Мемлекеттің тетіктері (аппараты)
1. Мемлекет тетіктерінің ұғымы
2. Мемлекет тетіктерінің қағидалары
3. Қазақстан Республикасының мемлекет тетіктерінің жүйесі
4. Мемлекеттік органдар және бюрократия
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕТІКТЕРІ (АППАРАТЫ)
Жоспар:
1. Мемлекет тетіктерінің ұғымы
2. Мемлекет тетіктерінің қағидалары
3. Қазақстан Республикасының мемлекет тетіктерінің жүйесі
4. Мемлекеттік органдар және бюрократия
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Мемлекет тетіктерінің ұғымы
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды.
Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған
адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері
айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік
билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда
мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы,
таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне
байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің тетіктері (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және
мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық
негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік
органдар дегеніз мемлекет механизмнің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық
негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады.
1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде
арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.
2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне
асырады.
3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын
мекеме.
5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу
құқы бар арнайы адамдардың тобы.
6. Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады.
7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.
Президентінің Қазақстан—2030. Жолдауында мемлекеттік аппаратты
жақсарту және оның тиімділігін арттырудың жеті принциптері белгіленген:
1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам
әрі кәсіпқой Үкімет.
2.Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын
жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
4.Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың
есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен
жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
2. Мемлекет тетіктерінің қағидалары
Жалпы мемлекет және құқық теориясында Қағида деген зерттеу объектіні
сипаттайтын негізгі идеялардың жиынтығы. Мемлекеттік органдардың өзіне тән
қағидалары бар. Қағидалар арқылы мемлекеттік органдардың қызметінің
функцияларының мәні айқындалады, демократиялық нышандардың сипаттары
көрініс береді.
Мемлекеттік органдардың мынандай қағидалары бар:
1.Демократизм. Бұқара халықтың билік жүргізуге тартылуы және олардың
мемлекеттік органдарды құруға тікелей қатысуы Қазақстан Республикасының
Конституциясының 3-бабында Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы —
халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау
арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік
органдарға береді, — деп атап көрсетілген. Мемлекеттік органдар халықтың
мүдделеріне сай, міндеттерін атқарулары тиісті. Халық мемлекеттік
органдардың қызметтері мен атқаратын функцияларын өкілетті және тікелей
демократияның тетіктері арқылы бақылай алады.
2. Ұлттардың тең құқылығы. Мемлекеттік органдарды қалыптастыруды және
олардың құрамында барлық халықтардың қызмет істеуіне тең құқыққа ие болуы.
Қазақстанда бұл қағида ешқандай шектеусіз, адамның кәсіби қабілетіне қарай
жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясыньщ 14-бабында тең
құқықтық идеясы мынандай мағанада өзінің шешімін тапты: Тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты, немесе
кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Сонымен қатар ұлттар теңділігіне қол сұғушылар қылмыстық жауапқа
тартылатыны мемлекеттің тең құқықтылықты тиімді қамтамасыз ететіндігінін
айқын көрінісі.
3. Адам және азамат құқықтарының тиімді қорғалуын мемлекеттік
органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі. Қазақстан Республикасы
халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мойындай отырып, адам құқын
қорғауды ең басты құндылықтар қатарына көтерді және конституцияда
мемлекеттеріміздің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп жариялануы соның нақтылы айғағы ретінде қабылданады.
Кеңес дәуірі кезінде адам құқы аяққа тапталынды. Адам мемлекетке тең
құқықтығы партнері емес, керісінше мемлекеттің бөлшегі, тетігі, қажет
болған жағдайда меншігі ретінде танылды. Заңсыз ұстау, қамау, сот үкімсіз
репрессияларға жал беру, адам және азамат құқықтарын басып-жаншу
мемлекеттік органдардың негізгі саясаты болды. Кеңес мемлекетінің зорлық-
зомбылықпен адам құқын аяққа таптап, сотсыз, тергеусіз қырып-жоюға
бағытталған саясаты туралы К.Сорокин былай деп жазды: Мұсылмандардан бәрін
тартып алуда және тек қана тартып алып қоймайды, сонымен қатар оларды
өлтіріп жатыр. Біздің солдаттарымыз қорғаудын орнына тонау мен өлім
әкелуде... халық террорланған және қашуда... Мүмкін әлдекім мұны істеп
отырған партия емес, Қызыл Армияның зорлық жасауы деп қарсылық білдіруі
мүмкін. Бірақ, партия басында тұр... партиялық жолдастар жағдайдың
жақсаруына ешқандай шара қолданбайды. Мұсылмандарды қинауда, өлтіруде...
Әйелдер мен балалар таңдаусыз жапа шегуде...
Тек қорлықты көрген олар бізге қандай достық көзқараспен қараулары
тиіс? Біз оларды өзіміз ұлтшыл жасап отырмыз.
Кеңес мемлекеті органдарының озбырлық, зорлық-зомбылық, күш қолдану
саясаты коммунистік идеологияны жаппай мойындату үшін жасалынады. Террор
мен репрессияның алғашқы көсемдерінің бірі Ф.Э.Дзержинский: Әрбір зиялыға
іс болу керек, - деп жазды. Құқықтық мемлекет құруға бет алған Қазақстан
Республикасы адам құқын қорғаудың кепілдігін өз мойына алып отыр.
4. Мемлекеттік билікті бөлу. Мемлекеттік органдар билік жүргізуде
бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін билік заң шығару, атқарушы және
сот билігі болып бөлінеді. Олар бір бірінің қызметтерін тежемелік және тепе-
теқдік жүйе арқылы бақылап отырады. Органдар өз құзырынан ауытқып кетіп
қызмет атқаруға құқықтары болмайды.
5. Кәсіптілік. Мемлекеттік органдар қызметіне тек ғана арнайы
дайындықтан өткен, басқару өнерін жетік меңгерген білімді, білікті
мамандардың тартылуы. Кәсіптік деңгейді тест, анкета арқылы анықтап барып,
мемлекеттік қызметке конкурс арқылы қабылдау.
6. Мемлекет қызметкерлерінің қабылданған шешімдерінің орындалуы немесе
орындалмауы үшін қатаң жауап беруі. Халық мемлекеттік органдарға және
лауазымды адамдарға үлкен сеніммен қарайды және олардың қызметтеріне үлкен
үміт артады жауапты міндеттер жүктейді. Сондықтан қабылданған шешімдері
үшін жауап берулері ең басты талап болып табылады. Жауапсыздық,
немқұрайдылық мемлекеттік органдардың жұмысына нұқсан келтіреді, халықтын
билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады.
7. Заңдылық. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және
азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес
қабылданған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді бұлжытпай орындаулары.
Заңдылық - мемлекеттік басқарудың ең негізгі талаптарының бірі. Заңдылык
пен мақсатқа сәйкестікті шатастыруға болмайды. Тек заңды нәрсенің бәрі
мақсатқа сай болуы қажет. Заңды бұрмалап, мақсатка сай келетін әрекеттерге
бару заңдылықтың дағдарысқа ұшырауына әкеп соқтырды.
3. Қазақстан республикасының мемлекеттік тетіктерінің жүйесі
Әр мемлекет өзінің ұйымдасу формасына байланысты қажетті мемлекеттік
тетіктерді қалыптастырады. Мемлекеттік тетіктер басқарудың бір-бірімен
тығыз байланыстағы жүйесі. Олардың тиімді қызмет атқаруынан жалпы
мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігі толыққанды дәрежеде жұмыс корпорациясына
айналады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тетіктер өркениетті елдердің озық
тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен саяси,
ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып, құрылды. Осыған байланысты
мемлекеттік тетіктің құрамыңда президент ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент Мемлекет
басшысы және қарулы күштердің Бас қолбасшысы болып саналады және халық пен
мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және
азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасының Президенті республика азаматтарының тікелей
қатысуымен, сайлау арқылы жеті жыл мерзімге сайланады. Президент болып жасы
қырыққа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Республика аумағында
он бес жылдан кем тұрмаған Қазақстанның азаматы сайлана алады.
Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Президенті ешкімге есеп
бермейді және ешқандай мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Оның
лауазымының саяси сипаты басым, ішкі және сыртқы саясаттың бағытын
айқындайды. Президент Парламенттің келісімімен өзі ұсынған Премьер-
Министрді және Премьер-Министрдің ұсынысымен Үкімет мүшелерін тағайындайды
және қызметтерінен босатады. Парламент Сенатаның келісімімен Бас
Прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындайды және
босатады.
Президенттің қажет болған жағдайларда Республика аумағында, жеке
аймақтарына төтенше және әскери жағдай енгізуге құқы бар. Өтпелі дәуірдің
ерекшеліктері Президентті қызметінен кетіруді де күрделендірді. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 47-бабы бойынша Президент халық алдында
тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін жауап береді және Парламентке оны
кетіру құқын берген. Кетіру үшін біріншіден, Президентке айып тағу және
таққан айыпты тексеру үшін Мәжіліс депутаттарының жалпы санының үштен
бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілігінің дауыс беруімен
қабылдануы мүмкін, екіншіден, тағылған айыпты тексеру Сенатқа жүктеледі,
оның қорытындылары Сенаттың отырысында жалпы санының көпшілік даусымен
бекітіп, Парламен Палаталарының бірлескен отырысына шешім қабылдауға
береді.
Үшіншіден, түпкілікті шешім қабылдау Жоғарғы Соттың айып тағылудың
негізділігі туралы, және төртіншіден, Конституциялық Кеңестің белгіленген
конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы берген қорытындылары болған
жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата
депутаттарының кемінде төрттен үш дауыс көпшілік берумен қабылданады.
Заң шығару және өкілетті органдар. Конституцияның 49-бабы бойынша
Қазақстан Республикасының Парламенті көпшілік заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Парламент
Сенат және Мәжілістен тұрады. Көптеген мемлекеттерде Парламент ең жоғары
оргон болып табылады, оның құзыры барлқ, салаға билік жүргізуде
кеңейтілген. Қазақстан Республикасында Парламенттің Конституциялық
мәртебесі негізінде заң шығарумен шектелген, оның бақылау, тексеру құқы
жоқ. Мысалы, мемлекеттік маңызы зор істер бойынша парламенттік тергеу
жүргізе алмайды, заңдардың орындалуын бақылау құқы жоқ. Бұл
рационализацияланған парламент теориясына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz