“Казхром” акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ (КӘСІПОРЫН МЫСАЛЫНДА)
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы . . . . . . .. . . . . . .4
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар . .. . . 8
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері . . . . .. . . . . . 11


2 “ҚАЗХРОМ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
2.1 “ҚазХром” АҚ . ның техника . экономикалық жағдайы . . . . . .15
2.2 “ҚазХромның” өндіріс тиімділігін талдау . . . . . . . . . . . . . .21

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жаңа инновациялық технологияларды тарту . . . . . . . . . . . . .25
3.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары. . . . . . . . . . . . . . . .29

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . .36

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_3

1 Нарық жағдайындағы өндірістің тиімділігін арттыру
жолдары (кәсіпорын мысалында)

1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні
және маңызы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_4

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін

факторлар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ 8

3. Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау
көрсеткіштері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ 11

2 “Қазхром” Акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін
бағалау

1. “ҚазХром” АҚ - ның техника – экономикалық жағдайы _ _ _ _ _ _15
2. “ҚазХромның” өндіріс тиімділігін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _21

3 Кәсіпорынның өндіріс тиімділігін арттыру жолдары

3.1 Жаңа инновациялық технологияларды тарту _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _25
3.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_29

Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_35

пайдаланылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _36

кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көп –теген
қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің
салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономиканың амал - тәсілдеріне бей –
імделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі
мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл
дегеніміз – ел азаматтарының әл –ауқатын арттырып, әлеуметтік –
экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек.
Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіруіне барлық алғы шарттыры бар. ҚР Президерті үстіміздегі жылдың 1 – ші
наурызындағы халыққа жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін
стратегияның басымдықтарын атап бнрді. Бұл міндетті орындау үшін және
шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустрия – лық
– инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын
қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін,
отандық өнеркәсіп салалары дамуы қажет. Инвестициялық салымдарды өнеркәсіп
салаларына тарту қажет.Сонымен қатар кәсіпорындарды қазіргі на- рық талап
тарына сай бейімдеу керек. Кәсіпорындарға ірі қаражаттарды тарту, оларды
тиімді пайдалану қажет. Ал, ол үшін мемлекетіміздегі кадр мә- селесін,
білікті маман даярлау мәселесін шешу керек. Кәсіпорындарға жаңа техникамен
технологияларды тарту қажет. Ел басымыз айтқан инновациялар- ды ірі
кәсіпорындарға ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпорындарға да тарту
керек. қазіргі таңда зауыт – фабрикалардың техникалық құрал жабдық–тар
базасы ескірген. Ал ол өндіріс тиімділігін төмендетуде. Себебі ескі маши-
наларда 2 -3 адам жұмыс істесе, жаңа технологиялар қолданылған құрал-жаб-
дықтарда бір адам жұмыс істей алады және өндіріс тиімділігі кемімейді, ке–
рісінше артады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындағы өндірістиімділігін арт
–тырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, кәсіпорын-
дардың өндірістік тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес,курстық жұмыста келесідей сұрақтарға жауап беруді қа-
растырып отырмыз:
өндірістік тиімділігінің жалпы мәні мен маңызын түсіну;
- өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторларды анық-
тау;
- өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

1 Нарық жағдайындағы өндірістің тиімділігін арттыру жолдары

1. Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі: кәсіпорындар
арасындағы бәсекенің артуына, өндірістік шығындардың жоғары болуына,
өткізу нарығының қысқаруына, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсізді-
гіне, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық
өсуі және дамуы адам ресурстарын және басқа да ресурстарды ең тиімді пай-
далануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тә-
уелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуы-
на, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты
болады.
Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзге-
ріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі – бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және
өн-
діріс көлемінің кеңеюі ( өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар саны –
ның артуы ). Даму дегеніміз – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және

жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, тех –
нология және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің
тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындардың бірден – бір мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде
бәсе-
кеге қабілетті өнім өндірітен кәсіпорынға айналу. Ол үшін кәсіпорынның жұ-
мысшылары мен акционерлерінің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен
қатар кәсіпорынның жабдықтаушылары мен тұтынушылардың талаптарын
ескеру қажет.
Өндірістің экононмикалық тиімділігі мәселесі бойынша көптеген
пікір
лер бар. Экономика саласының ғалымдары өз пікір – тұжырымдамаларын
ұсынған.
Кейбір ғалымдар өндіріс тиімділігінің артуы келесі жағдайда
болады
деп есептейді, егер бір өнімді шығаруда мүмкін болғанша еңбек шығында -
рын ең төменгі деңгейде қолдану. Басқаларының ойынша өндірістің эконо -
калық тиімділігі - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының
қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін
көрсетеді.
Ғаламдық өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын
сипат-
тайды. Карл Маркс былай деген уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұ –
мыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі
ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда. өнім бірлігіне еңбек шы –
ғынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табыла-
ды.
Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі
дегеніміз – ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі,
нәтижелі –
лігі. Ал М. Н.Тимохинның айтуынша , өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі –бұл
оның барлық объективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсе-
тетін күрделі категория.
А.П. Вавилов, А. И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік
өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық
ресурстардың салыс – тырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар,
салалар, жалпы ин – дустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н. Уоол, Л. Маркузе, Д.Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиім-
ді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, кеңінен:
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі (өнімділік – бір жұмысшыға өнім
өндіру);
- өндіріс тиімділігі (өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдық-
тар пайызы);
- қаржылық тиімділік (активтердің айналымдығы – кәсіпорын актив –тері
нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі).
Профессор Н. Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда
шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қыз – метін
талдау барысында оны технологиялық және экономикалық әдістер ар – қылы
қарастырғаны тиімді. Мысалы, өндіріс технологиялық әдіспен өз жағ – дайын
талдаған кезде; тұрақты өнім көлемін өндіру барысында өнім өндіру
көлемі көп, ал ресурстардың шығыны аз болса, онда өндіріс тиімді
болып есептеледі. Ал экономикалық тиімділікке жету үшін, кәсіпорын өндіріс
үрді – сінде пайдаланатын ресурстардың баламалық құнын минималдау керек.
Осы ның негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін
таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жа –
татын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің
нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс
тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы
соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек
өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және
т.б. көмегімен өлшенеді.
Өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға
тәуелді болады. Стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Со –
нымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықтық экономиканың
шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиім –
ділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді: шаруашылық қызмет нәтижесі жә-
не өндіру шығындары. Ең басты – нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған
капиталдан максималды табыс алу. Табыс пен шығындардың қатынасы. өн – діріс
тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі страттегиялық
қағидалар-
ды ескеру қажет:
- шығармашылық әдіс – кәсіпорынның болашағын көре білу;
- инновация – техника мен технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен
нарықтық саясатты жаңарту;
- икемділік – нарық талаптарына сай өзгерістер енгізіп отыру;
- кәсіпорын қызметіне үнемі баға беріп отыру;
- S.W.O.T. анализ – кәсіпорынның дамуының әлсіз және күшті жақтарына
баға беру;
- мотивация – персоналды ынталандыру.
Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпыға бірдей стратегиясы жоқ, сон –
дықтан әр кәсіпорын оны жекеше әзірлейді.
Стратегия кәсіпорынның нарықтағы үлесіне, әлеуметіне, бәсекелестері-
не, өнім ерекшеліктеріне және т.б. факторларға тәуелді болады. Бірақ страте-

гияны әзірлеудің негізін қараушы мөлшері мен нақты модельдері болады:
- жаңа өнім әзірлеу және өнім сапасын жақсарту;
- нарықтың дамуын ескеру;
- менеджментті (басқаруды) жетілдіру;
- диверсификация (әртараптандыру).
Бірақ нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысы- на
кедергі келтіретін көптеген факторлар бар. Мысалы:
- кәсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиясының болмауы және қысқа
мерзімде нәтижеге бағытталу;
- нарық конъюктурасын білмеу;
- персонал мен менеджмент біліктілігінің төмен деңгейі;
- жұмысшылардың еңбекке деген ынталарының болмауы;
- қаржы менеджменті мен өндірістік шығындарды басқарудың тиімсіздігі.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып
ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді.Сондықтан оны артты –ру
негізгі мақсат. Ол мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновация;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру;
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді.
Кә - сіпорын олады төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет.
Оның жүзеге асуы мынаны көздейді:
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы
ресурстарының жүелі үнемін жүзеге асыру;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау, бірнеше шығындар
түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілуін және сақталуын
бақылау.
Өнімділік көрсеткіші –бұл белгілі бір уақыт кезеңінде өндірілген өнім
санының осы өнімді өндіруде қолданылған ресурстар көлеміне қатынасы.
Өнімділікті өлшеудің екі тобы бар:
Біріншісі өнімділіктің статикалық коэфицентінен тұрады. Бұл
белгілі
бір уақыт кезеңінде жұмсалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өл-
шемі.
Екіншісіне өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен
ке – зеңдегі өнімділіктің статикалық коэфицентіне бөлінген белгілі бір
мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэфиценті. Әрбір топтың ішінде
өнімділікті өлшеудің үш типі болады: жеке факторлық, көп факторлық
және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері.
Өлшеуіштердің әрқай – сысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды. Бірақ
олар бөлгіште есеп-
ке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрле- рі
жағынан бір – біріне ерекшеленеді.
Егер ресурстардың бір түрі туралы сөз қозғалатын болса, онда
бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділік көрсеткіші).
Мұның келесідей нысандары көп тараған:
- еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағытты шығарылған
өнім;
- бір адамның шығарған өнімі.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері бүкіл өндірістік процестің
тиімділігін сипаттайды, бірақ әртүрлі динамикада болады. Мысалы, капитал
қайтарымы төмендеуі, ал материал қайтарамы өсуі мүмкін.
Сәйкесінше, бұлардың қозғалыс бағыттары әртүрлі болғандықтан, ка –
питал салымын бағалауда қайшылықтар туады. Сондықтан өзара алмастырушы
ресурстарды қолдану жөнінде балама шешім болатын болса, шаруашылық
шешімді жалпы бағалау үшін шығындар бөлігінде өндірістік процестің
барлық негізгі материалдық факторлары болатын көрсеткіштері қажет.
Бір жұмысшы өндірген өнім көлемінің өсуі тек өндірісті жақсы ұйым –
дастыру арқылы емес, сонымен қатар тірі еңбектің техникалық жарақтанды –
рылуын жоғарлату арқылы да жүреді. Осыдан өнімділіктің көп факторлы
көрсеткіштерін есептеу қажеттігі туындайды.
Көп факторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде төмендегілер
болады:
- ағымдағы шығындар (жұмысшы күшін, шикізаттар мен материалдарды және
т.б. сатып алуға жұмсалатын шығындар);
- қолданылған шығындар;
- аралас бағалау.
Өзара алмасатын факторларды есепке алу үшін, өнімділікті есептегенде
өндірістің барлық факторларын бөлгіште біріктірген ұтымды болады. Жиын-
тық өнімділікті өлшеудің осындай әдісін көбінесе корпорацияның жалпы
қызметтерін талдауда және көптеген шешуші факторларды қолданатын сала-
ларда қолданған жөн.
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін бас-

қару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені
орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді (шығындардың төмендеу қарқыны
жоғары болады).
Сонымен өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын
үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр түрлі
факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар

Өндіріс тиімділігін пайдалану – оның тәуелді болатын факторларына
мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділі-
гін арттыру факторларының мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс ба–
лағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығын –
дарына әсер ететін жағдайлар. Олар:
- Ғ.Т.П. – нің жеделдеуі. Ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік
күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік
беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану
және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқа әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін
белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті
ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылығы жоғары және маңыздылығы төмен, объ – ективті
(материалды) және субъективті (саяси, құқтық, идеалогиялық), қысқы және
ұзақ мерзімді болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына
қарай қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары
мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы,
өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім
қабыл- дау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері,
корпора– тивтік мәдениет және т.б. жатады. Ішкі факторлар негізгі және
негізгі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес
факторлар жа – тады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен
тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер
ететін факторлар жатады. Мысалы: қаржы, шаруашылық және технологиялық
тәртіптің бұзылуы. Бәсе- келестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі
фактор болып корпоративті мәдениет болып саналады.
Өзгерістерге төтеп беру деңгейіне қарай ішкі факторлар объективті жә-
не жүйелік болады. Объективтіге: өндіріс, технология, шикізат, материалдар,
негізгі қорлар және өнімнің өзі жатады. Бұлар құрал – жабдықтың өнімділігі-
мен, техналогиялық жаңартумен, ресурстарды үнемді пайдалануға бағыттал- ған
шаралармен байланысты. Жүелікке: ұйымдық құрылым, персоналды бас- қару
әдістері жатады. Өндіріс тиімділігін басқаруда ерекше рөл басқаруға
беріледі, өйткені оған кәсіпорынның барлық ресурстарын үнемді пайдалану
жауапкершілігі жүктеледі.
Сыртқы орта факторлары тікелей (функционалды) және жанама (жал -пы)
әсер етуші болып бөлінеді. Жанама әсер етуші факторлар кәсіпорынға
бағынбайды. Оларға: экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, заң-
дық, технология, бәсеке, сыртқы ортаның халықаралық ерекшеліктері жата-
ды.
Экономикалық фактор кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы жалпы эко –
номикалық жағдайды көрсетеді (тұтынушылардың сатып алу қабілетін, жұ –
мыссыздық деңгейін, пайыздық деңгей және т.б.).
Әлеуметтік – мәдени факторлар кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы
тұрғындардың салт – дәстүрі, құндылықтары, демографиялық сипаттары өн –
діріс тиімділігіне өз әсерін тигізеді.
Өндіріс тиімділігін арттырудың стратегиялық факторы – мемлекттің
халықаралық ережелерін ескеру қажет. Егер кәсіпорын жоғары сапалы өнім
өндірсе оны Еуропада да, Азияда да сатып алады. Саяси құқықтық, заңдық
факторлар белгілі бір территориядағы кәсіпорындардың қызметін реттейтін –
діктен бір – бірімен тығыз байланысты.

1-сурет Кәсіпорнның тиімділігін арртыру факторлары

Тікелей әсер етуші факторлаға кәсіпорын белгілі бір деңгейде
реттей алатын факторлар жатады (жабдықтаушылар, тұтынушылар бәсекелестер,
ең-бек нарығы). Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік
орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел
шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көң-іл
бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет.
Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындық – тан,
олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тіке –
лей әсер етеді.
Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей
есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және сәйкестендірудің әдісте –
рін табуды талап етеді.
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін ба –
ғалаудың экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
Нарықтық экономикада кез келген кәсіпорын жалпы табыс пен жалпы
шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарлатуға тырысады. Алайда әрбір
қоымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін еске- ру
қажет.
Егер кәсіпорынөнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шы –
ғынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті та –
быстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданың қалыптасуының бірін –
ші шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:
MR=MC
Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы жоғарыла –
татын кәсіпорындардың іс - әрекетін салыстырайық. Бұл кәсіпорындар іс-әре-
кеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі бо –
луына байланысты.
Жетілген бәсеке жағдайында кәсіпорын нарықтық бағаға әсер ете ал –
майды. Өнімнің кез – келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс
көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бір
– лігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс
пен шекті шығынға тең болады. Кәсіпорын шекті табыс МR және шекті шы –
ғынға МС тең болған жағдайда, пайданы жоғарылатады. Шекті шығын тө-
мендеп, сәйкесінше пайда жоғарылаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді.
Бұл жағдай пайданы жоғарылатудың екінші шарты болып табылады. Жоғары пайда
теріс шама болмауы тиіс, себебеі ол жағдайда (баға орташа шығыннан төмен
болса) кәсіпорын өнім өндірмейді. Алайда, егер баға орташа айнымалы
шығыннан AVC жоғары, орташа шығыннан AC төмен болса да өнім өндіре
береді. Кәсіпорын өзінің тұрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) тө -
мендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын
болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, тұрақты шығындарды жабуға
қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді. Ал ұзақ мерзімді кезеңде мұндай жағ –
дайдың болуы мүмкін емес. Кейбір кәсіпорындар саланы тастап кетеді. Сон –
дықтан салада қалған кәсіпорындардың өнімдеріне сұраныс бағасы жоғары –
лайды. Бұл процесс салада қалған кәсіпорындар орташа шығынын баға өтей
алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер кәсіпорындардың са-
ладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне
алып келеді, салада қалған кәсіпорындар экономикалық пайда алады, бұл са –
лаға жаңа кәсіпорындарды тартады. Салаға жаңа кәсіпорындардың енуі сұра-
нысты ұлғайтады және өнім бағасын төмендетеді, кәсіпорын пайдасы азаяды.
Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа кәсіпорындар – дың
ену процесі тоқтайды. Ұзақ мерзімді кезеңде жетілген бәсеке жағдай –
ында кәсіпорындардың салаға енуі және шығуы бағаның орташа шығынға те-
ңесуімен анықталады (0 – дік таза экономикалық пайда гипотезасы). Яғни:
P=MR=MC=AC
Таза монополия жағдайында монополист неғұрлым көп өнім өндірсе,
өткізу бағасы соғұрлым төмен болады. Бұл жағдайда шекті табыс әрқашан
орташа табыстан төмен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс
қисығы сәйкес келмейді. Себебі MRAR. Монополист шекті табыс шекті шы-
ғынға тең болғанда MR=MC пайдасын жоғарылатады. Бірақ жетілген бәсеке
жағдайында әрекет ететін к әсіпорыннан айырмашылығы шекті шығын баға- дан
төмен МСР болады. Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пай – да
гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа кәсіпорындардың енуіне
тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және ұзақ мерзімде үстеме
пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі – монополист - өндіруші
жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары
бағамен сата алады.
Жоғарыдағы тұжырымдарды талдай отырып, мынандай қорытынды
шығаруға болады: біріншіден жетілген бәсеке жағдайында пайданы жоғары -
лататын фирма тек бір айнымалыны - өнім көлемін бақылай алады.Екіншіден
таза монополия жағдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі
айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз
өнім өндіріп, жоғары бағамен сата алады және өндіріс масштабының ұлғаюы
есебінен шығындарды азайтып, бағаны төмендете алады.

1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем – экономикалық тиімділік
және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономиқалық
тиімділік көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономи-
калық нәтиже алынғанын көрсетеді.
Экономиқалық тиімділік жалпы (абсолютті) және салыстырмылы деп
ажыратылады .
Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (са - ла,
кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің
жалпы шамасын анықтайды,
Салыстырмылы тиімділік – белгілі - бір өндірістік - шаруашылық
мін- детті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико - экономикалық
көр - сеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұл ұтымды нұсқаны таңдау,
оны басқалармен салыстырғанда технико - экономикалық, әлеуметтік және прог
- рессивті артышылықтарын анықтау үшін пайданылады. Салыстырмалы тиім-
ділікті қарастырғанда ең бастапқы кезеңі – негізгі технико –
экономикалық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады (капитал салымдары,
өзіндік құн және табыс, еңбек өнімділігі мен қор сиымдылығы, материалдарды
пайдала – ну көрсеткіштері және т.б.). бірнеше нұсқаларды осы көптеген
көрсеткіштер арқылы салыстыра келе кәсіпорын экономикалық тиімдісін
таңдайды.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын
көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтағана экономикалық нә -
тиже еңбек, материал шығындарымен, өндірістік қорларымен ( негізгі және
айналым), капитал салымдарымен және табиғат ресурстарымен сәйкестенді –
ріледі.
Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы ай –
қындалады:
1. негізігі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор
сиымдылығы);
2. инвестициялардың тиімділігі (капитал қайтарамы және капитал
сыйымдылығы);
3. еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі (еңбек өнімділігі, еңбек
сыйымдылығы);
4. материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал
қайтарымы, материал сыйымдылығы);
5. шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі (пайдалылық)
Қор қайтарымы – 1 теңге өндірістік қорларға есептегендегі өндірілген
өнім құнын көрсетеді:
Fқ = DnF (1)
Ол өнімді өткізуден түскен табыстың (Dn) негізгі өндірістік қорлар
– дың жылдық орташа құнына (F) қатынасымен анықталады. Қор қайтарамын
анықтағанда өнім көлемі құндық (өнімнің кең номенклатурасын шығаратын
кәсіпорындарда), заттай және шарты (тек бір ғана өнім түрін өндіретін
кәсіп–орындарда) өлшеммен есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қай-
тарымына оң әсер тигізеді.
Капитал салудың қайтарымы мына формуламен анықталады:
Кқ=QK
Мұндағы: Кқ – капитал қайтарымы
Q – капитал салымы нәтижесінде өнім көлемінің
өсімі
К – капитал салымы
Капитал сыйымдылығы - өнім көлемінің бірлігінің өсіміне қажетті не-
гізгі қорларды құру үшін жұмсалған капитал салымдарын көрсетеді, капитал
қайтарымына кері шама:
Кс=КQ
Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші – бір жұмыс істеушіге шаққан
– дағы жылдық орташа өндірілген өнім көлемі болып табылады. Оның шамасы бір
жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер
құрамындағы жұмысшылыардың үлес салмағына байланысты. Бұл тәуелділік мына
формуламен көрсетіледі:
Wo=Dn*rR*r=Dr*rR
Мұндағы: R – жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны
R – жұмысшылардың тізімдік орташа саны
Dn r – бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа
өндірілген өнім
rR – жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың
үлес салмағы.
Бір жұмысшының орташа жылдық өнім ө ндіруіне экстенсивті және
интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының
қорын пайдалануға, ал интенсивтіге – уақыт бірлігіндегі еңбңек
өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін факторлар
жатады.
Бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына
себептер ықпалын тигізеді:
1) бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
2) жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
3) бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіріуі.
Өнім өндіруге тікелей қатыспайтын қызметкерлер тобының үлесі тө- мен
болған сайын, өндірісті ұйымдастыру мен технологияның сол деңгейін- дегі,
бір жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі соғұрлым жоғары болады.
Еңбек сыйымдылығы - өнім бірлігіне немесе жалпы өндірілген өнім
көлеміне кеткен еңбек уақыты шығындарын көрсетеді.
Wci = Ti Qi
Өнімнің бір түрінің еңбек сыйымдылығы Wci – түрлі өнім өндіруге
кеткен жұмыс уақыты қорының Ті өнім көлеміне Qi қатынасымен анықтай – ды.

1 теңге өнімнің де еңбек сыйымдылығын есептеуге болады – барлық өнім
өндіруге кеткен уақыт қорын өндірілген өнім құнына бөлеміз.
Wc = T Dn
Өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі – еңбек өнімділігінің ар–
туының маңызды факторы.
Материал қайтарымы – тауар өнімі құнының жұмсалған материалдық
ресурустар құнына (Мқұны) қатынасымен анықталады:
Мқ = Dn Мқұны
Яғни, жоғарыда айтылған көрсеткіш материалдық ресурстардың 1тең-
гесіне қанша өнім өндірілетінін көрсетеді. Осы қатынас нәтижесінде алынған
бөлім материалдық ресурстардың айналымдылық көрсеткіші болады
Материал сыйымдылығы - өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
бағыты. 1 теңге тауарлық өнімді өндіру үшін қанша материалдық ресурс шы-
ғындары жұмсалатынын көрсетеді. Ол материал қайтарымына кері шама бол
ғандықтан былай анықталады:
Мс = Мқұны Dn
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындар үлесі – материал- дық
шығындар сомасының (Мқұны) өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына (С)
қатынасы. Осы көрсеткіштің динамикасы өнімнің материалдық сыйымдылығының
өзгеруін көрсетеді.
Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігін көрсететін пайдалылық
көрсеткіштерін бірнеше топтарға біріктіруге болады:
1) Өндіріс шығындарының өтімділік көрсеткіштері. Өндірістік қыз –
меттің пайдалылығы (шығындардың өтімділігі) жалпы (ӨСТТ) немесе таза
табыстың (ТТ) өткізілген өнім бойынша шығынға қатынасы (Шс):
Rз = ӨСТТ Шс немесе R = ТТ Шс
ӨСТТ - өнімді сатудан түскен табыс;
ТТ – таза табыс;
Шс - өткізілген өнім бойынша шығын.
Бұл көрсеткіш өнімді өндіру және өткізуге кеткен шығындардың әр
теңгесінен кәсіпорын қанша пайда табатынын көрсетеді. Оны кәсіпорын бой-
ынша жалпы немес бөлек бөлімшелер, жеке өнім түрі боыйнша есептеуге
болады.
2) Сатылымның көрсеткіштері.
Сатылымның пайдалылығы (айналым) - өнімді сатудан түскен табыс– тың
немесе таза табыстың түсімге қатынасы:
Rpп = ӨСТТ Т немесе Rpп = ТТ Т
Т – түсім.
Анықталған көрсеткіш, 1 теңге сатылымнан кәсіпорын қанша
табыс табатынын көрсетіп, кәсіпорын бойынша және өнім түрі бойынша жеке
есеп- теледі. Сатылымның пайдалылығы деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымы
– ның, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жа-
сайды.
3) Капиталдың табыстылығы.
Капиталдың табыстылығы – баланстық, жалпы, таза табыстың жалпы
ивестицияланған жалпы капиталға (КL) немесе оның жеке бөліктеріне
(меншіктік, қарыз, негізгі, айналым, өндірістік капиталдардың орташа жылдық
құнына) қатынасы. Формуласы былай бейнеленеді:
Rк = БП KL ; R = Прп KL; R = ЧП KL.
БП, Прп, Чп – баланстық, жалпы, таза табыс;
KL – активтер
4) Өнімнің пайдалылығы (Rп) - өнімді сатудан түскен табыстың (Dn)
толық өзіндік құнға (С) қатынасы:
Rп = Dn C
С – толық өзіндік құн
Жекелеген өнімдердің пайдалылығының өзгеруіне өзіндік құн деңгейі
мен сату бағасы әсер етеді. Оны арттырудың негізгі факторы оны өндірудің
өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оны калькуляция баптары бойынша өзгер
себептерін талдауға басты назар аударылуы қажет, сонымен бірге баға
қалыптасуының дұрыстығын зерртеуге де көңіл бөлу қажет.
Кәсіпорын қызметінің пайдалылық көрсеткіштері басқа да
көрсеткіштермен бірге кәсіпорын қызметінің және оның іскерлік белсенділігін
сипаттайды. Сөйтіп, біз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің
тиімділігін сипаатайтын негізгі көрсеткіштерді жан – жақты талдадық. Оларды
дұрыс есептей білу, әртүрлі себептердің олардың деңгейінің өзгеруіне әсерін
анықтап, талдау өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін ашуға, табылған
кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасауға, оның қаржылық жағдайының жақсарып,
бекінуіне мүмкіндік береді.

2 “Қазхром” Акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен
тиімділігін бағалау

1. “ҚазХромның” технико – экономикалық жағдайы
ААҚ ТҰК Қазхром Қазақстан нарығында 1995 жылдан бастап жұ– мыс
істейді. Корпарацияның құрамына: Ақсудың ферроқорытпа заводы (1968
жылы құрылған; феррохром, ферросилиция, ферросиликохром, ферро –
силикомарганец, ферромарганец шығарады), және АҚ Феррохром (өнімі
жоғары -, орта -, төмен көміртекті феррохром, ферросиликохром ), ДОН
ГОКі(ААҚ Феррохром және Ақсу заводына хром кендерін байытумен
айналысады).
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар Ұлттық комиссиясының
қаулысымен 1999жылы 20 шілдеде ААҚ ТҰК Қазхромғаашық халық ак–
ционерлік қоғам статусы берілді.
Қазхромның жарғылық капиталы 2001 жылы қайта белгіленген. Ол
7 903 485 000, 00 тенге болып тіркелді. Жалпы АҚ – да акциялардың 2 эмис
–сиясы тіркелген. 1 эмиссия 1995 жылы болған (ол жай және арнайы акция –
лардан тұрады ). 2 эмиссия 1996 жылы компанияның құрылымының өзгеру –іне
байланысты болды.
Компанияның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және бағасы өзіндік
баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды.
Мүлік Компанияның жеке құқығында болады.
Компания мүлкінің құрылу көздері:
- Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
- Қоғам қызметінен түскен түсім,
- Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндіріл -ген
өнім;
- Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынба - ған
басқада көздер.
Жай акция акционерге дауыс бере отырып,акционерлер жина- лысына
қатысуына құқық береді. Компанияның таза табыс көлемі - не байланысты
дивиденд алу, компанияның жұмысы тоқтатылған жағдайда компания мүлігінің
бір бөлігін алуға құқы береді.
Арнайы акция номиналды құннан 10 % - ды дивиденд алуға құқық
береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған
жағдайда компания мүлігінің көп бөлігін ала ала - ды.
Компания акцияларының құнын, санын Компанияның Дирек - торлар кеңесі,
Қазақстан Республикасының аталған акциялар мөл - шерін ұлғайту тәртібі
заңнамасына сәйкес белгілейді.
Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін компанияның
таза табысын үйлестіру жөнінде шешімді компания-ның Толық акционерлер
жиналысы қабылдайды.
Жиналыстың шешімі бойынша, таза табыс, Компанияның қа - жеттіліктері
өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд тү- рінде
бөлінеді.Компанияның акциялар бойынша дивидендтері ақ - шалай немесе
құнды қағаздар түрінде беріледі.
Корпарацияның негізгі шығаратын өнімі: жоғары көміртекті ферро –
хром, ферросилиций, ферросилихро, ферросилимарганец. Шығарылатын
өнімдер құрышпен (сталь) қосымдыларды(сплав) қышқылдану мен легирова-ния
жасауға, шойындарды модификациялаумен легирования жасауға, және
металдарды силикометриялық жолмен алғанда қалпына келтіруші ретінде
қолданылады. Корпарацияның өнімді өндіру көлемі әлемдік нарық жағдай –
ындағы өнімге деген сұранысымен байланысты (белгілі бір түріне
байланыс–ты). Ал әлемдік нарықта қазіргі кездегі сұраныс құрыштың өндіру
көлеміне байланысты. Сол себепті соңғы жылдары ферросилицийға сұраныс
төмендеп, көміртекті феррохром мен ферросиликомарганецқа сұраныс өсті.
Корпарация перспективасында қосымдылардың ассортиментін арттыру көзделіп
отыр(со- ның ішінде марганецтік, және феррохром өндіру қарқынын өсіру).
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша
ААҚ ТҰК Қазхром туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен ААҚТҰК
Қазхром акционерлері қатысуымен бол-ған жиналысы бойынша,
АҚТҰКҚазхромды, АҚ Феррохром ( Ақтөбе; электроферроқосымдылар
өндірісі), ААҚ Дон ГОКі (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда
өндірісі) компанияла -рын біріктіру арқылы қайта құру туралы шешім
қабылданды. Бірік тірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында
ААҚ ТҰК Казхромды құру көзделді.
Компанияның органдарына жатады:
1. Жоғарғы орган - Толық акционерлер жиналысы;
2. Басқару органы - Директорлар кеңесі;
3. Атқарушы органы - Басқарма (Правление);
4. Бақылаушы орган - Ішкі аудит қызметі.
Компанияның негізгі қызметі болып саналады:
• Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;
• Құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім
дайындау;
• Тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және
кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;
• Заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;
• Құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;
• Магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;
• Металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;
• Көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;
• Түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;
• Тау өндірістерін эксплуатациялау;
• Медициналық қызмет;
• өлшеу құралдарын тексеру;
• теміржолмен жүк тасымалдау;
• қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;
• құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;
• өндірістік объектілерін электромонтаждау;
• Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.
Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын компания жүз- еге асырады,
және қызметтерді жүзеге асыруға арнайы лицензия – лар мен рұқсаттамалар
алынған.
Қазіргітаңда Қазақстан кәсіпорындары үшін ферроқосымды –ларға деген
сұраныс өте аз, сондықтан бұл өндірістің өнімдерін компания шетелдерге
экспорттап отыр. Шетелдік нарыққа компа – нияның өнімдерін шығару
тенденциясының артуы көрініс табуда. Компания өнімдерінің негізгі
тұтынушылары (95% - і) жақын және алыс шет елдері болып табылады.Өнімдердің
көп бөлігі жоғары са- палы және тозуға тұрақты құрыш өндіретін,литийлі
құрыш өнеркә- сіптеріне сатылады. Ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр
Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ сонымен қатар компа –ния өз
өнімдерін сыртқа шығаруда, бірқатар нарықтарға шығуды көздеп отыр. Олар:
Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шы –ғыс елдері, Үндістан және Оңтүстік
Американың кейбір мемлекет– тері.
Дон ГОКінен басқа, негізгі, рудалы шиказаттармен (мар –ганец
рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары
(Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді
контракттар негізінде, зауыттың үзі- ліссіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты Алтай коксо – химиялық
және Төменгі Тагил-дық металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.
1990 – шы жылдары, әріптестік байланыстардың бұзылуы мен КСРО -ның
құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан бол- ған, өндірістің күрт
төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы бол- ды. Басқарушы инвестор - фирма
Japan Chrome Corporation келу- імен жағдай жақсара бастады. Ол- өндірісті
қажетті айналым капи- талы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған
инвистициялар мен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның
өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін
сақ- тау және әлемдік нарықты жаулап алу үшін сапаны жоғарылату, өнім
ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді
реконструкциялау мен модернизациялауға, технология –ларды жаңашылдандыруға
байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты т үрде жүзеге
асырылуда. 1998 жылы Japan Chrome Corporation фирмасы жойылған АҚ
Қазақмарганец мү –ліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде Ақсу
ферроқо –сымдылау зауытына берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нә -зік
рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың тон–на марганец
концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрика сы, қышқыл рудаларын
200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын
өндіретін жазғы тазалау қондыр-ғысы кіреді.
2000жылы ферроқосымдылау өндірісі 1,1 млн. тонна деңгей – іне жетті.
Тауарлы ферроқосымдылаудың тауарлы өндірісі 1 млн. тоннаға, 1995 жылмен
салыстырғанда 134,1 % - ке өсті. Тауарлы феррохром көлемі 750 мың
тоннаны құрады, 1995 жылмен салыс – тырғанда 59,8 % - ке
өсті.Силикомарганец өндірісі тезірек дамыды және 2000 жылы 130,9 % - ті
құрады, ол 1995 жылдан айтарлықтай жоғары. Ары қарай өндірістің дамуы-
шикізаттық марганецті руда- лық база - ТУР (Жезқазған облысы) иелігінде
болды.
2000 жылы, әлемдік нарығының коньюктурасына байланыс –ты,
балқытылатын қосымдылардың структурасының өзгеруі, ары қарай жалғаса
берді. Сонымен 2000 жылы орта және төмен көмір –текті феррохром өндірісі 74
% - ті құраған. Ол 1999 жылға қараған да 54 % - ке өскен (1999 жылы 20 %
болған) АҚ Феррохром қа –былдады. Сонымен қатар, АҚ Феррохром зауыт
және компания үшін жаңа, гранулданған ФС 15Г-реогентті ферросилиции мар
–касы өндіріле бастады (ауыр суспензияларды байыту үшін қолда –нылады).
1999 жылдан басталған металлды хром өндірісі,2000 жы-лы 120 тоннаайына
дейін өсті.
2000 жылы АҚ Дон ГОК - і 2,6 млн. тонна тауарлы хромды рудасы
өндірілді. Дон ГОК - інің тауарлы хромды рудасын өн –діруге қажетті
тұрақтандыру және қалпына келтіру шаралары 2000 жылы енгізілген.
Поисковой, Центральная, Молодежная шахта –ларының енгізілгені,өндіріс
қуаттылықтарын арттыруға үлкен әсе- рін тигізді.
Ақшалай көрсеткенде 2000 жылы толығымен компания бой –ынша 56090,70
млн. теңгеге тауарлы өнім өндірілді, соның ішінде тауарлы өнім көлемін
құрады: Ферроқосымдылау Ақсу зауытында– 31886,5 млн. тенге, ААҚ Феррохром-
13735,8 млн.тг, ААҚ Дон ГОК - інде- 10468,4 млн.тенге. Есепті жылдағы
тауарлы өнім рен- табельділігі: Ферроқосымдылау Ақсу зауытында 15,3%,ААҚ
Фер- рохром 7,6 %, ААҚ Дон ГОК - інде 41,3 % құрады.

2 – сурет. 2000 жылғы тауарлы өнім өндірудің ақшалай көрінісі

Кәсіпорынның пайдасы мен шығынын,өндірілген тауар, өткі–зілген тауар
көлемін, жұмыс персоналын, еңбек өнімділігін, таза табысты, жалпы табысын
және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық-
экономикалық көрсеткіштерін тал- даған жөн.
1 – кесте ТҰҚ Қазхром АҚ – ның 2004 – 2005 жж. негізгі технико –
экономикалық көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер ӨлшемБірл. 2004 2005 Ауытқу
( + ; - )%
1 Өнімді сатудан мың тг. 128724204 151116721 22392517 117,4
түскен табыс
2 Өткізілген мың тг. 57140689 60985460 3844771 106,7
өнімнің өзіндік
құны
3 Жалпы табыс мың тг. 71583515 90131261 18547746 125,9
4 Кезең шығындары мың тг. 19062987 24657775 5594788 129,4
5 Негізгі қызметтенмың тг. 52520528 65473486 12952958 124,7
түскен табыс
6 Негізгі емес мың тг. -1297987 -884231 413756 68,1
қызметтен түскен
табыс
7 Салық салынғанға мың тг. 51222541 64589255 13366714 126,1
дейінгі табыс
8 Табыс салығы мың тг. 16095704 20437155 4341451 127.0
бойынша шығындар
9 Салық мың тг. 35126837 44152100 9025263 125,7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау коэффициенттері
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайын ақпаратпен қамтамасыз ету және қаржылық әдістерді пайдалану
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
ААҚ «Тұк казхром» экономикалык қызметін талдау
Дебиторлық берешектер есебі
Трансұлттық корпорациялар
Қазақстан металлургиясы, қазіргі жағдайы мен жетістіктері
Ұйым активтерінің баланс валютасындағы үлесі
Ферроқорытпаларды өндіру әдістері
АҚ "Қазxром "жұмыс орындарын атестациялау негізінде өндірістік орындағы зиянды факторлардың әсері
Пәндер