Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық

қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі»

Орындаған:

ХҚ21 К5 топ студенті

Базарбаева А. А.

Ғылыми жетекші:

з. ғ. к., доцент

Қурмангали М. Ш.

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра жетекшісімен, з. ғ. к., проф.

Досымбекова М. С.

«__» 2007 жыл

Алматы

2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы менөзара әрекеттестігінің жалпы сипаттамасы. . . 6

1. 1 Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы мен өзара әрекеттестігінің мәселелерінің негізгі мазмұны . . . . . . . . 6

1. 2 . Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Конституциясында қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мен өзара әрекеттестігі мәселелерінің шешілуі . . . 11

  1. Халықаралық қылмыстық құқық жалпы халықаралық жария құқығының негізгі салаларының бірі ретіндегі ерекшеліктері . . . 18

2. 1 Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі мен қалыптасу мәселелері . . . 18

2. 2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуындағы ролі . . . 32

  1. Ұлттық қылмыстық құқық нормалары мен халықаралық қылмыстық құқық нормалары арақатынасы және өзара әрекеттестігінің негізгі мәселелері . . . 36Ұлттық қылмыстық құқық пен халықаралық қылмыстық құқықтың әр түрлі құқық жүйесі ретіндегі негізгі айырмашылықтары . . . 36

3. 2 Халықаралық қылмыстың құрамын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен халықаралық қылмыстық құқықтың ұлттық қылмыстық құқықпен арақатынасы мен өзара әрекеттестігі . . . 40

ҚОРТЫНДЫ . . . 50

Библиография . . . ……… . . . . 53

ҚОСЫМШАЛАР . . 56

КІРІСПЕ

Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мен өзара әрекеттестігі халықаралық қылмыстық құқығы ғылымындағы ең маңызды және ең қиын сұрақтарының бірі. Елбасымыздың 2004 жылға халыққа Жолдауында, басты мәселелеріміздің бірі болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау позициясынан алғанда, сот органдары мен құқық қорғау органдарының қызметтерін жетілдіру болып қала беруде. Осыған қоса, қылмыстық құқық саласының болашақтағы гуманизациясының маңыздылығы аталуда1. Бізге белгілі болғандай, бұл міндеттер ұлттық қылмыстық заң мазмұнын халықаралық құқық нормаларының, оның ішінде халықаралық және жалпы қылмыспен күрес саласындағы конвенциялар мен талаптарға сәйкес келтірілумен бекітіледі.

Таңдалып алынған жұмыстың өзектілігі мемлекеттің қылмысқа арналған заң шығару саласында, сонымен қатар ішкі және сыртқы қылмыстық құқығын тәуелсіз жүргізіп отырған Қазақстан Республикасының геосаяси және экономикалық жағдайынана орай теоретикалық және тәжірбиелік мәселелердің әртүрлілігімен байланысты. 1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекет тәуелсіздігі туралы заңның қабылдануымен Қазақстан халықаралық құқықтың толыққанды мүшесіне айналды. Осыдан бастап Қазақстан халықаралық құқықтық-шығармашылық үрдістің мүшесіне айналып, өзіне мемлекетте қылмысқа қарсы күресті реттейтін халықаралық-құқықтық нормаларды және ұлттық қылмыстық құқықты қоса, халықаралық міндеткерліктер жүктеді. Осыған байланысты ұлттық құқықтық және халықаралық құқықтық нормалардың арақатынасы, олардың бір-біріне өзара әсері маңызды сұраққа айналады.

Ғылыми зерттеудің маңыздылығы күрделі мәселелерді шешуде ұлттық қылмыстық құқық пен халықаралық қылмыстық құқытың бір-біріне өзара әсері, ара-қатынасының қажеттілігі, ұлттық қылмыстық заңдылықты жетілдіру мен қалыптастыруға қажеттілігі, оның халықаралық-құқықтық стандарттарға сәйкес унификациясы, сонымен қатар, ратификация немес қосылу нәтижесінде ұлттық құқықтық жүйенің бөлігіне арналған халықаралық-құқықтық нормалар импелементациясының өсіп келе жатқан маңыздылығымен байланысты.

Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасының теоретикалық аспектілерін, екі құқықтың жүйенің заңи табиғатына сараптама жасауда және зерттеуде үлкен рөлге ұлттық және халықаралық қылмыс арақатынасы мәселелеріне басты назар аударған беделді совет және шетел авторлары ие болады. Олардың ішінде аталған саланың дамуына аса үлкен үлес қосқан халықаралық құқық ғылымының негізін салушы Ф. Ф. Мартенстің еңбегін, румын заңгері В. Пеллдың еңбегін ерекше атап кетуге болады. Ресей ғалымдары В. Грабаря, И. П. Блищенко и И. В. Фисенко, Л. Н. Галенской, Ю. А. Решетов, В. П. Панов, Р. А. Каламкарян, И. И. Карпец және басқалардың еңбектері жұмыстың мазмұнын ашуға және сараптама жасауға кең мүмкіндік береді. Ал отандық авторлардан болса М. А. Сарсембаев, М. Б. Кудайбергенов және басқалар тақырыптың өзектілігін жарқын түрде аша алған.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы ұлттық қылмыстық құқығы мен халықаралық қылмыстық құқық арақатынасының теоретикалық негіздерін анықтау, халықаралық-құқықтық нормаларының белгілі бір нормативті-құқықтық ақпаратта қылмыспен күрес саласында, сондай-ақ біздің Республикамыздың ұлттық қылмыстық заң шығару саласында халықаралық құқықтық-қылмыстық нормалардың жүзеге асуына бағыттар және сілтемелер берудің негізгі аспектілерін қарастыру болып табылады.

Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін бітіру жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

  1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арасындағы өзара қатынас, байланыс және арақатынас сипатын анықтау;
  2. Ұлттық қылмыстық және халықаралық қылмыстық құқықты құқық жүйесінің салалары ретінде заңи табиғатына салыстырмалы сараптама жасау;
  3. Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі мен қалыптасу мәселелерін атап көрсету;
  4. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуындағы ролі қарастыру;
  5. Қылмыспен күрес мәселелерін реттеуде ұлттық-құқықтық және халықаралық-құықтық реттеудің арақатынасындағы ерешеліктерді анықтау;
  6. Қазақстан Республикасы ұлттық қылмыстық құқығының және халықаралық қылмыстық құқықтың әсер ету формалары, механизмдері және заңдылықтарын анықтау;
  7. Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын қолдану және жүзеге асыруда сілтемелер мен бағыттар, ұсыныстар жасап шығару.

Зерттеу обьектісі болып қазақстандық қылмыстық заңдылықты қолданушы теоретикалық және тәжірбиелік мәселелермен байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық қылмыстық құқығы және халықаралық қылмыстық құқық арақатынасы мен бір-біріне әсерлесуі, жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша теоретикалық қорытындылар және ұсыныстар жасау болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәніне халықаралық қылмыстық құқық нормаларын және біздің республикамыздың ұлттық қылмыстық құқық нормаларының ара қатынасын мәселелерінің әртүрлі аспектілерін қарастыру; халықаралық қылмыстар құрамын анықтау; халықаралық қылмыстық және ұлттық қылмыстық құқықтың заңи табиғатына салыстырмалы сараптама жасау; олардың ара қатынас мен бір-біріне әсер етуінің негізгі нүктедерін анықтау, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен әртүрлі халықаралық қылмыстар құрамы бойынша халықаралық конвенция нормаларын жасау.

Қорғауға шығарылатын ережелер:

  • Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы мен өзара әрекеттестігі мәселесі халықаралық жария құқығы мен ұлттық құқықтың арқатынасына тәуелді;
  • Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы мен өзара әрекеттестігі Қазақстан Республикасы Конституциясы ережелерімен реттеледі (3, 4 баптар) ;
  • Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы мен өзара әрекеттестігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көрініс тапқан (1 бап, 4, 9 тарау) ;
  • Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы мен өзара әрекеттестігінде халықаралық қылмыстар мен халықаралық сипаттағы қылмыстар үшін жауаптылық Қылмыстық Кодексте белгіленген санкцияларға сәйкес іске асырылады;
  • Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы мен өзара әрекеттестігіндегі көптеген халықаралық қылмыстардың құрамы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көрініс тапқан;
  • Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы мен өзара әрекеттестігі алғашында халықаралық қылмыстық құқық және ұлттық қылмыстық құқық институттарын (мысалы: қылмыс түсінігі, т. б. ) қабылдаған болса, қазіргі кезде мемлекеттердің ұлттық қылмыстық құқықтары халықаралық қылмыстардың құрамдарын қабылдауда;
  • Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы мен өзара әрекеттестігіндегі тенденция - халықаралық қылмыстардың құрамы мемлекеттердің ұлттық қылмыстық заңдарында ары қарай көрініс таба беруде.
  • Деректерді жүйелеу, зерттеулерді ғылыми стандартқа сәйкес нәтижелі жасау және диплом жұмысы алдына қойылған мақсатты орындау үшін салыстырмалы-тарихи әдіс, историзм қағидасы қолданылған.

Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды, сілтемелер және қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады. Диплом жұмысының құрылымы оның мақсаттары мен міндеттерін ашады.

1. Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мен өзара әрекеттестігінің жалпы сипаттамасы .

1. 1 Халықаралық және ұлттық құқықтың ақатынасы мәселелерінің негізгі мазмұны.

Ұлттық құқық және халықаралық құқық арақатынасы және өзара әсерлесу мәселесі заңи ғылымда көп уақыттан бері өзекті мәселелердің біріне айналды. Заңгерлердің құқықтың екі жүйесіне назары мемлекеттердің және олардың арасындағы қатынастардың пайда болуынан бастап ұлғая түсті. Алайда қазірге дейін аталған сұрақтар дұрыс анықталмаған және толыққанды зерттелдмеген, сонымен қатар, көбінесе бұл тақырып, халықаралық құқықтанушылардан басқа салалармен айналысатын ғалымдармен қарастырылды. Біздің пікірімізше оның зерттелуі ең алдымен ғылыми бағыттарды анықтаудың негізгі міндеттерін анықтаумен және оларды шешу жолдарын қарастырылуымен басталуы қажет. Көптеген авторлар ұлттық және халықаралық құқық арақатынасын зерттеудің жүйелік бағытын қолдану қажет деп есептейді. Бұл екі құқықтық жүйе ұқсастықтары мен бір-бірін байланыстырып тұратын элементтерді қарастыруға ықпал етеді. Жүйелік бағыт қоғамдық қатынастардың әсер ету жүйесінде халықаралық және ұлттық құқықты зерттеуді талап етеді. Мұндағы ең басты нүктелер болып халықаралық жүйені құраушы элементтер халықаралық құқық және мемлекет табылады.

«Арақатынас» түсінігінің өзі философиялық көзқарастан қарағанда құбылыстардың арақатынасы мен олардың арасындағы иерархияны анықтау болып табылады. Бір қатарға тек бірыңғай құбылыстарды немесе бір категориядағы мәселелерді жатқызуға болады. Осыған байланысты ұлттық қылмыстық құқық және халықаралық қылмыстық құқық мәселелерін зерттеудегі ең басты зат екі құқықтық жүйедегі концепцияны жасап шығару болып табылады.

Сонымен қатар, арақатынас бұ тек бір обьектінің екінші обьектіге қарағанда артықшылығын ғана емес, олардың айырмашылығын білдіреді. Бұл категорияларды тізбектеместен бұрын олардың тең мәнділігін орнату қажет. Яғни, құқықтың екі жүйесінің бар екендігін дәлелдеу қажет. Сәйкесінше олар салыстыруға, ортақ және айырушы белгілерінің критерилерін анықтауға, жән осы критерийлердің заңи табиғатының ерекшеліктерін зерттеуге, оларды құқықтық реттеуге, нормаларының орындалуына және қолданылуына жатады. .

Егер ұлттық және халықаралық құқықтың приоритетілігі сұрағына келер болсақ, онда бірінші кезенде халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа ешбір әсері болған жоқ. Ең бастысы дамудың жоғары деңгейіне жеткен ішкі мемлекеттік құқық болды. Халықаралық келісімдер және халықаралық қатынастарды жеке салаларда реттеу дәстүрлері ұлттық заң шығарушылыққа ешбір әсер еткен жоқ. Алғаш рет заңи ғылымда бір құқықтық жүйенің екінші құқықтық жүйеден айырмашылығы сұрағы ХІХ ғасырдың соңында көтерілді. Халықаралық құқықтың ғылымы үш түрлі ғылыми концепция жасап шығарды. Бірінші концепция халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан үстемдігі тақырыбын алды. Бұл концепция Г. Гегелдің ізбасарлары болып табылатын неміс заңгерлерімен жасап шығарылды. Атақты ғалым А. Цорн заңи жағынан ұлттық құқыққа қажетті мөлшерде нормаларды қамтитын халықаралық құқықты «ішкі мемлекеттік құқық» ретінде қарастырды. Бұл концепция халықаралық құқықтың заңи мәнін мойындамағандықтан нигилистік болып табылады. Нигилистік теория бастапқы кезеннен-ақ әдебиеттерде сынға ұшырап, кең қанат жайған жоқ. Мұндай пікірді сонымен қатар ғалым-заңгер А. Левонтин де өз кезегінде айтып кеткен болатын. Оның пікірінше мемлекеттік органдардың тәжірбиесінде ұлттық құқықты басымдылықпен мойындау үстем.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін австриялық заңгер Г. Кельзен жоғары құқықтық тәртіп және ұлттық құқықтың әсер ету саласын анықтайтын халықаралық құқық приматы концепциясының негізін жасап шығарды. ХІХ ғасырдың аяғында Трипел дуализм концепциясын жасап шығарды. Концепцияға сәйкес халықаралық және ұлттық құқық әртүрлі жеке құқықтық жүйелер атынан, өзіне-өзі бағыну тәртібіне келмейтін әртүрлі салаларда қызмет ете бастады. Дуализм концепциясы халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасын ашық түрде көрсетті. Оның кемшілігі тек тек екі жүйенің арасындағы өзара байланысқа толық түрде баға берілмегенінде. Болгар заңгері П. Радойнов өзінің «Международно-правовые проблемы социалистической экономической интеграции» атты кітабында реалистік дуализм концепциясын ұсынды. Онда соңғы этапта коллизия қалай дегенімен халықаралық құқықты қолдайтындығын көрсеткен, себебі басқаша жол халықаралық құқықты мойындамаумен теңестірілген. И. И. Лукашук өзінің соңғы жұмыстарында «ең бастысы қандай құқық жоғары тұрғанын көрсету емес. Сондықтан негізгі назарды екі құқықтық жүйенің иерархиясына емес, олардың өзара әсерлесу тәртібіне бөлу керке» деп атап көрсеткен2. Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасы мәселесін осы тұрғыда қарастыру дұрыс болып табылады. Мұнда еске алып өтетін жайт мемлекеттер өз өмірін жалғастырғанға дейін олардың ұлттық құқықтық жүйесі арылмайды. Халықаралық қатынастарды құқықтық реттеудің маңыздылығына және қажеттілігіне қарамастан бұл жүйелердің ешқайсысы бір-бірінен үстем рөлге ие бола алмайды, себебі ондаған жылдар бойы негізін салған халықаралық құқық егеменді мемелекеттер құқығын, ал жеке мемлекеттер халықаралық құқықты мойындаудан қаша алмайды.

Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әсерлесу үрдістері бірқатар заңдылықтармен сипатталады. Бұл заңдылықтардың біреуі өзара шарттасқан халықаралық және ұлттық құқықтың болуы. Ұлттық және халықаралық құқық бір-біріне паралельді әсер етуші құқықтық жүйе ретінде әсер етеді. Өз дамуында ұлттық құқық қан халықаралық құқыққа тәуелді емес, сонымен қатар халықаралық құқық та өзінің өмір сүруінде, функциялануында және дамуында ұлттық құқыққа тәуелді. Жаһандық мәселелердің артуына байланысты халықаралық құқық және ұлттық құқықтың бір-біріне әсері күшеюде. Тек халықаралық құқық қана қазіргі кезенде саны жағынан артып келе жатқан жаһандық мәселелердің шешілуіне өз әсерін тигізе алады. Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әсерлесу заңдылығына құқықтық нормалармен, идеялар және қағидалармен алмасу жатады. Себебі халықаралық құқық қайнар көздері ұлттық құқық қайнар көздерімен тығыз байланысты.

Революцияға дейінгі кезеңдегі орыс ғалымдарының еңбектерінде халықаралық қатынастар пәні және обьектілері жөнінде терң мағлұмат берілген. Ф. Ф. Мартенс халықаралық келісімдердің пәні ретінде халықаралық қатынастарды қарастырған. Кеңестік ғылымның халықаралық құқықтанушылары халықаралық құқықтың обьектісі мәселесіне үлкен назар аударған (Кожевников Ф. И., Левин Д. Б., Шуршалов В. М., Талалаев А. Н. және т. б. ) Көптеген авторлар халықаралық құқық обьектісі ретінде материалды және материалды емес құндылықтарды, сонымен қатар мемелекеттегі тәртіпті жатқызған. Осы арада кейбір ғалымдар халықаралық құқық пәні түсінігін тікелей халықаралық қатынастар түсінігімен байланыстырған. И. И. Лукашуктың пікіріне сәйкес халықаралық құқық обьектісі болып мемлекеттераралық қатынастар табылады3. Халықаралық құқық халықаралық құқықтың заңи формасы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ол өз формасына және мазмұнына ие. Өзінің әлеуметтік мазмұны ретінде ұлттық және халықаралық құқық өз сипатына байланысты субьект рөлін алады. Ұлттық құқық та, халықаралық құқықта нормалар жүйесі формасын алады.

Егер нормалар ұлттық және халықаралық құқыққа қажетті ішкі форманы алса, онда оның сыртқы формасы болып, яғни өз ойын жеткізу құралы болып қайнар көздер алынады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық Соты Статутындағы 38 бабында халықаралық келісімде былай деп бекітілген: «Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып өзіне тиісті мәселерді шешуге тиісті болған сот мына ережелерді ұстанады:

а) дауласып жатқан мемлекеттер арасында мойындалған жалпы және арнайы халықаралық конвенция

б) құқықтық норма ретінде мойындалған жалпы тәжірбие дәлелі ретіндегі халықаралық;

в) өркениеттер арасында мойындалған құқықтың жалпы қағидалары;

г) Статуттың 59 бабына сәйкес құқықтық нормаларды анықтауға көмекші құрал ретінде әртүрлі ұлттардың құқық саласындағы жоғары квалификацияланған мамандарының соттық шешімдері мен.

Қазіргі кезде халықаралық құқықтың қайнар көзі болып халықаралық ұйымдардың резолюциясы сойындалған, себебі бұл ұйымдардың жарғыларына сәйкес мемлекеттер барлық міндеткерліктерді орындауы қажет. Жалпы теоретикалық жоспарда халықаралық құқық қайнар көзі мен ұлттық құқық қайнар көзі арақатынасы автономды түрде өмір сүруші паралельді екі құқық жүйесінің арақатынасына тең. Халықаралық-құқықтық нормаларды білдірудің екі тарихи түрде кең таралған түрі бар: халықаралық келісім және халықаралық дәстүр. Халықаралық құқықтың сипаты оны жүзеге асырудың мазмұны мен формаларына байланысты. Халықаралық құқықтың эффективтілігі көбінесе халықаралық-құқықтық нормалардың сапасына тәуелді. Қазақстандық халықаралық құқық ғылымында ұлттық және халықаралық құқықтар жеке және тәуелсіз, бір-бірімен тығыз қатынас орнатқан жүйелер деген көзқарас қалыптасқан. Біздің конституциядағы бекітпелерге сәйкес халықаралық келісім ұлттық құқықтың қайнар көздері қатарына жатады.

Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзара әсерлесуі және арақатынасындағы маңызды аспектілер болып халықаралық-құқықтық нормаларды ішкі мемлекеттік заң шығарушы нормаларға трансформациялау мәселелері табылады. Бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде трансформация концепциясын немесе халықаралық құқық нормасын ұлттық құқық нормасына көшіру үрдістерін қарастырған (Усенко Е. Т., Миронов Н. В., Левин Д. Б. ) . Олардың пікірінше басты трансформация кезеңі бұл конституция халықаралық құқықты мемлекеттік құқық ретінде мойындағанда жүзеге асады4. Трансформация түсінігі мемлекет заң шығарушы нормаларын халықаралық келісім нормаларына сәйкестендірумен сипатталады.

Азаматтық және саяси құқықтарды қарастырушы халықаралық пактте мемлекеттің заңи негізінде кейбір жағдайлардың қарастырылмауына байланысты пактпен мойындалатын жүзеге асуы қажет болған заңдар конституциялық үрдістерге сәйкес кейбір амалдар күшке ене алады (ст. 2 п. 2) 5. Сондықтан да имплементация методын таңдау конвенцияға мүше-мемлекет құқығында. Мысалы, «нәсілдік дискриминацияның барлық түрін жою» туралы халықаралық конвенция конвенция мүшесі мемлекеттен нәсілдік артықшылық пен кемшілік туралы мағлұматтар тартушы идеяларға, нәсілдік дискриминация, зорлық актілері, және нәсілдік дискриминацияны уағыздаушы ұйымдарды қылмыстық жауапкершілік тартуды талап етеді6. Белгілі бір іс-әрекеттерге трансформацияланбаған халықаралық құқық конвенциясын қолдану және жазаға тарту мүмкін емес. Сондықтан тек конвенция бекітілімерніе сәйкес туынды имплиминтация ғана қолданылады. Заң шығаруға жауапкершілік орнату- жасалған іс-әрекеттерге жауапкершілікке тарту ұлттық қылмыстық заңмен орнатылуы мүмкін.

Миронов трансформация үрдісі ішкі мемлекеттік форманы құрушы құқықтық үрдіс деп қарастырады. Ұлттық құқықтығ көзқарасы бойынша үлкен маңызға трансформациялық жолды дұрыс таңдау, яғни белгілі тәртіптегі нормативті актті қолдану ие. Мұнда анықтаушы рөлін қайта орнатылатын норманың нақты мазмұны және сипаты алады. Бұл өз кезегінде трансформацияны жүзеге асырушы мемлекеттік органның компетенциясымен тығыз байланысты. Халықаралық құқық және ұлттық құқық жүйелерінің арақатынасын зерттеу бұл мәселенің халықаралық қатынастар жүйесінде әлі шешілмегеніне байланысты белгілі бір қиыншылық туғызады. . Сонымен қатар, халықаралық құқық жүйесін құрудың негіздемесі әртүрлі болып табылатын ұлттық құқық жүйесімен байланысты. Фельдман Д. И. «халықаралық құқық жүйесінің ерекшелігі ұлттық жүйелерде қолдатылатын көптеген конструкциялардың халықаралық құқық жүйесінде жұмыс атқармауы немесе онда спецификалық ерекшеліктерге ие болып, ұлттық құқық жүйесімен салыстыруға ерекше бағытты талап етуінде» деп көрсетеді7 . Сонымен қатар жалпы теоретикалық мәселелерді халықаралық заңи жүйеден бөлек қарастырмау қажетілігін еске сақтаған жөн. Атақты ресей авторы Г. И. Тункин халықаралық заңи жүйенің пайда болуына әсер еткен себептерді сараптай келе, ол халықаралық құқық, халықаралық ұйым ұсыныстарынан және халықаралық келісушіліктен тұратынын атап көрсетті8.

«Халықаралық құқықтық нормалар халықаралық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болатын құқықтық қатынастардың құрылуы, қолданылуы сияқты сипаттардан құралатын өзіндік табиғатқа ие» деп В. М. Шуршалов өз еңбегінде атап көрсетті9. Осыған қарамастан құқықтың екі жүйесі нормаларының дербестігі мен автономдылығ келісімді түрде жүріп, өзара әсерлесуге қабілетін сақтап қалуы керек. Осыған байланысты үлкен маңызға ие теоретикалық мәселе - халықаралық-құқықтың иерархиялық арақатынасын атап көрсету қажет. Құқықтық нормалардың иерархиялық арақатынасы құқықтың ішкі құрылымынан дамиды. Барлық құқық өз табиғатында иерархиялық болып табылады, және бұл иерархия өсіміне байланысты дами түседі. Бұл тең дәрежеде халықаралық құқыққа да, ұлттық құқыққа да тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы доктрина
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің
Қылмыс пен жаза
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы
Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері
Қылмыстық атқару құқығының жалпы негіздері. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz