Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны



Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны

I. Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
1.1 Сақтандыру нысандары
1.2 Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
1.3 Сақтандыру шартының нысаны
II. Сақтандыру жағдайы
2.1. Сақтандыру сыйлықақылары
2.2. Сақтандырушының мiндеттерi
Пйдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны

Мазмұны

Кiрiспе

. Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
0.1 Сақтандыру нысандары
0.2 Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
0.3 Сақтандыру шартының нысаны
. Сақтандыру жағдайы
2.1. Сақтандыру сыйлықақылары
2.2. Сақтандырушының мiндеттерi

Қорытынды

Пйдаланылған әдебиеттер тiзiмi

ЖОСПАР

І Кіріспе

1.1 Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
2.2 Сақтандыру шартының нысаны

ІІІ Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады. Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледi.
Сақтандыру нысандары
1. Сақтандыру нысандары:

1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;

2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;

3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.

Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
Мiндеттi сақтандыру - егер сақтандырудың мiндеттi түрлерiн реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, талаптары тараптардың келiсiмiмен айқындалатын, заңнамалық актiлердiң талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.
Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн заңнамалық актiлерде тәртiбi мен талаптары белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшiн мiндеттi болып табылады.
Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң
бұзылу зардабы
Заң актiлерiне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актiлерiнде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады. Заң актiлерiмен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға осы Кодекстiң 806-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда одан жалтаратын сақтандырушыны заң актiлерiнде көзделген талаптарда сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Жеке және мүлiктiк сақтандыру
Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн. Мүлiктi және оған байланысты мүлiктiк мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға жатады. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және осы Кодекстiң 115-бабында көзделген өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.

Жинақтаушы сақтандыру
Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның iшiнде сақтандыру шартында белгiленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады. Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгiлерi бар Сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.
Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкiн. Аннуитеттiк сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.

Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.
Сақтандырылған адам
Сақтандырылған адам - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.Заңнамалық актiлермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретiнде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделерi (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкi және мүлiктiк мүдделерi (сақтандырылған адамның мүлiктiк сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi болады. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс.Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға сақтандырылған адамның келiсiмiн алуы тиiс.
Мiндеттi сақтандыру кезiнде, сондай-ақ топтастырылып иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде, шарт жасасу үшiн оның өзi сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келiсiмi талап етiлмейдi. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкiн сақтандыру жөнiндегi қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп соғады. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы. Сақтанушы үшiншi адамды сақтандыру жөнiндегi өз мiндетiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, соңғысы осы Кодекстiң 808-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шараларды қолдануға құқылы. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтары осы Кодекстiң 22-24-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды. Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу құқығы сақтанушыға көшедi. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және сақтандырылған адамның мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады. Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады. Үшiншi адамның (сақтандырылған адамның) пайдасына жасалған сақтандыру шартына осы Кодекстiң 391-бабының осы бап ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiндегi ережелерi қолданылады.

Сақтандыру жағдайы
Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiмен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының мiндетiне жатады.

Сақтандыру сыйлықақылары
Сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы. Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заңнамалық актiлермен белгiленедi.Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен белгiленуi мүмкiн. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады. Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн.
Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезектi сақтандыру жарналарын белгiленген уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн. Егер сақтандыру жағдайы енгiзу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.

Сақтандыру сомасы
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегi сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.
Сақтандыру сомасының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заң актiлерiнде белгiленген мөлшерден кем болмауы керек. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.Тараптар, оны сақтанушы қасақана жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шартында белгiленген мүлiк құнына талас тудыра алмайды. Егер сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан артық болса, онда ол сақтандыру сомасының шарт жасалған кезiндегi сақтандыру құнынан артылған бөлiгiнде жарамсыз болып табылады.

Сақтандыру төлемi
Сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiн қоспағанда, сақтандыру төлемi бiржолғы төлеммен жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi шартта белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн. Мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен аспауы керек. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтанушыға (сақтандырылған адамға) әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың басқа шарттары бойынша оған тиесiлi сомаларға қарамастан және зиянның орнын толтыру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiнiң сомасы шегiнде сақтандыру өтемiн зиянның заттай нысандағы өтемiмен ауыстыру көзделуi мүмкiн. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы өзiне сақтанушыдан тиесiлi болатын сақтандыру сыйлықақыларына не сақтандыру жарналарына есеп жүргiзуге құқылы. Егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде жауаптылықтың бұдан жоғары мөлшерi көзделмесе, сақтандыру төлемiн уақытында жүзеге асырмағаны үшiн сақтандырушы осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес жауап бередi.

Қос сақтандыру
Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс. Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты зиянды жаппайтын болса, сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы. Келтiрiлген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендiктен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.
Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.

Топтық сақтандыру
Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде өздерi пайда алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылған адамдар қамтылады. Топтық сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те, дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн. Иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбiр сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесiлi сақтандыру төлемiнiң төлеу мөлшерiн дараландыру үшiн қажеттi шамада нақтылануға тиiс. Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.

Ортақ сақтандыру
Сақтандыру объектiсi бiрнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру) бiрлескен бiр шарт бойынша сақтандырылуы мүмкiн. Бұл орайда шартта әрбiр сақтандырушының келiсiлген үлестердегi құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын талаптары болуы тиiс. Егер мұндай шартта әрбiр сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi айқындалмаған болса, олар сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн сақтанушының (пайда алушының) алдында ортақтасып жауап бередi. Iрi немесе аса iрi тәуекелдердi бiрлесiп сақтандыру үшiн ортақ сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiктер (сақтандыру пұлдары) құра алады.
Ортақ сақтандырушылар арасында тиiстi келiсiм болған жағдайда, олардың бiреуi сақтанушының алдында тек өз үлесiмен ғана жауапты болып қала отырып, онымен өзара қатынаста барлық ортақ сақтандырушылардан өкiл болуы мүмкiн.

Қайта сақтандыру
Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартымен айқындалады. Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстiң сақтандыру шартына қойылатын талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл жағдайда сақтандырушы сақтандырудың негiзгi шарты бойынша қайта сақтандыру шартында сақтанушы болып есептеледi.Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралышарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта сақтандыру пулдары) бiрiге алады.Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын бiртiндеп жасауға жол берiледi.
Сақтандыру шартының нысаны
Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:

1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;

2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi.

Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не тараптардың келiсiмiмен айқындалады.Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Сақтандыру ережелерi
Сақтандыру ережесiн сақтандырушы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлуге тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Сақтандыру шартының мазмұны
1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:

1) сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;

2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;

3) сақтандыру объектiсiн көрсету;

4) сақтандыру жағдайын көрсету;

5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;

7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;

8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;

9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;

10) шарттың талаптарына өзгерiстер енгiзу жағдайлары мен тәртiбi;

11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және оның мөлшерi;

12) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (eгep бар болса), резиденттiк белгiсiн және сақтанушының экономика секторын көрсету;

13) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (eгep бар болса), резиденттiк белгiсiн және егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылушының (пайда алушының) экономика секторын көрсету;

14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемi мен сақтандыру сыйақысының валюта түрi.

2. Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
2-1. Франшиза - сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгiлi бiр мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
Франшиза шартты (шегерiлмейтiн) және шартсыз (шегерiлетiн) болады.
Шартты франшиза кезiнде сақтандырушы франшизаның белгiленген мөлшерiнен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бiрақ егер оның мөлшерi осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиiс.
Шартсыз франшиза кезiнде залал барлық жағдайларда белгiленген сома шегерiле отырып өтеледi.
Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолюттi мөлшерде белгiленедi.
3. Егер сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актiсiмен белгiленген ережелер қолданылады.
4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңi сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша мiндеттемесi қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңiне сәйкес келуге тиiс.
5. Сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
Осы тармақтың талаптары қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша
сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң
мерзiмiн ұзарту
Сақтанушы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарнасын төлеу талаптарын қатарынан екi рет сақтамаған жағдайда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiмде сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.

Хабарламада:

1) сақтандыру жарнасын төлейтiн кезең (сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi);

2) сақтандыру жарнасын төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлдың мөлшерi;

3) сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi iшiнде сақтандыру жарнасы төленбеген жағдайда шарттың қолданылуын бiржақты тәртiппен тоқтату құқығы болуға тиiс.

3. Сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңi 30 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс.

4. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мерзiмiн ұзарту кезеңiнде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы берешек сомасын ұстай отырып, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.

5. Сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлама сақтанушыға оның жiберiлгенiн растауға мүмкiндiк беретiн тәсiлмен жiберiледi.

Жинақтаушы сақтандыру шартының
қолданылуын қалпына келтiру
Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеуi негiзiнде тоқтатыла тұрса немесе тоқтатылса, сақтанушы:
1) алынып тасталды;

2) мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарналарын;

3) сақтандыру жарналарын осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде төлеудiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмпұлды төлеген кезде сақтандырушы шарттың қолданылуын қалпына келтiруге мiндеттi.
Сақтанушы шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе шарт тараптарының өз мiндеттемелерiн орындауын тоқтата тұрған күннен бастап бiр жыл iшiнде жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiруге құқылы. Сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiрген кезде сақтандырылған адамның денсаулық жағдайына медициналық сараптама жүргiзуге құқылы.Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң және (немесе) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге құқылы. Сақтанушы шарттың қолданылуын жаңа талаптармен қалпына келтiруден бас тартқан жағдайда шартты қалпына келтiруге болмайды. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылса және сақтандырушы сатып алу сомасын төлеген болса, сақтандырушы мұндай шарттың қолданылуын қалпына келтiруден бас тартуға құқылы.

Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша
сақтандыру
Сақтанушының сақтандырушымен келiсiмi бойынша бiртектi мүлiктiң (тауарлардың, жүктердiң және т.с.с.) әр түрлi топтамаларын ұқсас жағдайларда белгiлi бiр мерзiм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Жалға алу шарты
Рента шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Мәміленің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Сақтандыру шарты
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Пәндер