Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I.Халықаралық валюта жүйесінің даму мәселелері
1.1 Халықаралық валюта жүйесінің даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Халықаралық валюта жүйесі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Халықаралық валюта жүйесінің реттелуі және валюталық саясат ... ... 11
1.4 Валюта бағамы: жүйелері, факторлары, паритеті ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

II.Қазақстан Республикасы Валюталық жүйесінің келешегі мен болашағы
2.1 Қазақстан Республикасы Валютасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 Қазақстан Республикасы Валютасының тарихы мен келешегі ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы

Мамандығы: Есеп және аудит 05 к1

Алматы 2006

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I.Халықаралық валюта жүйесінің даму мәселелері
1. Халықаралық валюта жүйесінің даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Халықаралық валюта жүйесі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Халықаралық валюта жүйесінің реттелуі және валюталық
саясат ... ... 11
4. Валюта бағамы: жүйелері, факторлары,
паритеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

II.Қазақстан Республикасы Валюталық жүйесінің
келешегі мен болашағы
1. Қазақстан Республикасы
Валютасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
9
2. Қазақстан Республикасы Валютасының тарихы мен
келешегі ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .33

Кіріспе

“Біздің зерттеуіміздің мақсаты мүлде автоматты
түрде қатесіз жауап беретін
механика құру, немесе
бірсарынды операциялардың нобайын жасау емес, ол
бірнеше мәселелерді
жүйелі және жоспарлы зерттеу-
дің әдісімен өзіңді
қамтамасыз ету болып табылады.”

(Дж. М. Кейнс)

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны
ерекше.Бұл курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың
санымен белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен,
экономикалық ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен
белгіленеді..
Жұмыс барысында халықаралық валюта жүйесі барынша жан-жақты
қаралады.Валюта қатынастары валюта жүйесі туралы ұғымдарға арналып,
халықаралық валюта-несие қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері,
ұлттық валюталардың айырбасталымдылығы, халықаралық есеп айырысу
баланстары, валюта бағамы және оның ұлттық экономикаға әсері, сонымен қатар
халықаралық және аймақтық валюта-несие, қаржы ұйымдары туралы кеңінен
баяндалады.

I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1Халықаралық валюта жүйесінің даму тенденциясы
Халықаралық валюта жүйесінің негізі ұлттық және ұжымдық
резервтері валюталық паритеттер мен курстарды, валюталардың өзара
айналымы шарттарын, халықаралық есеп айырысу және (төлем үшін
қолданылатын) валюталық шектеулерді,валюталық рыноктар мен дүниежүзілік
алтын рыногын және тағы басқа жатқызуға болады.
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде
құрылып, 1867 жылы батыс елдердің өкілдері қатынасқан Париж
конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Тарихи тұрғыдан халықаралық валюта жүйесі XIX ғасырдың аяғында
қалыптасты. Дамыған елдердің көпшілігінде халықаралық есеп айырысу
және төлем үшін қолданылатын тұрақты алтын-валюталық стандарттар
орнықты. Халықаралық есеп айырысуда міндетті түрде пайдаланатын
алтынның белгілі салмақ бірлігі мен тазалығы көрсетілген алтын
стандартты (үлгі, қалып) енгізіп, монеталарды еркін құю және оларды
басқа валюталарға айырбастау, толыққанды емес ақшалардың паритетін
алтынмен қамтамасыз ету тағы басқа шаралар алдын ала қарастырылды.
Дүниежүзілік соғыстың басталуымен бұл жүйе өзінің өмір сүруін
тоқтатты да, тек қана 1922 жылы Генуя конференциясынан кейін
қайтадан қызмет ете бастады. Бұл конференцияда алтын-девиз стандарты
туралы келісімге қол жетті. Бұл жүйеде халықаралық есеп айырысуды
реттеудің негізгі құралы болып алтынның орынбасарлары (девиз), жеке
елдердің немесе ұжымдық валюталардың қызметін атқаруы мүмкін.Екі
дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттон-Вуд конференциясына
дейін резервтік валюта статусы (айырбасталған валюта ерекше атағы) ресми
ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық
доллар осы статусты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте
таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі.1994 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның
Бреттон-Вуд конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы
бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде
американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды.Сонымен бірге алғашқы рет
резервтік валюта статусы бекітілді.Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық
қарызын өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми
алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және
бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың
үстемдігін қамтамасыз етті.Батыс Европаның және Жапонияның аса ауыр валюта-
экономикалық жағдайы, сондай ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі,
долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде,
яғни “долларлық аштықта” көрініс тапты.
Бреттон-Вуд жүйесінің құрылымдық принциптері төмендей:
• доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі
статусы бекітілді;
• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын
арқылы айырбастайды,онда валютаның алтын паритетінен +,- 1%-ке,
Европа елдерінде +,- 0,75% ауытқуы мүмкін;
• Шетел орталық банктерінің долларлық резервтары (қорлары) алтынға
американдық қазынашылық мекемесі(казнчайство)арқылы ресми бағамен
айырбасталады;
• Алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары
құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді);
• Мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган-Халықаралық
валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
ХВҚ-ның негізгі міндеті-осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта
паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын қамтамасыз
ету.Бреттон-Вуд жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық
еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал
етті.
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере
алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен
әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вуд валюта
жүйесінің халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені
әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Европа мен Жапонияның позициясы күшейді.
1971-1973 жж. Валюта дағдарысы Бреттон-Вуд жүйесінің іс жүзінде күйреуін
жеделдетті.
30- жылдары барлық дамыған елдер алтынның алтын-девиз
стандартынан бас тарта бастады. 1994 жылы Бретонн-Вудд (АҚШ)
конференциясында дамыған елдер алтын-долларлы жүйеге өту және
валюталардың өзара айналымы (айырбасталуы) туралы келісімге қол
қойды, доллардың халықаралық қызметінің мәні артты. Бұл келісім 70-
жылдардың ортасына дейін қызмет етті.
Бұл кезеңде халықаралық валюта дағдарысы нәтижесінде валюталар
мен алтынның өзара байланысы үзіліп, валюталардың өзгермелі курсы
кең тарады. 1970 жылдан бастап халықаралық ақша бірлігі (СДР)
бекіді, бірақ та ол өз қызметін атқара алмады.
Басқа ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын валютаны еркін
ауысатын (конвертируемый) деп, ал мұндай айырбасқа қабілетсіздері
еркін ауыспайтын (неконвертируемый) деп атала бастады. 1970 жылдан
бастап халықаралық есептеуде девиздік жүйе қолданылды: бірте-бірте
валюта, оның ішінде доллар да, алтынға айырбасталмайтын болды. Дүниежүзілік
ақшаның заңды қызметін девиздер (орынбасарлары), яғни ұлттық немесе ұжымдық
валюталар орындайды. Ұлттық валюталардың алтынға тікелей айырбасталуы
жойылғандықтан (баға масштабы арқылы) алтынның ресми тұрақты бағасы
белгіленбейтін жағдай туды. Мұның өзі алтынды ішкі және халықаралық рынокта
жалпыға бірдей төлем құралы қызметінен айырылып, оның беймонеталғандығын
көрсетті. Алтын халықаралық рынокта жай тауар ретінде сұраныс деп ұсынысқа
байланысты қағаз ақшаға сатыла бастады.Дегенмен, мемлекеттер мен ірі
банктер үшін алтын ерекше тауар. Алтын оларды өз қарыздарын өтеу үшін өте
қолайлы жағдай жасайтын байлық.Алтынды қымбат валютаға сатып, төлем
баланстарының айырмасын жабуға мүмкіндік туды, яғни валюта курсынан
түстеме пайда түсіруге болады.Сыртқы экономикалық байланыстарда ұжымдық
валюталар ақшаның мәнін көрсететін жаңа формаларға ие болып, кеңінен
тарады.Бұган халықаралық валюта қоры(МФВ) 1970 жылы енгізген СДР
(специальные права займствования- қарыз алудың арнайы құқығы) –шартты ақша
бірлігі жатады.Оның материалдық формасы жоқ, арнаулы есеп айырысу құралы
ретінде валюталар қоржынынан тұрады. Олардың қоржынындағы үлесі
мынадай:
Доллар-42 Батыс Еуропа валюталары-45 (ф.ст.франк,марка), иена-13
.ұжымдық валютаға 1979 жылы ЕЭҚ-ке (ЕЭС) мүше елдер қабылдаған ЭҚЮ
(еуропалық валюта бірлігі) деп жатады. Оның бағасы он Еуропалық елдің
валютасы негізінде қамтамасыз етілген есептегі 2800 т алтын және доллар
саласымен жүзеге асырылады. ЭҚЮ есептік валютадан бірте-бірте нақты ақшаға
халықаралық төлем құралына айнала бастады.Азия, Африка, Латын Америкасы
елдерінде де бірнеше ұжымдық валюталар бар, олардың бірқатары әлсіз болса
да халықаралық есептік ақша бірлігі болып саналады.

Ұжымдық валюталық бірліктер дүниежүзілік валюта жүйесінің дағдарысы
нәтижесінде кеңінен тарай бастады, бұлар алтынды алмастырған әртүрлі
сурагаттар (жалған, балама) сипатында болады. Бұл валюталық бірліктер ең
алдымен ұлттық валюта курстарын салыстыру үшін есептік ақша ретінде
енгізілді. Оның ұлттық валютадан айырмашылығы- ұжымдық валюталар банкнот,
монета түрінде шығарылмайды, тек ақша есебінде жазылады (денежная книга).
Олардың курсын қатысушы елдер белгілейді. 70-жылдардың соңында осы аталған
ұжымдық валюталардың халықаралық есеп айырылысуға қызмет көрсететін
дүниежүзілік ақшаға айналу тенденциясы байқалды. Мысалы, трансұлттық
банктер халықаралық жеке меншік қарыз капиталдары рыногына қатысуға толық
құқықты еуровалюта ретінде ЭКЮ-ді мойындады. Шаруашылық өмірдің халықаралық
сипатының күшеюі нәтижесінде ұжымдық ақша-валюталар жүйесі барлық елдер
үшін бірыңғай ұлттық төлем құралына айналып бүкіл дүниежүзілік ақшаны
қалыптастыруы әбден мүмкін.

1979 жылы Еуропалық экономикалық одақ елдерінде Еуропалық валюта
жүйесі құрылып, мұнда валюталар курстарының ауытқуы қатаң шектелді. Валюта
курстарының ауытқуы негізінен екі факторға: валютаның ішкі рыноктағы нақты
сатып алу қабілетіне, сондай-ақ елдердің сауда бағасы жағдайына байланысты.
Әр түрлі елдердің ақша рыногындағы өсімдік ставкалардың өзгеруі сол елдер
арасындағы капиталдардың қозғалысына және халықаралық рыноктағы ұлттық
валютаға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Дүниежүзілік шаруашылық
жүйесіндегі, құбылмалы валюта курсына өту экономикалық қатынастарға
қайшылық сипатта әсер етеді. Біріншіден, валюта курсының төмендеуі
дүниежүзілік рынокта сол ел өнімінің салыстырмалы бәсекеге
қабілеттілігін күшейтеді, экспортты ұлғайтып, импортты шектеуге
мүмкіндік жасайды, ал мұның өзі елдің сыртқы экономикалық
байланыстарының тиімділігіне теріс әсер етеді. Сыртқы экономикалық
байланыстарды сипаттауда төлем және сауда балансы деген ұғымдар
қолданылады. Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары
төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және
валюталық несиелік операциялардан және тағы басқа түскен табыстар
кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлігінде де
көрсетіледі. Төлем балансының маңызды құрамдас бөлігі сауда
балансы. Онда елдің экспорт, импорт және реэкпорт бойынша кірістері
мен шығындары анықталады. Ол тауарлардың, қызмет көрсетудің,
саудадан тыс төлемдердің қозғалысын көрсетеді.төлем балансының
көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы
туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса,
онда сол ел дүниежүзілік рынокта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі
ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасының курсымен
салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады. Соңғы жылдары валюталық
қатынастардың тұрақсыздығының салдарынан оларды мемлекетаралық
реттеудің маңызы артып отыр. Қазіргі кезде жетекші жеті өнеркәсібі
дамыған елдердің қаржы министрліктері мен үкімет басшыларының
кеңесінің дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын реттеудегі рөлі
күшейді. әр түрлі елдеодің экономикалық саясатын салыстыруды
қамтамасызететін бірқатар көрсеткіштер қалыптасты. Оған ішкі өнімнің
өсуі, ішкі сұраныс деңгейі, жұмыссыздық, инфляция деңгейі, сауда
және төлем балансының жағдайы, ақша массасы және өсім ставкасының
өсу қарқыны, валюта курстары мен тауарлар бағасының құбылмалы
деңгейлері, мемлекеттік бюджеттің жағдайы сияқты көрсеткіштер жүйесі
кіреді. Халықаралық валюта- несие жүйесінің негізін халықаралық
валюта қоры және халықаралық қайта құру және даму банкісі
құрайды. Халықаралық валюта қоры 1947 жылдан бастап қызмет істейді.
Оның негізгі міндеті халықаралық сауданың дамуына, валюталық
одақтардың валюта курстарын өзара реттеуге, ХВҚ-ға мүше елдерге (150-
ден аса ел) несие беруге валюталық паритеттердің өзара тұрақтылығын
қолдауға жағдай жасау болып табылады. Халықаралық қайта құру және
даму банкісі (ХҚДБ) 1945 жылы құрылған. Бұл банк, мүше елдердің
экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында ұзақ мерзімдік заемдер
беретін үкіметаралық қаржылық ұйым. 1993 жылы бұл ұйымға Қазақстан
да қабылданды.
Валюта (баға, құн)- мемлекттік ақша бірлігі. әр елдің өзінің
халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде
қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.
Ұлттық валюта негізізінде әлемдік валюта жүйесі пайда болды.
Халықаралық валюта жүйесі-сыртқы рынокта орталық эмиссия банктер
қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелер жинағы.
Құрамдас бөліктері:
-халықаралық төлем құралдары (ұлттық валюта, алтын, СДР, евро)
-валюта курсын қолдау және орнату механизмі
-валютаны конверсиялау шарты
-халықаралық нарық мектебі
-валюта қатынасын реттейтін мемлекетаралық қаржы мекемелерінің
беделін анықтау.
Жаңа дәуірдегі әлемдік валюта өз дамуында үш кезеңнен өткен:
1. XIX ғасырдың басынан II-ші Дүниежүзілік соғыс басталғанға
дейін;
2. 30-жылдардан 70 жылға дейін (бұл кезең Бреттон Вуд
конференциясымен 1946 ж анықталады
3. 70 жылдан бастап осы күнге дейін ол 1976 ж. Ямайкада бекіді.

Алғашқы екі кезеңде әлемдік валюта курстарын есептейтін ақша
бірлігін енгізген. Олар монета немесе банкнот түрінде шығарылмайды,
тек есепке жазылып қойылады. Олардың мөлшері атысу елдермен
белгіленеді, олар оны халықаралық есепке қызмет жасау үшін, әлемдік
ақшаға айналдыру, яғни девиздер жүзеге асады. Ұлттық валюта
алтынмен байланысын жоғалтқан соң, соңғысы төлем қызметін атқаруын
тоқтатты, мұнда алтын демонетизациясын көрсетеді, сұраныс пен ұсынқа
байланысты бағасы бар тауарға айналады. Бірақ алтынның қызметі
жойылуы өте баяу.
Мемлекеттер арасындағы өтетін валюта айырбасы мен есептеуі
валюта курсы негізінде болады.
Валюта курсы-берілген ұлттық валютаның ақша бірлігінің бағасы,
басқа ел валютасының ақша бірлігінде көрсетілген.
Алтын стандартты кезінде валюта курсы тұрақты. Ол алтын
паритет (лат. теңдік) негізінде құрылған. Алтын салмағының шамасы-үштік
унциясы 31,1г алтынға тең. Мысалы, ағылшын фунт стерлинг тең
алтынның құны ¼ унция болса, АҚШ доллары- 120 онда оның валюта
курсы 1:5, яғни 1ф-стерлинг 5 доллар.
1917 ж. Рубльдың алтын құны 0,774332 г., 60ж.-90ж. 1 рубль
0,987670г. Алтынға тең болған. 1$=0,888571г. Доллар курсы рубльге
қатысты болғанда: 1$=0,8996 тиын. Бұл қатынас екі ақша бірлігін
сатып алу қабілеттігін ескермеген, тек алтынның құнын ескерген.
1971 ж. доллардың алтынға айырбасталуы ресми түрде тоқтатылғаннан
кейін, тұрақты валюта курсы тұрақсыз курсқа ауысты.
Тұрақсыз валюта курсы алтынмен емес, ал валюта Д мен S-пен
анықталады. Ал шет ел валютасына сұраныс пен ұсынысқа, валюта
курсына барлық елдің ішкі және сыртқы экономикалық қатынастар
жиынтығы әсер етеді. Ұлттық табыс және өндіріс артықшылық, ақшаны
нақты сатып алу қабілеттігі және елдегі инфляция деңгейі, сыртқы
әлемдік нарықта ұлттық валютаға саллым деңгейі т.б.
Ұлттық валютаны әлемдікке енгізу үшін, ұлттық валюта
конверсияланған болуы тиіс.
Валюта конверсиялау-бұл ұлттық ақша бірлігінің әр түрлі
халықаралық есепте еркін қолдану қабілеттілігі. Бұны еркін
конверсияланған (СКВ) және жартылай конверсияланбаған деп бөледі.
СКВ халықаралық есепті, яғни әлемдік ақша қызметін атқарады.
Қазіргі кезде СКВ-ге АҚШ және Канада долларын, фунт серлинг, ФРГ
маркасын, Жапон иенін, швейцария франкы кіреді.
Көп елдерде жартылай қайтымды валюта бар. Кіргізу, шыығару,
айырбастауды, ұлттық және шет ел валютасын сату, сатып алуда
үкімет шаралары қатаң елдердің валютасы конверсияланған болып
саналады. Бұған көбіне дамыған елдер валютасы кіреді.
Халықаралық валюта жүйесінің қызметі халықаралық ұйымдары арқылы
жүзеге асады. Бұл ұйымдарға МВФ, МБРР, ОЭСР, МАР және тағы басқалары
кіреді. Олардың қызметінің маңызы-халықаралық реттеу тиімді
болатындай, әлемдік валюта қатынасын үйлестіру механизмін құру.
Бірақ бұл ұйымдар халықаралық валюта жүйесіндегі қайшылықтарды жол
алмады және бұл мәселені шешу осы күнге дейін қажетті.
1.2 Халықаралық валюта жүйесі және оның түрлері
Валюта жүйесі-ол экономикалық көзқарас тұрғысынан-шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан-ол белгілі
бір қоғамдық –экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде
ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі:ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға
және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта
ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта
жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта-елдің ақша
бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес
формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық
орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі
элементтері төмендегілер:
• ұлттық валюта
• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары,
яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:а)шнтел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
жарғысында “еркін қолданылатын валюта” деген ұғым енгізілген. Оған
американдық доллар, евро, жапон иені; ә)жарым жартылай айрбасталатын
валюта, мысалы, ресейлік рубль;б)айырбасталмайтын(тұйық) валюта;
• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі –валюталардың алтын
құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына
негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70 жылдарда, ал
КСРО-да 1991 жылдан ). ХВҚ-ның жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР-
арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен
емес, анықталуы мүмкін. 70 жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта
қоржыны негізінде анықталады.Валюта қоржыны деп бірнеше валюталарды белгілі
бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп,
оларды АҚШ доларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген
бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін
қолданылатын валюталардан құралады,қазір ондағы американдық доллардың үлесі
шамамен 39%, жапон иені 18%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық
валюта өлшемі (еуро) он бес елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан
құрылған;
• валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта
өзгермелі), Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он бес
валюта бағамының өзара ауытқу шегі ±15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың
екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб.
Аралығында, ал 1997 ж 5450-6350 руб. Болды. 1998 ж. валюта коридорының
жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта – қаржы дағдарысы кезінде,
1998 жылдың тамызына, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып,
деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта
бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
• валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде
ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі
бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу
енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте
валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ жарғысының VIII
бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық
шектеулерді жойды.
• төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта
резервтері СДР есеп шоттары еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), “ХВҚ
резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін
білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;”
• халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп
айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
• валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
• валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы
(орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы,
Қазақстанда Ұлттық Банк, Ресейде- валюталық және экспорттық
бақылаудың федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол-халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық шарт және негізгі міндеті-халықаралық сауда-саттық процестерін
жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін
қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда
қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа
жағынан, оның мақсаты-кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын
әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (пртекционизм) әрекеттерді
түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол
өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. “дүниежүзілік валюта жүйесі ” деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін-әлемдік ақша белгілері.
Алғашқы әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып альын, кейін құйма
формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептеудеуде
қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу
қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық
есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла
бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементтері қалыптасты. Олар:
• әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта,
халықаралық валюталық өлшем);
• валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
• валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
• халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу
(мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі
СДР-ды, ЕВҚҚ-1970 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж.
қаңтардан еуроны енгізді);
• халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін
үйлестіру;
• әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
• мемлекетаралық реттеу институтының статусы-1944 жылдан Халықаралық
валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ)- дүниежілік валюта жүйесінің шеңберінде
батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған, мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол
1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған “Жалпы нарық” одағындағы
мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты-ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын- Еуропалық одақ (ЕО) құру,
Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері
дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштерінің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін -әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

1.3 Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу.Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
• нарықтық реттеу;
• мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ
олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында
жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысы эквивалентін,
тауарлар,көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына
байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық
ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы
валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер
валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері
туралы біле алады.Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы
туралы ақпараттар көздері болып табылады.
Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген,
бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы
маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX
ғасырда алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды
реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты.Бағамдық шекті
қатынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік
экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа
ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін бірі
толықтырады.Біріншісі, бәсекеге негізделген , яғни дамуды ынталандыра
түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс
салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты
жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да,
олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады.Дағдарыс, соғыс және тағы
басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы
артады. Сондай-ақ валюталық –экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын
алады. Бірақ та мемлекет, бұл жағдайда да, валюталық қатынастарды қалыпқа
келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Валюталық саясат
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат-бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына
сәйкес, халықаралық валюталық және басқадай экономикалық қатынастар
аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығын білдіреді.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары:
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, жұмыссыздықпен
инфлясияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап
отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің
валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына,
әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар,яғни, елдегі
және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалармен байланысты
операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар
бойынша мемлекеттер арасындағы жасалатын келісім – шарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы-валюталық
ретьеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу—заңды актілер және атқарушы өкіметтің
әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу—нарықтық
экономикалық агенттерінің мінез құлқына экономикалық, валюталық және
несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсет етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы—Халықаралық Валюталық Қор
(ХВҚ) Болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты
екіге бөлінеді.
1) Құрылымдық валюталық саясат;
2) Ағымдық валюталық саясат;
Құрылымдық валюталық саясат—дүниежүзілік валюталық жүйедегі
құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған ұзақ мерзімді
шаралар жиынтығын білдіреді. Ол, валюталық саясат реформа формасында
іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық
саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат-- валюталық бағамды, валюталық
операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін
күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді
шаралар жиынтығы.
Валюталық саясаттың келесідей формалары қолданылады:
1) дисконтық валюталық саясат;
2) девиздік валюталық саясат;
Сонымен қатар, девиздік саясаттың келесісідей жүзеге асырылу
формалары болады:
• Валюталық интервенция
• Валюталық резервтерді диверсификасиялау
• Валюталық шектеу
• Валюталардың алмастыру дәрежесін реттеу
• Валюталық бағам режимі
• Девальвация
• Ревалвация
Дисконттық (есепке алу) саясаты—біржағынан, валюталық бағам мен
төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша
массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағатталатын орталық
банктің есепке алу мөлшерін өзгертуін білдіреді.Мысалы: пассивтік
төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында
есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар
елдерден капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын
жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал, егер орталық
банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шет
елдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы
азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген.
Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу
мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады.
Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың
сыртқа ағылуына жол береді.
Девиздік саясат-- мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің
шет ел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта
бағамына әсер ету әдісін білдіреді.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел
валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шет ел валютасын ұлттық
валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге
асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла
бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық
интервенция кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде
мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары—ХВҚ, сондай-ақ аймақтық-
европалық валюталық институт құрылды(1994ж.)
Валюталық резервтарді диверсификациялау—бұл халықаралық
есепайырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және
валюталық шығындардан сақтау мақсатында әртүрлі валюталарды қосу жолымен,
валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған, мемлекеетің және
банктердің саясаты болып табылады.
Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық
есепайырылысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге
асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және
мамлекетаралық реттеу обьектісі болып табылады.
Девальвация мен ревальвация—валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне
жатады.
Девальвация—Ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатысы
төмендетуді білдіреді.
Ревальвация—Ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарға қатынасы бойынша
жоғарлатуды түсіндіреді.
Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу
үздіксіз пайдаланылады.
Валюталық шектеу-резиденттер мен резидент валюталар және басқадай
валюталық, құндылықтармен жасалатыноперацияларын заңды түрде немесе
әкімшілік түрде тыйым салуын, шектеуін білдіреді.Валюталық шектеу,
валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу
валюталық заңдармен бекітіледі.
Валюталық шектеудің мақсаттары келесідей:
-төлем балансын теңестіру;
-валюталық бағамды қолдану
-ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттіңқолында
валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді:
-Валюталық операцияларды орталық және өкілетті (девиздік) банктерде
орталықтандырылуы;
-Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
-Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
-Валюталардың қайтарымдылығын шектеу;

1.4 Валюта бағамы: жүйелері, факторлары, паритеті

Экономикадағы төлем балансында көрінетін өзгерістер түбінде келіп
валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтік білдірмей,
белсенді түрде экономикадағы процестерге әсер етеді. Мемлекеттің валюта
нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерінде қатынасуының әр түрлі
дәрежесімен сипатталады. Осыған байланысты валюта нарығын және курсын
ұйымдастырудың қарама-қарсы екі жүйесі болады:
• Валютаның айырбастау кукрсы сұраныс пен ұсыныспен белгіленген
жағдайдағы валюта курсының жұмсақ немесе еркін жүзу жүйесі. Шұғыл
өзгерістер болып қалғанда, мемлекет курсты жанама реттеу арқылы қолдап
отырады;
• Қатал беогіленген валюта курстарының жүйесі. Осы жағдайда сұраныс және
ұсыныс өзгерістерінің нәтижесінде курстың ауытқуы болмайды. Бұл жағдай
валюталық күшті болуымен қамтамасыз етіледі.
Валюта курсының осы екі қарама-қарсы жүйелерінен басқа көптеген аралық
жүйелерде болады.Демек, экономистердің көбінің тұжырымдалуы бойынша,
бүгінгі АҚШ-та еркін жүзетін, қатал белгіленген курстар жоқ, онда
“басқарылған жүзу” жүйесі қолданылады. Осы жүйе доллардың маңайында басқа
валюталардың жүзуіне, егер осы “жүзу” АҚШ экономикасына жағымды болса, жол
береді.
Валюта курсы ұзақ мерзімде паритетпен белгіленуге тиісті. Паритет, өз
кезегімен, елдегі еңбек өнімділігінің дәрежесіне, экономикалық өсудің
қарқыны және сапасына, экономиканың құрылымына және халықаралық еңбек
бөлінісіне тартылуына тәуелді болады.
Валюта курсы, қысқа және орта мерзімде валюта нарығындағы сұраныс және
ұсыныспен белгіленеді. Осы процестер төлем балансында көрсетіледі.
Сондықтан, айырбас балансын белгілейтіен факторлар, сонымен қатар, айырбас
курсына әсер етеді. Валюта нарығындағы тепе-теңдік экспорт және импорт
көлемімен, капиталдың кіріс және шығысымен байланысты болады. Валюта курсын
белгілейтін факторлармен танысайық.
1.Тұтынушылардың талғамының өзгеруі тауарлар мен қызметтердің
экспортын немесе импортын өсіреді.Шетел тауарларыныңдылығын жарнама және
т.б. арқылы өсіруге болады. Импорттық тауарлардың ұнамдылығының өсуі
олардың тұтынуын өсіреді. Экспорт көлемі өзгермесе ұлттық валютаның
ұсынысы, шетелдікімен салыстырғанда, өседі.Жергілікті сұраныс валютаға
өзгермесе, шетел валютасына да сұраныс өседі. Осы фактордың ықпал ету
нәтижесінде, ұлттық валюта құнсызданады. Егер тұтынушылардың талғамы
жергілікті заттарға ауысқан болса, керісінше процестер жүреді.
2. Белсенді саясаты да экспортерлер мен импортерлер жасап отырған
экспорттың және импорттың (валютаға сұраныс) және ұсыныс көлемін өзгерте
алады. Баж салығы және импорт квотасы енгізілгенде, тауардың сапсына және
қоршаған ортаны сақтаудың қатал стандартына “күтпеген” жаңалықтар,
енгізілгенде, импорт төмендейді.Бұндай шаралар әкімшілдік болғандықтан
халықаралық сауданың көлемін төмендетеді, жеке елдерге дискриминация
тудырады. Сондықтан валюта нарығын тұрақтандыру мақсатымен осындай саясатты
қолдану негативтік нәтижелерді тудырады.
3. Импорттық тауарларға сұраныстың икемділігі. Импорттық тауарларға
икемді сұраныс, валюта нарығындағы доллардың санын көбейтеді. Импорттық
тауарларға икемді емес сұраныс, сатылған тауарлар айырбасынан нарыққа
түсетін доллардың санын азайтады.
4.Табыстардағы салыстырмалы өзгерістер. Бұрыннан мәлім, тұтынулық
шығындардың көлемі ұлттық табыстың дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Табыс
өскен сайын осы елднгі тауарлардыңда, шетел тауарларыныңда тұтынуы өсе
түседі. Сондықтан, тауарлар мен қызметтердың импорты өндірілген ұлттық
табысқа тәуелді болады. Егер бір елднгі ұлттық табыстың өсуі келесі елднегі
осы көрсеткіштен артық болса, онда шетел тауарларының импортының өсуі,
экспорттан тез жүріп отырғаны (басқа шарттар тұрақты болып қалғанда) болып
табылады. Осы жағдай валюта нарығында ұлттық валюта курсының төмендегені
болып көрінеді. Сондықтан, ұлттық табысты өсіретін барлық факторлар валюта
курсының төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
5.Инфляция (бағаның салыстырмалы өзгеруі). Егер бір елдегі бағаның
өсу қарқыны басқа елдегі осы көрсеткіштен артық болса, онда импорттық
тауарлар (курс өзгермегенше) арзандау болады. Бұл осы тауарларға сұранысты
өсіреді, бұның нәтижесінде шетел валютасына сұраныс өсіп, ұлттық акция
құнсызданады. Шетел валютасын қымбаттататын тағы бір жағдай-ол инфляция
өскен сайын адамдардың өздерінің нақты табыстарын сақтап қалуға тырысуы.
Жинақтарын сақтап қалу мақсатымен адамдар мықты валютаға сұранысын өсіреді.
Ал валютасының ұсынысы өзгермейді, сондықтан айналымдағы ақшаның көбеюі мен
инфляция валютасының айырбас курсын төмендетеді.
6. Нақты проценттік ставканың жанама көлемі. Біз осыған дейін ағымдағы
есепшат арқылы қалыптасатын, айырбас курсына әсер ететін факторларды
қарастырған болатынбыз. Ағымдағы есепшоттың дисбалансым нәтижесінде пайда
болатын валютаның сұранысы мен ұсынысының сәйкес келмеуін капиталдың келуі
мен кетуі ғана жояды. Сондықтан елге капиталдың келуіне ат салысатын
факторлар ұлттық валютаның курсын өсіре алады және керісінше, нақты
проценттік ставкалардың (номиналдық ставкадан бағаның өсу қарқынын алып
тастағанда) көлемі, инвестор үшін, капиталды орналастыратын елді
белгілейтін маңызды көрсеткішболып табылады.Нақты проценнтік ставка жлғары
болған сайын, сондықтан, басқа елдермен салыстырғанда, елдегі құнды
қағаздардың табыстылығы жоғары болған сайын, қаржы құралдарын салуға осы ел
ұнамды болады. Ұлттық қаржы активтеріне сұраныстың өсуі, шетел валютасының
ұсынысында көрінеді және ол ұлттық ақшаның өсуіне әсер етеді.
7. Белгілі айырбас курсын күту.
Шаруашылық агенттерінде болашақтағы экономиканың өсу қарқыны, инфляция
темпі, нақты проценттік ставка көлемі, макроэкономикалық саясаттың
бағыттары туралы шешімдер болжамдайды. Басқа шарттар бірдей болғанда
портфельдік активтерді күтім бойынша айырбасының курсы өсетін валюта
түрінде сақтьпаған пайдалы болады. Сонымен қатар, халықаралық нарықта
болашақта курсы төмендеп кететін валюта түрінде қарыз алған пайдалы болады.
Осыдан басқа нашар валюта ұстаушылар оны күшті валютаға айырбастауға
тырысады (мұның курсы өседі). Осы себептермен жүргізілген валюта айырбасы,
валютаның болашақта құнсыздану немесе қымбаттау қаупін күшейте түседі.
Шешуіші рөлді саяси тұрақтылық атқарады.
8. Экономиканы мемлекттік макрореттеу.
Осыған жататындар: ресми валюта резервін пайдалану, сауда саясаты, валюта
нарығында валюталық бақылау және валюта нарығын рационалдау, қаржылық және
ақша- несиелік саясат. Валюта резервін шебер қолдана отырып, шетел
валютасының ұсынысын өсіру үшін валюта нарығында белгілі валюта курсын
ұстап тұруға болады. Бірақ резервтің көлемі шектелген, сондықтан, осы
жолмен курсты ұстап т ұру қысқа мерзімде ғана мүмкін.
Сұраныс пен ұсынысқа әсер етудің басқа жолы – валюталық бақылау немесе
рационалдау. Валютаның ұсынысын өсіру мақсатымен мемлекет экспортерлерге
түскен барлық валютаның 100% - ін міндетті түрде сатуға мәжбүр етеді.
Сұранысты азайту үшін, әкімшілік шешім арқылы валюта тұтынуына шек қоюға
болады. Бірақ осындай саясат, мән жағынвн, нарықтық емес саясат болып
табылады, сондықтан, ол жағымсыз нәтижелер тудырады.
Бүкіләлемдік заңдылық бар: экономикалық дамудың дәрижесі және экономиканың
ашықтығының дәрежесі өскен сайын ішкі бағалар әлемдік дәрежеге жақындай
түседі, бқл автоматты түрде ұлттық валютаның нақты курсын өсіреді.Валюта
курсы, ұзақмерзімдік тепе – теңдік болмысынан төмен, немесе, жоғары екенін
көрсететін көрсеткіштер аз емес.
Біріншіден, экспорт және импорттың өсу қарқындары.Егер экспорттың
өсу қарқыны импортпен салыстырғанда артық болса, онда басқа шарттар бірлей
болғанда, ұлттық валюта курсы төмен болғаны айқындаладыц. Егер импорт
экспорттан жылдам өскен болса, онда керісінше курс көрсеткішінің жоғары
болғаны.
Екіншіден, сальдоның белгісі және сауда балансының өсу қарқыны. Егер
сауда балансы оң шамада, немесе өскен болса, онда бұл жағдай валюта
курсының төмен екенін ақиқат етеді және керісінше.
Үшіншіден, валюта резервтерінің көлемі және динамикасы. Егер елдегі
валюта резервтері өскен болса, онда басқа шарртар бірдей болғанда, осы
жағдай курсты төмендету саясаты бар екенін көрсетеді. Егер резервтер
азайған болса онда курсты қолдау көзделіп отырғанды көрінеді.
Төртіншіден, орташа жалақаны және жалпы ақшалай табыстарды доллар
арқылы бағалау. Егер доллар арқылы есептелген табыстар өскен болса, онда
басқа шарттар бірдей болғанда, ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта жүйесі: маңызы, даму кезеңдері, түрлері, құрамы
Халықаралық валюталық қатынастар мәні
Валюта нарықтарының ерекшеліктері
Халықаралық қаржы-валюта қатынастары
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Қазақстанның қаржылық жүйесі
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Пәндер