Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдеби ономастика және көркем мәтін
1.1 Ономастика және әдеби ономастика
1.2 Көркем әдебиеттегі жалқы есімдердің семантикасы
2 Қазақ көркем әдебиетіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
2.1 М. Әуезов шығармасындағы кейіпкерлер есімдерінің мағынасы
2.2 Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы кейіпкерлер есімдерінің мағынасы
2.3 Сатира.юморлық кейіпкер есімдерінің семантикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ кафедрасы
диплом жұмысы
КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ СЕМАНТИЗАЦИЯСЫ
Орындаушы:
5-курс студенті Ж.Қ. Көпшікбаева
Ғылыми жетекшісі:
филол.ғ.к., доцент Г.Б. Мәдиева
Норма бақылаушы:
филол.ғ.к. А.Қ.
Таусоғарова
Қорғауға жіберілді:
2006ж.
Жалпы тіл білімі
кафедрасының меңгерушісі:
филол. ғ. д., профессор Э.Д. Сүлейменова
Алматы - 2006
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің
семантизациясы.
Диплом жұмысының көлемі: 50 бет.
Диплом жұмысынында пайдаланылған әдебиеттер саны: 30.
Диплом жұмысының нысаны: көркем әдебиеттегі жалқы есімдер, мағыналық
ерекшелігі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көркем әдебиеттегі жалқы
есімдердің семантикасын анықтау – диплом жұмысының негізгі мақсаты. Осы
мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттер орындалды:
- ономастика мен әдеби ономастиканың арақатынасын анықтау;
- көркем әдебиенттегі жалқы есімдердің мағыналық қырларына тоқталу;
- қазақ көркем әдебиетіндегі жалқы есімдердің семантикасын саралау:
а) М. Әуезов шығармасындағы кісі есімдерін;
ә) Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы кісі есімдерін;
б) Сатира-юморлық кісі есімдерін қарастыру.
Диплом жұмысының мазмұны: Диплом жұмысында әдеби ономастиканың көркем
мәтіндегі қызметі қарастырылды. Бірінші бөлімде ономостика мен әдеби
ономастиканың арақатынасы сөз болды. Екінші бөлімде қазақ көркем
мәтініндегі кейіпкерлер есімінің мағынасы қарастырылды.
Диплом жұмысында пайдаланылған тірек сөздер: ономастика, семантика,
жалқы есім, кісі есімі, поэтонимдер, көркем әдебиеттегі кісі есімдері,
антропонимдер, жалпы есім, сөздің мағынасы, мәтін, көркем мәтін, әдеби
ономастика, қазақ антропонимдері, автор бейнесі, семантизация және т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдеби ономастика және көркем мәтін
1.1 Ономастика және әдеби ономастика
1.2 Көркем әдебиеттегі жалқы есімдердің семантикасы
2 Қазақ көркем әдебиетіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
2.1 М. Әуезов шығармасындағы кейіпкерлер есімдерінің мағынасы
2.2 Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы кейіпкерлер есімдерінің мағынасы
2.3 Сатира-юморлық кейіпкер есімдерінің семантикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ономастика теориялық негіз ретінде жалқы есімдердің ерекшеліктерін,
олардың жалпы есімдерден айырмашылығын зерттеумен, олардың тілдегі ерекше
жағдайымен, сөйлеудегі құрылымының еркешелігімен ғылымдар жүйесінен жеке
ғылым ретінде бөлініп шықты.
Бүгінгі таңда ономастиканың деңгейі, оның ғылымдар жүйесіндегі алатын
орны, сондай-ақ басқа ғылымдармен байланысы анықталып, бірнеше өзіндік жеке
салалары пайда болды. Атап айтқанда, ономастика кісі есімдерін зерттейтін
антрпонимика, географиялық объектілерді қарастыратын топонимика, жануарлар
мен құстар атауын зерттейтін зоонимика, аспан денелерінің атауын зерттейтін
астронимика және т.б. болып бөлінеді. Солардың ішінде жалқы есімдер ерекше
қызмет атқаратын және өзінше жеке ономастикалық кеңістік болып табылатын
әдеби ономастика маңызды орын алады.
Көркем шығармалардағы жалқы есімдер әдеби ономастиканың нысаны болып
табылады. Есімдер көркем туындыларды образ тудырудың бір құралы ретінде
қызмет атқарады. Көркем мәтіндегі жалқы есімдерді түрлі аспектіде қарастыру
үлкен қызығушылық тудырғанымен, қазақ тіл білімінде әдеби жалқы есімдер
жайлы арнайы зерттеу еңбектер жеткіліксіз. Мысалы, әдеби жалқы есімдер
туралы зерттеу еңбектер Ә. Қайдаров, Т. Жанұзақов, Е. Есбаева
мақалаларында, Қ. Жаппардың ғылыми еңбегінде сөз болады. Ә. Қайдаров Қозы
Көрпеш-Баян сұлу жырындағы жер-су атауларына тоқталса, Е. Есбаева Абай
жолы эпопеясындағы есімдерді қарастырған. Т. Жанұзақов өз еңбегінде көркем
әдебиеттегі басты кейіпкерлер есімдерінің жалқы есімдік мағыналарынан
ауытқып, жалқы есімге айналатындығын атап өтсе, Қ. Жаппардың арнайы зерттеу
еңбегі О. Сүлейменов шығармаларындағы жалқы есімдерді зерттеуге арналған.
Десек те бұл еңбектер әдеби жалқы есімдердің қызметін, семантикасын,
грамматикалық ерекшеліктерін жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Әдеби антропонимика мен топонимика орыс тіл білімінің ғалымдары
тарапынан қарқынды зерттеліп келеді. Әсіресе, әдеби антропонимдер белсенді
зерттелуде (Л.И. Андреева, И.Б. Воронова, М.В. Карпенко, В.М. Михайлов,
В.А. Никонов, А.В. Федоров, Л.М. Щетинин, т.б.). Әдеби топонимдердің
стилистикалық потенциалы жайлы Ю.А Карпенко, О.И. Фонякова, В.П.
Григорьева, т.б. еңбектерінде сөз болады.
Жануарлар атаулары, яғни зоонимдер өте аз зерттелген. Белгілі ғалым
В.И. Супрунның айтуынша, олардың функционалды ерекшеліктерінің толық
зерттелмегендігі көркем мәтінді бүтіндей және жан-жақты түсінуге мүмкіндік
бермейді.
Әдеби антропонимдер, топонимдер, зоонимдер, т.б. шығарма беттеріндегі
автор тудырған көркем ақиқат нысанының атауы ретінде шынайы және ойдан
шығарылған ономастика элементтерінің көрінісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі ономастикада ономастика мәселелері маңызды орын алады. О.
Есперсен, Е. Курилович, А.А. Реформацкий, А.В. Суперанская, т.б. жалқы
есімдердің көркем мәтіндегі функционалды құндылығын атап көрсетті. Расында,
есімдер тек номинативті ғана емес, сонымен бірге стилистикалық,
сипаттамалық қызмет атқара отырып, кейіпкер мінездемесін берудің құрамды
бөлігінің бірі болып табылады.
Мәтін латын тілінен аударғанда байланысу, бірігу деген мағынаны
білдіретіні белгілі. Көркем мәтін мағынасының астарында дәстүрлі түрде
тілдік сипаттағы шығарма, құрылымды байланысқа, мазмұндық бүтіндікке ие
болатын және осылардың құрылымды-семантикалық құрылысының өзара
байланысының негізінде туындайтын вербалды белгілер түрінде берілетін
хабарлар түсініледі. Көркем мәтін бірнше деңгейлі мазмұнды-мағыналық бүтін
ретінде хабар авторы – жазушының танымында ұйғарылған және эстетикалық
сұрыпталған шындық ақиқаттың күрделі, көлемді тілдік белгісі болып
табылады. Мәтін тұтастығын құруда жалқы есімдер айтарлықтай маңызды роль
атқарады.
Көркем әдебиеттегі жалқы есімдер поэтонимдер деп аталады. Ол
әдебиеттегі көркем ақиқат нысанын даралауға және сипаттауға арналған жан-
жақты функционалды семантикалық ауызша белгі болып табылады.
Жалқы есімдер кез келген жазушының сөз саптау жүйесіндегі аса қажет
компонент болып табылады. Олар көркем мәтіннің тілдік амалдар жүйесіне
шектеулі, дәлелді түрде қосылады және шығарманың жалпы образдылығын құруға
қатысады.
Көркем мәтін кеңістігіне ономастикалық лексиканы сұрыптау және қосу –
автор ойының айтылуымен тең келетін мақсатты процесс. Автор ойына
негізделген жалқы есімдер мазмұндық және мәтіннің формальды ұйымдастырылуы
бойынша маңызды болып табылады.
Ауызша материал аясында, жақын және жалпы контекст ортасында жалқы
есімдер ассоциативті, аймақтық мағынаны жетілдіреді. Өзге сөзбен айтқанда,
көркем қарым-қатынас жағдайында поэтоним мағынасының прагматикалық
компонентінің өзектілігі келіп шығады.
Поэтонимдер мәтіннің хабар беруші кеңістігінің мағына тудыратын және
стиль жасайтын маңызды элементі болып қалыптасады. Олар әдеби-көркем
шығарманы, автор шығармашылығының парадигмасын, шығарма идеясын тез
қабылдауға және түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ұлттық ономастика қорынан есімдер мен атаулар алып, оларды апеллятивті
лексикалық материалдар негізінде құра отырып, автор көркем шығарма
контексінде стилистикалық маңызды, әдеби онимдер (жалқы есімдер) құруға
негіз болатын күнделікті тұрмыста қолданылатын жалқы есімдердің қасиеттерін
молынан пайдаланады. Әрбір есім көркем шығарма құрамына ене отырып,
мәтіннің ономастикалық парадигмасына қосылады, өзге сөздермен түрлі
байланысқа түседі, даралық-көркемдік мағынаға ие болып, контекске тәуелді
болады.
Екінші жағынан, мәтін құрылысы аясында көркем сөйлеудің әрбір элементі
мәтін байланыстырғаш функцияны атқарады. Әдеби шығарма арқауындағы айқын
эстетикалық маңыздылық мәтін байланыстырғыш қасиет пен ономастикалық
бірліктердің қызметін анықтайды.
Жалқы есімдердің мәтін бірліктерімен парадигмалық және синтагматикалық
байланысы негізге алынатын мәтіндік категориялардың – тұтастықтың,
байланыстың, аяқталғандықтың қалыптасуына әкеледі. Бұл ономастикалық
бірліктер көркем шығарманың ажырамайтын компоненттері деуге мүскіндік
береді және мәтін байланыстырудың маңызды құралы болып табылады.
Көркем мәтіннің әр түрлі жанрындағы жалқы есімдердің қалыптасуы жайлы
теориялық зерттеулердің талдауы жалқы есімдер номинативті-дифференциалды,
прагматикалық, эстетикалық, мәтінбайланыстырушылық қызмет атқарады деп
айтуымызға толық мүмкіндік береді.
Жалқы есімдердің мәтінбайланыстырғыш қызметі – бұл омонимдердің
мәтіннің мазмұндық-мағыналық кеңістігі мен құрылысының ұйымдастырылуын
байланысу, құрастыру мүмкіндігі. Көркем шығармада омонимдердің ең негізгі
қызметіне эстетикалық және мәтінбайланыстырғыш қызмет жатады.
Осы орайда жалқы есімдер құрамына кіретін көркем шығарма тақырыптары
(ктематонимдер) жайлы айта көргенді жөн көрдік. Тақырып арқылы мәтіндегі
айтылатын ойдың жиынтығы беріледі. Шығарманың алғашқы белгісі ретінде
тақырыптың басты міндеті – оқырман назарын аудару, онымен тікелей
байланысқа түсу. Тақырыптың атауы болып тұрған бір сөз немесе сөз тіркесі,
сөйлемшелер бір ғана мағына беру арқылы номинативтік функцияны атқарады
[1, 46-б.].
Белгілі ғалым В.А. Кухаренко шығарма тақырыбының қызметі жайлы былай
деп жазады: Множество его функции объясняется тем, что он выступает
актуализатором практически всех текстовых категорий. Категория
информативности проявляется в ономасиологической, означивающией,
номинативной функции заголовка ... Категория модальности проявляется в
заголовке эксплицитно – через использование эмоционально-оценочных слов в
их прямых значениях ... Категория завершенности находит свое выражение в
делимитативной функции заголовка, который отделяет один завершенный текст
от другого [2, 90 с]. Соңғы құбылыс бір әңгіменің соңы мен келесі
әңгіменің басы бір бетке орналасқан әңгімелер жинағында жақсы байқалады.
Оларды бір-бірінен ажыратушы тақырыпшалар болып табылады.
Бір шығарманың тарауларына немесе бөлімдеріне берілетін аралық
тақырыпшалар мәтіннің мүшелендіру категориясын өзектендіреді. Аралық
тақырыпшалар оқырман қабылдауын жеңілдетеді, тақырыпшаларды бір-бірінен
бөліп тұрады. Сондай-ақ мәтіннің композициялық-архитектоникалық мүшелену
маңыздылығын байқатады. Әсіресе, балалар көркем әдебиетіндегі тақырыптар
мен тақырыпшалардың жас оқырмандарға әсер ету мүмкіншілігі өте зор.
Кез келген шығарманы қолымызға алғанда алдымен тақырыбына мән береміз.
Мәселен, Менің атым Қожа повесін алғаш алғаннан-ақ, ары қарай оқиға кім
туралы өрбитінін аңғару қиын емес. Балалар әдебиетінің жоғары буын
оқырмандарына арналған әдбиеттен айырмашылығы - әр оқиға өз алдына бір
тақырыпшамен берілетіндігінде. Аталмыш шығарма бір тақырыптан, жиырма жеті
тараудан тұрады. Сонымен қатар, әрбір тараудың мазмұнды-мағыналық хабардың
байланыстырушы, құрастырушы элементі ретінде сипатталатын өзіндік атауы
бар. Мысалы, Оқушы шығарманың бас кеіпкерімен, яғни менімен танысады,
Қаратай жайында айтылады, Құпия кеңес жайы сөз болады, повесть осымен
аяқталады. Осы сипатта келетін әр тарау өте қарапайым, әрі баланың
шығарманы түсінуіне қиындық тудырмай, есте ұзақ сақталуына мүмкіндік
тудырады. Көркем шығарма тақырыптары көп жағдайда шығармадағы басты
кейіпкерлер есімдерімен қойылады. Менің атым Қожа (Б. Соқпақбаев),
Жаңғалақ, Сәтжан (С. Бегалин) т.б. секілді шығармалардың негізгі
кейіпкер есімімен аталуы тек номинативтік функция ғана емес, сонымен қатар,
мәтінбайланыстырғыш қызмет атқарады.
Көркем мәтіндегі онимдер шығармашылығынан туған жазушы әлемінің
образдылығының эстетикалық маңызды және хабарлаушы объективті белгілері
ретінде көрінеді. Әдеби есімдердің өзіндік ерекшеліктері олардың
стилистикалық функцияларының кеңеюін қамтамасыз етеді. Көркем әдебиеттегі
жалқы есімдердің қызметі жалпы халықтық тілге қарағанда әр түрлі. Шындық
өмірде жалқы есімдер мен атаулар оларға ие болып жүрген жандардың тұлғалық
қасиеттерімен сәйкес келе бермейді.
Жалқы есімдер көркем әдебиетте көркем образ жасаудың бір амалы болып
табылады. Сол себептен жалқы есімдерді көркем бейнелеудің құралы ретінде
зерттеу жазушы тілін және стилін зерттеу мәселесінің бір бөлігі болып
табылады. Есім кейіпкер мінездемесінің құрамды бөлігі болып, номинативтік,
стилистикалық қызмет атқарады.
Көркем шығармада сөйлемейтін есім жоқ деген пікір кең тараған.
Белгілі ғалым Т. Жанұзақов: Көркем әдебиет кейіпкерлерінің жалпы типтік,
жиынтық образ жасауда үлкен роль атқарады. Көркем әдебиеттегі басты
кейіпкерлер есімдерінің жалқы, төл есімдік мағыналарынан ауытқып, жалпы
мағынаға ие болатындары да бар деп жазады [3, 129-б.]. Бұған
кейіпкерлердің көптеген есімдері мен фамилияларының жалпы есімге ауысып
отыратындығы куә. Жалпы халыққа белгілі Қарабай, Шығайбай, Асанқайғы т.б.
есімдер оған дәлел бола алады. Бұл құбылысты орыс көркем әдебиетінен де көп
кездестіруге болады. Ол туралы өз кезінде В.Г. Белинский, былай деп жазған:
Такие имена, как Онегин, Ленский, Татьяна, Фамусов, Молчалин, Бобчинский,
Добчинский, Держиморда и прочее – суть как бы не собственное, а
нарицательные имена, общие характерические названия известных явлений
действительности [4, 643-б.].
Өте нақты таңдалынған, әлеуметтік боялған есімдер барлық классик-
жазушылардың еңбектерінде кездеседі.
Қорыта айтқанда, көркем шығармалардағы әдеби жалқы есімдерді лексика-
семантикалық, грамматикалық тұрғыдан зерттеу, көркем мәтіндегі қызметін
айқындау автор тудырған туындыны жан-жақты, толық түсінуге маңызы зор.
1 ӘДЕБИ ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ КӨРКЕМ МӘТІН
1.1 ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ӘДЕБИ ОНОМАСТИКА
Ономастика – тіл білімінде әлі де зерттеуді қажет ететін салалардың
бірі. Ономастиканы зерттеуші ғалымдардың көпшілігі бұл саланы зерттеудің
кейінеректе қолға алына бастағанын айтады. Нақты деректер келтірер болсақ,
А.В. Суперанскаяның Общая теория имени собственного еңбегінде ономастика
саласының тек ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы мен 60 жылдарының басында ғана
сан мен сапа жағынан өте қарқынды түрде дамығандығы, библиографтардың
санағы бойынша 1918 – 1962 жылдар аралығында Кеңес дәуірінде ономастика
бойынша барлық тілде 800-дей жұмыс болғаны, ал 1962 – 1975 жылдар
аралығында 4515 жұмыстың жарыққа шыққандығы туралы айтылады. Сонымен қатар
осындай қарқынды даму нәтижесінде ономастиканың топонимика мен
антропонимика салалары жеке ғылым ретінде ерекшеленгендігі сөз болады [5,
17 б.].
Антропонимика – ономастиканың кісі аттарын зерттейтін негізгі бөлімі
болып есептеледі. Антропонимиканың негізгі қарастыратын мәселелері
антропонимдердің шығу тегі, даму заңдылығы, лоардың құрылымы, жүйесі және
басқа тілдердің антропонимдерге тигізетін әсері болып табылады. Бұл
мәселелердің барлығы да қазірде өз шешімін тауып зерттеліп келеді:
1. Анропонимиканың теориялық негіздері;
2. Антропонимиканың этнолингвистика тұрғысынан қарастырылуы;
3. Диалектілік негізінде зерттелуі;
4. Антропонимдердің тарихы мен этимологиясының мәселелері.
Қазақ антропонимдерін қарастырған Т.Ж. Жанұзақовтың Қазақ
тіліндіндегі жалқы есмідер , Қазақ есімдерінің тарихы , Есімдер сыры ,
Основные проблемы ономастики казахского языка, Очерки казахской
ономастики еңбектерінде қазақ есімдерінің даму тарихы, құрылымдық сипаты,
дұрыс жазылу ережелері, этимологиясы, хронологиялық және лексика-
семантикалық жіктеулер жайында сөз болады.
Алғашқы кезеңде әр ұлттың өз тіліндегі кісі есімдерінің негізін
айқындау, саралау бағыты тұрғаны рас. Осы сала бойынша еңбек етіп жүрген
тілші ғалымдардың әр жылдарда жарық көрген монографиялары мен
антропонимикалық сөздіктері – осының айғағы. Дегенмен, осы еңбектердің
барлығында да антропонимдер аталған мәселелер төңірегінде жалпы түрде
қарастырылған.
Барлық тілдердегі сөздер үлкен екі топқа бөлінеді. Олар – жалпы және
жалқы есім сөздер. Жалқы есімдер тілдегі жалпы есімдердей құрылысы мен
қолданылу жүйесіне және мағыналық ерекшелігіне қарай әр түрлі болады. Жалқы
есімдердің (ономастиканың) бір саласы – антропонимика. Антропонимия
(гректің anthropos кісі және onoma ат, есім деген сөзі) деп бір
тілдегі кісі есімдерінің жиынтығын атайды.
Антропонимдер адамзат қоғамында маңызы зор, үлкен роль атқарады.
Анропонимика ономастиканың кісі аттарын зерттейтін негізгі бөлімі болып
есептеледі. Ал антропоним, антропонимия терминдері тілдегі кісі аттары
туралы мәліметтер деген ұғымды білдіреді.
Анропонимиканың өзіндік зерттелу тарихы, ғылым ретінде даму жолы,
негізі бар.
Қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға
бастады. Ондай алғашқы мақалаларға А.Е. Алекторовтың, А. Диваевтың
мақалалары жатады. Бұл мақалалардың екеуі де көлемі жағынан тым шағын,
пікірлері де жұтаң. Алайда алғашқы бастама ретінде олардың маңызы зор, аса
жоғары бағаланады. Батыс қазақтардың этнографиясын зерттеген ғалымдар Р.
Краутц, Р.Н. Харузин еңбектерінен де кісі аттарына байланысты мәліметтерді
кездестіруге болады. Қазақ есімдері туралы кейбір пікірлер, азды-кем
этимологиялық талдаулар В.В. Бартольд, Ш.Ш. Уәлиханов, В.И. Даль, Н.
Ильминский, А.И. Самойлович еңбектерінде де кездесіп отырады. Бірақ бұл
кезде анропонимиканы жеке-жеке ғылым саласы ретінде зерттеу, жолға қою
жұмысы қолға алынбаған еді. Қазақ антропонимикасы Кеңестік дәуірде, қазақ
тіл білімінің қауырт дамуымен байланысты ұдайы зерттеліп келеді.
Белгілі ғалым Қ. Жұбанов Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан
атты еңбегінде біріккен тұлғалы кісі есімдерінің синтаксистік құрылымына
ерекше назар аударып, жан-жақты талдау жасайды. Зерттеуші біріккен тұлғалы
кісі аттары компоненттерінің орын тәртібін, синтаксистік құрылысын тексере
отырып, олардың тілдік грамматикалық құрылысының даму жайын, өзгеру
сатысын, сонымен қатар бұл жөнінде бірден-бір құнды мәлімет болатындығын
көрсеткен. Тіліміздегі Қойлыбай, Малдыбай тәрізді есімдер мен Жылқыбай,
Сиырбай, Түйебай секілді есімдердің мағыналық әрі құрылымдық жағынан бірдей
еместігін аса көрегендікпен байқаған . Мұндағы лингвистикалық заңдылықтың
сөз тәртібіне, олардың орналасу принципіне сай болатыны еңбекте терең
талданған.
Ғалымның бұл еңбегі қазақ антропонимика тарихында мәні зор тұңғыш
еңбек санатына қосылады. Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы
мақалалардың бірі – І. Кеңесбаевтың қаламынан туған мақаласы . Бұл мақалада
қазақ есімдерінің дара, біріккен тұлғалары, араб-парсы тілдерінен енгендер,
фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы мен орфографиясы сөз болады.
Кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу нысаны болатыны және
оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелері С. Аманжолов
мақаласында қарастырылған. Көне түркі есімдері жөнінде Ғ. Мұсабаев пен Ғ.
Айдаров өз еңбектерінде көптеген мәліметтер берген. Тілдегі сөздер мен кісі
аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш,
еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары
бар. Тілдегі осы өзекті мәселеге зерттеуші ғалым Ғ. Мұсабаевтың Қазақ
тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар атты мақаласы арналған . Автор кісі
есімдеріндегі еркелеткіш –ш, -қан, -жан, -тай тәрізді жұрнақтардың
семантикасы мен функциясын саралайды.
Кішірейткіш, сыйлау, құрметтеу қосымшаларының кісі аттарын өзгертіп,
түрлендірудегі қызметі тым ерекше. Бұл тілде жиі қолданылатын өнімді
қосымшалар. Жалқы және жалпы есімдердің байланысы, бір-бірінен ерекшелігі
және емле, жазу, орфография мәселелері жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтар мен мектеп грамматикаларында үнемі айылып келеді.
Қазақ есімдерін зерттеуде Т. Жанұзақовтың еңбектері елеулі орын алады.
Ғалым қазақ есімдерінің жасалу жолдарына, құрылымдық сипатына, шығу тегіне
талдау жасаған.
Кісі есімдерінің өзіне тән жалпы белгілері болады.
Біріншіден, кісі есімдерінің барлық түрлері ортақ белгімен, яғни
адамдарды атау қабілетімен біріктірілген. Олардың ішінде жеке есім
денотаттың жекелік мәнінің жоғарғы деңгейіне ие, яғни әрбір адамның өзінің
жеке аты болады да, ал антропонимдердің басқа түрлері (қосалқы, лақап,
бүркеншік, фамилиялар мен әке аттары, т. б.) қосымша болып, олар халықтың
тарихи-мәдени салт-дәстүрлерімен ара-қатынаста болады. Сонымен қатар, жеке
атауларды адамдар өз еркінше таңдап қояды, ал фамилия мен әке аты туыстық
байланыстарға қатысты қойылады, лақап ат пен бүркеншік аттар, т.б. негізгі
есімдер қатарына жатпайды, олар қосымша есімдер қатарына енеді. Себебі
барлық адамда лақап ат немесе бүркеншік аттары бола бермейді. Лақап немесе
мазақ аттар адамға басқа адамдар арқылы (көбінесе құрбы-құрдастары атайды)
берілсе, бүркеншік есімдерді белгілі бір себептерге қатысты адамның өзі
таңдап алады. Көп жағдайда бүркеншік аттар нағыз есімдер орнына қолданылады
да, сол тұлға бүркеншік атпен елге танылады. Бұл кезде адамның жеке есімі
екінші сатыға түсіп қалады. Мысалы: Максим Горький (А.М. Пешков), Марк Твен
(Сэмюэл Клеменс), т.б.
Екіншіден, әр түрлі халықтардың антропонимдерінің дамуында бір атаулық
антропонимдік жүйеден көп атаулыққа заңдылықты даму байқалады. Бір есімдік
жүйе көне болып есептеледі.
Үшіншіден, әр түрлі халықтардың есім берудегі ресми формуласы – тарихи
категория. Есімдерді қоюда қатаң тәртіп болмайды, себебі олар өзгергіш
келеді әрі оның құрамындағы компоненттер де, олардың орналасу тәртібі де әр
түрлі болады.
Төртіншіден, кісі есімдері ономастикалық кеңістіктің өзегін құрайды.
Бесіншіден, ұлттық кісі есімдерінің негізгі қорын көп жағдайда ана
тілдің сөздері арқылы жасалған есімдер құрайды.
Алтыншыдан, кісі есімдері жүйесі жаңарған есімдермен және кірме
есімдермен толықтырылып отырады.
Жетіншіден, кісі есімдері жүйесінде ер адамдарға тән есімдер мен әйел
адамдарға тән есімдер бөлінеді. Олар белгілі бір мағынаға ие болады.
Сегізіншіден, есімдер маңызды заңдық қызмет атқарады, яғни жеке
тұлғаның қоғамдағы идентификациясын білдіреді.
Тоғызыншы, кісі есімдері, көбінесе, жекеше түрде қолданылады. Кей
жағдайда есімдерге көптік жалғауы жалғанады. Ол мынандай жағдайларда
кездеседі. Біріншіден, отбасын немесе әулетті айтқанда отбасының фамиляисы
көптік жалғауда келеді. Мысалы: Асановтар отбасы, Мұратовтар жанұясы немесе
әулеті деп қолданылады. Екіншіден, көркем шығармаларда жинақтық бейне
арқылы қалыптасып, ауызекі тілде де қолданылатын есімдер. Мысалы, сараң
дегенді білдіретін Шықбермес Шығайбай есімін жинақтап қолданатын болса
былай болады: Қазір Шықбермес Шығайбайлар көп-ақ. Бұл – жалпы сараң
адамдарды жинақтайтын есім.
Үшіншіден, есімдерге көптік жалғауы жалғанса, онда ол сол есімі
аталған адамдардың көптігін емес, қасында басқа да адамдар бар екендігін
білдіреді. Мысалы: Асандар келді. Бұл жерде көптік жалғау Асанның көптігін
емес, Асанның бірнеше адамдармен бірігіп келгендігін білдіреді.
Оныншы, көптеген ұлттық антропонимдік жүйеде жеке есімдер ресми және
бейресми есімдерге бөлінеді.
Бейресми есімдер, өз кезегінде, былай жіктеледі:
1. Қысқа есімдер, бұған негіздің қысқарған формасы немесе екі негізді
есімнің бір негізінің ғана қалуын білдіретін есімдер енеді. Мысалы:
Қасымжан – Қасым, Гүлнар – Гуля, т.б.
2. Кішірейту, еркелету мәнді есімдер, бұл есімдер арнайы кішірейту,
еркелету мәнді жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Әлия
есімінен - Әлкен, Әлкеш, Әлкетай, Әлияжан; Бақытжаннан – Бақас;
Шәріпбектен – Шәкен; Еркіннен – Еркінтай, т.б.
3. Қазақ есімдерінде үлкен кісілердің жасына, шеніне, әлеуметтік
жағдайына қарай сыйлау, құрмет тұту мәнін үстейтін –еке жұрнағы
қосылу арқылы сыйлау, құрметтеу есімдері жасалады. Мысалы: Баянжан,
Бақытжанды Бәке деп, Маратты Мәке деп атайды.
Қазақтың антропонимдік жүйесінде тарихи тұрғыдан құрметтеу есімдері
тек жасы бойынша үлкен кісілерге, әлеуметтік деңгейіне және гендерлік
сипатына қатысты (бұл есім тек ер адамдарға ғана қатысты) қолданылады.
Осылайша, әлеуметтік топ арасындағы сатылы шарттылық сақталған. Ал қазіргі
кезде құрметтеу, сыйлау мәнін тудыратын арнайы жұрнақтар арқылы жасалған
есімдер тілдік қарым-қатынас барысында әйел адамдарға да, жастар арасындағы
құрбылар ішінде де қалжыңдау кезінде және т.с.с. жағдайларда қолданылуы
мүмкін.
Көркем шығарманың сөздік құрамында ономастикалық сөздер ерекше орынға
ие. Ол кез келген жазушы тілінде ерекше көзге түсетін, стилистикалық және
семантикалық жағынан белгіленген экспрессивтік құрал, стильдің жарқын
белгісі [6].
Көркем шығарма мәтіні мен жазушы шығармашылығының ономастикалық
әлемін құрайтын жалқы есімдер парадигматикалық және синтагматикалық даму
тұрғысынан ғана маңызды мәтін құраушы қызмет атқармайды, сонымен қатар олар
білдіретін эстетикалық нысандар автордың көркем ойлары мен дүниетанымын
білдіруге, мәтіннің сөйлеу және әдеби композициялық дамуы мен құрылуына,
көркем мәтіннің барлық категориялары мен қасиеттерін жүзеге асыруға
қатысады. Бұл мәселелер мәтін лингвистикасы мен стилистикасына
(лингвистикалық поэтикада) зерттелуі.
Көркем шығарма мәтініндегі ономастикалық әлемді, оның жазушы
тіліндегі ономастикалық кеңістігін зерттеу, бейнелеу арқылы қазіргі ғылым
индивидуалды ономастикалық жүйенің элементтерін жалпыхалықтық ұлттық
тілдің ономастикалық жүйесі тұрғысынан функционалды – туынды және бөлшекті
жүйе ретінде қарастырады.
Бұл жүйеге көркемдік бейнелеудің әдісі мен жанры, көркем шығарманың
композициясы, тақырыбы мен идеясы, көркем шығармада сөз эстетиканың кең
көлемдегі көрінісін мазмұндайтын индивидуалды-көркемдік сөз бен есімдік
қолданыстардың барлық ерекшеліктері шешуші әсер тигізеді.
Әдеби ономастиканың пәнін құрайтын көркем шығармадағы жалқы есімдерді
зерттеу ұзақ уақыт кездейсоқ сипатта болды. Еңбектерде кейіпкерді
сипаттайтын уәжді есімдер қарастырылды немесе жеке авторлардағы
антропонимдер шығарма бойынша немесе шығармашылық кезеңдері (жанрлары)
бойынша қарастырылды. Мысалы, В.Н. Михайловтың еңбектер тобы. Ол еңбектерін
әр түрлі үлкен ономастикалық мәліметтердің әдеби ономастикалық
ерекшеліктерін анықтау мақсатында жазған. Алайда автордың соңғы еңбегінде
жаушы тілін талдаудың екі әр түрлі теориялық әдістері біріктірілген: көркем
шығармадан жеке экспрессивтік есімдерді іздеу, осы материалдардың жалпы
жүйелілігін мәлімдеу [7, 3-4 бб.].
80-90 жылдарда әдеби ономастика бойынша бір жазушы шығармаларындағы
(немесе бір туындыдағы) жалқы есімдердің жиынтығын суреттеуге немесе әр
түрлі авторлық стилистикалық жүйесі материалдары негізінде жалқы есімдердің
жеке қасиеттерін анықтауға арналған қызықты еңбектер жарық көрді. Бұл
еңбектерде алқы есімдердің парадигматикасы синтагматикаға қарағанда
толығырақ қарастырылған. Бұған Одессаның ономастикалық мектебінің
профессоры Ю.А. Карпенконың еңбектері жатады. И.И. Мечников атындағы Одесса
мемлекеттік университетінде жазылып, Орыс ономастикасы (Одесса, 1984),
Орыс ономастикасының өзекті мәселелері (Киев, 1988), Тіл мен мәтіннің
семантикасы (Кировоград, 1988), т.б. жинақтарда жарияланған. Осы
университетте осы мәселеге қатысты біраз кандидаттық диссертациялар
қорғалған. Мысалы, Буштян Л.М. Ономастикалық коннатация (орыс кеңестік
роэзия материалдары бойынша, 1983); Мурадян И.Е. А.С. Пушкиннің көркем
прозасындағы тарихи тұлғалардың есімдері (1985); Тодорова Н.Ю. Марк Твеннің
антропонимдері (1987); Мысалы С.Г. А. Блоктың ономастикасы (1988);
Бакастова Т.В. Жалқы есімдердің көркем мәтінде семантизациялануы (1987)
және т.б.
Қазіргі әдеби ономастиканң дамуында оның жалпы мәтін стилистикасы мен
лингвискасының идеялары мен әдістерімен тоғысуы маңызды нәтиже беруде.
В.В. Виноградов көркем әдебиет туралы ілімін жасай отырып, өзінің
Стилистиканың міндеттері атты еңбегінде былай деді: Көркем әдебиетте
есім, фамилия, лақап таңдау, олардың түрлі жанрлар мен стильдердегі
құрылымдық ерекшеліктері, олардың бейнелік және сипаттамалық қызметтері
туралы мәселелер аз ғана мысалдар арқылы шешілмейді. Бұл – көркем әдебиет
стилистикасының өте үлкен әрі күрделі тақырыбы [8, 37-38]. Расында да,
бұл мәселелер – стилистика мен ономастиканың үлкен тақырыбы. Оның аз
зерттелуі бұл екі ғылымның әлі жеткілікті дәрежеде тоғыспауынан, зерттеу
нысандарының біріктірілмеуінен. Әдеби ономастика теориясы мен әдістемесі аз
жасалған, әр түрлі жазушылар материалдары бойынша көркем мәтіннің
парадигмалық және синтагматикалық барлық аспектілері толық ашылмаған.
Қазіргі кезде көркем шығарма мәтініндегі жалқы есімдерді жүйелік
талдаудың аспектілерін, принциптерін оларды ажыратушы белгілер арқылы
анықтауға болады.
1) Жалқы есімдерді зерттеу нысаны бойынша: мәтіндік және мәтіннен тыс
(әлеуметтік лингвистикалық, энциклопедиялық, тарихи, т.с.с.).
2) Коннотацияның сипатына қатысты стильдік (ішкі) және жалпы тілдік
(сыртқы) болып бөлінеді.
3) Мәтіннен тыс ақпарат мазмұны бойынша: лингвистикалық (ономастикалық,
коннотативтік) – экстралингвистикалық (энциклопедиялық, әлеуметтік,
тарихи-мәдени, болмыстық және т.с.с.).
4) Көркем шығарма мәтінінің семантикалық композиция деңгейлерінің
қайсысына жататындығына қарай: ономастикалық– ономапоэтикалық.
5) Көркем шығарма мәтінінің ономастикалық кеңістікті қамтуы бойынша: толық
- әр түрлі (кездейсоқ).
6) Көркем шығарма мәтініндегі жалқы есімдердің жүйелік байланыстарының
типтеріне қарай (семантикалық композициялық әрбір деңгейі үшін):
парадигматикалық-синтагматикалық.
7) Жалқы есімдерді семантикалық-стилистикалық талдау аспектілері бойынша:
құрылымдық-функционалдық.
Көркем шығарма тілін жүйелі кешенді тұрғыдан зерттеу орыс тіл
білімінде 1920-30 жж. басталған, ал қазіржетекші орынға ие. Мұндай жүйелі
тұрғыдан зеерттеуде (Ю.Н. Тынянов, Б.А. Ларин, Л.В. Щерба, В.В. Винаградов,
А.М. Пешковский және т.б.) әр түрлі құрылым мен деңгейдегі бірліктерге
(сөз, сөз тіркесі, күрделі синтаксистік бүтіндік, сөз қолданудың әдістері,
т.б.) функционалдық-семантикалық талдау жасау көркем мәтінді зерттеудің
негізгі аспектісі саналады. Ал суреттеудің мақсаты – жазушы қолданысында,
бейнеленген индивидуалды семантика-стилистикалық жүйені іздеу. Жалқы
есімдерді қолдану (есім қолданысы) көркем шығарманың осы жалпы функционалды
жүйесіне бағындырылған бөлігі болып табылады. Кез келген есім мәтін ішінде
өзінше бөлек тұрмайды, ол жақын және жалпы контекспен тығыз байланысты
болады.
Осылайша, көркем шығарма мәтінінде жалқы есімдер шығарманың жалпы
бейнелілігін жасауда белсенді қызмет атқара отырып, оның стилистикалық
жүйесінің маңызды элементі саналады. Көркем шығарма мәтіні эстетикалық
мағынаны ұйымдастырылған сөйлеу әдістерінің қызметі жағынан жабық жүйе
болғандықтан, жалқы есімдер мәтінде оның индивидуалды-көркемдік
семантикасын құратын көптеген ұғымдық байланыстарын, күрделі ассоциациялар
мен коннотациялармен өсіп, толысады.
Парадигматикалық тұрғыдан жүйелік талдау мынадай мәселелерді қамтиды:
- мәтіндегі ономастикалық кеңістік құралдарын анықтау және жүйелеу;
- жалқы есімдер құрамын ономастикалық және окказионалдық құрылымдарды
қоса отырып, тақырыптың топтар мен бөлімдер бойынша типологиялық талдау
жасау;
- көркем мәтіндегі бір денотатқа қатысты ономастикалық атаулардың
барлық варианттары мен әдістерін есепке алу;
- жалқы есімдердің көркем мәтін тақырыбы мен оның тірек сөздерімен
өзара байланысын зерттеу;
- Жалқы есімдерді көркем мәтін сюжетінің дамуындағы, барлық деңгейдегі
семантикалық композициясындағы, көркем мәтіннің мақсаттылығы мен
байланыстылығындағы, оның ашық және жасырын мазмұнындағы қызметіне қарай
жіктеу.
Ал синтагматикалық тұрғыдан зерттеуге жалқы есімдерді тізбекті қатарда
– сөйлем, күрделі синтаксистік бүтіндік (абзац) және т.б. бөліктер
көлемінде талдау жатады.
Бұл жағдайда мынандай мәселелер зерттеледі:
- Жалқы есімдерді қолданудың барлық типтері (жеке және топтық,
номинативтік-бейнелік, ауыспалы, перифразалық, жинақталған-символикалық
және т.б.), олардың апеллятивтік және т.б. жалқы есімдермен байланысы,
хабарлаудың микротақырыптармен байланысы;
- Әр түрлі стилистикалық қызметтердің жүзеге асуы және т.б. контекске
енгізу әдістері, сөйлеу композициясы шегінде әр түрлі көркем шығарма
формаларында қолдану.
Көркем шығарма мәтініндегі жалқы есімдер саны әр түрлі болып келуі
мүмкін. Көркем шығармада кездесетін осы есімдер ономастикалық кеңістікті
құрайды.
Көркем шығармадағы кісі есімі мәтіндегі көркем қызметін атқара отырып,
үнемі коннотаттивтік мағынаға ие.
Көркем мәтіндегі жалқы есімдерді өзіндік белгілеріне қатысты бірнеше
топқа бөлуге болады. Біріншіден, жалқы есімдердің заттық мағыналық
ерекшеліктеріне қатысты бірнеше оппозициялық топтарға ажыратуға болады:
антропонимдер – топонимдер; топонимдер – урбанимдер; антропонимдер –
зоонимдер, ақиқат кісі есімдері – мифтік есімдер, хремотонимдер – тауар
белгілері және т.с.с. олардың ішінде антропонимдер жеке есімдер мен
фамилияларға, есім + фамилия мен лақап атқа, жеке есім мен әке атына және
т.с.с. жіктеледі.
Бұл бірліктердің бәрі көркем мәтіндегі ономастикалық кеңістіктің
өзегін құрайды. Алайда көркем номинацияның оккозионалдық әдістері ғана
қолданылатын кіші көркем мәтіндер де кездеседі. Сондықтан көркем мәтіндегі
көркем номинация әдістері бойынша жалқы есімдерді узуалды лексикалық әдіс
пен оккозионалдық, контекстуалдық, индивидуалдық – авторлық әдістер деп
бөлуге болады. Антропонимдік атаулар кез келген көркем мәтіннің
ономастикалық атаулардың өзегіне кіреді.
Көркем мәтін ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдердің үшінші
жіктелісі халық тіліндегі ұлттық есімдермен ара қатынасына қатысты
байланысты. Мұнда да бір қатар оппозициялар көріністенген: шын ойдан
шығарылған, шын есімдер өз ішінен өз – кірме (шет тілдік есімдер); ескі –
жаза (қазіргі кезеңге тән есімдер); жиіқолданылатын – сирек қолданылатын,
қалалық – ауылдық және т.с.с. ажыратылады.
1.2 КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАСЫ
Жалқы есімдер тіл, сөйлеу, мәтін, әсіресе көркем әдебиет деңгейінде
түрлі семантикалық реңкке ие. Жалқы есімдердің барлық топтары сөйлеудің әр
түрлі функционалдық стильдерінде әр түрлі стилистикалық қызметте
қолданылады. Көркем әдебиет стилінде жалқы есімдер белсенді түрде
эстетикалық қызметімен қатар жүреді. Ол көркем шығарманың әр түрлі
жанрларында коммуникативтік- номинативтік, сипаттамалық, мінездемелік,
уақыттық-кеңістіктік, идеологиялық, мәдени-тарихи, т.б. түрде
көріністенеді.
Л.В. Щербаның ойынша, әдеби шығарманың мәтіні – жазушының эстетикалық
тұрғыдан ұйымдастырылған жеке сөйлеу әрекетінің нәтижесі. Жазушының жеке
жүйесін (стилін) білдіретін оның әрекеттік сөздігін құрайды немесе
бейнелейді [9, 34 с.].
Көркем әдебиеттегі жалқы есімдер де жазушы тіліндегі осы өзекті,
әрекеттік сөздік қорға енетіні сөзсіз. Көркем мәтіннің жүйелік
ұйымдастырылуы туралы Прага лингвистикалық үйірмесінің әйгілі
тұжырымдарының авторлары да жазған: Поэтикалық шығарма – бұл функционалдық
құрылым, сондықтан оның жеке элементтері бүтінмен байланыссыз ұғыныла
алмайды [10, 25 б].
Сөйтіп, көркем сөйлеу стилистикасы бойынша жазушы тілінде екі әр түрлі
жүйе өзара қатынаста болады. Ол жүйе жалпы халықтық әдеби тіл мен жазушының
жеке сөйлеу шығармашылығы жатады. Алайда бұл екі жүйені біріктірмеуге,
бөлуге болмайды, себебі жазушының жеке қолданысы жалпы халықтық тілге
негізделеді, алайда оған пара-пар емес.
Көркем әдебиеттің әрбір элементі мәтін құраушы қызмет атқарады.
Жазушының сөз қолданысы оның мазмұндық-стилистикалық жүйесінің негізін
құрайды. Ол тілдегі лексикалық бірліктерді мазмұны жағынан толықтыру, сөз
таңдау арқылы көрінетін шығармашылық әрекеті. Тілдегі лексикалық
бірліктерге ономастикалық атаулар да жатады. Көркем шығармашылық заңы
бойынша жазушының сөз қолданысы әрқашан да сөздің мағыналық құрылымының
жаңаруымен, оның контекстік байланысымен, сөзддің ерекше көркем мағынасының
жасалуымен байланысты.
Б.А. Ларин ерекше көркем мағынаны 1923 жылы эстетикалық мағына деп
атаған. Эстетикалық мағынаның жасалуы туралы ғалым былай дейді:
Эстетическое значение возникает при поглощенном прямом значении
слова, оно скрыто в тех включенных в него обертонах смысла которые
появляются при неразрывной связи смысла с разными частями художественного
текста от предложения, абзаца до главы и целого произведения, т.е. от
малого до большого контекста. Оно необъязательно, даже неожиданно, по
поводу данной реалии, но незаменимо, как выражения модального качества
мысли [11, 32 с.].
Эстетикалық қызмет пен мағынаға, әсіресе, көркем мәтіндегі
кейіпкерлердің тағдыры мен болмыс-бітімін өзі айтып тұратын есімдер ие.
Егер мұндай есімдер белгілі әдеби мәтіндерде басқа бірліктермен қатар
қызмет атқарса, онда олар эстетикалық мазмұнға да ие болады.
Қазіргі мәтін лингвистикасы өз бастауын көркем сөйлеу стилистикасынан,
грамматикадан (синтаксистен) және прагматикадан алады. Оның бірнеше бағыты
бар және ол көркем мәтіннің типологиялық қасиеттерін зерттейді
М.Н. Кожина өзінің Стилистика соотношении с лингвистикой текста
атты мақаласында: Мәтін лингвистикасы мен стилистиканың тек зерттеу
нысандары ғана емес, зерттеу пәні де орта. Бұл екі ғылыми сала да мәтіннің
құрылымдық (немесе жүйелік) ерекшеліктерін зерттеуді алдарына міндет етіп
қояды [12, 98 с.], - дейді.
Ол мәтіннің өзіне тән мынадай белгілерін көрсетеді:
- байланыстылық (лебіз білдірудің әдістеріндегі байланыстылық);
- бүтіндік (мәтін мазмұны мен құрылымының бүтіндігі);
- мәтіннің тереңдігі (мәтінішілік мазмұн);
- концептуалдылық немесе концепт (В.А. Кухаренко бойынша);
- интеграция;
- проспекция;
- ретроспекция;
- когезия (мәтінішілік байланыстар) – мәтін құрудағы тема мен реманың
қайталануы, өзара байланысы негізінде жасалады.
Э.Г. Ризель мәтін құрылымына тән үш қасиетті көрсетеді. Оларға:
1) заттық- қисындық;
2) архитектоникалық (абзац, бөлім, тарау, т.с.с.);
3) мазмұндау формасы (суреттеу, хабарлау, монолог, диалог) жатады.
И.Р. Гальперин Текст как объект лингвистического исследования атты
еңбегінде мәтіннің мынадай негізгі белгілерін анықтайды:
- ақпараттылығы (деректік, тұжырымдық және мәтінішілік);
- мәтіннің бөлшектілігі;
- когезия;
- континуум (көркем кеңістік пен уақыт категориялары);
- мәтін бөліктерінің мазмұны;
- мәтіндегі ретроспекция мен проспекция;
- мәтіннің модальділігі (субъективтілігі мен объективтілігі);
- мәтіннің сатылығы мен аяқталғандығы [13, 92 с.].
Көркем мәтінге тән бұл белгілердің бәрі мәтіннің лексика-семантикалық
жүйесімен және жалқы есімдерді қолдануымен байланысты. Ономастикалық сөздер
көркем сөйлеудің барлық түрлерінде кездесіп, әдеби мәтіннің негізгі
қасиеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.
Алайда, мәтін лингвистикасы бойынша әдебиет авторлары жалқы есімдерді
көркем мәтінді ұйымдастырудың құрылымдық-мағыналық маңызды құралы ретінде
көңіл бөлмейді. Тек зерттеуші В. А. Кухаренко ғана өзінің Интерпретация
текста атты еңбегінің Жалқы есімдер тарауында Мәтін деңгейінде
актуалдану атты бөлім арнайды [2, 101-110 с.]. Ол мәтінді өзінше
коммуникативтік бірлік ретінде анықтай отырып, көркем мәтіндегі тақырып
және жалқы есім сияқты стилистикалық категорияларға тоқталады.
В. А. Кухаренко жалқы есімдердің мағынасы мен қолданылуы туралы
мынандай пікір айтады: Семантически полое в языке ИС выступает предельно
информационно насыщенной единицей в речи каждого коммуниканта, ибо,
означивая объект, включает весь запас знаний говорящего о нем [2, 102 с.].
Бұл білімнің көлемі сөйлеу жағдайы мен тілдік қарым-қатынасқа түсуші
ұстанымына байланысты өзгеріп отырады. Жалқы есімдердің сөйлеудегі типтік
қасиетіне автор толы ақпараттылықты, ақпарат көлемі мен эмоционалды-
бағалауыштық бағыттылықтың бірден төмендеуін және жалқы есімдер мазмұны мен
қарым-қатынас жағдайы арасындағы бір мазмұнды байланысты жатқызады.
Бұл қасиеттердің бәрі көркем шығарма мәтіндерінде де жүзеге асырылады.
Оған қоса көркем шығармада өзі айтып тұратын есімдерге атауыштық
мінездемелік және сюжеттік маңызды композициялық қызметтер қосылады.
Мәтінде кейіпкердің есімі, автордың пікірінше, көркем мәтіннің барлық
негізгі қасиеттерін – авторлық модальдылықты, рпагматикалық бағыттылықты,
проспективтілікті, мәтіндегі бөлшектілік пен есімдердің көп рет қайталануы
арқылы жасалатын когезияны актуаландырады. Жалқы есімдердің мағынасы үнемі
өзгерісте, қозғалыста болады. В.А. Никонов бұл процестің үш кезеңін
көрсетеді. Көркем мәтінге қатысты оларды былай бөлуге болады:
1) антропонимдікке дейін;
2) дәл ономастикалық (бұл көркем шығарма мәтінде болады);
3) ономастикалық әрекеттің аяқталуы (мәтіннен кейінгі кезең), бұл
кезеңде жалқы есімдер оның жалпы және жартылай жалпы қолданылуында
апеллятивтенеді [14, 12 с.].
Кейіпкердің атауы көркем шығарма мәтінінің тақырыптық, тіректік,
негізгі сөзіне қалай айналады? Жалқы есімдер мәтінге семантикалық
тұрғыдан бос, кез келген мағыналық толығуды қабылдауға дайын күйде енеді.
Оның мазмұндық толығуы біртіндеп жүреді. Ол кейіпкердің автор арқылы
жәнебасқа кейіпкерлер арқылы берілген мінездеулер мен қасиеттердің барлығын
қамтиды, - дейді В.А. Кухаренко [2, 105 с.]. алайда,автордың жалқы
есімдердің семантикалық жағынан бос болады дегенімен келісу қиын. Себебі,
есім жинақталған-қабілетті күйінде ұғынылады, ал егер есім тарихи болып,
әлеуметтік тұрғыдан белгілі болса, онда оқырманда коннотативтік және
референциялдық семантиканың көлемі шығарма мәтінін оқымастан бұрын-ақ
жоғары болады.
Мәтінде кейіпкер есімдерін қоюдың ұқсастыру әдістері, яғни екіншілік
номинация әдісі маңызды роль атқарады. Оларға эпитеттер, перифразалар,
синонимдік қатарлар, орынбасушы есімдіктер, т.б. жатады.
Дегенмен тұжырым бойынша автордың соңғы қорытындылары дұрыс әрі дәл.
В.А. Кухаренко: Жалқы есімдер көркем шығарма мәтініне семантикалық жағынан
жеткіліксіз түрде еніп, одан семантикалық тұрғыдан байып, ол кең кешенді
ассоциативтік мағына тудыратын есім ретінде шығады. Оларды сол контексте –
есімнің жеке көркемдік мағынасымен бекітілген кеңістіктік семантикалық
құрылым деп санауға болады [2, 106 с.], - дейді.
Бір кейіпкерді атау әдістерінің ішіндегі жалқы есімдердің жиі
қолданылатын түрлерінің бірі – бұл көркем шығарма атауының сол кісі
есімімен аталуы. Мысалы, М. Әуезовтің Абай шығармасы, С. Мұқановтың
Ботагөз романы, Ғ. Мүсіреповтің Ұлпан повесі, Б. Соқпақбаевтың Менің
атым - Қожа туындысы, т.б.
Сонымен, жалқы есімдердің көркем шығарма мәтінінде семантизациялануы
мынадай жағдайларда көрінеді:
- біріншіден, ол мәтіннің өн бойында бір референтті, яғни кейіпкерді
білдіреді;
- екіншіден, есімнің мәтін ішінде көп рет қайталануы арқылы мәтінді
біріктіргіш қызметіне ие болады;
- үшіншіден, осылайша жалпы когезияны, мәтінің жүйелілігмен
антропоорталығын тудырады;
- төртіншіден, тақырыптағы жалқы есімдер шғарманың жетекші тақырыбын
ашуға, авторлық идеялық тұжырымы мен мәтіннің жалпы проспекциясын жүзеге
асыруға көмектеседі;
- бесіншіден, жалпы есімдерден жасалған есімдер мәтінде күрделі ұғым-
символ ретінде қызмет атқарады. Олар көркем шығарма мәтінінің жалпы
композициясы мен құрылмында маңызданады.
В.В. Виноградовтың ізімен біз бұл терминдік ұғымдарды көркем мәтінді
семантикалық талдауда олардың өте жақындығына қарамастан, бөліп
қарастырамыз. Қалай дегенмен де, композиция термині сюжеттік әрекетті,
фабуланы және әдеби мәтіннің ішкі құрылымы ретінде бейне-кейіпкерлержүйесін
білдіреді, ал архитектоника-көркем мәтін формасының жалпы құрылымы, оның
абзацқа, бөлімге, тарауға және бөліктерге бөлшектелуі. Егер семантикалық
композицияны кң кзлемде түсінсек, онда оның үш деңгейін анықтауға болады:
1. сөйлеу композициясы (сөйлеу композициялық құрылымы + стилистикалық
тәсілдер);
2. әдеби композициясы (сюжет + персонаж);
3. шығарманың идеялық-эстетикалық мағынасы (концепт немесе автор
образы) немесе автор бейнесі.
Бұл үш деңгейдің бәрі де көркем шығарма мәтініндегі жалқы есімдер
семантизациясына өз әсерін тигізеді. Олардың әрқайсысы парадигматика
(мақсаттылық) және синтагматика (байланыстылық) тұрғысынан өзіндік
құрылымдық жүйеге ие. Семантикалық композиция деңгейлерінің арақатынасын
пирамида үлгісі ретінде бейнелеуге болады. Оның негізінде көркем шығарма
мәтінінің тізбекті сөйлеу композициясы (дискурс ) жатыр.
Көркем шығарма мәтінінің тізбекті сөйлеу композициясынан
синтагматикалық байланысын зерттеліп отырған мәтіндегі жазушының тілдік
стилінің лексика-семантикалық жүйесі құрайды, ал көркемдік-сөйлеу
сөзқолданыстық әдістері осы деңгейдің (К1) парадигматикасына жатады.
Семантикалық композицияның екінші деңгейі (К2) образдар жүйесімен
сюжеттің дамуы арқылы құрылады. Бұл деңгейде синтагматикаға фабуланы және
сюжет бөлімдерінің дамуын, ал парадигматикаға кейіпкерлер жүйесі мен
олардың сюжеттегі қарым-қатынасын жатқызу орынды.
Пирамиданың шыңын (К3) көркем шығарма мәтінінің жоғарғы семантикалық
категориясы құрайды. Көркем шығарма мәтінінің жоғарғы семантикалық
категориясына мәтіннің жалпы семантикасының бірінші (К1) және екініші (К2)
деңгейлерінің қосылуынан шығатын шығарманың эстетикалық мазмұны құрайды. Ол
көркем мәтін архитектоникасында автор бейнесі деп аталады [15, 106 с.].
Үшінші деңгей де жүйелі түрде ұйымдастырылған оның синтагматикасына
мәтіннің көркем семантикасының мәтінішілік тереңдігін білдіретін К2
деңгейінің тірек бөлімдері енсе, парадиматикасына автор образын жүзеге
асыратын архитектоникалық әдіңс-құралдар енеді. Сөйтіп, жалқы есімдердің
жеке көркемдік мағынасы мәтіндегі қызметіне қарай күрделі көпдеңгейлі
сызбаға ие. Жалқы есімдер семантикасы дерексізденудің түрлі деңгейінде
композицияны барлық деңгейіне енеді.
Мұны мынандай сызба арқылы көрсетуге болады:
Сурет 1.
К3 ... ... ... ..С3 ... ... ... П3... ... ... ЖЕ
↑↓
К2 ... ... ... ...С2 ... ... ... ... ... ... П2 ... ... ...
ЖЕ
↑↓
К1 ... ... ... ... ... С1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
П1 ... ... ... ... ЖЕ
Сурет 1. Көркем шығарма мәтінінің семантикалық композициясындағы жалқы
есімдер.
Шартты белгілер:
ЖЕ – жалқы есімдер;
К1, К2, К3 – көркем шығарма мәтінінің семантикалық композициясының
деңгейлері;
К1 – көркем мәтіннің тізбекті сөйлеу композициясы (дискурс);
К2 – көркем мәтіннің сюжеттік бейнелі композициясы;
К3 – көркем мәтіннің идеялық- көркемдік мазмұны (тұжырым немесе
автор бейнесі);
С1, С2, С3 – К1, К2, К3 деңгейлеріндегі жалқы есімдердің
синтагматикасы;
П1, П2, П3 – К1, К2, К3 деңгейлеріндегі жалқы есімдердің
парадигматикасы;
↑↓ - (ЖЕ) әр деңгей бірліктерінің көркем мәтіннің семантикалық
композициясының жақын жоғары деңгейіне инвариантты қосылуы.
Мәтін элементтерінің парадигматикалық және синтагматикалық
қатынастарын соған сәйкес мәтіннің тігінен және көлденеңінен жазылуы деп
атайды. Р. В. Степанованың пікірінше, өрбіген мәтіннің онтологиялық
қасиеттеріне байланыстылық пен мақсаттылық (бүтіндік) жатады. Бүтіндік –
бұл, ең алдымен, мазмұндық категория. Ол синтаксистік және мағыналық
байланысқа, референциалды мәнге сүйенеді [16, 202 с.].
Көркем шығарма мәтінінің бүтіндігін ұймдастырудың маңызды құралдарының
бірі – жалқы есімдер. Мұны мәтіннің үш деңгейлі семантикалық
композициясының сызбасы да дәлелдеп отыр. Жалқы есімдердің семантизациясы
тізбекті сипатқа емес, бүкіл көркем мәтін барысында күрделенген сатылы
сипатқа ие екендігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz