Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Әдебиетке шолу

1. 1 Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы.

1. 2 Бидай және арпа дақылдарының бастапқы тұқым шығару үрдісіне сипаттама.

1. 3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұқым шаруашылығына сипаттама.

2. «Алтын төбе» тәжірибелік бекетіндегі өсімдік шаруашылығының жағдайлары.

3. Облыстың табиғи-климаттық жағдайы.

4. Негізгі бөлім.

4. 1. Материалдар мен әдістемелер.

4. 1. 1. Дипломдық жұмыста қолданылған материалдар.

4. 1. 2. Зерттеу жұмыстарының әдістемелік негіздері.

4. 2. Зерттеулік жұмыстардың нәтижелері.

4. 2. 1. Бидай мен арпаның бастапқы және өндірістік тұқым шығару үрдістері.

4. 2. 2. Тұқымның сорттық және себістік сапасы.

4. 2. 3. Бидай мен арпаның сорттық тұқымын өндіру технологиясының ерекшеліктері.

4. 2. 4. Бидай мен арпаның тұқым тазалау, кептіру және сақтау ерекшеліктері.

4. 2. 5. Бидай мен арпа өнімін өндірудің агротехникалық негіздері.

4. 2. 6. Топырақ өңдеу ерекшеліктері.

4. 2. 7. Тыңайтқыштар

4. 2. 8. Тұқымды себіске даярлау және себістік мерзімдері.

4. 2. 9. Егістікті күту.

4. 2. 10. Өнім жинау.

5. Тұқым өндірудің ээкономикалық тиімділігі

6. Еңбекті қорғау

7. Табиғатты қорғау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Белгілер және қысқартылған мәндер.

МҮҚ - мемлекеттік үлгі қалып.

АӨК - агро өнеркәсіп кешені.

МШК - мүмкін шекті концентрация.

Анықтама

Дотация -

Сорт ауыстыру -

Сорт жаңарту -

Вегетация бойында егістікті ауру, зақымдалған, бөгде сорттық, дақылдық өсімдіктерден және арам шөптерден тазалау - фитотазарту жұмыстары жүргізіледі.

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі көлеміндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі айтарлықтай (8, 1-8, 7пайыз) . Ауыл шаруашылығы адам тіршілігіне қажетті азық-түлік өндіреді, мал шаруашылығын мал азығымен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы негізін жасыл өсімдіктер құрайды, сондықтан олар ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып табылады. Өйткені өсімдіктер күн сәулесінің қуатын пайдаланып, топырақ пен ауадағы органикалық емес заттардан органикалық заттар (көмірсулары, ақсыл, май, дәрумен, т. б. ) түзеді. Адамзаттың азық-түлікке пайдаланатын өсімдік өнімдері ұдайы өндіріліп отыруға тиіс, себебі ауыл шаруашылығы өнімдері ұзақ уақыт сақтауды көтермейді, бұзылып істен шығады. Осыған сәйкес аграрлық өнеркәсіп кешенінің басты бір саласы - өсімдік шаруашылығы жоғарыда аталған міндеттерді ойдағыдай шешуде үлкен маңызға ие болады.

Өсімдік шаруашылығының ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде өнеркәсіп өндірісінен ерекшеліктері бар: басты ерекшелігі - маусымдық өсімдіктер жылдың жылы, аязсыз кезеңінде ғана өсіп-жетіліп жаңа өнім береді; қоршаған орта факторларына байланыстылығы (жылу, ауа, қоректік заттар, ылғал, күн сәулесі, т. б. ) және дақылдардың өсіру технологиясына тәуелділігі.

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа бір саласы - мал шаруашылығымен тығыз байланысты: өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз етсе, өз кезегінде мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыштар (көң, т. б. ) береді, ал соңғысы өсірілетін дақылдардан мол өнім алуға, топырақ құнарлылығын арттыруға мүмкіндік жасайды.

Жер шарында ауыл шаруашылығы өсімдіктері 1 млрд. га-дан астам егістік жерлерде өсіріледі, оның ең көбі - дәнді (астық және бұршақ) дақылдар 750 млн гектар, 110млн гектар майлы дақылдар (күнбағыс, майлы зығыр, майбұршақ, қыша, т. б. ), 30млн гектардан астам талшықты дақылдар (мақта өсімдігі, талшықты зығыр, т. б. ), 18млн гектар картоп, 3, 5млн гектар шамасында қант қызылшасы, т. б.

Қазақстанда 2001 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 16, 7 млн. га болса, оның ішінде дәнді дақылдар 13, 2млн. га (оның 10, 8 млн. га еліміздің басты дақылы - бидай) жерге, майлы дақылдар 349, 5 мың га (оның ішінде күнбағыс - 255, 4 мың га), мақта өсімдігі 184, 7 мың га, картоп 162 мың гектар, қант қызылшасы 19, 7 мың га егістік алқаптарда өсіріледі. Мал азықтық дақылдар 2, 6 млн. га егістікке орналастырылды.

Дәнді дақылдардың егістік құрылымында еліміздің басты азық-түліктік дақылы - бидайдың үлесі 80 пайыз шамасында. Одан кейінгі орында арпа (16 пайыздан астам), әрі қарай сұлы, тары, жүгері, т. б. орналасқан.

Келтірілген деректер қаншалықты қомақты болғанымен, біздің елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келелі мәселелер жеткілікті. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауына»(2002ж) сәйкес жасалған Қазақстан Республикасының 2003-2005жж арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат базасының өсуі және мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайту көзделген. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету, химияландыру, өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығын дамыту және т. б. шаралар қарастырылған.

Жоғарыда келтірілген жолдардың ішінде соңғысын саралау осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады. Тұқым шаруашылығы елімізде бұрынғы КСРО заманында құрылып, дами бастады. Тұқым шаруашылығы белгілі бір жүйеге келтірілген болатын. Бірақ кезінде дүние жүзіндегі ең ірі екі мемлекеттің біреуі болған Кеңес Одағы жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдарында терең экономикалық дағдарысқа ұшырады. Мұның арты әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге әкеліп соқты. КСРО ыдырағаннан кейін еліміздегі барлық жүйелер бұзылып, капиталисттік (нарықтық) жүйеге сәйкестеліп құрыла бастады. Ауыл шаруашылығының басты тіректері - совхоз бен колхоздар ыдырап, барлығы талан-таражға салынды. Олардың орнына жеке меншіктер құрылды. Өйткені нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады. Әміршіл-әкімшілік экономикаға тән «әкімшілдік адам» моделінің орнына ақыл ойына жүгініп жұмыс істейтін, өз пайдасын ерекше ойлайтын, ілкімшіл де іскер, нартәуекелге бара білетін, өз қимылына жеке жауапкершілікпен қарайтын «экономикалық адам» келуі керек болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығына аз көңіл бөлінді. Міне, қазір енді сол бұрынғы жоғалтылған жетістіктерге қайта қол жете бастады. Тұқым шаруашылығы толығымен дерлік мемлекет бақылауына алынды. Мемлекеттік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар бере бастады. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады.

Аталған міндеттер мен шешу жолдары өздігінен орындалмайды. Әрбір диқан, ауыл шаруашылығы мамандары, агрономдар, басшылар - ғылым мен өндірістік тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып

«Алтын төбе» тәжірибелік бекетіндегі өсімдік шаруашылығының жағдайлары.

РМҚШ «Алтынтөбе» тәжірибе бекеті - Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе селосында орналасқан. Шаруашылық 1968 жылы ашылған «Алтынтөбе» совхозының негізінде құрылған болатын. Шаруашылықтың басты бағыттары ауылшаруашылық дақылдары мен мал азықтық дақылдарының элиталық тұқымдарын шығару болып табылады.

Қазіргі уақытта шаруашылық келесідей материалдық техникалық базамен жабдықталған: 14694 гектар егіс алқабы, 2 қырман, 3 астық қоймасы (астық тазалайтын техникаларымен), бір орталық гараж, 4 жөндеу парктері және 1 орталық жөндеу шеберханасы, «Беларусь» маркалы 31 доңғалақты тракторлар, 12 шынжырлы тракторлар, 9 астық жиғыш комбайндар, 30 автомашиналар, ауыл шаруашылығы машиналары мен жерді өңдеу құралдарының толық саймандары.

Аудан орталығы Қазығұрт селосынан 50 км қашықтықта, облыс орталығы Шымкент қаласынан 80 км қашықтықта орналасқан. Шаруашылық-климаттық тұрғысынан аудан аумағы өте ыстық, құрғақ, жартылай шөлейтті және тау аймағында орналасқан. Жер құрамында негізінен таулық-далалық және қаралау-сұрғылт топырақтар басым.

Тәжірибе бекетінің негізгі бағыты - ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығы. Өсірілетін негізгі тұқым түрлері:

1. Дәнді дақылдардың элиталық тұқымдары

2. Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің элиталық тұқымдары.

3. Майлы дақылдардың элиталық тұқымдары.

4. Элиталық тұқым шаруашылығындағы ауыл шаруашылық дақылдарын

өндірудегі ғылыми негізделген технологияларын құру.

Қосымша жүретін жұмыстар:

1. Бау-бақша өсіру.

2. Мал азықтық жемшөп өндіру.

3. Ұн өндіру.

Мұндай жұмыстарды атқаруға шаруашылықтың келесідей артықшылықтары бар:

1. Элиталық тұқымдарға сұраныстың молдығы.

2. Өз егіс алқаптарының болуы.

3. Барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылуы.

4. Басшылар мен қызметкерлердің қажетті дәрежедегі біліктіліктері.

Қызметкерлер. Қазіргі уақытқа дейін шаруашылықта 30 адам жұмыс істеген. 2007 жылдан бастап өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты жұмысшылар саны 55 адамға жеткен. Шаруашылық Оңтүстік Батыс ғылыми өндірістік орталығымен және Қызылсарқырама СОС-пен тығыз қарым қатынаста жұмыс жүргізеді.

Қаржылық жағдайы. 2005 жылға дейін шаруашылықтың кредиторлық қарызы 38 млн. теңгені құраған. Шаруашылық кризистік жағдайда деп бағаланған. 2005 жылдан бастап 3 жылдық жоспар бойынша (2005-2007) шаруашылық қарыздардан толығымен құтылып, 2007 жылы таза пайдаға жетуді жоспарлаған. Шаруашылықтың бәсекелестер алдындағы ұтымды жақтары - сапалы өнім мен төмен баға.

Сыртқы қарыздарын төлеу графигі

Жыл
Таза пайда табу жоспары, млн. теңге
Жыл соңындағы кредиторлық қарыздар, млн. теңге
Кредиторлық қарыздарды төлеуі, млн. теңге

Жыл соңындағы кредиторлық

қарыздардың

қалған бөлігі, млн. теңге

Жыл соңындағы таза пайда, млн. теңге
№:

1

2

3

Жыл:

2005

2006

2007

Таза пайда табу жоспары, млн. теңге:

13

34

55

Жыл соңындағы кредиторлық қарыздар, млн. теңге:

45

47

32

Кредиторлық қарыздарды төлеуі, млн. теңге:

8

25

40

Жыл соңындағы кредиторлыққарыздардыңқалған бөлігі, млн. теңге:

37

22

-

Жыл соңындағы таза пайда, млн. теңге:

-

-

8

Шаруашылықта өндірілетін өнім түрлері:

Күздік бидайдың «Южная 12» сорты. Жаңа сорт, жұмсақ бидайдың бірнеше сорттарын будандастыру (Красноводопадская25* Безостая1* эритроспермум 7020) әдісімен шығарылды. Авторлары - В. Ф. Марко, Р. А. Оразалиев. сорттың сабақтары бірқалыпты, төгілмейді, жеңіл бастырылады, минералды тыңайтқыш қолданылып, ылғалдылық жеткілікті болса, өнім арта береді. Сорт ерте піседі (егілу мен қамырлану аралығы 242-246 тәулік) . Қуаңшылыққа шыдамды, қысқа төзімділігі орташа, ауруға аз шалдығады. 1000 дәнінің салмағы -42-47гр. Биіктігі орташа (103-118см), сабағы берік құламайды. Сорттың химиялық және нандық қасиеттері жақсы. Белок 12, 7, клейковина 27, 2-31, 2 пайыз.

«Память 47» (қос жарналы) күздік және жаздық бидайы. Сорттың авторы - В. Ф. Марко. масағы ұршық пішіндес, ұзындығы 9-11см, тығыщдығы - 10см діңгекке 17-20 дана масақша. Қылтығы шашыраңқы, сояулы 4-6см. Масақ қабығы ланцет пішіндес, тамырша жүйесі білінер-білінбес. Дән орташа ұзыншы пішінді, 1000 дән салмағы 40-48гр, шыны түстес көп тұрса да төгілмейді, жақсы бастырылады. Сабағы мықты, құламайды (4, 5-5 балл), биіктігі 90-100см. Кейбір жылдары піскен кезде масақ қабығы күңгірт түске боялады. Сорт тез піседі, көктемде егілсе 105-120 тәулікте өсіп жетіледі, күздік көрсеткіш 240-242 тәулік. Нандық қасиеті жақсы, белок 14-16пайыз, клейковина 28-36, 8 пайыз, ұнынынң мықтылығы 316-536е. а., 100г ұннан пісірілген нанның көлемі 1150мг.

Жаздық арпаның «Бәйшешек» сорты. Масақ тығыздығы орташа, екі қатарлы. Масақ пен мұртша сабан түсті сары. Сорт ерте піседі, құлауға төзімділігі орташа. Гельминтоспориоз және шық ауруын қабылдау дәрежесі орташа деңгейде. Сорт қуаңшылыққа төзімді, өсіп жетілуінің алғашқы кезеңдерінен бастап тез өседі. Бұл тәлімі жер жағдайында биомассаның тез жиналуына және өнімділіктің жоғары болуына аса қажет. Сорттың ең жоғары дән өнімділігі 1979 жылы гектарына 44, 4ц болды.

Шаруашылықтың өндірілген өнімінің барлығы тек ішкі нарыққа шығарылады. Өндірілген өнім келесідей тұтынушыларға беріледі:

1. І-ІV репродукциялы тұқым өндіруге мамандандырылған шаруашылықтарға.

2. Тауарлық астық өндіретін шаруашылықтарға.

Облыстың табиғи-климаттық жағдайы.

Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Әкімшілік орталығы - Шымкент қаласы.

Облыстың оңтүстігі - Өзбекстан Республикасымен, батысы Қызылорда, солтүстігі Қарағанды, шығысы - Жамбыл облыстарымен және Қырғыз Республикасымен шектеседі.

Облыс көлемі 117, 4 шаршы км. Әкімшілік-шекаралық құрылымына облысқа қарайтын 4 қала, аудандық 4 қала, ауыл шаруашылығымен айналысатын 11 аудан және 3 қалалық аудан кіреді.

Оңтүстік Қазақстан облысының шығыс бөлігі Тұран алқабында, ал батыс бөлігі Тянь-Шань тауының бір бөлігінде орналасқан. Облыс жері бедеріне қарай төрт бөлікке: солтүстік, оңтүстік-батыс-жазықтық, жазықтық-оңтүстік және таулы оңтүстік-шығыс-таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс бөлігі, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және батыс Тянь-Шаньның бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге - солтүстік және оңтүстік бөлікьерге бөліп жатыр.

Қаратау жотасының Сырдария өзені жаққа қараған оңтүстік-батыс беткейлері жайпақ келеді, шағын өзендер суымен жақсы суарылады. Мойынқұмға қараған солтүстік-шығыс беткейлері жайпақ келеді, шағын өзендер суымен жақсы суарылады. Мойынқұмға қараған солтүстік-шығыс беткейлері көбінесе тік, жартасты келеді де, өсімдіктері мен ағын сулары тапшы болады. Мойынқұм мен Қаратаудың солтүстік аңғарларының аралығын тау бөктеріндегі сұр топырақты енсіз жазық алып жатыр. Бұл бөлік егіншілікке, негізінен алғанда суармалы егіншілікке жарамды келеді.

Облыстың қиыр солтүстігін Бетпақдала үстіртінің батыс бөлігі алып жатыр. Үстірттің оңтүстік кемерінде Шу өзенінің кеуіп кететін төменгі алқабы орналасқан.

Облыстың оңтүстік-батыс жағында Қызылқұм шөлі бар, ол оңтүстікке қарай бірте-бірте Мырзашөлдің көтеріңкі жазығына ұласады, Шығыста облыстың Киров атындағы каналдың суымен суарылатын негізгі мақталықтары орналасқан. Қызылқұм шөлі мен Батыс Тянь-Шаньның бөктерлері аралығын оңтүстіктен солтүстікке қарай кеңи түсетін Сырдария өзенінің аңғары алып жатыр. Соңғы жылдары бұл аңғарда күріш егісі ұлғайтылуда.

Өзендердің бәрі де Сырдария мен Шу өзендерінің бассейндеріне жатады. Ең ірі өзен - Сырдария, Облыс жеріндегі оның ұзындығы 540 километр. Қаратау жотасының солтүстік-шығыс беткейлерінде тау бөктерлеріне барып жойылып кететін шағын өзендер де бар.

Климат. Оңтүстік Қазақстан облысының климат жағдайы әр түрлілігімен ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешеленеді. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар аз жауады. Орташа температурасы 0С-тан жоғары болатын аязсыз күндерінің ұзақтығы солтүстікте 8 ай болса, оңтүстікте 10 ай. Жылдық орташа температурасы 8-14С аралығында болады.

Жылдың ең суық айы - қаңтар. Бұл айдағы орташа температура оңтүстікте минус - 0С-тан солтүстікте минус 10С-қа дейін. Температураның ең төменгі көрсеткіші кей жылдары 30-35С суықтықты көрсетеді. Ең ыстық ай - шілде. Бұл айдағы орташа температура солтүстікте 24С, оңтүстікте 35Сшамасында. Температураның ең жоғары көрсеткіші 40-45С -ді көрсетеді. Шөл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150мм, жартылай шөл аймақта -250-300мм, ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800мм. Жауын-шашын әр мезгілде әр түрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жазда жауады (5-7пайызы) . Қысқы және көктемгі жауын-шашын жылдық мөлшердің 70-80 пайызын құрайды.

Топырақ. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи климаттық жағдайы жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі. Сондықтан топырақтың әр түрлі қалыптасуына әкеліп соғады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының қызметкерлері жасаған топырақ картасына сәйкес топырақтың 24 түрі бар. Олардың басым көпшілігі төмендегідей:

  1. Таулы қоңыр топырақ.
  2. Қоңыр топырақ.
  3. Күңгірт сұр топырақ.
  4. Кәдімгі сұр топырақ.
  5. Ашық сұр топырақ.
  6. Қоңыр сұр топырақ.
  7. Көгалды сұр топырақ.
  8. Тоғайлы топырақ
  9. Сортаң топырақ.
  10. Тұзды топырақ.
  11. Құмдар.

Ауыл шаруашылығы үшін ең маңыздылары қоңыр, сұр және шалғынды

сұр топырақтар. Шөл аймақ сұр қоңыр топырақты болып келеді. Сұр қоңыр топырақтар тұзды және сортаң генетикалық түрлерге бөлінеді. Ауыл шаруашылығында әлсіз дамыған сұр қоңыр топырақты жерлер жайылым ретінде пайдаланылады. Бұл топырақтарды өңдеп, егіншілік жүйесін жүргізу мүмкін емес.

Тау маңындағы ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақтың топырағы кәдімгі сұр топырақты және теңіз деңгейінен 400-600м биіктікте орналасқан. Бұл аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы орталық тұсының барлығын алып жатыр және бұған Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Түркістан(бір бөлігі), Арыс(бір бөлігі), Бәйдібек(бір бөлігі), Қазығұрт(бір бөлігі), Түлкібас(бір бөлігі), Төлеби (бір бөлігі) аудандары кіреді.

Топырақ құрайтын жыныстар ылғалдылық жағдайына және жер бедері ерекшеліктеріне байланысты кәдімгі эродирленген және аз дамыған генетикалық түрлерге бөлінеді. Бұл топырақтар тұзданбайды. Сондай-ақ бұл белдеудің агрошаруашылықта маңызы өте жоғары. Мұнда дәнді дақылдар және мал азығындық дақылдар (жоңышқа) өсіріледі. Таулы аймақтың топырағы таулы қоңыр, қоңыр және күңгірт сұр топырақты болып келеді.

Бұл аймақтың топырағы күрделі, рельефті және эллювиальді-

деллювиальды шөгінділер қалыптасқан, соның ішінде аз жетілген, эродирленген, тасты-қиыршық тасты түрлері кездеседі (әлсіз, орташа, қатты тастанған немесе қиыршық тасты және т. б. )

Ауыл шаруашылығына жарамдылығы жағынан бұл аймақ (таулы қоңыр, күңгірт, сұр топырақ) мал жайылымы болып бағаланады. Тау қойнауында бау бақша егіп, өркендетуге мүмкіндік бар. Тау бөктеріндегі және тау арасындағы тегістіктер жер өңдеуге қолайлы, атап айтқанда, дәнді және азықтық дақылдар егуге мүмкіндіктер мол.

Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді.

Суармалы және тәлімі егіншілікті бірдей дәрежеде өркендетуге болатын аралық алқаптар да бар. Егіншілікке қолайсыз биік таулы жерлерді жайылымға ғана пайдалануға болады. Тау бөктерінде біршама жақсы ылғалды белдеу орналасқан. Ол жауын-шашыны жеткілікті, егіншілік үшін тұрақты тәлімі жер болып табылады. Беткі қабаты - таулы дала топырағы, сілтісіз қара қоңыр топырақ. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептәуір айқын рельефті ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр. Ең оңтүстік бөлікте көгалды, тек суармалы егіншілік үшін ғана жарамды көп карбонатты сұр топырақ басым келеді. Облыстың табиғат жағдайының жалпы белгілері осылар. Ал енді «Алтын төбе» тәжірибелік бекеті орналасқан Қазығұрт ауданына келетін болсақ, ауданның жер көлемі 4, 1 мың шаршы километр болып, облыс жерінің (аумағының) 6, 1 пайызын құрайды. Аудан халқының 2004 жылдың 1-шілдесіндегі саны 95, 5 мың адам. 1 шаршы км жерге орта есеппен 23 адамнан келеді.

Аудан орталығы - Қазығұрт ауылы облыс орталығынан 70 км қашықтықта орналасқан. Шаруашылық-климаттық тұрғысынан аудан аумағы өте ыстық, құрғақ, жартылай шөлейтті және тау аймағында орналасқан. Жер құрамында негізінен таулық-далалық және қаралау-сұрғылт топырақтар басым. Топырақты өңдеу қабатының тереңдігі 25-27 см. Топырақтағы қарашірік (гумус) мөлшері 1, 5-2, 4 пайыз. Топырақ құрамында фосфор мен калий минералдық тыңайтқыштарының жылжымалы мөлшері жеткілікті болып табылады. Жердің құнарлылығын арттыру мақсатында ең тиімді ауыспалы егіс жүйесі мен минералдық тыңайтқыштар қолданылады. Құнарлылығы орташа, қыратты, жақсы суармалы жерлер Қаржантау жоталарына дейін созылады (2824м) . Қазба байлықтарынан Қаржантау тауларында алтын, шыны шикізаты қорлары және минералды тұздар мен минералды жер асты сулары бар.

Аудан құрамына 12 ауыл әкімшілгі кіреді және онда 61 елді мекен бар. Ауданда мал шаруашылығы жақсы дамыған, ал егіншіліктен дәнді дақылдар және өсімдік майларын алатын дақылдар егіледі.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы.

Халық шаруашылығында бидай және арпа дақылдары ерекше орын алады. Халық үшін дәнді дақылдар тағамдық өнімнің көзі және мал шаруашылығы үшін азықтық жем ретінде маңызы зор. Соның ішінде бидай - бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық - түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60 пайызындайы бидайдан алынады [1] .

Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың аса бағалы қасиеттері бар. Олардың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Астық тұқымдастар және тұқым себу мөлшерін анықтау
Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту
Ауыспалы егістіктің құрамы
Арпа аурулары
Арпа дақылының зиянкестері
Дәнді астық дақылдарының қоректік құндылығы
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz