Бабыр



Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан үлкен ойшыл, кемеңгер ғалымдардың бірі – Заһиридтин Бабыр. Оның ғажайып ерлікке толы өмірі, саяси-әлеуметтік қызметі, әсірісе “Бабырнама” атты шығармасы Орта Азия мен Қазақстанның мәдени тарихынан елеулі орын алады.
Заһиридтин Мұхамед Бабыр 1483 жылы 14 февральда Ферғана облысында туған. Оның әкесі Омар Шайхы – Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханым Моғұлстан ханы, Шыңғысхан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр мен қазақтың тұңғыш тарихшысы – Мұхаммед Хайдардың шешелері – бірге туысқан, апалы-сіңілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар бөле.
1494 жылы Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана Әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан Әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана Әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана Әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Кабулды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясының әблден әлсіреткен еді.
Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
БАБЫР
( 1483-1530)
 
    Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан үлкен ойшыл, кемеңгер
ғалымдардың бірі – Заһиридтин Бабыр. Оның ғажайып ерлікке толы өмірі, саяси-
әлеуметтік қызметі, әсірісе “Бабырнама” атты шығармасы Орта Азия мен
Қазақстанның мәдени тарихынан елеулі орын алады.
   Заһиридтин Мұхамед Бабыр 1483 жылы 14 февральда Ферғана облысында туған.
Оның әкесі Омар Шайхы – Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал
Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханым Моғұлстан ханы,  Шыңғысхан әулеті
Жүністің қызы болатын. Бабыр мен қазақтың тұңғыш тарихшысы – Мұхаммед
Хайдардың шешелері – бірге туысқан, апалы-сіңілі адамдар болған. Демек,
Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар бөле.
  1494 жылы Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана Әмірінің орны бос қалады.
Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан Әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз
салып, Ферғана Әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді
бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана
Әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген
кезде, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Кабулды билеуші Темір
тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясының
әблден әлсіреткен еді.
    Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет басына келген бала Бабырдың көп
майданда күрес жүргізуіне тура келді. Ол бір жағынан өзінің туған қаласы
Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс
болса, екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап
қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті
санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып, Темір
ұ рпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға
топтастырмақ болды.
   Осы кезде Самарқан мен Бұхара Әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып,
оның аотында ұрпағы қалмады. Осыған байлансыты Самарқанда Темір
әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі
көшпелі өзбектер ханы – Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап
алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады. Алайда самарқандықтар туған
қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт өткізбей, Қаршы және
Шахрисябз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқараға
беттейді. Үш күн қоршауға шыдай алмаған Бұқара бектреі қаланы өзбектерге
беріп қояды.
   Өзбектердің Бұқараны басып алуы самарқандаықтардың үрейін ұшырады.
Қаланың көптеген бектері Бабырға және ташкент Әмір Уейс мырзаға келіп,
олардан көмек сұрайды Темірдің бұл екі әулеті де Самарқанға қарай шабады.
Бірақ мұнда үкімет билігін Сұлтан Әли мырза өз қолына алып қойған еді.
Бірақ ол өз маңайындағылардың опасыздық жасауға ыңғайланып жүргенін байқап
қалып, қаланы Шайбаниға өзі беруге ұйғарады.
   Жұма күндердің бірінде қала халқы намаз оқып жатқан кезде, Сұлтан Әли
мырза аз ғана адамдармен жасырын түрде Самарқанды тастап шығып, Шайбаниға
барады. Мұнан кейін қаланың басқа әмірлері мен белді бектері де қала
жұртшылығының мүддесін сатып кетіп, Шайбаниды үлкен сый-құрметпен қарсы
алады. Сөйтіп, өзбектер 1500 жылы Ақсақ Темір әулетінің көне астанасы –
Самарқанды соғыссыз-ақ басып алады.
    Бірақ Шайбани Самарқанда ұзақ тұра алмады. Самарқанның аса ірі
ғұламаларының бірі – Абул Мекарим Бабырға хат жазып оның өз ата-бабасының
астанасын басып алып, ондағы таққа отыруға шақырады. Сондай-ақ белгіленген
уақытта оған қаланың қақпасын ашып беруге уәде береді.
   Бабыр ғұламаның хантына жауап ретінде Самарқанға аттанады. Ол түнде ах
ғана адамдармен қаланың ішіне кіріп, ондағы өзбек әскерлерін қырып салады
да, таң атқанда өзін Самарқанның падишағы деп жариялайды. Алайда Бабырдың
бұл падишалығы, өз сөзімен айтқанда, жүз-ақ күнге созылады. Өйткені
Самарқан халқы үздіксіз ұрыстың нәтижесінде әбден арып-ашады. Бабыр осы
ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің Ферғанадан
әкелген әскерлерін таратып жібереді.
  Мұны білген Шайбани жақсы жарақтанған қалың қолмен Самарқанға шабуыл
жасайды. Бабыр аз уақыттың ішінде шағын қол жинап алып, өзіне көмекке келе
жатқан шағатайлықтар мен моғұлдарды күтпестен өзбектреге қарсы шықты.
Зарафшан өзенінің бойында Шайбани әскерлерімен кездесіп, соғыс ашады.
    Өзінің жеке басының асқан ерлік кетуіне қарамастан, Бабыр әскерлері
жеңіліп, Бабырдың өзі Самарқанға келіп тығылды. Шайбани төрт ай бойы қаланы
қоршап алды. Аштық күшейе берді. Қаланың көптеген бектері аштыққа шыдай
алмай, өзбектреге өтіп кетіа жатты. Өзінің осындай ауыр жағдайға душар
болғанын сезген Бабыр бір түнде Самарқанды тастап шығып, Ташкенттегі ағасы,
Моғұл ханы – Махмұдқа барды. Бабырдың өзіне тиген еншісі - Әндіжан өлкесі
де бұл кезде өзбектердің қолында болатын. Енді Бабыр Әндіжанды азат етіп
алу үшін Махмуд ханнан көмек сұрады.
   1501 жылдың қысында моғұл әскерлері жорыққа аттанады. Бірақ Шайбани
әскерлері оларды Сырдария бойында тас талқан етті. Бабыр енді Моғұлстанның
солтүстік-шығыс облыстарына қарай қашты. Осы күннен бастап Бабыр өз сөзімен
айтқанда, шахмат королі сияқты бір бұрыштан бір бұрышқа тығылумен болды.
Ақыры 1504 жылы Кабул бектерінің көмегімен ондағы үкімет билігін өз қолына
алады және жақсы жарақтанған әскер құрады.
   Жеңістен жеңіске жетіп желіккен көшпелі өзбек ханы Шайбани Темірдің
соңғы көрнекті ұрпағы Сұлтан Хусайын мырзаның Әмірлігін де басып алуға
әзірленеді. Шайбанидің аяқ алысынан қауіптенген Ақсақ Темір тұқымдары –
Хисар, Хатлан, Куляб, кундуз, бадахшан Әмірлері өзара одаққұрады. Міне осы
одаққа бабыр да енеді. Одақтың басшысы болып Хисардың Әмірі Хусрау-шах
тағайындалады. 1504 жылы июльде ол өзінің әскерлерімен Кундузға қарай
аттанады. Бірақ осы жерде жол тосқан өзбектреден қатты жеңіліп, өзі
тұтқынға түсіп, сол жерде қаза тапты. Одақтастардың бұдан былайға шабуылы
өздерінің өзара ұрыс-керісі салдарынан тоқтап қалады. Осы кезде Шайбани
Бұқарадн Хорезмге қарай шабуыл жасап, 1505 жылы Үргенішті басып алды.
    1506 жылы көктемде Хусайын мырза қайтыс болады. Оның орнына екі баласы
Бадиуззаман мен Мұзаффар-Хұсайын қалады. Шайбани Балх қаласын қоршайды. Тек
күздің басында ағалы інілі мырзалар әскер жинап, Балхқа көмекке келеді.
Жолшыбай оларға өз әскерлерімен Бабыр қосылады. Бірақ бұлар келіп жеткенше,
әбден әлсіреген Балх тұрғындары өзбектерге беріліп қояды. Ал, Шайбани
болса, өзімен соғысқалы келе жатқан Темір әулеттерімен майданға түспей ,
Мауреннахрға қарай бет алады. Одақтастар жаудың ізіне түсіп, оны
талқандаудың орнына келер көктемге дейін соғыс әрекеттерін бастамауға
келіседі.
    1507 жылдың майында Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне
барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Хұсайын мырзаның астанасы – Герат
дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің
жаугершілік жолында Иран шекарасына жетеді... Ал, Иран шахы Исмаил
Шайбанидің бұл қылығын ұнатпайды. 1510 жылы Исмаил Хорасан жеріне жорық
жасайды. Осының алдында ғана, 1508 жылы қазақтар мен моғұлдардың бірігіп
күш көрсетудің нәтижесінде Шайбани бастаған өзбек әскерлері Сырдария
бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар Инран әскерлеріне
қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен
Мерв қаласына барып тығылады. Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып,
әскерлері талқандалды. Сөйтіп Гератты Иран шахы Исмаил басып алады.
    Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын
естіп, өзінің бұрынғы патшалығын өзбектерден қайта тартып алу үшін әрекет
жасайды. Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі.
Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып,  Әмудариядан өтіп, Хисарға
келеді. Қарсылық көрсеткен өзбек отрядтарын
қиратып, Мауреннахрдың көптеген бөлігін (Хисарды, Кулыбты, Кундузды,
Бадахшанды) басып алады. Сөйтіп, Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта
Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі, “Тарихи-Рашиди” кітабының авторы
Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына қарағанда, қатал көшпеліліерді жеңіп
шыққан Бабырды Самарқан халқы қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек
кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді.  Сөйтіп 1511 жылы Бабыр
Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабардың Иран шахы Исмаилмен одақтас
болуы самарқандықтарды қатты мазасыздандырады.
      Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп дариялайды. Бұл
хутбада қызылбастардың (ирандықтардың) он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бабыр – наме» прозалық шығармасы.
З.М.Бабырдың «Бабыр-наме» шежіресі әдеби туынды
Сыр бойы әдебиетіндегі Әл-Фарабидің орны
Бабырдың үндістанда билігін орнатуы
1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісі
Бабыр құдіреті
Бабыр және Ұлы Моғол империясы
Моғол әулеті
Захриддин мұхаммед бабырдың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Пәндер