ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. ТМҚ түгендеу және оның нәтижесін есепке алу
2.2. ТМҚ құжатталуы
2.3 Тауарлы . материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
2.4 Синтетикалық есептегі ТМҚ.дың ұғымы
ІІІ. Қортынды

Кіріспе
ТМҚ қорларды жиі түрде баланс активтерінің неғұрлым маңызды және ірі баптары болып саналады. ТМҚ актив ретінде бухгалтерлік баланстағы компанияның өзін-өзі ақтаушылығына үлкен әсерін тигізеді. Сатылған тауарлардың, ТМҚ қорларының құнын анықтауда фактор ретінде кәсіпорынның табыстылығына және оның түгендеуі туралы есепте көрсетілуіне әсерін тигізеді.
ТМҚ деңгейі әртүрлі болуы мүмкін және өндіріс сипаты мен қызмет түріне қатысты болады. Нақты тұтынушыға жұмыс істейтін өндірушілер, қорлардың төменгі деңгейін ұстап тұрады: дайын болуына қарай тауарларды тұтынушыларға жеткізіп беріп отырады. Егер де тауар тез бұзылатын (бүлінетін) болса, онда субъектілер аяқталмаған өндіріске үлкен сомада инвестициялар салады. Қорларды ұстап тұру қымбатқа түсуі мүмкін, өйткені оған қорларды сақтау құны, сақтандыру, ұрлық болған жағдайдағы шығындар, сондай-ақ ақша қаражаттарын уақытша қалпында сақтап тұрудан болған қаржылық шығындар кіреді. Екіншіден, қорлардың болмауы, яғни клиенттердің (тұтынушылардың) қажеттіліктерін тез арада қанағаттандыру қабілетінің болмауы да, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъекті үшін қымбатқа түсуі мүмкін.
Сонымен қатар тауарлық-материалдық құндылықтар қорлары сомаларының көбеюі оның сатылуын баяулатып, сондай-ақ қорлардың күрт көбеюін туғызып, ұйымның қиындықтармен бетпе-бет келуіне әкеліп соғуы мүмкін. Яғни ақша материалдар сатып алуға жұмсалып, сатуға тауарлар болмай қалады. Демек, актив ретінде тауарлық-материалдық қорлар қозғалысы ұйым қызметінің нәтижелерін бағалаудағы жеткілікті түрдегі айқындаушы фактор болып саналады.
Тауапрлық-материалдық қорлар болып:
• олар ұйымның меншігі болып саналатын;
• ұйымның бақылауында болатын;
• сатуға немесе өндіріс үшін пайдалануға арналған тұрақты түрде жұмсалып, ауыстырылып, орны толтырылып отыратын белгілерге ие активтер саналады.
Сонымен, олардың қай жерде орналасқандығына қарамастан ұйымның белгілі бір күнге (уақытқа) иелік ететін барлық қорлары тауарлық-материалдық қорларға кіреді. Осы объектіге ұйымның меншік құқығы объектіні тауарлық-материалдық қорларға жатқызудың шешуші өлшемі (критерийі) болып саналады. Қорларды сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізумен байланысты тәуекелдер мен шығындарды төлейтін тораптар да осы жағдайлармен айқындалады.
ТМҚ есебінде олардың түрлері мен жіктелуінің анық айқындалуы өте маңызды. Сондай-ақ комиссия шарты шеңберінде сауда агенттеріне берілген қорлар ұйымның тауарлық-материалдық қорларына кіреді.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарова В.А «Шаруашылық жүргізу субьектісі»
2. Радостовец В.К , Радостовец В.В, Шмидт О.И «Бухгалтерский учет на предприятии.» - А: Центраудит-Казахстан, 2002
3. Жакупова «Бухгалтерлік есеп принциптері-1»
4. Жакупова «Бухгалтерлік есеп принциптері-2»
5. Баймуханова С.Б, Балапанова Ә.Ж «Бухгалтерлік есеп» - А: Қазақ университеті, 2002
6. Баймуханова С.Б «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов» - А: Ценные бумаги, 2002.
7. Осадская В.М «Аудит»
8. Абилов Б.Р «Аудит негіздері»
9. Әбдіманов Ә «Бухгалтерлік және қаржылық принциптері»
10. Қ.Р-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы заңы. 24.06.2002.
11. Қ.Р-ның бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қаулысы.13.11.96. №3.
12. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации: Сборник документов. – А.Раритет, 2000
13. Кеулимжаев К.К Корреспонденция счетов хозяйственных операций по типовому плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов. – А: БИКО, 2003.
14. Ержанов М.С, Ержанова А.М «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов(с 1 января 2003г).» - А: Ержанов и К, 2003.
1. Назарова В.А «Шаруашылық жүргізу субьектісі»
2. Радостовец В.К , Радостовец В.В, Шмидт О.И «Бухгалтерский учет на предприятии.» - А: Центраудит-Казахстан, 2002
3. Жакупова «Бухгалтерлік есеп принциптері-1»
4. Жакупова «Бухгалтерлік есеп принциптері-2»
5. Баймуханова С.Б, Балапанова Ә.Ж «Бухгалтерлік есеп» - А: Қазақ университеті, 2002
6. Баймуханова С.Б «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов» - А: Ценные бумаги, 2002.
7. Осадская В.М «Аудит»
8. Абилов Б.Р «Аудит негіздері»
9. Әбдіманов Ә «Бухгалтерлік және қаржылық принциптері»
10. Қ.Р-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы заңы. 24.06.2002.
11. Қ.Р-ның бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қаулысы.13.11.96. №3.
12. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации: Сборник документов. – А.Раритет, 2000
13. Кеулимжаев К.К Корреспонденция счетов хозяйственных операций по типовому плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов. – А: БИКО, 2003.
14. Ержанов М.С, Ержанова А.М «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов(с 1 января 2003г).» - А: Ержанов и К, 2003.
Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. ТМҚ түгендеу және оның нәтижесін есепке алу
2.2. ТМҚ құжатталуы
2.3 Тауарлы - материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
2.4 Синтетикалық есептегі ТМҚ-дың ұғымы
ІІІ. Қортынды
Кіріспе
ТМҚ қорларды жиі түрде баланс активтерінің неғұрлым маңызды және
ірі баптары болып саналады. ТМҚ актив ретінде бухгалтерлік баланстағы
компанияның өзін-өзі ақтаушылығына үлкен әсерін тигізеді. Сатылған
тауарлардың, ТМҚ қорларының құнын анықтауда фактор ретінде кәсіпорынның
табыстылығына және оның түгендеуі туралы есепте көрсетілуіне әсерін
тигізеді.
ТМҚ деңгейі әртүрлі болуы мүмкін және өндіріс сипаты мен қызмет
түріне қатысты болады. Нақты тұтынушыға жұмыс істейтін өндірушілер,
қорлардың төменгі деңгейін ұстап тұрады: дайын болуына қарай тауарларды
тұтынушыларға жеткізіп беріп отырады. Егер де тауар тез бұзылатын
(бүлінетін) болса, онда субъектілер аяқталмаған өндіріске үлкен сомада
инвестициялар салады. Қорларды ұстап тұру қымбатқа түсуі мүмкін,
өйткені оған қорларды сақтау құны, сақтандыру, ұрлық болған жағдайдағы
шығындар, сондай-ақ ақша қаражаттарын уақытша қалпында сақтап тұрудан
болған қаржылық шығындар кіреді. Екіншіден, қорлардың болмауы, яғни
клиенттердің (тұтынушылардың) қажеттіліктерін тез арада қанағаттандыру
қабілетінің болмауы да, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъекті үшін
қымбатқа түсуі мүмкін.
Сонымен қатар тауарлық-материалдық құндылықтар қорлары
сомаларының көбеюі оның сатылуын баяулатып, сондай-ақ қорлардың күрт
көбеюін туғызып, ұйымның қиындықтармен бетпе-бет келуіне әкеліп соғуы
мүмкін. Яғни ақша материалдар сатып алуға жұмсалып, сатуға тауарлар
болмай қалады. Демек, актив ретінде тауарлық-материалдық қорлар
қозғалысы ұйым қызметінің нәтижелерін бағалаудағы жеткілікті түрдегі
айқындаушы фактор болып саналады.
Тауапрлық-материалдық қорлар болып:
• олар ұйымның меншігі болып саналатын;
• ұйымның бақылауында болатын;
• сатуға немесе өндіріс үшін пайдалануға арналған тұрақты түрде
жұмсалып, ауыстырылып, орны толтырылып отыратын белгілерге ие активтер
саналады.
Сонымен, олардың қай жерде орналасқандығына қарамастан ұйымның
белгілі бір күнге (уақытқа) иелік ететін барлық қорлары тауарлық-
материалдық қорларға кіреді. Осы объектіге ұйымның меншік құқығы
объектіні тауарлық-материалдық қорларға жатқызудың шешуші өлшемі
(критерийі) болып саналады. Қорларды сатушыдан сатып алушыға дейін
жеткізумен байланысты тәуекелдер мен шығындарды төлейтін тораптар да
осы жағдайлармен айқындалады.
ТМҚ есебінде олардың түрлері мен жіктелуінің анық айқындалуы өте
маңызды. Сондай-ақ комиссия шарты шеңберінде сауда агенттеріне берілген
қорлар ұйымның тауарлық-материалдық қорларына кіреді.
Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу - меншіктің сақталуын,
құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке
алынуын қамтамассыз ететін бақылаудың бір тәсілі болып табылады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты ұйымда бухгалтерлік есеп жүргізуде
болатын тауарлы-материалдық қорлардың түгендеуінің сипаттамасын,
бухгалтерлік есептегі рөлін т.б кеңінен қарастырып, мазмұнын ашу болып
табылады.
1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың түсінігі және оның
жіктелуі
Қорлар кәсіпорынның ең маңызды активтерінің бірі және
түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Қорларды есепке
алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі
кезеңдерде тиісті түсім таңылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың
көлемін айқындау болып табылады. Есепке алу жүйесі қорларды сатып алуға
жұмсалған шығындар мен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бөліп
көрсету.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қорлар
былайша жіктелуі мүмкін:
• Шикізат пен материалдар-1310 Шикізат және материалдар
• Аяқталмаған өндіріс-дайын болу дәрежесіне жетпеген өнім, кейіннен
соңына дейін дайындалатын жартылай фабрикаттар-1340 Аяқталмаған
өндіріс
• Кәсіпорын шығарған және сатуға арналған дайын өнім мен тауарлар
Аяқталған, бірақ сатылмаған тауар бірліктеріне жататын шығындар
есептік кезеңнің аяғында қорлар бабындағы – 1320 Дайын өнім. Қайта
сату үшін сатып алынған және сақталған тауарлар – 1330 Тауарлар.
Қорлар есебіне бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1300
ден 1400-ге дейінгі шоттар қарастырылған.
Қорлар компания балансында актив ретінде танылады. Кәсіпорынға
болашақта экономикалық пайда түсуін көздейді. Кәсіпорын айналымында
болуы үш сатыдан өтеді:
• кіріске алынуы;
• өңдеуден өтуі және өткізуге дайындалуы;
• өткізілуге дайын өнім қалыптасуы және сатылуы;
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс цикілінде қолданатын әр
түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын
өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
стандарттарына сәкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
• шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас
бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс(қап, қорап, жәшік т.б)
және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе
жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық
қорлар;
• аяқталмаған өндіріс;
• субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер,
тауарлар.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми-негізделген
жіктемені, есеп бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды. Материалдық
құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады:
босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау
орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша
барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау
шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында
және толық анықту: КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және
дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге
қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы
құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Материалдық қорлар былай жіктеледі:
• негізгі материалдар - шығарылған өнімге заттық негіз жасап, оның
материалдық негізін (ұн-нан пісіргенде, тері-аяқ-киім тіккенде, ағаш-
жиһаз өндірісінде) құрайды;
• көмекші материалдар - өндірілетін өнімдерге белгілі бір қасиеттер
дарытады (мысалы, бояулар,желімдер,лактар және т.б.).
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа
ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына
(мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне
тәуелді болып келеді.
Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (шоттардың
Бас жоспарын қолдану нұсқаулығына сәйкес) мынадай топтарға жіктеледі:
• 1311 Шикізаттар мен материалдар шотында - субъектіге тиісті,
өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оның өндіруге қажетті
негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс
материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын
немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік
процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта
өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы
есептеледі.
• 1312 Басқа да өңдеуге берілген материалдар шоты басқа жаққа
өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін
материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген
материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар
есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады.
• 1313 Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталған
бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары шотында – сатып алынған
жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп
жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп
жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары мен детальдары
да бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау
бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық
негізін құрайды.
• 1314 Отын шоты – көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік
технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай,
дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар), электр қуатын өндіру
және ғимаратты жылытуға қажетті, қатты (көмір, торф, отын және
басқалар) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын
ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет пайдаланатын қайталама
материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысына есепке алуға
арналған.
• 1315 Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында – ыдыстардың барлық
түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік
және басқа) (шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланылатындардан басқасы),
содай-ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті
тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар, т.б.)
арналған материалдар мен тетіктер есептелінеді. Вагондарды,
биржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамассыз ету
мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар.
• 1316 Қосалқы бөлшектер шоты – жөндеу жұмыстарын жүргізуге,
машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін
ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған
немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы және айналымдағы
автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған.
Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың,
түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберханаларында,
техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас
қорларының қозғалысы назарға алынады.
• 1317 Құрылыс материалдары шотын субъект салушылар қолданады.
Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданатын материалдардың
құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың
конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс
конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін
(жарылғыш заттар және т.б) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар-
жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
• 1318 Басқа да материалдар шотында өндіріс қалдықтары (ағаш
кескінділері, қиындылар, жаңқа т.б) түзетілмейтін ақау, негізгі
құралдарды есептен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
2.1 ТМҚ түгендеу және оның нәтижесін
есепке алу
Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу – меншіктің
сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және
бухгалтерлік есепке алынуын қамтамассыз ететін бақылаудың бір тәсілі.
Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне
қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгендеу
комиссиясы тауарлы-материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды.
Түгендеу тізімі тауарлы-материалдық құндылықтардың (шикізаттың,
материалдардың, дайын өнімдердің және басқалардың) нақты қолда барын
көрсету үшін қолданылады.Түгендеу тізімін комиссия материалдық
құндылықтарды әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты
тұлғалары бойынша жүргізіледі.Түгендеу басталғаннан бұрын әрбір
материалдық жағынан жауапты адамнан қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ
бөлігінде көрсетілген.Тауарлы-материалдық құндылықтар түгендеу тізіміне
әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық нөмірі,түрі,тобы,артикулы,сорты
және саны көрсетіледі.Түгелдеу кезінде анықталған жарамсыз немесе
бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актлер
жасалады.Нысанның соңғы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдында
тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу кезінде қозғалысқа түскен
жағдайда құжаттардың соңғы нөмірлерін жазу үшін екі бос жол
қалдырылады.
Егер кем шыққан материалдар түгелдеу барысында табылса, онда оны
тізімге еңгізеді.
Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгелдеу тізімін
салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі.
Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу, әдетте, белгілі бір
қоймада, үй-жайында тұрса ғана жүргізіледі. Түгелдеу кезінде тауарлы-
материалдық құндылықтардың бір түрінен екінші түріне ретсіз ауысуға жол
берілмейді.Тауарлы-материалдық құндылықтар бір материалдық жауапты
адамда әртүрлі оқшауланған үй-жайда сақталған кезде түгендеуді сақтау
орны бойынша жүйелі түрде жүргізіледі.Құндылықтар есептеліп болған соң,
үй-жайға кіруге пломба қойылып, комиссия жұмыс істеу үшін келесі үй-
жайға ауысады.
Түгелдеу жұмыс комиссиясының төрағасы немесе оның тапсырмасы
бойынша комиссия мүшелері қойма меңгерушінің (қоймашының) және басқа да
материалдық жауапты адамдардың көзінше тауарлы-материалдық
құндылықтардың нақты бар-жоғын оларды міндетті түрде қайта есептеу,
қайта өлшеу арқылы тексереді.Тізімдерге материалдық жауапты адамдардың
сөзінен немесе олардың нақты бар-жоғын тексерместен есепке алу
деректері бойынша деректер еңгізуге жол берілмейді.
Түгелдеу кезінде түскен тауарлы-материалдық құндылықтарды
материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясы мүшелерінің көзінше
қабылдап алады және түгендеу аяталғаннан кейін түскенін тізімге
еңгізіп,кіріске алады.
Бұл материалдық құндылықтар Түгелдеу кезінде келіп түскен
тауарлы-материалдық құндылықтар деген атауы бар жеке тізімге
жазылады.Тізімде: олар қашан,кімнен түскені,кіріс құжаттарының күні мен
нөмірі, атауы,саны,бағасы мен сомасы көрсетіледі.
Түгелдеу ұзақ уақыт бойы жүргізілген кезде,ерекше жағдайларда
және кәсіпорын басшысы мен бухгалтердің жазбаша рұқсатымен ғана
түгендеу процесінде тауарлы-материалдық құндылықтарды материалды
жауапты тұлға түгендеу комиссиясының мүшелерінің көзінше босата
алады.бұл құндылықтар Түгелдеу кезінде босатылған тауарлы-материалдық
құндылықтар деген атпен жеке түгелдеу тізіміне енгізіледі.Түгелдеу
тізімі түгелдеу кезінде түскен тауарлы-материалдық құндылықтарға
арналған құжаттарға ұқсас рәсімделеді.Шығыс құжаттарында түгелдеу
комиссиясы төрағасының қолы қойылып,белгі соғылады.
Басқа кәсіпорындарға тиесілі,бірақ жауапты сақталуда тұрған
тауарлы-материалдық құндылықтарды да өз меншігіндегі тауарлы-
материалдық құндылықтар сияқты түгендеуден өткізеді.Жауапты сақтауға
қабылданған (өткізілген) тауарлы-материалдық құндылықтарға арнап
түгендеу тізімдемесін құрастырады да, бұндай құндылықтардың жауапты
сақталуына алынғандығын растайтын тиісті құжаттарға сілтеме жасалынады.
Жолда келе жатқан,тиелген,сатыпалушылар мерзімінде ақы төлемеген, басқа
кәсіпорындардың қоймаларында жатқан тауарлы-материалдық құндылықтарды
түгелдеу тиісті шоттардағы сомалардың негізділігін егжей-тегжейлі
тексеру арқылы жүргізіледі.Бұл шоттарда тауарлы-материалдық
құндылықтардың (жолдағы, тиелген тауарлар және басқаларының), тиісті
түрде рәсімделген құжаттармен расталған қалдықтары болуы мүмкін; жолда
келе жатқандары тиісті шоттармен,өнімді берушілердің төлем
тапсырмаларымен немесе оларды алмастыратын құжаттармен; тиелгендері-
сатып алушыларға ұсынылған шот-фактурасымен, ақы төлеу мерзімі
өткізілгендерді- банк мекемесінің міндетті растауымен; басқа ұйымдардың
қоймаларында жатқандары- түгелдеу күніне жақын күндердің аралығында
қайта сақтау туралы рәсімделген қолхаттарымен; бір қалада орналасқан
өнім берушілердің қоймаларында жатқандары-түгелдеу күніне қайта
рәсімделген сақтау қолхаттарымен расталады.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер үшін тиелген тауарлар,
орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін ұзақ уақыт бойы ақы
төлеуді кешіктіргенде мұндай кешіктірудің себебі анықталады, ол
түгелдеу комиссиясының хаттамасында жазылады.Келіп түскен тауарлы-
материалдық құндылықтардың кіріске тіркелмеу фактілері анықталған
кезде, оларды алған адамдардың түсініктемелері талап етілуге тиіс.
Жол үстіндегі тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеудің
нәтижелері Жол үстіндегі материалдар мен тауарларды түгендеу
актісімен рәсімделеді.
Жол үстіндегі тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу
актісінде әрбір жеке жөнелту бойынша мынадай деректер келтіріледі:
атауы(құжатқа сәйкес), саны мен құны(есепке алу деректеріне сәйкес),
тиеу күні сондай-ақ осы құндылықтардың тиісті шоттарда есепке алынуына
негіз болған құжаттардың тізбесі мен нөмірлері.Бұл ретте белгіленген
мерзімде келмеген және есепте жолда келе жатқан материалдар мен тауар
ретінде есепте тұрған жүктер бойынша оларды іздестіру үшін қандай
шаралар жүргізіліп жатқандығын тексеру керек.
Тиелген және сатып алушылар мерзімінде ақы төлемеген тауарлы-
материалдық құндылықтарға арналған түгелдеу тізімдерінде әрбір жеке
тиеу бойынша сатып алушының аты, тауарлы-материалдық құндылықтардың
атауы, тиеу күні, шот-фактурасының жазылған күні, нөмірі және шот-
фактура бойынша сомасы жүргізіледі.
Басқа кәсіпорындардың қоймаларында сақталатын тауарлы-материалдық
құндылықтар осы құндылықтарын сақтауға өткізілгендігін растайтын
құжаттардың негізінде түгендеу тізіміне еңгізіледі.Осы құндылықтарға
түгендеу тізімдерінде олардың атауы, саны,сорты,нақты құны(есепке алу
деректері бойынша), жүкті сақтауға қабылданған күні, сақтау орны,
құжаттардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Жауапты сақтауында осы
құндылықтар тұрған кәсіпорындардан түгендеу тізімдерінің көшірмелері
алынған кезде түгелдеу тізімдерінің көшірмелерін комиссия нақты бар
құндылықтарды(түгелдеу тізімдері көшірмелерінің деректері бойынша)
құжаттары бойынша белгіленген санымен салыстырады.
Басқа кәсіпорындарда қайта өңдеуге тұрған тауарлы-материалдық
құндылықтарға арналған тізімдерде өңдеуші кәсіпорынның
атауы,құндылықтардың атауы,саны,есепке алынған деректері бойынша нақты
құны, құндылықтардың қайта өңдеуге берілген күні, құжаттардың нөмірлері
мен күні көрсетіледі.
Ыдыстар тізімдемеге түрі,мақсаты мен сапасы бойынша
енгізіледі(жаңа,қолданыста болған,жөндеуді қажет ететін және т.с.с).
Тексеру алдында бос ыдыстар түрлері бойынша реттелуі тиіс: ағаштан
жасалған ыдыс, картон мен қағаздан жасалған ыдыс, шыны ыдысы, матадан
және мата емес материалдардан жасалған ыдыс. Жарамсыз болып қалған
ыдысты түгелдеу нәтижесінде жұмыс комиссиясы бүліну себептерін және
ыдыс үшін жаупты адамдарды көрсете отырып акт жасайды.
Түгелдеу нәтижелерін анықтау үшін бухгалтерия түгелдеу
тізімдерінің негізінде тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу
нәтижелерін салыстыру ведомостарын жасайды. Оларға тек ауытқушылығы
(келіспеушілігі) бар құндылықтар ғана еңгізіледі.
Ведомостарда тауарлы-материалдық құндылықтардың атауы мен олардың
сипаттамасы, түгелдеу нәтижелері(артығы мен жетіспеушілігі), есепке
алуды нақтылаудың есебінен(артығы, жетіспеушілігі) түзетілуі, қайта
сұрыпталуы, түпкілікті қалдықтарының кіріске тіркелуі, түпкілікті
жетіспеушілікті есептен шығаруы көрсетіледі. Тізімге бухгалтер қол
қояды; материалдық адам да түгелдеу нәтижелерімен келісетіндігін растау
үшін қолын қояды.
Түгелдеу нәтижелерін бухгалтерияда мынадай тәртіппен реттейді:
• артық қалдықтар мен жетіспеушіліктің өзара есебі Материалдар бөлімі
шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бейнелейді;
• артық болып шыққан құндылықтар кірістелуі тиіс және олардың пайда болу
себептері мен кінәлі тұлғалары ашылады; артылып қалған құндылықтардың
сомасына Материалдар бөлімшесінің шоттары (1300-1317) дебеттеліп,
Негізгі емес қызметтен алынған басқа табыстар, яғни 6280-шоты
кредиттеледі. Құндылықтардың жетіспеушілігі, зияны мен бүліну сомасына
2180 Басқа дебиторлық қарыздар шотының, Құндылықтардың бүлінуінен
болған жетіспеушіліктер мен зиян деген аралық шот дебеттеліп, 1310-шы
Материалдар ішкі бөлімінің шоттары(1310-1317) кредиттеледі;
• табиғи кемуінің салдарынан нормалардың шегінде материалдық
құндылықтардың жетіспеушіліктерін өндіріс қалдықтарына есептен
шығарылады: 2180 Басқа дебиторлық қарыздар шотының Құндылықтарының
бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян деген аралық шоты
кредиттеледі және 1340 Аяқталмаған өндіріс, 7210 Жалпы және
әкімшілік шығыстар, 7400 Басқа шығыстар шоттары және басқалары
дебеттеледі;
• кему нормаларынан тыс жетіспеушілік құндылықтардың бүлінуінен болуы
мүмкін зияндар сондай-ақ құндылықтардың ұрлануынан болуы мүмкін және
соған себепті болған тұлғалар табылмауы мүмкін, сондықтан оған жауапты
адамға қойылатын талап негізсіз болған жағдайда 2180 Басқа дебиторлық
қарыз шотының Құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен
зиян аралық шотының кредитінен, 7210 Жалпы және әкімшілік шығыстар
шотының дебетіне есептен шығарылады.
• Материалдық құндылықтарды ұрлау, олардың жетіспеушілігі, қасақана жою
немесе материалдарды бүлдіру кезінде шеккен зиян белгіленген тәртіп
бойынша айқындалады.
• Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруде: тауарлы-
материалдық қорларын бағалау үшін қабылданған есеп саясатын; тауарлы-
материалдық қорлардың жіктемесі бойынша баланстық құнын; егерде тауарлы-
материалдық қорлардың өзіндік құны “ЛИФО” әдісімен анықталатын болса,
онда олардың ең аз сомасымен және балансы бойынша арасындағы
айырмашылығын ашып көрсетеді.
• “ФИФО” әдісінің немесе орташа мен таза құнының нәтижесін, ТМҚ сатылған
өзіндік құнын; жыл соңындағы міндеттемелер үшін кепілдік ретінде
қойылған ТМҚ баланстық құнын т.б. осы сияқты мәліметтерін ашып
көрсетуге тура келеді.
2.2 ТМҚ құжатталуы
Бухгалтерлік есеп міндетті түрде құжатталуы тиіс. Құжаттардың
араласуы әрбір шаруашылық операция есепте көрсетілген және дәлелдік
күшке ие болады. Сондықтан да құжаттау рәсімі кәсіпорынның қызмет
нәтижесін дәлелдейтін әдістеменің ажырамас бөлігі болып табылады.
Құжатсыз бухгалтерлік есеп мүмкін емес, себебі бухгалтерлік есепте
жүргізілетін шаруашылық операцияларды растау үшін дәлелдеуші айғақтар
негізінде құжаттар болып табылады.Бұхгалтерлік құжаттардың негізгі
міндеттері шаруашылық операцияларын жазбаша түрде негіздеп,
бухгалтерлік жазулардың негізі мен көзі шаруашылық операциясына,
олардың тиімділігіне бақылау жүргізу.
Әрбір шаруашылық операциялардың өз ерекшеліктері болады, олар
құжатта көрсетіледі. Құжаттардың бірнеше түрлері болады:
Шот-фактура, накладной, сенім хат, чектар, кіріс және шығыс
кассалық ордерлері және т.б.
ЭЕМ қолданған жағдайда бухгалтерлік мәліметтерді бағдарламаның
базасына еңгіземіз және компьютерден қажетті ақпаратты аламыз.
Материалдық құндылықтар кәсіпорынға әдетте жеткізу шарты бойынша
келіп түседі. Онда жеткізілімнің саны, сомасы, ассортименті,
жиынтықтылығы,сапасы, есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін
қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.
Келіп түсетін материалдық құндылықтардың есептік құжаттары
жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:
1. Осы құжаттардың деректерін ассортиментке, материалдық құндылықтардың
санына, бағаға,тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына
сәйкестігін тексеруге;
2. Жеткізушінің есеп айрысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе
оларды төлеуден бас тартуға;
3. Есеп айрысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1-
нысанындағы журналында тіркеуге;
4. Есеп айрысу құжаттарын бухгалтерияға табыс етуге және материалдарды алу
және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттігі бар лауазымды
тұлғаларға өкім беруге міндетті.
Материалдарды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына
және өкілетті тұлғаға (сарапшыға, агентке) бухгалтерияда сенімхат (№2
немесе №2А-нысанды) беріледі.
№2А-нысанын материалдық құндылықтарды алуын нөмірленген және
тесіп байланған, берілген сенімхаттарды есепке алу журналында (№3-
нысаны) тіркейтін субъектілер қолданады.
№2-нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу
туралы деректер сенімхаттың түбіршегінде тіркелінеді және №3-
нысанындағы журнал жүргізілмейді.
Материалдық құндылықтардың келіп түсуі мыналармен ресімделеді:
• №4-нысанындағы кіріс ордерімен, субъектіге жеткізушілерден немесе
тысқары кәсіпорыннан өңдеуден келіп түскен қорларды есепке алу үшін
қолданылады. Кіріс ордерін материалды жауапты тұлға қорлар қоймаға
келіп түскен күні 2 дана етіп жасайды.
• №5-нысанындағы тауар-көлік жүкқұжатын жеткізуші материалдық құндылықтар
жеткізушінің қоймасынан автокөлікке орталықтанған түрде жеткізілген
жағдайда жазып береді. (4 дана)
Оның 1-сі жүкті жіберушіде қалады.
2-сі материалдық құндылықтарды кіріс ету үшін жүкті алушыға
беріледі.
3-сі жүкті тасымалдағаны үшін көлік ұйымына шот есебінде
беріледі.
• №7-нысанындағы Материалды қабылдау туралы акті жеткізушілердің жолдама
құжаттарының деректерімен салыстырғанда сандық және сапалық
айырмашылығы бар қорларды қабылдауды ресімдеу үшін қолданылады. Акт
сондай-ақ құжаттарсыз келіп түскен материалды қабылдаған кезде жасалады
Қабылдау комиссиясы материалды-жауапты тұлғаның және жеткізушінің
өкілінің немесе мүддесі жоқ ұйым өкілінің міндетті түрде қатысуымен
актіні 2 дана етіп жасайды. Материалдық құндылықтар қабылданғаннан
кейін актілер қоса берілген құжаттармен бірге былай бөлініп беріледі:
1-ші данасы бухгалтерияға, 2-ші данасы жабдықтау бөліміне немесе
жеткізушіге шағым түсіру үшін заң қызметіне береді.
• Әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде материалдық құндылықтардың
жетіспеушілігі мен ысырабы туралы акт (№7А-нысаны) жасалады. Олар
бойынша табиғи кему нормасы белгіленбеген, әзірлеу, сақтау және өндіру
процесінде тұрған материалдық қорлардың ысырабы анықталған жағдайда
қолданылады.
• Материалдық құндылықтардың табиғи кему нормасы шегіндегі ысырабы туралы
акт (№7Б) субъектінің қоймасына жеткізушілерден немесе тысқары
кәсіпорындардан өңделіп түскен қорларға нормалар белгіленіп, осы табиғи
кему нормасы шегіндегі анықталған қор ысырабын ресімдеу үшін
қолданылады. Акт №4-нысанындағы кіріс ордеріне қоса беріледі.
Материалдық құндылықтардың қоймаға қабылданғанын ресімдеген кезде акт 2
дана жасалады. Біреуі қоймаға, екіншісі бухгалтерияға беріледі.
• Жүкқұжатпен ресімделетіндер:
- материалдық құндылықтардың өңдеуден келіп түсуі;
- пайдаланылмаған материалдардың қоймаға қайтарылуы;
- табыстылықтан материалдардың келіп түсуі.
Материалдарды өндіріске босатқан кезде белгілі бір талаптар
сақталуы тиіс:
1. Өндірістің қажетті көлеміне белгіленген шығыс нормативтеріне сәйкес,
олар салмағы, көлемі, массасы бойынша жүргізіледі.
2. Босату, әдетте, алдын-ала белгіленген лимиттер шегінде жүзеге
асырылады. Лимиттеу ай басындағы және соңындағы пайдаланылмаған цех
қорларының өтімділігін ескеріп, цехтардың өндірістік бағдарламасының
көлеміне жұмсалатын материал шығыстарының прогрессивтік нормаларына
негізделу керек. Лимиттеуді жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі
жүзеге асырады.
3. Қоймадан материалдарды талап ету құқы берілетін адамдардың тізімі
бас бухгалтермен келісіледі, сондай-ақ олардың қоятын қолдарының
үлгілері алынады.
Шығыстар материалдық түрде былайша ресімделеді:
- №8-нысанындағы лимиттік-шектеу картасы өнімді әзірлеу кезінде жүйелі
түрде тұтынылатын қорларды босатуды ресімдеу үшін қолданылады. Лимиттік-
шектеу картасын жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдың
бір атауына 2 дана етіп жасалады. Оның біреуі – ай басталғанға дейін
қорды тұтынатын бөлімге, екіншісі қоймаға немесе цехтың сақтау орнына
беріледі. №8-нысаны материалдық құндылықтарды есептен шығаруға арналған
растаушы құжат болып табылады. Осы карта бойынша өндірісте
пайдаланылмаған қорлардың есебі жүргізіледі. Бұл орайда ешқандай
қосымша құжаттар жасалмайды.
Қорларды шектен тыс босатуға және басқасына алмастыруға тек
субъект басшысының өкімі бойынша рұқсат етіледі.
Лимит пайдаланып болғаннан кейін лимиттік-шектеу карталары
бухгалтерияға өткізіледі;
- материалдарды алмастыруға арналған №10-нысанындағы акт-талап қорлардың
белгіленген шектен тыс мөлшерде босатылуын есепке алуға арналған. Олар
алмастырылған кезде қорларды қоймадан есептен шығаруға негіз болып
табылады. Екі данада жасалып, біреуі – алушыға, екіншісі қоймаға
беріледі;
- материалдарды босатуға арналған №15А-нысанындағы жүкқұжат – талап
қорлардың субъект ішіндегі қозғалысын және өз кәсіпорынның басқа
аумақтарда орналасқан шаруашылықтарына, сондай-ақ өзге ұйымдарға
босатылуын есепке алу үшін қолданылады;
- материалдардың бүлінуі, сынуы, сынығы туралы №7В-нысанындағы акт
кәсіпорындағы бүлінудің, сынудың нәтижесінде бағасы кемуге немесе
есептен шығаруға тиісті қорларды есепке алу үшін пайдаланылады. Бүліну
туралы актіге комиссия қол қояды. Бір данасы бухгалтерияға жіберіледі,
өйткені қорлар ысырабын материалды-жауапты тұлғадан есептен шығаруға
негіздеме болып табылады, екінші данасы бөлімшеге жіберіледі;
- машина құрылысы кәсіпорындарының әзірлеу цехтарында, тоқыма, аяқ киім
және өнеркәсіптің басқа салаларында пайдаланылатын қаптама карталары.
Қаптама карталарында көрсетілетіндер:
- қойманың нөмірі;
- атауы;
- номенклатуралық нөмірі;
- саны;
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz