Ғұмар Қараш



Көрнекті Алаш қайраткері, ойшыл ақын Ғұмар Қараштың (1875-1921) шығармаларын толық бастырып шығаратын уақыт келді.
Ғұмартанушы ғалым, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Мақсат Тәжмұраттың мәлім еткеніндей, Ғұмар Қараш – Алаш қозғалысына дейін-ақ ел өміріне ерте араласып, соңына бай мұра қалдырған ақын. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының көмегімен ауыл молдасынан сауат ашса да, кейін өзінің білім-беделі арқасында өз заманының ең көзі ашық, халқын алға жетелеген зиялы өкілдерінің қатарынан табылады. Ғұмардың бірінші қыры ұстаздығы болса, екінші еңбегі 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетін ашуда айқын көрінеді. Басқасын айтпай-ақ, әуелі Ордада, кейін Оралда жарық көріп тұрған аталмыш газет «Қазақстан» сөзін тұңғыш рет ресми қолдануымен де құнды, сонысымен де айрықша бағалы. Соның өзінен-ақ «Қазақстан» газетін (редакторы Елеусін Бұйрин) ашқандардың ойы ауыл-аймақ төңірегінде емес, тым әріде екендігі, болашақ ел мүддесін көздегені бірден сезіледі.
Ғұмар Қараш - әртүрлі мерзімді баспасөзде көп жазған қаламгер. Ол «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар Қарашұлы», «Ғабдолла Мұштақ» сынды есімдермен жариялап отырған. Ал «Қазақстан» газетінде ( 1911, № 2, мамырдың 27-сі ) жарияланған «Тіршілік таласы» атты мақаласына өзінің шыққан тегінен алып, «Оразақай» (Ғұмар Қараш, Кіші жүзге сіңген төрт таңбалы ноғай-қазақ руының Қояс тармағының Оразақайынан тарайды, атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлының тікелей ұрпағы) деп қол қояды. Сөйтіп бір кезде ауыл молдасынан дәріс алған ол қоғам ағысынан қалыс қалмай, халқының қамын ойлаған қайраткер ақын дәрежесіне дейінгі күрделі жолдан өтті. Ел тағдыры, дәуір сипаты, өмірдің өзекті мәселелері шығармаларының негізгі тақырыбына айналды.

Ғұмар Қараштың баспагерлік қыры да көп замандастарынан бұрын,

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ғұмар Қараш

Көрнекті Алаш қайраткері, ойшыл ақын Ғұмар Қараштың (1875-1921)
шығармаларын толық бастырып шығаратын уақыт келді.
Ғұмартанушы ғалым, республикалық Ана тілі газетінің бас редакторы
Мақсат Тәжмұраттың мәлім еткеніндей, Ғұмар Қараш – Алаш қозғалысына дейін-
ақ ел өміріне ерте араласып, соңына бай мұра қалдырған ақын. Жастайынан
жетім қалып, ағайын-туыстарының көмегімен ауыл молдасынан сауат ашса да,
кейін өзінің білім-беделі арқасында өз заманының ең көзі ашық, халқын алға
жетелеген зиялы өкілдерінің қатарынан табылады. Ғұмардың бірінші қыры
ұстаздығы болса, екінші еңбегі 1911-1913 жылдары Қазақстан газетін ашуда
айқын көрінеді. Басқасын айтпай-ақ, әуелі Ордада, кейін Оралда жарық көріп
тұрған аталмыш газет Қазақстан сөзін тұңғыш рет ресми қолдануымен де
құнды, сонысымен де айрықша бағалы. Соның өзінен-ақ Қазақстан газетін
(редакторы Елеусін Бұйрин) ашқандардың ойы ауыл-аймақ төңірегінде емес, тым
әріде екендігі, болашақ ел мүддесін көздегені бірден сезіледі.
Ғұмар Қараш - әртүрлі мерзімді баспасөзде көп жазған қаламгер. Ол
Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғабдолла
Мұштақ сынды есімдермен жариялап отырған. Ал Қазақстан газетінде ( 1911,
№ 2, мамырдың 27-сі ) жарияланған Тіршілік таласы атты мақаласына өзінің
шыққан тегінен алып, Оразақай (Ғұмар Қараш, Кіші жүзге сіңген төрт
таңбалы ноғай-қазақ руының Қояс тармағының Оразақайынан тарайды, атақты
жырау Шалкиіз Тіленшіұлының тікелей ұрпағы) деп қол қояды. Сөйтіп бір кезде
ауыл молдасынан дәріс алған ол қоғам ағысынан қалыс қалмай, халқының қамын
ойлаған қайраткер ақын дәрежесіне дейінгі күрделі жолдан өтті. Ел тағдыры,
дәуір сипаты, өмірдің өзекті мәселелері шығармаларының негізгі тақырыбына
айналды.

Ғұмар Қараштың баспагерлік қыры да көп замандастарынан бұрын, Қазан
төңкерісіне дейін-ақ кеңінен ашылған болатын. Алдымен өзі ұстаз тұтқан
қазақтың белгілі ақыны Шәңгерей Бөкеевтің қолдауымен ел аузынан жинаған
әдеби мұраларды құрастырып, Орынбордан Шайыр, Көксілдер атты екі жинақ
шығарса, кейін өз дүниелерін бастыруға көшеді. Ақынның кітаптары қай
жылдары жарық көргеніне қарап-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Атап
айтқанда, оның Бала тұлпар (Уфа, 1911), Қарлығаш (Қазан, 1911), Тумыш
(Уфа, 1911), Аға тұлпар (Орынбор, 1914), Тұрымтай (Уфа, 1918) аталатын
бес өлең, Ойға келген пікірлерім (Орынбор, 1910), Өрнек (Уфа, 1911),
Бәдел қажы (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген (ол
кезеңде қазақта мұндай кітап шығарған ешкім жоқ). Осының ішінде Аға
тұлпар кітабының шоқтығы ерекше биік. Ғұмардың замана халі мен табиғатты
салыстыра зерттеуінен өз бабасы Шалкиіздің әсері байқалса, бағзы дарқан
дала мен көшпелі өмірді еске алуда Шәңгереймен үндестігі айқын көрінеді.
Кейінгі жинақтарында ақынның қолтаңбасы дараланып, көркемдік деңгейі
көтеріліп, сөз өрнегі айшықтала түседі.
Белгілі зерттеуші Есмағамбет Ысмайыловтың Омар (Ғұмар – Ғ.Е.) –
Абайдан кейінгі дәуірдегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде іргелі
орын алатын ірі классик ақын, қазақтың жазба, көркем әдебиетін дамытуда,
әдебиет, тілін қалыптастыруда Омардың тарихи еңбегі ерекше. Омар – үлкен
суретші, шебер, көркемсөздің ұстасы. Ақынның қазақ поэзиясына кіргізген
жаңалығы да аз емес, деп баға беруі тегін емес. Сөйткен ақын мұрасы орыс
тілінде шыққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұмар Қараштың өмір жолын көрсету
Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары туралы
Ғұмар Қараш өмірі
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным
Пәндер