Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ТОТАЛИТАРИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ . МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ КОНТЕКСТІ ... 5
1.1 Коллективизм және индивидуализм ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қоғам және адам туралы тоталитарлық концепциялар... 8
1.3 Тоталитаризм мәнін ашудағы әдіс. тәсілдер ... ... ... ... ..17
2 ТОТАЛИТАРЛЫҚ РЕЖИМ ҚОҒАМЫ МЕН АДАМ САНАСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ТАБИҒАТЫ ... ...18
2.1 Тоталитаризм . сананы тотальды бақылау ретінде ... ... ..18
2.1.1 Еркіндік және оның практикада игерілуі ... ... ... ... 18
2.1.2 Адамның саналы және бейсаналы қызметі ... ... ... ..36
2.1.3 Адам болмысының субъект пен объектіге жаттануы ... ... ... .42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..56

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ТОТАЛИТАРИЗМНІҢ ТАБИҒАТЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ
Алматы 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..3
1 ТОТАЛИТАРИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ –
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ КОНТЕКСТІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1. Коллективизм және индивидуализм ... ... ... ... ... .. ... ... .5
2. Қоғам және адам туралы тоталитарлық концепциялар... 8
3. Тоталитаризм мәнін ашудағы әдіс- тәсілдер ... ... ... ... ..17
1. ТОТАЛИТАРЛЫҚ РЕЖИМ ҚОҒАМЫ МЕН АДАМ
САНАСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ТАБИҒАТЫ ... ...18
1. Тоталитаризм – сананы тотальды бақылау ретінде ... ... ..18
2.1.1 Еркіндік және оның практикада игерілуі ... ... ... ... 18
2.1.2 Адамның саналы және бейсаналы қызметі ... ... ... ..36
2.1.3 Адам болмысының субъект пен объектіге
жаттануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .56
КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы
қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған
мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық
табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді.
Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты.
Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы
екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі
басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына
сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық
дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында,
қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай
қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке
еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке
тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде
, тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір
де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі
формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен
азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай
деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат
болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз
кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта
қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып
көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық
әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп,
қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне
ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір
қалыптастыра алу керек.
Тек өзіндік дұрыс сана – сезім қалыптастыра алу арқасында ғана
қоғам дұрыс бағыт ала алады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: дәстүрлі түсініктегі тоталитаризмнің
басқа да түрлерін көрсету.
1. ТОТАИТАРИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ КОНТЕКСТІ
КОЛЛЕКТИВИЗМ ЖӘНЕ ИНДИВИДУАЛИЗМ
Жер бетінде адамзат пайда болғалы бері оның өз көлеңкесіндей
адамдарлың қоғам болып бірігіп өмір сүру процестері де қатар жүріп келеді.
Негізінен, жалпылай отырып адамзат қоғамының екі басты типін көрсетуге
болады. Олардың біріншісі- коллективистік қоғам, екіншісі- индивидуалистік
қоғам. Адамзат тарихы әрбір дәуірге сай ерекше түрлері бар коллективистік
және индивидуалистік қоғамдардың текетіресі. Әрбір жаңа дәвір коллективизм
мен индивидуализмді олардың жаңа формалары арқылы қайта тудырып отырады.
Бұл адамзат тарихының барысы түзу сызықты қозғалыс емес екенін көрсетеді.
Онда бірыңғай емес өте көп қимылдар, артқа шегіністер мен қайта
жаңғырулар, күрделенген іс- әрекеттер болып жатады. Басты тақырыбымыз
кллективизм және оның түрлері болғандықтан, бұған мен көбірек көңіл бөлуге
тырысамын.
Әрбір тарихи дәуірде – аграрлы дәуірді, аграрлы- өнеркәсіпті дәуірді,
индустриальды дәуірді- жоғарыда аталған екі қоғамдық типтердің біріншісі-
коллективизм тарихи түрлі формаларда түлеп келіп отырды. Біріншісі, көне
дәуір коллективизмі; екіншісі Орта ғасыр коллективизмі; үшіншісі қазіргі
заманғы индустриальды қоғам коллективизмі (соңғысын тоталитаризм деп атап
жүрміз).
Коллективизм термині белгілі бір коллективтің, мысалы, қоғам мен
мемлекеттің, ұлт пен кластың жеке адам басына абсолютті басымдығын
білдіреді. Ол кез – келген құралдар арқылы, керек болса күштеу арқылы да
жек адамның автономиясына қарамай қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын
әлеуметтік жүйе.
Коллективизм коллективистік қоғам жобасы түріндегі теориялық та болуы
мүмкін және нақты коллективистік қоғам түрінде өмір сүретін практикалық та
болуы мүмкін. Практикалық коллективизм варианттары- ұлтшыл Германия
мемлекеті мен коммунистік Совет мемлекетін атауға болады. Мұның екеуі де
коллективті қоғамға лайықталған теориялық жоба формасында өмір сүреді.
Платонның жетілген мемлекет теориясы көне дәуір коллективизмінің айқын
концепциясы. Платон Мемлекетінде билік философтарға тиісті, бірақ олардың
өздері де билікте шектелген. Олардың билік етуі коллективті болып табылады.
Платон бүкіл мемлекет мүддесін көздейді. Олар уақытының көбісін
философияға арнайды, ал кезектері келгенде, адамзаттық құрылым орнатуға
кіріседі және мемлекеттік қызметтер атқарады. Мұның бәрін олар бұл бір
жақсы нәрсе болғандықтан емес, тек мемлекет үшін қажет болғандықтан осылай
істейді 1;126
Философтар шығарған заңдар тек философтар мүддесіне сай емес,
керісінше, тек бүкіл мемлекет мүддесіне келуі керек. Заңның мақсаты
халықтың белгілі бір бөлігінің амандығын емес, бүкіл мемлекет игілігін
қамтамасыз ету. Заң барлық адамзаттардың бүкіл қоғам үшін және бір –
біріне пайдаларын тигізетіндей етіп істеп, біресе күш арқылы , біресе
сендіру арқылы олардың бірлігін қамтамасыз етеді. Жоғарғы парасатты
адамдарды ол мемлекет басына олар білгендерін істеу үшін емес, керісінше,
мемлекетті нығайту үшін оларды пайдалануға бола алып келеді 1;186
Ал Платонды қатты сынға алған ХХ ғасыр философы К.Поппер болса былай
дейді: Меніңше, бұл программаны толықтай тоталитарлық деп атауға болады.
Адамгершілік жағынан алғанда Платонның саяси программасын тоталитаризм
шеңберінен шықпайтын және негізіненде ол программа тоталитаргизмге теңбң-
тең деп есептеймін. Мен Платонның тоталитаризмге шын берілгендігіне
күмәнім жоқ 2;124. 127
К.Поппер өз еңбегінде жабық қоғам мен ашық қоғам айырмашылығын
көрсетеді. Платон теориясын сынай келіп, ол тағы былай дейді: Жабық қоғам
, яғни, коллективті қоғам мүшелері жартылай биологиялық байланыстар-
туыстық, жалпы өмір, жалпы жұмыстарға қатысу , бірдей қауіп- қатерлік,
жалпы апаттар арқылы біріккен жартылай органикалық тұтастық болып табылуы
арқылы табынға немесе қауымға ұқсайды. Бұл – бір- бірімен тек товар алмасу
және еңбек бөлінісі секілді абстарктілі әлеуметтік қатыныстар арқылы ғана
емес, сондай- ақ көру, сезу, иіс сезу сықылды нақты физикалық қатынастар
арқылы да, байланысқан нақты индивидуумдардың нақты тобы 2;218
Индивидуализмге қарсы тұрған коллективистік жүйелердің ажлпы белгісі,
ол- білгілі бір қоғамдық мақсаттарға жету үшін қоғамның өндіргіш күштерін
саналы ұйымдастыруға ұмтылу болып табылады. Коллективизмнің әртүрлі
формалары қоғамның барлық күшін жұмылдыруға тиіс ортақ мақсаттың табиғатын
өз ерекшеліктеріне сай анықтаса да, дегенмен, басқа бір философ Ф.А.Хайек
мынаны айтады: Әйтседе олардың барлығы либерализм мен индивиализмге
ұқсамайды, олар қоғамды тұтастай етіп ұйымдастыруға ұмтылады және оның
қоғамның, барлық ресурстары бір мақсатқа бағындырылады. Олар индивид пен
оның еркі мақсат болып табылатын қандай да бір автономиялық сфераны
мойындаудан бас тартады 3;143
Коллективизм кез- келген бәсекелестікті ығыстырып шығыратын жоспарлы
экономиканың болуын көздейді. Коллективизм енгізетін бірорталықтанған
жоспарлау бірізді ойдың диктатурасына, құндылықтардың ерекше жүйесіне алып
келеді,- дейді Хайек: Коллективистік ойдың трагедиясы ол- басында ақылды
дамудың басты факторы ретінде көкке көтере отырып, аяғында сол ақылды бұзып
– жаншуға келеді, өйткені ақыл қозғалысының негізі болып табылатын процесті
дұрыс талқыға салмайды 3;110
Коллективизм орта ғасырларда да орын алды. Аспан әлемін сатылап
тастаған монотеистік діндер пайда болып, басымдыққ ие бола бастады.
Коллективті құндылықтар индивидуалды құндылықтардан асып түсіп, рациональды
негізделе бастады. Орта ғасыр кезеңінде адамдар өмірінде шіркеу басты орын
ала бастады. Барлық құбылыстардың мәні құдайжан ізделді.
Адамзат өмірінің жоғары, көктегі өмірі және төменгі жердегі өмірі
туралы түсінік әмбебеп мәнге ие бола бастады. Шіркеудің қолдауына ие болған
бірорталықтанған күшті мемлекеттер пайда болды. Билеуші топтың қалған
тобырдан бөлінуі сақталды және шіркеу ілімдері арқылы тобыр азғантай топтың
айналасына үйіріліп отырды. Шіркеу өзінің теологиялық ілімдері арқылы
тобырды коллективті ойлауға үйретіп, іс жүзінде оны әлсіз, әрекетсіз жеке
басын жоғалтқан жеке адамдардың тобыры етіп ұстады. Адам жанын талдаған
З.Фрейд былай деп жазады: Шіркеу де, әскер де қлдан жасалған тобырлар. Ол
жерде тобырларды шашпай ұстап тұру үшін және олардың құрылымын бұзбай ұстау
үшін белгілі бір дәрежеде сырттан мәжбүрлеп отыру қажет. Ережеге сай
ешкімнен ешнәрсе сұрамайды немесе ол осындай тобырдың мүшесі болғысы келе
ме әлде жоқ па бұған ешкімге таңдау бермейді. Шығуға тырысу танытқандар
қудаланып, қатаң жазаланады 4;278
Кітапханалар жабық ұсталды. Оған кез – келген адамның қолы жете
бермеді. Адамдар, Құдай қаласын іздеуде ес- түссіз жаттанып кеткендерін
де білмей қалды. ХХ ғасырда тоталитаризм деген атқа ие болған ол-
индустриальды қоғам коллективизмі. Бұл жерде адамдар енді Құдай қаласын
іздемей – ақ жақсыз, жалқылығынан айрылған жай жиынтық тобырға айналып,
жаттанып жатыр. Бұған менің өзім де куә бола аламын. Қазіргі заман
тоталитаризмі жағдайында біз енді құдайдың өзін былай қойып, адам мен
затты да құдайға айналдырып үлгердік.
К.Маркс өзінің Капитал атты еңбегінде товар фашизмнің мәнін жан –
жақты ашып көрсетеді. Адам еңбегі арқылы жасылған заттардың құндарының
қатынасы және осы қатынас түрінде көрінетін товарлы форма заттардың
физикалық табиғатына және осы табиғаттың келіп шығатын заттардың
қатынасына ешқандай қатысы жоқ. Бұл – бар болғаны олардың көз алдарында
заттар арасындағы қатынастардың фантастикалық формасына ие болатын
адамдардың өздерінің белгілі бір қоғамдық қатынасы. Бұның аналогиясын табу
үшін бізге дін әлемінің тұманды облыстарына өтуге тура келген болар еді.
Бұл жерде адам миының өнімдері бір – бірімен және адамдармен белгілі бір
қатынастарда тұратын, өз меншікті өмірі бар жеке тәуелсіз тірі жан болып
көрінеді. Дәл осы жағдай адам қолымен жасалған заттар әлемінде де болып
жатыр. Дәл осыны мен товарлы өндірістен бөле- жара қарауға болмайтын және
товар ретінде шығарылатын адам еңбегі заттарына тән фетишизм деп атаймын
5;82
К.Маркстің осы айтқандары қазіргі тоталитаризмнің батыстық типі
түрінде іс жүзінде болып жатыр. Алайда, коммунистік коллективизмнің басты
идеологы К.Маркстің өзі де тоталитарлық тұлғаның пайда болуын көз алдына
елестете алған жоқ. Бұған қоса, ол коммунистік қоғам бұндай тұлғаны жоққа
шығаратын біртұтас жан – жақты дамыған адамның қоғамы болады деп пайымдады.
Сонымен, біз кімбіз? Коллективизм бе әлде индуализм бе? Индуализм
орнаған деп жүрген батыста шынымен бар ма? Біз ше? Жарты ғасырдан астам
текетірестен соң құлағын Кеңес одағы адамдары болған мына біз шынымен саяси
бостандыққа ие болдық па әлде жоқ па? Кеңес Одағы кезіндегі жеке тұлғаға
табынудан арылған соң (шын мәнінді әлі күнге дейін арыла алмай келеміз)
басқа құдай ойлап тауып соған жаттанып кеткен жоқпыз ба? Бұл жағдайдың
мәнін ұғыну тарихи оқиғаға айналған құбылыстарды да, қазіргі қалыптасқан
жағдайда да вертикальды және горизонтальды жан – жақты талдау жасауды талап
етеді.
ҚОҒАМ ЖӘНЕ АДАМ ТУРАЛЫ ТОТАЛИТАРИСТІК КОНЦЕПЦИЯЛАР
Антика дәуірінде өмір сүрген Платонның жетілген мемлекет
теориясы ең бірінші анық жазылған, біршама аргументтелген коллективистік
қоғам концепциясы болып табылады. Бұл концепция оның Мемлекет диалогында
жақсы баяндалған. Платон жетілмеген индивид идеясын және сол индивидтің
жалпылықтың, біртұтастықтың мүддесіне бағындырылған идеясын негіз етіп
алады. Бұл - нақты өмір сүрген және теориктер айлап тапқан барлық
коллективистік қоғамдардың орталық идеялары.
Платон айтуы бойынша, индивид іштей шектелген табиғатты бар болуы
себепті ол жетілген бола алмайды. Адамның жетілуі әртүрлі сатыда
болады.Керек десеңіз, жетілген адамдардың өздері де басқаларға тәуелді
демек, қоғам мен мемлекетке де тәуелді. Жетілген адамдардың өздері де тек
қана мемлекет шеңберінде ғана өніп- өсе алады. Дәл содықтанмемлекетті
индивидтен жоғары бағалау керек. Мемлекеттің құлауы мен іріп- шіруінің
себебі оның өзінде жатқан жоқ . Керісінше, мұның себебі индивидтің өзінде,
оның жаны мен табиғатының жетілмегендігінде жатыр. Адамзат тегінің кері
қарай жүріп , тоз- тоз болуында. Сондықтан, индивмд емес тек қана мемлекет
қана жетіле алады, ал жеке индивидтер жалпыға біртұтастыққа қызмет етуі
тиіс. Біз басында, мемлекет негізін салып жатқанд, тек біртұтастық үшін
ғана қимыл - әрекет жасау керек екенін бекіттік. Міне, осы біртұтастық
әділдік болып табылады немесе оның көптеген түрлерінің бірі болып табылады.
Және біз әрбір жеке адам мемлекетке қажетті істердің біреуімен ғана
шұғылдану керек екенін бекіттік, және мұның өзінде де ол өзінің табиғи
қабілеттілігіне сай лайық іспен шұғылдануы тиіс 1;224
Платон осылайша, барлық жеке адамдарды жай жиынтық қосылыс емес,
біртұтасқа ерітуді көздейді. Біз мұнымен азаматтардың әрбіреуін табиғи
қабілеттері сәйкес келетін сол бір істі істеу керек екендіктерін
көрсеткіміз келеді. Оларға тән іспен шұғылдана отырып, олардың әрқайсысы
жай жиынтық емес, бірліктің мүшесі болып табылады: Осылайша, бүкіл мемлекет
жиынтық емес, біртұтас бірлікке айналады 1;211
Тоталитарлық қоғамның бір белгісі- мемлекет тұлғаны толық бақылауға
алуға тырысады. Ол қоғамдық ұйымдар құрып, әрбір адамды оған мүше қылып,
оларды белгілі бір тәртіпке үйретеді. Адамдарды балалық шақтан осындай
ұйымдарға өсіру арқылы оларға белгілі бір көзқарас, жүріс – тұрыс таңылады.
Мұндай ұйымдарда өскен адам тоталитарлық биліктің барлық талаптарына сай
жауап береді. Және мемлекет мұндай адамдарды қалыптастырып қана қоймай,
олардың әрбір басқан қадамын бақылып, нормадан ауытқығандарын жазалау
процедурасынан өткізіп отырады. Платон мемлекетінде бұл белгіні де
кездестіруге болады. Сондықтан, басында біздің айтып өткеніміздей , керек
болса, біздің балаларымыздың ойнаған ойыны да мүмкіндігінше көбірек
заңдарға сәйкес келу керек, өйткені олар тәртіпсіз болса және ережелерді
сақтамаса, онда біз олардан заңға құлақ асатын азаматарды өсіре алмаймыз
1;213
Платон жан тәрбиесінен дене тәрбиесіне дейін барлық бөліктерін
қарастырады. Сыртқы және ішкі иерархиясын жасайды. Кішілер үлкендар бар
кезде үн шығармауы керек; оларға орын беруі керек; ата- анасын құрметтеуі
керек; кейін сыртқы келбетіне қатысты барлық нәрселер орына алады: шаш
алу, киім, аяқ киім, және т.б. 1;213
Тоталитарлық қоғамда мемлекет билігінің көлемі максимальды болады.
Әлеуметтік өмірдің барлық саласында басымдық көрсетуге барынша ұмтылады.
Қандай ұйымдар болмасын, бірлестіктер болмасын барлығы мемлекет ықпалында
болады.
Мемлекет елдің экономикалық дамуын мәдени саласын, рухани саласын
бақылайды. Бір сөзбен айтқанда, тотальды бақылауға алады. Мемлекет
идеология арқылы моральдық ,этикалық сфераны толық қамтып, стандартқа
келтіреді. Дегенмен, ең жоғарға эффект беретін нәрсе ол- жеке меншікті
жойып, барлық өндіріс құралдарын мемлекеттендіру процесі. Мүлікті
мемлекеттендіруді Платон Мемлекетінде де мемлекет басқарушы философтар
мен оны қорғаушыларға қатысты тек мемлекет игілігі үшін кездестіруге
болады. Егер оларға осылай болуға тура келіп тұрса, онда шамамен олардың
өмірін былай ұйымастыруға болмас па екен: бәрінен бұрын ешкімде ешқандай
жеке меншік болмау керек. Әрине, бұған қатты қажеттілік болмаған жағдайда
1;204
Платон мемлекеттің іріп- шіруін жеке меншіктен де көрді. Байлық
қуған адамдар мастанып өзін- өздері ұмытады. Жалпыны қойып, әрқайсысы өз
қарақан бастарын ойлап, бір- бірімен қырылысып, атақ- мансап қуады. Байлық
пен кедейлік. Біреуі сәншілдікке, жалқаулыққа алып барады. Екіншісі адамды
төмен түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді 1;209
Ал, мемлекетте барлығы керісінше, Платон тәрбиелеу, рухани
мемлекеттік тәрбиелеуге де үлкен мін береді. Біз олар өсіп- жетілген кезде
бойына сіңіріп өсетін пікірлерге қарама- қайшы келетін, кім болса сол ойлап
тапқан әртүрлі мифтерді балалардың тыңдап, жанымен қабылдап жүруіне
мүмкіндік бере аламыз ба? Бәрінен бұрын бізге миф шығарушыларға бақылауды
күшейту керек: егер олардың туындылары жақсы болса, онда рұқсат береміз.
Жаман болса, онда рұқсат жоқ. Біз оларлың тәрбиешілеулері мен шешелеріне
тек мойындалған мифтерді ғана әңгімелеп беруін айтамыз. Сөйтіп, біз оларды
таяқпен олардың денелерінен гөрі , олардың жанын қалыптастырамыз. Ал олар
айтып жүреген мифтерді, әрине, бізге қашы келетін мифтерді алып тастау
керек 1;156
Платон құрған теориялық мемлекет барынша жалпылануға ұмтылды. Себебі
мемлекет үшін де керегі сол емес пе? Платон құрған теориялық мемлекет
біршама әскери лагерлік өмірге негізделген. Онда мемлекетті философтар
басқаруға тиіс. Қалаларды философтар басқармайынша, немесе қазіргі
билеушілер қанағаттандырарлықтай философиялық ақылмен ел билемейінше,
мемлекеттік күш пен философия бір- біріне сай келмейінше, қалалар болсын,
керек болса бүкіл адамзат тегі болсын олар жаманшылықты көргені – көрген
1;413
Платон бұлардың тұрмыс – салтын да қарапайым жанұялық қарым –
қатынасын да жалпылық негізде құрады. Оның айтуынша, ата- аналары қайсы
бала кімдікі екенін білдірмеген дұрыс. Сондай- ақ балалары да ата –
аналарын білмегені дұрыс. Тек осылай істен де ғана мемлекет негізі
шайқалмайды. Егер адамдар жеке меншікке жол беретін болса, онда мемлекет
негізі шайқалады. Ал жалпылау оны қатайта түседі. Себебі, олар бірінің
баласын бірі ажырата алмаса және материалдық жақтан бойларны алыс ұстаса,
онда олар бірдей балаларға қарайды.
Жек көрушілік, қызғаныш, іштерін тарту, қастандық жасау мұның бәрі
азаймаса көбеймейді. Олардың, яғни қорғаушылар мен философтардың әйелдері
ортақ болуы керек. Үйлері де, ішетін тамақтарын да бір жерден ішсін! Бір-
біріне ауысып жүре беретін болсын. Жалпыға біріккен олар бірлесе қимыл -
әрекет жасайды. Бірлесе жауды тайдырады. Бір – біріне қарсы әрекеттерге
бармайды. Себебі, олар бір- бірімен белгісіз жағдайда аралас- құралас болып
кеткен емес пе. Бұл еркектердің барлық әйелдері оларға ортақ, бәріне жалпы
болу керек, ал жұрттан бөлек бірде- бір әйел бірде- бір еркекпен бірге
тұрмасын. Балаларда жалпыға ортақ болуы керек. Және әкесі баласын
танымасын, ал баласы әкесін танымасын 1;254
Платонның бұл айтқандарын жеке ерекшеліктерді жою деп айтсақ артық
болмас. Себебі, айтқандары өмірде іске асуы қиын нәрсе. Екінші жағынан,
Платонның өзі де өмірінің соңына қараймұндай көзқарастардан және соның
ішінде дәл осы көзқарасынан да көптеген белгілер бойынша бас тартқаны рас.
Мұны утопия дер атауға болады. Дегенмен, Платон көзқарастары жайдан- жай
пайда болған жоқ. Оның погрессивті жақтары да болды. Солай дей тұра Платон
жалпылыққа, біртұтастыққа көп көңіл бөлді. Шексіз жалпылау адамдарды
абстракктілі адамдарға айналдырады.
Бұл жалпылауды Платон қатты қорғаштады. Мемлекет үшін жеке көзқарас
таныту тиімсіз. Ол оның бірлігіне нұқсан келтіреді. Мемлекет үшін оның
бірлігіне нұқсан келтіретін және оны бөліктерге таратып жіберуге келтіретін
нәрселерден артық жаманшылық бар ма? Және ол үшін оның біртұтастығы
мүмкіндік беретін, мемлекетті ортақ байланыстыратын нәрседен артық игі
жақсылық бар ма? 1;260
Платон мұндай ортақ нәрселерді де көрсетіп береді. Егер бір нәрсе
пайда болып, екіншісі жоғалып жатса, сонда азаматтардың бәрі бірдей күліп,
бірдей қайғырып, бірдей көңіл- күй танытып отырса, сонда оны реніш пен
рахаттану байланыстырады. Ал мұндай ауыр күндері біреулері жеке бөлініп
тұрса, онда олар азаматтардың арасындағы байланыстарды бұзады 1;260
Бұлар Платонның жетілген мемлекет теориясының белгілері. Бұл жерде
белгілі бір мемлекет үшін прогрессивті жақтар болғанмен олардың жеке
жақөтан қатты ауытқығаны белгілі болып отыр. Бұл тотальды бақылауға жол
ашып береді. Ал демократияға қарсы Платон көп нәрсе айтады. Себебі,
демократия оның жетілген мемлекетіне қарсы тұрған мемлекет. Ол демократия
негізінде елді халық тобыры билейді және дұрыс шешім қабылданды ма әлде жоқ
па онымен ешкімнің ісі жоқ деп көрсетеді. Тек әркім өзінікін ұсынады. Өз
басын ойлайды. Менің көзқарасым бойынша, демократия жарлы- жақыбайлар
жеңіске жеткен соң , олар қарсыластарының кейбіреулерін өлтіріп, басқаларын
қуып, ал қалғандарын теңестіргенде ғана сол кезде барып іске асады, және
көп нәрсе демократияда кездейсоқ,, жеребе бойынша шешіледі 1;372
Бірінің тістегенін бірі тартып, итше өмір сүріп, ақыр соңы мемлекеттің
іріп – шіруіне әкеледі деп түсіндіреді. Адамдар тек бостандықт көзден ,
бірінің айтқанына бірі құүлақ аспай, тек бірін- бірі жеуге даяр тұрады.
Бірін- бірі сатып, жауға жем болып, сол бостандықтың шын қадірін лайықты
түсіне алмай да кетеді. Мүлікке құл болып , жиғандары дүние болып, бірін-
бірі мойыгндаудан қалады. Мұндай азаматтары бар елдерде мемлекет болуы
мүмкін емес. Олар тек мемлекетті көзге көрсетіп қан қояды. Шын мәнінде ол
жерде ешқандай қатынас жоқ.
Платон джемократияға қарсы мейлінше теріс көзқарас ұстанды.
Демократияны игі көріп, ұмтылып жүрген нәрсені ақыр аяғында соның түбіне
жетеді 1;139
Демократиялық мемлекетте еститінің мынау: еркіндік деген қандай
жақсы және шын табиғатынан еркін адам осындай мемлекетте тұрса болады 1;
379
Платонның оқушысы Аристотель де оданг көп ұзаған жоқ. Ол да мемлекетке
үлкен мән беріп, оның табиғи пайда болуын дәлелдеумен келді. Бірнеше
қоныстардан тұратын қоғам, толықтай өз- өзіне ие және өмірдің
қажеттілігінен пада болып, бірақ, игі өмірге жету үшін тіршілік ететін
толықтай қалыптасқан мемлекет болып табылады. Мұнан, әрбір мемлекет –
алғашқы тілдесу сияқты бұл да табиғи пайда болудың өнімі екені анық
11;378
Бұдан ары қарай Аристотель адамды саяси мақұлық деп атайды. Ол
саясаттан тыс, мемлекеттен тыс адамды елестете алмайды. Мемлекеттің табиғи
болуы секілді ол да табиғи түрде саяси жандар болу керек. Адам тек мемлекет
шеңберінде ғана адам бола алады. Ал бір өзі өмір сүрсе, ол адам болып туса
да адам санатына кірмейді. Айтылғандардың бәрінен мемлекет табиғатынан бар
нәрсеге жататынын, адамның табиғатынан саяси жаратылыс екенін, кездейсоқ
жағдайлардың нәтижесінде емес, өзінің табиғаты бойынша мемлекеттен тыс өмір
сүрсе, оның я рухани тұрғыда дамымай қалған , я табиғаттан тыс екенін
түсінеміз 11;378
Адам қоғамдық жануар. Не істесе де қоғам болып, бірігіп істейді. Және
осы қоғамда талап – тілектерін бірлесіп қамтамасыз етеді. Бірінің
жетпегенін бірі жамап отырады. Тек қоғамда ғана өмір сүру бір- біріне көмек
арқасында жеңіл болады. . Адамның аралар мен әртүрлі жайылатын жануарларға
қарағанда, мейлінше қоғамдық тіршілік иесі екені келесіден түсінікті:
біздің тұжырымдауымызша, табиғат бостан- босқа ешнәрсе жасамайды. Сондай –
ақ барлық тіршілік иелерінің арасынан жалғыз адам ғана сөйлеу қабілетіне
ие. Дауыс қайғы мен қуанышты білдіреді. Сондықтан ол басқа тіршілік
иелеріне де тән, себебі олардың табиғи қасиеттері, қуаныш пен қайғыны
сезетін және осы сезімдерді бір – біріне беретін дәрежеде дамыған 11;379
Аристотель өз мемлекеті туралы ілімін философиялық негізге сүйеніп
отырады. Өзінің философиялық ілімі арқылы мемлекет туралы ілімінің де
бірқатар жерлеріне қолдау қалып отырады.
Жанұямен және біздің әрқайсымызбен салыстырғанда, өзінің табиғаты
бойынша мемлекет бірінші болып табылады: өйткені тұтастық бөлшектен бұрын
келуі қажет 11;379
Мұны ары қарай ол философия шеңберінен саясат, мемлекет аумағына
ауыстырады. Сонымен, мемлекет табиғатынан бар және табиғаты бойынша әр
адамнан бұрын келеді, себебі соңғысы оқшауланған жағдайда қалып, өз - өзіне
билік жүргізетін тіршілік иесі болмағандықтан, оның мемлекетке деген
көзқарасы, қатынасы, өзінің тұтастығының кез- келген бөлшегіне деген
қатынасқа ұқсас болады. Ал кімде- кім араласуға қабілетсіз яки өз- өзіне
билік жүргізе алатын, ещнәрсеге мұқтаждықты сезінбейтін тіршілік иесі деп
санаса, онда ол мемлекеттің бөлшегі болып табылмайды. Немесе хайуанға ,
немесе құдайға айналады 11;379
Аристотельдің қоғамдық құрылысқа көзқарасы ең бірінші кезекте құлдықты
қорғап, оны ақтауыменен сипатталады. Бұл жерде оның адамға деген
көзқарасын, оның әсіресе еркіндігіне көзқарасы айқын. Аристотель құлдықты
әрі қажетті және табиғи өз- өзінен түсінікті деп есепейді. Ол табиғатынан
құл болып жаратылған адамдар бар дейді. Құл болу- қоғамдық қажетті және
пайдалы. Жоғарыда айтылғандардың құлдық өзінің табиғаты мен мақсаты
бойынша кім екендігі түсінікті: кім табиғатынан өз- өзіне емес, басқа да
бағынса, ол адам болса да өз табиғаты бойынша құл болып табылады 11;382
Құл – бұл қожайынның меншігі, оның мүліктерінің жаны бар бір бөлігі
болып табылады. Құл- жаны бар құрал ғана. Ал құрал болса- жаны жоқ құл.
Құл зат, бірақ денесі мен жаны бар адам деген зат. Аристотельдің бұл
айтқандарын тоталитарлық қоғамға тән белгілерді айқын көруге болады.
Себебі, ол адамды табиғатынан жалпыға бағынышты етіп, оның да өзі секілді
адам екенін есіне де алғысы келмейді. Құлға қатысты қатаңдық таныту керек.
Оған тек зат ретінде ғана қарау керек. Қалай болғанда да кейбір адамдардың
табиғатынан еркін, ал кейбіреулердің құл екені айқын. Соңғылар үшін құл
болу әрі пайдалы, әрі әділетті 11;384
Мемлекет- еркін адамдардың одағы. Ал құлдар болса, мемлекетке керек
бола тұра, олар мемлекеттен тыс тұрған жаратылыстар. Мемлекеттік қоғамның
мүшесі болып табылмайды. Сонымен, Аристотель бойынша да мемлекет жеке
адамнан жоғары тұр. Онсыз адамдар өмір сүре алмайды. Онсыз адамдардың жер
бетінде бар болуы да мүмкін емес.
Ендігі көне дәуірден басқа тоталитарлық бағытта өмір сүрген, дамыған
орта ғасыр коллективизмі. Бұл ғасырды да тоталитарлық құбылыс сенімге
негізделсе де, коллективизм деп атауға болады. Ақыл сенімге қызмет етіп,
адамдардың біркелкі ойлауына да әсер еткен. Осы арқылы бір орталыққа
бағындыруда қиын болмады. Бұл орайда аз жұмыстар жасалмады. Көптеген
теориялық ілімдер жасалды. Ақылды тек оны, сенімді нығайтуға пайдаланды.
Бесінші ғасыр христиан өркениетінің маңызды дәуірлерінің бірі. Осы сыни
дәуірде шіркеу өзінің тоық қалыптасқан күйінде көне грек- латындық дүниеден
бойына германдық элементтерді сіңіріп отырып, орта ғасырға аяң басады.
Мемлекеттік тәртіп әлсіреген, түп негізі шайқалған күйде, шіркеу жалғыз өзі
өздігінен іріп- шіріп бара жатқан,Ыдырап бара жатқан қоғамды біріктіруші,
іргесін құрушы және мемлекетті байланыстырушы болып көрінеді. Көрініп қана
қоймай , оны іс жүзіне асырады. Ол мемлекетке қауіп төндіруші
сепаративистік қозғалыстарға, және басқа да мемлекеттің мазасын
кетіргендерге жалғыз өзі қарсы тұрып күресті. Империяға жан – жақты
айтылып келе жатқан варварларға қарсы ол грек- латын әлемінің мәдени
бірлігін сақтауға тырысты. Шіркеу сол уақыттары рухани тірек болды. Ал
мемлекет болса, құлдыраған үстіне құлдырай отырып, өзін ішкі- сырқты
жаулардан қорғай алмады. Ол кезде қоғамға біріктіруші күш қажет болды.
Төртінші ғасыр соңына қарай батыста әлсіз, құрдымға кетіп бара жатқан
император билігі қарсы жан- жақты ықпалын күшейтіп алған рухани билік
тұрды. Шашылып бара жатқан мемлекетті тек рухани билік қана қорғап, қолдап
нығайтып отырды.
Құрып бара жатқан қоғамның атомарпың индивиуализмі сол кездегі
варварлық – Германдық элементтермен солардың индивиуалистік бағытымен
қосылып, одан әрі шірігеннің үстіне шіри түсті. Мемлекет анархиялық
бүліктерді уысында ұстай алмады, немесе біртіндеп ықпалынан айрыла түсті.
Мұндай кезде тек қана шіркеу ғана индивидуалистік пиғылдағы топтарға қарсы
тұра алуы, және олардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуын ауыздықтай алатын
бірден- бір күшті орталықтан ұйым болды. Алғашқы кезде жағымды жақтарымен
белгілі болған шіркеу, бертін келе ол да азып – тоза бастады. Адамдар
құдай үшін жаттанды. Сол үшін өмір сүрді. Шіркеудің мұндай сәтті
пайдаланғаны ұтымды болған үстіне ұтымды бола түсті. Теологиялық ілімдер
арқылы адамдардың санасын қаулап ұстап отырды. Оларды біркелкі ойлауға ,
бір- біріне қатынас жасауға жеңіл үйретіп тастады.
Ал мұнан кейін оларды тотальды басқару қиынға соққан жоқ . Мұндай
ілімдерді жасап, қолдап, үйреткендер көптеп саналады. Солардың бірі
Августин болды. Өз ілімдері арқылы адамдарға сенім ұялатып, рухани дем
беріп отырды. Бірақ- ол ол кезде мұның ақыр – аяғы немен аяқталатынын
білген жоқ. Тек бір ғана құдай бар деп, оған бағынуды ақыл арқылы жан-
жақтан бекіте түсті. қабынған рухани нормалардың бұзыуын, өзіңде болсын,
басқа біреуде болсын. Болдырмақ мемлекеттің яки халықтың заңдары мен
дәстүрлеріне бағыну керек. Бірақө егер құдай кімнің болмасын мінез- құлқына
және қағидаларына кереғар бір нәрсені бұйыратын болса, оны мүлтіксіз
орындау қажет 12;506
Адамдардың шіркеуге бағынуының қажеттілігін негіздеуге ұмтыла отырып,
ол адамдарды ерік бостандығы тек қана күнәһар адамдарда ғана болады деп
үйретт. Тек Құдайлық мемлекет қана , яғни шіркеу ғана шын ақиқатқа ие.
Тек қана сол арқылы ғана мәңгі өмір сүруге болады. Ол жан- жағына шашылып
тұрған сәуле, шырақ. Тек сол ғана күнәһар адамдарға түзу жол көрсете алады.
Ал ол түзу жолдың кепілі- шіркеуге шүбәсіз бағыну.
Шынындағ егер патшаның бұйрықтарын , олар қанша қалыптан тыс болса да
орындау қажет болса, ал оларға бағынбау қоғамға қарсы іс- әрекет болып
саналса, Құдайдың әмірлерін еш шүбәсіз орындау қажет. Себебі, ол- ол
жаратқан барлық нәрсенің патшасы 12;506
Мұндай үсті- үстіне айтыла беретін ілімдер шынында да адамдарды
біркелкі ойлап, сеніп іс- әрекет жасауға көндіктіріп жіберді. Олар ақылмен
пайыиды ойлап қараудың орнына, сеніммен ойлап қарайтын болды. Адамдарды
біртұтас басқарудың оңай құралы пайда болды. Оларды сенімінен тартып отырса
болғаны, ар жағында олар робот секілді қимылдай беретін болды. Дегенмен,
қазіргі бостандықта өмір сүріп жатқан мына біз де олардан кем робот
емеспіз. Сенім және Құдай басты роль атқарады. Құдай ұлық және мақтауға
лайықты; оның қимылыұлы, оның ақылы өлшеусіз. Міне, адам, сенг жаратқанның
ұсақ бөлшегі, саған мадақ айтқысы келіп тұр 12;469
Адамдар тек тұрақты түрде мадақ айту арқасында және оған сыртқы күштер
арқасында оғанн беріледі. Және беріліп қана қоймай, өздеріне оны шын
болмыс етіп алады. Менің Құдайым сен кімсің? Құдай Тағаладан басқа кім?
Жаратушыдан басқа Құдай кім, Құдайымыздан басқа қорғаушымыз кім? Ұлық,
кәміл, құдіретті, игіліктә, аса қайырымды, жоғары дәрежеде әділетті және
әділ 12;471
Жалпы алғанда, орта ғасырда да ой болды. Бірақ олай сенім жолына
қойылған еді және соның қызметшісі болды. Ғылым мен кітапханалар шіркеудің
бақылауында болды. Оларға адамдардың қолын жеткізбеу олардың саналарын
тотальды қамтуға, сол арқылы олардың мүдделерін мемлекет , шіркеудің
мүддесінің төңірегінде ұстауға мүмкіндік берді. Ол кеде күштеумен қатар
сананы осылай бақылап отыру күшті эффект берді. Дегенмен, күш қолдану,
қаталдық таныту да негізгі құралдардың бірі болып табылады. Мұндайды
жақтайтындар кейінгі ғасырлардан табылып жатты.
ХХ ғасырда пайда болған тоталитарлық мемлекеттер осы тоталитаризмнің
күштеуге көбірек негізделген түрлері еді. Тоталитаризмнің басқа түрлері
бостандыққа да негізделді. Қайта өрлеу дәуірінің ойшылы Н.Маккавелли өз
ілімінде қаталдыққа, күштеуге жол бар деп көрсетті. Ол саясатты дін мен
моральдық қатынастардан босатты. Ол бойынша саясат моральдық принциптерге
негізделу керек. Моральға қарап емес, жағдайға қарап, іс істеу керек
дейді Егер мемлекет басшысы қол астындағыларды бағындырып ұстағысы келсе,
онда ол өзінің қаталдығымен есептеспеу керек. Кішкентай қаталдық таныту
арқылы ол тәртіпсіздікке жол бермей қалады 20,63
Ол ашықтан ашық мақсат құралды ақтай алады принципін танытты.
өйткені, мемлекет басшысының қаһарынан бірнеше адам ғана зардап шексе, сол
кезде тонаушылық пен өлімге жол беретін тәртіпсіздіктен халықтың бәрі жапа
шегетін еді 20;63
Бұл күштеу мен қаталдыққа негізделген ілім тарихта Макиавеллизм
деген атпен қалды. Дәл осы принциппен жұмы істеген кешегі Кеңестік Одақ та
Патшалы Ресейдің одан әрі қарай шашылуын тоқтатқан еді. Сталиндык режим
қанша қатал болғанымен де бұрынғы империяны Қызыл империяға айналдыруға
мүмкіндік берді. Бұл бір жағынан, негізінен традициялық Ресейді де Батыс
экспанциясынан құтқарды. Және оны қуатты империяға айналдырды. Осыншама
қаталдыққа негізделген, соның арқасында көптеген адам шығынын әкелген бұл
саяси құбылыс. Қызыл империяны біршама мақсаттарға жеткізді. Бірақ бұл
жерде ортағасыр құдайын қойып, ХХ ғасыр адам құдайының және товар деген зат
құдайға табыну басталды. Бәрі де өз шегін тауып жатты. Тоталитарлық
қоғамға аналаиз жасау- сол қоғам мен оның мүшелерінің , жеке алғанда
адамдардың табиғатын зерттеуді талап етеді.
Тоталитаризм мәнін ашудағы әдіс-тәсілдері.
Ғылыми таным қарама-қайшылыққа толы, күрделі процесс. Болып жатқан
құбылыстарды, себептерді қалай анықтау керек? Архимедтің мына бір айтқан
жауабы өте орынды: егер маған тіреу нүктесін берсеңдер мен сендерге жерді
аударып беремін. Яғни, бұл деген сөз егер дерттеу құралдарын, әдіс-
тәсілдерін дұрыс қалыптастыра білсең, онда раы қарай бәрі жеңіл шешіледі.
Барлығы белгілі нәрсеге келіп тіреледі. Рычаг принципін пайдалануға
келіп тіреледі. Тіреу нүктесі қандай болса, сен де солай танисың.
Зерттеушінің позициясын, одан ары қарайғы жолдары осы тіреу нүктелері
анықтайды. Зерттеу кезінде жалпы ғылым әдіс-тәсілдерден, басқа, солармен
бірге келесі парадигмалар қолданды: теологиялық парадигма, Гегель
философиялық-идеалистік жүйесі, натуралистік парадигма, Гегельдің теориясын
әлеуметтік парадигмада. Яғни, материалдық рухта қайта тіріліткен К.Маркс
теориясы пайдаланылды. Сонымен қатар, мәдени құндылық подход, позитивизм
философиясы, тұтнушылықтың иреархиялық жүйесі пайдаланылды.
2 ТОТАЛИТАРЛЫҚ РЕЖИМ ҚОҒАМЫ МЕН АДАМ САНАСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН
ТАБИҒАТЫ
2.1 Тоталитаризм сананы тотальды бақылау ретінде
2.1.1 Еркіндік және оның практикада игерілуі
Еркіндік хақында философия тарихында саналуан көзқарастар айтылған.
Осы мәселеге соқпай, ол туралы ой толғамай өткен ешбір белгілі ойшыл жоқ,
ешбір философиялық жүйе жоқ десек те болады. Басқа мәселелерде соншалықты
сабырлы, салқын күйде ой кешетін даналардың өздері де еркіндік келгенде
айрықша жан толқынысын сездіріп тұрады. Еркіндікті түсінудегі барлық
философиялық ой түйіндерді жай тізіп өтудің өзі кіші – гірім кітап болып
шығар еді. Сондықтан біз ол жолдан гөрі оларды кецбір негізгі типтерге
бөліп, соларға қысқаша тоқталып өтуді ғана жөн көрдік. Еркіндік туралы
көзқарастарды негізгі екі типке немесе екі топқа бөлуге болар еді:
1)Еркіндіктің бар екендігін теріске шығаратын соны негіздеуге
бағышталған көзқарастар. Мұндай көзқарастырдың өзі сан – алуан. Бірақ осы
принципті логикалық шегіне жеткізе өрбікендер механикалық материализм
бағытындағы кейбір ойшылдар деуге болады. Олар (әсіресе, Т.Гоббс,
Б.Спиноза, Лометри, т.б.) адам қоғам тіршілінде табиғи механикалық
заңдармен түсіндіруге ұмтылған. Олар жалпы алғанда механика, геометриялық
принциптердің тұрғысынан еркіндік туралы адамдардың ойы жалған елес қана,
ал шын нәрсе қажеттілік деуге ойысады. Ал, ол себептілік түбінде тек
құдайдан. Гоббс былай дейді: Ерккіндік пен қажеттілік үйлесе алады...
ерікті әрекеттер адамдардың ырқынан, ал ырық еркіндіктен, сонымен қатар
адамдардың ырқынан туатын әр бір акт, тілек және талпыныс белгілі бір
себептен, ол себеп тағы бір себептен,себептердің тізбегінен (ал тізбектің
соңғы тізгні, ең ақырғы себеп құдайдың қолында) болғандықтан оның бәрі
қажеттіліктен туындайды. Осы баланыстады көре алатын адамға адамдардың
еркеінсіген әрекеттерінің қажеттілігі айқын болар еді. Бәрін көріп, бәрін
реттеп отырған – құдай, әрине, адамдар қалаған нәрсесін істеп жатқанда да
сондан қажеттілікті, құдайдың қөзі қалағынының болып жатқанында көреді...
адамдарды еш нәрсеге құштарлық та, екшнәрсеге құмарлық та қүдайдың
ырқынсыз болмас еді....
Б.Спинозадан бастап құдайды әлемнен, табиғатта тыс тұрған бөгде күш
деп есептеп, яғни табиғаттан тыс қажеттілікті іздеу филисофия мен
ғылымнан ығыстырыла бастайды.
Спинозаның ойынша, табиғаттың өзі құдіретті күш. Құдай деп сол
табиғаттың өзін түсініуіміз керек. Құдай да, табиғат та бір нәрсе, бір
субъстанция. Субъсатанция деп тек өзі арқылы өмір сүретін, тек өзіне
негізделетін, тек өзі арқылы көрініс табатын, өмір суруін тек өзі арқылы
түсінуге, тануға болатын нәрсені айту керек. Табиғатты немесе құдайды
тек тұтас алғанда ғана ол осындай қасиетке ие. Әр бір жеке зат,
құбылыстар (модустар) солардан туындайды, солардың көрінісі. Құдай әр бір
заттың ішкі мәні қажеттігі себебі. Ол сыртқы себептілік емес, ішкі
себептілік. Спинозаның айтуынша ырықтың еркіндігі ғана емес, зерденің де
еркіндігі жоқ. Адамдар өз әрекеттерінің себебін білмей сол әрекеттердің
өзін ғана білетіндіктен өздерн еріктіміз деп ойлайды. Адамдардың ойлары
мен аффектілері де іс - әрекеттері де тек табиғи (құдайдың) қажеттіліктен
шығады. Оны біз білмейтін болсақ, бізде еркіндік жоқ. Ал, қажеттілікті
біз айқын түсінетін болсақ, онда бізде еркіндік бар. Еркіндік дегеніміз,
біздің әс - әрекетіміздің қажеттіліктерімен анықталатындығын анық білу.
Соған саны түрде мойынсына білу, соның жолымен ғана жүру.
Осындай көзқарастар, діннің айрықша үстемдік еткен дәуірінде бірақ
екінші жағынан ғылымның бәрін табиғаттың бұлжымас қатаң заңымен түсіну
меңдеп келе жатқан жағдайда соның екеуінде ұштастырып, біріктірудің жолы
еді. Олар адамды құдайдың да әсіресе, табиғаттың да шеңберінен тыс нәрсе
емес, сол табиғаттың бір бөлігі етіп көрсетуге тырысқан. Бұл шын мәнінде
адамды заттар дүниесіндегі қатардағы бір ретінде қарау, себебі, ойлау
кеңістікпен қатар субъстанцияның атрибуты.
Атрибут – оның табиғатынан шығатын ажырамас қасиеті. Ойлау аданың ғана
белгісі емес, бүкіл табиғаттың ( құдайдың) қасиеті, яғни Спиноза
еркіндікті сөз жүзінде сойындағаны болмаса, шынында еркіндік жалпы
табиғатқа, болмысқа сиыспайтын болуы мүмкін емес деген қорытындыға алып
келеді.
Осы дәстүр кейінгі ғасырларда нығайа түсті. Оны негіздеуде
Г.Ф.Гигельдің филисофиясы айрықша орын алады. Гегель объективтік дүние
деп, енді табиғатты деп емес, жалпы адамнан, әлемнен тыс абсолюттік рух
деп түсінеді. Абсолюттік рух және оның дамуынаң жоғарғы сатысы абсолюттік
идея – табиғатты да, адамды да жаратушы күш, табиғат та адамзат та
оның сыртқы іске асу формалары сатылады. Сондықтан ол адам үшін сыртқы
қажеттілік. Адам сол абсолютті рухты оның дамуының қажеттілігін қаншалық
таныған болса, ол соншалықты еркін. Яғни басқаша негізде болса да,
Гегельдің еркіндікке беретінанықтамасы Спинозаның анықтауымен бірдей
дерлік: еркіндік бұл танылған қажеттілік. Танылмаған қажеттілік адамға
соқыр, мылқау әрі дүлей күшті ықпал етеді.
Гегель филисофиясының обективтік идеялистік негізін теріске шығарса
да, оны өздеріне ұстаз тұтқан К.Маркс пен Ф.Энгельс те еркіндікке осы
көзқараста болды. Бірақ олар практикалық іс - әрекетті филисофияның
негізщгі принципі еткендіктен еркіндікті түсінуге біршама өзгерісс
кіргізді. Еркіндік олар үшін әсіресе, Энгельстің анықтауыбойынша танылған
қажеттілік жәәне практикалық іс әрекетке адамдардың сыртқы табиғатқа және
өзінің пәнінің табиғатын да үстемділігі. Адам болмыстың заңдылықтарын
қаншалықта меңгерсе, әрі өз ісіне пайдалана алса, еркін іс - әрекет деп
соны түсініуіміз керек.
Әрине, еркіндікті осылай түсінуде белгілі бір шындық бар. Сөз жоқ
адам өзі түсінген, таныған әрі іс жүзінде игерген дүниеде өзін еркін
сезінеді. Еркін әрекет жасайды. Ол адам болмысында бар нәрсе және тарихи
адамның ықпалындағы ауқымын кеңейтіп отыратын мәдени рухани кеңістік. Бірақ
бұл көзқарас еркіндіктің адам болмысындағы белгілі бір сыртқы әрі өткінші
жағын ғана қамтиды. Ол адамға болуы да, болмауы да мүмкін нәрсе. Оның
үстіне бұл анықтама, адамның дүниеге қатынасының белгілі, еуропалық
ипінің негізінде ғана берілген. Яғни ол үшін еркіндік міндетті түрде
үстемдікпен байланысты. Бұл тұрғыдан адамдарды сыртқы дүниемен үйлесімді
(гормония) қатынасы емес.
Еркіндіктің осы айтыған жағы өмірде айрықша кең де берік орын
алғаны әлі де болып отырғаны тас. Ол бірақ шын еркіндіктің белгісі емес.
Оның көзге бірден көрінетін тұрпаты және де адамның дүниемен
қатынасындағы тыс өткемдік, пайдагерлік ұмтылысын көрсетеді.
Бірақ еркіндікке адмамның дүниедегі болмысының түпкі онтологиялық
негізі деп қарай\тын болсақ, онда оның көзге тікелей байқала бермейтін
ішкі сыры айқындалуы тиіс. Еркіндік адамзат тарихының алғашқы
кезеңдерінде болмаған. Тек кейінгі жоғары дамыған шақтарында пайда
болатын ерекшелік десек онда ол адамның дүниеде болуының түпкі алғашқы
негізі бола алмайды. Рл тек өткінші қасиеттердің бірі болывп шығады.
Еркіндік адамдар әрекетінің салдары емес, керісінше ол өзі адамдар
өмірінің басқа барлық құбылыстарын туғызатын себеп деуге болады.
Еркіндік – адамның о бастан, ешбір сыртқы себептілікпен жағдайлармен
ешбір сіртқы күштермен әрі өзін қоршаған ортамен алдын - ала
анықталмағандығы, яғни адамның кім, не және қандай болатындығын оның
өмірде қандай орын алатындығын, қандай нәрсені өзіне мән ететіндігін,
нені құнды және, нені құнсыздыққа балайтындығын өзінен басқа ешбір күш
анықтай алмайды. Оны алдын ала күдіретті күш адамның бойны сіңіріп қоя
алмайды.
Басқаша айтқанда, адамды адам ететін негізгі қаситеттер адамнңы
организмдік тәнімен бірге клетіндайын қаситтер емес. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz