Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Мазмұны
Кіріспе
1 ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы . . . 7-11
П ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы қылмысын тергеудің алғашқы кезеңі
2. 1. Есірткіге байланысты қылмыс ісін дәлелдеуге жататын жағдайлар . . . 12-13
2. 2. Есірткі заттардың заңсыз айналымы бизнесімен шүғылданатын қылмыскерлерді ұстау . . . 13-16
2. 3. Болжамдарды құру және тергеуді жоспарлау . . . 16-21
2. 4. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарын тергеуде куәлардан жауап алу . . . 21-27
2. 5. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен шүғылданатын қылмыскерлердің тұрғын-жайында тінту жүргізу . . . 27-30
Ш ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеудің кейінгі кезеңі
3. 1. Есірткілердің және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен айналысатын тұлғаларды танытуға көрсету . . . 31-32
3. 2. Беттестіру, көрсетулерді өз орнында тексеру және нақтылау тергеу әрекеттері . . . 32-35
3. 3 Есірткілік заттардың заңсыз айналымының қылмыс ісін тергеу барысындағы тергеуші мен анықтау органының өзара байланысы. 35-38
- Есірткіге байланысты қылмысты болдырмау мақсатындағы ішкі істер органдарының шаралары . . . 38-39
- Сараптаманы тағайындау және жүргізу . . . 40-44
Қорытынды . . . 45-46
Қолданылған оқулықтар . . . 47-50
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы " Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы қылмысын тергеу" тақырыбына арналған. Бітіру жұмысы қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып келеді және шығармашылық, тәжірибелік қызығушылықты тудырады. Есірткілер өте қауіпті және адамды бұзатын, оны ауруға, өлімге алып келетін орта. Сол себептен, есірткіні сататын адамдармен күресті, нашақорларды емдеуді барлық бағыттарда жүргізу керек. Есірткілерді және есеңгірететін заттарды тұтыну соңғы жылдары қатты таралып кетті. Есірткілермен байланысты қылмыстар, нашақорлардың ауыр қылмыстарды жасауы көбеюде. Есірткілермен байланысты қылмыстардың күрделілігі, бұл қылмыстарды көбінесе қылмыстық ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйымдасқан қауымдастық мүшелерімен жасалатындығында.
Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттердің тізімінен түрады. Бірінші тарау бес тараушадан, ал екінші тарау үш тараушадан тұрады, үшінші тарау бес тараушадан тұрады.
Бірінші тарауда есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, болжамдарды шығару және тергеуді жоспарлау, есірткі заттардың заңсыз айналымы бизнесімен шұғылданатын қылмыскерлерді ұстау және жеке тінту жүргізу, қылмыскерлердің тұрғын-жайларында тінту жүргізу, ұсталған тұлғалардан жауап алу мәселелері қарастырылған.
Екінші тарау: есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен айналысатын тұлғаларды танытуға көрсету, есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеуде күәлардан жауап алу, беттестіру, көрсетулерді өз орнында тексеру және нақтылау тергеу әрекеттері атты үш тараушадан тұрады.
Үшінші тарауда елімізде есірткелердің және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен айналысытан тұлғаларды танытуға көрсету, беттестіру, көрсетулерді өз орнында тексеру және нақтылау тергеу әрекеттері, есірткілік заттардың заңсыз айналымының қылмыс ісін тергеу барысындағы тергеуші мен анықтау органының өзара байланысы, сондай-ақ есірткіге қатысты қылмысты болдырмау мақсатындағы ішкі істер органдарының шаралары мен сараптаманы тағайындау және жүргізу тәсілдері қарастырылған.
КІРІСПЕ
Қазақстан Орталық Азия аймағында ерекше геосаясилық орын алғандықтан бірқатар мемлекеттермен шектесетін шекаралары бар. Ол Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Түркменстанмен Ресеймен, Қытаймен, Монголиямен шектесіп жатыр және 2, 5 млн. квадрат километр жер аумағы бар ең үлкен мемлекет болып табылады. Бұл аумақ біраз уақыт ішінде өтпелі каридор іспеттес бола бастады, ол арқылы Азиядан Европа мен АҚШ-қа көптеген есірткілік заттар заңсыз өткізіле бастады. Мемлекеттің шекарасы ТМД мемлекеттерімен негізінен ашық болғандықтан, қазіргі кезде “Алтын жарты-ай” аумағынан нақ осы Қазақстан арқылы апиын, героин көптеп өткізіледі.
Қазақстандықтардың гүлденуі, өсіп дамуы, ұлттық қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының жақсаруы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу - Үкіметтің алдына қойған басты міндеттің бірі болып табылады.
ҚР - сы Президентінің 23 желтоқсан 2003 жылғы № 1255 санды “ҚР-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру іс-шаралары жөніндегі” Жарлығын басшылыққа ала отырып, ҚР Үкіметі 2004 жылдыі 3 наурызында №261 санмен “ҚРІІМ-нің ЕБҚК және есірткі айналымын бақылау жөнінде Комитетті құру туралы” қаулы қабылдаған.
Көкнәрдің емдейтін де, есеңгірететін де қасиеті біздің ата-бабаларымызға ерте заманнан белгілі болған. Мысалы, Гомердің “Одиссейінде” адам жанын жаннатқа апаратындай күйге бөлейтін,
бір ғажайып ішімдік туралы жазған. Осыған қарамай нашақорлық Х1Х ғасырдың аяғына дейін кең тарамаған. Нашақорлыққа салынудың асқынуы шприцті ойлап тапқаннан кейін үдей түсті.
Есірткіден ақша жасауға болатындығын бірінші болып түсінгендер ағылшындар, Вест-Индия компаниясына жататын британдық кемелер Х1Х ғасырдың аяғында “Алтын -үш бұрыш - Қытай” тұрақты бағытымен есірткі тасып, байлыққа шаш етектен кенелді.
Кейінгі кезде героинды дүние жүзіне таратушы Ауғанстан болып табылады. Бұл елде ондаған жылдар бойы тоқтаусыз жүріп жатқан сағысқа қару-жарақ, ал оны сатып алу үшін көп қаржы керек. Оның ең ұтымды жолы есірткі өсіріп, өткізу. СССР мемлекеті тарап, ТМД елдері құрылғаннан кейін Ауғанстаннан есірткі тасу біршама жеңілдей түсті. Есірткіні Тәжікстан арқылы бүкіл ТМД елдеріне таратып, одан әрі Европаға, АҚШ-қа жөнелтуге мүмкіндік туды. Осыған байланысты ТМД елдерінде бар жоғы он жылдың ішінде нашақорлардың саны 100 есеге артты.
Мемлекетте есірткіні шығарып дайындау үшін өсімдік шикізатының көп болуы, еліміздегі есірткілік жағдайдың сипатына жылдан-жылға өз әсерін тигізуде. Тек көлемі 150 га-дан асатын Шу өңіріндегі жабайы өсетін сорадан мамандардың есептеуі бойынша 6 мың тоннаға дейін марихуана алуға болады. Осы жайларға байланысты қазақстандық шикізат пен есіркіге қызығушылық күн санап арта түсуде. Осыдан мынаны көруге болады, Ресейдің арнайы қызметкерлерінің көрсетуі бойынша осы мемлекеттегі контрабандалық марихуананың әр 5-10 кг. тек біздің елден әкелінеді екен.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә Назарбаевтың бағалауы бойынша біздің мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер және демократиялық мемлекеттігімізді құру барысында біршама өрбіген криминогендік үрдістер байқалуда. Бұл реформалардың саясатына, коғамдағы тұрақтылыққа, азаматтардың өміріне және тұрмысының жақсаруына қауіп төндіреді. /1/
Қоғам үшін негативті салдарлары аса ауыр болатын әлеуметтік құбылыстардың ішінде есірткілерді және есеңгірететін заттарды таратумен, сатумен, тұтынумен байланысты әлеуметтік құбылысты айтуға болады.
Есірткілер бұл өте қауіпті және адамды бұзатын, оны ауруға, өлімге алып келетін орта. Сол себептен, есірткіні сататын адамдармен күрес жүргізуді, нашақорларды емдеумен байланысты көп еңбек ету керек.
Есірткілерді және есеңгірететін заттарды тұтыну соңғы жылдары қатты таралып кетті. Бүл мәселе қоғамдағы әлеуметтік- психологиялық жай-күйге, ұлттың әлеуметтік-құлықтылық, генетикалық келешегіне орасан нұқсан келтіреді. Сол себептен, БҰҰ есірткі заттар туралы 1961 жылғы Бірыңғай конвенциясында есірткілер жеке адамдар үшін үлкен зиян және адамзат үшін әлеуметтік, экономикалық қауіп көзі болып табылады делінген. /1. 58 б. /
Қазақстан Республикасы есірткі сататын қылмыстық топтар үшін Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыс Азияда шығарылатын героиннің, апиынның және басқа да есірткілердің Еуропаға тасымалдаудың кеңістігі болды. Ауғанстандағы есірткі өндірісі бизнесінің ауқымды өсуі героиндер қойылатын каналдардағы қысымды жоғарылатқан. Мұның өзі есірткі тұтынушылар үшін есірткі табуда, алып келуде және өткізуде әртұрлі жолдар іздеуге мәжбүр етті. Бұл бағыттағы есірткіні тасымалдауда темір жол және автокөлік транспорттары қолданылып, ”Жібек жолы” атауын алып отырмыз.
1996 жылға дейін республика бойынша героинге байланысты бірде-бір факт анықталмаған және есірткі тұтынатындардың есебінде барлығы 20 мыңдай адам тұрған, қазіргі уақытта 47 мың адам профилактикалық есепте, сонымен қатар еліміздің әр өңірінен героиндар алынып жатады. Халықтың, ұлттың болашағына тікелей қауіп төніп түр. Соңғы жылдары есірткілерді тұтынатын адамдар 10 есе өсті және олардың 2/3 бөлігі жастар. Қылмыскерлерден алынған есірткілердің мөлшері ондаған есе өсіп кетті. Және бұл көрсеткіштер жыл сайын өсіп жатыр.
Қазіргі кезде біздің республикамызда құқық қорғау органдарының есебі бойынша 33000 астам адам нашақор ретінде тіркелген, оның ішінде 895 - і кәмелетке толмағандар.
Есірткіге байланысты, сонымен қатар құрамында есірткі бар заттарды қолдану әсерінен жасалатын қылмыс саны тоқтамсыз өсуде. Қылмыстық топтарды және құрылымдарды көп жағдайда қылмыстық ортаның белсенділігі, билік басындағы қылмыстық жолға түскен лауазымды тұлғалар, солардың ішінде құқық қорғау органдарында істеп жүрген немесе бұрынғы қызметкерлер басшылық етеді.
Менің пікірімше, бұл зиянды әлеуметтік құбылыспен жан-жақты күресу керек. Құқық қорғау органдарының барлық бөлімдері бұл қылмыстармен күрес жүргізуде өзінің күштерін, мүмкіндіктерін біріктіру керек. Есірткі заттарды сатумен байланысты қылмыстарды тергеуде криминалистикалық әдістемелік ұсынымдарды даярлау қажет. Сонымен бірге, бұл қылмыстардың алдын-алу қажет. Бұл мәселелердің көпшілігі осы диплом жұмысымда жан-жақты қарастырылған.
- ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.
“Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы” деген атпен қылмысты тергеу тәсіліне енгеніне шамалы ғана уақыт болды, бірақ ғылыми атаулар мен қылмысты тергеу ісін ұйымдастыру тәжірибесіне кеңінен қолданылатын болды. Қылмыстың белгілі бір тобының немесе түрінің өзіне тән ерекшеліктері туралы жалпылама білімді өзіне сіңіре отырып, осыған ұқсас қылмыстардың сол, немесе басқа түрін тергеу кезінде тергеушіге бағдар ретінде қылмыстың криминалистикалық түсінігін басшылыққа алуға тура келеді. Кез келген қылмысты тергеу, ең алдымен ұғып-білу әрекеті болып табылады. Бұл жерде бұрын орын алған, нақты бір жағдайдың жайын анықтап білу қажеттілігі туындайды. Қылмыс қоғамға жағымсыз құбылыс ретінде оның әртүрлі жағынан сипатталуы мүмкін. Ол өзіндік әлеуметтік, әдет-ғұрыптық, психологиялық қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізулік, криминалистикалық және басқа да сипаттамалары бар. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы ғылыми категория ретінде - бұл, белгілі бір қылмыс түріне (тобына) сипаттама беретін, криминалистикалық мәні бар өзара байланыстағы белгілер мен ерекшеліктердің жиынтығы, бұларды білу қылмыстың осы түрін (тобын) ашу, тергеу және оның алдын алу нәтижелі болуы үшін қажет.
Қарастырылып жатқан қылмыстардың тобына келесі қылмыстар жатады: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап) ; есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап) ; есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап) ; қүрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап) ; есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап) ; есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап) ; есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап) . Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 259-265 баптарында осы тұрғыдағы қылмыстар көрсетілген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы болып табылады.
Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына - есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.
Табиғи есірткілік заттарға мыналар жатады:
а) апиын қызғалдағының туындылары: ұйықтататын қызғалдақ, мак соломкасы, экстракциялық апиын, апиын, морфин, кодеин, героин;
ә) үнді коноплясының туындылары: каннабис, марихуана, гашиш, анаша;
в) кокаин кустының туындылары: кокаин жапырақтары,
кокаин пастасы, кокаин, крэк;г) эфедраның туындылары: эфедрин, невритин
Жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткілер: фенциклидин, псилоцибин, триметилфентанил және басқалар. Өзінің әсері бойынша олар анальгетиктер, галлюциногендер, депрессанттар және т. б болып табылады.
Бұл сипаттамалар мынадай қылмыстарды топтастырады: есірткілік немесе психотроптық заттарды заңсыз түрде дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе өткізу (ҚР ҚК 259 бап) ; есірткілік немесе психотроптық заттарды ұрлау немесе қоқан-лоққы жасап алу (ҚР ҚК 260 бап) ; есірткілік немесе психотроптық заттарды қолдануға итермелеу (ҚР ҚК 261 бап) ; есірткілік немесе психотроптық заттарды заңсыз өндіру мен айналысу (ҚР ҚК 262 бап) ; есірткілік немесе психотроптық заттарды дайындауға арналған заттарды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды заңсыз айналымға шығару (ҚР ҚК 263 бап) ; есірткілік немесе психотроптық, улы заттарды ұстау тәртібін бұзу (ҚР ҚК 265 бап) .
Қазіргі уақытта криминалистикалық әдебиетте қылмыстардың криминалистік сипаттамасының бірнеше анықтамалары бар. Бұл криминалистік ұғым бойынша әртүрлі аспектілеріне байланысты көзқарастардың сәйкес келмеуі зерттелетін объектінің күрделілігі туралы куәландырады.
Профессор С. П Митричев криминалистік сипаттамаға «криминалистік маңызы бар белгілердің көп мөлшерін енгізу керектігі» туралы айтады.
А. Н Васильев криминалистік сипаттамаға қылмыскердің әрекеттерінің және қылмыс іздерінің пайда болу механизмі туралы, қылмысты жасау тәсілі және дәлелдемелердің қайнар көзі туралы мәліметтерді, арасында жәбірленуші болуы мүмкін тұлғалардың шеңберін анықтау үшін кажетті мәліметтерді енгізеді. (10. 118б. )
В. Е Коновалов және А. Н Колесниченко криминалистік сипаттаманы қылмыстардың криминалистік маңызы бар белгілері туралы жүйе ретінде бұл белгілер олардың арасындағы заңды байланыстарды бейнелейді деп көрсетеді.
А. А Исаев қылмыстардың криминалистік сипатттамасы қылмыстарды тергеу әдістемесінің кұрылымында дербес жүйе бола отырып бұл мазмұнды толтырудың тәсілі, құралы ретінде сипатталатынын көрсетеді. Криминалистік сипаттама тергеу процесін талдау тәсілі ретінде қылмыстарды тергеу әдістемесінің шеңберінде саралау процесінің маңызын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. (20. 234 б)
Профессор Г. А Мозговых қылмыстың криминалистік сипаттамасы ғылыми санат ретінде қылмыстардың белгілі бір түрін (тобын) сипаттайтын криминалистік жағынан маңызды өзара байланысты белгілердің және ерекшеліктердің жиынтығы ретінде анықтап, оларды білу қылмыстардың белгілі бір түрін (тобын) табысты ашу, тергеу және алдын алу үшін қажет екенін көрсетеді. Сонымен, криминалистік сипаттама тергеу әдістемесінің құрылымдық элементі болып табылады және тергелетін қылмыстық оқиғаны талдауға көмектеседі. Тергеуші криминалистік сипаттаманың элементтерін анықтап, тергеу жағдайына сәйкес қылмыстардың белгілі түрін тергеу әдістемесіне сүйене отырып, нақты осы қылмысты тергеудің жеке әдістемесін белгілейді. (26. 14 б. )
Есірткілердің заңсыз айналымы бұл ұйымдасқан қылмыстылықтың спецификалық қылмыстық қызметі. Есірткілерді сату бизнесімен айналысатын қылмыстық ұйымдар кәсіби ұйымдасқан қылмыстылыққа тән болатын келесі белгілерге ие: нақты иерархия, қылмыстық ұйым мүшелерінің функцияларының рольдік бөлу, басқарушы ядроның болуы, қатаң тәртіп және жасырын болу, мемлекеттік аппараттың әртүрлі қызметтерінің шенеуніктерімен сыбайлас жемқорлық байланыста болу, қылмыстық табыстарды заңдастырудың коммерциялық арналардың болуы; қылмыстық қызметті сол арқылы жасыру. Есірткі бизнесінің ұйымдары трансұлттық сипатқа ие болуы мүмкін. Қылмыстық қауымдастықтың ұйымдастырушылары ретінде қылмыстық бизнестің басқа да салаларымен: ойын бизнесімен, казинолардың, нәпсіқұмарлық сипаттағы притондармен айналысатын қылмыскерлер немесе бұрын сотталған қылмыстық белсенділер болады. Сонымен бірге, есірткі заттарды сатумен бұрынғы медициналық қызметкерлер, зерттеу мекемелерінің қызметкерлері айналысады. Есірткі заттарды сататын ұйымдарда арнаулы өндірістік құрылымдар, синтетикалық есірткілерді дайындау бойынша лабораториялар, тасымалдаушылар және т. б болады.
Есірткілердің заңсыз айналымының келесі түрлері болады:
А) есірткілерді шетелден Қазақстанға алып келу және оларды Қазақстанда сату;
Б) Қазақстанда есірткілерді дайындау және сату;
В) Есірткілерді Қазақстанда дайындау және шетелге сату;
Г) Қазақстан кеңістігі арқылы есірткілерді контрабандалық өткізу.
Есірткі заттарды сату бизнесімен күрес жүргізуде көршілес жатқан мемлекеттердің құқық қорғау және кеден органдары қызметкерлерінің арасында бірлескен әрекеттердің үйлестірілуін қадағалау керек. Есірткі заттар айналымының барлық буындарын: өндірушілерді, тасымалдаушыларды, қабылдап алушыларды, сатушыларды анықтау қажет.
Есірткі шикізатының және есірткілердің заңды өндірушілері мамандырылған фармацевтикалық кәсіпорындар және олардың ұйымдары; заңсыз өндірушілер - құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіретін ауылдың тұрғындары; өсімдік шикізатын немесе жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткілерді дайындау бойынша жасырын лабораториялар. Есірткілерді ресми ұстаушылар: есірткілердің сатылуын және жіберілуін қатаң түрде жүргізетін фармацевтикалық және медициналық мекемелер. (1. 54 б)
Есірткі заттарды талан-таражға салушылар ретінде фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметкерлері, есірткілерді алуға ақшасы жоқ нашақорлар болады.
Есірткілерді тасымалдаушылар өндірушілер және сатушылар арасындағы делдалдар, сатушылардың өздері, есірткілерді тұтынушылар, көлік қызметінің қызметкерлері, почта қызметкерлері болады. Көп жағдайда тасымалдаушылар жүктің сипатын, оның қайнар көздерін білмейді. Олар таныс адамның, бөтен адамның өтінішін орындайды.
Әдебиетте есірткі заттардың заңсыз айналымын бірнеше топтарға бөледі:
- есірткі шикізаттарын және есірткілерді дайындау;
- есірткілерді тасымалдау, сақтау және сату;
- есірткілерді тұтыну.
Бірінші топқа өсімдік шикізатының оның өсіру және сақтау орындары бойынша қалдықтары (сабақтары, гүлдері, тозаңдары және т. б), технологиялық процестің әртүрлі сатыларында қолданатын құрал-жабдықтар және заттар; кез келген технологиялық материалдар және қалдықтар; дайын есірткілер; есірткі синтезінің компоненттері, құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинау үшін құрылғылар және инструменттер; рецептура, арнаулы әдебиеттер, жазбалар, тасымалдаушылардың мекен-жайлары және телефондары.
Екінші топтың іздері қағаз және басқа қапшықтар, арнаулы контейнерлер, көлік құралдарындағы, тасымалдаушылардың киімдеріндегі құпия жерлері, есірткі заттардың іздері және басқа да микрообъектілер.
Келесі топ - есірткілерді ағзаға шприцпен енгізген іздері, есірткі тұтынушының өміріндегі, оның жүріс-тұрысындағы өзгерістер.
Аталған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ерекшеліктері осы істер бойынша дәлелдеу пәнінің спецификасын анықтайды.
Есірткілік заттармен заңсыз айналысатын тұлғалардың сипаттамасын мынадай түрлерге бөлуге болады.
- есірткіні көтерме бағамен сатып алу және өткізумен айналысатын тұлғалар. Олар әдеттегідей қоғамдық пайдалы еңбекпен айналыспайды, қаржысына қарамай өмір сүреді. Есірткілік өсімдіктердің өсетін жерлерінде таныстары бар немесе сол жерде тұрады, кейбір жағдайларда сол жерге әдейі барып тұрады.
- Есірткіні қолданатын тұлғалар (нашақорлар)
- Есірткіні анда-санда қолданатындар, олар әдеттегідей кәмелетке толмағандар немесе жасөспірімдер. Бұлардың ішінде есірткіні қолдануды қызығушылықпен бастағандар, еліктеушіліктен бастағандар, ересек достарының әсерінен бастағандар кездеседі.
ҚР ҚК 259 бабында ескерілген қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының ең маңызды бөлшектері болып табылатындар, қылмысты жасау себептері мен тәсілдері туралы мәліметтер.
Қылмыстың жасау тәсілі қылмыстың негізгі ерекше белгілерін айқындайды және соған байланысты оның түсінігі, ол қылмысты дайындаудағы, жасау кезіндегі және жасыру кезіндегі қылмыскердің жасаған әрекеттері. Қылмысты жасау тәсілдерін білу, оны ашу, тергеу жәе алдын алу біршама жеңілге түседі. Мұндай заңдылық тұрақты түрде көрініс беріп отырады, себебі қылмыстың әрбір сатысында жеке әрекет осы қылмысқа тән өзінің іздерін қалдырады.
Кез келген әрекет сияқты тәсіл де әр түрлі жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Қылмысты жасау тәсілдерінің өзгеріп отыруы объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты болады яғни:
- нысанды күзету жағдайының өзгеруі;
- қылмыс тобынан қылмысқа қатысушылардың бірінің шығып кетуі.
Субъективтік жағдай: қылмыскердің жеке басының сипаты; қылмыс жасау тәсілін талғап алу; қылмыскердің өзіне тән қолтаңбасының болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz