Қазақстан Халық Банкі Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдау
КіРіСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ТАРАУ 1 Несие қатынастарының мәні мен негізі ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда болуының құқықтық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының ролі ... ... ... ...9
1.3 Несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау ... 19
ТАРАУ 2 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдау ... ... ... ... ... ...25
2.1 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие саясаты ... ..25
2.2 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынын бағалау ... ...32
2.3 Несие операцияларының сапасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
ТАРАУ 3 Несие қайтарымсыздығының тәуекелін төмендетудегі кемшіліктерді шешу жолдары және проблемалық несиенің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ..46
3.1 Проблемалық несиені басқару ... ... ... ... ... ...46
3.2 Тәуекелді төмендету әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
ҚОРЫТЫНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

МАЗМҰНЫ
КіРіСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ТАРАУ 1 Несие қатынастарының мәні мен негізі ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда болуының құқықтық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының ролі ... ... ... ...9
3. Несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау ... 19
ТАРАУ 2 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие
қоржынының жағдайын талдау ... ... ... ... ... ...25
2.1 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2 "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие
қоржынын бағалау ... ... ... ... ... ... .32

ТАРАУ 3 Несие қайтарымсыздығының тәуекелін төмендетудегі кемшіліктерді шешу
жолдары және проблемалық несиенің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

КІРІСПЕ
Қазірігі кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде
дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде
реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке
жағдайында жұмыс істеп жатыр.
Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының
қазіргі проблемалар тұрғысында банк жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен
жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.
Қазірігі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып,
банк операцияларының жаңа техникасын қолданылып, қызмет көрсетудің жоғарғы
деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол
кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және
инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие
қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің
экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа
кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады
және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен
дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын
нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық
процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын
болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық
өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық
саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық
дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің
нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты
банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.
Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан
аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық
секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының
дефициті және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер
бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие
қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктің несие
портфелі құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді
қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының
қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық
саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкін тәсілдер механизмдерін
әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.
Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық
жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Дипломдық жұмыстың объектісі болып "Қазақстан Халық Банкі" Ашық
Акционерлік Қоғамы болып табылады.
Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты тек қана теориялық аспектілер
ғана емес, сонымен қатар банктің несие операцияларын жүргізудің тәжірибелік
жақтары, банктің несие қоржынының жағдайы және пайда болған проблемаларды
шешудің перспективалық бағыты табылады.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып отыр:
1. Несие қоржынының ролін анықтау, банктің несие саясаты тиімділігі
көрсеткіштерінің жүйесін және оны қамтамасыз ету механизмдерін
әзірлеу.
2. "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынына
талдау жүргізу.
3. Несие қайтарымсыздығы тәуекелдігін төмендету саласында жобалық
шешімдерді әзірлеу, "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік
Қоғамының несие портфелінің көлемін көбейтуге мүмкіншілік беретін
жаңа несие өнімдерін енгізуді бағалау, несиелеу кезінде пайда
болған проблемаларды шешу жолдары.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер,
әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің
ғылыми еңбектері қолданылды.
ТАРАУ 1 Несие қатынастарының мәні мен негізі
1. Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда болуының
құқықтық негізі
Біздің елде банктердің несие қызметі Қазақстан Республикасы
Президентінің құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша Жарлықтары мен Заңдық
актілерінің негізінде шығарылып, орындалатын Қазақстан Республикасының
Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік-
құқықтық актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы несие қызметін реттейтін ең басты Заңдық
акт 1995 жылдың 31 тамызында шыққан №2444 Заң күші бар "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (25.04.01 №179-II
Қазақстан Республикасының Заңдарымен енгізілген өзгертулер және
толықтырулармен қоса) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болып
табылады.
"Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы" Заңның 34
бабында қарыз операциясының анықтамасы берілген. Мұнда, жеке банк
операцияларын жүзеге асыратын банк немесе ұйым қаржыны басқа тұлғаларға
мерзімділік, қайтарымдылық және төлемділік талабына сай береді.
Банктік қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету Заңның 35 бабымен
реттеледі. Заң бойынша несие қайтарымдылығы (Заңға немесе шартқа сәйкес)
тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепіл, кепілгерлік және т.б. тәсілдермен
қамтамасыз етіле алады. Банк клиенттің несиені өтеу қабілеті мен
сенімділігі жоғары болған жағдайда қарызды беру жөніндегі шешімді
қамтамасыз етілмеген етіп қабылдауға құқылы (бланкілік несие).
Заңның 36 бабында банк қарыз алушының төлеу қабілетсіздігіне қатысты
шара қолдана алатыны қарстырлады. Бұл банкпен жаңа қарыздардың берілмеуі,
қарыз алушының кез-келген шотындағы оның келісмінсіз қаражатын өндіріп алу
немесе қарыз алушының төлем қабілетсіздігін мойындау жөнінде сотқа беру.
1, б.18-19
Несиелеу саласындағы екінші деңгейлі банктер қызметінің нормативтік-
құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі 1996 жылдың 16 тамызында шыққан №276 "Екінші деңгейлі банктермен
несиелеу бойынша құжаттамаларды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қаулысын
бекітті. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен, банк
жүйесіндегі несие тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру және банктердің
қызметін инспектірлеу бойынша функцияларды орындау үшін талаптарды
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріне
несиелеуге қатысты құжаттамаларды жүргізу бойынша талаптарды белгілейді.
Айтылған Ережеде несиелеу тәжірибесінде қолданылатын дефинициялар берілген.
Олар:
а) " негізгі қарыз "-банкпен қарызға берілген ақша сомасы;
ә) "банк қарызы бойынша сыйақы"-банкіге қатысты жылдық қаражат мөлшері
есебінен негізгі қарызға (қарыз сомасына) қатысты пайызға шағылуында
анықталатын берілген қарыз үшін төлем;
б) "қарыз шарты"-сыйақы мөлшері жөніндегі шартты, қарыз алушымен
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді, сонымен қатар жеке банктік
қарыз бойынша тәуекелдікті төмендетуге бағытталған ерекше талаптарды
қосқандағы берілген банктік қарызға қатысты шарт түрі. 2, б.7
Ережеде кез келген банктік қарызды беру кезіндегі қажетті құжаттамалар
тізімі анықталған және банктік қарыз шартының міндетті талаптары
ескертілген.
Қазақстан Республикасының банк жүйесін нығайту мақсатында және несие
берушілердің мүддесін қорғауда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
банктер үшін провизияларды ынталандырудың міндетті түрде болуын белгілейді.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері №218 1997 жылдың 23
мамырынан шыққан "Банк активтерінің классификациясы мен шартты
міндеттемелері бойынша провизияны есептеу туралы" Ережесіне сәйкес
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктермен берілген қарыздарды
классификациялайды. Банк активтерінің классфикация критерийлері болып
мыналар табылады:
а) ағымдық қаржылық ақпарат негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайын,
активтер сапасын, олардың айналыс жылдамдығын, өтімділік көрсеткіштерін,
жеке капиталы мен қарызға алынған қаражат арсындағы қатынасты, жалпы пайда
мен таза табыстың пайыздық өсуін талдау;
ә) қарыз алушы мен банк арсындағы қарым-қатынас. Клиенттер банк
қарызын алудың шартын түсінуі тиіс және оны міндетті түрде орындауы қажет;
б) банкіге берілген кепілдік және банк қарызын кепілдік есебінен өтеу
жағдайында оның құны (оның өтімділігі);
в) негізгі қарыз сомасын және ол бойынша пайызды уақытылы өтеу. 3,
б.1-2
Банктер шаруашылық қатынастар қатысушыларының қаржы делдалы болып,
республика экономикасында үлкен рольді атқаратындықтан, нарықтық қатынастың
дамуы банк заңдылықтарының жаңартылуына әкеліп соқты.
Осының нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы банк қарызы айқын түрде
қайта құрылды және нысаны мен мазмұны бойынша өркениетті болды деуге
болады.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан монетарлық саясат, несие
қызметі аумағындағы банктер жұмысының стилі мен әдісін халықаралық стандарт
талаптары мен нормаларына қарай өзгертуді мәжбүр етуге жағдай туғызды.
Қазақстан Республикасындағы несие қатынастарының құқықтық негізін
анықтаудан кейін, несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының рөлін
анықтау қажет.
2. Несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының рөлі
Несие - қарыз капиталы қозғалысының нысаны болып саналады, яғни қарызға
берілген ақша капиталы. Оның көмегімен кәсіпорындаодың, жеке секторлардың
және мемлекеттің бос ақша капиталы мен табыстары уақытша қолдануға берілген
қарыз капиталы үшін төлемге айналып, шоғырланады.
Банктермен несие беру кәсіпкерлік фирмалардың, жеке тұлғалар мен
мемлекеттік ұйымдардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын
қаржыландыру үшін іске асырылатын экономикалық функция болып табылады.
Банктер өздерінің несие функцияларын қаншалықты жақсы іске асырса,
соншалықты олар қызмет көрсететін аймақтардың экономикалық жағдайы тәуелді.
Себебі, банк несиесі осы аймақтардағы жаңа кәсіпорындар мен жұмыс
орындарының көбеюіне септігін тигізеді және олардың экономикалық өмір сүру
қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстандық банктердің көбінде ссудалық шоттар жиынтық активтердің
жартысынан кемін құрайды да, табыстың 23 бөлігін әкеледі. Одан гөрі банк
тәуекелдігі несие портфелінде шоғырландырлу тенденциясына ие. Банктегі
қаржылық қиындықтар қателі басқарушылық шешімдерді қабылдау салдарына,
несиемен заңды емес манипуляцияға, дұрыс несие саясатын жүргізбеуден немесе
болжанбаған экономикалық құлдырауға байланысты несие проблемалары есебінен
туындайды. 4, б.192
Несие саясаты несиені орынды басқарудың көзі болып табылады. Ол қарыз
бен несиені беретін және несие қоржынын басқаратын банк қызметкерлеріне
жетекшілік етудегі объективті стандарттар мен параметрлерді анықтайды.
Сонымен қатар, ол Директорлар Кеңесін, ішкі және сыртқы аудиторларды банк
несиесін басқару сипаттамасын бағалауды жүргізу үшін базамен қамтамасыз
етеді. Барлық ұйымдық деңгейде дұрыс қабылданатын несие саясатын мұқият
тұжырымдау кезінде банк менеджменті тиесілі несие стандарттарын ұстануға,
артық тәуекелден құтылу және бизнес перспективаларын баламалы бағалауға
мүмкін. Банк жетекшілері сенімді, қағаз бетінде жазылған несиелеу саясаты,
несие тәуекелін сапалы басқарудағы фундаменттің болуға тиіс екендігін
санайды.
"Саясат" барлығына бірдей болуы тиіс, яғни кіші қызметкерден банк
президентіне дейін. Кейде, саясатқа қатысты "шешімді алдын-ала қабылдау"
термині қолданылады, бұл саясаттың әр шешімді қабылдаудағы белгіленген
жалпы ереже болып табылатынын айқындайды. Қарыз беру шешім қабылдау
екендігін білдіреді және алдын ала ойластырылған саясат, әрекеттің
альтернативті бағытын төмендетеді де, шешім қабылдау үрдісін ықшамдап,
жеделдетеді. 5, б.5-7
Несие саясатының негізгі мақсаты болып барлық процедураларды сақтап,
банк үшін тиімді жағдайда несие ресурстарын орналастыру жолымен несие
қызметінен түсетін табысты барынша көбейту болып табылады.
Банк қызметінің сапа индикаторының кепілі активтердің сапасы және
бірінші орында қоржынды тиімді басқарудың көзі несие тәекелін дұрыс басқару
болып табылады. Банк өзінің қарыз алушылары мен жобаларына қатысты
тәуекелдік деңгейін тура білуі және өзі қабылдай алатын тәуекел деңгецін
басқаруға жағдайы болуға тиіс, сонымен қатар несие шарты арқылы мүмкін
тәуекедіктерден сақтану бойынша шара қолдануға, несиелерді жөнелту және
берілген несиелерді мәжбүрлі түрде төлету бойынша шараларды жүргізуге тиіс.
Несие саясатын құру, соның ішінде несие жұмысын ұйымдастыру келесі
принциптерге қарай негізделуі тиіс:
• ерекшеліктерді ескеріп, жаңа банк қарыздарын (несиелерін) беру
кезіндегі тәуекелді азайтуға бағыттылған несие қоржынын басқару
тәсілдеріне, "нашар" несиелерді қайтарудың шаралары мен әдістерін
әзірлеу жолымен проблемалық банк қарыздарын (несиелерін) жоюға,
несие портфель сапасын радикалды жақсартуға;
• ағымдағы мезетте қарыз алушымен қарым-қатынасқа;
• қайтарылмаған банк қарызынан болған залалды өтуге адекватті
резервтерді анықтауға;
• бір экономикалық сегмент шамасында банк қарызының көлемін анықтау;
• банк қарыздарының жеке түрлері бойынша несиелеу нормативтерін
белгілеу.
Ресми құжатталған несие саясатының болмауы, ьанктің несие
қызметкерлерінің банктің жалпы мақсаттарын түсінбей, өзінің жеке тәжірибесі
мен теориялық біліміне сүйеніп, спонтандық түрде шешім қабылдауына әкеп
соғады. 7, б.2
Әр банк несиелеу қызметінің сұрақтары бойынша мемлекеттің Заңдарына,
соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық
актілеріне сәйкес өзінің несиелеу Ережесін әзірлейді. Бұл Ереже несие
қызметі аумағындағы шешім қабылдаудың жалпы басымдығын, стандарттары мен
параметрлерін, несие тәуекелін басқарудың негізгі принциптерін және банктің
несие қызметін келесі міндеттерді шешуге бағыттайды:
а) тұрақты жұмыс істеп тұрған шаруашылық қызмет етуші субъектілерді
несиелеу есебінен сапалы несие портфелін қалыптастыру және перспективалық
жобаларды қаржыландыру;
ә) несие қоржыны мен баланстан тыс міндеттемелердің оңтайлы құрылымы
мен мөлшерін қамтамасыз ету;
б) банк активтерінің қауіпсіздігі мен орналастыру табыстылығын жоғарғы
деңгейімен қамтамасыз ету;
Банктің несие стратегиясы келесіні қарастырады:
а) банк тәуекелін мұқият талдаудан кейін қабылдау;
ә) банктің бір немесе бірнеше ірі клиенттерінің алдында тәуелді болуына
қарай тәуекелдің қолайсыздығы;
б) банк қарызының сапасын, активтер мен пассивтерін және негізгі
құралдарға инвестицияның қысқартылуын жақсарту бойынша активті түрде
жұмысты жүргізу;
в) банк қарызын беру жөніндегі шешімді тек қана кепілдікті қамтамасыз
етуді бағалау негізінде ғана емес, сонымен қоса болашақтағы ақша ағымын
және қарыз алушының принципиалды пайдалылығын есептеу, ұсынылған жобаның
құқықтық жағын мұқият талдау негізінде қабылдау;
г) тәуекелді қысқарту мақсатында банк қарызының мөлшеріне, қарыз
алушының саласы мен қызмет түріне байланысты несие портфелін
диверсификациялау;
ғ) банкпен қабылданатын тәуекелдер салдарынан үлкен жоғалтуларға
ұшыратпау қаупін болдырмау;
д) алынатын табыс жалпы тәуекел сомасын жабуы тиіс;
е) несие тәуекелі лимитін Несие Комитетімен белгілеу және оған бақылау
жүргізу;
ж) банктің халықаралық несие рейтингін алуы.
Несие саясаты несиенің бағасы мен валютасы сияқты несиелеудің маңызды
талаптарын анықтайды.
Несие бағасы басқа қаржы институттарымен ұсынылатын банктің активтері
мен пассивтерінің экономикалық құны, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, несиеленетін жобалардың мазмұны және
басқа факторлардың, нарықтағы қойылатын сыйақы (мүдде) мөлшерлемесіне
байланысты қалыптасады.
Несие тәуекелін басқару принциптеріне қатысты банк берілетін несиенің
валютасын өзінің қалауы бойынша анықтайды. 8, б.52-56
Несие саясаты бизнестің әр түрлілігіне байланысты мазмұны мен құрылымы
бойынша ажыратылады, бірақ адекватті несие саясаты, кемінде, қызмет аясы
бойынша сұрақтарды ашуға тиіс.
Сонымен қатар несие саясатын басқарылатын өзгерілім анықтайды.
Қазақстан Республикасының банктерінің тиімділік көрсеткіштер жүйесі мен
несие саясатының тәуекелі.
Несие саясатының тиімділік көрсеткіштер жүйесін таңдау мыналарға
байланысты:
- біріншіден, банк дамуын стратегиялық жоспарлаудың мақсаттары мен
міндеттеріне (табыстылықты стратегиялық басқару);
- екіншіден, нақты уақыт кезеңіндегі нақты мақсаттарға (табыстылықты
оперативті басқару).
Табысбылық сыйақының (мүдденің) пайыздық мөлшерлемесімен, өтімділік-
мерзім және тәуекел дәрежесін ескеретін активті және пассивті
операциялардың толық сәйкес келуімен анықталатыны айқын. 9,б.25-29
Баға тәрізді, сыйақы мөлшерлемесі сұраныс пен ұсыныстың нарықтық
механизмі әсерінен қалыптасады. Сұраныс пен ұсыныстың ара салмағы
қалыптасқан ақша нарығының конъюнктурасын көрсетеді де, оның барлық
заңдылықтарының әрекетіне түседі. Несиеге деген сұраныс қарқынды болған
сайын, оның баға деңгейі жоғарылайды. Ал сұраныстың төмендеуі банктердің
сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне әкеп соғады.
Пайыздық саясаттың негізгі мақсаты активтер мен міндеттемелерді
баланстандырылған пайдалы басқару жолымен пайыздық табысты (маржаны) алу
болып табылады.
Таза пайыздық маржа банкпен тартылған пассивтер құнына байланысты
активтерді пайдалану өлшемі ретінде былай анықталады:
Таза пайыздық маржа =алынған сыйақы-төленген сыйақы табыс
әкелетін активтердің орташа шамасы
(1)
Таза пайыздық маржа, депозиттер бойынша ең аз пайыздық мөлшерлеме және
несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме филиалдарға дейін тоқсанына кемінде бір
рет жеткізіледі. Филиалдар келісім-шартқа сәйкес тарту мен орналастырудың
аймақтық жағдайын ескеріп, депозиттерге тіркелген және құбылмалы
мөлшерлемені қолданады.
Тіркелген пайыздық мөлшерлемесі қарызды қолданудың бүкіл мерзімі бойы
өзгеріссіз қалады. Құбылмалы пайыздық мөлшерлеме банкпен ақша нарығының
жағдайына, сұраныс пен ұсынысқа, сонымен қатар қарыз алушының қаржылық
жағдайы және экономикаға байланысты несие немесе депозиттік келісім-шарттың
қызметінің бүкіл мерзім бойы өзгертіле алады.
Алынған пайыздық табысты детальді қарастыру үшін олардың бірнеше жылдар
көрсеткіштерін салыстырып, талдау керек.
Несие базасының пайдалылық формуласын қолданып, табыстылықты талдауды
жалғастыру қажет. Оның мақсаты операциялық маржаны көбейту болып табылады.
Несие базасының пайдалылығы, % = алынған сыйақы-төленген сыйақы несие
қоржыны (2)
Банк табысын пайыздық және пайыздық емес табыстарға топтастыру кезінде,
пайыздық табыстың жалпы сомасындағы несие операцияларынан түсетін табыстың
үлес салмағын анықтауға болады (бағалы қағаздар, депозиттер, қарыздар және
басқа да табыстар бойынша).
Несие операцияларынан түсетін табыстың үлес салмағы = несие
операцияларынан түсетін табыс ( 100 несие қоржыны (3)
Бұл коэффициент банкпен қолданылатын несие саясат түрін анықтауға
мүмкіншілік береді. Егер коэффициенттің мәні 50 пайыздан жоғары болса, онда
банк агрессивті несие саясатын қолданады. Бұл жағдайда банк шамадан тыс
несие тәуекелінен аман қалу үшін активтерді диверсификациялауға көңілін
бөлу керек. 30-дан 50 пайызға дейінгі коэффициент кезінде банк несиелеудің
біркелкі саясатын және 30 пайызға дейінгі коэффициент кезінде консервативті
саясатты қолданады. Соңғы жағдайда банк табыстың зиянына қарай, тәуекелі
төмен операцияларына көңілін көп бөледі.
Демек, банк активтерінің табысты бөлігі аса тәуекелді, ол банк
несиесінің қоржыны. Несиені беруден түскен табыс, банк операцияларының
арасында бірінші орында тұрады.
Бірқалыпты төлем негізгі қарыз бен пайызды өтеумен бірге ай сайын
жүргізіледі. Оның мөлшері мына формула бойынша анықталады:
РМ = Несие сомасы ( ( (1+i)(i ( 1+i)-1 ) (4),
мұнда, РМ -дүркін-дүркін төлем, тенге;
i -дүркін-дүркін пайыздық мөлшерлеме, тенге;
n -несие мерзімі, күндер.
Активтердің жалпы сомасындағы несие қоржынының үлес салмағы =
несие қоржыны баланс активтері (5)
Активтердің өсуі банк жағдайының индикаторы болып табылады. Бірақ, ол
несие бойынша табыс сапасын бағалаудан бөлек қарастырыла алмайды.
Несие қоржынының сапасы = күмәнді және үмітсіз несие несие
қоржыны (6)
Әлемдік тәжірибеде несие мекемесінде несие бойынша күмәнді және үмітсіз
қарыздың 4-10 пайызының болуы дұрыс деп саналады.
Несие қоржынының сапасын жақсарту мақсатында және мерзімі өткен несиені
болдырмау үшін мыналар жүргізіледі:
- әр қарыз алушы мен қарыз түрі бойынша несие құрылымын тұрақты
талдау;
- банктің несие бөлімінің проблемалық несиемен жұмыс істеудің
толықтылығы мен жеткіліктілігін талдау;
- қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау. 10, б.153
Несие қызметінен түсетін табысты максимизациялау мен тәуекелді
төмендету мақсатында табысты несие саясатын қамтамасыз ету механизмдерін
қолданады.
Несиелеу саясатының тиімділік механизмінің бірі несие қоржынын басқару
болып табылады:
- қоржын сапасының сандық мақсаттарын анықтау;
- қоржын құрылымы;
- өсу;
- табыстылық.
Несие қоржынын басқару әдіснамасын 1 кестеден көруге болады.
Кесте 1.
Несие қоржынын басқару әдіснамасы
№ Қоржынды басқару тәсілі Сипаттама
1 Мақсатты тәуекел Секторлық сипаттама мен географиялық
шектеуді анықтау
2 Клиенттердің мақсатты сегменті Әр кәсіпорынның өндірістік саласы
үшін тиімді тәуекел категориясы:
сату көлемі;
табыстылық;
өтімділік;
3 Несие түрі несие беру нысаны;
қарызды бөлшектеп өтеу;
баланстық немесе баланстан тыс несие;
тенге немесе шетел валютасындағы
тіркелген және құбылмалы несие;
4 Несие өнімі жылжымайтын мүлікті, құрал-жабдықты
сатып алуға несие, маусымдық несие;
кепіл, факторинг, форфейтинг,
вексельді есептеу, лизинг;
5 Несие валютасы пайыздық және валюталық тәуекелді
хеджирлеу;
6 Несиені ұзарту қабілеттілігі білікті қызметкерлердің және сенімді
заңдық нормаларының болуы;
7 Несие қоржынын шоғырландыру несие бойынша шектеуді белгілеу,
нарықты зерттеу.
Несие қоржыны жіктелімге жатады. Несиелер стандартты, субстандартты,
қанағаттанарлықсыз, жоғары тәуекелді күмәнді және сенімсіз болып бөлінеді.
Жіктелген несиелер резервте сақталуы тиіс. Несие бойынша повизия мөлшері 2
кестеде көрсетілген 11, б.45-49.
Кесте 2.
Несиені резервте сақтау талаптары
Резервте сақтау мөлшері, қарыз Несие қоржынының жіктелуі және
сомасынан % резервте сақтау талаптары
Стандартты несие
5% Субстандартты несие
30 күнге дейін несие бойынша пайыздың
төлемін кешіктіру жағдайы кезінде.
20% Қанағаттанарлықсыз несие
- 30 күннен 60 күнге дейінгі несие
бойынша пайыздың төлемін кешіктіру
жағдайы кезінде.
50% Жоғары тәуекелді күмәнді несие
- 60 күннен 90 күнге дейінгі төлемнің
кешітірілуі жағдайында резервте
сақталады.
100% Сенімсіз несие
- 90 күннен жоғары төлемнің
кешіктірілуі жағдайында резервте
сақталады.
3. Несие қоржының қалыптастыру және оның жағдайын бақылау
Несие қоржыны банк табысының және активтерді орналастыру кезіндегі
тәуекелдің басты көзі қызметін атқарады. Банк қоржынының құрылымы мен
сапасының жақсы болуы, банктің орнықтылығы, оның репутациясы мен қаржылық
сәттілігіне әсерін тигізеді. Сондықтан, банктердің барлығында қоржында бар
қарыздардың сапасына бақылау, қабылданған стандарттар мен банктің несие
саясатының мақсатынан ауытқу жағдайларын анықтау және тәуелсіз экспертиза
жүргізіледі. Несие қызметкерлері мен жоғарғы қызметкерлер нақты салалар мен
жеке қарыз алушылардағы капиталдың шамадан тыс шоғырлануын анықтау
мақсатында несие портфелінің құрамын, сонымен қатар банк жағынан араласуды
қажет ететін проблемалық қарыздарды талдайды. 12, б.111
Несие қоржынын қалыптастыру кезінде, банк барлық инвесторларға қатысты
жалпы принципті ұстануға тиіс. Ол жоғарғы табысты және аса тәуекелді
салымдарды несиелеудің төмен тәуекелді бағыттарымен байланыстыру.
Несие тәуекелі-бұл қарыз алушының негізгі қарыз бен пайызды төлемеу
тәуекелі немесе несие мәмілесі контрагентінің өзіне қатысты алынған
міндеттемелер бойынша әрекет ете алмауы.
Пайызды төлемеу кезінде, банк өзінің табысын жоғалтады, негізгі
қарыздың қайтарылмауы кезінде, банк сенімсіз несиені шығынға жатқызады да,
осы несие мәмілесі бойынша залал шегеді.
Несие тәуекелін минимизациялаудың мынадай жолдары бар:
1) несие қоржынын диверсификациялау;
2) қарыз алушының несиені өтеу қабілеті мен төлем қабілеттілігіне алдын
ала талдау жүргізу;
3) несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістерін қолдану (кепілдік,
кепілгерлік, кепіл, цессия, сақтандыру);
4) қарыз бойынша мүмкін болатын жоғалтуларға резервтерді қалыптастыру.
Несие қоржынын диверсификациялау-бұл бірнеше бағыт бойынша несие
тәуекелін сейілту, бөлу. Банктер бір ғана ірі қарыз алушыны немесе бірнеше
ірі қарыз алушыларды несиелендіруді немесе бір-бірімен байланысты қарыз
алушылар тобына ірі несиені беруді шектеу керек.
Несие қоржынын диверсификациялау ережесі: несиені түрлі экономика
салаларынан әр түрлі кәсіпорындарға аз сомада қысқа мерзімге және қарыз
алушылардың көп бөлігіне беру. Тәуекелді төмендетудің қосымша шарты ретінде
қарыз қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері негізінде несие
қайтарымдылығын қамтамасыз етуді диверсификациялауды қолдану қажет, яғни
кепілдік, кепіл, кепілгерлік, сақтандыру. Осы ережені сақтау несие мәмілесі
бойынша мүмкін болатын жоғалтуларды басқа несие мәмілесінен түскен пайда
арқылы өтеуге мүмкіншілік береді. 13, б.119-120
Несие қоржынының жағдайына бақылауды жүргізеді:
- несие бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері;
- несие бөлімшелерінің жетекшілері және филилдың директорлары;
- Басқарма төрағасының орынбасары;
- банктің Несие Комитеті;
- банк Басқармасы.
Несие қоржынының жағдайы туралы есеп Несие Комитеті мен банк
Басқармасына тұрақты түрде ұсынылады.
Несие қоржынын бақылау бағдарламасы банк түріне, оның
мамандандырылуына, несиені өтеу қабілетін бағалау әдісіне байланысты.
Қарызды тексеру қаржылық есепті қайта талдауда, қарыз алушы
кәсіпорынның келуінде, құжаттарды тексеру, қамтамасыз етуде болуы мүмүкін
және т.с.с. Бақылау тексерісі кезінде банктің несие саясатының мақсаттары
мен нұсқауларына қатысты қарыздың сай болуы туралы сұрақтар қайта
қарастырылады, клиенттің несиені өтеу қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына,
операциялардың табыстылығына талдау жүргізіледі және т.с.с.
Банктердің көбі кезекті бақылау тексеріс барысында параметрлер қатары
бойынша несиені қорытынды бағалауды көрсететін қарыздарға рейтинг
белгілейді. Кейбір әдістемелерде қарыздарға категориялардың біріне сай
номер белгілейді (1,2,3 ... ). олар "Ең жоғары сапа", "Қанағат", "Маржиналды
қарыз", "Сыни қарыз", "Есептен шығаруға жататын залалды қарыз".
Рейтинг бойынша қарыздың жіктеулуі банкке несие қоржынының құрамын
бақылауға мүмүкіншілік береді. Мысалға, "Сыни қарыз" бұрын қоржынның 1,5
пайызынан кемін құраса, соңғы тексерістің нәтижесі бойынша 5 пайызын
құрады. Қоржынның нашарлау себептерін шешу және жағдайды жөндеуге қатысты
шаралар қолдану қажет. Егер сыни қарыздың өсуі нақты шаруашылық саласындағы
қарыз алушыға немесе нақты несие түріне байланысты болса, онда осы қарызды
беруді қысқарту керек. Тексеріс негізінде жеке несие инспеторларының және
банк бөлімшелерінің жұмысын бағалауға болады.
Несиенің жіктелуі несиені басқарудың басты инструменті болып табылады.
Себебі, банк тәуекелді жіктейді және несині жоғалту мүмүкіншілігін, сонымен
қатар оларды тиімді басқару жолдарын анықтайды.
Клиенттің қаржылық-экономикалық жағдайы, оған несиенің негізгі сомасы
мен пайызын төлеуге мүмүкіншілік бермесе, ал кепілдік құны бұл соманы жабу
үшін жетіспеу кезінде, банктің тұрақты жағдайын сақтап қалу үшін
резервтерді құру бойынша банкте орынды саясаттың болуы қажет.
Банктің несие қызметінен болатын залалды жабуда провизияларды құру
керек. Провизияларды құру кезінде мыналар қолданылады:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие қоржынын жіктеу
әдістемесі;
- коммерциялық банктердің несие қоржынын жіктеудің ішкі
әдістемесі.
Несиені жіктеудің критерилері болып мыналар табылады:
- ағымдағы қаржылық ақпараттың, активтер сомасының, олардың айналыс
жылдамдығының, өтімділік көрсеткіштерінің, жеке капитал мен қарызға
алынған қаражат арасындағы қатынас, жалпы пайда мен таза пайданың
пайыздық өсуінің негізінде қаржылық жағдайды талдау;
- банк пен қарыз алушы арасындағы қарым-қатынас, клиенттер несие
алудың, оны бекіту кезіндегі айтылатын шартты түсінуі және оны қатал
түрде орындауы тиіс;
- банкке берілген кепілдік және несиені кепілдік есебінен өтеу
жағдайында оның құны (оның өтімділігі);
- несиенің негізгі сомасын және ол бойынша пайызды уақытылы өтеу.
Келтірлген критерилер несиенің қандай класқа жататынын анықтауға
көмектеседі. Несие класын анықтау кезінде олардың барлығы ескерілуі тиіс.
Несиенің жіктелуі туралы соңғы шешім несиенің өтелуін нақты болжайды.
Несиенің жіктелуі нақтылығының сақталуы несие инспекторының
ерекшеліктеріне кіреді.
Несие қоржынының жіктелуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1997
жылдың 23 мамырынан №218 Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейлі банктеріне қатысты банк активтерінің жіктелуі мен шартты
міндеттемелері және олар бойынша провизияны есептеу туралы" Ережесіне
сәйкес жүргізіледі.
Несие қоржыны екінші деңгейлі банктермен берілетін барлық несиелер
бойынша жіктеледі, яғни қарыз, лизинг, сонымен қатар овердрафт, факторинг,
форфейтинг түрінде, вексель немесе басқа да қарыз міндеттемелері жолымен
берілген несие аккредитивті ұсыну және жіктеуді жүргізу мезетіне қарай
өтелмеген берешек бойынша басқа да несиелеу түрлері.
Егер айтылған критерилер бойынша жіктелетін несие бөлінген екі несие
тобы (түрлері) арасында аралық орын алса, онда банк тәуекелін төмендету
үшін бұл несиені ең төмен сапалы топқа (түрге) жатқызу керек.
Қарыз алушы стандартқа қатысты ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары) несие
бойынша мерзімді ұзартудың орынды болуын растайтын құжаттарды өткізу
кезінде банк мұндай несиені стандартты несие деп жіктеуге құқылы.
Егер санация тәртібіндегі қарыз алушыға берілген несие сенімді және
өтімділікті қамтамасыз етілсе, онда мұндай несиені субстандартты несие деп
жіктеуге болады.
Өзінің міндеттемелері бойынша сенімді төлеуші репутациясына ие қаржылай
тұрақты қарыз алушыларға берілген банк несиесі субстандартты болып
жіктеледі.
Несиенің алғашқы жіктелімі несиені беру мезетіне қарай тәуекел деңгейін
бағалау негізінде жүргізіледі. Несиенің келесі жіктелімі мен несие қоржынын
талдау қарыз алушылардың қаржылық жағдайы туралы және несиеленетін
жобаларды іске асыру туралы келетін ақпаратты талдау мен қорытуға
байланысты ай сайын жүргізіледі. Талдау нәтижесі бойынша қарыз жіктелімі
өзгертілуі мүмкін, несие қоржынының сапасын жақсарту бойынша шаралар
қолдану мүмкін 14, б.111-116.
Енді құқықтық базаны, банктің несие саясатының ролін анықтап, несие
қоржынының жағдайын бақылаудың жоспарын әзірлеуден кейін, "Қазақстан Халық
Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдауға
тоқталып, оны екінші тарауда қарастырайық.
2 ТАРАУ "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік
Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдау
1. "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие саясаты
"Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие саясатын іске
асырудың мақсаты мен принциптері
"Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік Қоғамының несие саясатының
негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы заңдық және нормативтік
актілерді сақтай отырып, банк пен қарыз алушының мүдделерін ескере отырып,
шаруашылық қызмет субъектілерін қарыз қаражатымен барынша қамтамасыз етуге
бағытталған несие қоржынын сапалы және икемді басқару бойынша шаралар
кешенін тәжірибеге енгізу болып табылады.
Несие саясатын іске асыру принциптері мыналарға негізделеді:
- несие қоржынын "нашар" несиелерді қайтарудың әдістері мен шараларын
әзірлеу, несие қоржынының сапасын радикалды жақсарту жолымен
проблемалық банк қарыздарын (несиелерін) жою, жаңа банк қарыздарын
беру кезінде тәуекелді минимизациялауға бағытталған және оның
ерекшеліктерін ескеретін басқару тәсілдеріне;
- ағымдағы мезетте қарыз алушымен қарым-қатынас;
- қайтарылмаған банк қарыздарынан болған залалды өтеуде резервтердің
адекваттілігін анықтауға;
- бір экономикалық сегмент шамасында банк қарыздарының көлемін
анықтауға;
- жек банк қарыздарының түрлері бойынша несиелеу нормативтерін
белгілеу.
Несие саясатының міндеттері мен несиелудің негізгі приоритеті:
- несие қоржынын алдағы уақытта сапалы жақсартылуына бағытталған,
несие сұрақтарымен айналысатын банк мамандарының күш салуын
шоғырландыру, яғни баланстық және баланстан тыс есеп беруде
саналатын мерзімдік банк несиелерін белгіленген уақытта толық өтеу
және олар бойынша сыйақы, мерзімі өткен банктік несиелерді толық
көлемде өндіріп алу және олар бойынша сыйақы;
- банк несиесін берідің ынғайын сапалы жақсарту мен несие тәуекелін
минимумға әкелу;
- несиені уақытылы қайтарып, ол бойынша сыйақы мен берілетін банк
несиесі бойынша құжаттарды дұрыс ресімдеуде заң және несие
бөлімінің қызметкерлеріне арнаулы жауапкершілікті белгілеу;
- банк қарызын экономика секторлары кәсіпорындарының тиімділігін
дамыту мен көтеру, бәсекеге жарамды өнімдер мен қызметті шығару,
кіші кәсіпкерлікті дамытумен байланысты шараларға басымдық ретте
беру.
Банк қызметінің сапа көрсеткіші мен айтылған мақсаттарға жетудің
кепілі, банк активтерінің және бірінші орында, оның несие қоржынының сапасы
болып табылады.
Несие ресурстарының көздері:
- банктің меншікті қаражатын қосқандағы меншікті несие әлуеті;
- заңды және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттік және валюталық
шоттарындағы тартылған ақша қаражаттары;
- заңды және жеке тұлғалардың талап ету дейінгі депозиттік және
валюталық шоттарындағы бар ақша қаражаты;
- банкаралық нарығында, несие аукционы мен шетел желісінен алынатын
қарыз несие ресурстары.
Заңды және жеке тұлғаларға банк қарызын берудің шарттары мен
критерилері.
Банк қарызды тек қана "Қазақстан Халық Банкі" Ашық Акционерлік
Қоғамында есеп шоты (ағымдық, жеке) бар клиенттерге, заңды және жеке
тұлғаларға береді.
Банктің қарыз алушылары, заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан
Республикасының резиденттері мен резиденттері емес болып шыға алады.
Резидент емес заңды тұлғалар, банк қарызына қатысты, резидент заңды
тұлғалар тәрізді құқығы, міндеттемелері мен жауапкершілігі жағынан бірдей.
Шетел валютасындағы банк қарызын Қазақстан Республикасының резидент
заңды тұлғалары, келісім шарттың болуы кезінде және олардың Жарғысына
сәйкес қызметін іске асыру үшін ала алады.
Қарызды беру кезінде банк Акционерлер, банк, шаруашылық қызметі
субъектілерінің мүдделерін үйлестіру қажеттілігіне сүйенеді. Банк қарызын
алған қарыз алушы өзінің оң несие тарихы мен тұрақты жағдайының болуы
кезінде жаңа несиелеуге үміттенуі мүмкін.
Банк қарызы мыналарға берілмейді:
- шаруашылық субъектілердің Жарғылық капиталын қалыптастыру мен
көбейтуге;
- адалсыз мәміле немесе қаржы махинациясын жасағаны туралы расталған
мәліметтері бар заңды және жеке тұлғаларға;
- банкрот сатысында тұрған заңды тұлғаларға;
- жоғары деңгейлі тәуекелді жобалар бойынша;
- бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың алдында қарызы бар заңды
және жеке тұлғаларға.
Банкпен ерекше қатынаспен байланысты жақтарды несиелеу
Банктің қосылма тұлғаларына банк қарызын беру талабы 1995 жылдың 31
тамызында шыққан №2444 "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
нормативтік-құқықтық актілерімен анықталады.
Қосылма тұлғалары болып мыналар табылады:
- Директорлар Кеңесінің төрағасы және оның жақын туысқандары,
Директорлар Кеңесінің мүшелері және олардың жақын туысқандары;
- Банк Басқармасының Төрағасы, оның орынбасары, Банктің Бас
бухгалтері, оның орынбасары мен жақын туысқандары;
- Банк акцияларының тура иеленудің 10, не одан көп пайызына ие
акционерлер;
- Банктің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары.
Банктің өкілеті мен лимиттері
Банк қарызын беруді рұқсат ететін уәкілетті орган Несие Комитеті болып
табылады.
Бір айға дейінгі мерзімге 2000000 тенге шамасындағы банк қарызы Несие
Комитетінің отырысына шығарылмай ақ берілуі мүмкін. Мұндай қарызды беру
туралы шешімді банк Басқармасының Төрағасы немесе оның орынбасары
қабылдайды.
30000000 тенгеден жоғары банк қарызын беру туралы шешімді Несие
Комитетімен бұл сұрақты банк Басқармасының отырысына шығарғаннан кейін банк
Басқармасы қабылдайды.
Банк қарызын валюта түрінде, 50000000 тенгеден жоғары банк қарыздарын
беру, сонымен қатар орта және ұзақ мерзімді несиелеу туралы шешімді банктің
Директорлар Кеңесі қабылдайды.
Банк қарызының мерзімін ұзарту Несие Комитетінің шешімі негізінде іске
асырылады. Қарыз бойынша жалпы мерзімді ұзарту 365 күннен аспауы тиіс.
Бір немесе бір-бірімен байланысты клиенттер тобының банк алдындағы ең
жоғары міндеттемелер сомасы Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің
тәуекелімен анықталады және ол банктің жеке капиталының 25 пайызынан аспауы
тиіс. Банкпен ерекше қатынастағы тұлғалардың банк алдындағы ең жоғары
міндеттемелер сомасы банктің жеке капиталының 10 пайызынан аспауы тиіс.
Бланкілік қарыздың сомасы банктің жеке капиталының 10 пайызынан аспауы
тиіс.
Несие Комитеті. Функциялары мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz