Республикалық бюджет кірістері мен шығындарының атқарылуын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші деңгейі болып республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты ынталандыруға мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан жылдан-жылға ұлғайатын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекеттік займдар бойынша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс қабілеттілігі мен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік басқару аппаратын ұстау және басқа да шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.

Айтылғандай, анықтама бойынша республикалық бюджет өз алдында Бюджеттік кодексте бекітілген салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасатын орталықтандырылған ақша қорын құрайды. Ол орталық мемлекеттік органдар мен оларға жататын мемлекеттік мекемелердің функцияларын орындау мен мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған. Республикалық бюджет, каржы ресурстар терімшілдіктің негізгі қүралы болғандықтан, мемлекеттік билікке өз уәкіліктігін шынайы іске асыруға, экономиканы, инвестициалық белсендікті реттеу мен ынталандыруға, ал бастысы - әлеуметтік саясатты орындауға мүмкіншілік береді.

Республикалық бюджет, өз алды биліктің бір тарауымен жасалып, екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болғандықтан, қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды - ол мемлекет таңдаған ел басқару стильді іске асырады. Республикалық бюджетте мемлекетке қажетгі қаржы ресурстары мен барлық резервтер көлемі саналады, сондықтан осы бюджет арқылы елдің қаржы ахуалы, қаражаттар жұмсаудың нақты бағьттары, салалар, аймақтар мен әрекет салалары бойынша шығындар арақатынасы анықталады. Осыған байланысты республикалық бюджеттің экономикалық саясатты іске асыру құралы ретіндегі мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі білінеді. Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерекше экономикалық формалар болуымен шарттанады, яғни кірістер (түсімдер) және шығындар. Осы формалар арқылы ақша кұралдарының орталықтырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануы іске асырылады. Кірістер мен шығындардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметті-экономикалық шартта жүргізіп жатқан орта мерзімді фискалдық саясатты іске асыру бағыттарына сәйкес. Кірістерді қалыптастыру мен бюджеттік құралдарды жүмсау формалары мен өдістері де осыған сәйкес бо-луы тиіс. Республикалық бюджет кірістер қүрылымы Бюджеттік кодекс ережелеріне сәйкес салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капитал сатудың түсімдері мен ресми трансферттерден көрсетіледі. Бүл кірістер салыктық заңнамалар мен елдің әлеуметті-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының маңызды макроэкономикалык көрсеткіштер негізінде анықталады. Республикалық бюджеттің кірістер саясаты салықтық саясат және кірістер құрылымы мен түсімдер болжамының өзгерістер есебімен құрылады.

Республикалық бюджеттің шығыстар құрылымы Бюджеттік кодекске сәйкес келесі шығыстар бағыттарынан қалыптасады:

  • жалпы сипаттағы мемлекетгік қызметтерге жұмсалатын;
  • қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікке жұмсалатын;
  • қүқықтық, соттық, қылмыс іс-атқарушы әрекетке жұмсалатын;
  • білім беруге жұмсалатын;
  • денсаулық сақтауға жұмсалатын;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік жәрдемге жұмсалатын;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жұмсалатын;
  • мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне жұмсалатын;
  • өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалануға жұмсалатын көлік және коммуникацияға жұмсалатын;

• табиғатты қорғау іс-шаралары және ауыл, орман, су, балық шаруашылықтарына жұмсалатын.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде мемлекеттік төтенше бюджет енгізуі қарастырылған. Оны қолданудың негізі ретінде ҚР Президентінің республика аумағында төтенше жағдай енгізу жөніндегі шешімі. Төтенше бюджет мемлекеттің барлық қаржы ресурстарынан қалыптасады және оны енгізген уақытта республикалық бюджет жөніндегі Заң мен басқа деңгейдегі бюджеттер жөніндегі шешімдер өз күшін жояды. Қазіргі кезеңдегі экономиканың дамуына байланысты республикалык бюджеттің рөліне өте үлкен мән беріледі, себебі ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі қүралы ретінде пайдаланады және экономиканы қаржылык реттеу мен оның бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге маңызды әсерін тигізеді

1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

2009 жылдың қорытындысы бойынша кірістердің 2 779, 2 млрд. теңгеге түсуі бекітілген бюджетті 97, 7%-ға, сәуірдегі нақтыланған бюджетті 98, 5%-ға және қарашадағы нақтыланған бюджетті 100, 4%-ға орындалуын қамтамасыз еткен.

Республикалық бюджет шығындары есепті кезеңде 3 118, 6 млрд. теңгеге орындалып сәуірдегі нақтыланған бюджеттің 95, 8%-ын, ал қарашадағы нақтыланған бюджеттің 98, 1%-ын құраған, бұл ретте 59, 4 млрд. теңге игерілмеген.

2. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

Кірістер бойынша түзетілген бюджет 100, 4%-ға орындалды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (83, 1%) мен трансферт түсімдері (93, 6%) орындалмай қалған.

Есепті жылы республикалық бюджет кірістерінің түсімі бұрынғы жылмен салыстырғанда 538, 4 млрд. теңгеге немесе 16, 2%-ға төмендеген. Түсімдердің азаюына белгілі бір дәрежеде салық ставкаларының төмендеуі себеп болды, соның негізінде жиналған салықтар көлемі 620, 4 млрд. теңгеге немесе 30%-ға азайған. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі - КТС) ставкасы 30%-дан 20%-ға дейін төмендегендіктен, бюджетке КТС - 177, 9 млрд. теңгеге, қосымша құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) ставкасы 13%-дан 12%-ға дейін төмен­деп, ол 43 млрд. теңгеге аз түскен. Қазақстан аумағынан әкетілетін шикі мұнайға салынатын кедендік баж салығы 2009 жылы қаңтарда алынып тасталғаннан кейін баж түсімдері 257 млрд. теңгеге кеміген.

Тіркелген КТС төлеушілердің жалпы саны ішінде олардың үлес салмағы 2007 жылы декларацияны тапсыру кезінде - 72%, 2008 жылы - 74%, 2009 жылы - 74, 6% болды. 2009 жылы КТС бойынша жүргізілген құжаттық салық тексерулері нәтижесінде 253, 7 млрд. теңге қосымша есептеліп, соның 2, 9%-ы ғана бюджетке өндіріп алынған.

2009 жылы кедендік органдар әкімшілік жүргізетін кедендік төлемдер мен салық түсімдері 575, 4 млрд. теңгені (105, 5%-ды) құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 38, 8%-ға азайған. Бұған шикі мұнайға салынатын экспорттық баж салығының алынып тасталуы, ҚҚС ставкасының 1%-ға қысқаруы, тауарлар импорты көлемінің 25%-ға төмендеуі елеулі әсер етті.

Әкелінетін кедендік баж түсімдері бұрынғы жылмен салыстырғанда 11, 2%-ға төмендеген. Бастапқы белгіленген жоспар 40, 1 млрд. теңгеге немесе 31, 2%-ға төмендетілгеніне қарамастан, 94, 9%-ға орындалған.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берілген жеңілдіктер­дің жалпы сомасы есепті кезеңде 693, 5 млрд. теңгені құрады, бұл бұрынғы жылмен салыстырғанда 44, 6 млрд. теңгеге немесе 6, 9%-ға көп.

Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттің пакетіне түсетін дивидендтер түсімі 13, 4 млрд. теңгенің орнына 15, 0 млрд. теңгеге (111, 5%-ға) орындалған. Аталған түсімдер “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ-ның жоспарланған қаржылық көрсеткіштерінің артуы есебінен асыра орындалып, одан түскен түсімдердің үлесі 57%-ды құрады.

Мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалға беруден 3, 9 млрд. теңге түскен, яғни жоспар 102, 6%-ға орындалған.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспардағы 5, 5 млрд. теңгенің орнына 4, 5 млрд. теңгеге (83, 1%-ға) орындалған, төлемдер бұрынғы жылмен салыстырғанда 4 млрд. теңгеге немесе 47, 1%-ға төмендеген.

Есепті жылы республикалық бюджет кірісіне нақтыланған жоспардағы 1 292, 4 млрд. теңгенің орнына 1 209, 4 млрд. теңге (93, 6%) мөлшерінде трансферттер түсті. Соның ішінде, Ұлттық қордан түскен нысаналы трансферт түсімдері жоспардағы 347, 9 млрд. теңгенің орнына 261, 0 млрд. теңгені немесе 75, 2%-ды құрады, бұл республикалық бюджет кірістерінің түсімдері болжамының асыра орындалуына және Ұлттық қордан қосымша қаржыны тартуға қажеттілік болмауына байланысты орын алды.

Республикалық бюджеттің жалпы кірісіндегі Ұлттық қор трансферттерінің үлесі есепті жылы 39, 7%-ды құрап, 2008 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 7, 4 пайыздық пунктке асып түсті.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

Есепті жылдың шығындары 2008 жылдың көрсеткішінен 17%-ға немесе 462 млрд. теңгеге, 2007 жылдың көрсеткішінен 53, 6%-ға немесе 103 млрд. теңгеге асып түскен.

“Шығындар” бөлімі бойынша 587 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 3 178 млрд. теңге бөлініп, оның 3 118, 6 млрд. теңгесі, немесе бекітілген республикалық бюджеттің 98, 2%-ы, ал түзетілген республикалық бюджеттің 98, 1%-ы игерілген.

Есепті кезеңнің соңында Үкіметтің бюджетті түзетуі функционалдық топтағы түзетілген жоспардың нақтыланған жоспардан елеулі түрде ауытқуына әкелді. Нәтижесінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа (31, 3%), көлік және коммуникацияға (24, 7%), білім беруге, мәдениет және спортқа (11, 6%) арналған шығыстар ұлғайған.

Жалпы алғанда, нақтылап түзету кезінде республикалық бюджет­тің жалпы шығындары он функционалдық топ бойынша шығындарды оңтайландыру есебінен 0, 1 %-ға немесе 2, 7 млрд. теңгеге көбейген.

Шығындар, негізінен, Елбасының Қазақстан халқына жолдауларына, Үкіметтің шешімдеріне және есепті кезеңде қабылданған бағдарламалық құжаттарға байланысты іс-шаралар өткізу көзделген бюджеттік бағдарламалары бойынша ұлғайған.

73 бағдарламаға бөлінген нысаналы трансферттер шығындардың жалпы көлемінің 22%-ын, ал облыстық бюджеттерге бөлінген субвенциялар 16, 9%-ын құрады.

Үкімет есепті кезеңнің қорытындысында шығындар бойынша 59, 4 млрд. теңге қаражатты игермеген. Қаражаттың игерілмеуінің басым бөлігі “Басқалар” (11, 1%), “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық” (6, 6%), “Білім беру” (4, 6%), “Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік”, “Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану” (4, 1%) функционалдық топтары бойынша байқалады.

Қаражаттың басым бөлігі халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге (22, 3%), облыстық бюджеттерге субвенция беруге (16, 9%), қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік және коммуникацияға (әрқайсысына 8, 3%), білім беруге (7, 4%) пайдаланылған.

39 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тек 9-ы ғана қаражатты толығымен игерген, ал қаржыны ең аз игергендердің қатарына Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (94, 3%), білім және ғылым (95, 1%), энергетика және минералдық ресурстар (95, 9%), төтенше жағдайлар (96, 1%), көлік және коммуникация (96, 4%), туризм және спорт (96, 6%) министрліктері жатады.

2009 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда, дебиторлық берешек 40%-ға ұлғайып, 71, 9 млрд. теңгені, кредиторлық берешек 2, 5 есеге азайып, 726, 6 млн. теңгені құраған.

Талап қою мерзімі өтіп кеткен дебиторлық (910, 8 млн. теңге немесе 2, 9 есе) және кредиторлық (78, 4 млн. теңге немесе 2, 6 есе) берешектер көлемінің едәуір өскені байқалады. Бұл жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан жіберілген кемшіліктер мен талап-арыз жұмыстары деңгейінің төмендігін көрсетеді.

3. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІҢ АТҚАРЫЛУЫ МЕН ӨТЕЛУІН ТАЛДАУ

2009 жылға арналған бюджеттік кредит беру бастапқыда 60, 2 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, нақтылаудың нәтижесінде 14 млрд. теңгеге азайтылып, 46, 2 млрд. теңгені құрады. Бюджеттік кредиттерді өтеу нақтыланғаннан кейін 13, 4 млрд. теңгеге көбейіп, 27, 5 млрд. теңгені құрады, тиісінше, таза бюджеттік кредит беру 27, 4 млрд. теңгеге азайып, 18, 7 млрд. теңге болды.

2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру үшін бөлінген бюджет қаражатының көлемі өңірлерде 2008 жылдың деңгейінде қалып, 16, 1 млрд. теңге болды.

Техникалық құжаттама уақтылы әзірленбегендіктен, мердігерлерді анықтау жөніндегі конкурстық рәсімдер дер кезінде өткізілмегендіктен, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар шарт міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамағандықтан, жергілікті атқарушы органдар аталған соманың 3, 7 млрд. теңгесін, немесе 23, 0%-ын игермеген. Солтүстік Қазақстан (52%), Ақмола (79%) облыстарында және Астана қаласында (59%) қаражаттың нашар игерілуіне жол берілген.

Республикалық бюджет кредиттері есебінен салынған пәтерлерді коммуналдық тұрғын үй санатына аудару фактілері анықталды, аталған пәтерлер сатылған жағдайда бюджет кірісіне 487, 9 млн. теңге түсуі болжанған болатын.

Есепті кезеңде 20, 5 млрд. теңге бюджеттік кредит, немесе жоспар­дың 74, 7%-ы өтелді. Бұл ретте бюджеттік кредиттерді өтеу жөнінде бекі­тілген көрсеткіштер 6, 0 млрд. теңгеге, төленген мемлекеттік кепіл­діктер бойынша талаптарды қайтару 1, 0 млрд. теңгеге орындалған жоқ.

Үкімет бюджеттік кредиттерді пайдалануда, өтеуде және оларға әкімшілік етуде бірқатар жүйелі проблемаларды шешпеген. Біріншіден, бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бюджеттік кредиттерді түпкілікті алушылардың арасындағы қарым-қатынас тиісті дәрежеде үйлестіріл­меген; екіншіден, олардың тиімді және уақтылы пайдаланылуына мониторинг және бақылау жүргізу төмен деңгейде қалып отыр; үшіншіден, алынған міндеттемелер толығымен орын далмаған.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНІҢ САТЫП АЛЫНУЫ МЕН САТЫЛУЫН ТАЛДАУ

Есепті жылы қаржы активтерін сатып алу бойынша бекітілген бюджетті нақтылау кезінде, ол 49, 7 млрд. теңгеге азайып, 147, 1 млрд. теңгені құраған.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қаржы активтерін сатып алу үшін бөлінген 138, 8 млрд. теңге, негізінен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру мен толықтыруға бағытталған.

Қаржы активтерін сатудан 1, 5 млрд. теңге түседі деп жоспарлан­ғанымен, іс жүзінде жоспар 591, 5 млн. теңгеге, немесе 39, 4%-ға орындалған. Бюджетке түсетін 1, 2 млрд. теңге мөлшеріндегі негізгі түсімнің акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін сатудан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлесінен түсуі жоспарланғанымен, іс жүзінде мұндай түсімдер 306, 5 млн. теңгені, немесе 25, 5%-ды құраған. Бұл елімізде қор нарығының дамымағанына және жеке бизнестің тұтынушылық қабілетінің төмендігіне байланысты болып отыр.

Қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді және оларды сатып алуға жұмсаған шығындарды салыстырған кезде айтарлықтай теңгерімсіздік байқалады. Қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің үлес салмағы сатып алынғандардың жалпы көлемінде есепті жылы - 0, 4 %, 2008 жылы - 0, 01 %, 2007 жылы - 0, 08% болған.

2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттің қатысуымен құрылған 37 ұйымның 25-інің жарғылық қоры тек акциялардың мемлекеттік пакетінен тұрады, 6 ұйымда акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі.

БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ

Есепті жылға арнап бекітілген 571, 3 млрд. теңге мөлшеріндегі республикалық бюджет тапшылығы 2008 жылға қарағанда 1, 7 есе көп.

2009 жылдың қараша айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде тапшылық көлемі 573, 6 млрд. теңгеге дейін көбейтіліп, іс жүзінде 2009 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің нақты тапшылығы 510, 9 млрд. теңгені құрады.

Есепті жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржылан­дырудың негізгі көзі ішкі мемлекеттік қарыздар болып, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен 707, 8 млрд. теңге тартылды. Сыртқы мемлекеттік қарыздар 101, 6 млрд. теңгені құрады.

Жалпы 809, 4 млрд. теңге қарыз алынып, оның 249, 0 млрд. теңгесі бұрын алынған негізгі қарызды өтеуге пайдаланылған.

САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2010 жылдың бас кезінде салық берешегі 100, 3 млрд. теңгеге жетіп, 2009 жылдың бас кезімен салыстырғанда 19, 4 млрд. теңгеге немесе 24%-ға өскен. Аталған кезең ішіндегі берешектің жалпы сомасы айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоса есептегенде, 1, 8 есе ұлғайып, 192, 3 млрд. теңге болды. Бұл ретте берешегі бар салық төлеушілердің саны 38%-ға өсіп, 2010 жылдың бас кезіне 228 мыңнан асып кетті.

2007-2009 жылдары салық органдарының салық төлеушілерді банкрот деп тану туралы жалпы сомасы 133, 6 мрд. теңгеге берген 7 мыңнан астам талап арызы нәтижесінде шамалы ғана салық берешегі, атап айтқанда, 291 млн. теңге өтелген. Мұны конкурстық массаны бөлу кезінде бюджеттің бар болғаны төртінші болып кезекте тұрғандығымен түсіндіруге болады. Осы ретте салық төлеушілердің жеке шоттарынан 95, 3 млрд. теңге көлеміндегі берешек есептен шығарылған.

Салық төлеушілердің шағымдарын қарастырудың қорытындысы бойынша салықтар мен өсімпұлдардың азайтылған сомасы 153, 3 млрд. теңгені немесе қосымша есептелген сомалардың 33, 5%-ын (2007 жылы - 0, 5%, 2008 жылы - 11%) құрады. Соның нәтижесінде салық органдарының заңға қайшы актілері бойынша сот шешімдерін орындауға бағытталған Үкімет резервінің қаражаты 342, 4 млн. теңгеге ұлғайып, осы мақсаттарға қарастырылған қаржының 76, 2 %-ын құрады.

Салық есептілігін 6 айдан аса бермеген ҚҚС төлеушілер есептен уақтылы шығарылмағандықтан, олардың контрагенттерінің есебінен алынып тасталмаған ҚҚС сомасы 401, 7 млн. теңгені құрады.

Салық комитеті экспорт-импорт операциялары бойынша мәліметтерді салыстырып тексеретін автоматтандырылған процесті енгізудің мерзімін созып жібергендіктен, өздерінің салық есептерінде 638, 8 млн. теңгенің операцияларын көрсетпеген Алматы қаласының 44 салық төлеушісі мәліметтерді өңдеу басталғанға дейін салықтық әкімшілік ету шараларынан жалтарып кетуге мүмкіндік алды. Осының салдарынан, бюджет 191, 6 млн. теңгеге зиян шекті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және мазмұны
Бюджеттің экономикалық маңызы және оның кірістері мен шығыстары
Мемлекет бюджетінің шығыстары
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
Бюджет тапшылығын басқару
Жергілікті бюджеттің құрылымы
Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі бюджеттік көрсеткіштері мен даму бағдарламаларын зерттеу арқылы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz