Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Заң факультеті

Инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасы

Б І Т І Р У

Ж Ұ М Ы С Ы

Тақырыбы: “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы“

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Жұмыс қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының

кандидаты, доцент Сейтжанов А.

Алматы-2007 ж.

Реферат

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасының құқықтық жағдайы” деп аталады. Бітіру жұмысы 61 бетті құрайды. Бітіру жұмысы екі тараудан және кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әр тарау жеке-жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген.

Бірінші тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы, екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін ұйымдастыру принциптері және банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі баяндалады. Екінші тарауда , Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму Банкінің, сондай-ақ екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметінің бүгінгі даму тенденциялары жөнінде баяндалады.

Сондай-ақ, бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік - құқықтық актілер тізімін құрайды.

Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де Заңдарына сүйене отырып жазылған.

Сонымен қатар, бітіру жұмысын ғылыми әдебиеттер және Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті мемлекеттік реттеуге қатысты шығарылған қаулылар, ережелер, бағдарламалар және қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.

Бітіру жұмысында көп кездесетін сөздер: банк, қаржы, мемлекет, комитет, басқару, реттеу, қадағалау, экономика, және т. б.

Жоспар:

Кіріспе . . . … . . . . . . …. . 4-5

І. Тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы

І. 1 . Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің экономикамыздың бірден-бір негізгі құрамдас бөлігі ретіндегі орны . . . ……… . . . ………6-15

І. 2 . Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі . . . . …15-20

ІІ. Тарау . Қазақстан Даму Банкінің құқықтық жағдайы

ІІ. 1 . Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкінің, сондай-ақ екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметінің бүгінгі даму тенденциялары. . . . . 21-37

ІІ. 2. Қазақстанның Даму Банкінің құқықтық жағдайы . . . 37-57

Қорытынды . . . 58-59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . 60-61

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 32 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн санап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесісн қосатыны мәлім.

Қазақстанның Республикасындағы Даму Банкі-акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады және ұлттық даму институтынан тұрады. Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және экономикасын сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесуге атсалысады. Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасының резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған.

Нарық жағдайындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу мемлекеттік бсқарудың басты функциясы болып табылады. Осындай мемлекеттік ықпал ету-реттеудің негізгі мән-жайына әдетте банктердің қызметін ұйымдастыруға қажетті жалпы қағидалар мен жағдайларды белгілеу және қамтамасыз ету арқылы олардың өз коммерциялық операцияларын адал бәсекелестік тұрғысынан жүзеге асырылуларына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өтпелі кезең талаптары мен өзгерістеріне орай банктік ортада жүріп-тұру қағидаларын түзетіп отыру жатады.

Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвсетициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирлиленген тұлғалармен жасалатын мәсмілелер банктерді тәуекелге барғызбауу шарт. Қаржылық қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет деп қарастырды өзінің Жолдауында Елбасы.

Республикамызда банкілік қызметті реттейтін заңдар 1995 жылғы 30 наурыздағы ұлттық Банк туралы заң және 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер және банкілік қызмет туралы заңы бүгінгі таңдағы банк қызметтінің құқықтық негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық, айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. ұлттық Банкі өз құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал ұлттық Банк қызметін ҚР-нң Президенті қадағалайды, ұлттық Банк президент алдында есеп береді. ҚР-ның банк жүйесі ТМД мемлекеттерінің ішінде даму қарқыны жағынан бірінші орында тұр.

І. Тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің сипаттамасы

1. 1 Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің экономикамыздың бірден бір негізгі құрамдас бөлігі ретіндегі орны.

Нарықтық экономика жағдайында өмір сүргенімізге он бес жылға аяқ бастық. Ал осы уақыт ішінде экономиканың құлдырағанында, ақшаның құнсызданғанында куәгер болғанымыз рас. Бұл сондай ақ жаңа мемлекетті құру, экономиканы тұрақтандыру және нарықтық экономикаға деген бейімді қалыптастыру кезең де болып табылады. Соңғы төрт жыл бойы экономиканың жылына орта есеппен 10, 3 % тұрақты дамуы жалпыішкі өнімді 49% өсіріп отыр, бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең жоғарғы корсеткіш болып табылады (Ресейде- 28%, Украинада-29%, Молдавада-24%, Қырғызстанда-16%) . Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 2005 жылғы 2660 доллардан 2006 жылы 2970 долларға дейін өсті. Қазақстанның алтын валюта қоры 69, 3% немесе 14, 5 млрд. долларға дейін көбейген, оның ішінде Ұлттық банктің халықаралық резервтері 8, 9 млрд долларды, ал Ұлттық қордың ақшасы 14, 6 млрд долларды құрайды. Осындай орнықты дамуды мемлекеттік саяси тұрақтылықты, экономикалық, әлуметтік бағдарламалардың дұрыс талдап- жасалуы қамтамасыз етуде.

Банк жүйесі экономиканың бірден бір негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Банк - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында, валюта нарығында, депозит нарығында күшті позициялар иеленеді Банк жекешелендіру саласында белсенді жұмыстар істеуде. Қазіргі таңда елімізде 32 екінші денгейделі банк бар. Банктің құрылтайшылары болып оның акционерлері табылады. Ол ашық түрдегі акционерлік қоғам болып құрылғаннан кейін қосымша жеңілдіктер иелене алмайды және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер жіктемейді.

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта резервтерден, басқада материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырады.

Екінші деңгейлі банктердің үш жыл ішіндегі капиталын салыстырып қарайтын болсақ 2005 жылы банк жүйесінде 990. 541 мың АҚШ долларын құрайтын болса, 2006 жылы 2. 036. 060 мың АҚШ долларын құрайды, ал 2006 жылы 1. 115. 661 мың АҚШ долларын құрап тұр, ал осы үш жылдың позициясы 100 пайызды құрап тұр. Өткен жылы банктердің жиынтық меншікті капиталы 38, 6 пайызға ұлғайып 2, 5 млрд долларға, ал жиынтық активтері 39, 3 пайызға көбейіп 11, 2 млрд долларға дейін өсті. Банктік активтердің 60 пайызы экономикаға кредит түрінде берілген, оның көлемі 50, 7 млрд долларды құрайды. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы 7, 5 млрд долларға жетті.

Қазақстандағы банк жүйесінің қалыпты дамуы бірқатар жәйттермен байланысты. Біріншіден, ол халықарлық стандарттарды дұрыс меңгере алмағандығымыздан, есеп және есеп беру, несиелеу және депозит дұрыс іске аспауында. Екіншіден, Ұлттық банк тарапынан қатаң пруденциялдық- нормативтік реттеудің нәтижесінде активпен міндеттеменің, меншікті капиталмен активтің, акционерлермен банктердің арасындағы шектеулердің дұрыс орындалуына және де банктер беретін ақпарат көздерінің ашықта дұрыс болуында. Үшіншіден, Депозиттерді сақтандыру кепілдік қорының құрылғандығы. Төртіншіден, екінші деңгейдегі банктердің соңғы екі-үш жыл көлемінде халықаралық қаржы институттарынан алып лтырған үлкен көлемдегі арзан бағалы және несие көздерінің болуы сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің арасындағы бәсекелестіктің артуында, соның нәтижесіеде соңғы жылдары сыйақы мөлшнрлемесі теңгемен берілетін несиеде 28 пайыздан 20 пайызға, доллармен берілетін несиеде 20-21 пайыздан 15-16 пайызға дейін төмендеді.

Қазақстанның банк жүйесінің ТМД-ның басқа елдерінің банк жүйесімен салыстырғанда көп ілгері тұр. Оған халықаралық рейтингтік агенттіктердің беріп отырған жоғары бағалары дәлел. Еуропа Одағына қабылданған Венгрия, Болгария, Польша және Балтық мемлекеттерімен бір деңгейдеміз. Біздегі банк жүйесінің негізгі және басты айырмашылығы ол жеке меншік капиталымен бақылануда, ал Ресейде мемлекеттік қатысуы басым. Стратегиялық салалардан басқа салаларда жеке меншік капиталының басым болғаны жөн, ол оңтайлы басқаруға, бақылауға және үлкен жетістіктерге жетуге бейімді. Бұл нарық заңы. Оған дәлел, орта есеппен алғандағы инфляцияның жылдық көрсеткіші Ресейде біздегімен салыстырғанда екі есе жоғары, экономикаға берілген кредит көлемі ЖІӨ-нің Ресейде 10 пайызына жетпейді-25, 0 млрд. доллар, Қазақстанда 23, 5 пайыз немесе 6, 3 млрд. долларды құрайды ( Ресейде ЖІӨ-268, 0 млрд. доллар, Қазақстанда -26, 7 млрд. доллар) .

Жоғарыда атап өтілген оң істермен бірге, банктік жүйенің кемшіліктері да бар екендігін айта кеткен жөн. Бұл бәрімізге белгілі несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің өте қымбаттығы, ұзақ мерзімді кредиттің аздығы. Рас, екінші деңгейдегі банктер тарапынан сыйақы мөлшерлемесін төмендетудің толық қолдау таппай отырғандығын мойындауымыз қажет, бірақ кейбір банктер несие көздерінің өзіндік құнының жоғары болуына байланысты бірден төмендету шараларын қолдана алмайды. Себебі, 2000-2006 жылдар аралығында шығарылған 5-7 жылдық облигациялық құнды қағаздардың 11-12 пайыздық сыйақы шығындарын толық төлеп бітірмей, арзан сыйақы белгілеу саясатын әкімшілік жолмен тану нарықтық экономиканың негізгі заңдарына қарама-қайшы келетіндігі айдан анық. Бұл орайда мәселе әділ бәсекелестік жолымен шешілуі керек.

Ал бәсекелестік өз кезегінде кейбір банктердің әкімшілік-шаруашылық шығындарын азайтуына, қызметкерлер санын қысқартуына, таза пайда таппаған банктердің жабылуына немесе бірігуіне алып келеді. Міне, осындай ережелерді сақтаған жағдайда ғана әділ сыйақы мөлшерлемесін, жылдам алынатын несие көздерін және сервистік қызметтік жақсаруын күтуге болады

Банк жүйесі Парламент, Үкімет тарапынан да ұдайы қолдау тауып отыруы қажет. Бұл дегеніміз, заң ережелерінің өзгермеуі, құнды қағаздар рыногын дамыту, мемлекеттік құнды қағаздардың сыйақы мөлшерлемесінің жалпы жылдық инфляция деңгейінен төмен болмауы және зейнетақы қорларының портфельдік мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады. Әрине, банк жүйесі жұмысын насихаттауды жарнама қызметі деп түсінбеу керек, жұрттың банкке сенімін арзан жарнамамен жоғалтып алу оңай.

Халықтың банкке деген сенімін арттыру шараларын жалпымемлекеттік саясат деп таныған жөн. Банк тек қана ақша аудару қызметін көрсетпейді, ол сонымен бірге қор жинау, сақтау, төлемақы қабылдау және пайда көзін табу функциясын атқарады. Болашаққа деген сенімді күнделікті пайдаланып жүрген ұлттық валютамыз -теңгеден сезінсек, жүргізілген реформалардың жемісті болғандығы емес пе.

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызыметі туралың Заңынан бастау алады. Елімізде қабылданған заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикадағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк -Қаз КСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк- коммерциялық банктер жүиесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру негізінде қызымет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражаттарын тарту орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта резервтерден, басқада материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банкттерден несие ала алады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндармен шығындардың орнын жабуға арналады. Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстармен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнотпен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады. Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резекрвтік қорды абсолюттік соммада құруға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтармен алымдар төлеудне босатылады. Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасының Президентінің алдында есеп береді. Ұлттық банктің функционалдық құрылымына департаменттермен басқада бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттерімен ұйымдары кіреді. Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің басқармасының құрамына:

- ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;

- ҚР Президентінен бір өкіл;

- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызымет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бқл жерде екінші денгейдегі банктер туралы айтылып отыр. Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

- мемлекеттік;

- акционерлік;

- жеке;

- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;

- аралас (шетел капиталының қатысуымен) ;

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызымет корсететін банктер;

- маманданған, яғни бір ғана салаға қызымет корсететңн банктер.

3. Аумақтық белгісіне қарай:

- халықаралық;

- мемлекетаралық;

- ұлттық;

- аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

- өнеркәсіптік банктер;

- сауда банктер;

- ауыл шаруашылық банктер;

- құрылыс банктер.

5. Филиалдар санына қарай:

- филиалсыз;

- көп филиалды.

ҚР-дағы банктік жүйеде 01. 01. 2007 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші денгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға Қазақстан даму банкі мен Эксим банк, ал шетел капиталының қалыптасуымен (100%- 10банк, 50%-аса- 4 банк) құрылған банктерде саны -14, оның ішінде, еншілес банктер-10. Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құрылған.

Акциялар екі түрге бөлінеді жай және артықшылығы бар акция. Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құрыуға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін. Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50 пайызы төленуі тиіс. Ал тіркеуге алынған кезеңнен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған соммасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейтін басшылық.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрамдарының бірі. Банктердің және тауарлы ақшалай қарым- қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүрді және оларды бір бірімен өзара тығыз байланысты нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарды. Банктік жүйенің мақсаттары мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттарымен міндеттері бірдей, әйтседе банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма- қолсыз есеп айрысу арқылы экономиканың үздіксіз қажет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. 1

Банктер өз қызметін орындау кезінде функционалдық экономикалық салалық (министерствовалық. Компания фирмалар) және аумақтарды(жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізуді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде.

Банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдітерін жетілдіру, есеп айрысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл тенгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 пайызға жетті. Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарлату және сауықтыру бантерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолбағыс етеді. Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырды.

Екінші деңгейдегі банктер жүйесін одан әрі дамуы мен үзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі- ломбардтар, несиелік бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтікфирмалар, клиринктік палаталар т. б түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші денгейдегі банктерден тұратын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы ақша-несие жүйесін реттеу
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
18.12.00 ж Қазақстан Республикасының «Cақтандыру қызметі туралы» Заңының негізгі мәселелері
Экономиканың дамуындағы банктердің ролі туралы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңдарына шолу
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Банктердің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі. Еншілес шетел капиталдарының қатысуымен банктерді құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz