Экологиялық фактор туризм дамуына кері әсер ететін факторларының біреуі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК.РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
1.1 Географиялық орны және жер бедері
1.2 Климаты және ішкі сулары
1.3 Флора мен фауна
1.4 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар
1.5 Туризм дамуына әсер ететін факторлар
1.5.1 Позитивті факторлар
1.5.2 Негативті факторлар
2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР ТУРИЗМ ДАМУЫНА КЕРІ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРЕУІ
2.1 Семей аймағы полигоны
2.2 Туризм дамуына әсер ететін экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері
3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Экологиялық мәселелерді шешудің үкімет шаралары ... ... .
3.2 Болашағы бар туризмнің түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .

РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: “Шығыс Қазақстан аймағында туризм дамуына кері әсер
ететін факторлар (экология факторының мысылында).
Жұмыста көптеген ғылыми әдебиеттер мен статистикалық материалдар
пайдалану арқылы жазылды.
Зерттеу субъектісі – Шығыс Қазақстан аймағының қоршаған ортасынаәсер
ететін пазитивті және неготивті факторлар.
Түйінді сөздер: туризм, экология, табиғи объектілер, тарихи-мәдени
объектілер, радиация, полигон.
Жұмыстың негізгі мақсаты: : Шығыс Қазақстан облысындағы неготифті және
пазитифті факторларды бөліп алып, осы факторлардың қазіргі кездегі облыс
туризіміне әсер етуін зерттеу.
Бакалаврлық бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмысытың жалпы көлемі беттен, 3 сызба нұсқадан
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ТУРИЗМ
ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Географиялық орны және жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Климаты және ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Флора мен фауна ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар ... ... ... ... ... ...
1.5 Туризм дамуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ...
1.5.1 Позитивті факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5.2 Негативті факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР ТУРИЗМ ДАМУЫНА КЕРІ
ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРЕУІ ... ... ... ... ... ...
1. Семей аймағы полигоны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Туризм дамуына әсер ететін экологиялық қауіпсіздіктің
экономикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Шығыс Қазақстан облысының территориясы өзінің бай табиғи, тарихи-
мәдени объектілерімен ерекшеленеді. Табиғатты қорғау, адам болашағы.
Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының аймағындағы Семей полигоны мен
Алтай тауындағы металлургия өнеркәсібінің экологиялық жағдайы, тек қана
туристік объектілерге ғана емес, сонымен қатар аналадағы қоршаған ортаға
қауіп төндіріп отыр.
Жұмыстың басты мақсаты: Шығыс Қазақстан облысындағы неготифті және

Жұмыстың міндеті: Шығыс Қазақстан облысындағы қазіргі экологиялық
факторына баға беріп, болашақта туризмді жоғарғы деңгейге жеткізу үшін, осы
облыстағы экологиялық жағдайдың мәселесін шешу керек.Ол үшін, бірінші
экологияға бөлінетін қаржы мәселесін шешіп алу қажет.
Сонымен, бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған Семей полигоны мен
салыстырма ретінде Невада штатындағы полигонды алып қарастырдық.
Мәселен Семей полигонын алып қарайтын болсақ, АҚШ-та Невада штатында
ядролық жарылыстан зардап шеккен халыққа жылына тұрақты түрде 1 миллиард
доллар бөлінетін болса, ал біздің палигон аймағындағы халыққа биыл 6
миллион теңге ғана бөлінген. Бұл қаражат алдыңғы жылдар мен салыстырғанда
әлде қайда жоғары.
Батыс Алтай тауының табиғаты келген қонақтарға өте жақсы әсер
қалдырады. Бұл аймақта табиғи қалпында сақталған Катонқарағай ұлттық
саябағы, суының тазалығы жағынан дүние жүзінде бірең сараң көлдердің
қатарына қосылатын Марқакөл көлі және шипалы емдік суымен әйгілі Рахман
бұлағы орналасқан. Ал, облыстың оңтүстік аймағында жағалауында емдік
қасиеті бар батпақ пен суы тұзды Алакөл көлі орналасқан. Жалпы Алакөл
минералды сулары деректеріне сүйенсек, ертерекке кетеді. Соның бірі Барлық
аңғарында Арасан-Тау тау етегінде теңіз деңгейінен 579 м биіктікте, Алакөл
көлінен 24 шақырымда орналасқан Барлық-Арасан емдік сауықтыру орны. Бұл
аталған объектілерден басқада көптеген табиғи, тарихи- мәдени объектілер
жеткілікті.
Бұл аймақтан бұрынғы кездегі атақты адамдар саяхат жасап өткен.
Келесі тарауларда, бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың мәселесін шешу
үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілген. Жұмыстың
қандай дәрежеде жүргізіліп жатқаны, нақты сандар көрсетіліп анықталған.
Болашақта Шығыс Қазақстан облысының аймағында бірнеше туризм түрлерін
дамытуға болады. Мысалы, Катонқарағай ұлттық саябағында қазіргі кезде
бірнеше экологиялық маршрут келген қонақтарға қызмет көрсетеді. Соңғы
тарауда болашағы бар туризм түрлері аталып көрсетілген. Аталған туризм
түрлерін дамыту үшін, әрине, мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі қажет.
Жалпы Шығыс Қазақстан аймағының экологиялық жағдайын түзеу, тек қана
осы облыстың немесе жалпы қазақстан қоршаған ортасына қажет емес, бұл дүние
жүзінің қоршаған ортасына қажет.
Ата-бабамыз бізге табиғатты бұзылмаған қалпында жеткізсе, біз болашақ
ұрпағымызға экологиясы таза қоршаған ортаны аманат етуіміз керек. Табиғатты
қорғап сақтау, адам болашағын сақтау.
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИАЛЫҚ
РЕСУТСТАРЫНА СИПАТАМА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕР
ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
1.1 Географиялық орны және жер бедері
Шығыс Қазақстан облысы көлемі бойынша ең кіші аудан. Қазақстан
территориясының 10% үлесін ғана алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы 1932
жылы қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша 1997
жылдың 3 мамырында Семей облысының территориясы біріктірілді.
Шығыс Қазақстан облысының ауданы 277 мың км.2 алып жатыр. Халқы –
1442 мың адам, орташа тығыздығы еліміз бойынша шамалы төмен, халқының
тығыздығы 1 шаршы километрге 5,1 адамнан келеді1.
Шығыс Қазақстан облысының жаңа шекарасы бойынша үстінгі Ертіс
бассейнінде орналасқан, ол облысты оң жағалауға және сол жағалауға бөлді.
Қазіргі кезде оның ауданы 283,3 мың км2. Солтүстіктен оңтүстікке 30 яғни
480-ден 510 с.е. және батыстан шығысқа 100- қа жуық яғни 770-ден 870
ш.б. созылып жатыр. Облыстың қиыр солтүстік нүктесінің координаты 51004,
оңтүстігі 45050 с.е., батысы 76050 , шығысы 87020 ш.б. Бұл территорияға
мынадай Еуропаның 3 мемлекеті еркін сияр еді: Болгария (111 мың км.2),
Греция (132 мың км.2) және Албания (29 мың км.2).
Шығыс Қазақстанның географиялық орны өте қолайлы. Ол Алтай тауы және
Сарыарқаның шығыс бөлігін қамти орырып Ертістің жоғарғы алабында
орналасқан. Оның аумағына төбелі жазықтар мен аласа таулар, биік таулар
және ірі тауаралық, қазаншұңқырлар мен аңғарлар енеді.
Шығыс Қазақстанның көп бөлігін Сарыарқаның шығыс жағы алып жатыр. Ұсақ
шоқылы таулар тар, көбінесе шатқал тәрізді болып келетін өзен аңғарлары
тілімденіп, өте әдемі түрге ие болған. Көптеген тау төбелер мен жартастар
айрықша таңғажайып пішіндерімен көзтартады. Оңтүстік бөлігін Шығыс тауы
1305м биіктікте, оңтүстік-шығысында Тарбағатай жотасы, солтүстік-шығысында
Колба жотасы, биіктігі 1600м, Солтүстігін Ертіс маңы жазығы, оңтүстігін
Алакөлдің және Сасықкөлдің қазан шұңқырлары алып жатыр.
Ауданның оңтүстігі мен шығысы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бойымен
созылып Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтайдың биік тау жоталарына
барып тіреледі. Шыңдарының көпшілігі мәңгі қар мен мұздықтар жамылған.
Алтайдың ең биік шыңы-Ақсүмбе. Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзені аңғарында
жылына 1500мм жауын-шашын түседі. Бұл еліміздің ең жоғарғы көрсеткіші.
Таулардан бастау алған көптеген өзендер мен тау етегіндегі құнарлы жазықтар
мен ірі тауаралық қазаншұнқырларды суландырады.
Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры-Ертіс. Аудан аумағындағы ірі
көлдер Зайсан, Алакөл, Марқакөл. Зайсан көлінде Бұқтырма ГЭС-ң салынуына
байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.
Шығыс Қазақстан Ертістің оң жағын Кенді және Оңтүстік Алтайдың жоталары
таулы үстірттері, тау аралық қазан шұңқырлар алып жатыр. Ең биік жер,
облыстың солтүстік-шығысындағы “Мұзтау шыңы” Оның биіктігі 4506м.
Оңтүстік Алтайдың Нарын, Самырсақты, Тарбағатай, Күршім, Оңтүстік
Алтай, Азутау сияқты жоталары 3000 метрден асады. Алтай тауының ұзындығы
батыстан-шығысқа қарай 2000 км созылып жатыр. Оңтүстігіндегі табиғи
шекарасы қара Ертіс өзенімен Зайсан, батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс
Сібірден Гоби жазығына дейін,ал батыс бөлігі Сарыарқаның Колба жотасы
арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Азияның Шапшалы жотасы батыс
Саянмен жалғасады.
Алтай тауы, солтүстік батысында Батыс Сібір жазығынан,
оңтүстікшығысында Гоби шөліне дейін аралықта жатқан ірі тау жүйесі. Алтай
таулыөлкесінің Қазақстанға оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Алтай тауы
туркі, монғол тілдерінде "алтан" - "алтын" деген мағынаны білдіреді. Алтай
тауын Оңтүстік Атай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай және Қалба деп үшке
бөлуге болады. Ең биік шыңы Мұзтау 4506м.
Қытай Халық Республикасындағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөлдің
қазаншұңқырын қосып жатқан аңғарлық ойыс, табиғи өткел бар, оны Жоңғар
қақпасы дейді. Жоңғар қақпасының абсолюттік биіктігі 300-400 м, ені 10 км
шамасында. Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды Батыс Қытаймен жалғастыратын
"Достық" темір жолы салынып, пайдалануға берілді. Таудың солтүстік беткейі
көлбеу, кей жерлерінде беткейлердің төбесі тегіс, сатылы болып келеді. Ең
биік жері - Бесбақан шыңы 4463м. Солтүстік жотаның тау құрамында Тастау,
Сарқантау, Тасқантау, Мыңшұңқыр жоталары бар.
Жоңғар Алатауы палеозой эрасында пайда болған гнейс, кристалды
тақтатас, құмтас, мәрмәр жыныстарынан, биік жерлері каледон граниттерінен
түзілген. Кей жерлерінде корбон, перм дәуірі жыныстары мен кайнозой дәуірі
шөгінділері де кездеседі. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас
көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары бар.
Оңтүстік беткейінде қоңыр және қара топырақ кездеседі. Онда шөлейт және
дала өсімдіктері аралас өседі. Солтүстік беткейінде 600-1400м биіктік
аралығында дала, одан жоғары 2200м-ге дейін аралас орман, 2400-ден жоғары
субальпілік және альпілік өсімдіктер тараған. Одан жоғары мәңгі қар мен
мұздықтар жатыр1.
Жер бедері мен климатының, топырақ - өсімдік зоналарының барынша алуан
түрлілігі бұл ауданның табиғатына ерекшк, қайталанбас әсемдік береді. Кең
алқапты жерледің табиғи климаттық жағдайлары сияқы, топырақ жамылғысы да әр
түрлі. Ол таулы жерлер топырағы, таулы жазықтар, биік таулы және ұсақ
шоқылы және толқынды жазықты болып келеді. Атмосферадын түсетін ылғал
мөлшері өте айнымалы. Обылыс терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті
ылғалданған орманды – дала зонашасы алып жатыр, негізінен, шайылған
орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ кездеседі. Бұл зонашадан
оңтүстікке қарай байтақ қара топырақы дала зонашасы жатыр. Бұл суарылмайтын
егістік аймаққа жатады. Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде құрғақ
және шөлді далалы қара – қоңыр топырақты зона жатыр, оның терістігінде,
яғни көңгірт қара-қоңыр топырақты зонашада суарылмайты жаздық бидай
егіледі.
Шөлді дала зонаша солтүстігінде құрғақ далалы аймақ пен оңтүстүгінде
шөлді аймақтың аралығындыа жатыр. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның
құрамындағы қарашірік аз, ашық қара – қоңығ болып келеді, топырақтың көбісі
кебірленген. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып
саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақытта жақсы. Құрғақшылық жиі
байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп тұрақты
өнім алу тек суамалы жағдайда мүмкін. Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін
кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Өсімдік
сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз.
Мұнда сор шөпі жусан өсетін құба топырақтар. Топырақ құнарлылығы аз
болғандықтан суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды
қолдану керек.3
Енді таулы алқаптың топырағына келетін болсақ, онда белдеулік заналар
кездеседі.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық
территориясындағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалданудың
орташа мөлшері 250 – 360 мм. Бұл аймақтың топырағының түсі негізінен
сұрғылт түсті. Оның өзі тау етегінде жатқан аймақтардың таулы алқаптан
қаншалықты қашықтығына, оған сәйкес түсетін ылғал мөлшеріне байланыты.
Топырақ түсі де өзгеріп, біршеше зонашаға бөледі. Таудан алыс жерлерде
топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұрғыл
түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті және ашық
қара – қоңыр топырақтар зонашасы кездеседі. Тау етегі шөлді – дала
зонасынан биігірек алқапта аласа таулы – дала зонасы басталады. Бұл аймақта
таулардың топырақ климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін
ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Ылғал жақсы түсетіндіктен шөп жақсы
өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен қара-қоңыр топырақ пен қара
топырақ. Жайылымыда жақсы. Аймақ таулы жыралы болғандықтан, жаппай
егістікке қолайсыз, сондықтан көп жері табиғи мал жайылымы, шабындық
ретінже де пайдаланылады. Бұл аймақта суарылатын және суарылмайтын жеміс
ағаштары, бұталар өседі. Орташа таулардағы шалғынды орман зонасы аласа
таулы зонасынан жоғары жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850
– 900 мм. Топырағы – құнарлы, қара топырақ пен күңгірт қара түсті. Жер
негізінен жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы3.
Биік таулы – шалғынды және шалғынды дала зона биік таулы аймақтарды
алып жатыр. Топырақтары – биік таулы альпілік және субальпілік шалңынды
және шалғынды далалы топырақтар. Алтайдың таулы аймағында таулы тундра
топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе уақ малдың жазғы
жайлауы ретінде пайдаланылады.
1.2 Климаты
Шығыс Қазақстан обылысының көп бөлігін тау алып жатқандықтан
Монголиядан келетін суық ішке ене алмайды. Ең басты өзендері мен көлдері:
Ертіс, Марқакөл, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Таулы бөлігінде шағын тұщы су
көлдері көп кездеседі. Ертіс өзенінде Бұқтарма бөгені салынған. Нарын мен
Бұқтарманың тау беткейлерінен басталатын салаларының энергетика маңызы
зор. Тау бөктерінде бұлақтар да көп. Бұл аудан суға өте бай.
Шығыс Қазақстан өзендері өте тығыз орналасқан. Таулары өте қатты
тілімденген. Таулы өзендер 70 астам, ал сарқырамалар 3500-дей үлкенді,
кішілі көлдер бар. Суы тущы минералды 0,07 процент құрамында иод, фтор,
бром тағы басқалары бар. Балыққа өте бай (сазан, табан, хариус, майқан,
қара балық) түрлері кездеседі. Өзеннің бастауында андатра кездеседі.
Территориясының оңтүстік-шығысынан, солтүстік-батысына қарай
Қазақстанның аса ірі су магистралы және энергияның қуатты көзі – Ертіс
өзені ағып өтеді. Ертіс арқылы өтетін Семей-Барнаул жолы еліміздің батыс
және шығыс-сібір, оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия республикасына шығуға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Алтай тауының климаты тым континентті. Оңтүстік-шығысқа
қарай континенттігі арта түеді. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің
климаты ылғалдылау келеді. Батысындағы Ертістің оң салалары-Қалжыр, Күршім,
Бұқтарма, Үлбі, Уба өзендерінің суы мол, ағыны қатты келеді.
58,4млд кв.т Үлкен көлі Марқакөл тұщы Зайсан көліне Бұқтарма СЭСі
салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналған. Жауын-шашынның жылдық мөлшері
солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 155 мм дейін түседі. Вегетациялық кезең
солтүстігінде 169, оңтүстігінде 198 күнге созылады.
Алтай тауына батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдер ылғал алып
келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын
жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Үлбі
өзені бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауады. Тау
етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30
см, ал тауға биіктеген сайын 2 м дейін қалыңдайды.
Алтайдың Шығыс жеріндегі бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс
және оның салалары: Бұқтарма, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық және қар
суымен, жер асты, жауын-шашын суымен қорланады. Өзендерінің суы мол, ағысы
қатты. Қара Ертіс өз бастауын Монғолия жерінен алады да, Алтай тауын қақ
жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен біртіндеп жазық жерде
ағатын Ертіске айналады. Ертіс өзенінің жылдық су ағыны Бұқтарма, Өскемен
су қоймалары арқылы реттеліп тұрады. Бұқтарма, Өскемен су қоймаларына
бірнеше су электр станциялары салынған.
Алтай өзендері Шығыстың су энергетикалық ресурстарының көбін құрайды.
Алтай көлге де бай. Ең ірілері – Зайсан, Марқакөл көлдері. Марқакөл тау
ішінде-абсолюттік биіктігі 1450 м жерде орналасқан. Суы тұзды. Оның өзіндік
қайталанбас әсем табиғаты мен табиғи байлығын қорғау үшін қорық
ұйымдастырылған. Зайсан көлінің табиғи жағдайы Бұқтарма су қоймасын салуына
байланысты көп өзгерді. Казір Бұқтармамен жалғасып жатыр. Алтай тауының
табиғаты әсем, көрікті, адамдардың дем алып, денсаулығын түзейтін сауықтыру
орындары көп. Солардың бірі Рахман бұлағы, одан радионды шипалы су шығады.
Зайсан көлі Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының аралығындағы
қазаншұңқырда орналасқан. Бұл-ағынды, суы тұщы көл. Зайсанға бірнеше өзен
келіп құяды да одан Ертіс өзені ағып шығады. Көлдің беті қыста қатады, ал
жазда судың температурасы +26° дейін жылиды. Судың деңгейі жаздың алғашқы
жартысында көтеріледі. Зайсан кәсіпшілік маңызы бар балыққа бай. Онда
балықтың 23 түрі кездеседі. Өзен көлігін дамытуға қолайлы. Су тышқаны
жерсіндірілген.
Бұқтырма өзені-Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың
мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма жағалауы жартасты, арнасы
шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма
өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су
деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін
кезі қыс айлары. Өзен ағаш ағызуға қолайлы әрі электр энергиясын өндірудің
тиімді көзі болып табылады.
Бұқтарма өзеннің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір
бұрлысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының
биіктігі 200 м-ге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді.
Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі.
Ертіс-Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы
тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние
жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан
жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс өзені Зайсан көлі мен Бұқтырма
бөгетінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен
тау шатқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп құяды.
Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері
келіп қосылады. Бүл өзен ағысының жылдамдығын арттырады. Ал, Семей
қаласының маңында жазықтыққа шыққаннан кейін өзен баяу және жай ағады.
Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір
салалары жер асты суы мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің
суы жыл бойы мол болады. Ертіс өзені арзан электр энергиясын өндіруге
пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен
және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары
пайдаланады7.
Ертісте балықтың кәсіптік маңызы бар шоқыр, бекіре, шортан, алабұға,
тағы басқа түрі ауланады. Ертіс өзені еліміздегі ең ірі өзендердің бірі
болып саналады. Оған республика жерінен тыс ірі екі сала келіп құяды.
4 Флора мен фауна
Шығыс Қазақстанның өсімдік топырағы барынша алуан түрлі. Мүнда тік
белдеудегі ланшафт жүйесі қалыптасқан. Солтүстік және батыс тау етектерінің
400-700 м биіктігінде шалғынды әртүрлі өсімдіктер мен астық тұқымдасты
дала, ал 1200-1700 м биіктіктігінде жусанды бетегелі дала қалыптасқан. Бұл
таулы және далалы белдеуінде қара және қара қоңыр топырақ қалыптасқан.
Таулы орман белдеуелдің 70 процентін алып жатыр. Мүнда жалпақ жапырақты
орман өседі. Орталық және Оңтүстік ауданда 2200-2500 м биікте қылқанды
орман өседі. Бұл жерді самырсынды, бал қарағайлы ағаштар өседі. Одан жоғары
биік таулы альпілік белдеуде субальпілік бұталар мен шалғындар өседі.
Сонымен қатар мұнда таулы тундра, одан жоғары жағында жартастар, тас
қорымдар, қар алаңдары мен мұздықтар алып жатыр. Тау беткейлерінен қара
топырақ, одан жоғары ашық күлгін топырақ тараған. 700 м жоғары астық
тұқымдас шалғын шөптер мен қылқан жапырақты ормандар басталады. Осыдан әрі
самырсын, шырша, майқарағай аралас орман. Субальпілік және альпілік
шалғындар көбінесе жануарлар дүниесінен таулы аудандарға тән түрлері
тараған. Өсімдіктердің ішіндегі ең маңызды дәрілік шөптер: итмұрын, ситрус,
қайың, емен тағы басқа шөптер. Сонымен қатар дәрілік шөптердің жемістері
қарақат, қызылқат, долана, дала жидегі кездеседі. Орманды алқаптың 1638,9
мың га осы өңірде. Бұл аймақ еліміздегі орман алқабына бай аймақ. Сонымен
мәңгі жасыл жапырақты өсімдіктің сан мың түрі осында.
Көп облыстың топырағы өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән.
Солтүстік-батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті қалалық өсімдік
өседі. Оңтүстікке қарай Ертістің солтүстік жағындағы қара топырақ бозды
бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы боз қоңыр топырақты жусанды бетегелі,
сүр топырақта жусанды өсімдіктер өседі.Таулық өлкелердің ең төмен белдеуін
таулық далана, одан жоғарырақ қайың, көктерек, майқарағай, шырша биіктегі
беткейлерде субальпілік және альпі шалғындары өседі. Алтайда шөлейтке тән,
орманға және биік тауларға тән жануарлар кездеседі. Жазда мекен
ететіндерден тырна, сарыала қаз, үйрек, аққу.
Үлкен өзендерінде бекіре, тайман, алабұға, ал кішігірім өзендерінде
хариус кездеседі.
Алтайдың тау орманының күлгін топырағында майқарағай, қарағай, самырсын
өседі. Тоғайларында итмұрын, қарақат; тауаралық алаңдарында күлгінді,
кәдімгі тарғақ шөп, қоңырбас шөп шығады. Оңтүстік Алтайдың қоңыр күлгін
топырағында балқарағай жайқалады. Биік таудығы альпі шалғындығында
шегіргүл, жидек сарғалдақ, атқонақ өседі. Алтайда қоңыр аю, марал,
солтүстік бұғысы, таутеке, қар барысы; құстардан саңырау құр, шіл,
тоқылдақ, тоқылдақ және тағы басқалары мекендейді. Терісі бағалы кәсіптік
маңызы бар аңдардан бұлғын, ақкіс, қара күзен, сібір күзені тіршілік етеді.
Су тышқаны, жанат тәрізді ит, америка күзені Алтайға жерсіндірілген8.
1.4 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар
Салыстырмалы түрде ғылыми-техникалық процесс қоршаған ортаны бұзып,
ластаған сайын қорықтар мен табиғи саябақтар маңызы арта түсуде. Туризм
индустриясын құрудағы басты мәселелердің бірі, туристік қызығушылықты
арттыратын ұлттық саябақтар торын ұйымдастыру. Оның мақсаты - бұл
территориялардағы табиғатты қорғау, бұзылған ландшафты қалпына келтіру және
нәтижесінде бұл территорияларды табыс табу көзі болатын, ұйымдастырылған
кіру территориясына айналдыру.
1998 жылы республикада 887 мың га жерді алып жатқан 9 қорық, 580 мың га
көлемдегі 4 табиғи ұлттық саябақтар еспке алынған. Ал, қазақстандағы
ерекше қорғаудағы территориялар саны ел территотиясының 0,5 пайызын
құрайды. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда әрине, аз.
Аталған ерекше табиғи территориялардың ішіне Шығыс Қазақстан обылсының
еншісіне кіретіндері мыналар: қорықтар - Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл;
ұлттық парктер - Катон-Қарағай; мемлекеттік табиғи резерв - Семей орманы;
қорықшалар - Төменгі Тургусински, Тарбағатай, Қаратан құмы, Алет, Солдат
шатқалы, Үржар және тағы басқалары.
Айта кететін жайт, 9 қорықтың бірі - екі реликті шағала және "Тоқты"
қорықшалары базасы негізінде 1998 жылы Алакөл қорығы ұйымдастырылды.
Бұғанға дейінгі аумағы 12,5 мың га болатын "Тоқты" және алма ағаштарынан
тұратын 32 мың га "Лепсі" қорықшалары болған11.
Алакөл табиғи қорығы - 1998 жылы 21сәуірде Алматы және Шығыс Қазақстан
обылыстары территориясында (Үржар ауданы) 20 мың га жерде орын алған.
Бүгінгі күні жұмыс атқарып отырған 10 қорықтың ең кішісі. Барлық қорық
көлемі сегіз аймаққа бөлінген. Қорық территориясында 270 өсімдік түрі
есептелген. Алакөл көлінде 156 балдыр түрі болса, жануарлар әлемінің 290
түрі бар: 315 құс, 21 сүтқоректілер - жәндіктер, жыртқыштар, кеміргіштер
кездеседі. Осылардың ішінде сүткоректілердің түрлері кең тарған.
Қорықтың ашылу мақсаты - Тентек өзені суайрығын және Алакөл көлі
аралдары - Үлкен, Орта және Тастыны қорғау болды. Осы территориядағы сулы-
сазды кешенді, ұя салатын және көптеген сирек кездесетін Қазақстан Қызыл
кітабына енген құстарды қорғау.
Табиғи әдемілігі бұл жерде сирек, қайталанбас флора мен фаунаға бай.
Алакөл қорығын шөлді және далалы қоңыр-күлгін, қарашірік топырақ
жамылғысымен жапқан. Мынандай үсімдіктер түрлері кездеседі: жусан, көлдер
жағалауы мен өзендер қуыстарында - тоғай ормандары, өскен қамыстар, дала
жусаны, жүзгін және тағы басқалары көптеп кездеседі.
Жануарлар әлемінен: қасқыр, түлкі, қоян, шошқа, ондатр, қоңыр аю,
борсық, арқар, тауешкі, марал - 12 түрден астам кездеседі. Көлде сазанның
16 түрі, көлдік және өзендік маринка, корось және тағы басқа балық түрлері
кездеседі12.
Қорықтың негізгі территориясына 2003 жылы сәуір мамыр айларында барлық
ірі суайрық көлдерінде қайық-байдаркалар кедлергісіз жүзу үшін каналдарды
тазарту жұмысы жүргізілген. 2004 жылы қорық қызметкерлері Алакөл
қазаншұңқыры құстар фаунасы құрамын анықтап, оның толық ұялайтын, ұшып
келетін және кететін құстар тізімін құрды.
Алакөл қорығынан кем түспейтін Шығыс Қазақстан обылысында Марқакөл
қорығы орналасқан.
Марқакөл қорығы - республикамыздағы құрылған алтыншы мемлекеттік қорық.
1976 жылы 4 - тамызда Қазақ ССР Министрлер Советінің осы қорықты
ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Бұл шешімді өз елінің сұлу табиғатын
қорғауды сүйетін бүкіл жұртшылық қуанышпен қарсы алды.Қуаныш негізсіз емес
еді.
Үстіміздегі ғасырдың басында Марқакөлдің атағы жер жарған. Онда балық
қоры мол болғандықтан оны сатып алушы саудагерлер еліміздің түпкір-
түпкірінен келіп жататын. Балықшылар сүзекімен тәулігіне 400 пұтқа дейін
балық аулайтын. Көктемде балықтар уылдырық шашуға өзендер арналарына шығар
уақытта да сол маңға балықшылар ау мен сүзектерді құрып, балықты көптеп
ұстайтын. Марқакөлде 700-дей балықшылар кәсіп жасапты. Міне, осылайша көл
балығын есепсіз аулау оның қорын кейінен мүлдем азайтып жіберді. "Бір
уақытта уылдырық шашуға балықтар өзендер бойына ағылғанда, олардың
көптігінен судан ат өткенде, жанталасқан балықтар ат аяғына соғып
жүргізбейтін" деп еске алады жергілікті ақсақалдар. Ал, бүгінде оны байқау
тіпті қиынға соғады. Сонымен бірге көл төңірегіндегі тау беткейлерінен
орман ағаштарын жаппай кесу етек алғандықтан, тау жоталары ашылып, "сидиып"
қалды. Бұрын тіршілік еткен өзен кәмшаты мүлде жойылып кетсе, көл маңынан
бұлғын, марал, тиін және суырды көру сирек кездесетін жағдайдға айналды8.
Маракөл төңірегідегі табиғи ресурстардың осылай азая түсуі обылыс
жұртшылығын барынша ойландырды. Олар бұл көл мен оның айналасындағы табиғи
байлықтарын қорғау керектігін талап етті. Осыдан келіп бұл өңірде 1947 жылы
жасыл желек жамылған орман алқабын қорғайтын орман шаруашлығы құрылды. Ал,
1970 жылы көл жағалауын қорғау аймағы пайда болды. Тау беткейіндегі 36.8
мың гектар орман алұ-қабы бірінші топқа көшірілді. Көлде балық аулауға
тыйым салынды. Табиғ әсем көл маңы жанданып, бл жерге жыл сайын көптеген
туристет мен демалушылар келетін болды. Бірақ, бұл шаралар Марқакөл
аймағының байлығын қалпына келтіріп, сақтау үшін жеткіліксіз еді.
Сондықтанда бүгінгі күн талабы онда қорық ұйымдастыру қажет екендігн қойды.
Марқакөлдің болашағы үшін бұл шараның үлкен маңызы бар екендігі жете
түсінген жергілікті өкімет органдары республика өкімет алдына қажет мәселе
қойды. Сөйтіп, респуликамызда жаңа қорық – Марқакөл мемлекеттік қорығы
дүниеге келді.
Бұл қорықты ұйымдастырудары негізгі мақсат - сирек кездесетін бағалы
аңдар мен құсарды және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын
қорғап, сонымен бірге жанға сая болаты орманын, ақ шабағы шоршыған айдын-
көлі мен өткел беремейтін асау өзендерінің сүлу да әсем табиғатын табиғи
қалпында сақтау.
Таңертеңгілік көлге көз салңан кісі оның сұлулығына таңданбай қоймайды.
Жұртқа мәлім, Марқакөл – Алтайдағы Қүршім мен Азу жоталарының аралығындағы
терең ойпатта шалқып жатқан үлкен айдынды көл. Ол теңіз дегейінен 1485 м
биіктікте орналасқан. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, ал солтүстігі
аласа, жалпақтау болып келеді. Оның суының тұщылығына дүние жүзінде тең
келетін көл сирек. Ұзындығы 38, ені – 19 км-ге созылған, оған
төңірегіндегі таулардан үлкенді-кішілі 28 өзен құйса, одан тек бір ғана
Қалжыр өзені ағып шығады. Көлдің тереңдігі – 24 м. Басқа көлдердің
жағасында өсетін қамыс, құрақ және сары тұңғиық, су лалагүлін мұнда көре
алмайсың. Бірақ, көлдің және оның түбінде хайуанат пен өсімдік
организмдерінің 160-тан астам әр түрлі пішіндері тіршілік етеді. Көлде
жүзген балықтардың негізгі төрт түрін атап өтуге болады. Солардың бірі -
албырттар тұқымына жататын майқын немесе қаяз балығы. Дене тұрқы 46-70 см
шоғырланбай, бытырап жүріптіршілік ететін балықтар. Мұндағы хариуста
(албырттәрізділер отрядынан) – тұщысу балығы. Марқакөлде ол мұз ерісімен
уылдлырық шашып, көбейеді. Дене тұрқы 20-30 см, салмағы 450 г, омыртқасый
жәндіктермен қоректенеді. Дене пішіні 7-30 см, салмағы 250-300 г болатын
теңге балық та осында тіршілі етеді. Уылдырығын мамыр-маусым айларында
шашады. Бұрынырақ Марқакөлде талма көбірек ауланатын, кәсіптік маңызы бар
балық болатын. Оның дене тұрқы 25-30 см келген. Соңғы жылдары бұл
балықтардың қоры азайып кетті. Ендігі міндет олардың биологиясын, тіршілік
жағдайын, су режимін зерттей отырып, қорын молайтудың ғылымға негізделген
жолдарын белгілеу болып табылады8.
Көл маңының табиғат көркіне көз тұнады. Тау етегінен жоғары өрмелей
өскен қол саласындай ну орман. Тау жоталарының теріскей беткейінде теңіз
деңгейінен 2300-2400 м биіктікке дейін өседі.
Айдын-көл жағасынан тауға көтерілген сайын дала, орманды-дала, субальпі
және альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді кездестіруге болады. Тау
етектерімен өзендер бойында қайың, көктерек және теректер өседі. Одан
жоғарыра қыраттарда қылқан жапырақты орман бой түзеді. Онда майқарағай мен
шырша көз тұндырады. Олардан биігректе тау жоталатын балқарағайлы орман
алып жатыр. Субальпі мен альпі белдеуі шабындыққа бай. Әсіресе, көктемде
өсімдіктер алуан түстіболып гүлдеген кезде бұл өңірдің сұлулығына көз
тоймайды. Мұнда мүк, қына, алтай тырбық қайыңы да кездеседі.
Жалпы алғанда, қорықта өсідіктердің алуан түрлері тараған. Тіпті,
орманның өзінің 19 түрі кездеседі екен. Әсірісе, бұл табиғат
лабораториясының балқарағайлы орманының өсу жағдайын, оның көлемін ұлғайту
мәселесін шешуде рөлі күшті болмақ. Сондай-ақ, қорық жерінде алуан түрлі
палеонтологиялық қазба байлықтар бар. Он келешекте жан-жақты зерттеу –
геолог мамандардың жұмысы.
Марқакөл қорығы аң-құстар түріне өте бай. Онда сүтқоректілердің 40,
құстардың 200-ден аса түрі мекен етеді. Оған қоса бұл аймақта
қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 6 түрі таралғанын айта кету
керек. Мәселен, шырша, балқарағай өскен орманда қанаттылардан көбірек
кездесетіні – меңіреу құр. Тәулігіне орман ішін аралаған адамға 20-30 құр
кездестіруге болады.Көл бетінде су еркесі - аққу қалықтайды. Міне, осындай
хайуанаттардың түрлерін зерттеу, олардың санын анықтау – қорық
қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндет. Сол сияқты бұл қорыққа
бұрын осы маңда мекендеген марал, кәмшат және басқа да аңдарды қайта
жерсіндіру мәселесін ойластырған жөн.
Жаңа қорықтың көлемі 71359 га жерді алып жатыр. Оның 3756га тегіс
орман, ал жайылымы 21 мың га асады. Территориядағы табиғат комплестерін
ғылыми тұрғыдан тексеріп, оларды қаз қалпында сақтап, қорын көбейту үшін
қорық қызметкерлеріне үлкен жұмыс атқару керек.
Тауда сұлулығынан көз тоймайтын Марқакөл жағасында қорықтың орталығы
бой көсетіп, онда ғылыми лаборатория, табиғи мұражай және қорықшыларға
тұрғын үйлер салынды. Қорықтың ғылыми бұлігінде биолог, су мен орманды
зерттитін мамандар бар.
Рахан бұлағы қорықшасы (Шығыс Қазақстанобылысының Үлкен Нарым ауданының
109,1 га). Қорыша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан. Оның құрамында
балқарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафты енеді.
Әсіресі 1738 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша
табиғатымен таңдандырады. Көлден арасан өзені ағып шығады. Тауларда
беткейден сарқырама жасап құлап ағатын көптеген бұлақтары бар. Сондай тау
аңғарларының бірінде кремнилі минералды суы бар Рахманов бұлағы орналасқан.
Ыстық судың температурасы +40°С дейін жетеді және олар гранит-тата тасты
жыныстардан ағып шығады13.
1.5 Туризм дамуына әсер ететін факторлар
1.5.1 Позитивті фактор
Туризм дамуына жәрдемін тигізетін негізгі факторларды статистикалық
және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне жататындар:
табиғи-географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін және келе
бермейтін маңызы бар. Адам оны тек қана өзінің керегіне ыңғайлап,
пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеуметтік-
экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар. Бұл факторлардың
бағасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін14.
Туризм дамуының табиғи-географиялық факторлары сұлу, бай табиғат,
климат, жер бедерлерінің көрінісіне табылады. Бұл аталған факторлардың
барлығыда Шығыс Қазақстан облысында кездеседі.
Сол сияқты процесстер әлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық
туристік-рекреациялық ресурстарға өткенде де қайталанады.
Сұраныстың көбеюі және рекреациялық құндылық мөлшерінің дамуы халықтың
мәдени деңгейінің көтерілуі пайдаланылатын объектілердің шеңберінің
кеңеюіне әсерін тигізеді, олардың көбеюі арнайы өңдеуден өткеннен кейін
экскурсиялық шараларға ұсынылады.
Шығыс Қазақстанның туризмінің өсуіне әлеуметтік-экономикалық ерекше
маңызы бар. Оның ішінде басты орын алатыны – ұлттық табыс. Ұлттық табыстың
өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы әбден қисынды және
түсінікті.
8 кесте. 2005 ж басындағы Шығыс Қазақстан облысы халқының
жалпы саны
Аталуы Барлығы Қала Ауыл Қала % Ауыл%
Шығыс Қазақстан 1442097 853366 588731 59.2 40.8
Өскемен қ.ә. 302244 291518 10726 96.5 3.5
Аягөз қ.ә. 37919 37335 584 98.5 1.5
Зырянск қ. 41063 41063 0 100.0 0.0
Курчатов қ. 9940 9940 0 100.0 0.0
Риддер қ.ә. 61382 57922 3460 94.4 5.6
Семей қ.ә. 301984 278042 23642 92.2 7.8
Абай ауданы 16344 0 16344 0.0 100.0
Аягөз ауданы 38686 4998 33688 12.9 87.1
Бесқарағай ауданы 25185 0 25185 0.0 100.0
Бородулиха ауданы 43253 9974 33279 23.1 76.9
Глубокое ауданы 65907 24844 41063 37.7 62.3
Жарма ауданы 51417 16469 34948 32.0 68.0
Зайсан ауданы 38072 15295 22777 40.2 56.8
Зырян ауданы 45549 21521 24028 47.2 52.8
Көкбекті ауданы 40306 0 40306 0.0 100.0
Күршім ауданы 40157 0 40157 0.0 100.0
Қатонқарағай ауданы 40976 0 40976 0.0 100.0
Тарбағатай ауданы 61185 7122 54063 11.6 88.4
Ұлан ауданы 42101 8047 34054 19.1 80.9
Үржар ауданы 86721 0 86721 0.0 100.0
Шемонаиха ауданы 51706 28976 22730 56.0 44.0
Алыну көзі:
Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі – адамның жас тұрмысына ғана тәуелді
емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтылығына да байланысты.
Туризмнің өсуіне әсер ететін тигізетін әлеуметтік-экономикалық
факторларға жатқызуға болатындар: халықтың білімі мен мәдениет деңгейінің
жоғарылауы және эстетикалық талғамның өсуі. Әрине, халықтың ондай
талғамдары туристік саяхаттар кезіде ғана толтырылады.
Туристік іс-әрекеттің жиілігі мен белсенділігіне және мөлшерінің
көтерілуіне жасалынатын маңызды жағдай – ол халықтың нақты табысының өсуі.
Материалдық тұрмыс жағдай деңгейінің өсіп жақсаруымен жеке тұтыну
құрлымында заңды түрде өзгеріс болады.
Туризмнің өсуінде материалдық-техникалық факторының маңызы зор.
Олардың ішінде ең бастылары: орналастыру орындары, көлік, тамақтандыру
мекемелері, бөлшек саудалар және тағы басқалар. Туристерді орналастыру үшін
алған материалдық базасы туристік инфрақұрылымды құруда ең басты орын
алады. Олар қонақ үйлері, пансионаттар, мотельдер, турбазалар, кеипингтер,
жеке пәтерлер және тағы басқалары.
Туристік саяхаттар кезінде түнеу орнымен қатар туристердің тамағын
ұйымдастыру да маңызды роль атқарады. Сондықтанда туристің көптігіне
қарамай жылдам қызмет көрсетуге болатын үлкен мейрамханалар салынғаны жөн.
Туристердің тамағын ұйымдастыруда туристік саяхаттардың мезгілдік
ерекшеліктеріне байланысты күрделі мәселелер туындайды.
Әдеттегідей, жаппай туристік ағым жазғы айларға келеді, сондықтанда
азық-түліктің кейбір түрлерін жинап, қоймада сақтауға тура келіп тұр. Ол
үшін арнайы тоңазытқыш қондырғылары керек. Қазіргі техникалық жетістіктер
көптеген тамқтың түрлерін шағын пакеттерге салып, ұзақ қатырып консервілей
алады. Ол туристердің тамақ мәселесін шешуге көмектеседі.
Көлік материалдық базаның негізін құрайды. Қазіргі техникалық
жетістіктер көлік сферасына елеулі әсерін тигізіп отыр. Қандай бір көлік
болмасын оның динамикалық сапасы жылдамдық. Адамдарды тасымалдайтын
көліктердің жылдамдығы 1815 жылы 15 кмсағат болса, ал қазір олардың
жылдамдығы 2000-2500 кмсағат. Әр түрлі көліктер үшін сапа көрсеткіші деп
тасымалдаудың тұрақтылығын білеміз, бұл саяхатшылардың уақытын үнемдеуіне
мүмкіндіктер туғызады. Басқаға қарағанда төменгі баға тарифі темір жол
көлігін жаппай туризм үшін дайдалануға мүмкіндіктер береді.
Теңіз және өзен жолаушы көліктерінің дамуы мен оның
модернизацияландырылуы сумен саяхаттаушы туристерге жақсы жайлылық жасайды.
Автомобиль көлігі өзінің тура байланысу мүмкіндігімен туристік
саяхаттардың көбейіп өсуіне мүмкіндіктер жасауда. Тасымалдау бағасының
төмендігі, темір жол көлігімен таласа латындығын көрсетеді. Оның тағы бір
артықшылығы: бір экскурсавод 30-50 туриске қызмет көрсете алады.
Соңғы онжылдықта жеке меншіктегі жеңіл машиналар санының өсуі,
уақытпен, маршрутпен және қозғалу графиктерімен санаспайтын, жеңіл
машинамен туристік саяхаттың артықшылығын асырады.
Бұдан басқада Шығыс Қазақстан облысының туризмінің дамуына көптеген
позитивті факторлар әсер етеді.
Ертіс бойындағы қала, ерте заманнан-ақ саяхатшыларды қызықтырған. Семей
жерінен мынандай атақты адамдар өткен: Пржевальский, Семенов Тянь-Шанский,
Потанин Джордж Кенан. Бұл жер әр уақыт кезеңінде Михайлович Достоевский,
Шәкәрім Құдайбергенов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сатпаев, Әмре Қашаубаев және
Галина Серебрякова сияқты адамдар өмір сүрген.
Әсем де, сымбатты, Ертістің маржаны Семей қаласының іргесі Петр І
жарлығымен 1718 жылы қаланды. Орыс мемлекеті Семей қаласын ΧΧ ғасырға дейін
жер аударушылардың қаласы болып аталған.
Қазқстан қалаларының ішінде ең бірінші Семей қаласында ΧІΧ ғасырдың
орта шенінде бірінші типография және сахналық кітапхана, ал ΧΧ ғасырда қала
ішінен бірінші су құбыры салынып, алғашқы ұлттық театр және ашық аспандағы
өлкетану мұражайы ашылған.
Ал, қаіргі кезде Семей қаласы және оның айналасы өте ғажайып туритік
регионға айналған.
Қала ішінде көптеген ерте заманғы құрылыстар қорғауға алынған. 1776
жылы орнатылған Ямышев қақпалары жақсы күйінде сақталған, ал олардың
үлкен темір құлпылары өлкетану мұражайларында сақтаулы тұр. Қазіргі кезге
дейін келген қонақтарды 4 мешіт, шіркеу және кіші шіркеулер қызмет
көрсетеді.
Қалаға келген туристер Қазақстан Эрмитажы Невзоров жанұясының
атындағы қолөнер мұражайына кірмей кетуі мүмкін емес. Көрмеге Шишкинның,
Топинаның, Левитананың, Репинаның, Серованың, Коровинаның және Семей
қаласының қазіргі заман суретшілерінің салға суреттерінің көшірмелері
қойылған. Сонымен қатар республикалық Абай Құнанбаевтің мұражай-қорығы және
дүние жүзіне әйгілі Достаевскийдің әдеби мемориалды мұражайлары келген
қонақтарға әрқашанда қызмет көрсетуге дайын.
Қаланың әр ауданында көптеген тарихи және архитектуралық ескерткіштер
сақталған.
Туристердің қалауы бойынша қала аймағына танымдық экскурсия
ұйымдастыруға болады. Қала аймағы көптеген тарихи мәдени ескерткіштерге
бай. Солардың ішінде ерекше бөліп қарайтын туристік маршруттың бірі Евразия
кіндігіне саяхат.
Евразия кіндігі Абайдың мұражай үйі және Шыңғысханның қыстағының
жанында орналасқан. Абай – Шәкәрім мовзалей кешенін көрген туристерде
ұмтылмас әсер қалдырады. Экскурсияға мынандай объектілер кіреді: Еңлік –
Кебек махабатының ескерткіші, Мұхтар Әуезовтың классикалық әдеби мұражай
үйі, Абай қыстағы, Айгерім мен Ділдәнің мовзалейі, Абай – Шәкәрім мовзалейі
және Абай қыстағының жанында орналасқан Евразия кіндігі.
Осы аталған тарихи орындар Семей қаласынан 180 километр радиус
қашықтығында орналасқан. Экскурсия кезінде туристер қазақтың жайлауын
аткен, түйемен қызықтай алады. Соның ішінде Абайдың мұражай үйінде болып,
көшпелі және отырықшы қазақтардың мәдениетімен, тарихымен таныса алады.
Абай үйіндегі заттар реставрациядан өтіп, қазіргі кезде жақсы қалпында
сақталып тұр.
Сонымен қатақ елбасымыздың жарлығымен жабылған Семей полигон сынақ
алаңында болып қайту. Бұл маршрутта атом көлі мен жер асты жарылыстардың
болған орындарын барып көруге болады. Бірақта қазіргі кезде Курчатов қаласы
жабық қала болып есептелінеді.
Курчатов дүние жүзінде ядролық қару сыналған алаңдардың ішінде ең күшті
алаң. Қазіргі кезде бұл жерде ешқандай да туризм түрі дамымаған. Сол
себептен болашақта мемлекен тарапынан көмек көрсетілсе, Курчатов қаласын
туристік орталыққа айналдыруға болады. Курчатов қаласын айтын болсақ, Ресей
ғалымы физик-профессор СССР дің тұңғыш атом бомбасын жасап іске асырған
Курчатовтың тұрған қонақ үйі бар. Сол қонақ үйге рестоврация жасап, мұражай
үйіне айналдырып және қаланың ішіне ядролық мұражай салып келген туристерге
көрсету керек. Келген қонақтарға мұражай ішінде ядролық сынақтардың
адамдарға тигізген әсерін ( вакумге кемтар балалардың денесін қойып,
жарылыстың көрінісін лазерлік шоу немесе бейнетаспа арқылы ) көрсете
отырып, жарылыстың баруға болатын жеріне апару экскурсияның негізгі
бөліміне кіреді.
Семей жеріндегі, радиация зиянын тигізетін болса, оған керсінше адам
денсаулығын емдеп қалпына келтіретін еліміздің шипалы көлдеріміздің бірі –
Алакөл көлі. Әр маусым сайын Алакөлге бұрынғы барлық Кеңес Одағы
мемлекеттерінен демалушылар келген. Көл жағалауы қара емдік балшыққа бай.
Құамы бойынша Алакөлдің суы теңіздік: хлорлы-сульфатты-натрийлі. Жазда
шілде айының орташа температурасы (+26˚). Ол көптеген тері аурулары мен
тыныс алу органдарын, сүйек-буын жүйесі, ремотойдтік артрит, остеохондроз,
радикулит ауруларын емдейді және ағза жағдайын жақсартады15.
Алакөл қазаншұңқыры жеткіліксіз ылғал зонасында жатқандықтан, өкпе
қабынуына жақсы климаттық ем орны. Ғылыми дәлелденгені экзема,
невродерматит, крапивница ауруларын емдеуде жақсы нәтижелер байқалған.
Аңыз бойынша, Алакөл суында Шыңғысқан әскерлері жараларын жазса,
кейіннен Кеңес Одағының ғарышкерлері сапарларынан кейін осында
денсаулықтарын күшейтіп, қалпына келген. Бұрынғыдай болмасада, алғашқы
тәуелсіздік жылдарынан кейін, бүгінгі күні Алакөл суы өз демалушыларын
қайтадан тапты. Олар: Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Новосибирск,
Омск, тіпті Санк-Петербургтен келіп, ем алады15.
Жалпы Алакөл минералды сулары деректеріне сүйенсек, етерекке кетеді.
Соның бірі – Барлық минералды сулары, Барлық аңғарында Арасан-Тау етегінде,
теңіз деңгейінен 579 метр биіктікте Алакөл көлінен 24 шақырымда орналасқан
сауықтыру орны. Демалушылар ванна қабылдап, суда шомылған соң, Барлық
аңғарының ең тар бөлігінде 560 м тереңдіктен жер бетіне шығып жатқан
минералды сулардың 12 бұлағына барып шомыла алады. Басты су көздерінің
температурасы тұрақты және шыға берісінде +42°С құраса, жазғы уақытта емдік
ваннадағы температура +41°С болады. Ем үшін бір-екі су көздері қолданылады.
Олардың суммарлы дебиті 80 мың литрді құрайды13.
Шығыс Қазақстан обылысының Қатонқарағай ауданының аумағында, 2001 жылы
Қатонғарағай ұлттық паркі ұйымдастырылған. Жалпы ауданы 643 мың га
орманды алқап, ағаштарының қоры 24 мың м куб, қорықтың аймақ жері 151 мың
г. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz