Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын жетілдіру жолдары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

2. 2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары б. э. д. ІІІ мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан КСРО-ның құрамында болған уақытта туризм де басқа экономика салалары сияқты орталықтан келетін қатаң ережелерге бағынып, тек сол ережелер аясында ғана өз қызметін жүзеге асыратын. Шетелдіктер үшін Қазақстан мешеу елдердің санатында еді. Себебі, кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан қалдықтық қағидатпен қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстандағы туризм индустриясының дамымай қалуының негізгі себептерінің бірі оған экономиканың саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеді және шындап қолға алынбады. Туризмді аймақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті болашағы бар сала ретінде мойындамаулары болып табылды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Отандық туризмнің дамуын төрт кезеңге бөлуге болады:

  1. КСРО кезеңіндегі туристік қызмет - саланы орталықтан қатаң қадағалап отырды.
  2. 1992-1996 жылдар аралығы - 1992 ж. үшінші шілдеде Қазақстан Республикасының тұңғыш «Туризм туралы» №1508-ХІІ заңы қабылданды; 1993 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымға толық мүшелікке қабылданды, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық келісімдер жасалды.
  3. 1997-2000 жылдар 1997 жылы Қазақстан Республикасы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясына қатысты. Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігінде туристік инфрақұрылымды дамытудың алғышарттары жасалына бастады. Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтар қалпына келтіріле бастады.
  4. 2000 жылдан қазіргі кезге дейін - 2000 жылдың 30 қазанында «Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі» құрылды. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, республикадағы курорттар, санаторийлер, емдеу-сауықтыру орындары, демалыс аймақтары, басқа да туристік нысандар толық жөндеуден, қайта құрастырудан өткізілді.

Қазақстан Республикасындағы туристік нарықты дамытудың алғашқы кезеңдерінде негізінен шығу турлары жетілдірілді. КСРО құрамында болған кездегі шығу туризміне деген көп жылдық мұқтаждық сыртқы туристік өнімнің жоғары сұранысқа ие болуына әкелді. Кейбір елдер қазақстандық туристерді еліктіру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады:

  • бұрынғы социалистік достастық елдеріне визасыз кіру (Чехия, Болгария, Венгрия, Сербия және тағы басқалар) .
  • Визалық рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде Германия, Испания, Италияға бару оңайлығы;
  • кейбір елдерде қазақстандық туристер үшін экономикалық үнемді турлар (Фарнция, Қытай) .

Үлкен сұранысқа сол кездері көп турлар, танымдық сипаттағы турлар: Туркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Грекия мемлекеттеріне демалыс және ойын-сауықтық мақсаттағы туризм, жастар туризмі, емдеу-сауықтыру туризмі, теңіз круиздері ие болды.

Шығу туризмнің жалпы сипаты келесі себептермен түсіндіріледі:

  • қазақстандық тұтынушылардың шетелдік туристік өнімге деген асқан жоғары қызығушылығы (КСРО-да шығу туризмнің болмауынан) ;
  • шығу ережелерінің жеңілдетілуі;
  • сыртқы іскерлік байланыстар аясының кеңейтілуі;
  • төлем құралдары артықшылықты жеке азаматтар мен кәсіпорындар санының өсуі;
  • шығу туризмінің қол жетімді бағалары;
  • шетелдік туристік өнімнің жоғары бәсеке қабілеттілігі (қонақ үй сервисі мен орналастырудың барлық шарттарының аса жоғары деңгейде болуы, турлардағы ыңғайлы да қол жетімді көліктер) .

Ішкі туризмнің артықшылықты бағыттары Қазақстанның оңтүстік аймақтарына шоғырланды: курортты - санаторийлі аймақтар, и мәдени-тарихи орталықтарға танымдық мақсаттағы туризм (Отырар қаласы, Түркістан қаласы, Есік қорғаны, шырын шатқалы және тағы басқа) ; экологиялық туризм, сафари турлар (аң аулау, балық аулау), емделу:

Бастапқы кезде кіру және шығу туризмдерінің дамуын тежеуші факторлар мыналар еді:

  • ішкі саясаттың тұрақсыздығы;
  • көлік инфрақұрылымының халықаралық стандартарға сай келмеуі;
  • қонақ үй және тағы басқа орналастыру құралдарындағы сервистік қызметтің әлемдік стандарттармен деңгейлеспеуі;
  • мемлекеттік және жергілікті органдар тарапынан кіру және шығу туризмдерін құқықтық және экономикалық жағынан ынталандырудың жетілмегендігі;
  • нақты туристік орталықтың, сонымен қатар бүтіндей мемлекеттің кері немесе оң әсерлі имиджін қалыптастыратын қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жеткілікті маманданбауы;
  • туристік ел ретінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік және жергілікті біліктің арасында ортақ саясаттың болмауы.

Дегенмен, тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдары артта қалып, Қазақстан Республикасы дамудың накты бағыттарын айқындап, тура жолға түсе бастағаннан бері (1990 жылдардың аяғына қарай) туризм де экономиканың басқа салалары секілді аяғына нық тұра бастады.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы дерегі бойынша елде 655 туристік ұйым болды, қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан, төрт алматылық және он үш облыстық туристік фирмалар сегіз мемлекетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырды.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым жақсы дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурманттардың 88%-ына дейін қызмет көрсетеді.

Туристік ұйымдармен 2002 жыл барлығы 228, 3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмалардың қызметін 55, 9 мың шетелдік азамат пайдаланды. Саяхаттарын туристік фирмалар арқылы ресімдеген 146 000 Қазақстан азаматтары шетелдерге шықты.

Кейінгі жылдары туристік фирмалардың саны көбеюде (4-кесте) .

Кесте 4

Туристік фирмалардың саны

Жылдар

Қазақстанның аймақтары

2003
2004
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қазақстан Республимкасы
2003: 713
2004: 751
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Ақмола
2003: 10
2004: 19
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Ақтөбе
2003: 11
2004: 16
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Алматы
2003: 29
2004: 37
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Атырау
2003: 13
2004: 18
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Шығыс Қазақстан
2003: 22
2004: 24
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Жамбыл
2003: 13
2004: 10
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Батыс Қазақстан
2003: 4
2004: 5
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қарағанды
2003: 25
2004: 29
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қостанай
2003: 5
2004: 6
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қызылорда
2003: 3
2004: 4
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Маңғыстау
2003: 10
2004: 12
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Павлодар
2003: 25
2004: 21
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Солтүстік Қазақстан
2003: 7
2004: 15
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Оңтүстік Қазақстан
2003: 5
2004: 12
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Астана қаласы
2003: 37
2004: 26
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Алматы қаласы
2003: 494
2004: 500

Кестеден көріп, отырғанымыздай, туристік фирмаларының саны жағынан үлкен үлесті Алматы қаласы және Алматы облысы одан кейінгі орында Қарағанды облысы, Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы тұр. Ал ең азы бұл Қызылорда, Қостанай, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары болып тұр. Егер 1999 жылы бүкіл Қазақстан Республикасында 425-ақ туристік фирма болған болса, 2003 жылы бір ғана алматы қаласының өзінде 494, ал 2004 жылы 500 фирма болғанын көруге болады. Сәйкесінше туристерге қызмет көрсетуі жағынан да Алматы қаласы озық тұр. Бірақ, аймақтарға бөлінісін қараудан бұрын туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристер санына тоқталайық (5-кесте) .

Кесте 5

Туризм түрлері бойынша 2000, 2003, 2004 жылдары қызмет көрсетілген туристер саны

Туризм түрлері
Қызмет көрсетілген туристер
2000
2003
2004
адам
%
адам
%
адам
%
Туризм түрлері: Барлығы
Қызмет көрсетілген туристер: 109081
100
229014
100
292738
100
Туризм түрлері: Келу туризмі
Қызмет көрсетілген туристер: 18972
17, 4
44990
19, 6
31367
10, 8
Туризм түрлері: ТМД
Қызмет көрсетілген туристер: 2185
2, 0
2701
1, 2
3546
1, 3
Туризм түрлері: Қалған әлем елдері
Қызмет көрсетілген туристер: 16787
15, 4
42289
18, 4
27821
9, 5
Туризм түрлері: Шығу туризмі
Қызмет көрсетілген туристер: 49941
45, 8
94692
41, 4
154885
52, 9
Туризм түрлері: ТМД
Қызмет көрсетілген туристер: 6718
6, 2
10156
4, 5
17219
5, 9
Туризм түрлері: Қалған әлем елдері
Қызмет көрсетілген туристер: 43223
39, 6
84536
36, 9
137666
47, 0
Туризм түрлері: Ішкі туризм
Қызмет көрсетілген туристер: 40168
36, 8
89332
39, 0
106486
36, 3

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2003 жылы қызмет көрсетілген туристер арасындағы ең көп пайыз шығу туризмінің үлесінде - 41, 4%, ал келу туризмінің үлесінде - 19, 6% ғана. Осындағы ТМД елдері мен әлемнің басқа елдері қатынасын қарастырайық, келу туризмінде ТМД елдерінің үлесі 1, 2%-ға, қалған елдер - 18, 4%-ға тең, ал шығу туризмінің ТМД елдері 4, 5%, ал қалған елдер - 36, 9 %.

Егер осы көрсеткіштерді 2000 жылғы мәліметтермен салыстырсақ, онда келу туризмінің үлесінде 17, 4 %-дан 19, 6 %-ға өскенін, ал шығу туризмінің 45, 8%-дан 41, 4-ға қысқарғанын көруге болады. Осындағы ТМД елдері мен әлемнің басқа елдері қатынасын қарастырсақ, келу туризміндегі ТМД елдерінің үлесі 2%-ға, қалған елдер үлесі - 15, 4 %-ға тең, ал шығу туризмінде ТМД елдері 6, 2%, қалған елдер - 39, 6%. Сондай-ақ, ішкі туризм 36, 8%-дан 39, 0%-ға өскен. Мұндағы келу туризмі үлесінің өсуі шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығының артуын, ал ішкі туризм үлесінің өсуі отандастарымыздың туған табиғат көркіне көңіл бөлінуін көрсетеді.

Дегенмен, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы мәліметтеріне қарасақ, мұнда келу туризмінің 10, 8%-ға қысқарғанын, ал шығу туризмінің 52, 9 %-ға өскендігін, ал ішкі туризмнің 36, 3%-ға қысқарғандығын көруге болады.

Қазақстан Республикасында туристік фирмалар қызмет көрсеткен туристер санының аймақтық бөлінісін қарастырайық (6-кесте) .

Кесте 6

Қазақстан Республикасының аймақтық кескінінде туристік фирмалар қызметкөрсеткен туристер саны

Жылдар

Қазақстанның аймақтары

2003
2004
адам
%
адам
%
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қазақстан Республикасы
2003: 229014
2004: 100, 0
292738
100, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Ақмола
2003: 14125
2004: 6, 3
8861
3, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Ақтөбе
2003: 2264
2004: 0, 9
3740
1, 3
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Алматы
2003: 21300
2004: 9, 3
61633
21, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Атырау
2003: 1624
2004: 0, 7
692
0, 2
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Шығыс Қазақстан
2003: 17597
2004: 7, 6
17462
6, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Жамбыл
2003: 5630
2004: 2, 4
6127
2, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Батыс Қазақстан
2003: 367
2004: 0, 2
3035
1, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қарағанды
2003: 6197
2004: 2, 8
11500
4, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қостанай
2003: 1374
2004: 0, 6
1365
0, 5
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қызылорда
2003: 271
2004: 0, 1
1139
0, 4
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Маңғыстау
2003: 7877
2004: 3, 5
4225
1, 3
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Павлодар
2003: 4119
2004: 1, 7
6164
2, 1
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Солтүстік Қазақстан
2003: 2610
2004: 1, 2
6799
2, 3
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Оңтүстік Қазақстан
2003: 4005
2004: 1, 8
3597
1, 2
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Астана қаласы
2003: 39499
2004: 17, 3
55067
18, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Алматы қаласы
2003: 100205
2004: 43, 7
101332
35, 0

Экономикалық құбылыс ретіндегі қазіргі заманғы туризм индустриалды формада, көбінесе ұлттық экономиканың жедел дамуының катализаторы ретінде көрінеді, жаңа жұмыс орындарын тудырады, ұлттық табыстың өсуіне, жергілікті инфрақұрылымның дамуына және жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына себепкер болады.

2003 жылы туризмнен түскен табыс 1716112, 4 мың теңгені құраса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 923, 6 млн теңгені құраған, ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 4108221, 3 мың теңгеге жеткен (7-кесте) .

Кесте 7

2003-2004 ж. ж. Қазқстан Республикасы аймақтары кескінінде туристік қызметтен түскен түсім

Жылдар

Қазақстанның аймақтары

2003
2004
мың теңге
%
мың теңге
%
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қазақстан Республикасы
2003: 1716112, 4
2004: 100, 0
4108221, 3
100, 0
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Ақмола
2003: 5275, 2
2004: 0, 3
24216, 2
0, 6
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Ақтөбе
2003: 9079, 7
2004: 0, 5
27637, 5
0, 7
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Алматы
2003: 33538, 1
2004: 2, 0
122740, 7
3, 1
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Атырау
2003: 5962, 3
2004: 0, 3
133684, 0
3, 3
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Шығыс Қазақстан
2003: 50494, 7
2004: 3, 0
59989, 3
1, 5
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Жамбыл
2003: 1528, 7
2004: 0, 1
154581, 0
3, 5
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Батыс Қазақстан
2003: 3074, 1
2004: 0, 2
14578, 0
0, 5
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қарағанды
2003: 25060, 2
2004: 1, 5
143302, 6
3, 5
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қостанай
2003: 8335, 7
2004: 0, 5
8162, 9
0, 2
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Қызылорда
2003: 2231, 4
2004: 0, 2
3213, 6
0, 1
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Маңғыстау
2003: 16004, 2
2004: 1, 0
46448, 8
1, 1
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Павлодар
2003: 27601, 3
2004: 1, 6
50322, 5
1, 2
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Солтүстік Қазақстан
2003: 12310, 2
2004: 0, 8
41870, 0
0, 9
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Оңтүстік Қазақстан
2003: 9300, 1
2004: 0, 5
10854, 1
0, 4
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Астана қаласы
2003: 424113, 7
2004: 24, 8
785697, 6
19, 1
ЖылдарҚазақстанның аймақтары: Алматы қаласы
2003: 1076202, 8
2004: 62, 7
2480922, 5
60, 4

Осы кестеге сәйкес қарастырсақ, бүкіл табыстың 62, 7 %-ы Алматы қаласына тиесілі, одан кейінгі орындарда Астана қаласы - 24, 7%, Шығыс Қазақстан облысы - 3 %, Алматы облысы - 2%. Ең төмен табыс Жамбыл - 0, 1%, Батыс Қазақстан - 0, 2 % және Қызылорда облыстарына - 0, 2 % келеді. 2004 жылы бұл көрсеткіштер біршама өзгерістерге ұшыраған: Алматы қаласы бұрынғысынша алдыңғы орында болғанымен, жалпы үлестік салмағы аздап кеміген - 60, 4 %, Астана қаласы да солай - 19, 1 %, керісінше, Шығыс Қазақстан облысында табыс деңгейі төмендеген - 1, 5 %. Ал, Жамбыл (3, 5 %), Қарағанды (3, 5 %), Атырау (3, 3 %), Батыс Қазақстан (0, 5 %) облыстарында алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама ілгерілеу байқалады. Ал, Қызылорда (0, 1 %), Қостанай (0, 2 %) облыстары бұрынғысынша соңғы орындарда.

Осылайша туристік келулер мен табыстың аймақтық құрылымын талдаудан келесідей тұжырымдар жасауға болады:

  • қызмет көрсетілген туристердің ең көп үлесі Алматы қаласына (2003 жылы - 43, 7 %, 2004 жылы - 35, 0 %), Астана қаласына (2003 жылы - 17, 3 %, 2004 жылы - 18, 0 %) тиесілі;
  • 2003-2004 жылдардағы алынған табыстың үлкен бөліктері бірегей рекреационды ресурстары бар экзотикалық аймақтарда саяхаттаған туристерден (Алматы қаласы, Астана қаласы, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары) және елдің өнеркәсіптік қарқынды дамудағы аймақтарынан (Атырау, Қарағанды облыстары) түскен;
  • Туристерді қабылдауда Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарына қызығушылық жоқ;
  • Туристерге қызмет көрсетуден түскен табыстың төмен болуы барлық: аймақ, республика, достастық, әлемдік қоғам деңгейлерінде аймақтық туристік өнімді жарнамалаудың жеткіліксіздігін көрсетеді.

2000-2004 жылдар аралығында Қазақстанға әлемнің 120-дан астам елдерінің өкілдері келген. Осы мерзім ішінде Қазақстанды туристермен жабдықтаушы елдер арасында бірінші орынды үнемі Германия алып келген (8-кесте) . Дегенмен, 2004 жылы ол бірінші орынды Түркияға, екінші орынды Қытайға беріп, үшінші орынға түскен. Ал 2000 жылдан бері (2003 жылға дейін) екінші орында АҚШ тұрса, 2003 жылы ол үшінші орынға, 2004 жылы бесінші орынға түскен. Көрсетілген екі жылда да ТМД елдері төртінші орыннан көрінуде.

Кесте 8

Қазақстанға туристері ең көп келетін елдер (келу туризмі)

Жылдар

Елдер

2003
2004
адам
%
адам
%
ЖылдарЕлдер: Барлығы
2003: 44990
2004: 100, 0
31367
100, 0
ЖылдарЕлдер: Германия
2003: 21596
2004: 48, 0
4579
14, 5
ЖылдарЕлдер: Қытай
2003: 3649
2004: 8, 1
4757
15, 1
ЖылдарЕлдер: АҚШ
2003: 2745
2004: 6, 1
2214
7, 0
ЖылдарЕлдер: ТМД
2003: 2701
2004: 6, 0
3546
11, 3
ЖылдарЕлдер: Ұлыбритания
2003: 1837
2004: 4, 0
1439
4, 6
ЖылдарЕлдер: Түркия
2003: 1004
2004: 2, 2
4814
15, 3
ЖылдарЕлдер: Италия
2003: 946
2004: 2, 1
875
2, 8
ЖылдарЕлдер: Франция
2003: 837
2004: 1, 9
605
1, 9
ЖылдарЕлдер: Литва
2003: 820
2004: 1, 8
1138
3, 6
ЖылдарЕлдер: Польша
2003: 643
2004: 1, 4
448
1, 4
ЖылдарЕлдер: Жапония
2003: 577
2004: 1, 3
698
2, 2
ЖылдарЕлдер: Иран
2003: 461
2004: 0, 9
249
0, 8

Берілген көрсеткіштерді талдай отырып айтсақ, Германияның үнемі алдыңғы орындардан көрінуі Қазақстанда неміс диаспорасының болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, кейінгі орындардағы елдерге келсек, мұнда географиялық жақындық және елдер арасындағы ертеден келе жатқан дәстүрлі байланыстардың болуы көрінеді. Өйткені, шығу туризмінде де көбінесе осы елдер басымдылығы байқалады (9-кесте) .

Кесте 9

Қазақстандық туристер ең көп баратын елдер (шығу туризмі)

Жылдар

Елдер

2003
2004
адам
%
адам
%
ЖылдарЕлдер: Барлығы
2003: 94692
2004: 100, 0
154885
100, 0
ЖылдарЕлдер: Қытай
2003: 30105
2004: 31, 8
63529
41, 0
ЖылдарЕлдер: Туркия
2003: 21682
2004: 22, 9
33238
21, 5
ЖылдарЕлдер: Германия
2003: 11736
2004: 12, 4
11129
7, 2
ЖылдарЕлдер: ТМД
2003: 10156
2004: 10, 7
17219
11, 1
ЖылдарЕлдер: БАӘ
2003: 5465
2004: 5, 8
9835
6, 3
ЖылдарЕлдер: Литва
2003: 2879
2004: 3, 0
4749
3, 1
ЖылдарЕлдер: Тайланд
2003: 1759
2004: 1, 9
3265
2, 1
ЖылдарЕлдер: Франция
2003: 1420
2004: 1, 5
1038
0, 7
ЖылдарЕлдер: Египет
2003: 1046
2004: 1, 1
1555
1, 0
ЖылдарЕлдер: Польша
2003: 878
2004: 0, 9
680
0, 4
ЖылдарЕлдер: Чехия
2003: 838
2004: 0, 8
873
0, 6

2. 3 Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары

Жоғарыда қарастырғандай, туризм Қазақстан Республикасында жылдан-жылға дамып, қызмет аясын кеңейтіп келеді. Соның арқасында әлемнің көптеген елдері қатысатын Қазақстанның өзіндік туристік нарығы қалыптасуда. Оның ары қарай дамуына әсер етуші негізгі факторлар экономикалық және әлеументтік болып табылады, бұл ең алдымен негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру шектерінен азаматтардың (әлеуетті туристер) жеке табысының асуы.

Субъективті себептерге елден шығу мен оған кірудің, оның территориясында шетелдік азаматтардың ьолуы тәртіптерін реттейтін мемлекеттік органдардың қызметтері жатады. Солардың қызметін нақты арнаға бұру мақсатында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туристік индустрия қызметінің мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы өзінің стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп, қалыптасып, келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің әлеументтік-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Әрине, халықтың әл-ауқатының артуы мен рухани және гармониялық жағынан дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы түрде жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктердің маңызды бөлігін құрайтын демалыс және ойын-сауықтық бағдарламалармен қамтамасыз ету мен байланысты қызметтердің маңызы сөзсіз.

Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған «ХХІ ғасыр көрнісі» атанып кеткен туристік қызмет индустриясы өзінің мемлекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік саласымен теңесті. Ол әлемдік жалпы өнімнің 12% үлесін ала отырып, өзіне жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда.

Еліміздің туристік-рекреационды әлеуетіне негізделген шаруашылық, өндірістік және әлеументтік қызметтердің сан қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және демалу мен көңіл көтеруге деген сұранымын жан-жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарына жұмылдыруға қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді. Мысалы: негізінен туристерді қабылдауға маманданған елдерде туризмнің дамуына аса көңіл бөлу шет елдік валютаның ағымын көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ұмтылумен түсіндіріледі.

Туризм арқылы көптеген елдер өздерінің төлем тепе-теңдігі мәселелерін шешуге тырысады. Туризмнен түсетін табыстарға шетелдік туристердің болған елдерінде өздеріне көрсетілген қызметтер мен тауарларға төлеген ақылары жатады, оған тек сол елде қосымша жұмыс істегеніне алған ақысы және халықаралық көлік ақылары жатпайды.

Туризмдергі шығындарға бір елдің тұрғындарының шетелде көрсетілген қызметтер мен тауарларға, өнімдерге төлеген ақылары жатады.

Әдетте, шетелдік турист бір елге келіп, одан қайта кетуіне шығаратын шығындарынан басқа, тамақтануға өз шығындарының 40%-ын, тұрғын жайына - 30%, ел ішіндегі сапарларға - 8%, басқа шығындарға 22% жұмсайды деп саналады.

Шетелдік туристердің келген елінде шығарған шығындары нәтижесінде, біріншіден, туристік фирмалардың табысы артады, бұл - тура эффект, екіншіден, жабдықтаушылардың тауарлары мен қызметтеріне экономиканың туристік секторы жағынан сұранысы өседі, ол кезегінде өз жабдықтаушыларының тауарлары мен қызметтеріне сұранысын көтереді, осылайша барлық секторларда табыс артуына әкеледі, бұл - жанама эффект, үшіншіден, туристік бизнеспен тура немесе жанама байланысты тұрғындардың жеке табысы өседі, ол тұтынушылық сұраныстың өсуіне себепші болады, бұл - мәжбүрлік эффекті. Жанама және мәжбүрлік эффекттері бірге алғанда екінші қатардағы эффект деп аталады.

Туризмнің маңыздылығында бірінші орын ұлттық шаруашылықта валютаның елге келуіне берілгенімен, табыс алу мен қатар валютаның елден едәуір кетуі де мүмкін.

Қонақ үй шаруашылығын басқару, қаржыландыру және әсемдеу өз кезегінде, оған салынған инвестицияларға, қызметкерлерді қонақ үй шаруашылығын басқарудың қазіргі заманғы талаптарына сай даярлауға және оқытуға тәуелді. Егер бұл секторға 2000 жылы 2, 5 млрд. теңге салынса, 2003 жылы 5 млрд. 309 млн. 271 мың теңге, ал 2004 жылы 6 млрд. 426 млн. 880 мың теңге бөлінген (10-кесте) . Сәйкесінше, жоспар туристік лагерьлері мен тау туристік базарларына 2003 жылы 3 млн. 986 мың теңге, 2004 жылы 5 млн. 107 мың теңге, кемпингтерге 2003 жылы 7 млн. 486 мың теңге, 2004 жылы - 4 млн. 677 мың теңге бөлінген.

Кесте 10

Туризм саласына жұмсалған инвестициялар

Жылдар

Секторлар

2003
2004
мың теңге
мың теңге
ЖылдарСекторлар: Барлығы
2003: 32846157
2004: 42191702
ЖылдарСекторлар: Туристік фирмалар қызметі
2003: 138843
2004: 242013
ЖылдарСекторлар: Қонақ үйлер мен мейрамханалар көрсететін қызметтер
2003: 5309271
2004: 6426880
ЖылдарСекторлар: Жастар туристік лагерьлері мен тау туристік базалары
2003: 3986
2004: 5107
ЖылдарСекторлар: Кемпингтер
2003: 7486
2004: 4677
ЖылдарСекторлар: Мейрамханалар
2003: 635652
2004: 2123886
ЖылдарСекторлар: Түнемелік өзге орындар
2003: 701341
2004: 370473
ЖылдарСекторлар: Барлар
2003: 824581
2004: 947426
ЖылдарСекторлар: Асханалар
2003: 523613
2004: 416900
ЖылдарСекторлар: Дайын тамақ жеткізу қызметі
2003: 34042
2004: 11126
ЖылдарСекторлар: Санаторийлі-курорттық мекемелер қызметі
2003: 995633
2004: 1038463
ЖылдарСекторлар: Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру бойынша қызмет
2003: 23671709
2004: 30604751

Туристік фирмалар, қонақ үйлердің және қысқа мерзімге тұруға арналған өзге орындардың өндірістік-қаржы қызметін қарастырайық (11-кесте) .

2003 жылы туристік фирмалардың өткізген өнімінен (қызметі) түскен табыс 4 млрд. 672 млн. 100 мың теңгені, ал 2004 жылы - 5 млрд. 417 млн. 600 мың теңгені құраған. Соның ішінде негізгі қызметтен 2003 жылы - 3 млрд. 556 млн. 600 мың теңге, негізгі емес қызметтен - 1 млрд. 115 млн. 500 мың теңге; 2004 жылы негізгі қызметтен 4 млрд. 22 млн. 300 мың теңге, негізгі емес емес қызметтен - 1 млрд. 395 млн. 300 мың теңге табыс түскен. Кезеңдегі шығысы 2003 жылы - млрд. 2 млн. 100 мың теңге, 2004 жылы - 3 млрд. 779 млн. 800 мың теңгені құраған. Бюджетке түскен нақты қаржы 2003 жылы 284 млн. 800 мың теңгені, 2004 жылы - 412 млн. 400 мың теңгені құраған.

Кесте 11

Туристік фирмалардың, қонақ үйлердің және қысқа мерзімге тұруға арналған өзге орындардың өндірістік-қаржы қызметі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қорғау
Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz