Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі


КІРІСПЕ
Еліміздің «Оңтүстік астанасы» болып саналатын Алматы қаласы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Ол еліміздің қаржы- экономикалық, әлеуметтік - мәдени, ғылыми және саяси орталығы болып табылады.
Алматы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь - Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік - шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700- 900 метр жоғары, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі - қалың ағаш өскен шұрайлы алқап.
Алматы қала маңының әсем табиғаты дүниежүзіндегі кез- келген аймақпен теңдесе алады. Ондағы Медеу спорттық кешені, Түрген шатқалы, Шымбұлақ тау - шаңғы курорты, Алма - Арасан шатқалы, Шарын, Алтын Емел, Көлсай, Алматы мемлекеттік қорығы, Іле Алатауы ұлттық саябақтары бұлар табиғаттың баға жетпес байлықтары.
Мұнда туризмнің көптеген түрлері - тау туризмі, экотуризм, сутуризмі, альпинизм және спорттық көптеген туризм түрлері, ат туризмі, сноуборд, сноутюбинг; шым - шытырық туризм түрлері дамыған.
Ал танымдық мәдени туризмге Тамғалы тас тау шатқалында Аңырақай күмбезі, Бесшатыр мазары, Жібек жолы бойындағы көне қала Тальхиз, Сақ қорғаны ескерткіштері арқылы еліміздің этнографиялық, тарихи және мәдени мұраларымен таныса аламыз.
Алматы қаласы 2011 жылы олимпиядалық ойындар өткізудің экономикамыз және саяси жағынан тиімді әсері мен пайда, көмегі бар. Біз біріншіден, осы олимпиядалық ойындар өткізу арқылы елімізді дүниежүзіне таныта аламыз. Сонымен қатар осы олимпиядаға жұмсаған қаржынының 80% телеарналарға көрсету құқығы бергенінен және жанкүйерлерге сатылған биленттер арқылы кіріс түседі. Салынған объектілер халықаралық стандартқа сай болуына байланысты еліміздің спортын дамытып, болашақта елімізді танытарлық жас спортшыларды дайындауға мүмкіндік туады.
Сонымен, әсем қаламыз Алматы 2011 жылы қысқы Азия олимпиядалық ойындарын өткізуге мүмкіндік алды және 2014 жылы халықаралық Олимпияда өткізуге үміткер болды.
Олимпияда өтетін жерлер деп Талғар, Түрген шатқалы таулар жобаланып отыр.
Олимпиядаға келетін қонақтар мен жанкүйерлерге арналған, дүниежүзілік стандартқа сай халықаралық қонақ үй желісінің (Hyatt Regency Almaty, The Regent Almaty) 36 - қабатты американдық 5 жұлдызды «Mariot - Esentai» қонақ үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр және қала орталығындағы бұрынғы пионерлердің орнына бес этажды отель салынып жатыр.
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ
- Жер бедері мен орографиясы
Жер бедері (рельефі) . Алматы төңірегі негізінен таулы келеді. Оңтүстігіндегі Тянь- Шань тау жүйесінің бір сілемі - Іле Алатауы жатыр. Тау етегінде шайынды жыныс қабаттарынан түзілген ысырынды конус элементтері көп кездеседі. Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аралығы дөңбектасты- малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конуспен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан. Алматы территориясының оңтүстік бөлігі, оның орталық, әсіресе солтүстік бөлігіне қарағанда қатты тілімденген.
Альпілік тектоникалық қозғалыстар Іле Алатауына күрделі кейіп берді. Биік таулық ярус (3000- 5000 м) бедері альпілік сипатта, тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі, шыңырау сайлы болып келеді. Гляциалдық белдеуінің біраз бөлігін мұз басып жатады. Бұл аймақта тау жыныстарының үгілу және тік беткейлермен төмен қарай сусу қарқынды күшті болғаны байқалады. Бұған шектес төменгі ярустың (3000-1500 м) бедері терең сайлар мен жосықтарға толы, өзен аңғарының беткейі тік құлама болып келеді. Алматы төңірегінің ең биік жері- Іле Алатауының Талғар шыңы (4973 м) /1/.
Қала маңындағы Іле Алатауының солтүстік сілемі аласа төбе, адырлы келеді, мұнда бөктерлік биік шоқылар көп ( қазіргі Боралдай қыраты, Көктөбе, Қотырбұлақ, Шаналысай) . Тау етегіне ұштасып жатқан жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты- дөңбектасты шөгінділерден түзілген, беті лесті, құмды- сазды қабаттан тұрады. Солтүстікке қарайғы атырап бедері едәуір еңіс келеді де, бірте- бірте тегістеле бастайды. Бұл өңірде Үлкен және Кіші Алматы, Есентай (Весновка), Ремизовка өзендері бар. Солтүстік батысқа қарай сай-жыралар мен құрғақ аңғарлар көп, жер беті сәл еңістеу, антропоген кезеңінің аллювий және эол шөгінділерінен түзілген жазық дала. Мұнда биіктіктері 60-80 метр шамалы қырқалар мен төбелер жиі ұшырайды. Құмды қырқалардың беткейлерінде қуаң далаға бейімделген ксерофитті өсімдік өседі. Табиғи жер бедері қала жағдайына сәйкес айтарлықтай өзгеріп келеді. Мысалы, Үлкен Алматы өзені аңғарындағы дөңбектасты- малтатасты аумақты төбе алғашында құм, қиыршықтас өндірілетін карьерге, кейін қала тұрғындары тынығатын Сайран бөгеніне айналдырылды.
Геологиялық құрылысы. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві - Іле Алатауы антиклинориінің солтүстік қанаты етегінде. Ендікке жуық бағытта созылған географиялық құрылымдар мен тектоникалық жануарлар зоналарының жалпы бағытына сәйкес келеді. Бұл жота граниттен, габбродан, эффузиялар мен олардың туфтарынан, эффузиялық шөгінді жыныстардан, аздап құмдастардан, мәрмәрдән түзілген. Іле Алатауының қазіргі сипаты палеогеннің ақырында басталған тектоник, процестердің нәтижесінде қалыптасқан /2/.
Бүкіл антропоген кезінде таулардың биіктеуіне байланысты Іле Алатауының солтүстік беткейлеріндегі өзен аңғарлары мен шатқалдарында дөбектас, қиыршықтас - малтатас, құм - саз құрамды кесек жыныстар мол жиылды. Бұл тау етектерінде ысырында конустарды түзіп, төменіректе ені 10 - 15 км қалыңдықта. 2000 - 3000 метрлік тұнба жыныстар қатарына ұласады.
Ысырынды конустардың жазыққа қарай ылдилау анық байқалады. Көлденең қимасы линза пішінді. Мұнда тау жақтан келген жер беті мен жер асты ағындарының сүзілуі нәтижесінде артезиан суының мол қоры жинақталады. Қала үшін бұл судың маңызы күшті.
Қала атырабының жоғарығы сейсмикалылығымен, көне және жас терең жарылыстары мен байланысты. Мұнда үлкен апат болған. Верный (23 май (9-июнь) 1987) және Кемин 22 желтоқсан 1910 (4 қаңтар) 1911) жер сілкініулері болды. Соңғысы СССР - ның континенттік бөлігіндегі ең күшті жер сілкіну болып табылады /3/.
Сейсмологиялық және геофизиологиялық комплексті зерттеулер жер сілкінуінің қалыпты 9* балдық зонасын және одан жоғарғы сейсмикалық аймақтарды анықтауға мүмкіні береді, ірі ғимараттар тұрғызуға қажетті антисесмикалық шараларды анықтады.
Алаты күшті лайлы тасқындардың бар аймақта орналасқан. Анатты тасқындар Кіші Алматы өзенінің арасында 1921 және 1973 жылдары болды. 1921 жылы қалаға 3 млн м 3 - ден астам балшық пен тас қаптады. Мореналық Тұйықсу көлінен басталған 1973 жлы лайлы тасқынды Медеу плотинасы бөгеп тоқтатты. 1977 жылы тамызда Үлкен Алматы өзенінің аңғарында 6 млн 3 - дй көлемдегі сел тасқыны болды Үлкен Алматы плотинасы) . Қазіргі кезде елді - мекендер мен халық шаруашылық объектілерінен лайлы тасқындар мен қар көкіндерінен сақтандыру жобаларының жүйесі іске қосылды ( Селден қорғау басқармасы) . Алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен жүргізілуде (Сел, Сел тасқыны станциясы) .
Қаланы кеңейту үшін жер бедері қолайсыз, ылғалды мол босаң топырақты алаңдар кеңінен игерілуде. Мұндай жерлерді пайдалану үшін әуелі әр түрлі техникалық шаралар жүргізіледі (сай - жыралады тоыпыраққа толтырып текістеу, дренеждау, ағынды реттеу, т. б. ) . Қала шетіндегі антропогендік қабаттардың іргетасы осы тереңдікте орнатылады. Қала іші мен оның төңірегінен табылған, құм, қиыршықты тас, малтатас, құрылыстық және беттеме тас, ізбестас және тағы да басқакеңдері кеңінен қолданылады /6/.
Гидрогеологиялық жағдайы. Алматы өзінің гидрогеологиялық жағдайы жөнінен Іле артезиан алабына, Іле Алатауының солтүстік бөктерлік терең ойпаты аймағына жатады. Қалыңдығ 3200 метрден астам палеоген - неогендік, антропоген шөгінділер жаралу тегі мен құрамы әр түрлі жер асты суы жмылған.
Палеоген мен төменгі неогеннің құм қабаттарында тұзды (37 - 54г/л), хлоридті, натрийлі, ыстық (70 - 80 0 С), арыны күшті (250 - 300 атм) жер асты суы бар. Суының құрамы (г/кг) : йдо - 0, 007, бром - 0, 060, бор - 0, 006 - 0, 018, кремний қышқылы - 0, 017.
Жоғарғы неоген жыныстары қабатының 1750 м тереңдігінен ыссы (скважина забойында 81 0 С), сәл тұздылау тұз шағыда. Құрамы (г/кг) : йод - 0, 001 - 0, 002, бор - 0, 020, бром - 0, 012 - 0, 017, кремний қышқылы - 0, 036, фтор - 0, 003; Газдары (%) : азот пен сирек газдар - 85, оттегі - 13, метан - 2. Судың бальнеологиялық қасиеті анықталды. Мұнда қол - аяқ, жүйке, ішек - қарын ауруларын емдейтін санаторий салынуда (1982) .
Анторпогеннің дөңбектасты - малтатасты, құмды - саздақты шөгінділерінде (қалыңдығы 500 метрлен астам) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су ағынсыз келеді, ал таудан 16 - 20 км қашықтықтағы сазды қабаттарды арынды судың бірнеше горизонттары қалаптасқан, суы тұщы (0, 2-0, 3 г/л), гидрокорбанатты, кальцилі және салқын. Бұл горизонттарда 50 - 60% өзен суы, 20 - 25% ирригациялық су, 10 % атмосфера ылғалы, 1 - 2% таулық жер асты суының үлесі бар. Анторпоген жынысының сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануда /8/.
Тауда жарықшақтық және өте тұщы (0, 1 - 0, 3 г/л), гидрокорбанатты - кальцилі магнилі су көздері көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің жапсарларындағы су сәл ащы (1 - 3 г/л), сульфатты, натрилы болады.
Тектоникалық жарылыстар мен минералды жылы су зоналары байланысты. Бұл сулардың шипалық қасеттрі бар. Алма Арасан санаторий» осындай судың негізінде жұмыс істейді.
1. 2 Климат жағдайлары
Климаты. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы- желсіз тымық ауа райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көп жылдық орташа температурасы 9 0 С, ең жоғары температурасы 42 0 С, ең төменгісі- 38 0 С.
1- кесте. Ауаның көпжылдық орташа және экстремальдық температурасы
Алыну көзі «Алматы энциклопедиясы»
Бозқырау шамамен 14 қазан мен 18 сәуір аралығында байқалады, ерте түсетін кезі- 28 қыркүйек, кешіккенде 30 мамырға дейін созылады. Ауаның 0 0 С- тан жылы кезі жылына орташа есеппен 176 тәулікке (жалпы 118-214 тәулікке) дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 252 тәулік, 1-шы наурыздан 18- ші қарашаға дейін созылады. Тұрақты аяз, яғни ауаның 0 0 С- тан төмен мәні орташа есеппен 67 тәуліктей шамамен 19 желтоқсаннан 23 ақпанға дейінгі кезеңді қамтиды. Кейбір жылдары қыста 60-70 тәуліктей күннің тым жылынатын кездері болады (1940-1941, 1951-1952, 1962-1963 жылдары) . Ауа температурасы 30 0 С-тан жоғары ыссы күндердің саны орташа есеппен жылына 36 күндей, ал 1944 жылы- 58 күнге созылса, 1972 жылы − 8-ақ күн болғаны байқалады /5/.
Қуаңшылығы басым кез тамыз айы, бұл айда қалаға орта есеппен 24 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғалы мол ай −мамыр, 93 мм. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 550-600 мм (2-кесте) . Жауын-шашынды кезең сәуір-мамыр айлары, бұл құбылыс кейде қазан-қараша айларында да байқалады. Жылдың салқын кезі негізінен тұманды келеді. Тұманды күндер саны қала және оның төңірегінде орта есеппен жылына 50-70 тей, жылдық орта мөлшерден ауытқуы кейбір жылдары 40 тәуліктей. Күн күркіреу, найзағай жарқылдау (жылына орташа есеппен 23-45 күндей) болады. Әсіресе мамыр-шілде айларында өте жиі байқалады. Алматы климатының ерекшеліктерінің бірі − кейде наурыздың 2-ші жартысында-ақ күн күркіреп, найзағай ойнайды. Соңғы рет бұл құбылыс 1982 жылы 17 наурызда, қала үстіндегі жылы ауа мен солтүстік-батыстан ағылған салқын ауаның шұғыл араласуы нәтижесііндегі күшті қар жауу кезінде болды.
Қардың тұрақты жатуы шамамен 30 қазаннан (кейде 5 қазаннан 21 қарашаға дейінгі аралықта) басталады. Толық еру мезгілі 2 сәуір (өте ерте кету мерзімі 26 ақпан, ең кеші −12 мамыр) шамасы, Қар шамамен 114 тәулік бойы жатады. Наурыздың соңғы он күндігіндегі қардың қалыңдығы 4 см мөлшерінде. Аспанды негізінен көбіне орта және жоғарғы ярусты жұқа шарбы бұлт басады. Бұл күн радиациясын онша тежемейді. Сондықтан бұлттылықты төмендегідей сипаттауға болады. Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%, жылдың қалған маусымдарында 20−30%, күн ашықтығының (0−2 балға дейін) қайталануы жыл бойына 70%−ке жуықтайды. Сібір антициклонының қалыптасуына байланысты қала үстіндегі атмосфералық қысым артады. (2-кесте)
2-кесте. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері, салыстырмалы ылғалдылық және ашық күн ұзақтығы
Жауын-шашын
мм
Салыстыр. ылғалдыл.
(сағ. 13- тегісі)
Ашық күн ұзақтығы
(сағ. есебімен)
Алыну көзі «Алматы энциклопедиясы» мәліметтері бойынша
Гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел басым байқалады (30%), жазда мұның тұрақтылығы артады (37 %), қыста кемиді (19%) . Қаланың солтүстік жазық бөлігінде (Боралдай және аэропорт маңын. да) жел көбіне солтүстік-батыс бағытта соғады. Жылдамдығы 15 м /с не бұдан да күшті жел жыл бойына 15 тәуліктей соғады. Мұндай күшті жел 1933 жылы (60 жылда 1 рет байқалады) 40 тәуліктей болды. Күшті жел қыс маусымында өте сирек (10 жыл ішінде 1-3 тәуліктей) , жазда жылына 2-3 тәуліктей, көбіне түстен кейін соғады. Басқа ірі қалалардағыдай Алматы қаласының орталығында да “жылы арал”бар екені анықталды, картада бейнеленді. Қаланың солтүстік және оңтүстік шетіне қарағанда“жылы аралда” ауа қыста 0, 8 0 -3, 8 0 С, жазда 2, 2 0 -2, 6 0 -тай жылы, Қаланың солтүстік шетіне қарағанда орталық бөлігінде аяз 7 тәулік кеш түсіп, 3 тәулік ерте шығады /6/.
Бұл аймақтың климаты айқын көрсетілген континентальдылығымен ерекшеленеді. Тау етегі зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиі жылылқты қоңыржай жылы болып келеді. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да төмендейді, қар мөлшері де көбейеді, ал биік таулы зонада қарлар қатты түрде түседі және тұрақты қарлар мен мұздықтарды құрайды. Ауа температурасының күрт тербелуі, нивальді белдеуде қарқынды үгілудің пайда болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар тау беткейлерімен қиыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегі жазығында да, үгілу процестері белсенді байқалады: шаңды дауылдар, топырақ құрғақшылығы, құмдардың үрленуі мезгілімен болып тұрады, қой тасты-малтатасты материал біртіндеп бұзылуға ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан алсақ та, қысқы теріс мағыналы температура су ағындары эрозиясының, беткейлік процестердің, материалдың өзендер арқылы тасмалдануын бәсендете отырып, грунттық және өзеннің қатуына, қар жамылғысының пайда болуына алып келеді
1 . 3 Жер бетінің су қоры
Жер бетінің су қоры. Қала және оның төңірегіндегі өзендер Іле алабына жатады. Негізінен бұлар ағыны қатты, арналары енсіз (10-15 м) және терең шатқалды (800-1000 м) келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай бұлар екі топқа бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер және мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер. Негізінен атмосфералық жауын-шашын суымен толысатын болғандықтан, су көздерінің ең жоғарғы деңгейлері көктемгі қар еруге және шілде айларында таудағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты байқалады. Өзен суы шілденің басында, яғни ауа температурасының шұғыл жоғарылауына байланысты мұздықтардың көп еритін уақытында молыға түседі. Осы кезде сел тасқындары да жиі болады. Таңертеңгілікте су деңгейлерінің тәуліктік ауытқуы аз, ал кешкілікте мұздықтардың күндіз еруінен су деңгейі 15-20 см-ге дейін көтеріледі.
Өзендері. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және бұлардың салалары − Есентай (Весновка), Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Бұлар 3000 метрден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен толысады, деңгейінің төмендеуіне не көтерілуіне жауын-шашын мен жер асты суы әсер етеді. Үлкен Алматы өзені Іле Алатауының 3500 м биіктіктегі беткейлік мұздықтан басталады. Орта биіктік зонасында мұның бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасының көмкерілуімен Үлкен Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырымен СЭС тізбегіне беріледі. Одан біраз төменіректе өзен аңғарында Үлкен Алматы плотинасы салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан 52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдық орташа су шығыны 4м 3 / с. Қаланы электр энергисы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздығынан басталады. Аңғарында лайлы тасқынға тосқауыл ретінде Медеу плотинасы бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші Алматыға Кімасар және шағын Бұтақты (Бутаковка) салалары құяды. Қаладан үш тармақ − Кіші Алматы, Есентай (Весновка), Казачка өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай (Весновка) арналары қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп, жағасы бетондалған. Кіші Алматы қаланың солтүстігінде Қапшағай бөгеніне құяды.
Көлдері және бөгендері . Қала өміріне байланысты көлдер негізінен гляциалдық зонада орналасқан. Олар шапшаң еритін мұздықпен көмкерілген көл және мореналық немесе ерімейтін мұздықпен байланысқан көлдер болып екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы сілемдерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Бұлар −тұщы су көзі, сондай-ақ таулық көлдер лай тасқындарының қалыптасу процесінде үлкен роль атқарады. Тұйықсу мұздығының етегінде, Кіші Алматы аңғарында осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі өзгереді, кейде мүлдем тартылып қалады, соңынан қайта пайда болады/35/.
Қала өмірі үшін Ақсай бөгені, Ащыбұқлақ бөгені, Қапшағай бөгені , Мыңжылқы бөгені, Сайран бөгені сияқты жасанды айдындардың маңызы зор. Алматының батыс бөлігінде, Үлкен Алматы өзенінің аңғарындағы Сайран бөгені жағасында жаз айларында Алатау, Әуезов ауданының тұрғындары демалады. Сол сияқты Үлкен және Кіші өзендерінің аңғарларындағы, Іле бойындағы Қапшағай тағы басқа бөгендер қала халқының демалыс орындарына айналып отыр. отыр.
Мұздықтары. Қала табиғатына тікелей әсер етуші Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейі шыңдарында жалпы ауданы 308, 03 км 2 307 мұздық қалыптасқан. Солтүстік беткейлік мұздану аумағы батыста, Ұзынқарғалы өзенінің жоғарғы бөлігінен, шығыста Түрген өзенінің бастауына дейін созылған. Мұндағы қар жиегі 3800- 3900 м биіктік шегінде өтеді. Аумақты мұздықтар жотаның орталық бөлігіндегі биіктігі 4700 -4900 м тауда шоғырланған. Мұздықтарына тән сипат- көпшілігінің ауданы шағын (2 км 2 шамасында) болып келеді (бұлар жалпы мұздықтардың 87%-і) . Мұздықтар ұшының ашық бөлігі шамамен 3 530 м биіктікке, көмулі бөлігі 3 440 метрге дейінгі деңгейге төмендейді, ал фирн сызығының ең биік деңгейі аңғарлық мұздықта (3 780 м) байқалады. Шлейфте бұл 3840 метрге, қар мен аспалы мұздықта 3820 метрге дейінгі деңгейге төмендейді. Іле Алатауының қазіргі мұзданудың пайда болуы көбінесе жер бедерінің сипатына байланысты да, өңірінің климат жағдайына біршама тәуелді. Қала атырабын және оның өнеркәсіп орындарын тұщы сумен қамтамасыз етуде, маңайдағы егістік пен бау- бақшаны суаруда мұздықтардың рөлі өте зор /14/.
1. 4 Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz