Телевидение және ұлттық идеология


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе . . . 3-бет

1-тарау

Телевидениенің қоғам өміріндегі атқаратын рөлі . . . 10-30

1. 1Қазақстандық телеарнадагы жас

2-тарау

Телевидение және ұлттық идеология . . . 31-53

3. Қорытынды . . . 65-67

Кіріспе

« Ақыл табылмай, ештеңе

табылмайды. Ой жетелемей

тұрып, ар - намыс шыңдалмайды. Ар-

намыссыз азамат өзгелердің көсегесі

түгілі, өзінің көсегесін көгерте

алмайды. Онсыз ұлттық сана мен

ұлттық намыс та тұл»

Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері, бұрындары айтылуға тыйым салынып келген “ұлттық идеология ” мәселесі жиі қозғалып жүр. Зиялы қауым өкілдері күнделікті баспасөз беттерінде, радио - телеарналардан айтып жүргенімен, бұл мәселе әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ.

Жалпы, ұлттық идеология дегеніміз не?

Қазақ Совет Энциклопедиясында мынандай анықтама берілген:

“Идеология - “идея және логос” деген сөзден тұрады. Идея /грекше idea I/ адам ойының практикаға қарай бет алуы дегенді білдірсе, логия - ғылым дегенді білдіреді. Ал, идеология таптар мен әлеуметтік топтар мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси - құқықтық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы”[1] делінген. Яғни, ұлттық идеологияға - ана тіліміз бен дініміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, тарихымыз кіреді. Ал, бүгінде кеңестік дәуірдің тепкісінен әлі есін жия қоймаған ұлтымызды сақтап қалудағы ұлы күресте бұқаралық ақпарат құралының рөлі өте зор. Соның ішінде, жас буын өкілдеріне ұлттық тәрбие мен ұлттық сананы қалыптастырудағы тиімді құрал, әрине теледидар.

Адамзат өмірінде бұқаралық құралдарының алар орны ерекше. Ұлттық сананы оятуда және қоғамдық пікірді қалыптастыруда, олардың тигізер ықпалы зор. Ақпарат құралы әлемде болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың тек хабаршысы ғана емес, оларға лайықты баға беретін, игі істердің дамуына қолдау көрсететін ұлттық идеологиямыздың басты құралы. Бүгінде олардың кез-келгені бір-бірімен тығыз байланыста, ынтымақтастық бірлікте бола отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын нығайтуға қызмет етіп келеді. Бұл тұрғыдан алғанда, қай мамандықтың болсын, өзіндік қызығы мен қиындығы бары анық.

Алдына белгілі мақсат қойып, өз ісіне шын берілген жанды таңдаған мамандығының қиындығы қажытып, қуанышы тоқмейілсітпейді. Бұл ретте диханның еңбегі еккен егінімен, өнер адамының еңбегі өнер әлеміндегі қолтаңбасымен бағаланады. Сол сияқты журналист те елеулі өнер иесі. Күллі шығармашылығы бұқара халықтың тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста болатын тілші қызметі жауапкершілігінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

Осы жолда, халықтың сана сезімінің, мәдениеті мен салт - дәстүрінің, тілі мен ділінің қайта өрлеп, өркендеуіне қазақ телеарналары өзіндік үлесін қосуда. Бұқаралық ақпарат құралдары ең алдымен, қарапайым жұртшылықтың арыз-арманын, талап- тілегін мұң-мұқтажын жеткізетін мінбе. Осы орайда, “Қазақстан” ұлттық телеарнасы, “Хабар”, «Еларна», «КТК», «Рахат», “31-телеарналардың” іс-әрекеті, шығармашылығы халықтың үніне, өткір ойлары мен сыбызғы сырларына негізделген. Бұл арналардың бағдарламалар өзегі - тіл мен дін, өнер мен әдебиет, оқу-ағарту, мәдениет, отбасының береке- бірлігі, жастар тәрбиесі, әлеуметтік мәселелер бәрі бір-бірімен сабақтаса келіп, ұлттық идеологияның арқауын құрайды.

Осы ретте, ұлттық идеологияны диплом жұмысымның тақырыбы етіп алудағы мақсатым да - ұлтымыздың ұлылығына үңілу, тамыры терең тарихымызды тану, рухани құндылықтарымызды зерделеу. Сонымен бірге, ұлттық сана төңірегіндегі өз көкжиегімді кеңейту. Қазіргі телеарналардан беріліп жатқан бағдарламалардың қайсысы ұлтымыздың қалыптасуына оң әсерін тигізіп, қайсысы кері әсерін тигізгені жөнін тілге тиек етсем деймін.

Менің дипломдық жұмысымның негізгі бөлімі үш тараудан тұрады. Оған қысқаша тоқталып өтер болсам, 1-тарау - «Телеарналардың атқаратын рөлі. » Бұл тарауда, телевизияның бүгінде қоғамымызда алатын орны, бағдарламалар сапасына, жастардың ұлттық сана-сезімін оята алатын хабар бар ма деген сауалдарға өзімше ой қорытып өттім.

Ал, 2-тарау - «Телеарналар және ұлттық идеология мәселелері» деп аталады. Бұл тарауда, телевизия саласындағы аға буын өкілдерінің, сол кездегі ауыр саяси жағдайға қарамай, қазақи қалыпта шығып тұрған хабарларды зерттей келе, бүгінгі хабарларымыздың сценарилерін көрсеттім. Ұлттық сананы қалыптастыратын, «Тіл», «Айтыс», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ » бағдарламаларына кеңінен тоқталып өттім.

3-тарау, «Ұлттық идеология мәселелерінің көтерілу деңгейі». Мұнда қазіргі ұлт зиялыларының ұлттық идеология мәселелеріне көтеріп жүрген тақырыптарын және оның телеарналардағы көрінісін, яғни, «Күлтөбе» мен «Дода» бағдарламаларының толық нұсқасын бердім.

Соңынан бәрін қорытындылап, «Ұлттық идеология - өркениет өзегі» екенін, алдағы уақытта қазақ телеарналарына ұлттық идеологиямызды қалыптастыратын бағдарламалар қажеттілігін атап көрсеттім.

Қазыналы да қатпарлы тарихымыздың тамыры тым тереңде. Сан ғасырлық тылсым да сыршыл тарих өзінің құпиялы да беймәлім әлеміне сені де тарта отырып, ой тұңғиығына шомдырады. Халқымыздың жүріп өткен өмір жолында өнер есімді ұлылықтың орны тым шоқтықты әрі мөп-мөлдір. Бай ауыз әдебиеті мен жыршылығы, термешілігі, бояуы қанық поэзиясы, айшықты прозасы, әлемдік мәдениетке өз дауысы, өз үнімен келіп қосылды. Осы орайда, ауыз әдебиетінен бастау алып, сан алуан өнер тармақтарын өмірге әкелген, оның өркендеуіне, мәуелі бәйтерекке айналуына өлшеусіз үлес қосқан замана тұлғаларына айтар алғыс өлшеусіз. Өткенсіз бүгіннің, бүгінсіз ертеңнің жоқ екені әлімсақтан белгілі бола тұрса да, барымызды базарлап, етек-жеңімізді жинақтап, жоғалғанымыз бен жоғалтқанымызды іздей бастағанымыз да кеше ғана. “Барға қанағат, өткенге салауат” айтып қана қою болашақ ұрпақ алдындағы өтелмеген парыз, мойындағы қарыз секілді сезілетіні де жасырын емес. Ерте туып, кеш жетілгенімізге өкінгенмен ешнәрсе ұтпасымыз анық. Барды бағалап, жоқтың орнын толтыра отырып, ғасырлар додасына қосылған қалың нөпір ішінен өз жолымыз бен орнымызды табу да заман талабы. Арман-қиялдың шындыққа айналып, есейе ержетіп, ақыл-ойдың толыса толығып, кемелдене кернеуленіп, биіктей шыңдалып, қанаттаса қауымдасып, шоғырланған кезеңінде, мөлдір бұлақтың тұма көзінің тым тереңде екендігі де айқындала, анық байқалады.

Халқымыздың кешегі жүріп өткен өмір жолы тарих атты ұлылықтың сарғайған беттерінде сайрап жатыр. Қуаныштары мен күйініштері де, шарықтаулары мен төмендеулері де айна-қатесіз жазылулы. Олардың бәрін де уақыт кезеңінің өн бойындағы ұлы істермен бірлікте саралай отырып, салмақтау да бүгінгі заман талабы.

Буырқанған қилы уақыт кезеңге сай өз перзенттеріне “ғасыр кереметтерін ” сыйға тартуда. Десек те, жиырмасыншы ғасырдың адамзат баласы ұрпағының өміріндегі орны тым қомақты. Жаңалыққа жаны құмар пенделер адам жанына керекті дүниелерді күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналдыруда. Солардың бәрінен дерлік шоқтығы биік әрі “ғасыр жаңалығы” атанған - теледидар. Өмірге келу мерзімін ғасырмен салыстырсақ, оның тарих қойнауынан шығып, көпшіліктің қажетіне айналғанына да жарты ғасырдан сәл ақ астам. Замана керуеніне көз қадап, айналаңа зер сала қарасаң қас-қағым ғана сәт. Алайда “көгілдір экран” уақыт уысынан шыға, әлем атты үлкен дүниеге әр қиырдан көз сала, өзіне өзгені табындыра әрі таң қалдыра белгісіз биіктерге бет алуда. Құпиясы мол, сыршыл да сыншыл дүние “адами пендені” ағысы адуынды, иірімді дария секілді өз тереңіне тарта жөнеліп, ой-қиялына кіріге орнығып, өз уысында тұтқындап ұстауда. Шығамын деп шамырқанғаныңмен шыға алмасың да анық. Жан жүрегіңді баурай, ой-теңізіне үйіре тартып, шымырлана шиырланып, ширыға түскен сайын сені өз әлеміне тарта береді, тарта береді.

Сыршыл әрі құпиялы, көгілдір экранның қазақ топырағындағы тарихына небәрі елу жыл. Нағыз өнер туындысы қысқа мерзім аралығында өнер атаулының өзгесінен оза шауып, бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзіне лайықты орнын иемденген. Мұны өнер атаулының бәрін дерлік бойына жинақтаған “синтезделген” өнер десек те немесе ашылмаған құпиясы мол “беймәлім” әлем десек те қателеспесіміз анық. Газет, кино, радионың ізін ала өмірге кеш келсе де, бүгінде осылардың әрбірімен иық теңестіре оқ бойы озық шығып дараланған “жеке әлем”[2] .

Идеологияның ұлттық сипат алатын бастауы - біздің Ата Заңымыз десек, осы Ата заңда:

«Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы - Адам»[3] делінген. Осыған сәйкес, атқарылып жатқан кез-келген игі іс пен жаңа да тың бастамалардың бәрі адамзат мүддесіне жұмсалуда. Біздің кез-келген ісіміздің негізгі арқауы - халық татулығын насихаттау, ұлтаралық бірлік пен ынтымақ. Қазіргі идеологияның ең тұлғалы тақырыптарының бірі де осы.

Ұлттық сананы ояту, Қазақстан азаматына саналы тәрбие беру, тарих сабағын бүгінгі ұрпаққа бұрмалаусыз жеткізу, дәстүр жалғастығын сабақтау, яғни ең бастысы, ұлттық идеологиямыздың іргетасын нығайту мақсатымен, “Тоғызыншы муза” аталған теледидардың барланбаған қабаттарын, ашылмаған сырларын қарастырып, келер ұрпаққа нендей әсер ететіндігін айқындамақпыз. Теледидардың қазақ ұлтының, оның ішінде жастардың санасын оятуда атқарар рөлі өте зор. Қазақ халқына бүгінде керегі - қазақтың тілі, діні, мәдениеті мен әдебиеті және тарихы. Қазақтың тілін, дінін өгейсітпей, қор қылмай, қайта өркендеуіне септігін тигізу қажет. Ата- бабаларымыздың қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен сақтап қалған жерімізді, салт-дәстүрімізді қазіргі заманымызға лайықтап, ұрпаққа аманат ету біздің ұлы мұратымыз, міндетіміз.

Қазақ телеарналары әкімшіл-әміршіл саясаттың құрығында жүрсе де, ел қамын ойлаған ағаларымыздың арқасында, өз ұлттық болмысын жоғалтқан емес. Ал, бүгінгідей егемендіктің көк туы желбіреген уақытта телеарналарымызда ұлттық идеяның насихатталмауы біздерге, яғни журналистерге үлкен сын.

Осыған орай, ұлт зиялыларының алаңдаушылығын да байқаймыз. «Жас қазақ үні» газетінің тілшісі Серік Жұмабаев, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Мереке Құлкеновпен «Қазақ халқын ұлтсыздандырудан аман алып қалу керек . . . » деген сұхбатында былай дейді:

С. Ж. : Қазақ елі бүгінде батыс елдерінің ақпараты тасқынының астында қалды. Әсіресе, жоғарыда сөз еткеніміздей, көрші Ресейдің ақпараты тіпті үстемдік құрып кетті. Әрине, ол ақпараттар тек қана таза жаңалық деңгейінде ғана болса, ешкімге зияны жоқ еді. Бірақ, біздегі жағдай мүлде басқаша. Батыстан келіп жатқан ақпараттардың астарында ұлтымызды рухсыздандыру саясаты жүргізіліп жатыр. Мейілінше, бұл еліміздегі ақпарат нарығын дұрыс жолға қоймаудың салдарынан туындап отырған жағдай. Сіздің ойыңызша қалай?

М. Қ. : Әрине, дұрыс. Біз о баста оларды ноқтасыз жіберіп алдық. Ресейдің кез-келген газеті қазір Қазақстанда сатыла беретін жағдайға жетті. Оның ішінде бізді сынап жатқандары да аз емес. Яғни, біз ақпараттық ауқымымызды, ақпараттық шекарамызды басында босаңсытып алдық. Осының салдарынан жоғарыдағы келеңсіздіктер туындауда. Әйтпесе басқа елдердің ақпараттарын сонша тайраңдатуға бола ма? Бұл қандай қажеттіліктен туындап отыр? Әлі күнге дейін біз «Комсомолская правда», «Известия» тағы да басқа Ресейден келетін басылымдарды жаздырып алып оқимыз. Ақпараттық кеңістік тұрғысынан, әсіресе, Ресеймен арамызда ешқандай шекара жоқ. Кезінде қалай болды, солай келе жатыр. Солардың ақпараты миымызды, санамызды әбден улап алған. Ойымызды тежеп тастаған. Оның ішінде, әсіресе, жастардың санасын улайтын, мүлдем басқа ойға жетелейтін сұмдық материалдар өте көп. Тіпті, осы тақылеттес материалдарды көріп отырғанда, өзінің тарихына, болашағына күмәнмен қарайтындар да кездеседі. Қай басылымдарды Қазақстанда таратпау керектігін реттейтін уақыт жетті. Бұл тек қана қазақ газеттеріне емес, сонымен қатар, телеканалдарға да, яғни, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын ретке келтіру уақыт күттірмейтін аса жауапты шаруа [4], - дейді.

Иә, бүгінгі күні телеарналарымызда жастардың санасын улайтын, Ресейлік бағдарламалар мен шетел фильмдері және «көбікті» сериалдардың көбейіп кеткені рас.

Біздің рухани дамуымыз, ұлттық идеологиямыз жайлы ой қозғарда халықты ғасыр өртінен аман-есен алып шығып, ұлт ретінде жоғалтпай, рухани бірлігіне нұқсан келтірмей, үнемі алға жетелеп келе жатқан қайнарларымызды іздеуіміз даусыз. Мұндай телеарналардағы хабарларға «Қазақстан» ұлттық-телеарнасындағы «Алтын сақа», «Атажұрт», «Алтын қақпа», «Үзеңгі жолдас», «Ән мен әнші», «Ақжүніс», «Күлтөбе», «Шынның жүзі», «Оян, қазақ», ал «Хабар» арнасында «Азамат», «Тіл», «Айтыс», Еларнадағы «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», КТК-дағы ауылдың әлеуметтік жақтарын көтеретін «Ел-жұрт», Рахаттағы «Жұмадағы жүздесу», «Нұр-нама», 31-телеарнадан «Дода», «Отбасы» т. б. қазақша бағдарламалар жатады.

Ұлттық идеология ұғымына не кіреді? Оған жауапты біз ең алдымен тілден іздер едік. Тіл - ұлттың дүние танымы, тарихы, ішкі дүниесінің сыртқы көрінісі. Тіл - құрал дейміз. Құрал болғанда ойды жеткізудің ғана емес, тәрбиенің де құралы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ” №550 жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуіріндегі “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы” бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, тіл туралы бағдарламалар санын көбейту қажет.

Теледидар көбіміздің өміріміздің мәніне айналды. Ермегіміз де, тәрбиелеушіміз де сол. Жапондықтардың зерттеуіне сүйенер болсақ, әрбір адам орташа есеппен ғұмырының 16-18 жылын теледидар көруге арнайды екен. Оған қатты сенетініміз сонша, сөйлесек сөзіміз дәйекті болу үшін осы «досымыздың» ыңғайына жығылып, содан көргенімізді қайталауға құмармыз. Олай болса, ұлттық идеологиямызды насихаттайтын бағдарламалар санын көбейтуге тырысуымыз қажет.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде:

« Шын мәнінде, идеология адамдардың қауымдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен тәсілі, бұл әлеуметтік мінез- құлықты қалыптастыру механизмі. Бірақ бұл - күштеп зорлау тәсілі емес, қайта мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адам ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Идеология негізіне адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары негізделген. Қазақстан прогресс жолын түпкілікті таңдап алды. Бұл жолдан біз осы асқақ идеаларды иемдене, ұланғайыр материалдық және адамгершілік күш жігерді жұмылдыра отырып қана өте аламыз. Халықтың кемеңгерлігін, бойындағы сарқылмас рухани және шығармашылық әлеуетіне сенемін. Сондықтан да барлық ойға алынған істерімізді іске асыратынымызға бір сәт те күмәнданған емеспін. »[5] дейді.

I тарау. Телевидениенің қоғам өміріндегі атқаратын рөлі

Біз қазір ғылыми технологиялардың дамыған заманында өмір сүріп отырмыз. Соның ішінде ақпараттық технологиялар күннен күнге қарқындап жетілуде. Соған орай БАҚ өзгеріске ұшырап, бұрынғы қарапайым кейіпінен айырылған. БАҚ -ның қоғамда алатын рөлі өте зор. Күнделікті өміріміздің барлығы ақпарат алу мен беруден тұрады десем артық айтпаспын. Газет, радио, телевидение барлығы болмысымыздың бірінші болмаса да, басты орындарының бірінде тұр. Бұл - өмір талабы. Журналистика тарихының тәжірибесіне көз салсақ, заманның талабына сай өзгеріп, дамып отырған. Қазіргі таңда нағыз тиімді, қолайлы ақпарат тарату БАҚ болып отырған -телевизия. Телевизия газет пен радиодан даму жағынан асып түсуде. Әрине, телевизияның жанрлары, тарихы газет пен радиодан бастау алған. Бірақ, ол өз ұстаздарын асып түскен шәкірттей елді таң қалдыруда.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес ахуал туғызу керек, мұның өзі мемлекеттік барлық салаларда, соның ішінде идеология сынды аса нәзік те ерекше буында байсалдылық пен көрегендік танытуы нәтижесінде мүмкін болмақ. Кез - келген, әсіресе дамушы мемлекетте көзқарастар мен идеялардың бүкіл кешені ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыру, ғылымды, мәдениетті, білімді дамыту, жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру мақсатында жасалады. Біздің ұлттық идеология негізінде адамдардың заң жүзіндегі құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген, топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары басты нысанаға алынған.

Егемен Қазақстанның тәуелсіз жолы - қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асқан түбегейлі өзгерістер жолы. Тоталитарлық өткенді серпіп тастап, біз қысқа мерзім ішінде мемлекеттік-бюрократиялық экономикадан - еркін бәсекелестікке, саяси сан алуандыққа, жеке адамды билеп-төстеу идеологиясынан - адам құқықтары мен бостандықтарының еркін құндылықтарына дейінгі тар жол, тайғақ кешуден өттік. Қазіргі кезде Қазақстан дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Ашық демократиялық қоғам орнатып, әлемдік кеңістікке белсене кірігу үстінде. Біз қарқынды даму жолына түскен нарықтық экономика құрдық. Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазақстандық даму жолы посткеңестік елдердің көбісіне үлгі-өнеге жолы ретінде қабылданады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді, олардың 80 пайызы тәуелсіз ақпарат құралдары.
Олардың саяси бағыт-бағдары да әртүрлі, іштерінде радикалды оппозициялық бағыт ұстанатындары да бар. Тілдік саналуандық та, Қазақстанның медиакеңістігінде қалыптасқан ерекше құбылыс.
Республикамызда қазақ және орыс тілдерімен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары 11 тілде: соның ішінде украин, поляк, ағылшын, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дүнген тілдерінде шығады. Ұлттық диаспоралардың «Корё ильбо», «Уйгур авази», «Дойчеальгемайне цайтунг» сияқты басылымдарына үнемі мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Мұндай жағдай посткеңестік елдердің ешбірінде кездеспейді.

Қазақстандық баспасөз нарығында шетелдік БАҚ-тар да кеңінен таралып отыр. Қазір Қазақстанның ақпарат кеңістігінде 2400 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары еркін таратылады. Олардың ішінде «Би-Би-Си», «Рейтер», «Дойче Велле», «Ассошиэйтед пресс», «Интерфакс», «ИТАР-ТАСС», «Франс пресс», «Синьхуа», «Бридж Ньюс» және т. б. әлемнің жетекші ақпарат құралдары бар.
Қазақстан жаһандық ақпарат ағысына да есігін айқара ашты.
Спутниктік теледидар мен әлемдік Интернет желісі қазақстандықтар өміріндегі үйреншікті құбылысқа айналды. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негізделген жаңа заманға бастайтын жаһандану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздерінің әрбір сөзі үшін моральдық жауапкершілікті терең сезінуі керек.
Сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқандайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды.

Сол себепті, осындай адуынды мемлекеттердің көлеңкесінде қалып, жұтылып кетпей тұрғанда, тіліміз - өлі тілдер арасынан табылмай тұрғанда, біз өз бағытымызды таңдауымыз қажет.

«Журналист» газетінде жастар бағдарламасына алаңдаушылық білдірген Сәрсенов Жігердің «Қалайсың, жастар бағдарламасы?!» атты мақаласы жарияланды. Онда:

«Жастар әлемі қай мемлекетте, қай дәуірдің болмысын ең басты тақырыбы атануға тиісті. Сондықтан, ертеңгі ел тізгініне иелік ететін өкілдердің тағдыры жолында БАҚ-тың ірі бөлшегі - теледидардың да көтерер жүгі зор.

  1. Қазақстандық телеарнадагы жас буының санасын сусындата білуде септігі зор багдарламалар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі саяси журналистика
БАҚ-ТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗЫ
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
Қытай халық Республикасының саяси институттарының саяси тәжірибеге әсері
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
Саяси технологиялар мен саяси идеология
МЕДИАБІЛІМДІ АРТТЫРУДАҒЫ КІТАПТЫҢ РӨЛІ
Тоталитарлы саяси режим
Саяси жүйенің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz