ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ КОНГРЕССІНІҢ САЯСИ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

БӨЖ

Тақырып:Үнді Ұлттық Конгресінің рөлі

Қабылдаған:Зулпыхарова Эльмира
Орындаған:Искандаров Шерзод

Түркістан-2024
Мазмұны

Кіріспе
1 - тарау. Үнді Ұлттық Конгрессінің саяси ұйым ретінде қалыптасуы
0.1. ҮҰК құрылуы және алғашқы қадамдары
0.2. ҮҰК және М.К.Ганди ұлт-азаттық күрес жолында
2 - тарау. Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
0.1. ҮҰК және көрнекті тұлғалар
0.2. Тәуелсіздікке қол жеткізу
0.3. ҮҰК құрылымы және ұйымдастыру принцптері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Кіріспе.Тақырыпты бастар алдында Үндістан туралы аздап тоқтала кеткенді жөн көрдім. Үндістан (Хинди Бхарат) - Үндістан Республикасы, оңтүстік Азиядағы мемлекет. Шамамен 900 миллионнан астам халқы бар. Көбі хиндустандықтар, телугу, маратхалар, бенгалдықтар, бихарлықтар,тамилдер, гурджараттықтар, кашарлықтар, пенджаптықтар. 80 % индуизм, 10 % мұсылман, христиан, синха дінін ұстанады. Ресми тілі - хинди тілі, ағылшын тілі. Астанасы - Дели .
Үндістан - федеративтік мемлекет. 25 штаттан, орталыққа қарайтын 7 одақтық территориядан тұрады. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - парламент. Парламент Халық палатасы мен штаттар Кеңесінен тұрады
Үндістан тәуелсіз мемлекет болып 1947 жылы 15 тамызда жарияланды. Парламенттің жоғарғы палатасы - штаттар Кеңесі (Раджья Сабха) - 250 депутат кіреді, төменгі палатасы - Халық палатасы (Лок Сабха) - 545 депутаттан тұрады. Төменгі палатасы әр бес жылда бір сайланады. Тікелей және жасырын дауыс беру арқылы, жасы 18 толған азаматтар қатысады. Жоғарғы палатаға сайлаушылар коллегиясының шешімі бойынша штат заң шығарушы кеңесінің депутаттарының ішінен сайланады.
Президент 5 жылға сайланады. Президентті парламент пен штат заң шығарушы мәжілісі сайлайды. Іс жүзінде атқарушы билікті премьер-министр жүргізеді. Ол - министрлер кеңесін басқарады. Премьер-министр болып, Халық палатасына сайлауда жеңіске жеткен партия немесе коалиция жетекшісі тағайындалады
Үндістанның конституциясы преамбула және 345 баптан тұрады, 22 бөлімге бөлінген. 1950 жылы 26 қаңтарда күшіне еніп: Үндістан тәуелсіз демократиялық мемлекет деп жарияланған. 1999 жылға дейін 78 өзгерту жасалынған.[конст. Пр. вчера и сег. М. Плешова 22б]
Гандизм - діни философиялық қозғалыс, негізін Мохандас Карамчанд Ганди қалыптастырған. Негізгі белгісі - тәуелсіздікке күш қолданбай, бейбіт жолмен жету. Үндістанда 1995 жылғы мәліметтер бойынша сайлаушылар саны 500 млн. асып кеткен, жалпы халықының саны - 900 млн. астам. Штаттардың федеративтік мемлекет көлемінде автономиялық құқығы бар. "Ұлттық" партиялар кем дегенде 4 штаттан, барлық дауыстың кем дегенде 4 % жинауы керек. "Штаттық" партиялардың көбіне, 1 немесе 2 штат көлемінде ғана беделі бар.[Восток Комаров 155 б]
Атқарушы билік, соның ішінде мемлекеттік аппарат заңшығарушы биліктің бақылауында. Атқарушы биліктің (үкімет) барлық басшылық органдарының қызметкерлері, провинция (штаттардың) губернаторларынан басқа, конституция бойынша сайлау арқылы және заңшығарушы органдардағы көпшілікті құрайтын фракцияның құрамынан қалыптасуы керек.[Флорин 39

1-тарау. ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ КОНГРЕССІНІҢ САЯСИ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

0.1. Конгресстің құрылуы және алғашқы қадамдары

Ал дүние жүзіндегі ең әйгілі партиялардың бірі Үнді ұлттық конгрессі Үндістан тәуелсіздік алғаннан бері билік басында келе жатыр. Үнді ұлттық конгрессі (ҮҰК) 1885 жылы 28 желтоқсанда Бомбейдегі болып өткен өзінің алғашқы съездінде құрылды. Конгресті құру инициативасын алғаш көтерген, вице-кароль Даффериннің басқаруындағы британ отарлық әкімшілігімен тығыз байланыста болған үнді азаматтық қызметінің бұрынғы ірі шенеунігі Аллан Юм болды. Конгрессті құрудағы негізгі мақсаты - отаршыларға деген үндістердің наразылығын аз да болса құрықтап ұстауға тырысқан талпыныстан туып еді. Алғашында конресстің қызметі осы бағытта жүріп-ақ жатты, бірақ, уақыт өте келе отаршылық жүйесінің шеңберінде ғана реформаторлық жолды ұстанудан бас тартып, британ билігіне қарсы ұлт-азаттық күрес жолына түсті. 1947 жылы Үндістан тәуелсіздік алғанға дейін, 62 жыл бойы Үнді ұлттық конгрессі ұлт-азаттық күрестің жетекшісі болып келді.
ҮҰК құрылуының алғышарттары ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді, алғашқы толқыны ретінде 1857-1859 жылдардағы үндістердің ұлы халық көтерілісі немесе Үндістанның тәуелсіздігі үшін алғашқы соғыс болды. Британ үкіметінің көтерілісті күшпен басып тастауы жағдайды өзгертпеді. Үндістанды экономикалық тонау, миллиондаған үндістерді европалықтардың қанауы тоқтаған жоқ. Халық ішінде және ұлттық интеллегенция арасында елдің әлеуметтік-экономикалық артта қалуы, халықтың басым бөлігінің кедейшілікте өмір сүруінің негізгі себебі - Ұлыбританияның отаршылық саясаты деген көзқарас қалыптасқан еді.
Жалпыүнділік саяси ұйым құру туралы ойлар 1876 жылы құрылған Үнді ассоциациясының қабырғасында пайда болды. Ассоциацияның жетекшісі Сурендратх Баннерджи Конгрессті құрушылардың бірі болатын. Ол өз жақтастарымен Үндістанның ірі орталықтарында болып, жергілікті ұйымдармен кездеседі, нәтижесінде 1883 жылы Калькуттада ұлттық конференция шақырылады. Осы кезде Бомбейде де осындай ұйым жұмыс істеп жатыр еді. [Т.Ф.Девяткина 37б]
1866 жылдан 1879 жылға дейінгі аралықтағы елді қамтыған ашаршылық жылдары елдің жағдайының нашар екендігін және экономикалық құлдырауға ұшырағандығын көрсетті. Бұның негізгі себебі Үндістаннан байлықтың шет елге тасып әкетілуі мен ағылшындардың "еркін сауда" деген саясаты жергілікті өнеркәсіп пен сауда үшін тым ауыр тиді. Ендігі жерде Үндістан шетел тауарын өткізетін базар мен шикізат өндіру көзіне айналды. Ауылшаруашылығындағы стагнация мен қалалардағы өнеркәсіптің дамымауы елде жаппай жұмыссыздық-қа алып келді. Сонымен қатар отарлық билік ендігі жерде баспасөзді, жаппай ереуілдер мен жиындарды қатал қадағалауға ала бастады. Бұның бәрі бүкіл Үндістанның әр түкпірінде шаруалардың жаппай қарулы көтерілістері мен бас көтерулеріне ұласып жатты.
Осы кезде Үндістанда ағылшынша білім алған, жаңа элита пайда бола бастады. 1885 жылы олардың саны шамамен 50 мыңға жуық еді. Олардың біразы мемлекеттік қызметке кірді, көбі - заңгер, дәрігер, журналисттер қоғамдық істерге араласуға тырысты. Әрине, бұл адамдар революсионерлер болған жоқ, өздерінің империялық билікке лоялдық көзқараста екендіктерін көрсете отырып, тек, мемлекеттік істерге араласып, қызметке кіріп, әкімшілік реформалар жасауға ықпал етуге тырысты.
Коннгресстің жалпыүнділік ұйым ретінде құрылған жылдарында, елде әр түрлі ұлттық ұйымдар мен қозғалыстар қалыптаса бастады. Солардың арасында 1883 жылдың желтоқсан айында Калькутта қаласында Жалпыүнді ұлттық конференциясын өткізген Үнді ассоциациясы бар еді.
Конгрестің бірінші съездінде елдің түкпір-түкпірінен келген 72 делегат қатысты. Делегаттардың көпшілігі ағылшынша білім алған - заңгер, дәрігер, журналистер, мемлекет қызметкерлері, орта таптың өкілдері еді. Олардың арасында ескі аристократияның өкілдері - раджа және махараджалар, ірі заминдарлар мен саудагерлер, қолөнершілер мен шаруалардың өкілдері болған жоқ. Съезд жұмысына барлық діни конфессиялардың өкілдері - үндістер, христиандар, парсылар, джайн, мұсылмандар қатысты. Мұсылман дінінің өкілдері екеу ғана болды, дегенмен келер жылдары ҮҰК құрамындағы мұсылмандардың саны арта түсті: 1886 жылы - 434 делегаттың 33-і, ал 1890 жылы - 677 делегаттың 116 - сы мұсылмандар болды. Жалпы, конгресстің билігінің басында әр түрлі діни конфессиялар өкілдерінің арасында белгілі бір баланс сақталып келді. Мысалға, 1886 жылы ҮҰК президенті парс Дадабхай Наороджи, 1887 жылы мұсылман Бадруддин Тьябджи, 1888 жылы христиан Джордж Юл болған және т.с.с.
Алғашқы жылдары ҮҰК толық бағдарламасы, жарғысы болған жоқ. Жыл сайын өтіп отыратын съездерінде резолюция қабылданатын, осы резолюцияны бағдарлама ретінде пайдаланатын. Келесі съезді өткізу үшін дайындық комитеті құрылатын, ол "ресепшн комити"деп аталды. Негізгі жұмысы: съезді өткізуге қажетті қаржы жинау, орын таңдау, делегаттарды орналастыру, уақытылы келулерін қамтамасыз ету.
Құрылғаннан кейінгі бастапқы жылдарда Конгресс осы кездегі отарлық режим көлемінде ғана саяси реформалар жүргізуді талап етті. Британ үкіметіне қарсы еместігін айта отырып, Конгресс басшылары бұл кезде провинцияларда жұмыс істеп жатқан заңшығарушы кеңестің көмегімен елді басқаруға араласуға ұмтылыс жасады. Әрине, бұл кезде олар жалпыға бірдей сайлауға қатысу құқығын талап еткен жоқ еді, себебі ондай құқық бұл кезде Англияның өзінде жоқ еді. ҮҰК азаматтық қызметтерге үндістердің араласуына көп көңіл бөлді. Бұл қызметтерге қабылдайтын экзамендерді, Англия мен Индияда бір кезеңде өткізуді, жас цензін көтеруді, ағылшындар мен үндістер тең жағдайда қатысуға құқылы болуын талап етті. Экономикалық талаптарға келсек, ҮҰК негізін құрайтын білімді орта таптың мүддесін көрсетті. Мысалға, салық салынбайтын төменгі табыстың көлемін жоғарылатуға, жерге салықты алып тастауға талпынуы. Сонымен қатар, шаруалардың да құқықтарын қорғауға тырысты. Өзінің алғашқы съездерінің бірінде-ақ шаруаларға жерге тұрақты құқық беру мен ормандарды пайдалануға жеңілдіктер беру және тұзға салықты азайтуды талап етті және т.б.
Конгресс комитеті жылына кем дегенде үш рет жиналуы керек болды. Олар келесі съездің уақытын, орнын өзгертуге құқылы болды, төтенше съезд шақыра алды. Конгресстің төрағасын бекітуге, резолюцияның жобасын жасады. Өткен съездерде қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға міндетті болды. Делегаттар провинциядағы комитеттің бөлімдерінде сайланды. Конгресс төрағасы жыл сайын сайланып отырды, ол Конгресс комитетінің төрағасы болып табылды. Жүиелі жұмыс істеулері үшін хатшылық құрылды. Құрамында құрметті (почетный) хатшы болды, ол барлық ұйымдардың жұмысына жауапты болды, бір палата көмекшісі және керекті штат болды. Бұларды қаржыландыру үшін 5 мың рупий бөлініп отырды. Бұл қаржыны дайындық комитетінен алды. Айта кететін жағдай, ұзақ жылдар бойы Конгресстің хатшысы - ағылшын А.О Хьюм болып келді.
Сондай-ақ ҮҰК сыртқы саясатқа араласуға тырысқаны да көңіл бөлуді талап етеді. Ол Англияның Бирмадағы соғыс қимылдарына наразылық білдірген, осы елге салған аннексияға қарсы болған. Британ империясындағы әскери шығындардың тым көптігін қолдамайды.
Дамуының алғашқы кезеңдерінде жоғарыда айтылғандай Конгресс британ үкіметіне лоялдық көзқарасты ұстанған. Конгресстің бірінші съезінде төрағалық еткен Боннерджи "Үндістандағы британ билігі"туралы айтып өтеді. Ал Дадабхай Наороджи "біз, Британияның балалары, еркіндік пен өкілеттілікті мұраға алуға құқылымыз "деген. Басқа бір делегат Субраманья Айяр болса: "Қасиетті қол бізді ұлы Ұлыбританияның басқаруына алып келді... Британиянияның басқаруы өзінің нәтижелеріне және бағытына қарай басқа билеушілерге қарағанда жақсы болды " дейді. Тіпті мәжілістің қорытынды отырысында барлық делегаттар Аллан Юмның ұсынысымен Британияның императорының денсаулығын тілеп үш рет қайталаған.
Соған қарамастан осы кездің өзінде конгресстің жүргізіп отырған шебер саясаты британия үкіметі тарапынан көп қолдау таба қойған жоқ. Лондонда шығатын "Таймс" газеті ҮҰК жетекшілеріне Үндістан күшпен басып алынған, ендігі жерде де күшпен басқарылатындығын ескерте отырып: "Егер бізге Үндістаннан кететіндей жағдай туса, бұл керемет шешендердің сөзінен емес, тек керемет күш пен өткір қылыштың арқасында ғана болады " деп қорқытты. Келесі он жылдықта конгресс көбіне үндістердің орта тап өкілдеріне қатысты мәселелермен ғана жұмыс істегенмен, партия жетекшілерін басқа да мәселелер алаңдатты, ең бірінші кезекте Үндістан мен Ұлыбритания арасындағы қатынастарға байланысты мәселелер. Наороджи "сыртқа ағып кету теориясын" (теория утечки) жасады, оның негізгі мәні - Үндістанды пайдалану нәтижесінде елдің байлығы Англияға кетіп жатқанын дәлелдеу. Р.Ч. Датт отаршылдық пайдалану саясатының нәтижесі үнді шаруаларының кедейленуіне әкелгендігі туралы тезисті дәлелдеді.
1899 жылы желтоқсан айында Лакхнада өткен Конгресстің 15-съездінде партияның жарғысы қабылданды. Қабылданған жарғыда тек ережелер емес, бағдарламаларының да негізгі бағыттары жазылды. Осы жерде ҮҰК мақсаты - Үнді елінің жағдайын конституциялық жолмен жақсартуға көмек көрсету деп көрсетілді. Жарғыда көрсетілгендей партияның жоғарғы органы - Конгрессің жыл сайынғы съезді болып табылады. Съездің жұмысын басқару үшін 45 адамнан тұратын Конгресс комитеті құрылды. Комитет мүшелері съезде сайланатын. Олардың 40 мүшесі провинциялық комитеттің ұсынысы бойынша сайланатын, егер бұндай комитет жоқ болса, көршілес провинцияның комитетінің делегаттарының көмкгімен сайланатын. Ал Үнді Конгресс комитеті енді Жалпыүнді Конгресс комитеті болып өзгертілді. Конгресстің радикалдық қанаты осы кездің өзінде Үндістанның тәуелсіздігіне қол жеткізу туралы талап қоя бастады.[Девяткина 38б]
1906 жылы Калькуттада ҮҰК сессиясы өтті. Сессияда қабылдаған резолюцияның негізгі мәні сварадж (өзін-өзі басқару) - Британия империясының көлемінде өзін-өзі басқару құқығын талап ету. Сонымен бірге свадеш (ұлттық өнеркәсіпті дамыту) жариялады. Сессия ағылшын товарларына байкот жариялады. Себебі: 1899 жылы Үндістан вице-каролі лорд Керзон (1899-1905 жж) тағайындалған. Ол 1899 жылы ақша реформасын жүргізеді. Мәні, күміс рупийді алтын паритетке ауыстырды, фунтқа шаққанда бағасы өте жоғары болып кетті. Бұл саудагерлердің наразылығын тудырды, оқудың бағасы өсірді. Сондай-ақ Бенгалия президенттігін бөлшектеу туралы акт дайындады. Бұл жағдайдың бәрі жаппай наразылық тудырды.
XIX ғасырдың 90-жылдары Конгресс құрамына елге танымал бола бастаған, жас толқын өкілдері келе бастады. Олар: Бал Гангадхар Тилак, Гопал Кришна Гокхале, Мадан Мохан Малавия, Лала Ладжпат Рай, Бипин Чандра Пал және т.б. Барлығы бірігіп халықпен жұмыс істей бастады. Әсіресе Бенгалия, Махараштра және Панджапта белсенді жұмыс атқарды.
Тилак 1856 жылы маратх браминдер отбасында дүниеге келген, діни білім алған, ежелгі индуизм дінінің өкілі болды. Қоғамдық істерге 1870 жылдан бастап араласа бастады. XIX ғасырдың 90- жылдарынан бастап ҮҰК істеріне араласа бастады. ҮҰК өкілдерінің ішінде бірінші болып Үндістанның толық тәуелсіздігі үшін күрес ұранын тастады. Өзінің саяси қызметі барысында діни ұрандар мен кей кездерде реакцияшыл әдістерді де ұстанды. Елде көпшіліктің қолдауына ие болды.
1887 жылдан бастап, проконгрессистік Үнді ұлттық әлеуметтік конференциясы Тилактың талабына байланысты өз съездерін ҮҰК сессияларынан бөлек өткізе бастады. Осы Үнді ұлттық әлеуметтік конференциясының инициативасы бойынша қаналушы тап миссиясы (1906 ж) құрылған болатын. Бұл миссия 1918 жылы науырыз айында Жалпыүнділік съезд шақырады, осы съезде "неприкасаемостьқа қарсы манифест" қабылданады. Бұл манифестке Бепин Чандра Пал, Сардар Валабхай Патель және тағы басқалар қол қойды. Робиндрант Тагор съездге қатысушыларға телеграмма арқылы сәлемдеме жолдайды. Тилак съезде сөз сөйлейді, осы жылы "экспанция неприкасаемости" атты еңбегін жазған. [И.Ежегод. 87 Юрлова 261
Осы жылдары ҮҰК ішінде екі қанат пайда болды. Біріншілері, империя құрамында өзін-өзі басқару құқығын реформа, конституцияға өзгертулер енгізу арқылы жетуді көздесе. Екінші топ, Үндістанның толық тәуелсіздігіне қол жеткізуді қалады және реформа бұған жетудің жалғыз жолы емес деп қарастырды. Бірінші қанатқа Сурендрат Баннерджи, профессор Гхокале және Фатуземах Мехта жетекшілік етті. Ал, екінші қанатқа Бал Гангадхар Тилак, Бипин Чандра Ладжпат жетекшілік етті. Екі қанат арасында күрделі саяси қарама-қайшылық орнады. Екі қанат арасында қарама-қайшылық әсіресе 1907 жылы сессияда орын алды. Бірақ бұл жайында кейінірек, ретпен айтамыз. Ендігі кезекте XIX ғасырдың басындағы өзгерістерге тоқталайық.
Конгресс комитеті кем дегенде жылына үш рет жиналуы керек еді. Жүйелі жұмыс істеуі үшін хатшылық құрылды. Конгресстің жарғысында партия мүшелігінің ережесі, провинциялық ұйымдардың құрылымы жөнінде ештеңе болмады. Қаржылай базасын әр кезде көмек көрсетіп отырған өнеркәсіп, саудагерлер, княздар мен помещиктердің көмектерінен қалыптастырды. Партияның мақсаты - елді басқару органдарына үндістерді жіберуді талап ету. Конгресс құрамында әр түрлі топтардың болуы, олардың арасындағы күрес нәтижесінде жарғы ылғи өзгеріп тұрды. 15-съезде қабылданған жарғының негізі сақталғанмен, әр съезде өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырды. 1900 жылғы съезде ҮҰК комитетіндегі провинциялардан сайланатын мүшелер санының қатынасы өзгерді. Бұрынғы экс-төрағалар енді, комитет мүшелері болып, комитетке хатшы, көмекші, Дайындық комитетінің төрағасфы да кіретін болды. 1906-1908 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына байланысты Конгресстің ендігі жерде кең көлемде жұмыс істеуіне әсер етті.[Девяткина 40б]

0.2. ҮҰК және М.К.Ганди ұлт-азаттық күрес жолында

Гандидің саяси аренаға шығуы. Мохандас Карамчанд Ганди (1869-1948) 1869 жылы дүниеге келген. 12 жасында Англияға барып, құқық мектебін бітірген. 1891 жылы Үндістанға келіп, Бомбейде адвокат болып жұмыс істейді. 1893 жылы оңтүстік Африка, Преторияға барады. Осы жерде қысым көрген 150 мың үндіс-эмигранттарына көсем болады. 1915 жылы Үндістанға қайтып оралады, ҮҰК жұмыстарына араласа бастайды.[История Индий Альтер 7б
Үндістанға келгеннен кейін Ганди Ф.Мехта мен Тилак және Г.К.Гокхалемен кездеседі. Гокхалені ол өзінің саяси гуруі (ұстаз) деп санайтын. Гокхаленің өзі 1912 жылы Оңтүстік Африкадағы Гандидің нәсілдік кемсітушілікке байланысты күрес жүргізіп жатқан кезінде "Ганди әулиелер мен кемеңгерлер жасалатын материалдан жасалынған" деп жазған екен.[АиА20041Ф.Юрлов31
Ел ішінде Махатма (Ұлы жан) деген атаққа ие болған.
Гандизм - діни философиялық қозғалыс, негізін қалаушы - М.К.Ганди. Негізгі белгісі - тәуелсіздікке күш қолданбай, бейбіт жолмен қол жеткізу.
Американдық "Тайм" журналының 1999 жылы желтоқсан айында арнайы саны шықты, ол XIX ғасырдағы әлемнің ең ықпалды 100 адамына арналған саны. Гандидің аты ең алдымен барлық қоғам мүддесі үшін дүниеде өзгерістер жүргізу құралы ретінде күш көрсетпеу идеясымен тығыз байланысты. XX ғасырда орын алған дүние жүзілік және азамат соғыстары мен локалдық қақтығыстар 150 млн. адамның өмірін алып кетті, бұл жағдай әлемге зорлық - ешқайда алып бармайтын, тоқырау, зорлықтан зорлық туатынына көздерін жеткізді. Ганди - Будда мен Махавирдің ұлы дәстүрлерін ұстанушы - осы жағдайды түсіне алды және оны саяси өмірде кең-байтақ Үндістанда жүзеге асыруға қол жеткізді. Ганди бұны дүние жүзіндегі басқа саясатшылардан әлдеқайда бұрын қолданып, іске асырды. Олардың көбі әлі күнге дейін зорлық пен күшқолданбаушылықты бөліп тұратын шекарадан өте алмай келеді. "Қырғи қабақ соғыстың " бітуі мен екі державаның бір-бірімен жарысының тоқтауы халықаралық қатынастарда күш қолданудан бас таруға әкелмек тұрмақ одан әрі қарай жалғасын тапты. Бұған мысал ретінде АҚШ басшылығымен НАТО-ның Югославияға қарсы қолданған саясатын алуға болады. [АиА19991245б
XXI ғасырдың басында адамзатқа гандилік ахимсаның (күш қолданбау) мәнін түсіну мен оны өмірде іске асыруға мүмкіндік беріледі. Бұл бүгін утопия болып көрінуі мүмкін, бірақ, адамзаттың бұдан басқа жолы бар?
Өзінің өмірбаянын Ганди "Менің ақиқатпен эксперименттерім" деп атайды. Бұл эксперименттерді ол, қарама-қайшылық пен конфликттерге толы, көпконфессиялық және полиэтникалық отар елде жүзеге асырды. Бұл эксперимент қате кетсе, оның бағасы тым ауыр болар еді. Сондықтан, мүмкін болып тұрған жалғыз жолмен өз идеалдары мен ақиқатты аттап кетпей, қателеспей, қол жеткізу үшін ұлы көріпкелдігі мен интуициясы болуы керек еді. Іс жүзінде Ганди үнді халқының өткен ғасырдағы ең ірі көсемі еді. Ол өз халқынан қорыққан жоқ, сондықтан оқ өтпейтіндей көлік пен көптеген автоматты күзетті керек еткен жоқ. Өз отанының тәуелсіздігі үшін күресте Ганди алғаш рет әлеуметтік топтардың ең төменгі каста өкілдерінен көмек алуды көздеді. Үндістан президенті К.Р.Нараянан: "Ганди ұлт-азаттық қозғалыс жаппай үндістан көлемінде шарықтап шығуына қол жеткізді, сондай-ақ оның идеологиялық бағытын жасады" дейді. Күш көрсетпеу теориясы мен практикасы Гандидің жалғыз жетістіктері емес еді. Күш қолданбау идеясының өзі сатяграха (упорство в истине) компаниясын құруға алып келді. Бұл күрестің мәні, отарлық әкімшілікке бағынбау немесе күш қолданбау арқылы ешқандай байланыс жасамау. Бұндай шаралар Үндістанның отарлық езгіден құтылу жолында көп көмегін тигізді.
Сатьяграха - күрестің құралы, қаруы ретінде Гандидің еркіндік, бостандық және әлеуметтік әділеттілік пен теңдік туралы идеяларымен қайшы келмей, бір-бірімен ұштасып отырды. Гандидің ойынша теңсіздік пен әділетсіздік бар жерде бостандық болуы мүмкін емес.
Басқа саясаткерлерге қарағанда Ганди бірінші болып қарапайым халыққа бет бұрды, қоғамның ең төменгі әлеуметтік саласы мен хариджандарға көп көңіл бөлді. Хариджандар - "құдайдың балалары", үнді қоғамындағы ең төменгі кастаның өкілдері. 1981 жылғы санақ бойынша олардың саны 105 млн. Бұлар бұрынғы ең төменгі каста - парилер. 1909 жылы Заңшығарушы мәжіліске курилер бойынша сайлау жүйесі енгізілгеннен кейін, мандат үшін әр түрлі діни топтар арасында парилердің дауысын өз жақтарына тару күресі басталып кетті. [Е.Юрлова Ежегодник 87.259б]
Бұлардың жағдайын жақсарту үшін күрес Гандидің бүкіл өмірі бойы жалғасты. Олардың арасында ҮҰК беделінің өсуі үшін де көп еңбек сіңірді. 1909-1911 жылдарда парилердің жалпы саны шамамен 60 млн. болған екен.[там же 260б]
Сізді сенімсіздік билеп немесе өзіңіздің қара басыңызбен қамығып кетсеңіз, келесі тестті пайдаланыңыз: есіңізге өміріңізде көрген ең кедей, ең әлсіз жанды түсіріп, сіздің жасайын деп отырған қадамыңыздың нәтижесінде соларға қандайда бір пайда бола ма, деген сұраққа жауап іздеп көріңіз, - деген екен Ганди. Бұл тест бүгінгі күнде де тек Үндістан үшін емес, сондай-ақ дүние жүзінің басқа мемлекеттері үшін де өз құндылығын жоя қойған жоқ. Үндістан тәуелсіздік алғалы бері көптеген ірі нәтижелерге жеткенімен, әлі де көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімін тапқан жоқ. Мемлекетте шамамен 1 млрд. ға жуық халық тұрады, олардың 300 млн. кедейшіліктен төмен өмір сүреді, ал 46 млн. халқы кедейшілікте өмір сүреді. Бұл қала халқының 21 % пайызын құрайды. Бұлардың басым көпшілігі - төменгі касталар мен тайпалар.
Үндістанда белгілі бір кастаға жататын адамның өмірі сол қоғамның қалыптасқан заңдылығымен жүреді. Бұл ежелгі діни заңдылық ережелері негізінде қалыптасқан. Көп ғасырлар бойы кастаны мамандығынан көруге болатын еді. Мамандық әкесінен баласына көшіп отырған, осының салдарынан ерекше өзгерістер болмаған. Әр каста өз дхармасына сай өмір сүрген. Дхарма - адамның жүріп-тұру, өзін-өзі ұстау, тіпті сезімінің нормаларын анықтайды. [ Гусев Н.Р "Многоликая Индия 33б"
Төменгі касталардың құқықтары үшін күресін Гандиден бұрын Рам Мохан Рой, Видьясагар, Джотибой Фуле, Вивекананда және тағы басқа үнді қоғамының өкілдері бастаған болатын. Ал Ганди болса бұл күресті жаңа дәрежеге - жалпы мемлекеттік дәрежеге көтерді. Саяси қызметінің барысында индуизм мен қоғамда демократизациялауға бағытталған реформаторлық жолды таңдаған. Бұл бағытта қозғалуына әсер еткен, оның Оңтүстік Африкада 16 жыл бойы нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресте алған жеке басының тәжірибесі еді. [АиА19991246б
Гандидің ойы бойынша неприкасаемость - күнә болып есептеледі, бұл күнәға касталық үндістер кінәлі және олар өз күнәсін жуып-шайуы керек. Дегенмен, 20-шы жылдардың соңы мен 30-шы жылдардың басында ұлт-азаттық күрестің талаптарына байланысты, касталық жүйеге деген көзқарастары өзгеріске ұшырады. [Мезенцева О.В36б]
1915 жылы Үндістанға келер кезде Гандидің саяси көзқарасы қалыптасып біткен кезі еді. Бұл уақыттарда елдегі жетекші партияға айналған ҮҰК қалыптасқанына 30 жыл болса да әлеуметтік қиыншылықтарға көп көңіл бөле қойған жоқ еді. 1886 жылғы сессиясында, ҮҰК - саяси орган, негізгі мақсаты саяси мүдделер үшін күрес, бірақ әлеуметтік реформалар жүргізу үшін күрес емес деп хабарлаған екен. Дегенмен XX ғасырдың екінші он жылдығында елде саяси және әлеуметтік жағдай өзгеген еді. Елдің 17-ін құраған неприкасаемыйлар ресми түрде 1935 жылға дейін "қаналған тап" деп аталып келген, енді олар әр түрлі қоғамдық ұйымдарға бірігіп, саяси және әлеуметтік теңдіктер талап ете бастады. Олар 1917 жылы Бомбейде өздерінің бірінші жалпыүндістандық конференциясын өткізіп, өздерінің талаптарын қойды. Талаптарының ішінде - заңшығарушы органдарға өз өкілдерін жалпы сайлаушылар саны мен олардың ішіндегі "қаналған тап" саны мен пропорцианалды түрде сайлауға түсуге талап қойды. Сонымен қатар тегін білім беруді талап етті. Конференция жоғарғы каста өкілдерін төменгі кастаны дискриминациялауын тоқтатуға шақырды, ҮҰК-не олардың әлеуметтік даму жолдарында тұрған барлық қайшылықтарды жою туралы талаптар қоюға шақырды.
Гандидің саясатқа белсенді кірісе бастаған кезінде, үнді қоғамында реформалар жүргізу үшін әлеуметтік негіз белгілі деңгейде дайын болған еді. Тек қана оны жолға қоятын жаңа күш керек еді. 20-жылдардың басында Ганди өзі мен өз жақтастарын қоғамда парилерге деген қатынасты өзгертудің керектігін түсіндіруге дайындық жүргізді. Бұл саясатты жүргізуде оның таңдаған тактикасы сабырлылық пен бірізділік, алған бағытынан қайтпас қайраттылығымен ерекшеленеді. Ганди өзі үшін "бір қадам алға жылжығанның өзі жетерлік" деген екен. Сонымен қатар айтқан сөздерінің бәрін іс жүзінде қолдап, өз өмірінің мысалында көрсетіп отырған, тек қана сөйлеумен шектеліп қана қоймай тәжірибеде дәлелдеп отырған.
Үндістандағы қоғамдық жағдай мен діни дәстүрлерге қарсы шығып, сөздерін ісімен дәлелдеу үшін өз ойына шын мәнінде өте күшті сенуі керек еді. Себебі бастапқы кездерде саяси жақтастары тұрмақ, өзінің жұбайы да оған қарсы шығып, алғашқы кездерде оны қолдамаған. Өз сөздерін ісімен дәлелдеу үшін, жақындары мен туыстарының қарсылығына қарамастан, ашық түрде қоғамның ең төменгі тап өкілдерімен араласып, солар тұратын жерлерде тұрып, оларды өз үйіне қонаққа шақырып, дәстүр бойынша парилер орындайтын жұмыстарды өзі жасап отырды. Ол бір қарағанда жоғарғы саясатқа еш қатысы жоқ, Үндістанның азаттығына еш әсерін тигізбейтін істерді істеп жүргендей көрінді. Бірақ Ганди үшін әрқашан саясаттың әлеуметтік аспектісі бар еді. Ганди үшін саяси тәуелсіздік деген ең алдымен барлық адамдардың теңдігі, ең төменгі тап өкілдерінің бостандық алуы мен діни бостандық еді. Ауылдағы парилерді ол "үнді жерінің тұзы" деп атайтын.
Қоғамның барлық өкілдері үшін дене жұмысының мәні ерекше екенін атап өткен. Дәстүр бойынша үнді қоғамында дене жұмысымен және дене жұмысымен айналыспайтындар деп екіге бөлу ерекше сақталып келген. Кастаның статусы оның дене жұмысына қарама-қарсы пропорционалды болып келеді, яғни кастаның статусы жоғары болған сайын, оның дене жұмысына араласуы азая береді. Осыған байланысты қолдан тоқылған матаға көп көңіл бөлінуі де содан еді. Өйткені қолдан мата тоқу парилердің жұмысы еді, екінші жағынан жергілікті мата өндірушілерді ағылшындардың машинамен өндірілетін маталарынан қорғау үшін керек еді.[АиА199912юр47]
Ганди үндістік артодокстар тарапынан қарсылыққа ұшырады. Олар үшін жоғарғы каста өкілдерінің дене жұмысымен айналысуы мүмкін емес жағдай еді, тіпті олай деп ойлаудың өзі дұрыс емес. Бұның тағы бір себебі мата тоқитын құралдардың бірі қайыстан жасалатын белдік еді, үндістерде дәстүр бойынша қайысқа қолын жиі тигізу жоғарғы каста үшін оны қорлаған болып саналады. Ганди үндістерді бұл қайыс құралға (прялка) пайда табудың құралы ретінде ғана қарауға шақырды, әсіресе жастай жесір қалған брахман әйелдерге. Себебі, салт бойынша оларға қандайда болмасын экономикалық істермен шұғылдануға тиым салынған. Ол өзі де мата тоқумен айналысатын болды, тіпті кейінірек конгресстің мүшелерінің бәрі мата тоқумен айналысуға міндетті болды. Ганди үшін мата тоқу қоғамның жан дүниесі мен экономикалық қайта жаңғыруының символына айналды. Қоғамдағы адамдардың теңдігінің көрінісі болып табылды.
1920 жылы 28 шілдеде Ганди бүкіл Үндістанға: "1-тамыздан бастап қарым-қатынас жасамау қозғалысы басталады" деп жариялады. 31-шілде күні салтанатты түрде "хартал", яғни ораза мен сиыну арқылы дайындық болды. Осы кезде Ганди және оның комитеті күрестің бағдарламасын қабылдады:
1) барлық шен-шекпеннен, қызметтен бас тарту
2) үкімет жұмысына қатыспау және араласпау
1) сот және сот қызметкерлерінің ереуілі. Талас-тартыс жағдайларды төрелік сот арқылы шешу
2) мемлекеттік мектептерде оқушылар мен оқытушылар байкот ұйымдастыруы керек
3) конституциялық реформа кеңесіне байкот жариялау
4) үкіметтің барлық ресми тағайындаған қызметкерлерін мойындамау
5) барлық азаматтық, әскери қызметтерден бас тарту
6) свадеш қозғалысын дәріптеу, тарату (Swa - өзім; deshi - ел, ұлттық тәуелсіздік, экономикалық тәуелсіздік)
1920 жылғы ҮҰК қабылдаған, тарихта ерекше орын алған, отарлық әкімшілікпен қатынас жасамау туралы резольюциясының соңғы параграфында Гандидің ұсынысымен парилер институтын жоюды ұлт-азаттық күрестің бөлінбес бөлшегі ретінде қарастыру жазылған. Осылардың негізінде азаматтық бағынбаушылық пен қарым-қатынас жасамау қозғалысы басталып кетті.(1920-1921жж) Қозғалысқа шаруалардың басым бөлігі тартылды, ендігі жерде конгресс миллиондаған адамдар қатысқан ұйымға айналды. Дегенмен, қозғалыстың негізін ҮҰК белсенді мүшелері құрады, олар барлық көпшілік қатысатын жиын, мәжілістерді ұйымдастырумен айналысатын. 20-жылдардың басында белсенділердің саны 100 мыңнан асып кетті. [АиА2004132фюр].
Шаруа-арендаторлардың және плантация жұмысшыларының ірі жериеленушілерге қарсы азаматтық қарым-қатынас жасамау мен күш қолданбау арқылы күресті қолдануы елдің көп аудандарын қамтыды. Алайда, Мадрас провинциясының Малабар аймағында бұл күрес басқаша сипат алды. Онда, 1921 жылы мұсылман-арендаторлары (мопла) үндіс-помещиктеріне қарсы көтеріліс жасады. Көтеріліс полиция мен әскердің көмегімен басылып тасталынды. 1922 жылы ақпан айында Чаури-Чаура Құрама провинцияларында шаруалар полиция учаскесін, ішінде тығылып отырған полицейлерімен бірге өртеп жіберген. Бұл жағдай Гандиді жаппай азаматтық бағынбаушылық қозғалысын тоқтатуға мәжбүр етті.
1922 жылы өзінің апталық басылымы "Янг Индияда" Ганди Үндістанның президенті ең төменгі касталардың бірі бханги кастасынан шыққан қыз, ал премьер-министрі - Джавахарлал Неру болса екен деп армандаймын деп жазды. Осы жерде "біз қоғамдағы төменгі касталарға қатысты мәселелерді шешу үшін үлкен күш жұмсауымыз керек. Осы төменгі каста өкілдері өздері мойындамағанша, біз индуизмді реформалауда бір іс бітірдік деп айта алмаймыз " деген екен. Неприкасаемыйлар институтын жоюды Ганди бесінші каста (зертеушілердің ойы бойынша ол "варна" сөзінің орнына көп жағдайда "каста"сөзін қолдана береді екен, төменгі касталар төрт варналық жүиеге кірмейтін болғандықтан, тұрмыста панчаяма, немесе бесінші варна деп аталып кеткен ) деп аталып кеткен кастаны жою ретінде көрді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде панчамалар немесе бесінші варна өкілдері басқалармен бірдей құдық суын пайдаланып, мектептерге барып білім алуларына, брахман емес, яғни "таза" үндістерге берілген құқықтарды пайдалана алады, бірақ абыздардың (жрец) құықтарын емес.
Жалпы Ганди касталық жүиені толығымен жоюды көздеген жоқ, тек бір рет қана әлеуметтік реформатор Шри Нараяна Гурудың ықпалымен касталық жүиені жою туралы мәселе көтерген. Осы кезде "Янг Индия" газетінде "касталық жүиені қысқарту керек " деген Гандидің мақаласы жарық көрген.[Е87 ЕЮ264б]
1922 жылы "конструктивті жұмыс" бағдарламасы шықты, оған неприкасаемостьпен күрес, қолмен тоқуды үгіттеу, жергілікті тілдерде сабақ өтетін мектептер ұйымдастыру тағы басқа талаптары кірді. 1923 жылы "Ганди севак сангх" (Гандиге қызмет етушілер қоғамы) қоғамы құрылды. Осы ұйымның негізінде "Хариджан севак сангх"(ХҚҚ - Хариджандарға қызмет етушілер қоғамы) қалыптасты. [Ежегодник 87ЕЮ263б]
Азаматтық бағынбаушылық пен қарым-қатынас жасамау қозғалысын тоқтатқаннан кейін, Ганди тұтқынға алынды, бұл кезең ҮҰК үшін де, ұлт-азаттық қозғалыс үшін де ауыр кезең болды. 1924 жылы түрмеден шыққаннан кейін, ол өзінің "конструктивті бағдарламасымен", "қолмен тоқумен", мұсылмандар мен үндістер арасында ынтымақтастықты күшейтумен айналыса бастады. Бұл кезде конгресстің ішінде саяси ықпал 1923 жылы Мотиллал Неру мен Ч.Р.Дас қалыптастырған Сварадж партиясының қолына өткен. Сварадж партиясы свараджға (өзін-өзі басқару) заңшығарушы органдардың жұмысына араласу арқылы қол жеткізуді көздеді. Бірақ, 1926 жылғы сайлауда олар жеңіліс тауып, заңшығарушы органдардың құрамынан шығып ҮҰК негізгі құрамына қайта қосылуларына тура келді.[АиА20041Фю33
ҮҰК жұмыстары мен оның төменгі касталардың құқықтарын шектеуге қарсы жаппай күрес жүргізуде Ганди негізгі қозғаушы күш болды. 20-жылдардың басында әрбір Ұлттық корпус (добровольный корпус) мүшесі қабылдайтын анттың мәтініне өзгертулер енгізілді, мәтінге төменгі касталар туралы бөлімше енгізілді. Анттың жалпы мазмұны мынандай болды: "Үндіс ретінде, мен теңдік пен шындыққа сенемін. Касталық кемсітушілікті жою керек деп сенем, қолымнан келгенше төменгі каста өкілдерімен араласып, оларға көмек көрсетіп отырамын ". 1921 жылғы 6-қазандағы Credo:
1) Мен Веда, Упанишад, Пуранға сондай-ақ үнді қасиетті жазбаларының бәріне сенемін, яғни Аватар мен қайта жаңғыруға да сенемін.
2) Мен Варнашрама Дхармаға сенем (касталар диссиплинасы), бірақ Ведаларда жазылған түріне, бүгінгі күндегісіне емес.
3) Мен сиырдың қасиеттілігіне сенемін.
4) Идолдар культынан бас тартпаймын.
Теңдік туралы айтып отырған кезде тек үнді қоғамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының құрылуы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
1905-1908 жылдардағы Индиядағы революциялыщ өрлеу
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саласы
Сайлау технологиялары туралы
Дүние жүзі тарихы
Мемлекеттiң басқару нысандары
Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
Пәндер