Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар



Жоспары

1.1. Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және
мектепте алатын ролі.

Негізгі бөлім

2.1. Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және маңыздылығы.

2.2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

2.3. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.

2.4.Орта мектептегі шетел тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы

оқытудағы қолданылатын әдістер.

Қорытынды
1.1.Сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектептегі алатын орны.
Егеменді ел болып, етек – жеңіміді жинап, болған қазіргі шақта халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да, саналы азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті болып отыр.
Заманымыздың өздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. «Нағыз білім-өз бетінше оқып алған білім» деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес,оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше үйрету болып саналатын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұста ағылшын тілін оқыту процесінде де мұмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру- басшылық ролі әбден қажет.
Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жұріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын және пәнге деген қызығушылықты арттырудыестен шығармаған жөн.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Шетел тілін оқытудың біртұтас оқу-әдістемелік жұйесі оқушының дамуын қамтамасыз етуі керек деген. Осы тұста ойлау қабілеттерін дамыту мәселелерінің шешімін дұрыс табуда оларға тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қосымша жұмыстар жұргізу арқылы білім беру керек болып табылады. Соның арқасында оқушылардың ойлау қабілеттері дамып, яғни сөйлеу дағдылары қалыптасады.Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы күшті : оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырады, оларды өз бетінше жаттығулар жасауға, сөйлеуге, ойлауға баулыйды. Қазіргі таңда көптеген жұмыстардың жұргізілмеуі салдарынан, олар ағылшын тілі сабақтары бойынша көптеген мәселелерді тұсінбей, пәнді оқымайды. Осындай қайшылықтардышешудің тиімді жолы- сабақтан тыс уақытта жұмыстар ұйымдастыру болып табылады. Оқу процесінде сыныптан тыс жұмыстардың ролі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар

Жоспары

1. Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және
мектепте алатын ролі.

Негізгі бөлім

2.1. Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты,
мазмұны және маңыздылығы.

2.2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

2.3. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.

2.4.Орта мектептегі шетел тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы

оқытудағы қолданылатын әдістер.

Қорытынды

1.1.Сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектептегі алатын орны.
Егеменді ел болып, етек – жеңіміді жинап, болған қазіргі шақта
халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын
ойлайтын, парасатты да, саналы азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті
болып отыр.
Заманымыздың өздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты –
жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. Нағыз білім-өз бетінше оқып алған
білім деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес,оқытудың барлық әдістері
мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше үйрету болып
саналатын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы
керек. Бұл тұста ағылшын тілін оқыту процесінде де мұмкіндіктер мол, бірақ
оған мұғалімнің ұйымдастыру- басшылық ролі әбден қажет.
Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір
ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері сабақта ғана емес, сабақтан
тыс уақытта да іздене жұріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең
асылын және пәнге деген қызығушылықты арттырудыестен шығармаған жөн.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты
міндеттердің бірі- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең
білім мен тәрбие беру. Шетел тілін оқытудың біртұтас оқу-әдістемелік жұйесі
оқушының дамуын қамтамасыз етуі керек деген. Осы тұста ойлау қабілеттерін
дамыту мәселелерінің шешімін дұрыс табуда оларға тек сабақ барысында ғана
емес, сабақтан тыс уақытта да қосымша жұмыстар жұргізу арқылы білім беру
керек болып табылады. Соның арқасында оқушылардың ойлау қабілеттері дамып,
яғни сөйлеу дағдылары қалыптасады.Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы күшті :
оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырады, оларды өз бетінше
жаттығулар жасауға, сөйлеуге, ойлауға баулыйды. Қазіргі таңда көптеген
жұмыстардың жұргізілмеуі салдарынан, олар ағылшын тілі сабақтары бойынша
көптеген мәселелерді тұсінбей, пәнді оқымайды. Осындай қайшылықтардышешудің
тиімді жолы- сабақтан тыс уақытта жұмыстар ұйымдастыру болып табылады. Оқу
процесінде сыныптан тыс жұмыстардың ролі өте зор. Себебі шетел тілін және
басқада пәндерді оқытуда өте актуалды және оқушылардың білімін тереңдете
оқытудың ең жаңа,ең тиімді жолы болып табылады.
Оқушылар жалпы сыныптан тыс жұмыстарға 6 сыныптан бастап, өз
еркімен,қалаған пәні бойынша қатысуға мұмкіндігі болады. Ағылшын тілін
оқытудағы
сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға өздерінің мұмкіндіктерін бағалауға және
өз-
өзіне сын тұрғысынан қарауға мұмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасында былай делінген:
Ағылшын
тіліндегі сыныптан тыс жұмыс–осы пәннің білімдік системасы бойынша жалпы
білім
беретін мектепте маңызы өте зор.Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында
немесе
сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі.Сыныптан тыс жұмыстар
оқушының
білімін одан әрі дамытуға және оқу, жазу, сөйлеу, ойлау дағдыларын
қалыптастыруға
көмектеседі, ал мұғалімге өз пәні бойынша практикалық, тәрбиелік,
білімділік және
мақсаттарына жетуіне көмектеседі.Сыныптан тыс жұмыстарды іс-тәжірибелік
кәсіптік
бағдар тұрғысынан бағалауға болады.Ағылшын тілін білу мүмкіндігі күннен
күнге
өсіп келеді. Шетел тілі пәнін оқыту-жаңа қоғамды дамыту этабы мақаласының
авторы.
Шетел тілінің ролі жаңа қоғамның өндірістік- материалды сферасына
сілтейді. Ғылым
мен техниканың жоғарғы қарқынмен дамуы, барлық халық шаруашылығының
ақпарат
алмасуынсыз, шетел тілінсіз дамуы мүмкін еместігін дәлелдейді. Бұл
мәселені жұзеге
асыру үшінең аз дегенде 1 шетел тілін білуі тиіс. Ағылшын тілі мамандары
экономикалық категория тұрғысынан қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуын
жылдамдатады. Жалпы оқушыларды сынып тыс жұмыстар арқылы оқыту міндетті
емес. Біз сыныптан тыс жұмыстарға жағымды жақтарын қарастырайық. Сынып тыс
жұмыстар арқылы оқыту жоғарғы сапаға ие және оның мектепте меделі өте зор.
Қазргі
таңда сыныптан тыс жұмыстарға өте тез жиналады. Бұл топқа кіретін оқушылар
тереңдетілген тіл білімін дамыту және оны келешекте пайдалану үшін
атсалыса
қатысады. Бұл мәселені екі бағытта қарастырады. Олар мыналар:
Гуманитарлық Тілге қызығушылар үшін меңгеру процесі мынандай: тілді
оқу
барысында қолдану және ауызша сөз іскерліктерін дамыту.
Өз мамандығының шебері тілді түсінуге және өзінің қызығатын пәні
бойынша білімін кеңейту.
-Оқырмандар шетел тілі мамандығымен өзінің болашағын байланыстыратын
адам.
-Оқушылар өзі меңгерген тілде музыкаларды тыңдағанды дұрыс көреді.
Джаз Рок топтармен айналысады. Әдістемеде сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыруда жоғарғы мотивациялық деңгейі жоғарғы сұранысқа ие болады.
Осындай аудитория шебер ұстазды қажет етеді. Мұғалімге өзінің кәсіби
білімін жоғарғы дәрежеде ұстауды қажет етеді. Себебі оқушылардың жоғарғы
мотивациялық қабілетін сақтау үшін. Осының нәтижесінде оқушымен мұғалімнің
арасында сыйластық және сенім сонымен қатар жақсы атмосфера туғызады. Бұл
оқытудың ереше әдістемелік түрі болып табылады. Атлған атмосфераны
қалыптастыру үшін көптеген қажетіліктер бар. Олар: Кабинетті қажетті
аппаратуралармен дидактикалық – методикалық фонд мұғалі мен оқушы арасында
жағымды атмосфера туғызады. Сонымен қатар мұғалім оқушының қызығушылығын
арттыру үшін өзінің кабинетінде қызықты поэтикалық шығармалардың үн таспа
түріндегі көшірмесі, жаңа және танымал әндер, диафильмдер топтамасы,
диапозитивтер және әрине оқуға арналған әртүрлі жанрдағы шығармалар,
кітаптар қажет болады.Жаңа заман талабына сай кабинетпен арнайы кітаптарды
пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Атам қазақ айтқандай Ұстазы
жақсының, ұстамы жақсы - деп бекер айтпаған екен.

2.1. Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны мен
маңыздылығы.
Қай кезде де тәрбие, білім беру, дамыту, практикалық мақсаттарын
жұзеге асыратын орта және жоғарғы мектеп болып табылады.Оларда жастардың
басым көпшілігі оқып өмірге жолдама алады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептің мақсаты –
жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын
сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап,
оның жан- жақты дамуына мүмкіншілік жасау .
Ағылшын тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудың нақты мақсаттары
оқушылардың ақыл-ойын, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Білім берудің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің
көзін ашу жәнеоның өздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету. Мектепте
ағылшын тілінде білім берудің нақты мақсаттары оқушылардың ақыл-ойын,
олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, шетел тілінің
қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы азаматтық мәдениеттің дамуындағы ролі
жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа ғылыми көз- қарастарын
қалыптастыру болып табылады. Бірақ, мектептің ағылшын тілі бағдарламасында
көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен ағылшын тілінде
білім берудің нақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды.Өйткені шетел
тілін сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытып, ал нашар
үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген
қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бірден-бір
жолы ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білу болып
табылады.
Оқушылардың сабақтан тыс жұргізілетін тәрбие жұмыстарды көбіне
сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады.
Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жұзеге асыратын тәрбие жұмысын
толықтыра және тереңдете отырып,ең алдымен балалардың таланттарымен ынтасын
ояту құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын
ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлық
тәжірибесін қалыптастырудың негізгі ретінде қызмет атқарады.
Шетел тілінде сыныптан тыс жұмыстар деп- шет тілін оқыту процесіне
байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан тыс уақытта
істейтін қосымша жұмыстарын айтамыз.
Сыныптан тыс жұмыстардыңнегізгі мақсаттары:
1.Оқушылардың шетел тіліндегі білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту,
дамыту.
2.Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта – ықыласын,
шығармашылық қабілеттерін арттыру
3.Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс
істеуге үйрету.
4.Жастарға саяси – экономикалық, ғылыми- материалистік, патриоттық,
интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімділік, дамытушылық,
практикалық, тәрбиелік мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Сыныптан тыс
жұмыстар ойлау қабілетін дамытады және тілдік материалдарын, сөз
іскерліктерін, аудармалық сөз топтарын көбейтуге көмектеседі. Сонымен қатар
сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім деңгейін арттырады, яғни оның әлеуметтік
– экономикалық мақсаты мен мағнасы шетел тілін не үшін меңгеру керек екнін
түсінуге көмектеседі. В. А. Шерстеникинойдың жұргізген сауалнамасының
нәтижесі мынандай:
1.Оқушылардың 16% ағылшын тілі пәнін не үшін оқып жатқанын мүлдем
білмейді.
2.15% оқушылардың ағылшын тілін оқуға қызығады. Бұл 5 – сыныптың

Оқушыларымен жұргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша.Өздеріңіз
білетіндей неғұрлым жас ұлғайған сайын, шетел тіліне деген
қызығушылығы
төмендейді.
3.15% оқушылар ағылшын тілін баға үшін оқитындығын айтты.
4.60% 0қушылардың қызығушылығы орташа.
5.40% оқушылар ағылшын тілінің мазмұнын түсінеді, не үшін оқып
Жатқанын, келешекте мұғалім, аудармашы, сыртқы істер, дипломатилық
қарым- қатынас мамандықтарын таңдау барысындакөмегі тиетіндігін
түсінеді.
В.А Шерстеникинаның жасаған жұмысының нәтижесінде мынандай тоқтамға
келдік. Әдістемелік топтамада сыныптан тыс мерекелер мен қажетті мтериалдар
ұйымдастыру барысында шетел тілінің жоғары мотивциялық дайындығының маңызы
зор.
Жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы бойынша сыныптан тыс
жұмыстар мен күнделікті сабақтың мақсаты бірдей.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушының оқу-танымдық тұлғасын қалыптастырады.
Тілдік білімінің деңгейін жоғарлатады және оқушыларды әлем халықтарының
мәдени, әләуметтік, экономикалық өмірімен таныстырып қана қоймай,
оқушылардың білімдік кемшіліктерімен жұмыс жасауға көмектеседі.
Осы арадан сыныптан тыс сабақ пен күнделікті сабақтың айырмашылығы
не? деген актуалды сүрақ туады. Шетел тілін оқытатын барлық әдіскерлердің
пікірлері бойынша жетістіктердің көпшілігі практикалық, білімдік, тәрбиелік
мақсаттары шетел тілінде оқушы тұлғасының максималды интенсификациялық сөз
байлығын дамытудың және де барлық жұмыстардың жетістігі, нәтижесі сыныптан
тыс жұмыстарға байланысты.
Ағылшын тілі күнделікті сабақта және сабақтан тыс уақыттағы
арасындағы байланыс қажет екенін сезіне отырып, мұғалімдер қиналмастан
негізгі бағыттың осы екенін қолдайды.Негізгі әдеби әдістемелік анализ
бойынша сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттың байланысы келесі бағытта
анықталады.
1.Мақсаттары бойынша байланыстар: коммуникативтік, тәрбиелік және жалпы
білімдік. Бұл байланыстар шетел тілінің бағдарламасында белгіленген.
2. Мазмұны бойынша байланыстар: Шетел тілінде сыныптан тыс жұмыстардың екі
формасының мазмұны : сөлеу дағдыларын, шетел тілі бағдарламасы бойынша
тілдік материалдарын, сөз іскерліктерін, ауызша және оқу тематикасын
қалыптастыру.
3. Жұмыстарды қабылдаудағы байланыс: Ойындар сабақ және сабақтан тыс
уақытта бастапқы немесе түрлі этаптарда өтіледі.
А.Ізденпаз ойындары – ортаңғы этабында.
В.Іздемпаз – жоғарғы сатыда.
Оқушы тұлғасы этаптан этапқа өту арқылы өзіндік деңгейі жоғарлайды. Бұл
ойындар деңгейіне байланысты этапқа бөлінеді.
4. Жұмыстың ұйымдастырушылық формасының байланысы: Ағылшын тілі сабағының
индивидуалды тұрде өтуі ; сабақтың топпен өтілуі; кружок, әріптестік
кружоктағы көптеген мерекелердің ұйымдастырылуы мен өтілуі.
Сыныптан тыс жұмыстар мен сыныптағы жұмыстар бір- бірімен байланысты
болғанымен, айырмашылығы бар.
1.Сыныптан тыс жұмыстарға оқушының өз еркімен қатысуы. Ал күнделікті
сабаққа оқушылар міндетті түрде қатысады.
2.Сыныптан тыс жұмыстардың көптеген түрлерінде балаларды дамытушылық
қасиеттерін қатал тексеріп және бағаламайды. Сыныптан тыс жұмыстарда
қабырға газетін, альбомдар жасауда, конкурстар өткізуде, олимпиада,
конференциялар және т.б. жарыстар өткізгенде ғана байқаймыз.
3.Сыныптан тыс жұмыстарды салыстырғанда өзіндік жұмыстармен айналысуға,
шығармашылық, инициативалық қабілетін дамытады. Осыған байланысты сыныптан
тыс жұмыстар өзінің ерекшеліктері бар, және сыныптан тыс жұмыстардың арнайы
шарттарын орындау қажет. Көптеген түрлері бар.
А. Сыныптан тыс жұмыстардыңүйымдастырудағы байланыс. Бұл байланыс екі
бағытта болуы керек.Сыныптан тыс жұмыстың тірегі – күнделікті сыныптағы
жұмыс. Сыныпта басталған білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары
сыныптан тыс жұмыстың түрлерімен одан әрі бекиді.Сыныптан тыс жұмыстар мен
сыныптағы жұмыстың мазмұны және мақсаты бір. Сыныпта қалыптасқан дағдыларды
сыныптан тыс жұмыстар арқылы тереңдетіп білімін кеңейтеді.Осыдан алған
білімдерін практика барысында бамытады. Практика арқылыц мұғалім өзінің
практикалық мақсатына жетедіАғылшын тілі пәнінен білімдерін кеңейтеді.
Cыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мағнасын сақтап қалу және
мақсаттарға жетудің жолдары мынндай: Оқу материалының тематикасы және оны
ағылшын тілі сабағында қолдануға ғана жағдайлар жасау емес сонымен қатар
сыныптан тыс жұмыстарда қолдануға жағдайлар жасау. Мұғалім өзіндегі
материалдарды түрлендіріп, эстеикалық талапқа сай етіп қолдануы керек. Жаңа
оқу комплексін мұғалім сабақ жоспарын сыныптан тыс тематикаға бейімдейді.
Тілдік минимум, бағдарлама бойынша белгіленген көлемде іс –
тәжірибелік дағдыларды сабақта қалыптастыру, сыныптан тыс жұмыстарды толық
ұйымдастырудың толық базасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстар адамды көп нәрсеге жетелейді. Сыныптан тыс
жұмыстар арқылы білімді ғана кеңейтпей, ата-ана, мұғалімдер және
достарыңның арасында да жақсы қарым-қатынас болады.
Мысалы, ең бірінші жылы оқу жылында аналарға арналған ертеңгіліктер,
наурызға байланысты өткізуге болады. Бұл оқушылардың есеп беру ертеңгілігі
болсын делік. Олардың 100, 200,300 ... , сөздерді білетіндігі . Оқушылар өз
өнерлерін өлең, ән, көрініс арқылы ата-аналарына, мұғалімдерге, достарына
және өз -өздерін көрсетеді. Ортаңғы және жоғарғы этаптарда шетел тілінің
қолдану диапозоны өте жоғары және сыныптан тыс жұмыстардың де жиі
қолданылады. Оқушылар пьеса қойып, тұрлі ситуатциялардан шетел тілінде
сөйлеу арқылы шығуы, шынайы өмірдің проблемасын шешуі. Бұл оқушыларға
кейіпкерлердің іс – қимылдарын бағалау арқылы оларда бағалау бағытының
пайда болуына әкеліп соғады.
Ең жақсы аудармашы конкурсы – бұл сыныптан тыс жұмыстардың ең кең
таралған формасы. Бұл конкурс оқушылардың тіл білімін арттырады және
келешекте білімін ізденіс арқылы одан әрі дамытады.
Бір ақынның өміріне және шығармашылығына арналған поэзиялық кешті
алсақ. Бұл поэтикалық сөздерге сонымен қатар интонациясын тұзейді және өзін
көркем оқуға тәрбиелейді.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға оқушыларға гуманистикалық тәрбиесін
қалыптастыруға көмегін тигізеді.Сыныптан тыс жұмыстарда пьеса, кештер,
ертеңгіліктер, ұлы, атақты адамдармен кездесу немесе еске кештерін
өткізудің маңызы зор.
Мұнда безендірудің де маңызы зор. Адамды қызықтырарлықтай материалдар,
сәйкес келетін музыканың жетелеуімен және талғамның маңызы зор. Қазіргі
таңда сыныптан тыс жұмыстардың түрлері күннен күнге арытып отыр.Мысалы
Сұқпаттасу, телекөпір.Жақсы өтілген сыныптан тыс жұмыстар болашақ
мамандық таңдауға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар мен мұғалім кәсіптік
бағдар ролін атқарады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушыға артық интелектуалды,
эмоцияналды энергиясын өзіне және қоғамға қажетті бағытта жұмсауына жол
ашады.
Пәннің және шетел тілінің беделі тікелей сыныптан тыс жұмысқа
байланысты. Сонымен қатар мектептерде сыныптан тыс жұмыстар өткізіліп
отырса мектептің де, пәннің де, шетел тілі мұғалімінің де беделі үстем
болады.Мектепте сыныптан тыс жұмыстар белгілі традиция бойынша қалыптасқан
жағдайда барлық сыныптан тыс мерекелер жоғарғы дәрежеде.
Сыныптан тыс жұмыстар негізінде оқушылардың өзін - өзі басқаруы өте
қажет.Дәлірек айтқанда өзін - өзі басқару сыныптан тыс жұмыстардың
субъектісі болып табылады.Олардың тілегімен қызығы сыныптан тыс жұмыстардың
мазмұны мен түрлері анықтайды. Оқушылардың шетел тілін сыныптан тыс
жұмыстар және өзін - өзі басқару орталығы халықаралық достастық клубы болып
табылады. Халықаралық достастық клубында сыныптан тыс жұмыстар көптеген
түрлері және бір қатар секция бойынша қызмет көрсетеді. Мысалы, Жас
кореспонденттер деп аталатын секцияда оқушылар өзге елдің оқушыларымен хат
жазысады. Жас мұғалім; шетел тілінде жауап беретін кружоктік жұмыстар
бар.Ол оқушылардың кружоктық жұмысқа қызығушылығын артырады. Сыныптан тыс
жумыстардың көптеген түрлері:олимпиада, конкрустар, викториналық сұрақтар,
көнілді тапқыштар клубы және т.б. жас мұғалім шетел тіліндегі секциялар
мұғалімдер көмекшісі, сыныптан сыныпқа қалған оқушыларға көмкектеседі.
Репортерлар секциясы мектепте болып жатқан оқиғаларды хабырға газеті жане
радио арқылы хабарлап отырады. Мектептегі секциялар саны мен мінездемесі
оқушылардың компетенциясына байланысты. Әрине,әрбір секцияның басында
мектептегі сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар бойынша шетел максималды
білетін оқушылар тұрады. Секция басшылары істелініп жатқан жұмыстарға
жауапкершілікпен қарауға тиіс. Біз психолог Л.М. Фридманмен келісеміз
,себебі оның айтуы бойынша егер оқушы оқу процесі кезінде мен –
мендеушілік танытуы мүмкін емес, себебі оқушы сыныптас достарынын алдында,
дәлірек айтсақ қоғам алдында жауапкершілікті сезіну қажет.Сондықтан әрбір
секция сыныптан тыс жұмыстардың ғана жоспарын жасамай, біріншіден мектептің
жоспарын жаукершілікпен жасауы тиіс.Ертеңгіліктер, кештер, коцерттер,
олимпиадалар және т.б. мерекелік кештерді жоғарғы дәрежеде өтілуі тиіс.
Аталған мерекелік кештер оқушылардың жасына, тілдік материалына, біліміне
байланысты өтіледі. Бәрімізге белгілі дидактикада екі стилді ұстаздар
басқарады. Олар авторитарлық және демократиялық. Бізге түсінікті сыныптан
тыс жұмыстарға демократиялық стильдегі мұғалім лайықты, себебі оқушылардың
өзін - өзі басқаруын есепке алу керек.
Шетел тілі пәні бойынша оқушылардың творчествалық қабілеттері мен
дербестіктерін жан-жақты дамыту, сонымен бірге, бұл жұмыстар оқушылардың
бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімнің творчествалық қызметін
шыңдауға жол ашады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды шетел тіліне қызықтыру мақсатын
көздеуі тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстың методикалық негіздері мен мақсаттары
айқындалғаннан кейін, оқушылар коллективімен жұмыстың түрлері таңдалады.
Атап айтқанда, сыныптан тыс жұмыс түрлеріне ағылшын тілінің үйірмелерін,
конкурстарын, олимпиадаларын, ойындарын, көрмелерін, экурциялар мен
кештерін жатқызуға болады.
Оқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар
конференцияларына ықыласпен баруы үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік,
жаңалық болуы керек. Сыныптан тыс сабақтардың мазмүны мен ұйымдастырылуын
мектептің оқу тәрбие міндеттеріне қажет.Үйірмелік және бүқаралық сыныптан
тыс жұмыс жалпы білімді, тіл байлықты кеңейтетін маериал іріктеудің маңызы
зор. Сыныптан тыс сабақтардың тиімділігі, егер олар анда –санда емес,
жүйелі, үнемі, өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тыңғылықты
жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алу арқылы қол жеткізеді. Мектептерде
ғана оқылатын емес, сыныптан тыс сабақтардың да кестесі болуы пайдалы. Онда
факультатив және басқа да сыныптан тыс жұмыстардың күндері мен сағаттары
байқалады.

2.3.Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру.

Шетел тіліндегі сыныптан тыс жұмыстар күнделікті сабаққа қатысты бола
бермейді және оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы
керек. Оқушылардың арнаулы ағылшын тілі бойынша білімдеру тереңдету үшін
оларды өнер тапқыштыққа баулу. Бұларды ұйымдастырудың да формалары да сан
алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, рефераттар жаздырту, ағылшын тілінен
кештер өткізу, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттері мен
бюльлеттеньдер шығару.
Сабақтан тыс жұмыстар деп- оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың
формасы болып табылатын және олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірбиесін
қалыптастыратын негізгі қызметін айтамыз . Сабақтан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың мынандай түтлері бар:
1. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі түрі-арнайы үйірмелер ұйымдастыру;
2. Сабақтан тыс ертеңгіліктер, кештер өткізу;
3. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдкрге саяхат жасау;
4. Табиғи материалдардан жасалған заттар, суреттер құрастыру бойынша
көрмелер ұйымдастыру;
5.Ойын-әңгімелер жұргізу;
6.Ағылшын тілі апталығын өткізу.
Бұдан біз сыныптан жұмыстарды ұйымдастыру оқушыларды белсенділікке, өз
бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі творчествамен ойлануға және оларда ұжымдық
пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік беретіндігін байқаймыз.
А.Сүгірбекова сыныптан тыс жұмыстар еңбегінде ағылшын тілінен тыс
жұмыстарды ұйымдастыру арқылы олардың айналаны қоршаған ортаға кез-келген
тақырыпқа әңгіме айта алатындығы, олардың мінез-құлқын өзгеше болатындығы,
үлкендермен қарым-қатынаста өздерін еркін сезінетінін, көп нәрсеге терең
түсінушілікпен қарайтындығы, соның арқасында әрбір бала өзіндік
мұмкіндіктерін, білімін, қабілеттерін көрсете алатындығын айтады.
Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының білім беру заңында білім
беру жұйесінің басты мақсаты, жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістер
Ағылшын тілі сабақ жүргізудің үлгісі
Ағылшын тілінен Сыныптан тыс жұмыстар
Шет тілін үйренудің тиімді әдістері
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ағылшын тілін оқыту
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың бір әдісі - мотивация
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Пәндер