Дайын өнімнің өзіндік құн есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы «Дайын өнімнің өзіндік құн есебі»

Жоспар:

І. Кіріспе

1. 1. Дайын өнім түсінігі

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Өзіндік құн түсінігі

2. 2. Өзіндік құн анықтау әдістері

2. 3. Дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

2. 4. Дайын өнімнің өзіндік құнын құжатталуы

2. 5. Дайын өнімді кіріске алу есебі

2. 6. Дайын өнімді шығысқа шығару есебі

2. 7. Дайын өнімді есептен шығару (ақаулар) есебі

ІІІ. Қортынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

V. Қосымшалар

Кіріспе

Дамыған нарықтық экономикалық елдерде ондаған жылдардан бері бухгалтерлік есептің қаржылық және басқарушылық есепке бөлінуі өмір сүреді. Соңғы жылдары біздің елімізде де есеп жүргізудің басқарушылық және өндірістік есепке бөлінушілігі байқалуда. Есеп барған сайын көбірек бизнес тіліне айналуда.

Нарықтық қатынастарды дамыту: жекешелендіру, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар құру Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жеке салаларға бөліну қажеттілігіне әкелді. Әсіресе өндірістік есеп құруға айрықша назар аударылған. Бұл жүйеде өндірістен алынған кірістерді бағалау үшін өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын есептеп шығару мен өндіріс шығындарының есебі көрініс табады. 1996 жылдың 18 қарашасындағы №6 бухгалтерлік есеп жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Қаулысымен бекітілген субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары құрамында осы мақсатпен алғаш рет өндірістің түрлері мен үлгілері (типтері), өнім (жұмыс, қызмет) түрлері және тұтастай түрде кәсіпорын бойынша өндірістік шығындарды көрсету үшін «Өндірістік есеп шоттары» VІІІ бөлімінде көрсетілді.

Курстық жұмыстың мақсаты - өндіріс саласында дайын өнімнің өзіндік құн есебін көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орныдалуы керек:

  • Дайын өнімнің мәнін ашып, өндірістегі маңызын көрсету.
  • Дайын өнімнің бағалануын қарастырып, нақты өзіндік құнға сипаттама беру.
  • Дайын өнімнің калькуляциясын жүргізілуін көрсету.

1. 1. Дайын өнім түсінігі

Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.

Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімге сатылуға арналған өндірістік жұмыстар мен қызметтерді, сонымен қатар меншікті өндірістің жартылай фабрикаттардың құны апарылады. Субъектінің қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш өндіріс бойынша жоспардың орындалуы мен өнімнің сатылуы болып табылады.

Субъектінің өнімдер, жұмыстар мен қызметтер сатылуы тұтынушылармен жасасқан шаруашылық келісім-шарттардың орындалуы ретінде негізделеді Өнімнің бір бөлігін саудалық өзінің желілері арқылы сатуы мүмкін. Субъектінің ең маңызды міндеті бұл - келісім-шартында жазылған өнімнің саны мен сапасының, номенклатурасының сәйкес келуі, өнімді уақытында жеткізу сияқты басқа да міндеттерді орындауын айтамыз. Сатыпалушылармен жеткізілген өнімдерге мерзімде төлеу, әр субъектінің тұрақтылық жұмысы болып табылады.

2. 1. Өзіндік құн түсінігі

Өндіріс процессін өнім дайындау (өндіру) операцияларының жиынтығынан тұрады. Өндіріс процессін жүргізу үшін жанды және затқа айналдырылған еңбек (жұмыс күші, еңбек құрал жабдықтары) субъектіде сәйкесті шығындар қалыптасуына әкеледі. Нақты өнім дайындауға жұмсалған жалпы шығындар сомасы оның өзіндік құнын құрайды.

Өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің алдына қойылдатын талапқа:

  • нақты өндіріс көлемі мен жалпы өндірілген өнімді, ақшалай және заттай өлшемдері бойынша анықтау.
  • Өндірілген өнімнің нақты өзіндік құнын нақты, дәл, дұрыс есептеуін қадағалау жатады. Ол үшін өндірістің өнім шығару кезіндегі барлық шығындар мен олардың әрбір түрлері бойынша шығындарын ескеру керек.

Бұл жерде дайын өнімді өндірісте дайындауға жұмсалған шығындары өзіндік құнына жатқызу және жатқызбауды шектеу басты рөл атқарады. Сәйкесті бухгалтерлік есепте берілген әдістемелік ұсыныста (7 БЕС «Тауарлық материалдық қорларды есепке алу») субъект шығынның жіктелуімен құрамына байланысты өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өзіндік құнымен шығындарды, мерзім ішіндегі өзіндік құнға енбейтін шығындар деп танылған шығындарды анықтайды.

Өндіріс шығындарына қарағанда мерзім ішіндегі шығындарға тауарлық-материалдық қорлар қалдықтары мен аяқталмаған өндіріс көрсетіледі.

Бұлар шаруашылық өндірістеріне баға саясатын жүргізуге шешім қабылдау үшін маңызды рөл атқарады.

Дайын өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығаруға қажетті аяқталмаған өндірісті бағалау мен есепке алудың, негізгі өндіріс шығындарының есебін дұрыс ұйымдастыруда айқындаушы маңызы бар.

Өңдеудің барлық сатыларынан өтпеген және техникалық бақылау бөлімі қабылдамаған өнім, аяқталмаған өндіріс деп, оған жататын шығындар аяқталмаған өндіріс шығындары деп аталады. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары келесідей түрде бағаланады:

  • есептеп шығарудың барлық баптары негізінде нақты өзіндік құны бойынша;
  • дайындық дәрежесін ескере отырып (жаппай және ірі сериялармен өндіру) төте шығындардың әрбір бабы негізінде шығыстар нормалары бойынша;
  • үстеме шығындар пайызбен қабылданған бөлу базасы бойынша;
  • шикізат және материалдар шығыстарының құны бойынша.

Аяқталмаған негізгі өндірістегі шығындар есебі үшін активті материалдық шот 1340 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімі қолданылады, оның дебет шоты бойынша есепті кезең соңындағы (бұл сома қаржылық есепте, одан көзделетіндей есеп берушілікте (есеп-қисапта) өз көрінісін табу үшін) аяқталмаған өндірістің құны есептен шығарылады; келесі есепті кезең басында аяқталмаған негізгі өндіріс құны 8010 «Негізгі өндіріс» шотына қайтарылады.

Сонымен өндіріс процессі кезінде бухгалтерлік есептің объектісі дайын өнімнің (жұмыс, көрсетілген қызмет) өзіндік құны болып табылады. Ол экономикалық мазмұндарына байланысты төмендегідей элементтері бойынша топтастырылады:

  • материалдық шығындар
  • жұмыс күштердің жалақысына төленетін шығындарды
  • жалақы бойынша аудару
  • жасалу шығындары

Өнімнің өндірістік өзіндік құнын жоспарлаған кезде немесе есепке алу мен жұмысты талдағанда төмендегідей топтастырулар қолданылады.

  • Пайда болу орнына (өндіріс, цех, бөлімше) қарай, өндіріс процессі негізгі және қосалқы өндіріс болып екіге бөлінеді. Өндіріс (тізімі) тізбегі, шығын түрлері (тікелей және жанама, оларды өзіндік құнға жатқызу тәсілі) жоспарланған кезде жеке бөліп шығынды есепке алуға субъектінің (мекеменің) қаржылық есептеу саясатымен анықталады.
  • Өнім түрлері бойынша (жұмыс, қызмет көрсету) яғни өндіріс шығындарына жеке өнімдер түрлерінің өзіндік құны енгізіледі (қызмет түрлері)
  • Өнім түрлерінің өзіндік құнын шығынға енгізу (жатқызу) тәсіліне байланысты, олар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.

Жоғарыда көрсетілген шығындар қызмет қасиеттері кейбір өнім түрлерінің (жұмыс, қызмет көрсету) жөнелту шығындарына таралып жазған кезде маңызды рөл атқарады. Есеп беру мерзімінің санында тікелей шығындармен қосылып, таратылып жазуларда дайын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өндірістік өзіндік құнын құрайды.

Дайын өнімнің бір данасының өзіндік құны, материалдар құнының жалпы сомасына жалақы шығындары мен жөнелту шығындарының жиынтық сомасын қосып шығарылған өнімнің жалпы санына бөлу арқылы анықталады.

Мысалы , өндірісте 500 бұйым шығарылады.

Негізгі материалдар шығыны-25 000 теңге;

тікелей жалақы шығыны 20 000 теңге;

жөнелту шығындары-1теңге, бұйым данасының өзіндік құны төмендегідей жолмен есептелінеді.

Негізгі материалдар 50 теңге (25 000/500) ;

Тікелей жалақы шығындары 40 теңге (2/500) ;

Жөнелту шығындары 20 теңге (10 000/500) ;

. . .

Бұйымның жиынтық өзіндік құны 110 теңге.

Шығындар түрлері бойынша ақпарат белгілі болғанда өндіріс процессі аяқталғаннан кейінгі бұйымның өзіндік құны осылай анықталады.

Тәжірибеде өнім данасының өзіндік құнын келтіретін табыс, бұйымның ағымдағы өткізу бағасын анықтау мақсатында өндіріс процессі басталғанға дейін анықтау талап етіледі.

Бұл жағдайда бұйымның бағасын жуықтап анықталады.

Мысалы, бухгалтерлік есепте бұйым данасын дайындауға жұмсалатын болжамды шығын:

80 теңге материалдық шығын;

50 теңге тікелей жалақы шығыны;

30 теңге жөнелту шығындары;

негізгі материалдар 80 теңге;

жалақы шығыны 50 теңге;

жөнлету шығыны 30 теңге;

. . .

Бұйымның болжамды өзіндік құны 160 теңге.

Осы болжамды өзіндік құнына байланысты бұйымның өткізу құны қойылады да оларды өткізу үшін басқару шешімі қабылданады.

Өндірісі бар немесе өндірістік цехтары бар кәсіпорындар шығындарын есепке алу бойынша 8-ші бөлімнің шоттарын қолданады. Бұл шоттарда шығындар топтастырылады содан кейін калькуляция арқылы өнімнің өзіндік құны анықталады.

Өндірістік шоттарды есепке алудың синтетикалық есебі

р\р

Шаруашылық операция

Шот корресподенциясы

Д

К

р\р№: 1
Шаруашылық операция:

Өндіріске шикізат босатылды:

Шот корресподенциясы:
р\р№:

1. 1

Шаруашылық операция:

- негізгі өндіріске

Шот корресподенциясы:

8010

1310

р\р№:

1. 2

Шаруашылық операция:

- көмекші өндіріске

Шот корресподенциясы:

8030

1310

р\р№: 2
Шаруашылық операция:

Өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді

Шот корресподенциясы:
р\р№:

2. 1

Шаруашылық операция:

- негізгі өндірістегі

Шот корресподенциясы:

8010

3350

р\р№: 2. 2
Шаруашылық операция:

- көмекші өндірістегі

Шот корресподенциясы:

8030

3350

р\р№: 3
Шаруашылық операция:

Еңбекақыға әлеуметтік салықтар есептелді

Шот корресподенциясы:
р\р№:

3. 1

Шаруашылық операция:

- негізгі өндірістегі

Шот корресподенциясы:

8010

3150

р\р№:

3. 2

Шаруашылық операция:

- көмекші өндірістегі

Шот корресподенциясы:

8030

3150

р\р№: 4
Шаруашылық операция:

Үстеме шығындар есептелді

Шот корресподенциясы:

8010

8040

р\р№: 5
Шаруашылық операция:

Амортизация есептелді

Шот корресподенциясы:

8040

2420

р\р№: 6
Шаруашылық операция:

Коммуналды шығындар септелді

Шот корресподенциясы:

8010

3310, 8040

р\р№: 7
Шаруашылық операция:

Іс сапар шығындар есептелді

Шот корресподенциясы:

8010

1250

р\р№: 8
Шаруашылық операция:

Өнім дайын болғанда

Шот корресподенциясы:

1320

8010

2. 2. Өзіндік құн анықтау әдістері

Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізгі бағалай білудің үлкен маңызы бар. Қорларды бағалау әдісін таңдау:

  • өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамының регламенттелетін құжаттарына сәйкес келу;
  • мүлікті бағалауға қатысты, кәсіпорыннның есеп саясатын көрсету;
  • «Сатып алу немесе өндіру» шешімін қабылдау кезінде негізгі элемент болып қатысу;
  • өндірістік шығындарды бақылау жүйесімен келісімде болу сияқты талаптарға жауап беруі тиіс. .

ХҚЕС-на сәйкес № 2 «Қорлар» стандартында ТМҚ өндірістен босату тәртібі үш тәсілге негізделген, онда өзіндік құнын бағалауы орташа өлшенген құн, ФИФО және арнаулы идентификациялық тәсілдерімен жүргізіледі.

Орташа өлшемді құн бойынша - есепті кезен басындағы қалдықтарды ескеріп, есепті кезен ішінде кіріске алынған ТМҚ-дың орташа бағасын анықтауға негізделген.

ФИФО - бүл материалдық қүндылыңтарды олардың бастапқы қүны бойынша бағалау әдісі. Мүндай әдісте мынадай принцип қолданылады: «Бірінші топтама - кіріске, бірінші болып - шығыска», яғни материалдық қүндылықтардың шығынын оларды сатып алу қүны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды: алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдардың шығындарын есептен шығарады, одан кейін - екіншісін, содан кейін - үшіншісін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады. Бағалау тәртібі материалдарды жұмсаудың нақты кезектілігіне тәуелді емес.

Ерекше ұқсастыру (идентификация) - әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған ТМҚ бірлігінің өзіндік құны есептеледі. Арнайы тапсырыспен босатылады.

ЛИФО (ХҚЕС бойынша қарастырылмаған) - кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығындардың сәйкестілігін қамтамасыз етеді және инфляцияның құрылыс қызметі нәтижелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді. ЛИФО әдісімен бағалау кезінде, бірінші кезекте «соңғы топтама кіріске, бірінші болып шығысқа» принципі бойынша соңынан алынған немесе өндірілген қорлар құны есептен шығарылады.

Ай соңында қоймада қалған ТМҚ түгендеу нәтижесінде бағалар бойынша босатылғанды анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші әртүрлі тәсілді таңдауды есеп саясатында белгілейді.

Әр қолданған тәсілдің қорытындысын мына теңестірумен тексеріледі:

Б. қ. + Т. ө. = Ө. ө. + С. қ.

Осыдан :

Ө. ө. = Б. қ. + Т. ө. - С. қ.

Б. қ. - бастапқы қалдық;

Т. ө. - түскен өнім;

Ө. ө. - өткізілген өнім;

С. қ. - соңғы қалдық.

Мысалы:

«Мерей» ЖШС кәсіпорындағы материалдарды бағалау 4 тәсілмен қарастырайық:

1 қаңтарға ТМҚ қалдығы:

1300 бірлік*50 теңге=65000 теңге

Ай ішінде ТМҚ түсуі:

I топтама 100 бірлік*30 теңге=3000 теңге

II топтама 800 бірлік*45 теңге=36000 теңге

III топтама 950 бірлік*70 теңге=66500 теңге

Бір айдағы жиыны: 1850 бірлік 105500 теңге

Ай ішінде өндіріске босатылды: 1500 бірлік

  1. ФИФО (Бірінші түсті - бірінші сатылды)

I топтама 1300 бірлік*50 теңге=65000 теңге

II топтама 100 бірлік*30 теңге=3000 теңге

III топтама 100 бірлік*45 теңге=4500 теңге

Бір айдағы жиыны: 1500 бірлік 72500 теңге

Ай соңындағы қалдық:

700 бірлік*45 теңге=31500 теңге

950 бірілік*70 теңге=66500 теңге

Жиыны: 1650 бірлік 98000 теңге

  1. ЛИФО (Соңында түсті - бірінші сатылды)

I топтама 950 бірлік*70 теңге=66500 теңге

II топтама 550 бірлік*45 теңге=24750 теңге

Бір айдағы жиыны: 1500 бірлік 91250 теңге

Ай соңындағы қалдық:

250 бірлік*45 теңге=11250 теңге

100 бірлік*30 теңге=3000 теңге

1300 бірлік*50 теңге=65000 теңге

Жиыны: 1650 бірлік 79250 теңге

  1. Орташа өлшемді құндыколдансақ, алдымен топтамалар бойынша орташа құнды тауып алу қажет:

(65000теңге+105500теңге) /(130бірлік+1850бірлік) =170500/3150 = 54, 13 теңге/бірлік

Бір айдағы жиыны: 1500 бірлік*54, 13теңге/бірлік=81195 теңге

Ай соңындағы қалдық:

1650 бірлік*54, 13 теңге/бірлік=89315 теңге

Жиыны: 1650 бірлік 89315 теңге

  1. Ерекше ұқсастыру (идентификация)

Ай соңында бірінші топтамадан 500 бірлік, екінші топтамадан 50 бірлік, үшінші топтамадан 750 бірлік және төртінші топтамадан 350 бірлік қалғаны анықталды. Сонда:

Ай соңындағы қалдық:

500 бірлік*50 теңге=25000 теңге

50 бірлік*30 теңге=1500 теңге

750 бірлік*45 теңге=33750 теңге

350 бірлік*70 теңге=24500 теңге

Жиыны: 1650 бірлік 84750 теңге

Босатылған ТМҚ-дың санын анықтау үшін есеп жасалды:

1300 бірлік + 1850 бірлік - 1650 бірлік = 1500 бірлік

65000 теңге + 105500 теңге - 84750 теңге = 85750 теңге

Материалдарды әртүрлі тәсілмен бағалаудың кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастырайық:

ФИФО

ЛИФО

Орташа өлшемді

Ерекше теңістіру (идентификация), ұқсастыру

: Кемшіліктері
ФИФО:

Ескірген өндірістік шығындарға ұшыратады, пайданы көтереді және қорлар есебін күрделендіреді

ЛИФО:

Қорларды шынайы емес төмен бағалауға душар етеді және қорлар есебін күрделенді-реді

Орташа өлшемді:

Қорларды және өндірістік шығындар-ды шынайы мәнінен басқаша бағалауға әкеледі

Ерекше теңістіру (идентификация), ұқсастыру:

Түгендеуді өткізу үшін көп еңбек сіңіруді қажет етеді, қосымша шығындарға ұшыратады

: Артықшылық-тары
ФИФО:

ТМҚ шын бағалауды жүргізеді

ЛИФО:

Шын өндірістік шығындарға және пайданың оң-солға сақ, байыпты көрсеткіште-ріне әкеледі

Орташа өлшемді:

Қолда-нылуы қарапайым, есеп саны өте аз шамада

Ерекше теңістіру (идентификация), ұқсастыру:

Қорларды және өндірістік шығындарды нақты бағалауға әкеледі

Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр түрлі тәсілдерді таңдау, қорларды бағалау мүмкіндігі бар, бірақ тәсіл таңдалғаннан кейін ол дәйекті түрде бір есепті кезеннен соң екіншісінде қолданылуы тиіс. Алайда материалдың түрі үшін бір ғана тәсілді қолдануға болатынын есте ұстау қажет. Бағалау тәсілдерін таңдауды субъектінің есеп саясаты белгілейді. Егер түйінді негіз болған жағдайда тәсілді өзгертуге болады, мұндайда ауыстырудың себеп-салдарлары қаржылық есеп беруге түсініктеме хат-жазбада түсіндірілуі тиіс.

2. 3. Дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Шаруашылық активтерін бағалаудың негізгі принципі олардың нақты өзіндік құнын анықтау болып табылады. Өндірілген немесе сатып алынған өнімнің (тауарлардың) өзіндік құнын анықтау тәсілі калькуляция деп аталады. Калькуляция дегеніміз шығарылған өнімнің, көрсетілген қызметтің бір бұйымға немесе біркелкі топтастырылған бұйымның өзіндік құны. Калькуляция көрсеткіштері кәсіпорында жасалған өндірістік шығындарды бақылау, рентабельді анықтауға, резерв қалыптастыруға және өзіндік құнды тиімді жасауға пайдаланылады. Калькуляция құжат түрінде дайындалады. Онда шығындар калькуляция объектісі мен шығын баптары бойынша көрсетіледі.

Калькуляция құрылу уақытымен мақсатына қарай жоспарлы, нормантивтік, есеп беру түрлеріне бөлінеді.

Жоспарлы калькуляция - жоспарлау мерзім басындағы жоспарлау мерзім ішіндегі нормалы шығынға байланысты жоспарлы тапсырманы белгілейді.

Нормативтік калькуляцияда белгілі мерзімдегі шығынды есептей отырып, өнім дайындағанға дейінгі өзіндік құннан құрылады. Оның басты мақсаты-белгіленген нормадан тыс нақты шығындардың ауытқуына бақылау жасау болып табылады.

Есеп беру калькуляциясында - нақты шығарылған өнімдердің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өзіндік құндары анықталынады. Өнімнің бір данасын өндіруге кеткен өзіндік құнын жоспарлы құнымен салыстыра отырып, өндіріс орнының (мекеменің) жұмыс сапасын анықтауға болады.

Сонымен калькуляция бухгалтерлік есептің бір тәсілінің элементі болып табылады. Ол активтердің құнын өлшеу мен мекеменің шаруашылық қызметінің әрбір кезеңіндегі (жабдықтау, өндіру, өткізу) процестерінің құнын бағалау үшін қолданылады.

Жабдықтау -мекеменің (өндіріс орнының) жұмысын жүргізу үшін қажетті еңбек құрал-жабдығы (машина, құрал-жабдықтар, станоктар т. б. с. с. ), еңбек құралдары мен (шикізат, материалдар, жанар -жағар май) қамтамасыз ету.

Калькуляция көмегіне сүйене отырып, шаруашылық қызметінде келтірілген баптар бойынша тауарлық-шаруашылық қорларының (шикізаттар, материалдар, жанар-жағар май) қорлары дайындалады.

Өндіріс -шаруашылық қызметінің бұл бабында калькуляцияға сүйене отырып өндірілген өнімнің фабрикалық, зауыттық өзіндік құны анықталынады.

Өткізу -бұл бапта дайын өнімнің толық өткізу құны есептелінеді. Шаруашылық қызметінің әрбір бабтарында калькуляция өнімнің жоспарланған өздік құнын төмендетуді бақылау мен өнімнің бірлік мөлшерін өндіруге жұмсалатын шығын нормасын бақылап отыру үшін қолданылады.

Өздік құн әрбір өндіріс орнының жұмыс сапасын көрсетеді. Ол өндіріс орнына жіберілген есептегі қателіктер мен кемшіліктерді уақытында айғақтауға мүмкіндік береді. Калькуляцияны тұтастай объектіге жеке бұйымға құруға болады. Калькуляция құрудың дұрыстығына (нақтылығы) өзіндік құнды құраушы шығындарды тиісді топтастыру калькуляция құрылған объектінің шығындарын дәл есептеу жанама шығындарды тарату әдістерін таңдауға байланысты болады.

Калькуляция объектісі болып өндірістен шығарылатын өнім танылады (әр түрлі дайындық түрінде) :

  • өндірістен шығарылған жалпы өнім;
  • цехтар бойынша әр түрлі дайындық түріндегі бұйымдар;
  • цехтар бойынша жартылай фабрикаттар;
  • сыртқа өткізілетін (сатылатын) жартылай фабрикаттар;
  • цехтардың шаруашылық нәтижесін анықтау үшін шығарылған өнімдер.

Калькуляцияны есептеу үшін әр түрлі өлшеуіштер қолданылады:

  • табиғи (натуралды) - дана (штук), тонна, кг., киловатт/час, метр, куб. метр, литр . . . ;
  • іріленген натуралды - 100 пар (аяқ киім), шойын тонна, гектолитр (сыра) . . ;
  • жобалы - натуралды - 100%-ды қышқылды спирт, 1000 жоба банке . . . ;
  • құндылы -(тауар өнім шығыны теңгемен шығарылған немесе өткізілген бағаман) ;
  • жұмыстай - еңбекті - 1норма - z, 1норма-смена.

Құрылыс өндірісте, жөндеу жұмыстар кәсіпорындарда, автокөлік қызметтер көрсету кәсіпорындарда жасалған жұмыстар тонно-км. тасымалдау, машино-смена және басқа түрлері қолданылады.

Мысалы:

ЖШС «Тарлан» кәсіпорны жиһаз дайындаумен айналысады.

Осы кәсіпорынның қаңтар айы бойынша өндірілген өнім (жиһаз) бірлігінің нақты өзіндік құнын анықтайық:

Көрсеткіштер атауы

Сома (тг. )

№:

1.

Көрсеткіштер атауы:

Шикізат пен материалдар

(фурнитура, тақтайлар, мата және т. б. )

Сома (тг. ):

2

№:

2.

Көрсеткіштер атауы:

Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы төленді

Сома (тг. ):

15

№:

3.

Көрсеткіштер атауы:

Өндірістегі жұмысшылардың

еңбек ақысына әлеуметтік салық және төлем есептелді

Сома (тг. ):

3

№:

4.

Көрсеткіштер атауы:

Өнімді буып-тию шығындары (қорап)

Сома (тг. ):

6420

№:

5.

Көрсеткіштер атауы:

Технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия

(Коммуналдық шығындар)

Сома (тг. ):

15250

№:

6.

Көрсеткіштер атауы:

Жал шығындары

Сома (тг. ):

20560

№:

7.

Көрсеткіштер атауы:

Өндірісте пайдалынған МЕА мен НҚ-ға амортизация есептелді

Сома (тг. ):

2350

№:

8.

Көрсеткіштер атауы:

Нақты өзіндік құнның жиыны

Сома (тг. ):

424580

№: 9.
Көрсеткіштер атауы:

Ай ішінде өндірілген өнімнің саны

Сома (тг. ):

25

№: 10.
Көрсеткіштер атауы:

Өнім бірлігінің нақты өзіндік құны

Сома (тг. ):

16983, 2

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймаға дайын өнім
Тауарлар және дайын өнім есебі
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Калькуляциялау принципі
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Сомасы ағаш шығыны опилка шығыны
Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі
Көмекші өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындағы дайын өнімнің есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz