Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі



ЖОСПАР
І Кіріспе

1.1 Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Зейнетақының ең төменгі және орта мөлшері
2.2 Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу

ІІІ Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І Кіріспе

1.1 Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Зейнетақының ең төменгі және орта мөлшері

2.2 Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек
стажын есептеу

ІІІ Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығы бойынша реттеледi.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін зерттеу, мұндағы құрылу және басқару ерекшеліктерін айқындау және зейнетақымен қамсыздандыру заңындағы өзгерістер мен олықтыруларды келтіру болды.

Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі

Республикада 1998 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы" өз күшіне енді ( заңға сілтеме )

Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :
* ортақ жүйеден ( зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру);
Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген.
* жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қоры) (Зейнетақымен қамтамасыздандыру бөліміне сілтеме Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).
Зейнеткерлік жасы

Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге 63 жастан және әйелдерге 58 жастан.

Зейнетақының ең төменгі және орта мөлшері

Ең кіші зейнетақы жыл сайын заңды түрде бекітіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындар саны Республикада 1645,1 мыңға жуық.

Зейнетақының ең кіші мөлшері 2005-ші жылдың санағы бойынша 6200 теңгені құрады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2005-ші жылға 9142 мың теңгені құрады. 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік өзгерістерінің әрі-қарай тереңдетілу Бағдарламасына сәйкес, 2005-ші жылдың 1-ші маусымынан бастап, ортақ жүйеден зейнетақы деңгейін көтеруге мүмкіндік берген, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы - жас буынға әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге тартылған зейнетақыны төлеу мемлекеттік негізі енгізілді.
2005-ші жылғы 1-ші шілдесінен негізгі зейнетақыны төлеу есебімен зейнетақы төлемдерінің ең кіші мөлшері 9 200 теңгені құрады, негізгі зейнетақыны төлеу есебімен орта зейнетақының мөлшері 12142 теңгені құрады.
2006-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%. инфлияцияның деңгейінің озығына тиісті көтерілген.

Зейнетақы тағайындау үшін қайда бару керек

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін азаматтар, зейнетақыны тағайындау туралы өтінішті тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтарының аудандық (қалалық) бөлімшелеріне белгіленген барлық құжаттарды әкеледі. Зейнетақыны тағайындауға қажетті құжаттар тәртібі Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықта аталған.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы толығырақ

Республикада 1998-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының 1997-ші жылғы 20-шы маусымындағы мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңы өз күшіне енді Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады:
* ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру) (Зейнетақымен қамтамасыздандыру) Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлеу бөліміне сілтеме;
* жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату.

Зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының Заңнамалары
* 1997-ші жылдың 20-шы маусымындағы Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
* 2001-ші жылдың 25-ші наурызындағы Зейнетақыны тағайындау мен төлеу, мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеу, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен Орталықтан мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру тәртібі туралы Құрылымды бекіту туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің № 17-п Бұйрығы ;
* Міндетті зейнетақы төлемдері есебінен құрылатын зейнетақы жинағынан төленетін зейнетақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын құру ережесі;
* Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлік есептерінің әдісі;
* Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының тізімі;
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері

Реформадан қазіргі кезеңге дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері мыналар:
* зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі;
* зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
* азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
* зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілетті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
* азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
* жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
* әр азаматтың қосымша ерікті зейнетақы қамтамасыздығына құқығы;
* азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі.
Жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу

Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына жұмысшының айлық табысынан 10-пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын аударуды жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының есебінен де жүзеге асады.

Салымшының құқықтары мен міндеттері

Салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісім-шартының бір ғана тарапы бола алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын бір ғана жинақтаушы қорында ие бола алады.
Салымшы жылына екі рет өзінің зейнетақы жинағын, жинақтаушы бір қордан екінші қорға ауыстыруға құқығы бар.

Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат өзінің игілігіне ерікті зейнетақы салымдарын жасауға құқылы, онысымен зейнетақы қамтамасыздығының қосымша дәрежесін қалыптастырады. Сонымен қатар ерікті салымдардың салымшылары, алушының пайдасына жеке және заңды тұлға бола алады.

Еңбектері денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыздандыру мақсатында, өндіріс орындарындағы өте қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етушілерге ерікті мамандандырылған зейнетақы салымдары заңмен ескерілген.

Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық

Зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі өткізілген өзгерістер барысында, оның бөлімдерінің ең маңыздысы-зейнетақыны төлеу Мемлекеттік орталығы құрылды (Орталық). Орталық зейнетақы жинақтаушы қорында маңызды рөл атқарады, ең бастысы ақпараттық жүйелерді іске асырады. Орталық, міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығы
Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау
Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру саясаты
Жинақтаушы зейнетақы қорлаоынан зейнетақымен қамсыздандыру
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы
Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың құрамы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәні мен артықшылықтары
Халықты әлеуметтік қорғау және дамыту жүйесі
Пәндер