Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен перспективалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Лизингтің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Лизингтің мәні мен анықтамалары ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Лизингтің қағидалары мен жіктелуінің белгілері ... ... ... ..9
1.3. Лизинг операцияларының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 16

II. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен перспективалары ... ... ... ... ...21
2.1. Қазақстан Республикасына лизингті еңгізу тәжірибесі, проблемалары мен ерекшеліктері ... ..21
2.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуының қазіргі күйіне талдау...25
2.3 Қазақстан Республикасындағы агролизингтің дамуы ... ...28

III. Қазақстан Республикасындағы лизингті жетілдірудің жолдары мен проблемалары 31

Корытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Лизингтің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Лизингтің мәні мен анықтамалары ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Лизингтің қағидалары мен жіктелуінің белгілері ... ... ... ..9
3. Лизинг операцияларының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 16

II. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1. Қазақстан Республикасына лизингті еңгізу тәжірибесі ,
проблемалары мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2. Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуының қазіргі күйіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3. Қазақстан Республикасындағы агролизингтің дамуы ... ...28

III. Қазақстан Республикасындағы лизингті жетілдірудің жолдары мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Корытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Кiрiспе.

Қазақстанның нарықтық экономика қатынастары жолына түсуі экономикадағы
көптеген дағдарыстар мен қиыншылықтарға әкеп соқтырды. Сонымен қатар,
нарықтық қатынастар экономикалық қайта құрулардың басталуының негізі болды.
Сондықтан да, инвестициялық бағыттың осы жолда әр ел, әсіресе Қазақстан
экономикасының жағдайына тигізер әсері айтарлықтай.
Курстық жұмыстың осы тақырыбын таңдаған себебім – қазіргі кезде лизинг
қатынастарының Қазақстан жағдайына енуінен бастап осы күнге дейінгі даму
жолын, қарқынын байқағым келді. Ал, бұл қатынастардың даму жолы өте
күрделі болып келді және де ол әлі де болса даму үстінде.
Қазақстандағы лизинг қатынастарының негізі тәуелсіздік алған кезден-ақ
қаланды. Дегенмен, экономиканың маңызды саласы ретінде қалыптасуы Қазақстн
Республикасының Қаржылық лизинг туралы заңның қабылдануынан басталды.
Бірақ, банктердің лизингтік операцияларын жүргізуі 1989 жылдары-ақ жүзеге
асырылып отырды.
Осы он бес жылдың ішінде лизинг экономиканың ажырамас механизміне
айналды, өйткені лизинг ауыл шаруашылық секторының дамуына септігін
тигізіп, дамуынының қарқының арттырады. Ал, ол өз кезегінде бүкіл Қазақстан
экономикасының жағдайының жақсаруына алып келеді.
Инвестициялардың, шетелдік немесе отандық болсын, артуы экономиканың
жағдайын көтереді.
Қазіргі кезде Қазақстанның ауыл шаруашылық секторында қызметін жүзеге
асырып жүрген кәсіпорын мен ұйымдар үшін лизинг арқылы алынған ауыл
шаруашылық техника, құрал-жабдықтарды алу қаржылық жағдайларына үлкен
ауыртпалық тигізбейді, яғни өте тиімді болып келеді.
Менің ойымша, Қазақстандағы лизингтік бизнесті мемлекет тарапынан
қолдау өте пайдалы нәтижелерге алып келеді. Қазірдің өзінде-ақ көптеген
ұйымдар мен кәсіпорындар тек осы мүмкіндік арқылы аяқтарына тұрып,
жұмыстарының тиімділігін арттыруда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта
лизингтік компаниялардың талаптары лизинг алушылар үшін өте қолайлы болып
келеді.
Лизингтің дамуы жөніндегі мәселелер басылым беттерінде тоқсаныншы
жылдардың ортасына қарай шыға бастағанына қарамастан, бүгінгі таңда
лизингтік компаниялар саны айтарлықтай.
Әр түрлі мамандардың лизингке берген анықтамалары мен ол жөніндегі
пікірлері сан алуан. Сондықтан да, әлемдік тәжірибеде лизингтің түрлері де
сан алуан болып келеді.
1. Лизингтің теориялық негіздері

1.1. Лизингтің мәні мен анықтамалары

Әр бір елде жал индустриясы өзіндік ерекше әдіспен дамығанына
байланыссыз, жалдың пайда болу стадиясынан бастап ұлттық экономиканың
дамыған саласы стадиясына дейінгі дамуына тән ортақ заңдылықтар бар.
Жал мәмілелері ежелгі тарихқа ие. Қазіргі кездегі дәлелдемелерге
қарағанда бұл тарих 4000 жылға жуық: Шумер ежелгі мемлекетте жалды
пайдаланудың дәлелдемелері бар. Еуропалық лизинг мектебі еңбегінің
авторлары былай деп жазады: Ежелгі шумерлік Ур қаласында табылған ерте
табличкаларда ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарды, жерді, су көздерін және
жануарларды жалға беру туралы мәліметтер бар
Басқа ежелгі өркениеттер, соның ішінде гректер мен римляндыктар, жалды
жерді, үй жануарларын және құрал-жабдықтарды алудың қолайлы, жақсы, кейде
жалғыз әдісі деп есептеген.
Аристотель б.з.д. IY ғасырда-ақ лизинг мәселесін қарастырған болатын.
Оның айтуы бойынша, байлық иемдену құқығында емес, байлық – пайдалануда.
Ежелгі финикийліктер тәжірибесінде өзен кемелерінің жалы көрініс табады.
1284 жылы Уэльс қаулысымен қозғалатын мүлік жалының заңды негізі
қаланды.; 1571 жылы Англияда жал келісімдерін жасауға рұқсат беретін кесім
қабылданды. XYIII ғасырдың бас кезінде АҚШ-да алғаш рет жеке мүлік жал
келісімі тіркелген болатын.
Бірақ та лизинг қатынастарындағы шынайы нағыз жарылыс АҚШ-да XX
ғасырдың 50 жылдарында болды. Лизингке белсеңді түрде өндіріс құралдары
беріле бастады, олар: технологиялық құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар,
механизмдер, кемелер, самолеттер және т.б. Бұл бастауды АҚШ-ның Үкіметі
бағалай алды да, бұл қызметтің түрін ынталандыру мақсатында мемлекеттік
бағдарлама құрды.
Лизинг термині ағылшын сөзінің “to lease” етістігінен шыққан, яғни
жалға алу дегенді білдіреді. Бірақ та лизинг анықтамасы шектеулі болып
келеді және бұл жаңа несие құралының барлық нысандарын ескере алмайды.
Бұдан лизингтің мәні мен шығуы туралы көптеген тұжырымдамалар мен пікірлер
пайда бола бастады. Қазіргі кезде лизингке беретін анықтамалар саны
шамамен жүзден асады.
Қызметтің әр түрлі салалардағы мамандар (заңгерлер, коммерсанттар-
кәсіпкерлер, маркетологтар, банк қызметкерлері, сыртқы экономикалық қызмет
сала қызметкерлері) лизингті инвестициялық және банктік қызметке, немесе
жал қызметтеріне жатқызады; тауарларды өткізу нысаны, машина-техникалық
өнімдерді жеткізу нысаны, жал нысаны, ұзақ мерзімді жал, негізгі қорларға
несие беру нысаны, күрделі салымдарды қаржыландыру нысаны, ұзақ
пайдаланатын тауарларды экспорттауға несие беру нысаны, сыртқы экономикалық
қызмет нысаны (сыртқы сауда, экспорт-импорт қатынастары) ретінде
қарастырады.
Мысалы, Е. Кабатова[1] лизингке қатысты шетел құқықтық теорияларды
талдай отырып, келесі бес негізгі тұжырымдаманы береді:
1. Лизинг келісімін ерекше белгілері бар жал келісімі ретінде
қарастыратын тұжырымдама;
2. Лизинг келісімінің жіктелуі мерзімді ұзарту сату-сатып алу
ретінде;
3. Лизингте тапсырма институтының белгілері бар деп айтатын
тұжырымдама;
4. Лизинг үшінші тараптың пайдасына жасалатын келісім ретінде
қарастыратын тұжырымдама;
5. Лизингті узуфрукт (заттық құқық – біреудің мүлкін пайдалану мен
алған жемістерін кейін иемденушінің (узуфруктуариймен) иесінде
болатын келісім)
Көптеген жағдайларда лизингті машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт
құралдар және т.б. өндіріс сипатқа ие құрал-жабдықтардың жалы немесе ұзақ
мерзімді жалы ретінде қарастырады. Бірақ бұл көзқарас лизингтің тар
анықтамалар қатарына жатады.
Лизинг бірқатар жалдан ерекшеленеді. Лизинг алушы жалгерге қарағанда
объектті ұзақ мерзімді пайдалануға алмайды. Оның мойнына кәдімгі сатып
алушының міндеттері жүктеледі: мүлікті төлеу, мүліктің кездейсоқ өлімі
кезіндегі шығындарды қайтару, оны сақтандыру мен техникалық қамсыздандыру
және де жөндеу жұмыстары. Бірақ мүлік иесі болып лизинг беруші қала береді.
Өлім немесе объектті пайдалану қабілетсіздігі оны борышын өтеуден
босатпайды. Жалгерге қарағанда лизинг алушы лизинг берушіге пайдаланғаны
үшін ай сайынғы (квартал сайынғы) ақы емес, оның толық құнын төлейді.
Лизинг объектісінде ақау байқалса, онда лизинг беруші кепілдік
міндеттемелерден босатылады да, барлық наразылық жеткізушіге білдіріледі.
Бұндай көзқарас толығымен негізделген, өйткені лизинг беруші бұл
объектті лизинг алушының сұрауы мен мүддесі үшін алады, яғни лизингтік
компания – жалға беруші белгілі бір жалгер үшін арнайы оның сұрауы бойынша
өндірушіден мүлікті сатып алады, осыдан, лизинг – қатынастардың ортақ
кешені, ал жал – осы кешеннің элементі болып табылады.Сонымен қатар,
міндеттердің былайша бөлінісі лизинг алушының тарапынан объектке дұрыс
қарауына кепілдік болады.
Сонымен бірге мынаны есепке алу керек. Егер жал екі жақты болса, яғни
жалгер мен жалға беруші арасында, лизингтік контракт көп жағдайларда үш
жақты немесе көп жақты сипатқа ие болады. Бұны төмендегі сызбалардан көруге
болады.

Жал келісімі

Сурет 1. Жал келісімінің сызбасы

Сатып алу-сату жал

келісімі
келісімі

Сурет 2. Лизинг келісімінің сызбасы

Кез келген лизинг операциясының негізі болып қаржылық, яғни несие
операциясы болады. Меншік иесі (лизинг беруші) пайдаланушыға (лизинг
алушыға) белгілі бір қаржылық қызмет көрсетеді:ол мүлікті меншікке толық
құнымен, яғни бағамен, алады да, бұл соманы лизинг алушының мерзімді
салымдары есебінен қайтарады.
Лизинг беруші – ол өзінің және тартылған қаражат есебінен лизинг
объектісін меншікке алып, оны лизинг алушыға лизинг келісіміндегі шарттарға
сәйкес беретін лизинг мәмілесінің қатысушысы. Лизинг беруші бір уақытта
басқа лизинг мәмілесінің қатысушысы бола алмайды.
Лизинг алушы – ол лизинг келісіміндегі шарттарға сәйкес лизинг
объектісін кәсіпкерлік мақсаттарға алатын лизинг мәмілесінің қатысушысы.
Лизинг мәмілесі дегеніміз азаматтық құқықтар мен міндеттерді жоюға,
өзгертуге немесе орнатуға бағытталған лизинг қатысушыларының келісілген іс-
әрекеттер жиыны.
Лизингтік қызмет – ол лизинг келісімінің шарттарын орындау жөніндегі
лизинг берішінің қызметі[2].
Экономикалық мағынада лизинг бұл несие, яғни лизинг берушінің мүлікті
лизинг алушыға уақытша пайдалануға беру нысанында. Бұл жерде несие
қатынастарының субъектілері болып қарыз беруші ролінде – лизинг беруші, ал
қарыз алушы ролінде – лизинг алушы шығады. Ссуданың объектілері болып
машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары және басқа да негізгі құрал
элементтері саналады. Көбісі бірақ, лизингті несие нысаны немесе
инвестициялау әдісі ретінде қарастырады, өйткені бұл мәселелермен көбінесе
белсенді түрде банк мекемелері айналысады.
1988 жылы Оттава қаласында қабылданған халықаралық қаржылық лизинг
туралы Конвенцияда да бекітілген болатын. Онда: Халықаралық тәжірибеде
лизинг лизингтік компания (лизинг беруші) пайдаланушының сұрауы мен
тапсырысы бойынша оған уақытша пайдалануға бұл мақсатқа өндірушіден сатып
алынған өндірістік құрал-жабдықтарды беретін қатынастардың үшжақты кешені
ретінде қарастырылады. Келісімінің мерзімі өткен соң пайдаланушы өз
меншігіне мүлікті сатып ала алады[3]
Сонымен қатар, лизингті несиенің ерекше нысаны ретінде де қарастыруға
болады, өйткені қымбат материалдық құндылықтарды клиенттерге беру осы
клиенттерде міндеттердің пайда болуына әкеп соқтырады. Бұл міндеттерді өтеу
мерзім ұзарту негізінде жал төлемдерін төлеу барысында жүргізіледі.
Лизинг келісімінің экономикалық мазмұны және құқықтық нысаны
бойынша, лизинг ұғымының кең түсіндіремесі оның анықтамасын мүлікті
уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болатын мүліктік қатынастардың
кешені ретінде айқындайды. Бұл кешен мүліктік жал келісімімен бірге, сату-
сатып алу және қарыз келісімін біріктіреді. Лизингке осы келісімдердің
күрделі қосылысы мен осы келісімдерге отыру кезінде пайда болатын
қатынастардың өзара енуі тән. Бұны төмендегі лизингтік мәміле сызбасынан
көруге болады.

4

7 1 2
5

6 6 9 9 8
3

Сурет 3. Лизингтік мәміленің типтік сызбасы

Суреттегі:
1 – лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы лизинг келісімі;
2 – лизингтік компания мен жеткізуші кәсіпорын арасындағы сату-сатып
алу келісімі
3 - лизинг берушінің банкпен несие келісіміне отыру
4 – жеткізуші-кәсіпорынның лизинг алушыға техниканы беру
5 – лизинг берушінің жеткізуші-кәсіпорынға техника құнын төлеу
6 – сақтандыру компаниясының лизинг берушімен сақтандыру келісіміне
отыру
7 – лизинг алушының лизинг берушіге лизингтік төлемдерді мерзімді төлеп
отыруы
8 – лизинг берушінің несиені пайдаланғаны үшін банк алдындағы
пайыздарды өтеуі
9 – лизинг берушіге жергілікті бюджетке салықтық төлемдерді төлеу мен
оған салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді беру
Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, лизингке қорытынды
анықтама беруге тырысамын.
Лизинг - бұл сату-сатып алу, жал және несиемен байланысты экономикалық
және заңдық қатынастардың кешені. Лизинг беруші өзінің және тартылған
(қарыз) құралдары есебінен инвестициялық және ұзақ пайдаланылатын тұтыну
тауарларды алады және оны белгілі ақыға лизинг алушыға уақытша пайдалануға
және иеленуге бір жылдан аса мерзімге беру кезінде пайда болатын
қатынастар.

1.2. Лизингтің қағидалары мен жіктелуінің белгілері.

Лизинг қызметтерінің қазіргі нарығы лизинг түрлерінің және
нысандарының, лизингтік контрактілердің және осы операцияларды реттейтін
заңды нормалардың көп түрлілігімен сипатталады.
Әлемдік тәжірибе лизингтік келісімдердің көп нұскауларын жасап шығарды.
Олар бір бірінен нақты шекарамен шектелмеген, бір түрдің белгілері екінші
келісім-шартта кездесуі мүмкін. Және де белгілі лизинг түрінің талаптарын
сәл ғана өзгерткеннің өзінде оның жаңа типін ала алмыз. Сондықтан да осы
уақытқа дейін нақты жіктелу берілмеген, яғни осы кезге дейін лизингтік
келісімдер түрлерінің толық тізбесі жасалмаған.
Сонымен, көптеген жіктеулерді талдай, мәні мен мағынасын зерттей отырып
төмендегідей лизингтің жіктеме белгілерін айқындауға болады:
1. мәміле қатысушыларының (субъект) саны мен құрамы;
2. мәміле объектісі;
3. мәміле мерзімі;
4. мәміле масштабы мен сомасы;
5. қарыз және қосымша құралдарды тарту дәрежесі;
6. мүліктің өтемділік дәрежесі;
7. амортизацияны есептеу әдістері мен шарттары;
8. қызмет көрсету көлемі;
9. операция өткізіліп жатқан нарық секторы;
10. салықтық және өзге де жеңілдіктерге қатысы;
11. лизингтік төлемдердің сипаты;
12. лизингтік мәміледе опционның болуы;
13. базистік (негізгі) жыл ішінде келісімді бұзу шарттары мен
мүмкіндігі;
14. мүлікті бухгалтерлік есеп әдісі.
Лизингтік мәміледе тараптар санына қарай лизингті екіжақты, үшжақты
және көпжақты лизинг деп бөлуге болады. Классикалық лизинг әдетте
тараптары сатушы-лизинг беруші-лизинг алушы болып табылатын үшжақты
мәміле. Кейбір экономистер бұл үшбұрышты кейде жеткізуші-жалға беруші-
жалгер. Бірқатар жағдайларда экономистер лизинг мәмілесінің қатысушыларын
талдай отырып, ол қатынастардың ерекшелігін анықтау үшін тура мен жанама
және тура мен қайтармалы лизингті бөледі. Мысалы, Е. Чекмарева, А.
Куликов тура лизингке - екіжақты, жанама лизнгке - үшжақты және көпжақты
лизингті жатқызады, ал И. Ключников, В. Торкановский тура лизинг қатарына
үшжақты, жанама лизингке қаржыландыратын тарап қатысуымен төртжақты
мәмілелерді жатқызады.
Меншік нысаны мен лизингтік мәміле қатысушылар құрамындағы заңды мен
жеке тұлғалар түріне байланысты:
1. мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар;
2. жергілікті органдар;

Сурет 4. Е. Чекмарева бойынша лизинг түрлерінің жіктелуі.

3. жеке кәсіпкерлік (коммерциялық) фирмалар;
4. коммерциялық емес ұйымдар;
5. халық (азаматтар).
Олардың лизинг мәмілесіндегі функцияларына байланысты субъекттер мына
сипатта шығу мүмкін:
1. мүлік сатушысы;
2. лизинг беруші;
3. лизинг алушы;
4. несиегер;
5. гарант және т.б.
Машиналар мен құрал-жабдықтарды шығарушы-кәсіпорындар немесе сауда
фирмалары мен компаниялары, сонымен бірге жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар
мүлікті сатушы (жеткізуші) бола алады.
Ал, лизинг беруші меншік нысанына байланыссыз лизингтік қызметпен
айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады. Мүлікті лизингке беретін
иесіне байланысты мемлекеттік лизинг және жеке (коммерциялық) лизингті
бөдуге болады.
Осыған орай, лизинг берушілердің төрт негізгі типін айқындауға болады:
1. тәуелсіз лизингтік компаниялар;
2. банктермен байланысты фирмалар және банктердің өздері;
3. құрал-жабдықтарды шығарушы-фирмалардың лизингтік филиалдары;
4. инвестициялау үшін қажетті қаржы ресурстары бар өзге де лизинг
берушілер, мысалы, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары,
трасттық компаниялар және т.б.
Лизинг алушы кез келген меншік нысанындағы өндірістік және сауда
кәсіпорындары, коммерциялық емес ұйымдар мен халық болуы мүмкін. Лизинг
алушы қандай заңды немесе жеке тұлға екеніне және лизинг объектісі қандай
мақсаттарға пайдаланатындығына байланысты кәсіпкерлік (өндірістік,
инвестициялық) лизинг және тұтынушылық лизинг болып бөлінеді. Кәсіпкерлік
лизинг коммерциялық (пайдалы) ұйымдармен,ал тұтынушылық лизнг халық пен
коммерциялық емес ұйымдармен, яғни жеке және қоғамдық тұтынумен
байланысты. Көптеген елдердің заң актілерінде, соның ішінде Қазақстан
Республикасының да заң актілерінде лизинг тек қана кәсіпкерлік қызметпен
байланысты. Ал индустриалды дамыған елдерде ұзақ уақыт пайдаланылатын
тұтыну тауарларын лизингке беру кең дамыған.
Қазақстан Республикасының Қаржылық лизинг туралы заңында былай
делінді: Ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар, инвентарь,
транспорт құралдары, жер учаскелері және басқа да пайдаланылмайтын заттар
лизинг объектісі бола алады. Ал табиғи қорлар мен бағалы қағаздар лизинг
объектісі бола алмайды.
Лизинг объектісі ретінде кез келген көп және ұзақ пайдаланылатын
тауар, соның ішінде жұмыс күші де қарастырылады. Өндіріс процесіне қатысу
деңгейіне байланысты лизинг объектілері инвестициялық тауарлар мен ұзақ
уақыт пайдаланылатын тұтыну тауарлары болып бөлінеді. Өз кезегінде,
инвестициялық тауарлар ды екі негізгі белгілері бойынша ажыратуға болады:
• физикалық капитал элементтері (қозғалмайтын және қозғалатын
мүлік);
• қаржы капиталының элементтері (қаржы активтері – ақша, салым,
пайлар, бағалы қағаздар).
Ал, инвестициялық тауарлар нарығын келесі нарықтарға жіктеуге болады:
• қозғалмайтын мүлік нарығы (ғимараттар, құрылыстар және т.б.);
• қозғалатын мұлік нарығы (құрал-жабдықтар, транспорт құралдары
және т.б.);
• мүлік құқы мен интеллектуалды потенциал нарығы (мамандадырылған
кадрлар, ғылыми потенциал);
• инновация нарығы (ғылыми-техникалық өнім). Тауар нысанындағы
инвестициялар капиталдың материалды-заттық элементі арқылы
жүзеге асырылады.
Сурет 5. Лизинг мәмілесінің қатысушыларының (субъект) саны мен
құрамына байланысты лизингтің түрлері.

Лизинг операциясының маңызды сипаттамасы – мәміле мерзімі.
Мәміле ұзақтығына байланысты лизингті келесідей бөледі:
1. қысқа мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);
2. орта мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейін);
3. ұзақ мерзмді (10 жылдан 20 жылға дейін).
Келісімшартта мәміле мерзімін көрсету әдісі бойынша лизинг былайша
жіктелінеді:
1. нақты мерзімді көрсетумен;
2. шекті мерзімді көрсетумен (амортизациялық кезеңге %-пен).
Шекті мерзім минималды мерзім ретінде немесе құрал-жабдықтар мен
машиналар амортизациясының максималды не минималды шек щеңберіндегі кезең
ретінде қойылуы мүмкін.
Ауқымы мен сомасына қарай лизингтік мәмілердің түрлері келесідей:
1. кіші ауқымды;
2. орта ауқымды;
3. ірі ауқымды.
Лизинг берушінің қосымша құралдарды тарту дәрежесіне қарай қосымша
құралдарды тартумен лизинг және оларды тартусыз лизнг. Ал, лизинг берушінің
пайдаланған өзіндік және қарыз құралдарының арақатынасына қарай лизинг:
1. тек өзіндік құралдарды пайдаланумен;
2. өзіндік және қарық құралдарын пайдаланумен;
3. тек қарыз құралдарын (мысалы, шетел несиелері).
Қазіргі кезде лизинг компанияларының ресурстарының 75% -ін банктік
несие алып жатыр. Ал мемлекет, өз кезегінде, лизингтік компанияларының
қарыз құралдарын пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сөйтіп, тәжірибе көрсеткендей, лизинг компаниялар қызметінің көлемі мен
тиімділігі банк құралдарына қол жетерлікке тікелей байланысты. Бірақ та
қарыз құралдарын пайдаланудың да шегі болады. Мысалы, банк несиесінің
қымбаттауы лизинг компанияларының рентабельділігін төмендетеді, өйткені бұл
рентабельділік лизинг төлемдер сомасы мен берешекті өтеу жөніндегі төлемдер
сомасы арасындағы қатынасқа тәуелді болып келеді.
Мүліктің өтелімділік дәрежесіне байланысты лизинг түрлері:
1. толық өтелімділігі бар лизинг, бұл кезде бір келісімшарттың
әрекеті барысында лизинг берушіге жалға алынған мүлкі үшін құнның
толық төленуі орын алады;
2. толық емес өтелімділігі бар лизинг, яғни бір келісімшарттың
әрекеті барысында лизинг берушіге жалға алынған мүлкі үшін құнның
бір бөлігі төленуі.
Амортизация талаптарына байланысты лизинг:
1. амортизациясы толық лизинг және сәйкесінше лизинг объектісі
құнының толық төленуі;
2. амортизациясы толық емес лизинг, яғни сәйкесінше лизинг объектісі
құнының бөліктеп төленуі.
Жоғарыда аталған классификация белгілеріне сәйкес (мүліктің өтелімділік
дәрежесіне және амортизация талаптарына байланысты), ал олар бір-бірімен
ажырамайтын, келесідей лизинг түрлерін айқындауға болады:
1. Қаржылық лизинг (finance leasing) - толық өтелімділігі бар және
амортизациясы толық лизинг (full-payout lease) болып табылады.
Бұл лизингтің түрі келісім шарт барысында лизинг беруші өзіне мүліктің
толық құнын қайтарып алған және лизинг операциясынан пайда тапқан жағдайда
орын алады. Қаржылық лизинг кезінде құрал-жабдықтардың уақытша пайдалануға
берілетін мерзімі оның толық амортизациясымен сәйкес келеді;
2. Жедел лизинг (operative leasing non) кезінде келісім шарт мерзімі
мүліктің қызмет етуінің экономикалық мерзімінен қысқа болып
келеді. Ал жедел лизингтің объектісі – ол моральдік тозу қарқыны
жоғары жабдықтар болып келеді.
Жедел лизинг кезінде мүліктің құнын бөліктеп төлеу орын алады (full-
payout lease), яғни лизинг беруші осы келісім шарт барысында жабдық құнының
тек бөлігін ғана өтейді, сондықтан ол осы жабдықты бірнеше рет әр түрлі
пайдаланушыларға уақытша пайдалануға беріп отыруға мәжбүр болады.
Жедел лизинг кезінде лизинг берушінің лизинг объектісінің оған деген
сұраныстың болмауы кезінде қалдық құнын өтеу жөніндегі тәуекелі өсіп
отырады.
Әр түрлі мүлік түрлері бойынша қолданылатын амортизацияны есептеу
әдістеріне қарай лизингті былайша жіктейміз:
1. амортизациясы бірқалыпты лизинг;
2. жылдамдатылған амортизациясы бар лизинг;
3. арнаулы және еркін амортизациясы бар лизинг.
Лизингке берілетін мүлікке қызмет көрсету көлеміне қарай лизингтің
түрлері:
1. таза лизинг, яғни лизинг беруші өз мойнына берілетін мүлік
жөніндегі барлық қызметті алған кездегі лизинг;
2. толық қызметтер жиыны бар лизинг, бұл кезде лизинг берушіге
мүлікке қызмет көрсетудің барлық функциялары жүктелген.
3. толық емесмқызметтер жиыны бар лизинг, бұл кезде лизинг берушіге
тек кейбір функциялар жүктелген.
Соңғы жағдайда мүлікке қызмет көрсету жөніндегі қызметтер лизинг
беруші, лизинг алушы, өндіруші және басқа да арнаулы (сервистік,
сақтандыру) ұйымдары арасында бөлінеді.
Лизинг операциялары жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг
былай жіктелінеді:
1. Ішкі лизинг, онда лизинг мәмілесінің барлық қатысушылары бір
мемлекеттен болады,
2. Сыртқы (халықаралық) лизинг, яғни бір немесе барлық тараптар әр
елдер өкілдері болған жағдайда.
Сыртқы лизинг, өз кезегінде, экпорттық, импортық және транзиттік лизинг
болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шет ел лизинг алушы, импорттық
лизингте – лизинг беруші, ал транзиттік лизинг кезінде мүлікті өндіруші
(жеткізуші), лизинг алушы мен лизинг беруші әр елдерде орналасады.
Салықтық және басқа да жеңілдіктерге қатысы бойынша лизинг былай
ажыратылады:
1. Амортизациялық және салықтық жеңілдіктері бар лизинг;
2. Кедендік жеңілдіктері бар лизинг;
3. Салық және басқа да жеңілдіктері жоқ лизинг.
Лизинг төлемдерінің сипаты жағынан лизингтің түрлері келесідей:
1. Ақша төлемі бар лизинг, яғни барлық төлемдер ақшалай нысанда
жүргізіледі;
2. өтем төлемдері бар лизинг, бұл жерде төлемдер осы машиналар,
станоктарда жасалынған тауарды жеткізу нысанда немесе кездеспе
қызмет көрсету нысанда жүргізу орын алады;
3. аралас төлемі бар лизинг, яғни жоғарыда аталған төлеу
нысаныдарының кейбір элементтері біріктірілетін лизинг.
Лизинг мәмілесінде опционның бар болуы дәрежесіне қарай лизинг
төмендегідей жіктеледі:
1. опционсыз;
2. опционды.
Базистік жыл барысында келісім шартты бұзу мүмкіндігіне қарай лизинг
түрлері:
1. келісімді бұзу құқысыз;
2. келісімді бұзу құқы бар.
Ал келісімді бұзу құқы бар лизинг өз кезегінде былай ажыратылады:
1. кез келген уақытта;
2. белгілі талаптарды сақтау кезінде;
3. келісімде келісілген талаптардың тараптардың сақтамауы.
Мемлекеттік спецификаларды талдай отырып, яғни ұлттық нарық пен
мемлекеттің ішкі заңнамасын талдай отырып лизнг келесідей жіктеледі:
1. американдық;
2. ағылшын;
3. француз;
4. жапондық;
5. ресейлік.

Бірақ та Қазақстанда лизингтің қарқынды дамуына байланысты қазақстандық
лизингті да қосуға болады.
1.3. Лизинг операцияларының құрылымы

Соңғы уақытта көптеген авторлар лизинг операцияларының негізгі түрлері
ретінде жедел және қаржылық лизингті қарастырады. Ал кейбір авторлар болса,
мысалы В. Перов лизинг операцияларының бірнеше түрлерін көрсетеді.Олар:
1. қаржылық, капиталды немесе тура лизинг (finance, capital lease);
2. жедел немесе қызмет лизингі (service, operating leases);
3. қайтармалы лизинг (sale and back arrangements).
Ал басқа авторлар лизинг операцияларының негізгі типтері ретінде
мыналарды қарастырады:
1. қаржылық (капиталды, тура) лизинг;
2. жедел (сервисті) лизинг;
3. қайтармалы лизинг;
4. левериджлизинг.
Қай авторларды, отандық немесе шетел аторлары болса да, алып қарасақ та
жедел және қаржылық лизинг барлылығында кездеседі.
Жедел лизинг (operating lease) - бұл жал төлемдері арқылы жабдық
құнының тек бөлігі ғана амортизацияланатын қысқа және орта мерзімді мәміле.
Жедел лизинг арқылы әкелінетін жабдықтар жалгер балансында көрсетілмейді.
Мұндай мәмілер бойынша лизинг беруші көп жағдайларда меншікке салық төлеу,
сақтандыру, техникалық қызмет көрсету мәселелерін өзіне алады.
Жедел лизингке келесі белгілер тән:
1. лизинг беруші өзінің барлық щығынын тек бір лизинг алушы есебінен
өтеуден бас тартады;
2. лизинг келісімшарты 2-5 жылға жасалады, яғни ол жабдықтың физикалық
тозу мерзімінен аз және де лизинг алушы оны кез келген уақытта
бұзуы мүмкін;
3. объектінің жоғалу немесе бұзылу тәуекелі негізінен лизинг берушінің
мойнында;
4. лизинг төлемдерінің мөлшірлемесі қаржы лизингке қарағанда жоғары
болып келеді;
5. ең танымал машиналар мен жабдықтар түрі лизинг объектісі болады.
Жедел лизинг бойынша лизинг компаниясы жабдықты, жалгерді білмей тұрып,
ертерек алады. Сондықтан да лизинг компаниялары инвестициялық тауарлар
нарығының конъюктурасын білу керек. Бұл компаниялар жалға берілетін мүлікті
өздері сақтандырады және оның техникалық жабдықталуы мен жөндеу жұмыстарын
қамтамасыз етеді. Лизинг келісімшартының мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг
алушының құқықтары:
1. пайдалы талаптарды келісімшарт мерзімін ұзарту;
2. жабдықты лизинг берушіге қайтару;
Сурет 6. Лизинг операцияларының түрлерінің жіктелуі.

3. құны келісілген жағдайда лизинг берушіден жабдықты сатып алуға.
Лизинг алушы жедел лизингтің көмегімен мүлікті иемденумен, моральдік
тозумен, рентабельділіктің төмендеуімен, жабдықтың бұзылуымен, өндірістік
емес шығындардың жоғарлауымен байланысты тәуекелдерді төмендетуге
ынталанады.
Лизинг алушы жедел лизингті келесі жағдайларды таңдайды:
1. жалға лаынған жабдықты пайдаланудан алатын болжаулы табыстар оның
бастапқы құнын да ақтамаса;
2. Жабдық ұзақ емес уақытқа керек болса (мерзімдік жұмыстар, бір рет
пайдалануға);
3. жабдыққа арнайы техникалық қызмет көрсету керек болса;
4. мәміле объектісі ретінде жаңа, тексерілмеген жабдықтар шығады.

Қаржылық лизинг (finance lease) – жалгер жабдықты толық мерзім бойы
немесе мүліктің өмірлік циклінің көп бөлігін пайдаланады. Жалгердің
мойнында техникалық жабдықтау, салық төлеу мен сақтандыру жөніндегі
жауапкершілік жатыр.
Қаржылық лизинг келесі белгілермен сипатталады:
1. үшішні тараптың қатысуы (өндіруші немесе жеткізуші);
2. жалдың негізгі мерзімі барысында келісімшартты бұза алмауы;
3. лизингтік келісімінің ұзақ мерзімі (объекттің қызмет ету меорзіміне
жақын);
4. қаржы лизинг кезіндегі мәміле объектісінің жоғарғы құны.
Келісім біткеннен кейін лизинг алушы:
1. қалдық құны бойынша мәміле объектісін сатып ала лады;
2. жаңа келісімшартқа жеңілдік құны бойынша отыра алады;
3. лизинг компаниясына объектті қайтара алады.
Қаржылық және жедел лизинг лизинг операцияларының негізгі типтер
болғандықтан оларды келесі сызба қарастырайық.

Сызба 7. Жедел және қаржы лизингтерінің негізгі айырмашылықтары
Жедел лизинг Қаржы лизингі
Мәмілелердің қысқа және орта сипаты Мәмілелердің орта және ұзақ сипаты
Жалдың бірінші мерзімінде жабдықтың Бірінші мерзімде жабдық құнының
бөлік амортизациясы. Келісім толық немес көп бөлігінің
аяқталғаннан кейін жабдықты кайта амортизациясы
жалға бере алады.
Лизинг келісімі бойынша лизинг Келісімі лизинг берушінің тех.
беруші жөндеу, техн.жабдықтауда жәнеЖабдықтау және т.б. қызметтері
сақтандыруға қатыса алады. бойынша жауапкершілікті
қарастырмайды.
Келісімді кез келген уақытта бұзуға Келісімді негізгі уақыт ішінде
болады. бұзуға болмайды.
өндіруші-компаниялар, олардың Банктер мен олардың еншілес лизинг
еншілес лизингтік компанияларымен компанияларымен ұсынылады.
және сауда компанияларымен
ұсынылады.
Инвестициялауға ұқсас Күрделі жұмсалымдардыұзақ мерзімді
несиелеуге ұқсас

Халықаралық практикада лизингтің келесі түрлері жиі кездеседі.
Капиталды лизинг (Capital lease) – сатып алу-сату келісімінің кейбір
белгілері тән мәміле. Бұл мәмілелерде жалгер балансында негізгі қор
категориясында тұрады.
Тура қаржы лизингі (Direct Financing Lease) – лизинг беруші өндіруші
немесе сауда фирмасы болмайтын қарыз құралдарын тартуынсыз лизинг мәмілесі.
Левериджлизинг (Leveraged Lease) – қарыс құралдарын тарту негізінде
жасалатын лизинг мәмілесі. Ол мына талаптарға сай келу керек:
• мәміле қатысушыларының саны кем дегенде үш – лизинг беруші, жалгер,
ұзақ мерзімді қарызгер;
• қарызгер жабдық құнының қомақты бөлігін қаржыландырады;
• қарызгердің несие бойынша борыш және пайыз мөлшерінде жал
төлемдерін талап ету құқы бар.
Топтық (акционерлік) лизинг. Лизинг беруші жалға берілетін жабдықты
иелену үшін тартылған құралдарды пайдаланатын қаржы лизингінің түрі болып
табылады. Жабдықтың жылпы бағасында тартылған құралдардың үлесі 60-80%. Бұл
жерде лизинг беруші ролін қатысушылар (акционерлер) атқарады. Бұл лизинг
түрі үлкен ауқымды объектілерді, оның ішінде самолеттер, темір жол
жабдықтары және т.б., жалға бергенде қолданылады.
Сату типтес лизинг (Sales-Type Lease). Лизинг беруші ролін өндіруші
(продуцент) немесе сауда компаниясы атқаратын капиталды немесе тура қаржы
лизингке ұқсас лизинг мәмілесі.
Шартты сату-лизинг (Sales Aid Lease). Жабдықты өткізуді ынталандыру
мақсатында өндірушілермен ұсынылатын лизинг нысаны.
Вендор лизинг немесе сатушы лизингі ірі, қымбат , күрделі жабдық
шығаратын ірі өнеркәсіптік компаниялар арасында кең таралған.
Сублизинг (Sub-Lease) – Жабдық меншіктенушісі оны лизинг компаниясына
сатып, сонымен бірге жабдықты одан жалға алады. Бұл мәміле нәтижесінде
сатушы лизинг алушы болып табылады. Объект меншіктенушісінің ақша-
қаражаттарына деген қажеттілік жоғары болған жағдайда бұл лизингтің түрін
көбінесе пайдаланып, өз қаржы жағдайын жақсарта алады.
Ұсталған жабдық лизингі дамушы елдер фирмалармен қатынастарда кең тараған
мәміле түрі. Өнеркәсіптік фирмалар мен сауда фирмаларын ұсынылатын
лизингтік төлемдері жабдықтың қалдық құны бойынша және негізінен 1 жылдан 4
жыл мерзімге есептелінетін лизинг түрі. Бұл - өндірістің негізгі
құралдарын сатып алудың ең арзан және тиімді әдісі. Германияда бұл
лизингтің түрін қайталама (Second Hand-Leasing) лизинг деп аталады. ҚХР-да
ұсталған жабдық лизингі кеңінен таралған.
Одан басқа халықаралық практикада лизингтің мына түрлері кездеседі:
1. қозғалмайтын мүлік лизингі;
2. бас лизинг;
3. жаңарылатын (револьверлік, ротациялық) лизинг;
4. толық төлемі бар лизинг (Full-Payout Lease);
5. таза (нетто) лизинг (Net Lease);
6. толық қызмет жиынтығы бар лизингі (Full-service Lease);
7. ылғал (мокрый) лизинг (Wet Lease);
8. құрғақ лизинг (Dry Lease);
9. салық жеңілдіктерімен байланысты лизинг (Tax lease);
10. Самурай лизинг (Samurai Lease);
11. Сегун лизинг (Shogun Lease);
12. жергілікті лизинг(Municipal Lease);
13. Халықаралық лизинг;
14. Жанама шетелдік лизинг.
2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен
перспективалары

2.1. Қазақстан Республикасына лизингті еңгізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі
Лизинг алушының гарантиялары
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
Лизингтің мағынасын зерттеу және оның шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктері
Банк Центркредит АҚ қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары туралы
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Пәндер