Орталық азия мемлекеттері мен европалық одақтың өзара қатынас перспективалары


КІРІСПЕ

Орталық Азия елдері тәуелсіздігін алғаннан кейін, елдердің әлемдік саясат сахнасына шығуға байланысты, басқа шетел мемлекеттерімен ынтымақтастықты күшейту және кеңейтуге байланысты, Орталық Азия мемлекеттері алдында әрі қарай даму жолдарына түсудің мақсаттарына жету мәселелері тұрды. Бұл жетістіктерге жету үшін әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу, сыртқы саясатты жүзеге асыру, барлық мемлекеттермен бейбіт жолмен дамуды анықтайтын көпвекторлы саясат курсына түсу қажет.

Қазақстанның стратегиялық бағыттарын атағанда Президент Н. Ә. Назарбаев ЕО мемлекеттерімен қарым-қатынас жасауды атап өтті. «ЕО болашақта басқа аймақ мемлекеттеріне байланысты барлық Европаның атынан сөйлейтін болады, ең алдымен сауда-экономикалық салада, сондықтан онымен ұзақ мерзімді қатынастарға түсу қажет. Сондықтан, ЕО Қазақстанмен саяси диалогты кеңейтуге дайындығына байланысты, республика үшін шынайы мүмкіндіктер ашылды, сол мүмкіндіктермен пайдаланып қалу керек» - дейді Президент Н. Ә. Назарбаев.

Аймақ мемлекеттерінің сыртқы-саяси және сыртқы экономикалық курсын қалыптастырудың ең басында, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, әрбір мемлекеттің сыртқы саясат стратегиясын жасауда, саяси және экономикалық күш болып табылатын ЕО тәжірибесін пайдалану қажеттігін түсінді.

Қазақстан Республикасының европалық істер мен оқиғаларға көңіл бөлуі жәй нәрсе емес. Ең алдымен Европа мен Азияның кіндігінде орналасқан, территориясының жартысы европалық континентте тұрған Қазақстан үшін, Европадағы болып жатқан оқиғалар өте маңызды.

Орталық азиялық мемлекеттердің Европалық Одақпен ынтымақтастығын дамыту, қазіргі күні негізгі әлемнің экономикалық орталығы және сауда-экономикалық интеграциялық қауымдастық болып табылатын, Европа - энергетикалық шикізатты тұтынудың үлкен рыногы болып табылатын ЕО қарым-қатынастар жасау өте маңызды. Европа- мемлекеттер экономикасына капитал мен инвестиция экспорты, өмір сүрудің, ғылымның, білім беру мен денсаулық сақтаудың жоғары дәрежесі.

Европалық Одақ үшін орталықазиялық мемлекеттердің тартымдылығы, олардың геосаяси орналасуы және табиғи байлықтары, әсіресе көмірсутек шикізаты мен тау кен салаларында жатыр.

Ынтымақтастықты дамытудың өзара мүдделілік жағдайында, Европалық Одақ көптеген геосаяси, экономикалық және қауіпсіздік факторларынан шыға отырып, өз саясатын құрады.

Диплом жұмысының мақсаты - Орталық Азиядағы ЕО геосаясатын қарастыру болып табылады. Бұл аймақта бұрынғы бес - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан кіреді.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешуге тырыстық:

Зерттеудің деректік базасын әр түрлі құжаттар мен материалдар құрайды және оларды былайша сыныптадық:

Деректердің бірінші тобына ЕО және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды реттейтін дипломатиялық құжаттары және ЕО Комиссиясының құжаттары енді /1/. Жұмыста «Серіктестік және ынтымақтастық келісімі» сияқты негізге алынатын құжат анализденеді /2/.

Деректертің екінші тобыны Еуро Одақтың халықаралық қызметіне байланысты, Европалық Қауымдастық Комиссиясының құжаттары кіреді. ЕО қызметі туралы әр жылғы арнайы баяндамаларда берілген, бағалы қорытындылар мен түсініктемелер де бар /3/. Европалық Комиссияның ресми печать органы болып табылатын, ТАСИС ақпараттық бюросының құжаттары - маңызды деректерге жатады, онда ТАСИС бағдарламасының әр жылғы баяндамалары, құжаттары және ТАСИС бағдарламасының мақсаттары, міндеттері және жағдайы берілген материалдар мен ақпараттар бар, әрбір мемлекетпен ынтымақтастық қорытындылары мен дамуының жағымды бағыттары көрсетілген.

Деректердің үшінші тобына Орталық Азия мемлекеттері мен Европалық Одақтың мүше-мемлекеттерінің мемлекеттік және саяси қайраткерінің жоғары дәрежедегі кездесулер кезінде, конференцияларға, мәжілістерге жасаған баяндамалары, сөздері, интервьюлері, мәлімдемелері кіреді. Деректердің бұл түрі екі жақты ынтымақтастық мәселелерінде саяси қайраткерлердің ресми позициясы мен көзқарасын анықтауға көмектеседі.

Деректердің төртінші тобына периодикалық басылымдар беттерінде жарияланған материалдар мен ақпарат, сонымен қатар әлемдік ИНТЕРНЕТ жүйесінен алынған материалдар кіреді.

Осылайша, автордың пайдаланған деректері жұмыста қойылған мәселелерді анализдеу үшін жеткілікті және ғылыми қорытындылардың шынайылығы мен объективтілігін қамтамасыз етіп, зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттерін толықтай ашады.

Тақыраптың зерттелу деңгейі. Берілген тақырыптың мәселелерін зерттеу мақсатымен автор ел танушылық және хронологиялық тұрғыларды пайдаланды.

Европалық тарихнама. 1990 ж. басында батыс тарихнамасы, тактикалық саяси мақсаттарға жету үшін жүргізген ЕО саясатына көп көңіл бөлді. Мысалы, посткеңестік кеңестікті тұрақтандыру, плюрализмді қолдау, төтенше экономикалық көмек көрсету, демократия мен рыноктық қарым-қатынастарды қолдау сияқты. Орталықазиялық аймақтағы европалық мүдделердің немісше көрінісі бейнеленген ГФР СІМ жоспарлау департаментінің басшысы А. Шмиллен позициясын атап өту қажет. Яғни Шмилленнің көзқарасынша, болашақта Орталық Азиядағы қандай да бастасын тұрақсыздық, НАТО мен ЕО кеңейген жағдайда Европа үшін тікелей зардаптары болады /4/.

1990 ж. ортасында европалық саясатшылар мен зерттеушілер, Орталық Евраазияның жалпы геосаяси тұрақтылығымен байланысты болған Евроодақтың геосаяси мүдделері туралы жиі айтып жазды. Белгілі неміс саясаттанушысы А. Прадетто көзқарасынша, өткен ғасырдың соңынан бастап «ЕО өзінің болашақ геосаяси мүдделерін, ОБСЕ ресми қызмет ету шекарасында, яғни Орталық Азияның Ауғанстанмен, Иранмен және Қытаймен шекараларына дейін қарастырды» /5/.

2000 ж. басында европалық авторлар Орталық Азия аймағындағы ЕО геосаясатын, ЕО Шығысқа ары қарай кеңейту, біртекті европалық сыртқы саясат жүргізу, қауіпсіздік облысындағы саясат, әсіресе, халықаралық терроризм, есірткі трафигі сияқты қауіп-қатерлердің таралуы сияқты факторлармен байланыстырады.

Алдыңғыларға қарағанда, кейінгі онжылдықта батыс зерттеушілері, дүниежүзілік саясаттағы каспийлік мұнайдың орыны мен ролі, оған байланысты қарама-қайшылықтардың қалыптасу процесі, жалпы Каспий аймағында қалыптасқан жағдай, орталықазиялық аймақтың тарихи мәселелері, қазіргі жағдайы, маңызды үрдістері мен болашағы сияқты мәселелерге назар аударды.

ЕО мен Каспий аймағындағы елдер арасындағы ынтымақтастық, ЕО кеңею контекстінде орталықазиялық мемлекеттермен өзара қарым-қатынас жасауы сияқты мәселелерді қарастырған, Е. Калюжнова (Y. Kalyzhnova) /6/, Дж. Бонин (J. Bonin) /7/ сияқты авторлар жұмысын толық деп айтуға келеді. Авторлар өз жұмыстарында, ЕО кеңеюінің жағымды және жағымсыз жақтарына және оның мемлекеттеріне ықпалына баға береді. Орталық Азия мен Европалық Одақтың ЕО кеңеймес «бұрын» және кеңейгеннен «кейін» өзара қарым-қатынастарына өз жұмысында салыстырмалы анализ жасаған А. Рара (A. Rahr) монографиясы өзіндік құндылығы бар зерттеу болып табылады. Сонымен қатар автор, ЕО орталықазиялық аймаққа, соның ішінде ҚР қарым-қатынасы мен мүддесі қарастырылды /8/.

Жалпы, авторлар, Орталық Азия елдеріндегі қауіпсіздік мәселесі Европалық Одақ үшін ең алдымен, орталықазиялық мемлекеттерде қоғамды демократиялау, екі жақ қарым-қатынасы мен Европаға энергоресурстарды тасымалдау үшін қауіпсіздік қамтамасыз ету мен байланысты дейді.

Ресейлік авторлары бұл қарастырылған кезеңде көбінесе европалық интеграция және Орталық Азия елдері үшін бұл тәжірибелі пайдалану, Ресей федерациясы мен Европалық Одақтың саяси ынтымақтастық және экономикалық өзара қатынастары болашағы мәселелері, бұл қатынастарға Орталық Азия елдерінің қатысуы, әсіресе соның ішінде Қазақстан Республикасының қатысуы сияқты мәселелерге көп назар аударып, комплексті түрде анализ жасайды.

Бұл аспектте Ю. В. Шишков зерттеуі өте маңызды /9/, онда Европалық Одақтың Ресеймен және Орталық Азиямен қазіргі және болашақ өзара қатынастары зерттелген. Белгілі зерттеуші Ю. А. Борко ЕО Ресеймен және Орталық Азияның аймаққа назарының күшеюі ЕО мемлекеттеріне энергетикалық шикізат тасымалымен байланысты деп қорытындылады /10/.

Қазақстандық тарихнама бастан-ақ ЕО-ҚР екі жақ қарым-қатынастарына, ЕО аймақ мәселелерімен ынтымақтастығына көңіл бөлді. Қазақстандық зерттеушілер ЕО мен мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасының әр түрлі аспектерін зерттеді. Белгілі геосаясатшылар М. Лаумулин, Е. Карин, Б. Сұлтанов және басқалары, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сыртқысаяси жолда қалыптасуында ЕО ролін анықтады.

2000-2007 жылдар кезінде Қазақстан мен Европалық Одақ арасындағы екі жақты қарым-қатынастары проблемасымен айналысқан монографиялар, арнайы зерттеулер және мақалалар көбейді

Екі жақ ынтымақтастығының мәселелері Қазақстанда жүргізілген конференциялар, симпозиум, дөңгелек столдарда талқылауға түседі. ЕО мен ҚР арасындағы қарым-қатынастары екі жақ ынтымақтастығының тереңдеуімен сипатталатын кезеңге түсті деп санайды белгілі ғалымдар, ЕО арасындағы екі жақты қарым-қатынастары мәселелеріне қазақстандық зерттеушілердің ынтасы көбейді. КИСИ ғылыми басылымдары (Қазақстан-Спектр, Central Asia Affairs және т. б. ), казіргі саясаттың халықаралықинституты (МИСП бюллетеньдері) және басқа аналитикалық орталықтар ҚР-ЕО қарым-қатынастар мәселесін ынтымақтастықтың бөлек салаларында қарастырады. ЕО интеграциялық мәселелері және ЕО мен ҚР өзара қатынастарының бөлек жақтары қаралған, белгілі қазақстандық ғалым М. Т. Лаумулин монографиясын айту кажет /11/.

Халықаралық қатынастардағы қазіргі проблемалар, европалық интеграция мәселелері, Орталық Азия елдерімен Европалық Одақтың ынтымақтастығы сияқты мәселелермен әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ халықаралық қатынастар және сыртқы саясат кафедрасының коллективі айналысады. Қазіргі күні Ж. У. Ибрашев басқарған европалық интеграция мәселелерін зерттеу мектебі қалыптасты. Ол европалық интеграция облысын және Европалық Одақтың Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынасын зерттеген алғашқы маман болып табылады /12/. К. И. Байзақова /13/, Ф. Т. Кукеева /14/, М. Ш. Губайдуллина /15/, К. Н. Мақашева /16/, Г. А. Мовкебаева /17/, И. А. Черных зерттеулерінде европалық интеграцияның үрдістері мен проблемалары, ОВПБ процесін құру, трансатлантикалық серіктестік қалыптастыру, ЕО және европалық мемлекеттердің мәселелерін зерттеген.

2002 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Европалық Орталығы Қазақстандағы Европалық Комиссия өкілдігінің қаржылық қолдауымен «Европалық диалог» деп аталатын арнайы журнал шығарады. Онда отандық зерттеушілер европалық интеграциялық процесс туралы ғылыми талқылауға қатысуға, Қазақстан Республикасының европалық мемлекеттермен және Европалық Одақ институттарымен ынтымақтастығы мәселелеріне жауап беруге мүмкіндігі бар.

Жұмыстың теоретикалық-методологиялық негізі тирихи фактылар мен құбылыстарды жинау және анализдеу. 2000-2007 жылдар аралығындағы ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастық дамуы мәселесін зерттегенде автор ғылыми және объективті тұрғыда сүйеніп, жалпы ғылыми әдістемелермен жұмыс істеді, тарихи-көркемдеу, операциялық-қолданбалы, аналитикалық-прогностикалық, жағдайды анализдеу әдістері.

Тарихизерттеудің жалпы методологиясы тарихилық принципіне сүйенген бірнеше ғылыми әдістерді біріктіріп қолдану және Европалық Одақ геосаясатын тарихи оқиғаларға сәйкес талдаудан тұрады.

Сонымен қатар, тақырыпты зерттеуде проблемалық-хронологиялық тұрғы тыс қамтыды.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімімен тұрады.

І. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕО СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ: ГЕОСАЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

1. 1 1990 ж. ж. Орталық Азиядағы Европалық Одақтың геосаясаты.

1990 ж. ж. Европалық Одақтың Орталық Азияға байланысты саясаты Варшава одағының ыдырауының нәтижесінде, ол одан кеін 1990 ж. КСРО-ның ыдырауынан кейін қалыптасқан геосаяси жағдай әсерінде қалыптасты. ЕО тұрақсыз шығыстық кеңістікке жақын болып, ірі экономикалық және геосаяси орталыққа айналды. Бұл жағдайды пайдаланып, ЕО пен Батыс бұрынғы социалистік елдерге өз ықпалдарын тарату үшін мақсатты бағытталған шаралар жасады. Бұл ең алдымен НАТО және ЕО шығыста кеңейту қадамдары еді.

Сонымен қатар ЕО ТМД-да турақталдыруға байланысты төтенше қадамдар жасады: кең көлемдегі экономикалық көмек бағдарламалары (ТАСИС) және ОБСЕ режимін күшейту. Сол уақытта, Кеңес Одағының ыдырауы. Еврпалық Одақтың жаңа геосаяси рольді ойнауына алып келген бірегей жағдай тудырады. Осылайша, Европалық Одақтың және Орталық Азия арасындағы қарым-қатынас жаңа және бірегей геосаяси жағдайдың әсерінде қалыптасты. Керісінше, Европалық ықпалдық Орталық Азияға таралуы мынадай объективті және субъективті факторлармен шектелді: Европалық Одағының күші мен қаражатын аударған Орталық және Шығыс Европа елдеріне көмек; Оңтүстік - Шығыс Европадағы шиеленістер ; НАТО-ны кеңейту; Каспий аймағына АҚШ-тың белсенді енуі; АҚШ, Ресей, Қытай және ислам әлемі арасындағы Орталық Азияға ықпал ету үшін күрес.

Бірінші кезеңде (1990-1994 ж. ж. ) Орталық Азияға байланысты ЕО стратегиясы тактикалық саяси мақсаттарға жету үшін қурылды: пост-советтік кеңістікті турақтандыру, экономикалық көмек жасау, плюрализмді, демократия мен рыноктық қарым-қатынасты қолдау. Бұл мақсаттарға тікелей экономикалық көмек жасау, халықаралық және европалық ұйымдар, институттар арқылы (ОБСЕ, Европа Одағы, Европарламент, Европалық комиссия, босқындар бойынша БҰҰ комиссариаты және т. б. ) саяси қысым жасау арқылы жетті. ЕО саясатының негізгі құрамы - Европамен саяси және экономикалық байланыстарды формализдейтін, пост-кеңестік мемлекеттермен қарым-қатынас және серіктестік туралы келісім-шартқа қол қоюы болды /18/.

Екінші кезеңде (1994 -1998 ж. ж. ) ЕО ТМД мен Орталық Азияға байланысты Европалық саясат нәтижелеріне көңілі қалды. Пост-кеңестік мемлекеттер әлі демократия мен рыноктық экономика стандарттарынан әлі де алыс екені анық болды. 1990 ж. аяғында мұсылман әлемінен туған қауіп-қатер және әлеуметтік қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты Орталық Азияда турақсыздық қауіп-қатері пайда болды. Сол уақытта, бұл кезеңде Орталық Азиядағы жалпы геосаяси турақтылықпен тығыз байланысқан Евроодақтың геосаяси мүдделерін анық түсінуге болады. Осылайша, ғасырдың аяғында ЕО-ң саяси ортасында, ең алдымен Германияда, ЕО-ң ары қарай шығысқа геосаяси ықпалын кеңейту тенденциясы байқалды. ЕО геосаяси ықпалын Орталық Азияның Ауғанстан, Иран және Қытай шекаралас территорияға таратуды көздеді.

Үшінші кезең, қазіргі уақыттағы ЕО және Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастар мынадай үш негізгі факторлар әсерінде дамыды: шығыста ЕО-ң ары қарай кеңеюі, шығыс Европада пост-советтік кеңістікке Евроодақтың ықпалының кеңеюі және біртекті европалық сыртқы саясат және қауіпсіздік аймағында саясат жүргізу /19/. Осылайша, жақын жылдар аралығында Кавказ, Каспий теңізі және Орталық Азияда еуропалық саясаттың жүруін күтуге болады. Сонымен қатар, басқа да геосаяси факторлар қызмет ететінін және АҚШ, Ресей, Қытай және мұсылман әлемі араларында аймақта ықпал ету үшін күрес жалғасатынын ескеру қажет. Бұл болжамдар еуропалық-орталықазиялық қарым-қатынастар жалпы Орталық Азиядағы жағдай сияқты қиын болатынын көрсетеді. 2001 ж. аяғында Ауғанстанда антитеррористік операциялар жүргізгеннен кейін, аймақта Евроодақтың әскери-саяси қатысуы шындыққа жанасты.

1999 ж. тамызда Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері Еуропада жұмылдырылды, Бишкекте Шанхай бестігі - Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері басшыларының саммит іөтті. Қырғызстанға шабуылды европалық саяси орта аймақтағы демократиялық режимге қастандық ретінде қарастырды.

Ресей Қытайдың жақындасуы және Шанхай бестігінің негізінде орталықазия мемлекеттерінің қатысуымен әскери-саяси одақтың бір түрінің құрылуы Еуропаны мазасыздандырды. 1999 ж. 31 тамызда Герман қоғамының ішкі саясатында Берлинде, Германияның Орталық Азияға ықылас танытатыны, әсіресе оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде екені ресми хабарланды.

Сыртқы саясат шеңберінде алдыңғы қатарлы неміс институті - Герман сыртқы саясат қоғамы - Каспий теңізі үшін турақтандыру пакті концепциясын үкімет үшін жасап шығарды. Ол үш элементтерден құралады: 1) 200 жыл жасаған Солтүстік-оңтүстік жолдарына қарама-қарсы Шығыс-Батыс линиясымен транспорттық коммуникациялар жүйесін қуру; 2) аймақтың жаңа тәуелсіз мемлекеттерінде демократия мен рыноктық экономиканы күшейту; 3) геосаясаттан экономикалық бәсекелестікке көшу. Каспий аймағы елдерінің экономикасын инвестициялауға дайын болған, ЕО-ң мүддесіне сай талаптар болды. Сонымен қатар, ЕО НАТО-ның шығыста кеңеюінің стратегиялық зардаптарын жұмсартып, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасын турақтандыру қуралы мен қарым-қатынас мүмкіндігіне айналдырғысы келді. Осылайша, неміс саясаттанушылары өздерінің саясатшыларын Орталық - азиялық аймақта белсенді позицияға тек Германияға ғана емес, ең алдымен Европалық Одақ мүддесі үшін итермеледі. Бұл үрдіс ЕО-ң аймақта саяси және экономикалық мүддесін орнатуға басқа дүниежүзілік державалардан артта қалуымен түсіндірілді. Европаны негізгі ұстаған фактор АҚШ пен Ресей арасындағы ықпал ету аймақтарының әлі толық бөлінбегені болып қалды /20/.

2001 сәуірде И. Каримовтың Берлинге сапары Европада солтүстік Альянстің лидері және Ауғанстанның қорғаныс министрі Раббани Ахмад Шах Масудтың Францияда болуы және оның Страсбургте Европалық Парламент алдында сөз сөйлеуімен қатар келді. Масуд Париждің қолдауы туралы уәдесін алып, одан қаржылық көмек алды. Масуд сапары Европалық Ауғанстандағы жағдайға жейтінің көрсетті, ең алдымен Орталық Азияда турақсыздық әкелетінін білді. 2001 ж. 4 сәуірде Страсбургте жарылыс дайындаған және Ауғанстандағы жағдай европалық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызатыны жөнінде европалық саясатшыларды көндірген У. Бен Ладенмен тікелей байланысты исламистер тобы Франкфурт-на-Майнеде тұтқындалды. Неміс полициясы Германия, Италия, Белгия, Ұлыбританияны біріктірген исламистердің астыртын жүйесін шығарды. Барлық желі Ауғанстанға әкеп соқты. Сонымен қатар, кейінгі жылдарда Германияның қауіпсіздік күштері Ауғанстаннан Орталық Азия арқылы Ресейден Европаға есірткіні тасымалдауды жабу бағдарламасын дамытуда көптеген шаралар жасауда /21/.

Яғни, Германия Орталық Азиядағы жағдаймен шынымен-ақ қам жейді. 2001 ж. ақпанда БНР неміс барлауы 2001 жылғы орталықазия аймағындағы жағдайды болжамдау туралы баяндама дайындады. Неміс сарапшылары, исламистердің Европада мобильді байланыс құралдарын және әскери жағдайларда оперативті байланыс жүргізу үшін басқа техникалның сатып алуын, 2001 ж. көктем - жаз айларында Өзбекстандағы Мұсылман қозғалысы кең көлемдегі шабуылға дайындалуы деп жорыды.

Неміс барлауының баяндамасында, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан исламистерінің шабуылына өз бетімен қарсы тұра алмайды деп қам жейді. Берлин жауынгерлер жақсы жасалған инфроқұрылым қурып, шабуылға толығымен дайындалды деген қорытынды жасайды. Бұл мәселе 2001 ж. ақпанда Мәскеуге ГФР сыртқы істер министрі И. Фишер сапары кезінде талқыланды. Фишер Кремльге Берлиннің Орталық Азиядағы жағдайдың дамуына қатты қам жейтінін жеткізді. Неміс жағы, исламистер Европаға есірткіні тасымалдауын кеңейту мақсатымен орталықазиялық аймақта өз жағдайын күшейтуге ұмтылғандары жөнінде қорытындылады /22/.

2000 ж. Қазақстан да Европамен қарым-қатынасын әрі қарай дамытты. Қазақстан президенті Н. Назарбаев 2000 ж. жазда Парижге және қараша айында Лондонға келді. Британ королевасы қазақ президентіне Ұлыбританияның жоғарғы наградасы - әулие Михаил және Георгий орденімен марапаттады. Бұл Қазақстан демократиялық құрылымының жақтасы және реформатор, ядролық қарусыздануға үлесін мойындау ретінде бағаланды. Алайда қазақстан - британ қарым-қатынастарының негізгі пункті - мунай аймағында ағылшындардың мүддесі болып табылды.

Кейінгі уақытта ГФР-ң Каспий теңізі мен орталық Азия аймағындағы позициясы айқынырақ көрінді. Сыртқы істер министрі И. Фишердің Орталық Азия мемлекеттеріне сапары алдында «Франкфуртер Альгемайне Цайтунг» газетінде ГФР СІМ жоспарлау департаментінің басшысы А. Шмилленнің меморандумы жарияланып, онда неміс көзқарасы бойынша орталықазия аймағындағы европалық мүдделер қалыптасты.

Герман СІМ-і 2015 ж. НАТО мен ЕО шекаралары Ресейге шекаралас болып, ал Украина бұл ұйымдармен әртүрлі дәрежеде стратегиялық серіктестікте болады дейді. Бұл жағдайда Европа осы күннің өзінде Ресей және Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтауда жайсыздануда. Шамамен сол уақытта Солтүстік теңіздің энергетикалық ресурстары әлсірейді. А. Шмиллен Орталық Азиядағы қандай да бір тұрақсыздық Европа үшін зардапты болатынын айтады.

А. Шмиллен болашақта Орталық Азияда қандай да бір нақты держава ұстем болатыны мүмкін емес деп есептейді. Сонымен қатар аймақтың экономикалық саяси және стратегиялық маңызы арта береді. Германия мен Евроодақ Орталық Азиядағы саясат барлық мүдделі жақтардың мүддесін ескере отырып құру керектігін ескертеді. ЕО-ң негізгі мақсаты - европалық энергетикалық жүйеге Орталық Азия мен Каспий теңізінің энергетикалық ресурстарын кіргізу арқылы өзінің мұнайгаз импортын диверсификациялау болып табылады. Ал ЕО басқа мақсаты - Ауғанстаннан орталықазия аймағы арқылы өтетін нарко-трафиктерді жою, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыскерлік пен халықаралық терроризмді жою болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1980 ж. Соңындаңы КСРО дамуындағы жаңа реформалар
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
Шешім қабылдаудың жаңа түрі
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау
Қазақстан Республикасының ортақ халықаралық қауымдастықтағы орны
Экономикалық интеграция
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz