Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша тәржімасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

Негізгі бөлім
1 тарау. Әзиз Несин сатирик
1.1 Сатира деген не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2Әзиз Несин шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3 Әзиз Несин әңгімелерінің өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2 тарау. Әзиз Несин әңгімелерінің аудармалары
2.1 Аударма деген не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Әзиз Несин әңгімелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Әдеби шығармашылық және көркем аударма
теориясы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша
тәржімасы

Орындаған:
Тоқтарбаев Ж.
5-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:
Үмбетаев М.
филол.ғ.к.,доцент

Норма бақылаушы:
Мұсалы Л.Ж.
ф.ғ.к., аға оқытушы

Қорғауға жіберілді
____________2006 ж.

Кафедра меңгерушісі:
Жақсылықов А.Ж.
ф.ғ.к., профессор

Алматы 2006

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша тәржімасы

Жұмыстың көлемі: 55 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 19

Жұмыстың негізгі мақсаты: Әзиз Несин әңгімелерінің аудармаларын талдау
арқылы сатиралық шағын әңгімелердің қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін
айқындау.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мазмұны: Кіріспеде жалпы аударма, Қазақстандағы аударма
мәселері, Түркиямен мәдени қарым-қатынас, түрік сатирасының қазақ жеріне
келуі, XX ғасыр көрнекті түрік сатиригі Әзиз Несин шығармаларының қазақ
тіліне аударылуы. Әзиз Несин әңгімелерін қазақ тіліне аударуға атсалысқан
қазақ аудармашылары жайлы шолу жасалады.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Әзиз Несин сатирик атты бірінші
тарауда жалпы сатира деген не, сатираға қандай адам бейім келеді, әжуа
мысқыл сөздің жүйрігі Әзиз Несиннің сатиралық әңгімелерінің дүниежүзілік
әдебиеттің баюына қосқан үлесі, әңгімелерінің өзектілігі жөнінде болмақ.
Екінші тарау жалпы аударма деген не, аударма теориясы, Әзиз Несин
әңгімелерінің қазақ тіліне аударылуы, әр аудармашының аударма нұсқасына
жеке-жеке тоқталады. Аудармалардан мысал келтіру арқылы, ондағы жетістіктер
мен кемшіліктерге тоқталдық. Сонымен бірге, аудармаларды талдай келе, орыс
тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін анықтауға тырыстық.

Жұмыстың қорытындысы:

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: аударма, аударма теориясы,
көркем аударма, әдебиет, сатира, әңгіме, түпнұсқа, әзіл-оспақ т.б.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

Негізгі бөлім

1 тарау. Әзиз Несин сатирик
1. Сатира деген
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...10

1.2Әзиз Несин шығармашылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

1.3 Әзиз Несин әңгімелерінің өзектілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

2 тарау. Әзиз Несин әңгімелерінің аудармалары
2.1 Аударма деген не?
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .32

2.2 Әзиз Несин әңгімелерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 51

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.54

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін он бес жыл көлемінде
дүнижүзінің жүздеген елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бара-
бара олармен саяси экономикалық алуан түрлі қарым-қатынастары күннен-күнге
қарқынды дамып, өрістеп келеді.
Осы тұрғыдан келгенде президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы
Қазақстан халқына жолдауында былай деген:
Құрметті қазақстандықтар!
Ардақты ағайын!
Біздің елімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан Тәуелсіздікке ие болған
өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт оза
қойған жоқ.
Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлеаеттерінің тәжірибесін және
өзіміздің көп ұлтты, әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс
демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.
Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің
түйіскен тұсында тұр. Біздің міндет - осынау бірегей геосаяси
жағдайларымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін
ұтымды пайдалану болып табылады.
XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесі де алға
қойылғанын да айта кеткен жөн.
Менің тапсырмам бойынша биылғы жылы Қазақ Ұлттық университеті мен
Еуразия Ұлттық университетіне жиырма шетелдік оқытушы-кеңесшілер тарту
мақсатында екі миллион доллар бөлінді.
Қазақстандағы конференциялар аралық татулықтың аса маңызды
тұғырларының бірі. Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностар аралық,
кнференциялар аралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге
таныламыз.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай
отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс.
Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана
істей аламыз.
"Егеменді Қазақстан"
19 ақпан 2005 жыл
Қазіргі кезеңде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы, елдер мен
халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстар ауқымының
кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды қажет етіп
қоймай сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген зәру мәселелерін күн
тәртібіне ұсынып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы орнының
нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік, мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді.
Осы орайда заман талап етіп отырған тұрғыдағы тәржіма ісінің көкейкесті
мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың, талдап-талқылаудың маңызы зор.
Қоғамдағы сан-салалы өзгерістер әдеби аудармаға да тың көзқарастар
туғызып отыр.Ұлттық рухани байланысты басқа ұлттар мен ұлыстарға өз тілінде
ұсынудың мүмкіншіліктері, әлемдегі озық үлгілерді қазақша сөйлету жолдары
назардан тыс қалмауы қажеттіліктен туындап отыр.
Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс-
әректте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс, қазақ және басқа әдеби
шығармалардың байланысы, бір-біріне әсер етуі, типологиясы мен поэтикасы,
әдеби әдіс-амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта
жаңғыруы, аударма шеберлерінің іс-тәжірибелері, отандық және шетелдік
аударма мектептерінің жетістіктері қарастырылады.
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ұлт өмір сүріп отырған жағдайда аударма
мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Аударма жұмысы қазір
біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы процестің барысында
аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қай халықты тексеріп қарасақ
та, ол өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізде алып дамытып
отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі - өзге жұрттың
байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз
мәдениетін өркендеткен, өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің
ғылым-білімін үйренуге ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың
айрықша қызмет атқарғандығы мәлім. Егер біз дүниежүзі халықтарының бәріне
ортақ неше алуан мәдени, әдеби, тарихи мұраларды тізіп, санап, оқып шыға
алатын халде болсақ, ол тек аударманың арқасы.
Кез-келген халықтың мәдени байлығы әдебиет болып саналады.
Әдебиет - сөз өнері. Ол өнердің бір саласы. Қ.Бітібаевтың сөзімен
айтсақ, "әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар "адамтану
құралы" десе, әдебиет пәнін "адам тәрбиелеу пәні" дер едік. Әрбір саналы
азамат өзін өмір сүріп жатқан елді меккеннің, мемлекеттің жеке тұлғасы
ретінде тануы үшін сол халықтың тарихын, тілін, дінін, дәстүрін, тұрақты
территориясын білуі қажет. Ал әрбір халықтың өмір сүруі оның тілімен
байланысты. Кез-келген елді, оның тарихын, мәдениетін жете білу үшін
алдымен тілін, содан соң әдебиетін меңгеру арқылы оның бет-бейнесі, тұлғасы
танылады. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз ел болып отырған қазіргі кезеңде,
қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болған шақта жан-жақты дамыған
саяси-қоғамдық, кәсіби белсенділігі жоғары аудармашылар тәрбиелеу -
заманымыздың басты талаптарының бірі болып отыр.
Әдебиет тарихы - халық тарихы дейміз. Халық бар жерде әдебиет сахнадан
түсуі мүмкін емес. Әдебиетті халықтың ой-санасы өсуінің, халықтың рухани
дамып, кемелденуінің көркемдік тарихы дейміз.
Әдебиет - бір халықты екінші халыққа кеңінен таныстырып, оларды өзара
табыстыратын, бір-бірін өзара шын пейілден құрметтеуге үндейтін, қысқасы,
рухани теңестіретін өнер екені мәлім. Осыған орай әдебиеттің көтерер жүгі,
атқарар міндеті ерекше.
Әлем халықтарының сонау ілкі заманнан қалыптасқан діни, рухани, наным-
сенімдік дүниетанымының айнасы, поэтикалық құдіретін танытушы фольклерлік
мұраларды толыққанды етіп өзге тілдерге аудару мәселесі әсіресе біздің елде
XX ғасырда бой көтере бастады.
Әдебиет өз тілінде, ұлт көлемінде өсумен қатар, басқа да өскелең ұлт
әдебиетінің шығармаларын ұдайы қосып алып, байып отыратыны бәрімізге
белгілі.
Сонымен қатар біздің бүгінгі таңда тілі мен діні туыстас түркі
тұқымдас елдерменен тығыз әдеби, мәдени байланыстарымыз жолға қойылған
шақта.
Қазақ әдебиетінің бай мұрасы, оның жиналу, жариялану тарихы көптеген
еңбектерге негіз болды. Ұшан-теңіз ауыз әдебиеті мұраларының ішінде
сатираның алатын орны ерекше.
Сол Түрік әдебиетнде өзінің табиғи таланты мен дарындылығы арқасында
идеялық-көркемдік сапасы мен құндылығы жағынан тамаша сатиралық әңгімелер
берген аты әлемге әйгілі әзіл-сықақшы сатирик жазушысы Әзиз Несин
әңгімелері қазақ оқырмандарына да жақсы мәлім.
"Чарли Чаплин кпитализмнің қара ордасына, ондағы қара жүрек қауымға
күлкі оғын боратты. Сөйтіп, ол күлкіні бомбаға айналдырды", - деп
мексикалық киносыншы Лоренто Туррент Розас айтқандай, стирик Әзиз Несин
елді тұмшалаған түнектің тап ортасына күлкінің туын қадап, қаймықпай дабыл
қақты.
Әзиз Несин әдебиет өнерінің сатира жанрында аса көзге түскен
қаламгерлер тарапынан ерекше орынға ие. Осы Әзиз Несин шығармашылығымен
таныса отырып XX ғасырдағы жалпы түрік әдебиетіндегі сатира жанрының
қозғаған мәселелерімен толығырақ таныса кетеміз. Сол кездегі сатириктердің
сатираны қару ретінде ала отырып халқының қандай күн кешіп, қандай
қиындықтарға душар болғандығына көз жеткіземіз.
Әзиз Несин өз әңгімелер жинағында жазып өтекендей: "Түрік сатирасының
басқа әдебиет жанрынан айырмашылығы, ол қарапайым халықты меңзейді, халыққа
қызмет етеді, халық сөзін сөйлейді. Біздің халық сатираға біріншіден, ішкі
жан дүниесін шығарып шерін тарқату үшін, екіншіден, өз еріктері мен
бостандықтарын қорғау үшін сатираны пайдаланады."
"Тарихта - дейді Әзиз Несин, - сатира жанрына қарсы күрестің нәтижесі,
әрқашан сатираға күресті бастағандардың пайдасына емес, керісінше, олардың
сатира алдында тізе бүгуіне әкеп соқтырады." Әсте ол солай болады.
Сатирик жазушы Әзиз Несин шығармашылық өзінің ұзақ ғұмырында кітаптары
дүние жүзіне бірте-бірте шағын әңгімелерімен танылды. Әзиз Несин
әңгімелерінің ерекшелігі оның әрқашан халқының ең бір маңызды, көкейкесті
мәселелерін ашық жазуында, яғни оның күші шындықта жатыр.
Түркияның өзінде Әзиз Несиннің 57 кітабы, оның ішінде 31 - әңгімелер
жинағы, 7 - романы, 1 - ел аңызы, 1 - сатиралық өлеңдер, 3 - фельетоны, 8 -
пьсасы, 2 - ертегілері және 4 - еске алу кітаптары жарық көрген. Жалпы
кітаптарының тиражы 1200-ден асып кеткен екен. Бұл өзінше ұлттық рекорд
болып саналады. Ал егер басқа тілдерге аударылған кітаптарымен алғандағы
тиражы екі миллион данадан да артық болды.
1973 жылы Әзиз Несин кітаптары Түркияда - 87 рет, Иранда - 38 рет,
Болгарияда - 5 рет, Германияда - 5 рет, Грецияда - 3 рет, Румынияда - 3
рет, Венгрияда - 2 рет және де Польшада, Францияда, Югославияда, Австрияда,
Албания - бір реттен шықты. Кеңес Одағында оның кітаптары 4 рет орыс
тілінде, 2 рет әзірбайжан тілінде, 2 рет грузин тілінде, эстон мен армиян
тілдерінде бір-бір реттен жарыққа шықты.
Осы сатираны қазақ оқырмандары да сүйіп оқиды десем қателеспген болар
едім. Осы түріктің көрнекті сатиригі Әзиз Несиннің әңгімелерінің қазақ
тілінде сөйлегеніне де біраз болды. Өзіміз білеміз кез-келген жанрдағы
шығарманы аудару үшін аудармашы да сол жанрды ерекше білуі қажет, дәлірек
айтсақ "сатираны аударатын адам да сатирик болу керек" деген сөз. Ал Әзиз
Несин әңгімелерін қазаққа танытуда ерекше үлес қосқан аудармашыларымыз
сатирик болды ма, жоқ па. Олар мыналар еді.
Оспанхан Әубәкіров (1934 - 1986) Алматы облысының Жамбыл ауданындағы
Үшбұлақ аулында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік
консерваториясының театр жакультетін тамамдаған. Негізгі мамандығы актер
болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.
Ол республикалық газеттерде, "Арада" қызмет істеген. Сатиралық жанрмен
бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың
әндеріне мәтін жазумен, ал ең бастысы бізге аудармамен айналысады.
Әзиз Несиннің "Ахиреттен келген хаттарын", Бранислав Нушичтің "Менің
өмірбаяным", Лао Шэнің "Мысықтар қаласын", Э.Рапкенің "Мюнхаузеннің
хикаяларын" қазақ оқырмандарына ұсынған.
1983 жылы балаларға арналған "Қағаз қалпақ" сатиралық жинағы үшін
Қазақстан жазушылар одағының сыйлығы берілді.
Қалтай Мұхамеджанов (1928 - 2001) Қызылорда облысының Тереңөзек
ауданындағы Шіркейлі аулында дүниеге келген. 1953 жылы Ташкенттің театр
және көркемөнер институтын бітіріп шығады. Қазақстан Республикасының
Мәдениет министрлігінде, мемлекеттік кино комитетінде, Қазақстан Жазушылар
одағының, Киномотографистер одағының екінші, бірінші хатшысы болады. 1988 -
1998 жылы республикалық "Ара - Шмель" журналында, халықаралық "Заман
Қазақстан" газетінде бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдары халықаралық
"Түркістан" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Шығармашылық жолын М.Горькийдің "Тоғышарлар", С.Айнидің "Құлдар",
Айбектің "Киелі қан" сияқты атақты туындаларын аударудан бастаған. 1959
жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында "Бөлтірік
бөрік астында" атты тұңғыш драмалық туындысының премьерасы болды. Мұнан соң
қаламынан "Құдағи келіпті", "Қуырдақ дайын", "Өзіме де сол керек" сияқты
комедиялары туып, сондай-ақ "Жат елде", "Біз періште емеспіз",
"Көктөбедегі кездесу"(Ш.Айтматовпен бірігіп жазған) атты драмалары
республикалық және облыстық театрлар сахналарында тұрақты қойылды.
"Шыңдағы шынар", "Айман-Шолпан" киносценарилерінің де авторы.
А.Қаһардың "Ауру тістерін", Ш.Айтматовтың "Ана - Жер - Ана", "Арманым,
Әселім" пьесаларын, "Ақ неке" повесті және шығыс классикасының "Мың бір
түн" ертегісін (бірінші, төртінші томдарын!) қазақшалады. 1978 жылы
"Жазушы" баспасынан таңдамалы шығармасының екі томдығы жарық көрген. Қазақ
халық жазушысы (1992 жылы) "Құрмет Белгісі", Халықтар достығы, "Парасат"
ордендерімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік жоғары наградаларымен
марапатталған.
Есенжол Домбаев 1938 жылы 2 мамырда Атырау облысының Шолақ Шағыр деген
жерде туған. Осы ауылдағы Елтай орта мектебін 1956 жылы бітірген соң,
Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында, НИИАТ-та қара жұмысшы болып
істеген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік
консерваториясының театр факультетін бітірген. Бұдан кейінгі жылдары
"Қазақстан пионері", "Ара", "Жаңа фильм" киностудиясында әдеби қызметкер,
фельетонист, бөлім меңгерушісі, аға редактор, бірлестік директоры болып
қызмет істейді. Жұмыс жасай жүріп, ҚазМУ-дің журналистика факультетінде
сырттай оқиды. 1957 жылы оның Әліби Жангелдин Қазақ қаласында діни
семинарияда оқып жүрген кезінен жазған "Алғашқы сабақ" атты бір актілі
драмасы республикалық бәйгеде екінші сыйлық алды. "Біздің ауылда қызықтар
бола береді", "Өтірік әңгіме" атты комедиялары облыстық театрларда
қойылған. Н.Гогольдің "Мұрын" повесін, М.Салтыков-Щедриннің "Бір қаланың
тарихы" романын, серб сатиригі Б.Нушичтің "Менің өмірбаяным", болгар
сатиригі Чудомирдің "Ескерткіш" деген атпен шыққан әңгімелерін, және де осы
түрік сықақшысы Әзиз Несиннің әңгімелерін қазақ тілінде сөйлеткен.
Ғаббас Қабышұлы 1935 жылы көкек айының 9-да Шығыс Қазақстан
облысындағы Ұлан ауданының Ұранхай аулында дүниеге келген. 1955 жылы
облыстық "Алтай большевигі" (Қазіргі "Дидар") газетінде корректор, бөлім
меңгерушісі, жауапты хатшы болды. 1966 жылы республикалық "Қазақ әдебиеті"
газетінің редакциясына ауысып, жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет,
әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болып істейді. 1962-68 жылы ҚазМУ-да
журналистика факультетінің сырттай оқып, жоғары білім алады. 1983 жылы
республикалық "Ара-Шмель" сатирал журналының бас редакторы болды.
Әзіл сықақ, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз, мақала жазды.
14 жинақтың авторы. Орыс әдебиетінен А.Чехов, Д.Ленч, С.Михалковтың; украин
әдебиетінен О.Вишнянның, серб әдебиетінен Б.Нушичтің әңгімелерін, түрік
әдебиетінен Әзиз Несиннің "Футбол королі" сықақ романын, таңдаулы әзіл-
сықақ әңгімелерін аударып шыққан.
Қазақ баспасында да "Өзің кінәлі" деген әңгімелер жинағы, "Король
футболы" деген романы, "Ахиреттен келген хаттар" атты кітаптары жарық көріп
ұсынылған.
Сатирик жазушының шығармашылық ұзақ жолын, жолындағы көптеген
қиыншылықтарын, әңгімелерінің астарлығын, тарихи маңыздылығын, оның алдымен
орыс тіліне одан кейін орыс тілінен қазақ тіліне тәржімаланғандығын,
тәржімаларының ерекшеліктерін салыстыра қарастыратын бұл еңбек 3 бөлімнен
тұрады. 1 тарауда сатириктің өмір жолы мен шығармашылық жолын нақтылы
деректермен негізге ала отырып XX ғасыр түрік әдебиеті мен тарихына көз
жібереміз. Ұлы қаламгердің жазушылық келбетін танып, өмір жолындағы
танымын, парасат-пайымын жете түсініп, ұғамыз, қаламгердің әңгімелерінің
өзектілігін, тақырыптық аясын, сатиралық әңгіме астарында не жатқанын жете
түсінуге тырыстық. Ал қаламгер еңбектерінің қазақ тіліне аударылған
әңгімелерінің орыс тілімен салыстырып талдған 2-тарауда аудармашыларымыздың
аударма ерекшеліктері мен сөз шеберлігі, түпнұсқаның негізгі ойын дәл
берілген-берілмегендігін, аударма теориясына сай қолданған тәсілдеріне
анализ жасалды.

1-ТАРАУ. ӘЗИЗ НЕСИН САТИРИК

1.1 Сатира деген не?

Cатира терминінің шығу тарихын, этимологиясын әркім әр түрлі
түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, ежелгі гректер жүзім
өсірушілердің, жүзім шарабын жасаушылардың құдайы - Дионистің ән салып, би
билеп, күлдіріп, көңілдендіріп жүретін жол серіктерін "Saturos" деп атаған.
"Сатира" атауы сол сөзден шыққан деп тұжырымдайды.
Қазір "сатира" атауы әр түрлі мағынада қолданыла береді. Біреулер
әдебиеттің бір тегі (род) деп түсіндіреді. Тағы біреулердің ұғымында,
сатира - жағымсыз болмыс, құбылыс атаулыны сынап-мінеп, әшкерелейтін әдеби
шығарма. Мысалы, Д.Н.Ушаковтың редакциялауымен шыққан "Орыс тілінің
түсіндірме сөздігінде "сатира" - өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі,
келемеж түрінде көрсететін әшкереулеуші әдеби шығарма" делінген.
1941 жылы шыққан "Шетел сөздерінің сөздігінде": "Сатира - болмыстың
жағымсыз құбылыстарын ащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі" деп
жазылған. Сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я.Эльсберг:
"Сатира - болмысты әдебиет пен өнерде көрсетудің бір әдіс-тәсілі" деп
түсіндіреді. "Сатира" - маңызды, пайдалы нәрсе, бірақ бұл өнердің
айқындаушы жанры емес" деп, сатираны түр ретінде қарастырады Д.Николаев [7,
9].
Зерттеушілердің басым көпшілігі сатираны жанр деп біледі, біреулер
болмысқа көзқарастың бір көрінісі деп санайды, енді біреулер оны типтендіру
әдісі деп те атайды, тағы біреулер әдебиеттің тегі (род), түрі ретінде
таниды.
Сөйтіп, сатираның қоғамдағы жағымсыз болмыс, құбылыстарды, адам
бойындағы ұнамсыз мінез-құлық, әдеп, тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу,
келемеж ету ниетімен жазылатыны жөнінде әдебиет зерттеушілерінің пікірлері
бір арнаға саяды, бәрі де оның осы пафосын мойындайды. Бірақ олардың бірі
үшін сатира - әдебиеттің бір тегі, екіншісі үшін - өмірдің жеке елестерін
суреттеп берудің әдіс-тәсілі, үшіншісі үшін - әшкерелеуші әдеби шығарма,
төртіншісі үшін - көркем әдебиеттің өзіндік түрі.
Жазушыларымыз бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық
пафоспен жазылған, таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін
құрайды. Өйткені оларда өмірді зерттеп білудің, суреттеп берудің өзіндік
эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-тәсілдері қолданылады. Болмыс -
құбылыстарды бағалап, түсінудің ерекше формалары пайдаланылады. Яғни сатира
қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге
негізделеді. Шаржға, карикатураға, гротеск, сарказм, иронияға иек артады.
Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту,
адам қиналысын аңдау, адам жүрегінің түкпіріне үңілу, көңілділік пен
күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау
тоғысып жатады. Сонымен, сатира қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды.
Сатира - болмысқа эстетикалық қатысының өзіндік ерекшеліктері бар,
өмір құбылыстарын зерттеу, көрсетуде, өзіндік әдіс-құралдары, өзіне тән
табиғаты, сыр-сипаты бар дербес әдебиет жанры деп түсінеміз. Сатираның
әшкерелеу пафосымен жазылатын көркем шығарма екені де рас. Сатиралық роман
мен повесть те, сатиралық әңгіме мен мысал да, породия, шарж, эпиграмма да,
фельетон, памфлет - бәрі де көркем туынды. Бәріне де әдемі тіл, әдеби ажар
шарт. Оларды оқырмандар сөз жоқ көркем шығарма деп оқиды.
Көрнекті орыс зерттеушілері Д. Николаев та, Л. Ф. Ершов та, У.
Гуральник те сатира сырларын өздерінше түсіндіре кеткен болатын. Мәселен,
Л.Ф.Ершов "Сатирикондада" күлкілі новелла, фельетон, юмореско, анекдот және
жеке шумақ жетекші жанрлар болды", деп жазады. Сол сияқты әлгі Д.
Николаевтың "ескіден келе жатқан әдеби сатиралық жанрлардың бірі - мысал
(басня)," деп, У. Гуральниктің "...дүркінді баспасөз қазір жол-сапар очерк,
ашық хат, қағаз шетіндегі ескертпелер (критические коментарий), шолу -
породия сияқты жаңа деректі сатиралық жанрларды нәтижелі дамытып келеді," -
деген пікірлері де осыған дәлел [7,10].
Сатира мен юмор қашан, қайда пайда болған деген сұраққа, олар алғаш
пәлендей ғасырда, түгендей елде пайда болды деп кесіп айту мүмкін емес.
Бізге жеткен жазбаша сатира - біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың аяғы мен
IV ғасырдың басында өмір сүрген Аристофан мұрасы. Бұған қарап сатира, юмор
бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғана, Грек жерінде алғаш пайда болған екен
деп түсінуге болмайды. Одан бұрын адам баласы сатиралық рухани байлық
жасамаған екен, қуанып, күлмеген, ренжісіп, кекетіспеген екен деп
түсінгеніміз дұрыс емес. Миллиондаған жылдар бойы адамзат бұрын да қарап
жатпаған, небір рухани сатиралық байлықтар жазып қалдырған. Бірақ олар
бізге жетпей қалған.
Сатира зерттеушісі Д. Николаевтың айтуынша: "бір нәрсе айдан анық;
сатира "сатира" деген атаудың өзі тумай тұрып пайда болған" [7,27]. Бұл -
әбден дұрыс пікір. Сөз жоқ, дүниеге алдымен бөбек келіп, сонан кейін оған
ат қойылатыны сияқты, тарихи аренаға алдымен сықақтық дүниелер келген,
артынан "мұны не деп атаймыз" деген сұрақ туған. Сонда ғана "сатира" деген
атау пайда болған. Сатира - фактіні көре алатын, оны жинақтап, типтендіре
білетін, болмыс құбылыстардың әлеуметтік мәнін көркем де бейнелі тілмен
ашып, суреттеп беретін әдебиет саласы деп түсінеміз.
Ал, енді, сатираға қандай адамдар икемді, бейім болады?
Мысалы, буржуазиялық эстетика, буржуазиялық әдебиет теоретиктері
сатираға бейімділікті адамның мінез-құлқынан іздейді. Олардың айтуынша,
өзінен гөрі басқаның қамын көбірек ойлайтын, адамға деген, болашаққа деген
сүйіспеншілігі мен жан жылылығы мол, кешірімді, қайырымды адамдар юморист
болады.
Біздіңше, сатираға тазалық пен тұрақтылық, игілік пен ізгіліктің
қадірін білетін, адамгершілігі мол адамдар бейім болады. Басқаның да, жалпы
ел-жұрт, қоғам атаулының қамын ойлайтын қамқорлар ғана ненің дұрыс, ненің
теріс екенін тап басып тануға ақыл-парасаты жететіндер ғана болады. Бірақ,
"сатирик қайрымдылығы" дегенді дұрыс түсінген жөн. Ол дерттің зияндығын
кішірейтіп көрсету, барды жасырып, жоқты асырып, сынды сыбырлап айту,
кінәлілердің маңдайынан сипау емес. Қайрымдылық - әшкереленуге тиісті
кесапаттарды игі ниетпен ашық та бүкпесіз келекелеу, достың жылатып айтуы.
Адам бар жерде сын-сықақ бар, күлкі бар. Сондықтан орыстың ұлы
драматургі А. Островский, "жұрт әзілдесе жүріп өмір сүріп, әзіл күлкімен
өледі" - деген. Осыған үндес пікірді біздің ұлы ойшылымыз Абай да айтқан:
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
- деген жолдарынан адам бұл жалғанда өлеңдете, әзіл-қалжың айта жүріп еңбек
етеді, күле жүріп күреседі, қарсыласын ағыта жүріп жеңіске жетеді, дегенде
жатыр емес пе?!
Әрбір жазушы, әсіресе сатирик, өз шығармашылығына сын көзімен,
юморлық, ирониялық талаппен қарауға тиіс. Өзіне-өзі күле қарап, өзін-өзі
түзетіп отыратын адам ғана басқаның да мінін көре алады, күлкі ете алады.
Әрі бұл керемет қабілет пен қасиет өзін-өзі артық бағалап бара жатқандардың
"кеудесін басады", "сабасына түсіреді", аспандатпай жерге табанын тигізіп,
төңіректегі елді, өмірді көруге мәжбүр етеді.
Мысалы, сатирик Сергей Михалковтың: "Неге сіз сатиралық пьесалар
жазасыз?" - деген сұраққа: "Менің табиғатым адамдардың өмір сүріп,
жасампаздық жасауына, өздерінің мүмкіндіктерін еркін көрсетуіне кедергі
келтіретін, адамгершілікке жат, кісілікке жатпайтын өнегесіздіктерге,
мещандыққа қарсы күресуді қажет етіп тұратын болу керек," - деп жауап беруі
- осы пікіріміздің бір дәлелі.
Сатира - батыл, туралықты, шындықты айтудан тайынбайтын, қорқақтыққа,
сасқалақтыққа бой алдырмайтын, дертті түйреп тастайтын, адамдардың үлесі.
Сатира атаулының жауы - жалтақтық. Олар тегеурінді белсенділікті,
күрескерлікті, сын объектіге тайсалмай қарсы баруды қажет етеді. Демек,
сатира - үлкен рухани, идеялық күштіліктің белгісі.
Адамзаттың алғашқы тапсыз қоғамындағы сатира мен юмордың сипаты мен
мақсаты кейінгі таптық қоғамдардағыға қарағанда өзгеше еді деп болжауға
болады. Ол тұста сатира жалпы адамдарға ортақ көңіл көтеру, пікір
тапқырлығы, ой ұшқырлығы жағынан өнер жарыстыру құралы ретінде қолданылған.
Ондағы сатира, юмордың сынап-мінеп әшкерелеуден гөрі, әзіл-оспақтық, жай
қалжыңдық сипаты, ролі басым болған. Яғни тапсыз қоғамда сатирадан да юмор
кеңірек етек алған, алдыңғы қатарда тұрған.
Ал адамзаттың кейінгі тарихы - таптық қоғамдар тарихы. Қарама-қарсы
топтарға бөліну теңсіздікті, адамды адамның қанауын, ұлттар мен мемлекеттер
арасындағы антогонизмді, ол антогонистік қайшылықтар тап күресін туғызып,
күшейтіп отырады.
Кескілеспей бітіспес тап күресі бұл тұста дәуір талабына, заман
ағымына қарай, сатираның сыр-сипатын, пафосын мүлде өзгертіп, оның
қоғамдық, әлеуметтік рөл - маңызын арттыра түскен. Енді, ол көңіл көтеру,
өнер жарыстыру міндетінің үстіне таптардың бірін-бірі мұқату, тұқырту,
әшкерелеу, яғни тап күресінің құралына айналған. Бұл тұста алға сатира
шыққан.
Демек, теңсіздік қоғамда езілуші таптың езуші тапқа деген өшпенділігі,
қарсылығы артады. Бұл олардың арасындағы қайшылықты шиеленістіріп, күресті
күшейтеді. Ал, қайшылық, күрес күшейген жерде таптар сатира туғызбай,
сатира қолданбай тұра алмайды. Сатираның гүлдену, кемелдену, айбынды көріну
дәуірінің қиянкесті күрес, аласапыран алыс-жұлыс жылдарына келетіні де
сондықтан.
Еңбекші бұқара бірте-бірте сатира мен юморды өзінің фольклерлік
туындыларында пайдаланып, сол арқылы құдайлар мен патшаларды, помещик пен
алпауыттарды, елді езуші басқа да үстем тап өкілдерін әшкерелеуді
күшейткен. Мұнан кейін сатира мен юмор фольклорлік мұраларда ғана емес,
нақты автордың да творчествосынан орын тебе бастаған. Әр халық өзінің
сатириктерін туғызып, өз әдебиетінде сатираны мүлде биікке көтеріп әкеткен.
Олар әр дәуірде өзінің сатирасын жасаған.
Осы тұста бір атап айтар нәрсе - шынында да, бұрынғы таптық қоғамдарда
үстем тап өкілдері сатира мен сатириктерге мүлде қатал қараған, мейірімсіз
болған. Оларды атып, асып, айдап, жер аударып, көзін жойып, үнін өшіріп
отырған. Мұндай қуғынды Ежелгі Рим, Грек, орта ғасырлардағы әр елдің-ақ,
өткен ғасырлардағы орыс, қазақ, түрік сатириктері де көрген. Неге бұлай
еткен деген сауал жауабы К.Маркстің мына пікірінде жатыр: "Дүниежүзілік
тарихи форманың ең соңғы фазисі - оның комедия болуы. Бір Эсхильдің
"Бұғауланған Прометейінде" өлмекші болып, трагедиялық жарақат тапқан Греция
құдайлары Лукианның "Әңгімелесулерінде" ("Разговоры" - шығармаларының аты)
комедиялық түрде тағы да өлуге тура келеді. Тарих неге бұлай дамиды? Бұл
адам баласы өткендегісімен көңілді түрде хош айтысуы керек".
Яғни тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде ескі қоғам, оның құрылысы,
тәртібі ел-жұртты қанағаттандырудан қалады. Халық оны мансұқ етіп, жаңа
қоғам іздестіруге кіріседі. Бара-бара іріп-шіріп, тозығы жеткен ескі
қоғамдық құрылысты келемеж етіп, мазақтай бастайды, күлкіге айналдырады.
Ақыры оны өз әндерін салғызып, өз билерін билетіп тұрып тарих сахнасынан
ажуалап айдап шығады.
"Кемшілік, олқылық, жамандық атаулыға қарсы күресте сатира мен юморды
қару етіп пайдалану үшін біз дерт иелерінен анағұрлым биік тұруға, идеялық,
моральдық жағынан күшті болуға тиіспіз. Сонда ғана сын объектілерін
тұқырта, жөнге сала аламыз" дейді сатириктер.
Әзіл-қалжың да - өнер. Ол да оқуды, тоқуды, көп ізденіп, тәжірибені
жинауды, қақтығысқа жиі түсіп ысылуды қажет етеді. Сондықтан, бұл өнерді де
қырлап, сырлап, әдемілей беру, ширата беру - парыз. Бұл орайда
оқырмандардың "әзіл-қалжыңды арттыра түссек, ой-қиялды тәртіпке келтіре,
адамдарға ләззат, сүйіспеншілік әперетін құрал ретінде дамыта берсек, сөз
қадіріне жетіп, кісіні құрметтеу, көңілін қалдырмау, абайлап тәрбиелі
сөйлесуді дәстүрге айналдырсақ" дегені - қостайтын орынды пікір.
Қалжыңның да жөні бар демекші, мысалы, біреумен әншейін қалжыңдасып
көріңізші, немсе қырсығы көп қысыр сөзді бейауызбен қалжыңдассаң құтыла
алмай қор боласың. Оның іріген аузынан шыққан шіріген сөздері жаныңды
жегідей жейді, өзіңді ұятқа қалдырады, абыройыңды төгеді. Ендеше әзіл-
қалжың қақтығысына қатысатындардың бәрінің де тәрбиелі, талғамды болғаны
абзал. Әзіл-қалжыңның сәтті, ұстамды, тапқыр шығуы қақтығысушы екі жақтың
да ізетті, инабатты, мәдениетті болуын талап етеді.
Мойындайтын бір шындық - әлемнің сатира аталатын саласының ежелгі
заманнан еншісіне тиген саяси салмағы, әлеуметтік жүгі күні бүгінге дейін
бір мысқал жеңілдеп көрген жоқ. Қоғамдық сана өскен сайын, оның тәрбиелік
сапасы да арта түсіп, алған нысанасы да, айтар уағызы да жаңа рең, өзгеше
өрнек, өнімді ой-өрісінде туындап, өзгеріп отырмақ. Өзгермейтін тек
сатираға қойылар - неге күлдің? қалай күлдің? деген сауал ғана.
Күлкінің жөн-жосығына келсек: тентекті тезге салу, оспадардың орнын
көрсету, ақымақты ақылға жүгіндіру, зұлымның зәресін алу, көргенсіздің
көзін ашу, әдепсіздікті ауыздықтау, алаяқты аттап бастырмау, жағымпазды
жарға жығу, қорқаққа көңіл айту, пасықтықтың парқын, мансапқордың нарқын
таныту болса керек. Күлкі демекші, жоғарыда еске алған екі сауалдың
жауабына жұлын болатын нағыз күлкінің алмастың жүзімен ойнап, зергердің
бізімен шегілетін қиындығын арғы-бергі замандағы өнер ойшылдары талай
дәлелдеген. Мұндайда, көбіне, сатираның шекпенін жамылып бүргеден - бөдене,
кенеден - кебеже көріп, жыланнан - аяқ, құмырсқадан - саяқ іздейтін, қармен
от тұтатып, қайғыдан қуаныш табатын, майдан маржан тізіп, жұмыртқадан жүн
қырқатын патуасыз суайттардың мәнсіз мысқыл, қодірең қулық, дәйексіз
дарақылық, әлжуаз әзіл, арзан аярлығынан өрбитін зейін-зердесіз күлкі
алуандары әлсіздіктің айғағы бола отырып, әрі барса, сана саяздығы мен
надандық нышанын танытатын рухани қайыршылық екені де талай ескертілген.
Түптеп келгенде,
сатираның мұраты "мінді көріп отырмын" деп, мәз болып күлу емес, күліп
отырып мінді мансұқ ету деген тұжырымға бір ауыздан келуге болады.
Демек, адам рухының құдыретін ту етер, астарлы асқар, ізгі ықыластан
туған, безендіре отырып бірлікке, ықтыра отырып уаж-ынтымаққа мегзер,
уытында ұйытқылық қасиеті бар күлкі ғана анық өнер, әділ таразы болып
өмірдегі ұстаздық парызын өтейді.
"Әннің де естісі бар, есері бар..." - деп Абай атамыз айтқандай,
күлкінің де түзігі мен бұзығы бар. Тілі шығып, есі кіріп,
төңірегіндегілердің сөз төркінін ұққаннан бастап айналайын бұл адам дегенің
күлкінің талай сырына қанып өспей ме. Біреу өзі күледі, біреу өзгеге күлкі
болады. Біреу дұрысқа күледі, біреу бұрысқа күледі. Бұлайша шотқа сала
берсек, біраз жерге баруға болады. Бірақ, біз күлкі жөнінде баяндама
жасағалы жатқан жоқпыз, біз осы күлкі шіркіннің оңдысы мен сорлысын бес
саусағындай біліп өткен, көптеген керемет шығармалар қалдырған түріктің аты
әлемге әйгілі әзіл-сықақшы Әзиз Несин творчествосымен танысамыз.

1.2 Әзиз Несин шығармашылығы

Арғы тегі Қожа Насыр күлкісімен төркіндес жатқан бүгінгі түрік
топырағының түлегі, бүкіл әлемге мәшһүр болған Әзиз Несиннің күлкісі -
өзінше үні-сазы ерекше күлкі. Қазір дүние жүзінде Әзиз Несин шығармаларын
өз тілінде
оқымайтын сауатты халық кемде-кем десе де болады. Әдебиеттің өлеңнен басқа
жанрының бәрін де жазған (роман,
пьеса, киносценарий, эссе) Әзиз Несин, әсіресе, сатиралық әңгімелерімен аса
үздік шыққан жазушы. Әзиз Несин Мольердің: "Күлкіден қалса адам - адам
болудан қалады" деген қағидасын түрік баспасөзінде ұран ғып ұстаған жазушы.
Әзіл-сықақ әңгімелерімен жеті ықылым әлемге мәшһүр Әзиз Несиннің 1915
жылы шыр етіп жарық дүниеге келгенде, азан шақырылып қойылған есімі Мехмет
Нүсрет екен. Қалт-құлт етіп күнелтіп жүрген Әзиздің (әкесінің аты) тұңғышы
боп ол туған тұс бірінші дүниежүзілік соғыс сұрапылы өршіп тұрған шақ
болыпты да, Шанаққала түбінде шайқасып жатқан отандастарының жеңіске жетуін
жатпай-тұрмай тілеп жүрген Әзиз нәрестесіне ырымдап ат қойыпты: түп-төркіні
араб тілінен тараған "Нүсрет" деген сөздің түрікше мағынасы "алладан медет"
немесе "алладан рахымет" екен. Алланың өзі сүйеу болып, соғыста жеңіп
шығайық, нәрестеме де құдайдың көзі түзу болсын деп түйген ғой әке байғұс.
Әке ырымының қалай болғаны өзіне аян шығар, бірақ баласы жап-жақсы есімінен
ержете бере айрылып қалады. Оның себебін Несин-бейдің өзі айтсын:
"Бізде 1933 жылы фамилия туралы заң шықты да, Түрік республикасының
күллі азаматтары өздеріне фамилия қабылдауға міндетті болды. Әркім көңілі
қалаған фамилияны көздеп ала бастады. Көпшілік қызық қой, баз біреулер
тіпті өзінің жаратылысына жараспайтын сөздерге жармаса бастады. Сөйтіп,
әншейіндегі сужүректер - қаһармандықты, сараңдар - жомарттықты, әлжуаздар -
күштілікті, кедейлер - байлықты дәріптейтін өрескел фамилияны шімірікпей
иеленіп шыға келді. Ал, жақсылық нышаны атаулыдан әрқашан махрұм қалып
жүретін мен бейбаққа емен-жарқын
фамилия да бұйырмады. Сосын, амал не, біреулердің фамилиясына ортақтасып
қалмайын, заңға томпақ келіп жүрер деп топшыладым да "Несин" бола салайыншы
дедім. Мұның мәні: "Әзиздің перзенті, сен кімсің, несің?" - дегендей еді.
Күндердің күнінде біреу-міреу: - Әй, мұның не? - дей қалса, өзімнің
шынында кім екенімді ойлай жүрейін дегенім ғой" (Әзиз Несин "Менің
өмірбаяным") [3,4].
Әзиз Несин, үйінде көк тиыны жоқ сіңірі шыққан кедей адамның үйінде
дүниеге келеді. Есейе келе бала болашағына көз жіберіп, ойлана бастайды. Он
екі жас шамасында Әзиз Несин Дарюшшафака деген Стамбулдағы жетімдерге
арналған орта білімді мектеп интернатында дәріс алады. Сол кездің өзінде
жас Әзиз Несин шығармашылық өнерге, әдебиетке, театр мен музыкаға
қызығушылық танытады.
Әрі де әке-шешесіне жаны ашыған бала оларға салмақ салмай, өз күнін
өзі көру үшін әскери мектепке оқуға түсіп кетеді. Әскери оқуда оны тегін
киіндіріп, тегін ішіндіріп, тегін оқытады. Әскери мектеп ол сияқты жарлы
балаларының білім алуына үлкен кепілдік береді. Бұл жерде де Әзиз Несин бар
ынтасын салып тырысып оқиды.
Әскери оқуды тәмәмдағаннан кейін Әзиз Несинді алдымен Фракияға,
артынан елдің шығыс жағындағы Карса ауданында әскери борышын өтеуге
жібереді. "Аспаннан шұға жауса, құлға ұлтарақ тимейді", дегеннің растығына
көзі жете бастаған Әзиз Несинге 1938 жылы "мұртқа өкпелеп жүргенде, сақал
шығады". Әскери қызметке еріксіз барған Әзиз Несин сол жылдары ащы өмірдің
сұрықсыз сиқын әжуалап сықақ әңгіме жазуға бел байлаған екен. Бірақ,
әскердегілерге хаттан басқа ештеңе жазуға рұқсат берілмепті де, болашақ ұлы
юморист һәм сатирик әзіл-сықақ әңгімелерінің соңына әкесінің аты мен өз
фамилиясын қойып, көз бояп отыруға мәжбүр болыпты, "Әзиз Несин" деп. Осыдан
оны солай атап кеткен сыңайлы.
Сол кездері, яғни 1938 жылдары журналдарда оның тұңғыш шығармалары
жарық көре бастады. Сонда да бала күнгі драматург болармын деген арманы
ешқашан есінен кетпейді. Армияда жаяу әскер, атты әскер, артиллерия деген
сияқты әскер бөлімдері бар, ал драматургия деген әскер бөлімі жоқ, болған
да емес. Сондықтан, әскерден қайткенде босап кетемін деген ойы жаһатында
болады.
Ақыры аңсаған арманы орындалып, 1944 жылы аға лейтенант атағымен
ауылға да келеді. Содан кейін де Әзиз Несин қарап қалмайды, өнер
академиясына оқуға түсіп кетеді, бірақ ондағы оқуы бірнеше айға ғана
созылады.Ақша құрығырдың жеткіліксіздігінен Стамбул университетінде де
оқимын деген ниеті іске аспай қалады. Ал, артист болам деген арманы сол бір
орындалмас армандарының бірі болып қала береді.
Тағдыр тауқыметін тумай жатып-ақ тартқан Әзиз Несин күнкөріс
қарекетіне қабырғасы қатпастан кіріседі. Қолбалалыққа жарасымен қанаушылық
қамытын киген. Қай жерде, қай шонжардың маңында жұмыс барын құлағы шалса,
сонда жүгірген. Сіңірі шыққан жарлы түрік баласының "маңдайына жазылғаны"
сол болса керек. Бала кезінен мазақ пен қорлыққа, әңгір таяққа төзіп өседі.
Әзиз Несинге айналып, әңгіме жазуға қолға алғанда оны еріккеннен ермек
етпегені және рас. Туған-туысқандарын асыраудың жалғыз жолы қалайда
қаламақы табу екенін көрді де, жалданғандағы ақысы не тамаққа, не киімге
жетпейтін қызмет атаулының қызығынан құтылып бақты. Әдебиетпен тапқан
табысы тамағын ақтамаған соң, кез-келген нәрсемен кәсіп етуге тура келді.
Қыр қыдырып, сыр сыдырып бақалшы да болады, шот қағып, есепші де болады,
фотограф болып, сурет те түсіреді, газет сатушы да болады. Бірақ, жан
дүниесі сол ақын қалпында қала береді. Сол кездері өкінішке орай өлеңге
ондай ақша төлемегендіктен, табыстың жалғыз көзі әзіл-сықақ әңгіме жазуға
мәжбүр болады. Әзиз Несин әңгіме жазуның бірден-бір себебі де осында.
Алда Екінші Дүниежүзілік соғыс сұрапылы да өзінің қатігездігін
танытпай қоймады. Бейтарап тұрған Түркия мемлекетінде алаяқтық пен
алыпсатарлық өрістей бастайды. Жоғары басқарма қызметінде корупция оты
лаулайды. Түркияның кейбір фашизмді жақтаушы, сатқын генералсымақтары
гитлерлік Германияның қолдап-қорғауын арман етеді. Стамбул қаласы нағыз
шпионаждың орталығына айналады. Кез-келген митингті, бас көтерулерді
жоғарғы жақтан басып, жаншып тастап отырады.
Сол кездері халыққа фашизмнің қауіп-қасіретін ескерткендігі үшін Бурса
қаласының абақтысында аты дүние жүзіне танымал ақын Назым Хикмет те отырған
еді.
Әлі жас Әзиз Несин әдебиетке енді-енді қадам басып келе жатқан еді.
Болашақ қаламгердің көз алдында корупциялық буржуазия, сатқын саясаткерлер,
арам саудагерлер мен ұятсыз кәсіпкерлердің заңсыз істері, олардың сөзін
сөйлейтін заң мен полиция қызметкерлерінің халықты езгіге жығуы тұрды.
1946 жылы Әзиз Несин әйгілі түрік демократ жазушысы Сабахаттин Әлимен
танысады. Екеуінің өмірге деген көзқарастары мен ой тұжырымдары бір жерден
шығып ақыры екеуі ажырамас керемет дос болып кетеді. Екеуі бірігіп "Марко-
паша" атты апталық журнал шығарады. Осы журналда олар түрік елінің қиын да
сұрапыл тұрмыс-тіршілігін, халқының титықтап әбден біткендігн батыл
әшкелелеп жүреді. Ондағы мақсаттары ұйқылы-ояу халқының сана сезімін ояту
еді. Журнал Түркияның жоғары тиражымен өте кең таныла бастайды. Екеуі
журналдарының жоғарғы басшылыққа оңай тимейтінін біліп, баспа
жауапкершілігін екеуі біреуінің атына ғана, яғни Сабахаттин Әлиге жүтеледі
деп ұйғарады. Өйткені, тінту басталып, жауапқа тартса, біреуі ғана сотталуы
тиіс еді, ал екіншісі істі ары қарай жалғастыруы керек болатын. Айтқандай,
үкімет екі достың ісіне балта шабады. Бірақ, екеуі осымен тоқтамайды. Олар
бұл жолы журналдарын "Мерхум-паша" деген атпен жария етеді. Бұл журналдары
да ұзаққа созыла қоймайды. Келессі басылымдарын "Малум-паша" деген атпен
бастырып шығара бастайды. Екеуінің үнін біржолата өшіру үшін оларды
абақтыға қамайды. Сабахаттин Әлиге Әзиз Несиннің жазғаны Ұлы Түркияның
мемлекеттік жиналысына тіл тигізіп, қорлады деген айып тағылады, ал Әзиз
Несинді "Біз қайда кетіп барамыз" деген жазбасында Трумэн доктринасы мен
Амерканың Түркияға көмегін сынады деп жауапқа тартады.
Сонымен, журнал басылымы біржола тоқтатылады. Түрмеден бірнеше айға
ерте шыққан Әзиз Несин қаламдас досын іздеуге кіріседі. 1948 жылдың мамыр
айына дейін Сабахаттин Әли жөнінде біде-бір хабар болмайды. Ендігәрі Әзиз
Несин досын көруге тағдыр жазбаған екен. Сабахаттин Әли қатыгездікпен
өлтіріледі. Көп ұзамай Әзиз Несинді жарты жылға Анталияның батысында
орналасқан Бурсу қаласында, Назым Хикмет жатқан түрмеге тағы жабады.
Түрмеде Әзиз Несин бос жатпай, аштыққа да, суыққа да шыдап, соған
қарамастан білімін толықтыруға кірісіп кетеді. Түрмеде жатып Осман
империясының тарихымен жете танысады, жалпы түркияның көркем әдебиеті мен
мәдениетін оқиды.
Полиция мүшелері Әзиз Несинді үнемі аңдумен болады. Ол бірнеше рет
түрмеге отырады, жер аударылады.Жазушының бес жыл уақыты түрмеде өтеді.
"Өзім тумысымнан шыр бітпеген қатпа едім, содан түрмеде отыра-отыра, ақыры
семіріп кеттім" - деп еске алады қаламгер [3,4].
1954 жылдан бастап Әзиз Несин "Ақбаба" атты әзіл-оспақ журналының
кезекті авторларының бірі болады. Оның әңгімелері журналдағы басқа да
өлеңдер мен әңгімелерден ерекше көзге түседі. Журнал жетекшісі Юсуф Зия
Орташ былай деп еске түсіреді: "Менің қалам ұстағаныма міне елу үш болыпты,
ал олардың "Ақбаба" журналын басып жатқандарына да қырық үш толды. Осы бір
ұзақ уақытта бұл журнал беттері небір атақты деген жазушылар
шығармашылығынан көз ашқан жоқ. Олардың ішінде атақты Эрджюмент Экрем,
Осман Демаль, Решат Нури, Махмут Йесари сынды жазушылар еңбектерінен халық
сусындады. Бірақ осылардың бәрін бірдей алғанда жалғыз Әзиз Несин
әңгімелерінің оқырмандарымен салыстыруға келмейтін еді" - дегені бар.
Соның өзінде 1955 жылға дейін өте көп әңгіме жазса да Әзиз Несин аты
газет журналдарда сирек кездесетін. Өйткені оның әңгімелері басылымға
бүркеншік атпен шығып жүрді. Сол кездері Әзиз Несиннің бір әңгімесі
қытайдың атымен де жарық көрген болатын. Біраз уақыт өте келе сол әңгімесін
толықтырып, басқа газетте "қытай тілінен аударылған" деп қайта басып
шығарды. Және бір әңгімесі француз атымен елге танылды. Сол әңгімесі
француз юморының үлгісі деп "Дүниежүзілік юмор антологиясында" жария
етілді. Ал, бір әңгімесі американдықтарға арналған конкурста бас жүлдеге ие
болады, бірақ жүлдесін американдық болмағандықтан ала алмады.
Оның әңгімелеріндегі негізгі көтеретін мәселе сатқындық, жұмыссыздық,
баспанасыздық, жоғарыдағылар опасыздығы мен озбырлығы болды. Діндік
фанатизм, денсаулық проблемалары, парақорлық проблемалары, эгоизм авторды
қатты толғандырды. Сол кездегі Түркияның ең бір көкейкесті деген
проблемалары осы еді. Осындай қиын шығармашылық өмірінде автор екі рет
үйленіп те үлгереді. Бірінші әйелі әдебиетшінің басында бола беретін
осындай ауыртпалыққа шыдай алмай қашып кетеді. Әзиз Несин сотқа тартылып,
бірінші рет түрмеге түскенде ажырасып тынады. Ол әйелінен екі перзент
сүйеді. Ал екінші әйелінен тағы екі баланың әкесі атанады.
Қолына қалам алған қырық жыл мөлшерінде Әзиз Несин үш мыңнан астам
әңгіме жазыпты. Пьеса, репортаж және басқалары өз алдына. Бірде, оның
әңгімелерінің саны екі мыңға жеткен тұста, әлдекім дүдәмәл таңқалыспен:
- Осынша әңгімелеріңіздің жарық көргені рас па? - десе керек. Көрмегенге
көсеу таң баяғы.
- Егер сіз менің орнымда болсаңыз, сіз мұнан да көп жазар едіңіз. Бұған
таңқалатын несі бар?! Мен он адамды асырауға тиіс болып отырмын, - дейді,
Әзиз Несин, - егер асырауымда жиырма адам болса, онда мен ендігі төрт мың
әңгіме жазған болар едім. Күнкөріс керек, әйтпесе мен сол әңгімелерді
еріккенен жазып жүр дейсіз бе? Ұзын сөздің қысқасы, жазғың келсе де,
келмесе де жазасың!
Тағы бірде сатирик: "Мен білгенде жазушының атағы алдымен өз еліне
жайылып, шет елге сосын тараушы еді, меннің жағдайым бұған керісінше болып
шықты", деп жазады. Рас айтады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨРНЕКТІ ТҮРІК ЖАЗУШЫСЫ ӘЗИЗ НЕСИН ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Түрік-қазақ әдеби байланыстары
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Ислам діні және оның ерекшеліктері
Көркем тәржімадағы адекваттылық мәселесі
Қалтай Мұхамеджановтың прозалық шығармаларды аудару шеберлігі
Машиналық аударманың түрі мен стратегиясы
Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер
Қазіргі прозадағы жерлеу ғұрпының бейнеленуі
Пәндер