Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеуінің жағдайы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

\ Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. Байланыстырып сөйлеу тілі қалыптасуының теориялық әдістемелік негіздері.

1. 1 Байланыстырып сөйлеудің психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 6

1. 2 Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері . . . 9

2. Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеуінің жағдайы.

2. 1 Анықтау экспериментінің әдістемесі . . . 16

2. 2 Анықтау экспериментінің нәтижесі . . . 23

3. Зияты бұзылған 1 сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға бағытталған зерттеу-тәжірибе жұмысы.

3. 1 Қалыптастыру экспериментінің әдістері мен нәтижесі . . . 30

3. 2 Зерттеу-тәжірибе жұмысының қорытындысы . . . 36

Қорытынды . . . 41

Әдебиеттер тізімі.

Қосымша.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Тіл - адам баласының өмірінде маңызы зор. Ол адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы, дамудың жалпы көрсеткіші, психика дамуының көрсеткіші.

Сөйлеу - тіл арқылы өз ойын жеткізу құралы. Ол психологиялық қатынастың қалыптасып, оны тіл арқылы жеткізу болып табылады.

Соңғы жылдары зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, қалыптастыру қиыншылықтарының санының айтарлықтай өсуі белгіленген. Байланыстырып сөйлеу тілі дегеніміз не?

Байланыстырып сөйлеу - тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір-бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып, сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.

Байланыстырып сөйлеу тілі балада ерте жастан-ақ пайда болады.

Төменгі мектеп жасындағы зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілін мынадай атақты ғалымдар зерттеген: В. Г. Петрова, М. П. Феофанов, Г. М. Дульнев, Ж. И. Шиф, З. Н. Смирнова, Л. В. Занкова, М. С. Певзнер т. б.

Бірақ, бұл ғалымдардың зерттеулері орыс тілінде оқитын, зияты зақымдалған оқушылармен жүргізілген. Ал, нақты зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін зерттеген ғалымдар да жетерліктей, олар өзіміздің отандық ғалымдарымыз: Өмірбекова Қ. Қ., Бектаева К. К., Т. М. Коржова, Л. Вавина, Айтметова С. Ш. т. б.

Қазіргі таңда бұл мәселенің (байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастырудың) өзектілігі мен теориялық мәнділігін анықтау бізге өте маңызды. Біздің жазып отырған дипломдық жұмысымыз алдымен, осы мәселеге қатысты екндігін ескеріп кеткеніміз жөн.

Сондай-ақ, зияты зақымдалған, көмекші мектептің бірінші сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін зерттеу тек орыс тілінде ғана жүргізілгендіктен, біз дипломдық жұмысымызды, қазақ тілінде оқитын, көмекші мектептің бірінші сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Осыдан келіп, біз - зерттеу жұмысының мақсатын, міндетін, нысанын, пәнін, әдістемелерін, тәжірибелік маңыздылығын, ғылыми жаңалықтарын анықтай аламыз:

Диплом жұмысының тақырыбы: «Көмекші мектеп бірінші сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру».

Зерттеу жұмысының мақсаты - зияты бұзылған бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеуін дамытуға ықпал ететін жұмыс тәсілдерін анықтап, педагогикалық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу жұмысының нысаны - зияты бұзылған балаларды оқыту процесі.

Зерттеудің пәні - зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер, көмекші мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру ерекшеліктері айқындалса, сол қалыптастыру ерекшеліктеріне қарай байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бағытталған тиімді әдістер мен тәсілдер қолданса, сол кезде оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастырудың тиімділігі артады.

Міндеттері:

  1. Байланыстырып сөйлеу тілінің әдістемесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау.
  2. Зияты бұзылған оқушылардың 1 сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау.
  3. Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін анықтап, зерттеу-тәжірибе жұмыстарында тексеру.

Зерттеу жұмысына төменгідей әдістер қолданылды:

  • психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау;
  • зияты бұзылған оқушыларды бақылау;
  • анықтау, қалыптастыру зерттеу жұмыстары;
  • зерттеу нәтижесінде алынған мағлұматтарға сандық, сапалық талдау жасау.

Зерттеудің негізгі базасы: Алматы қаласындағы № 3 кешенді «Жанұя» мектеп-интернатында және № 7 көмекші мектеп-интернатындағы 1 сынып оқушыларымен жүргізілді

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары және теориялық маңыздылығы:

  • алғаш рет көмекші мектептің 1 сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілінің жағдайы анықталады;
  • зияты бұзылған оқушылардың 1 сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін «еркін өлең құрастыру» тәсілі негізінде дамыту жүйесі құрастырылып, зерттеу-тәжірибе жұмысында тексерілді.

Тәжірибелік маңыздылығы:

Зияты бұзылған оқушылардың 1 сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілін дамыту тәсілдері мен әдістерін арнайы білім беру мекемелерінің оқыту үрдістерінде пайдалануға болады.

Зерттеу жүргізген барлық оқушылар саны - 24 (8-9 жас аралығындағы балалар) .

Дипломдық жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс - кіріспеден, үш бөлімнен (теориялық жағы мен зерттеу жұмыстары (анықтау және қалыптастыру зерттеу жұмыстары) мен нәтижесі), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің тақырыбы, оның көкейкестілігі негізделген, теория мен практикада мәселенің зерттеу дәрежесі сипатталған, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері көрсетіліп, нысаны мен пәні анықталған, зерттеудің болжамдары, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, жүргізілген зерттеу жұмысының кезеңдерң белгіленген.

«Байланыстырып сөйлеу тілі қалыптасуының теориялық әдістемелік негіздері» атты бірінші бөлімінде арнайы әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалған.

Осы бөлімнің бірінші тарауында (Байланыстырып сөйлеудің психологиялық-педагогикалық негіздері) әдістемелер мен көптеген ғалымдардың байланыстырып сөйлеу тілі жөніндегі анықтамаларды жалпы әдебиеттерден қарастырдық.

Екінші тарауында (Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері) көмекші әдебиеттерден сөйлеу тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, жетіспеушілігі салдарынан байланыстырып сөйлеу тілінің бұзылуы туралы жазылған.

«Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеуінің жағдайы» атты екінші бөлімнің бірінші тарауында (Анықтау экспериментінің әдістемесі) қолданған әдістемелердің мазмұны, мақсаты, критерийлері берілген.

Екінші тарауында (Анықтау экспериментінің нәтижесі) анықтау зерттеу жұмыстары бойынша нәтижесін анықтап жаздық.

«Зияты бұзылған 1 сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға бағытталған зерттеу-тәжірибе жұмысы» атты үшінші бөлімнің бірінші тарауында (Қалыптастыру экспериментінің әдістері мен мазмұны) қалыптастыру зерттеу жұмысында қолданған әдістер мен тәсілдердің мазмұны, арнайы қағидалары берілген.

Екінші тарауында (Зерттеу-тәжірибе жұмысының қорытындысы) зерттеу-тәжірибе жұмыстарының қорытындысына жасалған талдаулары мен нәтижесі көрсетіліп жазылған.

Қорытынды бөлімінде, теориялық талдау мен тәжірибелік зерттеудің нәтижесі бойынша негізгі қорытынды жасалып, ұсыныстар берілген.

Қосымшада, зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын көрсететін материалдар берілді

1. Байланыстырып сөйлеу тілі қалыптасуының теориялық әдістемелік негіздері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау
Әдістемелік әдебиеттерге шолу
Көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының теориялық әдістемелік негіздері
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Логопедия ғылымы
Қорытынды сөйлеу тілі
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі III деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дамуы
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz