Magic planet қонақ үйіндегі тіркеу тәртібі жане қонақтарды орналастыру


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. "Magic planet"қонақ үй кешеніне жалпы сипаттамасы . . . 3

1. 1. " Magic planet "қонақ үй кешенінің ұйымдық құрылымы . . . 6

1. 2 " Magic planet " қонақ үйіндегі қабылдау қызметі және орналастыру функциясы. 9

II . " Magic planet " қонақ үйіндегі тіркеу тәртібі жане қонақтарды орналастыру . . . 13

2. 1. " Magic planet " қонақ үйіндегі қызмет көрсету саласының персоналдарымен танысу . . . ……15

2. 2. " Magic planet " қонақ үйде қорды ұйымдастыру жане қызмет көрсету технологиясы . . . 18

III" Magic planet " қонақ үйіндегі қосымша қызмет түрлеріне қойылатын талаптар 19

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25

2

Кіріспе

Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда. Қонақ үй кәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.

Бүгiнде қонақ үй секторы бизнесте өз үлесiн алуға талпынады және ол үшiн туристердi ақшасын өздерiнiң қызметтерiн тұтынуға, жұмсауға көндiруге тырысады. Қазiргi таңда қонақ үйлер «жылы орын» үшiн күресуге мәжбүр болып отыр, ал мүмкiндiк болса өзiнiң бизнесiн кеңейтуге талпынады. «Бәсекеге қабілеттiлiк» түсiнiгiнiң мазмұны өзгередi - қонақ үй нөмiрiнiң бағасымен байланысты бiртектi анықтама кешендi анықтамаға ауысады. Бұл жерде сапа, жеке әдiстеме, кәсiбилiк және бiрегейлiк деген сипаттамалар ерекше құндылыққа ие болады. Қонақ үй қызметтерi нарығының қатысушылары және бiрiншi кезекте шағын қонақ үйлер үшiн нарықтағы орынды сақтау үшiн күрес және бизнестi кеңейту күнбе-күнгi мәселеге айналып отыр. Орынды сақтау және кеңею үшiн қонақ үйге құралдар қажет: кiрiс және пайда. Ал ақша құралдарының көзi клиент болып табылады. Қонақ үй клиенттердi тарта бiлуi керек, сонымен бiрге олардың адалдығына қол жеткiзуi және клиенттердi қонақ үй қызметтерiн сатып алуға ақша жұмсауға ынталандыруы қажет. Даму деңгейiне сәйкес қонақ үй бизнесi тұрақты клиенттердi тартуға бағытталып отыр және оларды қосымша шығындануға ынталандырады. Бұған қонақ үй сервисiн сауатты әрi ұтымды ұйымдастыру арқылы ғана қол жеткiзуге болады.

Қонақтардың жақсы әсер алуына қонақ үйдiң барлық функционалды жүйелерi және ең алдымен басшылық жауапты. Басшылық кәсiпорынды басқаруға жауапты. Осыған қатысты сұрақтардың ең бастысы - ұжымдық мәдениеттi қалыптастыру. Шнейдер қолайлы ұйымдастырушылық климат жұмыкерлердiң жұмыс iстеу қабылетiне және клиенттердiң сервистi қабылдауына жағымды әсерiн тигiзедi деп есептейдi .

Клиенттер өзiне достық қарым-қатынаста көрсетiлген қызметтi жақсырақ қабылдайды. Ұжымда корпоративтi мәдениеттiң болуына ең жоғарғы басқарушы буын себепшi болады, өз кезегiнде корпоративтi мәдениет кәсiпорынның барлық буындарын бiрiктiредi. Басшылық өзiнiң қызметкерлерiне адалдық, ниеттестiкпен қараса, жұмыскерлер өздерiн неғұрґрлым жайлы сезiнiп, осы жайлылықты клиенттерге де таратады.

3

I. " Magic planet " қонақ үйінің жалпы сипаттамасы

" Magic planet " қонақ үйінін жұмысының негiзгi бағыты - клиенттерге орналастыру қызметiн және басқа да қосымша қызметтер кешенiн ұсыну. Қонақ үй нарықта бес жылдан астам уақыт жұмыс iстеп келе жатқан өзiне қарасты автокөлiк тұрағы бар екі қабатты жеке ғимарат. " Magic planet " қонақ үй кешені 2007 жылы құрылған. Сонымен қатар қонақ үй ғимаратының iшiнде мәжiлiс-залы, мейрамхана, бильярд, сауна, бассейн және жаттығу залы орналасқан. Оған қоса ақылы көрсетiлетiн қосымша қызметтер: автотұрақ; автомобильдi жалға беру; киiмдi жедел жуу, үтiктеу, химиялық тазалау, тiгу; факс жiберу, қабылдау; компьютердi пайдалану; шабарман қызметi; сақтау камерасы; шаштараз.

Қонақ үй өзiнiң жұмысын Халықаралық қонақ үй ережелерiне және орналастыру ережелерiнiң стандарттарына сай жүзеге асырады. Қонақ үй әрекет етушi заңдармен шектелген қызмет түрлерiне белгiленген тәртiпте лицензиялар алады.

Кәсiпорынныңұйымдық-құқықтықформасы " Magic planet " жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi. " Magic planet " қонақ үйi үш жұлдызды категорияға жатады және жоғарыда аталғандай, қонақ үй бизнесiнiң барлық әлемдiк стандарттарына сай жұмыс iстейдi.

Қонақ үй нөмiрлерiнде жоғары сапалы қызмет көрсетiледi және қазiргi таңда осы деңгейдегi қонақүйлер арасындағы ең арзан отель болып табылады. Қонақ үйдiң iшкi интерьерi еуропалық стильде жабдықталған.

" Magic planet " қонақ үйiнiң нөмiрлiк қорында 20 апартамент бар, оның iшiнде: 1 люкс нөмiр, 2 жартылай люкс нөмiр, 12 екi орындық нөмiр, 5 бiр орындық стандартты нөмiр.

Бiр орындық стандартты нөмiрлер телефон, спутниктi теледидар, кондиционер, тоңазытқыш және душ бөлмесiмен жабдықталған бiр бөлмелi апартамент.

Ал әрбiр екi орындық нөмiрде жатын бөлме, қонақжай бөлме, мини-бар, кондиционер, тоңазытқыш, кабельдi теледидар, телефон (қала аралық, халықаралық байланысқа қосылған), жұмсақ жиһаз, жуыну бөлмесiнде душ, фен бар.

Жартылай-люкс нөмiрлерiндегi бөлмелер айтарлықтай кеңiрек және жайлырақ, сонымен қатар қосымша жиқаздармен жабдықталған.

Люкс апартаменттер - бұл төрт бөлмеден тұратын нөмiр (қонақжай бөлме, жатын бөлме, кабинет, асхана) . Жартылай-люкс нөмiрлерiнен айырмашылығы люкс нөмiрлерде жуыну бөлмесi (ванна), массаж жасайтын кресло және балкон бар.

Қонақ үй сонымен қатар лифтпен жабдықталған.

.

4

Мейрамхананың жұмыс iстеу уақыты 11. 00-ден 23. 00-ге дейiн, бар тәулiк бойы жұмыс iстейдi. Мейрамхана 36 орынға есептелген, онда негiзiнен еуропалық тағамдар ұсынылады. Бас аспаз арнайы тапсырыстар бойынша ұлттық тағамдар даярлап бере алады. Тапсырыстар нөмiрлерге апарылады. Таңғы ас сағат 7. 30-дан 10. 30-ға дейiн берiледi (таңғы ас нөмiрдiң құнына кiредi) . Егер қонақ ерте кететiн болса, оған жеңiл таңғы ас ұсынылады.

Администратор таңғы асқа тапсырысты алдын ала кешке қабылдайды және қонаққа даяшыға көрсететiн талон бередi.

Қонақ үйдегi есеп айырысу уақыты - күндiзгi 12. 00, қонаққа жалпы есеп ұсынылады оған телефон байланысының есебi, қосымша қызметтер, мейрамхана есебi, бардың есебi, тұру ақысы, броньдау және тасымалдау қызметтерiнiң ақысы кiредi.

Қызмет көрсету процесiне нөмiрлердi броньдаудан бастап (администраторлар) iлеспе қызметтерге дейiн (жиыстырушылар, кiр жуушылар) барлық персонал қатысады.

Қонақ үйде нөмiрлердi броньдау жүйесi жүзеге асырылады, бұл қонақтарға нөмiрдi броньдауға, ал әкiмшiлiкке нөмiрлiк қордың толуын қадағалауға мүмкiндiк бередi. Нөмiрлердi броньдау қонақ үймен осы қызмет түрiне келiсiмге отырған фирмалардан қабылданады. Броньдауға тарсырыс берiлгенде келесi мәлiметтер көрсетiледi: компанияның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөнi; мекен-жайы және байланысу телефондары; келушiнiң аты-жөнi; келу күнi және тұру ұзақтығы; қажеттi нөмiрдiң типi; реквизиттерi.

Броньдау құны нөмiрдiң құнының 20%-на тең, броньдау ақысын тапсырыс беру кезiнде немесе қонақ үйге келгенде төлеуге болады.

Қонақ үйге келген қонақ анкета толтырады, ол жерде қонақ жайында қажеттi мәлiметтер көрсетiледi: аты-жөнi, тұрғылықты жерi, қонақтың тұратын бөлмесiнiң типi және нөмiрi, сонымен қатар қонақ өрт қауiпсiздiгi ережесiмен таныстым деген пунктқа қол қояды.

Кәсiпорынныңұйымдық құрылымы оның даму қарқынына сай үнемi жетiлдiрлiп отырады. Фирмада 23 қызметшi жұмыс iстейдi және бiрнеше iрi бөлiмшелер құрылған. Барлық жұмыскерлердiң қажеттi сәйкес бiлiмi, дайындығы және жұмыс тәжiрибесi бар. Кәсiпорынды басқарудың ең басты органы директор (ұйымдастырушы) болып табылады. Ол:

- серiктестiктiң жарғысын өзгертуге, оның iшiнде жарғылық капиталдың мөлшерiн, фирманың орналасу орнын және атауын өзгертуге;

- серiктестiктiң атқарушы органын құруға және оның өкiлеттiлiгiн уақытынан бұрын тоқтатуға;

- серiктестiктiң жылдық қаржылық есебiн бекiтуге және таза пайданы бөлуге;

- iшкi ережелердi және серiктестiктiң жұмысын реттеушi басқа да құжаттарды бекiтуге құқылы.

5

1. 1 " Magic planet " қонақ үй кешенінің ұйымдық құрылымы

Директор жұмысқа алу келiсiм-шартының негiзiнде және басқа да еңбек қатынастарын реттеушi құжаттар негiзiнде жұмысшыларды жұмысқа алуды жүзеге асырады. Әр жұмыскердiң еңбектiк кiрiсi оның жұмыстың соңғы нәтижесiне жеке қосқан үлесiмен анықталады. Кәсiпорын жұмыскерлерi мiндеттi сақтандырылуға тиiстi. Серiктестiк жұмыскерлердi қауiпсiз еңбек жағдайымен қамтамасыз етуi тиiс және де олардың денсаулығына, еңбекке қабылеттiлiгiне зиян келтiретiн болса заң алдында жауапты болады.

Қонақ үй авторитарлы жүйемен басқарылады және жоғарғы буын персоналы алдында қатаң есептiлiк ережесi әрекет етедi. Сонымен қатар жұмыскерлер қонақ үй басшылығының және оның тұрғындарының алдында материалдық жауапты, олар материалдық жауапкершiлiк жөнiндегi келiсiм-шартқа отырады.

Кадрлық саясат есебiнде «корпоративтi рух» және коллективизмге тәрбиелеу әрекеттерi жасалады. Бұл негiзiнен барлық персоналдың қатысуымен өткiзiлетiн жиналыстар, жұмыскерлердiң туған күндерiн атап өту және түрлi сенбiлiктер өткiзу есебiнде жүзеге асырылады. Бiрақ осыған қарамастан кадрлар тұрақсыздығын айта кетуге болады, бұл әкiмшiлiк құрамында да, қызмет көрсетушi персонал құрамында да байқалады.

Компанияда еңбектi ынталандырудың негiзгi принципi жалақыны уақытылы төлеу және жұмыс көлемiне байланысты сыйақылар тағайындау болып табылады. Даяшылар мен аспаздардың жалақысы атқарылған жұмыс көлемiне байланысты, ал басқа қызметшiлерге тұрақты еңбекақы тағайындалған.

6

Әкiмшiлiк құрамға ағымдық, күнделiктi мәселелердi шешу мiндетi артылған. Әрiптестiк жөнiнде шешiм қабылдауға байланысты сұрақтарды кәсiпорынның басқарушы құрамы шешедi. Апта сайын бүкiл персоналдыңжәне қонақ үй басшылығының қатысуымен жоспарлы жиналыстар өткiзiлiп тұрады, онда өткен кезеңде (апта, ай) атқарылған жұмыс нәтижелерiн талдап, алдағы уақытқа жоспар құрылады.

Қонақ үйде қызмет көрсету процесiне тiкелей қатысушы персонал саны 23 адам екендігі 2кестеде белгіленген.

Кесте 2 " Magic planet "-қонақ үйiнiң штаттық кестесi

Қызметтiң атауы
Жұмыскерлер саны
Қызметтiң атауы: 1
Жұмыскерлер саны: 2
Қызметтiң атауы: директор
Жұмыскерлер саны: 1 адам
Қызметтiң атауы: бас менеджер
Жұмыскерлер саны: 1 адам
Қызметтiң атауы: бас бухгалтер
Жұмыскерлер саны: 1 адам
Қызметтiң атауы: администратор
Жұмыскерлер саны: 3 адам
Қызметтiң атауы: шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi
Жұмыскерлер саны: 1 адам
Қызметтiң атауы: бухгалтердiң көмекшiсi
Жұмыскерлер саны: 1 адам
Қызметтiң атауы: даяшылар
Жұмыскерлер саны: 2 адам
Қызметтiң атауы: аспаз
Жұмыскерлер саны: 2 адам
Қызметтiң атауы: аспаздың көмекшiсi
Жұмыскерлер саны: 2 адам
Қызметтiң атауы: жиыстырушылар
Жұмыскерлер саны: 4 адам
Қызметтiң атауы: техникалық персонал
Жұмыскерлер саны: 5 адам
Қызметтiң атауы: Ескерту: " Magic planet " мәліметтерінің негізінде құрастырылған

Қонақ үй шаруашылығында екі құрамдас бөлік бар: материалдық және материалдық емес құндылықтар.

Материалдық құндылықтарға қонақ үй ғимараты, мейрамхана, нөмерлік қор, тамақтандыру, құрал-жабдықтар мен жиһаздар жатады. Себебі, ол құндылықтарды бағалауға болады.

Материалдық емес құндылықтарға қонақ үй шаруашылығының барлық персоналдары жатады.

Кадрлық саясатты бірнеше типке бөлуге болады:

  1. Пассивтік кадрлық саясат - кәсіпорын басшылығы персонал деңгейін жоғарлатуда жұмысқа алу кезінде арнайы дайындалған бағдарламасыз жұмыс істейді.
  2. Реактивтік кадрлық саясат - кадрлық саясатқа диагностика жасалып көрсетілген кемшіліктерді жою бірізділік бағдарламада жүргізіледі.
  3. Превентивтік кадрлық саясат - кадрлық саясатты диагностикалау және қысқа мерзімдік периодқа болжам жасау.

7

Белсенді кадрлық саясат - кәсіпорын басшылығы диагностика, болжам және іс-әрекеттер жиынтығынан тұратын бағдарламалар негізінде жұмыс істейді. Оның екі түрі бар:

  1. рационалдық;
  2. авантюралық

Рационалдық кадрлық саясат негізінде диагностика жасалып, болашақ болжанып, оған әсер ету фактілері бойынша жұмыс атқарылады.

Авантюралық кадрлық саясатта диагностика жасалып, ситуацияға болжам жасап, әсер ету факторлары әлсіз болады.

Кадрлық саясаттың 2 типі бар:

  1. Ашық кадрлық саясат - барлық деңгейдегі персоналға ұйым құрылымы ашық болады.
  2. Жабық кадрлық саясат - тек әкімшілік басқару персоналын таңдауға, оны тағайындауына араласуға рұқсат етіледі.

Персоналмен жұмыс істеу жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін:

кадрларды таңдау және жинақтау жүйесін дұрыс таңдау;

бағалау және аттестация;

адаптация;

оқу және персоналды дамыту.

Осы жүйені тиімді ұйымдастырғаннан кейін жұмысқа қабылданған персоналға қызметтік нұсқаулар жасалады. Оның формасы мынадай:

  • жалпы бөлімі;
  • функциялары;
  • қызметтік міндеттері;
  • құқықтары;
  • жауапкершілігі.

8

1. 2. " Magic planet " қонақ үйіндегі қабылдау қызметі және орналастыру функциясы.

Қонақүйде қонақтарға қызмет көрсету процесін мынадай категорияларда қарастырамыз.

- қонақ үйге алдын-ала тапсырыс беру (брондау) ;

- қабылдау, қонақтарды тіркеу;

- қонақтарға тамақты жеткізу қызметі (номерді тазалау) ;

- қонақтарға қосымша жеткізу қызметтері;

- соңғы есептеу және саясатты безендіру.

Брондау - қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерге алыдн-ала тапсырыс беру. Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады. Яғни осы бөлімшелерге клиенттерден брондау туралы арыздар түсіп отырады. Көп жылдық қонақ үйде қызмет еткендер ойын-сауық жоспарларын жақсы ұйымдастыра алады. Оларға: спорттық жарыстар, сьездер, фестивальдер және т. б. Іс-шара өткізу кезінде қонақ үй орындарына сұраныс өсе түседі.

Қонақ үй жағдайы мезгілге (сезонға), жергілікті ауданның жұмыс активіне, экномикалық және политикалық ситуацияларына байланысты. Саяси жағдайдың тұрақты болмауы сол жергілікті жерге туристердің қызығушылығы төмендейді. Мезгіл кезінде қонақ үй екі жақтама брондау жұмысын жасайды.

Екі жақты брондау - бұл қонақ үйде бір мезгілде екі клиентке бір датада бірдей қызмет көрсету. Мұндай жолды таңдаған қонақ үй тәуекелге барады. Егер екі клиент бірдей келсе, қалай болады? Әрине, бұл жерде бір клиент алдын-ала тапсырыс бергенін арызбен кешіктіреді немесе келіскен күні келмей қалады. Онда тәуекелге бұған шешімін табады. Бірақ, егер екі клиент қонақ үйге бірдей келіп қалды, онда орынды бірінші келген адам иеленеді. Екінші клиентті қанағаттандыратын әртүрлі жолдар бар, яғни екі жақты брондау қызметін пайдалану. Мынандай жағдай кездескенде, яғни бір мезгілде екі клиент келі немесе турист алдын-ала брондау қызметін жасамаса, ал қонақ үйде орын жоқ болса, фирмамен байланысқа шығып, тұрғын үйлерді жалға алып, қонақ үйге жақын етіп орналастырылады. Кейде брондау бөлімі клиентке брондау қызметін басқа қонақ үйге жіберуі мүмкін. Бұл кезде қонақ үйді ауыстыру жөнінде міндетті түрде клиентке ескертіп, келісімін алу қажет.

Қонақ үй үшін, қонақтар үшін желательно номерді алдын-ала брондаған жөн.

9

Қазіргі уақытта көптеген туристік фирмалар келісімді белгілі бір анықталған қонақ үйлермен жүргізгенге ұмтылады. Әдеттегідей клиенттерді әкеліп отырған туристік фирмаларға қонақ үй тұруға төленетін төлем ақы Брондау қызметінің міндеттері келесідей:

  • қабылдау мәлімдемесі және оларды өңдеу;
  • қажетті құжаттарды құрастыру: күнделікті кесте құру (апта, ай, квартал, жыл) - номер қорының жылжу картасы.

Мәлімдеуді қабылдау сымтетік, факс, телекс, пошта, хат немесе телеграмма, компьютерлік жүйемен брондау арқылы жүзеге асырылады.

Әр мәлімдеме келесі хабарламаны қамту керек:

  • келушілердің күні мен уақыты;
  • кетудің күні мен уақыты;
  • қонақтар саны;
  • номер категориясы (люкс, апартамент, эконом-класс, бизнес-класс) ;
  • номер қызметі (ванна, душ, теледидар, мұздатқыш, сейф, мини-бар және т. б. ) ;
  • тамақтандыру қызметі (тек теңғы ас, жартылау пансион, толық пансион) ;
  • баға (бағаны көрсеткенде, қонақ неге төлегенін анықтап көрсету керек) ;
  • есептесушісінің аты жөні (немесе фирманық аты) ;
  • төлем түрі (қолма-қол ақшасыз есеп) ;
  • ерекше жағдай (мейрамханада столды алдын-ала брондау, трансферт, номерде жануарды алып келуге мүмкіндік беру және т. б. )

Брондау жасаған қонақтардың келмеуінен шеккен зиянын төмендету үшін, қонақ үй келесі шешімді қабылдады:

  1. Қонақтың келмеуі қосалқы шығын болып есептеліп баға саясаты есепке алады;

Есептің ларға, тамақтануға және әртүрлі қызметтерге жеңілдік жасап отырады.

Келісімде қонақ үй мен туристік фирманың арасында белгіленеді:

- туристерді орналастыру жөніндегі арыз қандай срокты қамтиды;

- қашан және қандай мақсатпен төлемақылар жүргізіледі;

- қонақ үйде орынды немесе номерді брондау әдістерінің бірнеше түрі бар. Олар:

- жазбаша;

- ауызша;

- компьютерлік.

Телефонда брондау қызметін пайдаланғанда клиентпен қарым-қатынас жасағанда өте ұқыпты болу керек, бұл сөйлесуден клиент өзіне қонақ үй туралы әсерін, қарым-қатынасын қалыптастырады. Клиент телефон соққанда, ол көп күтпей, яғни 5 гудок барғанға дейін алу керек.

10

Трубканы қонақ үй жайында ақпаратты жақсы меңгерген қызметші көтеру керек. Отельдерде телефонмен номерлерге тапсырыс алу арнайы бланктермен жүзеге асырылады. Телефонмен брондағанды жазбаша түрде көрсетілуі керек.

Компьютерде брондау жүйесі қонақ үй және клиент үшін кең көлемде мүмкіндік ашады. Әлемдік практикада компьютерлік жүйеде брондау бәріне әйгілі:

- корпоративтік сеть брондау отельдерді біріктіреді;

- басқа сеть брондаулар тәуелсіз қонақ үйлерді біріктіреді.

Басқа қалада да, мемлекетте де сеть арқылы брондау қызметіне тапсырыс беруге болады.

Компьютер көмегімен брондаудың екі варианты бар: отельдің жеке интернет - страницасы болады немесе интернет - брондау жүйесінің мүшесі болады. Осы жүйеде брондау келесі түрде болады: клиент WEB-сайт жүйесіне кіріп, интернет - брондау және брондау ережелерімен танысады. Ары қарай ол қонақ үйді таңдайды. Бос орындардың берілгеніне көз жеткізген клиент міндетті ақпараттық жерді толтырып, тапсырысты e-mail жүйесі арқылы тапсырысты жібереді.

Қабылдау қызметінің функциясы және орналастыру. Қабылдау қызметі және орналастыру қонақтардың қонақ үй жайлы ең бірінші әсер қалдыратын жағдайлары.

Қабылдау қызметі функцияларының негізгілері: қонақ үйдегі брондау, туристерді тіркеу және орналастыру, әр түрлі ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отыру.

Көп қонақ үйлерде қабылдау қызметі жұмысшылары 24 сағаттан азанғы 9 сағат арасында жұмыс істейді. Администратор жұмысын бастамас бұрын, журналды бір көріп шығу керек. Бұл журналда смен кезіндегі жағдайлар, қонақтардың қалаулары т. б. жағдайлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыс алдын бос орындармен тәулікте келіп түскен арыздар туралы ақпараттармен танысу керек.

Тазалық сақтау жұмыстары . Қонақ үй - бұл үздіксіз режимде қызмет ететін, жоғарғы санитарлы-гигиеналық талапқа сай кәсіпорын. Қонақ үй қандай категорияға жатса да ол әрдайым таза болу керек. Бұл күнделікті персоналдардың территорияны, қонақ үй алдын, администратор орындарын тазалау болып табылады. Сол үшін тазалау қалай жақсы ұйымдастыруға болатын және қонақ үй шаруашылығын тазалықпен қамтамасыз ету керек екенін білу керек.

Жылдам әрі жоғарғы салада тазалық сақтаудың санитарлы-эпидемологиялық нормалар бөлінеді:

- жоғарғы классификациялық профессионалды персоналдарды дайындау;

11

- толық инвентарлы, қаз қалпында сай тазалық материалдары;

- қаз қалпында сай тазалау машинасы және механизм түрлері.

Қонақ үйде тазалықты жүргізудің ең маңыздысы уақыттарды дұрыс бөлу. Тазалау тез әрі уақытты алмас үшін міндетті. Тазалау жұмысын жүргізуде әртүрлі маңызды элементтер қатысады:

- этаж персоналдары қонақтың көзіне азырақ түсу керек;

- тазалау инвентары және тазалау құралдарын көпшілік орындарда қалдырмау керек;

- мусор тасушылар, тазалаушылар қонақ үйде тазалау кезінде уақыттарын артық нәрсемен алаңдатпау керек. Бұл процестердің орындалуы қонақ үйдің қызмет көрсетудің дәрежесі болып табылады. Тазалау жұмыстарының категориялары:

- қонақ үйге қатысты территорияны тазалау;

- орталық кіру ауданын және вестибюльді және вестибюльге қатысты группаларды (гардероб) тазалау;

- жалпы қолданыстағы орындарды тазалау: сатылар (лестниц), каридорлар, холлдар, администратор, қызметтік және қосымша орындары.

Жұмысшылардың бірін-бірі орын алмасуы тек жетекшінің келісімімен іске асады. Қызмет көрсетудің директордың орынбасары қонақ үйде қызмет ететін персоналдардың жұмыстарын бөліп, ұйымдастырады.

Тұрғындармен есептесу түрлері - Қонақ үйлерде есептесудің екі түрі қолданылады. Қолма-қол және қолма-қолсыз (қонақ үй шотына ақша аудару) . Жоғарғы класты отельдерде қолма-қолсыз шотты кредит карталары арқылы қабылдайды. Оны жеке туристер төлейді. Брондауға өтініш жасалғанда кредиттік карта номері, төлем жүйесінің аты және өтелу мерзімі көрсетіледі. Пластикалық карталардың көмегімен төлеу үшін қонақ үйде арнайы импринтер немесе электронды терминал болу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
TUI MAGIC LIFE WATERWORLD қонақ үйі
Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
Қонақ үй бизнесі жайлы
Қонақ үй қызметтері нарығының мәні және артықшылықтары
IBIS қонақ үйінің сипаттамасы
Кадрларды басқарудың экономикалық әдістері
Қазақстандағы әлемдік қонақ үй жүйелері және Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы
Қонақтарды қабылдауға дайындық
Өрт қауіпсіздігі жүйесі
Бөлімдер атауы Құрылымдық бөлімдердің атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz