Шығындар аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Бөлім. Шығындар мен табыстардың есебі

1. 1 Шығыстар мен табыстардың мәні

1. 2 Шығындардың есебі

1. 3 Табыстардың есебі

2. Бөлім. Шығындар аудиті

2. 1 Шығыстар бойынша толтырылатын құжаттар

2. 2 Шығындардың аудиті

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процессіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.

Курстық жұмысының өзектілігі . Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы өндіріс шығындары үлкен роль атқарады. Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын күрделі механизм. Кәсіпорындардың жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілген өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып бөлінеді. Кез - келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты.

Курсық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындардағы өндіріс шығындарын және табыстарының құрамы мен құрылымын анықтау. Кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құнын есептеу. Кәсіпорындардағы кірістерді көбейту мен шығындарын азайту жолдары қарастырылған.

Курстық жұмыстың міндеттері - кәсіпорынның шығындарының есебін қарастыру, кәсіпорындағы үстеме шығындарды, көмекші шығындардың есебін қарастыру.

Бірінші бөлімде шығыстар мен табыстар есебі қарастырылады, ал екінші бөлімінде шығыстар аудиті қарастырылады, үшінші бөлімінде табыстар аудиті талқыланады.

1 Шығындар мен табыстардың есебі

  1. Шығыстар мен табыстардың мәні

Міндеттеме - бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: -мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттеме -өткен кезең оқиғасының пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағынына соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Міндеттемелерді реттеу мынандай тәсілдермеен іс жүзіне асырылады:

- Ақшалай қаражатпен түгелдеу

- активтерді табыстау;

- қызмет ұсыну;

- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру

- міндеттемені капиталға аудару.

Міндеттеме ағымдық және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Кез келген өнімді өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.

Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.

Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады. Өзіндік құндарды дұрыс ұйымдастыру . шін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы материалды қор есебі»стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:

  1. пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
  2. өнім түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;
  3. шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша - экономикалық элементтер бойынша және калькуляция баптары бойынша.

Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзінедік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін -бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.

Өндіріске арналған басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін:

Негізгі - өндірістің технологиялық процесстерімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.

Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.

Бір элементті - бір элементтен тұрады.

Кешенді - бірнеше элементтен тұрады.

Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін.

Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін және шығын жанама бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады.

Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бқлімшеде жанама болуы мүмкін.

Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұймдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты.

Негізгі емес қызметтерді сату шығындарының ақпарттарын жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарының 84 «Негізгі емес қызметтер бойынша шығындар» шоттарында жүргізіледі.

Табыс алу әр кәсіпорынның қаржылық нәтижесі боып табылады. Бухгалтерлік есептің 3 «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытынды есеп» стандартының талабына сәйкес 1996 жылы 13 қарашада жоғарыда көрсетілген үкімет органы бекіткен және 1997 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген, бұл қорытынды есепте табыс бойынша мынандай ақпараттар ашылуға міндетті деп көрсетілген: өнімді стаудан түскен табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен табыс; негізгі емес қызметтен табыс; салық алынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен табыс; салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен табыс; төтенше жағдайлардан табыс; таза табыс.

Кәсіпорында табыс негізгі қызметтен түскен табыс және негізгі емес қызметтен түскен табыс болып бөлінеді.

Табыстылықтың ішкі нормасы - бұл кәсіпорын пайда алмай -ақ инвестициялық және ағымдық шығындарды өтейтін есеп айырысу мөлшерлемесі. Оны анықтау үшін таза ағымдық құнының есебінің формуласын нөлге теңестіреді және жоспарланған табыстарды, инвестицияларда және жабдықты эксплуатациялау уақытты дисконттау мөлшерлемесін анықтайды.

Өтімділік кезеңіне ұйым пайдасына уақыт факторын ескермей инвестициялық шығынның орнын толтыратын уақыт аралығы.

Рентабельділік коэфициенті жарты жылдық жоспардағы пайданың жұмсалған күрделі қаржыға қатынасын білдіреді. Коэфициент уақыт факторын ескеру арқылы, сондай -ақ оны елемей есептелу мүмкін; инвестиция табыс әкелетін уақытты анықтау; жоспарлы түсімдерді анықтау; уақыт шығынының есебі; жоспарлы ағымдағы шығындар есебі; осы инвестициялық жобаға қаражат жұмсау тәуекелдігін қоса ескеретін дисконттау мөлшерлемесін таңдау, таза ағымдық құнының есебі. Бұл көрсеткіштің негізінде басқа әдістеме бойынша жобаның тиімділігін бағалауға болады.

  1. Шығындардың есебі

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу -мехникалық цехы, авторанспорт және т. б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп талатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс жеке талдамалық шот ашылады.

«Компания КАРА» ЖШС - де көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

8310 - «Көмекші өндірістер»;

8311 - «Матералдар»;

8312 - « Қызметкерлердің еңбегіне қаржы бөлу»;

8313 - «еңбек ақыдан аударымдар»;

8314 -«Амортизациялық қаржы бөлу»;

8315 -« Басқа да шығыстар».

Көмекші өндірістің әрбәр цехтары бойынша шығындарды есепке алу «цехтар шығындары деп аталатын ведомоста жүргізіледі. ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

Көмекші өндірістің талдамалық есебі әрбір цехта, өнім түрлері және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің өндірістік күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын - энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршеме ерекшелінеді, өйткені кейбір цехтар бір- бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір - біріне қызмет көрсетеді: жөндеу - механикалық цехы жүк автомашинасына цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу - механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны мен математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдақ қалмайды.

Тек жөндеу - механикалық пен аспаптра жасайтын цехтар қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 8313 «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеледі де, 8310 « Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі - бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

Көмекші есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8310 «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеліп, 8313 «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін «Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату» деп аталатын талдамалы кестені жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардан жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы боынша - будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция- киловат / сағаты, автотранспорт - тонно / километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұрғындарға таратады.

Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктардың көрсеткікштері бойынша немесе шамамен анықтайды.

«Көмекші өндіріс қызметін таратудың» талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс-жүзіндегі өзіндік құны есептеліпшығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама - қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімінде алынған және көрсетеліген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгітұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

Екінші бөлімінде көрсетілген деректері «Цех шығындары» негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8310 шоты кредиттеледі.

Үшінші бөлімінде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар болмайды.

Күрделі өндіріс аоуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік, аспаптық, ыдыс цехтары жатады.

Мысал: «Компания КАРА» ЖШС құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар. Оардың ішін жөндеу- механикалық цехы- күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуіқарапайым цехтар қатарына жатады. Ай ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызылады:

1 кесте- Көмекші шығындар бойынша шоттар корреспонденциясы:

Шаруашылық операциялардың мазмүны
Сомасы, мың. тг.
шоттар корреспонденциясы
Дт
Кт
№: 1
Шаруашылық операциялардың мазмүны:

Көмекші өндіріс қажеттілігіне босатылған материалдық құндылықтар:

  • автотранспорт цехына
  • бу қазан цехына
  • жөндеу механикалық цехына
Сомасы, мың. тг.:

1670

570

780

320

шоттар корреспонденциясы: 8311
1310
№: 2
Шаруашылық операциялардың мазмүны:

Көмекші өндірісте істейтін, еңбеккерлерге жалақысы есептелінді

- автотранспорт цехына

  • бу қазан цехына
  • жөндеу механикалық цехына
Сомасы, мың. тг.:

468

250

120

98

шоттар корреспонденциясы: 8312
3350
№: 1 Кесте жал5асы
№: 3
Шаруашылық операциялардың мазмүны:

Көмекші өндіріске жататын үстеме шығыстары есептен шығарылды:

  • автотранспорт цехына
  • бу қазан цехына
Сомасы, мың. тг.:

1295

845

450

шоттар корреспонденциясы: 8314
8410
№: 4
Шаруашылық операциялардың мазмүны:

Көмекші өндірістің шолушы шотына жинақталды:

  • материалдық шығындары;
  • еңбек ақы шығындары;
  • еңбек ақыдан аударылатын аударымдары
  • үстеме шығындары

Шығындар цехтар бойынша қорытындалады:

  • автотранспорт цехы бойынша
  • бу қазан цехы бойынша
  • жөндеу - механикалық цехы бойынша
Сомасы, мың. тг.:

9847

1897

4250

720

2980

4780

2680

1250

шоттар корреспонденциясы:

8310

8310

8310

8310

8311

8312

8313

8314

№: 5
Шаруашылық операциялардың мазмүны:

Бір - біріне қарама-қарсы көрсетілген қызметтері есептен шығарылды:

  • автотранспорт цехы бойынша
  • бу қазан цехы бойынша
  • жөндеу - механикалық цехы бойынша
Сомасы, мың. тг.:

1042

247

498

297

шоттар корреспонденциясы:
  1. 8310

(сәйкес аралық шоттары»

Кестенің жалғасы

Көмекші шығындар бойынша жасалған шығындар. 10889
10889
: 6
Көмекші шығындар бойынша жасалған шығындар. 10889: Көмекші өндіріске цехтары бойынша шығарылған дайын өнім кірістелді:
10889: 280
: 1320
: 8310

Қарапайым өндірістің калькуляциясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өніснің санына бөледі.

Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығыстардың талдамалық есебі жөндеу түрлері және жөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек- жарақтар, модельдер түрлері немесе топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір есеп объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды азайту тәртібімен есептеп шығару, дайын өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары көрсетіледі.

Жеке орындауға қабылданған цех тапсырыс тапсырыстар кітабына жазылады және олар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Накладнойда, жұмысшының нарядына және басқа құжаттарда тапсырыстың нөмірі көрсетіледі. Материалдар бір тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады және сол қайтарылған материалдардың құнына тапсырыстың шығыны азайтылады.

Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех мәліметтерінің негізінде бухгалтерияда есептелінеді. Өзіндік құнның калькуляциялық - карточкасының негізінде ай сайын 8310 шоттың кредитінің тиісті тұтынушыларға есептен шығарылып отырады.

Мысалға, «Компания КАРА» ЖШС -нің жөндеу - механикалық цехының еңбеккерлері негізгі цехтың құрал- жабдықтарына күрделі жөндеу жұмысын жүргізген, сондай-ақ бу қазан және автотранспорт цехтарына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізген және олардың өндірісіне қажет құрал- саймандары әзірленген.

Накладной мен нарядтың негізіне жұмыс түрі мен тұтынушылары бойынша тапсырыстарды топтастырады, содан соң бүкіл жөндеу - механикалық цехы бойынша шығындарын анықтайды, олар келесі түрде жасалды:

2 кесте -жөндеу - механикалық цехы бойынша шығындар:

Тұтынушылардың атауы
Жалақы мен еңбек ақыдан аударыла-тын аударымар

Материалдар

Үстеме шығыстар

Көмекші өндірістің қызметі

барлығы

№: 1
Тұтынушылардың атауы:

Негізгі тұтынушылар үшін жасалған жұмыстары бойынша:

кесу цехының құрал-жабдықтарын жөндеу

пішу цехының құрал-жабыдқтарын жөндеу

Жалақы мен еңбек ақыдан аударыла-тын аударымар:

578000

789500

Материалдар:

85900

89700

Үстеме шығыстар:

79800

145000

Көмекші өндірістің қызметі:

987880

325000

барлығы:

1731580

1349200

№: 2
Тұтынушылардың атауы:

Көмекші өндіріс үшін атқарылған жұмыстары бойынша

бу - қазан цехын жөндеу

автотранспорт құралдарын жөндеу.

Жалақы мен еңбек ақыдан аударыла-тын аударымар:

89000

16

Материалдар:

62000

48000

Үстеме шығыстар:

58000

87000

Көмекші өндірістің қызметі:
барлығы:

209000

295000

№: 3
Тұтынушылардың атауы: Негізгі тұтынушылар үшін құрал - саймандары әзірленген
Жалақы мен еңбек ақыдан аударыла-тын аударымар: 35000
Материалдар: 56800
Үстеме шығыстар: 24000
Көмекші өндірістің қызметі: 32500
барлығы: 245800
№:
Тұтынушылардың атауы: Барлығы
Жалақы мен еңбек ақыдан аударыла-тын аударымар: 1651500
Материалдар: 342400
Үстеме шығыстар: 393800
Көмекші өндірістің қызметі: 1345380
барлығы: 3830580

Бу қазаны мен автотранспорт цехының жөнлеу - механикалық цехына көрсеткен қызметі қарама- қарсы қабылданған өткен айдағы қызметінің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің негізінде анықталған есептік құны бойынща көрсетілген:

  • бір т/ км өзіндік құны -280 тенге;
  • бір тонна будың өзіндік құны - 256 тенге.

Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқтлмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен өткен абзал. Нақтылап айтқанда, оыс екі әдіс бойынша, яғни: іс- жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.

Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады. «Негізгі материалдар», «Қосалқы материалдар», «негізгі және қосымша жалақы» және т. б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері бойынша тәкелей табылады. Қосымша шығындар олады бөлу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.

Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны және норма - сағаты олардың дайындық деңгейіме анықталады. Норма- сағаттардың санын есептеп шығарып және бір - норма сағаттың жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесі табады. Материалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша, ал қосымша шығындарды - жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын құрайды.

Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық шот бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот бойынша аяқтьалмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке алынған шығындары қосылады және айдың соңына аяқталмаған өндірістің сомасы алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс- жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.

Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату үшін «Көмекші өндірістің қызметтерін тарату кестесі» деген аналитикалық кестесі жасалады.

Көмекші өндіріс қызметін тарату кестесін жасаған кезде оның бірінші бөлімінде негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік құны анықталады.

1. 3 Табыстардың есебі

Табыс алу әр кәсіпорынның қаржылық нәтижесі боып табылады. Бухгалтерлік есептің 3 «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытынды есеп» стандартының талабына сәйкес 1996 жылы 13 қарашада жоғарыда көрсетілген үкімет органы бекіткен және 1997 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген, бұл қорытынды есепте табыс бойынша мынандай ақпараттар ашылуға міндетті деп көрсетілген: өнімді стаудан түскен табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен табыс; негізгі емес қызметтен табыс; салық алынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен табыс; салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен табыс; төтенше жағдайлардан табыс; таза табыс.

Кәсіпорында табыс негізгі қызметтен түскен табыс және негізгі емес қызметтен түскен табыс болып бөлінеді.

Табыстылықтың ішкі нормасы - бұл кәсіпорын пайда алмай -ақ инвестициялық және ағымдық шығындарды өтейтін есеп айырысу мөлшерлемесі. Оны анықтау үшін таза ағымдық құнының есебінің формуласын нөлге теңестіреді және жоспарланған табыстарды, инвестицияларда және жабдықты эксплуатациялау уақытты дисконттау мөлшерлемесін анықтайды.

Өтімділік кезеңіне ұйым пайдасына уақыт факторын ескермей инвестициялық шығынның орнын толтыратын уақыт аралығы.

Рентабельділік коэфициенті жарты жылдық жоспардағы пайданың жұмсалған күрделі қаржыға қатынасын білдіреді. Коэфициент уақыт факторын ескеру арқылы, сондай -ақ оны елемей есептелу мүмкін; инвестиция табыс әкелетін уақытты анықтау; жоспарлы түсімдерді анықтау; уақыт шығынының есебі; жоспарлы ағымдағы шығындар есебі; осы инвестициялық жобаға қаражат жұмсау тәуекелдігін қоса ескеретін дисконттау мөлшерлемесін таңдау, таза ағымдық құнының есебі. Бұл көрсеткіштің негізінде басқа әдістеме бойынша жобаның тиімділігін бағалауға болады.

2 Шығындар аудиті

2. 1 Шығыстар бойынша толтырылатын құжаттар

Шығынның анықтамасы меншікті, өндірісті және тауарлы-материалдық қорларды сатуға, жұмысты орындауға. Қызмет көрсетуге және зиянды басқаруға байланысты шығындарды қамтиды. әдетте ол ақша қаражаттары, материалды қорлар, қозғалмайтын мүліктер, құрыдғылар және жабдықтар сияқты активтердің тұрақтамау немесе пайдалану нысанында болады.

Шаруашылықтың жұмысының сапасын бағалап анықтаушы негізгі көрсеткіштерінің бірі жалпы шығында едәуір үлесі бар өндіріс және өнімді сату шығындарымен оның өзіндік құны.

Өзіндік құнының және оны өсу деңгейі базистік және есепті кезеңдерде негізгі және айналым қорларының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын, тиімділік дәрежесін, еңбекті ұйымдастыру және үнемдеу режимін сақтауды көрсетеді. өзіндік құн, құнның басым құрамдас бөлігі болумен қатар, сондай -ақ өндіріс шығындарының көлемін сипаттайтын басты көрсеткіш, өйткені бұйымның бағасын белгілеу үшін бастапқы базалық қызмет атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит түрлері
Шығындар есебінің аудиті
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Ай Ер Нур Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бойынша өндірістік іс-тәжірибе есебі
РПК Бектау ЖШС
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz