Соғыс және бейбіт уақытындағы азаматтық қорғаныстың міндеті мен рөлі



Жоспары: 6.1 Қазіргі заманғы қырып.жою құралдарынан халық пен шаруашылық
объектілерін қорғаудың негізгі принциптері.
6.2 Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы
салыстырмалы көзқарас.
6.3 Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.

Тақырыбы: Соғыс және бейбіт уақытындағы азаматтық қорғаныстың
міндеті мен рөлі.

Жоспары: 6.1 Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен
шаруашылық
объектілерін қорғаудың негізгі принциптері.
6.2 Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен
көлемін анықтаудағы
салыстырмалы көзқарас.
6.3 Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы
кешенді көзқарас.

Лекция мақсаты: Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен
шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері түсіндіру.

Лекция мәтіні:
6.1 Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық
объектілерін қорғаудың негізгі принциптері.
ТЖ –ды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне
жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы
мақсатқа жету қабулетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында
тсоғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп-экологиялық апат қауіпі өткір тұр:
ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ
бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.
Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер
бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазіргі заманғы
жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады.
Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс
Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт
уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан
қарауға мәжбүр етеді.
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері
мен өзге де объектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам
құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға
да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық
органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау
мен шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты
сенімді қорғау мен шаруашылық обектілерін сақтау, басқару жүйесінің
мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет
етеді.
Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму
бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты
қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді
қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.
Халықты қорғау принциптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда
халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР-ның Үкіметі ресми белгілеген
ережелер.
Халықты апат, зілзала мен құралдарынан қорғау жөніндегі шараларды
жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті
жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, әзірленетін АҚ жоспарларымен
анықталады.
Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық
объектілерін қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол
мыналарды қамтиды:
- бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;
- халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау
әдістеріне даярлау;
- ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға
әзірлікте ұстау;
- көшіру шараларын даярлау;
- бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен
объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі
шараларды жүргізу.
Жаппай қырып-жою құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары
өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын
күштерімен ерекшеленеді.
Осы ерекшеліктерінің бірі – қаруды жеткізудің жаңа құралдарының пайда
болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы жоюға
болатындығында. Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы
сипатқа ие болып тұр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары
ықпал аймағына кез келген елді мекен тап болуы әбден мүмкін.
Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі
шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектілерде, бүкіл республика аумағында
міндетті түрде жүргізілуі қажет.
6.2 Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы
салыстырмалы көзқарас.
Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі Төтенше жағдай сипатына, сондай-
ақ, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс
маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты.
Соғыс уақыты жағдайында, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық
объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға
іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:
- қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары
мен қызметкерлерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы
олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;
- АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен
қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін
ыңғайластырылған және бөлінген орындарға, сондай-ақ соғыс жағдайына көшіру
кезінде салынатын қарапайым панаханаларға орналастыру.
Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз
етілуі тиіс. Ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді
мекендер мен селолық жерлерде халықты, негізінен, радиоактивті зақымдаудан
қорғау қарастырылады.
Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан
көшірілген адамдарды да қорғау ескеріледі.
Сөйтіп, соғыс қимылдары кезінде тұрғындар мен шаруашылық объектілерін
қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны,
көлемі мен өткізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Азаматтық қорғаныс— жалпымемлекеттік шаралар жүйесінін құрамдас бөлігі
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Пәндер