағым федерализм деген атқа ие болды, өйткені оның
жақтаушылары, биліктің федералистік жүйесі бірлестікке кірген ұлттық
мемлекеттердің тұрақты, әрі қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге, екіншіден,
федерация субъектілерінің саяси, әкімшілік мекемелері мен ұлттық шеңберден
шыққан мекемелердің құзыреттіліктерін нақты заңдастыру мен шектеу
жағдайында ғана әр елдің өзгеше ерекшеліктерін сақтау мүмкін деп ойлайды.Ал
Этционидің айтуы бойынша, мемлекетаралық интеграцияның басты мақсаты,
саяси қоғамдастықты қуу болып саналады.[7]Саяси қоғамдастық ретінде ол
тіркестірілген саяси биліктің 3 қосымшасын немесе интеграцияның 3 түрін
айтады:
1.Зорлық жасау шараларына тиімді бақылау орнату;
2.Шешім қабылданатын беделді орталықтың болуы;
3.Бірлестікке кірген азаматтар арасында ортақ анықтамалық бағыттың пайда
болуы.
Федерализм идеясы XX ғасырдың екінші жартысында англо-саксондық саяси
ойдың ішінде бірқатар бағытталған доктриналардың пайда болуына әсер
тиді.Мысалы, белгілі сенатор У.Фулбрайт, оған қоса, Г.Киссинджер атлантизм
теориясының арнасында АҚШ пен Батыс Еуропа елдерін қамтитын мемлекеттердің
Атлантикалық Одағын құруды ұсынған болатын.Ағылшын саясаттанушысы Х.Аллен
Канада, Австралия және Жаңа Зеландияны бірге қосып, одан ауқымды
конфедерация құруды ұсынған еді.
Федералистік интеграция идеясының кейбір көрсеткіштері, тәжірибе
жүзінде, ең жақсы дамыған интеграциялық құрылым – Еуропалық Одақта
байқалатын сияқты.Әйтсе де, ұлттық егемендік құқықтар мен ортақ
интеграциялық құрылымдарды қайта бөлу кедергісіз болмайтындығын қазіргі
тәжірибе көрсетіп отыр.
Сонымен, интеграция идеясының негізгі теориялық тәсілдерін қарастырып
өттік.

2. Аймақтық ынтымақтастық үрдістер

XX ғасырдың екінші жартысында интеграциялық топтар жер шарының әр түрлі
бөліктерінде пайда бола бастады.Назар аударатын жәйт, бұл интеграциялық
бірлестіктер индустриялы шаруашылықтардың жоғары және орта даму
аймақтарында қарқынды жүрді.Мысалы, Солтүстік американ Еркін Сауда
Ассоциациясы (НАФТА), Азия-Тынық мұхит Кооперациясы (АТЭК), Оңтүстік-Шығыс
Азия елдері Ассоциациясы (АСЕАН), Ортақ американдық жалпы Рынок
(ЦАОР).Сонымен қатар әлемнің артта қалған аймақтарында да бірлестіктер
қалыптасуда: Батыс африкандық Экономикалық Қауымдастық (ЭКОВАС), Оңтүстік
африкандық Даму және координациялық конференциясы (ЮАКРК) және т.б.(32)
Орталық Азия аймағы да интеграциялық процестерді жүзеге асыруда.Ю.Борко
атап өткендей, интеграцияның мынадай басты бөлімдерін сақтау жөн:
1.Аймақтық интеграция қаншалықты қажет болса да, асығысты
жақтырмайды.Алдыға қойған міндкттер мен іс-әрекеттің ретінің қандай
жағдайда болып, оны бұзуға ұмтылушылық, интеграция идеясының сәтсіздігіне
әкеледі.Сондықтан бұл істегі табыс, нақты тәжірибелік іс-әрекеттің
жоспарының қаншалықты дәйекті жасалғанына байланысты болады;
2.Интеграцияның негізгі тұрақты міндеті, процесске қатысушы мемлекеттердің
мүдделерінің үндестігі болып табылады;
3.Еуропалық Одақтың өмір сүруі және дамуы ондаған жылдар бойы қалыптасып,
жетілдірілген институттардың нормаларының, әдістер мен процедуралардың
толық жүйесімен қамтамасыз етіледі;
4.Біртұтас Еуропаны қалыптастыруда қоғамдақ қолдау механизмінің рөлін
ерекше атап өту жөн.[8]
Қоғамның еуропалық құрылысқа қатысуы бір жағынан дәстүрлі демократиялық
институттар-партиялар, кәсіподақтар, әр түрлі ассоциациялар, ұлттық
парламенттер баспасөз арқылы жүзеге асса, екінші жағынан, ЕО аумағында
арнайы құрылған институттар арқылы қамтамасыз етеді.
Жоғарыда айтылған әлемдік тәжірибеде аймақтық интеграцияның табысты
өтуіне көптеген мысалдар келтіруге болады.Әр түрлі елдердің интеграциялану
процесінің жинақталған тәжірибесі қазіргі таңда Орталық Азия елдері үшін
теориялық және практикалық сабақ болып, көптеген қателіктерді болдырмауға
себеп болары сөзсіз.
Орталық Азия аймағындағы интеграциялық үрдістер, олардың
мемлекеттік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму

деңгейінің ерекшелігін ескере отырып, бұл жағдайда ерекше ынта
тудырады.Сонымен қатар Орталық Азия аймағының интеграциялық процессі
ыдыраған Кеңес Одағының аяқталмаған дезинтеграциялық процесімен тығыз
байланысты.Көп ретте объективті жағдайдың қысымшылығына қарамастан, әлі
күнге дейін посткеңестік кеңістікте не нәрсе үстем екенін анықтау қиын,
советтік мұраның инерциясы ма, әлде тәуелсіздіктің экономикалық және саяси
базасының күшеюіне байланысты интеграциялық тенденция ма?[9]Бұл күрделі
сұрақ болып табылады.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991-1993 жылдар аралығында Орталық Азия
елдерінің институттары құрылғанына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық
байланыстардың бұзылуы, посткеңестік республикалардың ұлттық тәуелсіздік
базасын күшейте бастауына итермеледі.Шаруашылық байланыстардың үзілуінің
қаншалықты қауіпті екенін біле отырып, жаңа пайда болған мемлекеттерге
ұлттық өзімшілдік тән болды.Орталық Азия шеңберінде жасалған келісімдердің
көпшілігі іске аспады және осы институт көпшілік мамандардың пікірінше, сөз
жүзінде қалды және өзгертпелі геосаяси суретті артқа тартумен болды.
Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық мәселесі, қазіргі таңда ең
күрделі мәселелердің бірі болып табылады.Өзара іс-қимыл, амал-тәсілдер
ойластыру арқылы ұлттық экономикалардың әсерлігі күшею мүмкіндігі болушы
еді және бұл саяси сұхбат үшін жағымды жағдай болып табылады.Сондықтан
мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық, транспорт-коммуникациялық, су және
энергетикалық салаларда мемлекетаралық қатынастардың тереңдеуі ең дұрыс жол
ретінде қарастырылады.Бірақ бұл жол аймақтағы орналасқан әр мемлекеттің
қызығушылығына сәйкес емес.Соңғы кездері аймақтың бірігуінің дамуы Орталық
Азия мен шетелдердегі өтетін ғылыми-аналитикалық отырыстарда кең түрде
талқыланады.Бірақ орталық азиялық ғалымдар мен эксперттердің өздерінің
ұлттық-саяси құндылықтарды іздестіру процессі жалпыға бірдей тарихи-мәдени,
саяси-экономикалық елдердің даму аспектілеріне деген көңіл бөлуді азайтып
жіберді.
Орталық Азиядағы 90 жылдардағы өткен жәйттерге қарағанда, аймақтың
елдері мемлекетаралық өзара іс-қимыл жасау, теориялық тұрғыда ғана емес,
сонымен бірге тәжірибе жүзінде талпыныстар болғаны көрініп тұр.
Оған мысал ретінде, 1990 жылы маусымда қазақ жағының

белсенділігімен, Алматы қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түрікменстан,
Тәжікстан республикаларының басшыларының кездесуі өткен еді.Сол кезде
экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық
жөнінде келісімге қол қойылды.1991 жылы қаңтарда Ташкентте аталған
мемлекеттердің басшыларымен аймақтық рыноктың тауарларының талаптарын
жүзеге асырудағы бар өндірістік құрал-жабдықтардың экономикаларының
жергілікті құрылымдық перестройкасының бірнеше шешімдері қабылданды.
Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздік алуынан кейін, нарықтық
экономиканы құрудағы мемлекетаралық ынтымақтастық пен аймақтық интеграция
үшін жаңа стратегиялық жолдардың анықталуы қажет болды.Мемлекеттердің,
Түрікменстаннан басқа, 90 жылдардағы талпыныстарының нәтижесінде,
халықаралық тәжірибемен салыстырғанда, динамикалы түрде құқықтық және
институционалдық, аймақтық интеграцияның механизмдері пайда болды.Мысалдар
келтіретін болсақ:
1994 жыл, 30 сәуір.Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан арасында жалпыға бірдей
Экономикалық Кеңістік құру туралы келісімге қол қойылды.Бұл келісім арқылы
тауар, қызмет, капиталдар, жұмыс күшінің бос түрде жылжуы және бюджеттік,
салықтық, бағалы, кедендік және валюта саясаты қамтамасыз етілді.
1996 жыл, 5 сәуір.Жоғарыда аталған мемлекеттер арасында Орта Азиядағы отын-
энергетикалық ресурстары, құрылыс және газ құбырларының қолданылуы
жөніндегі келісімге қол қойылды.
1998 жыл, 17 наурыз.Аталған елдер арасында Сырдария өзені бассейнінің су-
энергетикалық ресурстарын қолдану жөнінде ұзақ мерзімді келісімге қол
қойылды, одан кейін 1998 жылы 26 наурызда ЕЭК-тің тең құқылы мүшесі
статусын алған Тәжікстан да қосылды.
1998 жылдың 17 шілдесінде осы 4-тік Орталық Азия Экономикалық
Қауымдастығын құру (ЦАЭС) жөніндегі шешімді шығарды.Келешекте бұл идеяны
жүзеге асыру үшін, қауымдастықтың мынадай институционалды құрылымдары
құрылды:
1.Мемлекетаралық Кеңес;
2.Премьер-министрлер Кеңесі;
3.Сыртқы Істер Министрлер Кеңесі;
4.Қорғаныс Министрлері;
5.Жұмыс органы-Атқарушы Комитет;[10]
Оған қоса, Орталық Азия (Центразбанк) құрылды.
Сонымен бірге, қазіргі таңда Орталық Азия мемлекеттерінің
халықаралық ұйымдармен байланыстары кеңеюде.Саяси және экономикалық
процесстердің тереңдетілген анализіне көмек ретінде Орталық Азия елдерінің
халықаралық ұйымдармен (ПРООН, ЕЭҚ, ЕО, ЮСАИД) ынтымақтастығы болды.Осы
ұйымдармен бірігіп, конференциялар,семинарлар, кездесулер, әр түрлі
біріккен еңбектер басылуда.Сонымен қатар орталық азиялық елдердің
интеграциялық ынтымақтастығы мәселелеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы Орталық
Азия экономикасы үшін арнайы Бағдарлама жасады.Жалпы айтқанда, аймақтағы
интеграциялық үрдістердің даму темпі төмен деуге болады.Шешілмеген
мәселелерге тоқталатын болсақ, қабылданған шешімдердің жүзеге асу
механизмінің болмауы: ЦАС-та, ТМД-дегі сияқты, мемлекеттердің ұстамдарының
әркелкілігі байқалады.Сонымен қатар қабылданған шешімдердің жүзеге асуының
деңгейі төмен, құжаттар жалпыланған мазмұнға ие.
Қазіргі таңда, Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық ресурстарын
ұтымды пайдалану мәселесі маңызды болып отыр.[11]Мемлекеттердің транзит
потенциалын дұрыс пайдаланбауы, Қазақстанның темір жол саясатының
икемділігінің жоқтығы (тарифтік жағдайлар мәселесі) сияқты факторлар
Орталық Азия елдерінің сауда-экономикалық қатынастарының кеңеюіне әсер
етпейді.Сондай-ақ көптеген шешілмеген мәселелердің болуы, уәделескен
шешімдердің болмауы интеграциялық үрдістің дамуына бөгет болып отыр.Мысал
ретінде айтсақ, әлі де болса, халықаралық транспорт консорциумын құру
жобасы жүзеге аспады, бұл жобаның іске асуы орталық азиялық елдердің
транспорт саясатының құрылуына, олардың транзиттік потенциалының дұрыс
дамуына дұрыс әсер етуші еді.
Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістердің дамуының сыртқы және ішкі
тежеуіш факторларына тоқталуды жөн деп көремін:
Біріншіден, Орталық Азиядағы шекара мәселесі: Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасы үшін шекара мәселесі өте маңызды.Ресей Федерациясының ТМД
мемлекеттерімен шекаралас орналасқан 27 субъектісінің он екісі Қазақстанмен
шектеседі.Сондықтан көршілес екі мемлекет арасындағы гуманитарлық саладағы
ынтымақтастық пен экономика саласындағы ынтымақтастық бір-бірін толықтырып
келеді.Шекаралас мемлекеттермен байланыстарды нығайтуда екіжақты қарым-
қатынастар үлкен рөл атқарады,сол арқылы шекаралық татулық, көршілестік
белдеуін құру, ортақ мәселелерді біріге отырып шешу, объективті түрде
шекаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын арттыра түседі.
Шекаралық аймақ дегеніміз- территория шегіндегі әкімшілік немесе өзге
мемлекеттік территорияның қалыптасуы.[12]Іргелес елдермен
мемлекеттік шекара сызығына сәйкес әкімшілік территориалды шекараларды
айтамыз.Шекаралық аймақтардың тұрғындары болып шекаралық аймақ
территориясында үнемі тұратын іргелес мемлекеттердің азаматтары саналады.
1993 жылы 9 қаңтарда Омбыда Қазақстан мен Ресейдің шектес облыстары
әкімшіліктері басшыларының қатысуымен сол облыстардың экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдени ынтымақтастығы мәселелері бойынша екі елдің үкімет
делегацияларының кездесуі болып өтті.Кездесу нәтижесінде қол қойылған
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шектес облыстарының
экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі
келісімді –шектес аймақтардың ынтымақтастығының негізі, бастауы деп айтсақ
артық болмас.Осы келісімнен кейін шекара мәселесі белсендірек қарастырылып,
өз шешімін таба бастады.Сондай-ақ бұл келісім шартта екі жақ өзара
мүдделікті ескеріп, достық, тату көршілік қатынастарды нығайту халық
мүддесіне сай келетіндігін қуаттап, өзара мүдделі қызмет аясында
ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Сонымен қатар, мәдениет саласындағы интеграциялық үрдіс екі ел үшін
пайдалы.Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың 2003 жылы Омбы қаласында өткен
шекаралас аймақтардағы экономика, ғылым, техника, мәдениет салаларындағы
өзара ынтымақтастық атты форумда Ресей-Қазақстан үшін өте маңызды ел.Біз
ортақ геосаяси жағдайда орналасқанбыз, сондықтан проблемалалар да
ортақ.Әлемде болып жатқан процестерге де көзқарасымыз ұқсас, енді соны
бірігіп іске асыруымыз қажет.Қол жеткізген экономика және мәдениет
салаларындағы жетістігіміз бен сеніміміз жалғасын табуы керек деген.
1993 жылы 12 ақпанда Ресей мен Қазақстан Білім және Ғылым министрліктері
арасында жалпы білім беру және кәсіби маман даярлауда өзара ынтымақтастық
жөніндегі келісімге қол қойылды.Бұл бойынша екі елдің білім беру жүйесін
ұйымдастыру ассоциясы құрылды.Мысалы, Петропавловск қаласындағы халықаралық
бизнес және құқық колледжі Сібірдегі үздіксіз білім беру ассоциясымен
(САНО) бірнеше жыл бойы жақсы қарым-қатынаста болып келеді.
Ендігі тоқталатын ішкі факторлардың бірі, бұл Орталық Азия
ынтымақтастығындағы су-энергетика ресурстарының кейбір мәселелері: Орталық
Азия елдерінің су ресурстары маңызды табиғи байлық тың және аймақтағы
мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерінің бірі
болып
табылады.Аймақтың басты су ресурстарын Орталық Азияның екі ұлы
өзені-Амудария мен Сырдария және бірқатар ұсақ өзендер мен көлдер
құрайды.Орталық Азия мемлекеттеріндегі халық санының тез өсуіне байланысты
суармалы жерлердің көлемінің ұлғаюына және күнделікті тұрмыста көп
жұмсалыну мен түрлі шаруашылықтарға, суға деген қажеттілік күн сайын арта
түсуде.
Орталық Азияның жергілікті халықтары ежелден суармалы егіншілікпен, жер
өңдеумен шұғылданып келеді.Ғалымдардың пікірінше, 20 ғасырдың басына қарай
аймақтың 3,5млн.га жері қолдан суарылды.Әсіресе қолдан суару кеңестік
дәуірде қарқынды түрде дамыды.Нәтижесінде 90-шы жылдары аймақтағы суармалы
жердің жалпы көлемі 8,8 млн. га-ға дейін өсті, оның ішінде Қазақстанда 2,8
га, Қырғызстанда 1,1 га, Тәжікстанда 0,7 га, Өзбекстанда 4,2 га.[13]
Кеңестер Одағының құрамында болған жылдары, Қазақстан мен Орта Азия
республикаларындағы су-энергетика мәселесі ешқандай қиындықсыз шешіліп
келді.Атағанда, жаз айларында суармалы шаруашылыққа қажетті энергия
Қазақстаннан, ал оның орнына табиғи газ Өзбекстаннан алынып, бірінің орнын
бірі жапты.Сол сияқты Қазақстанның көмірі мен Өзбекстанның мазуты
Қырғызстандағы күз-қыс айларындағы жылу электр станцияларына жұмсалды.Ал
бұл кезде Қырғызстандағы Тоқтағұл ГЭС-не берілетін су тоқтатылды.Бұл
шаралар үздіксіз орындалды және аймақты сумен, жылумен және электр
энергиясымен қалыпты күйде қамтамасыз етіп отырды.КСРО-ның күйреуімен бұл
саладағы қалыптасқан жүйе де бұзылды: әрбір тәуелсіз мемлекет бұрынғы
жоспарлы саясаттың орнын басқан нарықтық экономикаға байланысты жеке-дара
саясат жүргізді.Ұлттық валюталардың айналымға енгізілуі, мұнай мен газдың
бағасының өсуі, жүк тасымалдаудың тарифінің өсуі, Орталық Азия
республикаларының экономикалық саясатына өз әсерін тигізді.Атап айтқанда,
Қазақстаннан алынатын көмірдің дер кезінде Қырғызстан мен Өзбекстанға
жеткізілмеуінен Өзбекстан Оңтүстік Қазақстанға берілетін газын, ал
Қырғызстан суын саудаласа, Қазақстан жағы өзінің транзиттік ел екенін жиі
ескертеді.Әсіресе Қырғызсаннан келетін су мөлшерінің жылдан-жылға қарай
азаюына байланысты Оңтүстік Қазақстандағы егістік жердің көлемі де
азаюда.Сол сияқты Өзбекстанның ауыл шаруашылығындағы ең маңызды саласы-
мақта шаруашылығы бөлінуде.Дәл осындай жағдай соңғы кездері Қырғызстанның
оңтүстігінде де байқалуда.
17 наурыз 1998 жылы Бішкек қаласында Орталық Азия
экономикалық қауымдастығының (ОАЭҚ-Г.С.) Премьер-министрлер
Кеңесінде Сырдария өзені бассейнінің су-энергетика ресурстарын пайдалануға
қатысты Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан
Республикаларының арасында ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды.[14]Бұл
келісімге 1999 жылдан бастап Тәжікстан да қосылды.Келісім бойынша
мемлекеттер таяу 5 жылдың ішінде Орталық Азия аймағындағы су шаруашылығының
жағдайын шешпекші және энергиямен қамтамасыз етуді тұрақтандармақшы.
Сонымен бірге, аймақтың су-энергетика ресурстарын тәжірибеде тиімді
пайдалану үшін Халықаралық су-энергетикалық консорциум құру қажеттілігі
туындады.Сондықтан 1998 жылы ОАЭҚ-ның Мемлекетаралық кеңесінде Консорциум
құру туралы шешім қабылданды.Оған қатысты жалпы сұрақтар, ұйымдастыру
жұмыстары, мақсат-міндеттері, консорциумның іс-әрекетінің, қызметінің
негізгі бағыттары сияқты бірқатар мәселелер қарастырылды және соған
байланысты заңдар бекітілді.
Орталық Азия аймағының энергетика кешендерін айтатын болсақ,оның ел
экономикасы үшін ең басты сала екеніне ерекше мән беру керек.Кеңестік жүйе
кезінде құрылған Орталық Азиядағы энергетика жүйесі Орталық Азияның
Біріккен Энергетика Жүйесі болып жаңаша бағытта құрылуы, аймақтың
энергетика ресурстарына деген аса бір қажеттіліктен туындаса керек.Негізі,
Қырғызстан Республикасының энергия жүйесінде 17 электр станциясы бар.Оның 2-
уі жылу, ал қалған 15-і су-электр станциялары.Мұнда КСРО кезінде
саланып,Одақ көлеміне әйгілі болған Тоқтағұл ГЭС-мен қатар, Нарын және
Талас су-электр станциялары сияқты бірқатар су-электр жүйесі Қырғызстанның
өзін ғана емес, көрші Өзбекстан мен Қазақстанды да су және электр қуатымен
үздіксіз қамтамасыз етіп отырды.Бірақ шешімін таппаған мәселелер әлі
қалды.Жыл сайын көктем кезінде Қазақстанның оңтүстігінде мақта егістігіне
су керек кезде, Қырғызстан берілуге тиіс су мөлшерін не азайтады,не мүлдем
доғарады.Осы себептен оңтүстіктегі облыстар соңғы жылдары мақта егістігінен
аз өнім алуда.
Енді Қырғызстанның Бішкек қаласындағы,сол сияқты Шу, Талас аймағындағы
подстанцияларды қайтадан жөндеу жұмыстары үшін Азия Даму Банкі сияқты ірі
халықаралық экономикалық ұйымдардан несие алмақшы жоспарлары бар.Егер бұл
жоспар орындалса, тек Қырғызстан үшін ғана емес, барлық Орталық Азия елдері
үшін маңызды болмақ.
Орталық Азия экономикалық қауымдастығына мүше ел-
ӨзбекстанРеспубликасының электр энергиясы жүйесінің 12 пайызын су электр
станциялары, 88 пайызын жылу электр станциялары құрайды.Соған қарамастан,
бұл республикада да электр энергетика жүйесінде шешімін таппаған мәселелер
бар.Оларға электр станцияларының техникалық базасының ескіргендігі,оны
қазіргі заманның талабына сай жасақтау, оған қажетті қаржының жоқтығы
немесе оған бөлінетін қаржы мөлшерінің аздығы сияқты қиыншылықтар
жатады.Мұндай қиыншылықтар тек қана Өзбекстанға қатысты емес,ол жоғарыда
аталған екі елге де қатысты.Өзбекстан болса, аталған қиыншылықтарды шешу
үшін Электр энергетикасының 2010 жылға дейінгі арналған даму концепциясын
жасады.[15]Бүгінгі күні осы концепцияға байланысты Өзбекстанда біршама
жұмыстар атқарылуда.Атасақ,Ново-Ангран ГРЭС-нің құрылысын аяқтау, осы
концепция бойынша атқарылып жатқан іс екенін нақтылай түседі.
Келесі ішкі фактор, бұл трансшекаралық су-энергетикалық мәселелер. 90-шы
жылдардың 2 жартысынан бері мемлекетаралық та, халықаралық та деңгейде
көтеріліп жүр.1997 жылдың шілде айының 1-4 аралығында Ыстықкөлде Қазақстан,
Қызғызстан,Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің су-энергетика комплекстері
өкілдерінің кездесуі болып өтті.Онда Нарын-Сырдария су қоймаларындағы су
ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты мәселелер қаралды.Кездесу
барысында қатысушылар Қырғызстан мен Тәжікстан төлем алуға құқығы бар деп
шешті және ол қаражат су жүйелерінің қондырғыларын жөндеуге немесе қайтадан
жасақтауға жұмсалатындығы айтылды.Табиғи ресурстардың ішінде су ең
маңыздысы бола отырып, құндылығына қарамастан, әлі күнге дейін тегін
пайдаланылуда.Ал негізгі су қоймалары сақталып отырған Қырғызстан мен
Тәжікстан судың да мұнай, газ және т.б. сатылу керектігін айтып келеді.
Осыған байланысты, трансшекаралық су-энергетика мәселесі Орталық Азия
мемлекеттеріне айтарлықтай біршама қауіпті проблемаларды туындатып
отыр.Оның біріншісіне экономикалық

қауіпсіздік жатады, екіншісі-экологиялық, үшіншісі-саяси мәселелер.Бұлардың
бәрі су ресурстарын бірлесе отырып пайдалануда Орталық Азия елдерінің
ұлттық қызығушылығына ықпал ететін әлі күнге дейін ортақ құқықтық базаның
жоқтығынан болып отыр.Енді осы мәселелерді жеке –жеке сараптап
қарастырайық:
Амудария мен Сырдария өзендерінің су қорлары мен олардың өзен
арналарынан шығып кетуі бақылаудан тыс қалғандықтан,
Қазақстанның Оңтүстік облыстары, сол сияқты Қызылорда облысы мен Арал
ауданы ірі экологиялық аймаққа таныс.Нәтижесінде бұл аймақта ауыз су
проблемасы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында өз мәнінде су қорының
жетіспеушілігі республика көлеміндегі ең үлкен экономикалық дағдарыс
проблемасына әкеліп отыр.Жалпы, Арал аймағы республика деңгейінде
экологиялық, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша халықтың
тұрмысының нашарлығы, жұмыссыздық, түрлі аурулар мен адамдардың өлімінің
жиілігімен сипатталады.Қазақ ғалымдарының айтуынша, Сырдария суын, қазіргі
таңда, ауыз су ретінде ішуге, балық шаруашылығы қолданысына пайдалануға
мүлдем жарамайды.Орталық Азия елдеріндегі су-энергетика ресурстарының, оның
ішінде бір ғана су мәселесі төңірегіндегі жағдай, мамандардың айтуынша, ең
өзекті мәселеге айналып отыр.Су ресурстарын бірлесіп пайдалануға байланысты
даулы мәселелерді реттеу мен шешу мемлекеттердің өзара келісімдер мен
шарттар жасасуы арқылы ғана мүмкін екендігін тарихи тәжірибе көрсетіп
отыр.Дүние жүзі бойынша су ресурстарына қатысты туындаған мәселелерді шешу
жолында түрлі мемлекеттердің қарым-қатынастарын реттейтін 300-ге тарта
шарттарға қол қойылды.
Орталық Азия аймағындағы интеграция процесін тежеп тұрған сыртқы
факторларды айтатын болсақ, біріншіден, Қытай факторына тоқталу
жөн.Геосаяси, саяси және экономикалық тәуекелдердің, әсіресе, Орталық
Азияда, жаңа иерархия дамуда.Жаһандану жағдайында әлем бір бөлікке айналып,
байланыс құралдары ақпарат, қаржы ресурстарына,технологиялардың тез
қимылдауына мүмкіндік берген уақытта пайда болған нәтижелер тез
қабылданады.Азия этникалық, саяси, мәдени құрамы жағынан әр түрлі болып
келеді.Евразиядағы интеграция мәселесін түсіну, бұл тек тілектер ғана емес,
шынайылық болып табылады.Біздің аймақта бұл ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ТМД, АӨСШК ерекше
орынға ие.[16]
Жоғарыда айтылған ұйымдардың ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының рөлі
ерекше.ШЫҰ шеңберінде өзара іс-қимылдардың күшеюіне көп көңіл
бөлінеді.Ұйымның декларациясында көрсетілгендей, бейбітшілік, қауіпсіздік
пен аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды фактор болып
табылады.Ұйым құрамына Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан
кіреді.Ұйым өзін жаһандық антитеррористік коалиция ретінде сипаттайды.
Қытай Халық Республикасы үшін Ауғанстандағы контртеррористік операциялар
қолайсыз.Негізгі ой АҚШ-тың және оның
одақтастарының әскери базаларының екі орталық азиялық мемлекет Қырғызстан
мен Өзбекстан территорияларында орналасқаны жөніндегі мәселеге көзделген
және де бұл елдердің біріншісі, Қытаймен шекералас,ал екіншісі шекералас
болмаса да,
ШЫҰ-нда өзінің мүшелігі жөніндегі декларацияға қатысы бар.Әрине, Қытай бұл
өзгерістерге қорқынышпен қарайды, орталық азиялық
елдердегі әскери базалардың құрылуын көрген соң, өзінің қауіпсіздігінің көп
уақытқа созылмау қаупінің туындауын көріп отыр.Қытай эксперттері, ашық
түрде осы АҚШ-пен оның одақтастарының Ауғанстандағы операциялары келешекте
ҚХР-ның батыс шекараларында АҚШ-тың әскери инфрақұрылымының шоғырлануы үшін
сылтау екенін айтып отыр.
Қауіпсіздік көршілік принципі бойынша, Қытай, қазіргі таңда қатаң
бақылауға алынды.Бұл Қытайдың аймақтағы стратегиялық жағдайын анық емес
етіп көрсетеді.[17]
Қытай мен АҚШ арасындағы қарама-қайшылықтың күшеюі, аймақтық
мәселелердегі Қытайдың ұстанымы, Ресеймен өзара іс-қимылдардың күшеюі
сияқты факторлар аймақтағы жағдайдың тұрақсыздануына, орнатылған
экономикалық қатынастардың бұзылуына, терроризм, экстремизм, сепаратизмнің
өсуіне әкелуші еді.Сонымен бірге Қытай аймақ істеріне белсенді түрде
қатысып, мемлекеттермен ынтымақтастықты кеңейтуде.
Қытай мен Орталық Азияның геосаяси алғышарттарына тоқталайық:
- Аймақта қауіпсіз жағдай орнату және оны сақтау;АҚШ-тың аймақтағы
әсерін болдырмау;
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету істеріне белсенді қатысу;елдер үшін
қауіпсіздік келілдіктерін ұсыну және т.б.
Қытайдың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты контртеррористік
жаһандық операцияларға, Ауғанстан, Ирактағы болып жатқан процесстерге
енуінсіз күрделі жағдай қалыптасушы еді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының Орталық Азиядағы
рөліне тоқталсақ, Кеңес Одағы ыдыраған соң, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
пайда болуы, оларды халықаралық, аймақтық қауіпсіздік құрылымдарына енгізу
сұрағы туған еді.Ресей, Одақтың басты мұрагері ретінде, БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты мүшесіне айналып, Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық Кеңесінде мүшелікті сақтап қалды.Қалған 10 ел, оның ішінде
Қазақстан, Қызғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан
1992 жылы Кеңес құрамына кірді.
Кеңес, негізінен, 1975 жылы 33 еуропалық ел, АҚШ, Канадамен
құрылған еді.Бұл Шығыс пен Батыс арасында сұхбат пен келіссөз жүргізудегі
көпжақты форум ретінде алынды.1975 жылғы Хельсинки актісі бойынша
қауіпсіздік түсінігінің басты аспектілері анықталды:[18]
1.Әскери-саяси аспект;
2.Экономика, ғылым, техника, экология саласындағы ынтымақтастық;
3. Гуманитарлы және т.б. саладағы ынтымақтастық.
Орталық Азияның 5елі мәдени-тарихи өзгеше болып келеді,сонымен қатар
саяси, экономикалық даму деңгейлері әр түрлі.Дегенмен, географиялық
орналасуының жақын болуы, ішкі континентальді орналасу, бірдей тарихи
дамуы, басты мұсылман дінінің болуы жалпыға бір қауіпсіздікті қамтамасыз
етуді талап етеді.Соған байланысты, 1999 жылы 19-20 қазанда Орталық Азияда
Ташкенттегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейтуге арналған халықаралық
конференциясы өтті.Оған 200 өкіл, 67 ел, 44 халықаралық ұйым
қатысты.Олардың бәрі есірткі тасымалдауды жою, ұйымдасқан қылмыс,
терроризмге қарсы күресті қолдап, мемлекеттер мен БҰҰ, ЕҚЫҰ, есірткі
бақылау БҰҰ органы сияқты халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың
негізгі бағыттарын анықтады.
КСРО ыдырағаннан кейін аймақта Арал теңізі, Каспий теңізі, Балқаш т.б.
сияқты экологиялық қиыншылықтар пайда болды.БҰл бойынша, ЕҚЫҰ экономикалық,
экологиялық қауіпсіздік шеңберінде семинарлар, конференциялар ұйымдастырып
отыр.Ұйымның қауіпсіздіктің барлық салаларына қатысты міндеттемелері
халықаралық дәрежеде қабылданған.Орталық Азия мемлекеттері үшін ЕҚЫҰ-ға
мүше болуының маңызы зор, өйткені бұл ұйымның потенциалы өте жоғары,
демек, мемлекеттер аймақтағы интеграциялық процессті дамытуда ұйымның
тәжірибелерін қолдана алады.
Сонымен бірге Еуропалық Одақтың аймақтағы алатын орнын айту жөн: Орталық
Азия аймағының жаңа тәуелсіз мемлекеттері үшін бүкіл әлеммен жақсы қатынас
орнату өте маңызды болды.Ең бастысы-ЕО елдерімен қатынас орнату еді.
ЕО, аймақтағы өзінің қызығушылықтары бар екенін жасырмайды.1995 жылы
Қазақстан, Қырғызстан және ЕО елдері арасында Серіктестік, ынтымақтастық
келісімі негізінде күшті халықаралық құқықтық негіз құрылды.[19]Бұл
аймақтың елдерімен саяси сұхбат құру үшін өте қолайлы және
маңыздықұжаттардың бірі болды.Келісім негізінде ЕО-ның аймақ бойынша
стратегия құру процессін бастады.Бұл бойынша ЕО 1995 жылы арнайы стратегия
қабылдады.Онда ЕО-ның аймақтағы приоритеттері мен міндеттері анықталды.
Ресми құжаттарда ЕО-ның аймақ бойынша геосаяси және экономикалық
қызығушылықтары, әсіресе, энергетикалық секторда бар екенін мәлімдеді.Бұған
байланысты ЕО-ның басты міндеттердің бірі- аймақта тұрақтылықты сақтау
делінді.
Келешекте ЕО аймақ елдері үшін жалпыға бірдей стратегия құруда.Батыс пен
Шығыс арасында өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін
туғызады,яғни, бұл өз кезегінде ынтымақтастықтың көп қырлы болуына,
субаймақтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмінің қалыптасуына жағдай
жасайды.
Еуропа Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтауға бар күшін салуда.Өйткені,
келешекте нақты энергиямен жабдықтайтын (Каспий бассейнінен) ел керек.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының европалық бағыты халықаралық
жүйеде ЕО-ның геосаяси салмағында маңызды рөл атқарады.ҚР мен ЕО арасындағы
қатынастарында нақты анықталмаған нәтижелер бар.Демек, екі жақтың да
экономикалық мүмкіндіктеріне қарай отырып, ең жоғарғы деңгейлер, әлі де
болса, жүзеге аспады.Дегенмен, екі жақ арасында өзара сауда, инвестициялық
қызмет, мұнай-газ, энергетика салаларындағы ынтымақтастық, транспорт,
коммуникациядағы өзара іс әрекеттер жүзеге асуда.Сонымен қатар Қазақстан
экономикасына басты инвестиция салушы Еуропалық Реконструкциялық және Даму
Банкінен келеді.Бұл Банк елімізде 26 жобаны қаржыландырып отыр.Сонымен
бірге TACIS бағдарламасы бойынша ірі инвестициялық салымдар түсіп отыр.[20]
Сонымен, ЕО-тың негізгі аймақтағы көздеген мақсатына тоқталсақ, бұл
Қазақстанның энергетикалық ресурстары мен Каспий теңізінің көмегімен
еуропалық энергетикалық жүйеге тарту арқылы мұнай-газ импортын
диверсификациялау болып табылады.
Келесі айтылатын сыртқы факторлардың бірі, бұл екі ұлы держава-АҚШ пен
Ресей.
Со4ғы айлар ішінде Ресей мен АҚШ-тың екіжақты және халықаралық мәселелер
бойынша қатынастары және де Орталық Азия мен оған қатысты мемлекеттерге
деген стратегиялары бойынша,айтарлықтай,көрінер эволюцияға қол
жеткізілді.Бұл дамудың ерекшелігі, фундаменталды өзгерістер бірте-бірте іс
жүзіне асып отыр.Дегенмен, бұл өзгерістер күрделі, кең болуы және аймақтың
қауіпсіздігіне, геосаясатына жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Саяси жағынан алып қарағанда, осы өзгерістер мынадай сұрақтарға тіреледі:
мұнай факторы, стратегиялық қарулар мәселесі, ПРО, БҰҰ
келешектегі қызметі, Ресейдің НАТО-мен қатынасы, НАТО ішіндегі қатынастар,
Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы өмір сүріп отырған саяси тәртіптердің
тұрақтылығы, Ресей мен аймақ мемлекеттерінің Қытай, ЕО елдерімен
қатынастары және т.б.
Ресей эксперттерінің ойынша, екі мемлекеттің алдында кландық өркениетті
модернизациялау міндеттері тұр.Оған Қиыр және
Орталық Шығыс, Кавказ, Орталық Азия елдерін жатқызады.Солайша, орыс саяси
элита АҚШ-пен бірге осы модернизацияны жүзеге асыру
үшін бірігіп басқаруға дайындығын көрсетіп отыр.Вашингтон қасында Ресейді
кіші серіктес рөліне қойып отыр.Бұл дегеніміз, АҚШ-тың аймақ ішіндегі
істеріне қол сұғушылық процессі кезінде Ресей көзді жұмып отыру керек деген
сөз.
Вашингтон бұндай рөл атқаруға, әрине, дайын.Бұл бойынша британ премьері
Э.Блэрдің Мәскеудің ұстанымын зондаждау мақсатымен барған сапарын айту
жөн.Сонда Блэр АҚШ пен Ұлыбритания атынан Ресейге бірполярлы коалицияға
қосылу ұсынысын берген.[21]Ол коалиция құрамында АҚШ, Еуропа, Ресей,
мүмкін, Жапония болады, деді.Ресей бұл мәселе бойынша көпполярлы ұстанымды
қолдап, БҰҰ реформалау мәселесін көтерді және бұл ұйымның да көпполярлы
болуын қалағанын айтты.Бұл ашық антиамерикандық демарш болды, өйткені сол
кезде Ресейдің СІМ-рі И.Иванов, ешқандай мемлекет жалғыз терроризм мен ОМУ-
ң таралуына қарсы күресті жеңе алмайды, деген.
НАТО, АҚШ-тың Ресейге қарсы күресіндегі басты құралы болып
табылады.Альянс арқылы АҚШ Еуропадағы әсерін қамтамасыз етті және
еуропалықтар Вашингтонның шешім қабылдауына қатыса алу мүмкіндігін
алды.Ирактағы соғыс, НАТО-ның қызметін жоғалтқанын көрсетті.Бірақ оларды
сыртқы атрибут ретінде сақтау Еуропа мен Ресей үшін қолойлы еді.Дегенмен,
келешекте альянстың шешім қабылдауына Ресей қатыса алмайды, сонымен бірге
соңғы кезде американдар мен еуропалықтардың арасындағы қатынастарындағы
қиыншылық, бұл механизмнің құлдырауына әкелуі мүмкін.Бірақ Ресейдің ойынша,
альянс әлі де болса, трансатлантикалық қатынасты ұстап тұрған негізгі
көпір, дейді.[22]
Ресей әскери базалары АҚШ базаларымен көршілес орналасқан.Олар Грузия,
Қырғызстанда еді.Грузия орыс әскерін шығаруға шешімін жариялап, НАТО-ға
мүше болғысы келетінін айтты.Қырғызстанда, керісінше, Ресей өзінің әсерін
өсіріп, Бишкек пен ДКБ-мен тығыз әскери-саяси ынтымақтастық орнатқысы
келеді.
Қорыта келе, екі ұлы держава Орталық Азиядағы өз қызығушылықтарын
көздегендіктен, аймақтағы болып жатқан барлық жәйттердің ортасында жүргісі
келеді. Екі мемлекет те аймақтағы рөлдің жоғары болуы үшін бір-бірімен
бәсекелестікке түсуде.Әрине, бұл талас-тартыстардың себеп-салдары, Орталық
Азиядағы интеграциялық процесстердің дамуының басты тежеуіш факторы болып
табылады.

1.3 Орталық Азияның институционализациясы

Жаһандану мен экстремизм, терроризм қауіптерінің күшеюіне байланысты
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық ынтымақтастығының рөлі үлкеюде, ол
елдердің барлығы экономикалық қатынастар жүйесі арқылы бір-бірімен тығыз
байланысты.
Орталық Азия аймағы минералды-табиғи, су-энергетикалық ресурстарға бай,
бұл елдердің экономика секторындағы интеграциялық өзара байланыстың күшейту
қажеттелігін туғызады, сонымен қатар аймақтағы елдер үлкен транзит
потенциалына ие,бұл аймақтың жаһандық коммуникациялық инфраструктурасын
құруда маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Орталық Азиядағы ең басты мәселелердің бірі-терроризм, экстремизм, заңсыз
есірткі тарату қауіптері.Бұл мәселелердің алдын алу үшін мемлекеттер
бірігіп, әс-әрекеттерді қолға алуда.Аймақтың маңызды стратегиялық маңызы
бар, дүниежүзілік қауымдастыққа байланысты, интеграция жағдайында аймақ
елдерінің өзара мемлекетаралық байланысының нақты стратегияларын және
жалпыға бірдей экономикалық кеңістік құру қажетті.Алдыға қойылған мақсатты
жүзеге асыру үшін жалпыға бір энергетикалық нарық құру, транспорт
кешендерінің өзара байланысы мен транзит потенциалын дамыту, су ресурстарын
дұрыс пайдалану, жерден алынатын өнімдердің сатылу деңгейін көтеру және де
ауылшаруашылықтағы қазіргі заманға сай технологияларды енгізу сияқты
мәселелерді негізгі приоритеттер ретінде алуға болады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін, ең алдымен, аймақ
мемлекеттерінің бірлесіп, уәделескен экономикалық саясат жүргізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қауіпсіздік
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Консулдық қызметі
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
Қазақстан қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасу принциптері
Пәндер