«Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері ... ... ... .7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2 «Бобровка + » ЖШС.ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау ... .29
2.1 «Бобровка + » ЖШС.ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау ... ... ... 29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау ... ... ... ... ... 33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3 «Бобровка + » ЖШС.ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру ... ... ... ... 46
3.1 «Бобровка + » ЖШС.нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... 46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру ... ... ... ... ..54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар ... ... .55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және
олардың жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. .7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23
2 Бобровка + ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және
шығындарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Бобровка + ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау ... ... ... 29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... 33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 41
3 Бобровка + ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... 46
3.1 Бобровка + ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және
оңтайландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Кіріспе
Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге
кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық
және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге
қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның
бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Қатаң бәсекелестік жағдайы кәсіпорындардың шығындарды басқару
процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын
іздеуге үлкен қызығушылық тудыруна әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару
процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.
Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол
жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын
қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның
келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс
көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға
болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол
себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен
өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік
құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және
ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.
Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін
төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық
тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол
жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету
кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол
бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын
үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды
тиімді басқарудың маңызы зор.
Соңғы жылдары шикізат құнының, материалдардың, энергияның өсуіне,
сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген
шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы
бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен
нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс
шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға
бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды
минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге
көмектеседі.
Шығындарды басқарудың мақсаты - ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай кезеңдерді
өзіне қосады.
Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын
анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру
қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге
көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін
зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті
арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге
ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
– басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және
олардың жіктелімін көрсету;
– кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
– кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
– талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде
өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;
– шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
– кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру
жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Бобровка + ЖШС-ның қаржылық-
шаруашылық қызметі.
Дипломдық жұмыс барысында осы тақырыпты зерттеген шетелдік және
отандық ғалым-экономистердің еңбектері қолданылған, соның ішінде Маркс К,
Горбашко Е. А., Стуков С. А., Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж., Энтони Р., Друри
К., Скоуна Т., Шима Дж. К., Сигела Дж., Карпов Т.П., Кондратов И.Г.,
Николаев С.А., Палия В., Ткача В.И., Аксененко А.Ф., Чумаченко Н.Г., Батрин
Ю. Д., Бурцев В. В., Дронов Р. И., Николаев С. А., Карпова Т.П., Шеремет А.
Д- ның еңбектерімен қоса, отандық Дәуренбекова Ә. Н-ның еңбегін атап өтуге
болады.
Диплом жұмысының барысы үш бөлімнен құрылған.
Бірінші бөлімде жалпы шығындардың экономикалық мәні және олардың
жіктелімі, шығындарды алғаш зерттеген ғалымдар, кәсіпорын шығындарын
басқару, талдау және шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі
қарастырылған.
Екінші бөлімде шаруашылық субъектісінің қызметі барысында
қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы мен өтімділігін талдау, шығындарды калькуляция баптары бойынша
талдау толық қарастырылған.
Үшінші бөлімде қазіргі таңда кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін
жетілдіру, шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары,
шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар қарастырылған.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен, кестеден,
суреттен және формуладан тұрады.
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың
теориялық негіздері
1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір
кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық
категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және
басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,
айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.
Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,
құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.
Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы
өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен
пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін
қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып
табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар
көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық
талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір
шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін
қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін
шығындар пайдадан аз болуы қажет.
Өндіріс шығындарын көптеген экономистер зерттеген, соның ішінде
К. Маркс. К. Маркстың мақсаты ерекше болды. Ол жалдамалы еңбек
эксплуатациясының аспектілерін жан жақты қарастыруды көздеді.
Маркс шығындардың мәнін зерттеудің көмегімен келесі проблеманы
көрсетті - капиталдың орташа пайда нормасын қалыптастыруды талдау
қажеттілігі.
Қазіргі таңдағы экономистер өндіріс шығындарын кәсіпкер тұрғысынан
қарастырады. Кәсіпорынның оңтайлы стратегиясын негіздейтін міндеттерді шешу
барысында өндірістің кез келген факторын сатып алуға жұмсалған әрбір
доллардың үстінен таза пайда алу принципіне негізделген мақсатқа қол
жеткізіледі. Осылайша, қазіргі таңдағы экономистер дәл Маркстің нәтижесіне
қол жеткізді - пайданың орташа нормасын қалыптастырды.
Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді.
Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия),
жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға
кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай
табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын
толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.
Осылайша, өндіріс шығындары - аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен
шығындары болып табылады.
Маркс бойынша айналым шығындары тауарды ұйымдастырумен байланысты, ол
таза және қосымша болып бөлінеді. Айналымның таза шығындары өзіне таза
күйінде сатып алу-сатумен байланысты шығындарды қосады, атап айтқанда
сауда өткізу персоналының еңбек ақысы, сауда орталықтарын ұстап тұру,
тұтынушылық сұранысты зерттеу, кеңес беру
және т.б.
Аталған шығындар тауар құнын жоғарылатпайды, ұйымдастырудан келген
пайдадан орнын толтырады. Қосымша шығындарға тауарларды орауға, сақтауға,
жеткізуге, сорттауға кеткен шығындар жатады. Бұл шығындар айналым
сферасында тауар өндіру процесін жалғастырумен байланысты. Айналымның
қосымша шығындары тауар құнына кіреді және ұйымдастырудан түскен пайданын
есебінен орнын толтырады.
Экономикалық ғылым және тәжірибе шығындарды зеттеуді өндірістің
дамуымен бір мезгілде жүргізеді. Қазіргі таңда шығындарды зерттеудің келесі
қадамдарын атап көрсетуге болады. Шығындарды еңбек құны теориясына негіздей
отырып анықтау, ұлттық шаруашылық және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің шығындары бұл дегеніміз тек қана еңбек болып
табылады.
Тәжірибеде шығындар құрамында кейбір шектеулі ресурстардың қолданылуы
ескеріледі:
– капитал салымлары;
– негізгі және айналым қорлары;
– табиғи байлықтар.
Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз бұл энергияны
жұмсау, яғни адамның физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы.
Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау толық және
терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды
логистикалық тұрғыдан
философиялық-теориялық анықтау толықтай өңделмеген. Сол себепті біз
шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз.
Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:
– шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша
және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды
қолдану арқылы анықталады;
– қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен
көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың
ақшалай көрінісіне жүгінеді;
– шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай
жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар
көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы
кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы
есептейді.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар
арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын
тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің
шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді.
Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін
нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация,
салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады.
Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі
сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз
шығындар.
Кәсіпорын табысы екі түрлі көрсеткішке тәуелді болады:
– өнім бағасы;
– өнім өндірісіне жұмсалатын шығындар.
Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының
нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының
әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына
сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматты түрде орнатылады.
Өнім өндірісіне шығындар - өндіріс шығындарына қарағанда басқаша түрде
болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар
көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа
факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.
Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін
қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра
алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың,
қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс,
қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі
қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге
шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты
шығындар қосылады:
– ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде
өндірістің ұйымдастырылуы;
– табиғи шикізаттарды қолдану;
– өндірісті дайындау және үйрену;
– өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен
қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ
тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру
(капиталды емес сипаттағы шығындар);
– рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын
жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру,
авторлық сыйақы төлеу және т.б;
– өндірістік процеске қызмет ету;
– өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-
саймандар және басқа да еңбек құралдары және заттарымен
қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа
қабілетті жағдайда ұстау,
санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
– қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін
қамтамасыз ету;
– өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты
қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық
бөлімшелерін,
іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын
ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның,
фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік
шығындар және т.б;
– кадрларды дайындау және қайта дайындау;
– мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға
аударымдар.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім
өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) кәсіпорынның негізгі құралдары
және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан
түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық
нәтижесінен құралады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар
қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет
етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және
көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған,
өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі.
Осылайша, өзіндік құн - кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім
мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын
көрсетеді. Өзіндік құн - өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын.
Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат,
материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді.
Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір
өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы
анықталады.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып
өнімнің өзіндік құны саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің
ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс
тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық міндеті - жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта
өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші.
Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негізгі элементі болып
амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы - ол
шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорында
басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына
сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік
объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді -
бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.
Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын
толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса
немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе
бюджет есебінен өткеріліп отырады. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына
қосылатын шығындар құрамы әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің
басты мақсаты - қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың
дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды
шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі екі
түрлі факторға байланысты болады. Олар бағаның өсуі және өнімнің өзіндік
құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны - синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық
жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып
табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің сапалы
көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару,
жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология
деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның
атқаратын қызметтерімен де анықталады:
– өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 54 бөлігі
шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы
өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі;
– өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып
табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды;
– өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың
рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы
есептелінеді.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі түрлі негізгі
белгілер бойынша жіктеледі:
– шығындардың алғашқы элементтері бойынша;
– пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндіріс шығындары
сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір
элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда
біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен
қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:
– еңбекке төлем шығындары;
– әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;
– мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;
– амортизация;
– басқа шығындар.
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары
қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға
мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға,
материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза
өнімді есептеуді қажет етеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына
өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу
орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей
шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері
шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар
бабында көрсетілген:
– шикізат және материалдар;
– жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші
материалдар;
– өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы;
– технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;
– әлуметтік сақтандыруларға аударым;
– цехтық шығындар;
– жалпы шаруашылық шығындар;
– коммерциялық шығындар;
– жалпы өндірістік шығындар.
Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы - оның негізінде әртүрлі
өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді.
Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін
іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция - өнімнің, жұмыстың өзіндік
құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша
өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі
көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.
Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі
критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің
кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Қарастырылатын құбылыстар мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі
жіктеме болып табылады, яғни объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен
олардың арасындағы заңды байланыс негізінде бөлімдерге бөлу.
Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні тану деңгейі де жоғарылайды.
Шығындарды есептеу жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған
белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану
қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен
қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар
арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік
құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.
Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс,
негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі
процесінің мәні - бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп
көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы
жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен
қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.
Нарықтық экономикада шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес
(имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.
Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін қабылдауда өте маңызды орын алады.
Басқару үрдісінде шығындарды басқару функциялары бойынша бөлу 1-ші кестеде
берілген.
Кесте 1
Шығындардың басқару функциялары бойынша жіктемесі
№ Жіктемелік Басқару функцияларына байланысты шығындардың түрлері
белгілері бойынша
1 Басқару - нақты және баламалы;
шешімдерін - релевантты, релевантты емес;
қабылдау үрдісі - тиімді және тиімсіз.
бойынша
2 Болжау үрдісі қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік
3 Жоспарлау үрдісі жоспарланатын және жоспарланбайтын
4 Мөлшерлеу үрдісі стандарттар, нормалар мен нормативтер және олардан
ауытқуы
5 Ұйымдастыру үрдісіпайда болу орны мен аясына қарай;
қызмет функциялары мен жауапкершілік орталықтарына
қарай
6 Есептеу үрдісі бір элементті және кешенді;
калькуляция баптары мен экономикалық элементтері
бойынша;
тұрақты және өзгермелі;
негізгі және үстеме;
тікелей және жанама;
ағымдық және бір мерзімдік.
7 Бақылау үрдісі бақыланатын және бақыланбайтын
8 Реттеу үрдісі реттелетін және реттелмейтін
9 Ынталандыру үрдісіміндетті түрде ынталандырушы және қызықтырушы
10 Талдау үрдісі нақты, болжау, жоспарлау;
сметалық;
стандартты;
жалпы және құрылымдылық;
толық және жеке
Нақты шығындарға - кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін
төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия,
персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім
өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге,
сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды.
Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен
шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне
жатады.
Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде
есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.
Экономикада шығындардың балама түрлері шығындарды жоспарлауда,
болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік баламалы түрде пайдалану тұрғысынан
қарастырылса, оларды жіктелген шығындар деп атайды.
Мұндай шығындар балама нұсқалары бар болған кезде пайда болады.
Оларды есептеу оңайға соқпайды, сондықтан экономикалық шешімдер қабылдау
кезінде есепке алынады. Ондай шығындар өзінің құрамына сыртқы шығындар
(жабдықтаушыларға сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу шығындары) мен
ішкі шығындарды (фирмаға қарасты ресурстарды пайдалану шығындары) қамтиды.
Фирмаға қатысты мұндай ішкі шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды
пайдалануға байланысты есептелген
төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай шығындар нақты емес немесе
имплицитті шығындар деп те аталады. Сонымен қатар, баламалы шығындар
ресурстардың шектеулі кезінде пайда болатындығын атап өткен жөн. Егер де
ресурстар шектеулі болмаса, жіктелген шығындар нөлге тең болады. Балама
шығындары кейде қосымша шығындар деп те аталады.
Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір
рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.
Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста
болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.
Шығындардың мұндай түрлері экономикалық тұрғыдағы басқару шешімдерін
қабылдауда ескеріледі. Шығындарды бағалау тәсілдерінде экономистер мен
бухгалтерлердің атқаратын функциялары арасындағы айырмашылық анықталады.
Экономистер ресурстарды жұмсаудың бірнеше баламалы жолдарын іздестіру үшін
талдау жұмыстарын жүргізеді.
Олар бұл проблеманы шешуді жан-жақты талқылап, содан кейін экономикалық
табыс табу жолдарын қарастырады.
Экономикалық пайда дегеніміз түсім мен барлық жіктелген шығындардың
арасындағы айырманы көрсетеді. Бухгалтерлер нақты жұмсалған шығындарды
есептеумен қатар, нақты (бухгалтерлік)
шығындарды және бухгалтерлік табыс көлемін бағалайды. Бухгалтерлік табысқа
түсім мен нақты шығындардың арасындағы айырма жатады.
Кәсіпорынның оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік
табысты есептеу және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық
табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда есептеледі. Кәсіпорын
жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне
байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты
болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады. Оларға
әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,
құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады.
Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды.
Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда
болады.
Өз кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар болып екі
топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық
тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір
бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына
келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.
Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің
артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады.
Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша
жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты
жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып
келуі де мүмкін.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.
Кейбір жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді.
Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар компоненттері орын алуы
мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы
өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында
тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы,
телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса,
ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің
саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан
шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы
айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.
Қабылданатын басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар
релевантты және релевантты емес болып бөлінеді.
Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын
шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола
алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген
шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін
релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне
байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.
Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады,
басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол
жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.
Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау
нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді.
Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.
Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық
құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған
жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау
мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.
Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты
болуы тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты
болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.
Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне туындайтын
және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі
жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және
сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының
құрамына кіреді.
Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері жатады. Олар
кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың
болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс
шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық
өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында
бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты
болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-
алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.
Шығындарды басқаруда кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер,
лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты мәнге ие болады.
Осы мәнге байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік
үрдісте пайда болған нормалар байынша ағымдық жылдың басында бекітілген
шығындар топталады. Нормативтік есептің негізінде шығындарды бұлай бөлу
өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық оперативтік деп бөлудің басты құралы
болып табылады.
Жоғарыда келтірілген жіктемеде кәсіпорын қызметінің функциясы мен
сферасына байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар
жабдықтау-дайындау технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-
басқару болып бөлінеді.
Мұндай жіктеме функционалдық есепті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Соның әсеріне шығындар кәсіпорын қызметінің функциялары және сфера
шеңберінде, содан кейін калькуляция объектісі бойынша жинақталады.
Шығындардың функционалдық есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге және
шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті
күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл
беруді қамтамасыз етеді. Бұл менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы,
құрамы және түрлері жөнінде басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның
өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі қарастырылды,
енді келесі бөлімшеде шығындарды басқару мен талдауды қарстырамыз.
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның
ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі
ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты -
бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды
дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні,
мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды
төмендегідей көрсетуге болады.
Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану,
өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан
болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды
көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол
жеткізеді.
Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық
көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік
шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару
субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни
басқару жүйесі табылады.
Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін
құрудың негізгі мақсаты - ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы
сол бағаны белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет.
Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті
зерттеледі: шығындар - өндіріс көлемі - пайда.
Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:
– кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
– шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;
– шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;
– өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу -
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;
– шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға
көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;
– бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері
мен құралын анықтау;
– кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс
процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын
іздеу;
– шығындарды нормалау әдісін таңдау;
– өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын
қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі
мен өндіріс көлемін болжауды жетілдіру бойынша басқарушылық
шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.
Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді
шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне
ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.
Шығындарды басқарудың функциялары:
– өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу,
өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал
салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды
жоспарлау және есептеу;
– шығындарды әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен
бөлімшелері бойынша, көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы
мен нормадан ауытқуы бойынша бақылау және талдау;
– белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін,
қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық
және сапалық ақпаратты қалыптастыру;
– кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық
өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін
анықтау.
Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау,
есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар,
талдау болып табылады. Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,
яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік
ретінде шығындарды басқару жүйесін 1- ші суреттен көруге болады.
Сурет 1. Шығындарды басқару жүйесі
Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар
болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші
субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды
басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару
саласында осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік
беру қажет пе. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесін 2-
ші суреттен көруге болады.
Сурет 3. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесі
Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды
басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен
шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің
жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.
Шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және
процестік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді. Процестік тәсілдің мәні
кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін екі категорияға бөлуге
болатындығында: негізгі бизнес-процестер және қосымша бизнес-процестер.
Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен
және тұтынушыға жеткізумен байланысты. Олар өзіне келесі
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды
жеткізуді қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру, өнімнің өтімі мен
маркетингі, кепілдік және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.
Шығындарды талдау - бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып,
негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және
онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын
бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың
экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс,
қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да
объектілері бойынша талдауға түседі.
Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-
басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда
олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен
жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. Кәсіпорында шығындарды талдаудың
мазмұны 4-ші суретте көрсетілген.
Сурет 3. Кәсіпорында шығындарды талдау схемасы
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне
негізгі жұмыстарды орындауды қосады:
1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық
элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген
шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі
бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.
Талдау есепті кезеңнің экономикалық элементтері бойынша нақты
шығындардың үлес салмағын өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен,
сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай
тәсіл шығындар құрылымындағы өзгерістерді анықтауға және
өнімнің материал сыйымдылығының, қор сыйымдылығының, еңбекақы
сыйымдылығының және еңбек сыйымдылығының өзгерісін анықтауға көмектеседі.
Жекелеп қарастыратын өнім (жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске кеткен
шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін
талдау кезінде жекелеген ұйымдардың қызметтеріне кеткен
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және олардың өсу себептерін анықтауды
талап етеді.
Еңбекті өтеуге кеткен шығындар үлесін салыстырмалы ұлғайту кезінде
материалдық шығындардың үлес салмағын азайту өнім құрамындағы құрылымдық
жылжумен байланысты.
Шығынның жалпы сомасындағы амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің
қор сыйымдылығының динамикасы мен жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз
етілгенін, сонымен қатар аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне ауысуын
көрсетеді. Амортизацияға деген шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен
олардың тасымалдануының массалық тозуын куәландырады, ал осы шығындар
үлесінің артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен және жеделдетілген
амортизациямен байланысты болуы мүмкін.
Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның жалпы шығындарын талдау
шығындар сомасының элементтері мен олардың құрылымы бойынша өзгеруінің
нақты себептерін ашу керек.
2) калькуляциялау баптары бойынша дайын өнімнің (жұмыс, қызмет)
өзіндік құнын талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның (немесе
өндірістік бөлімшелердің ) дайын өнімнің өзіндік құны мен жекелеген
бұйымдар (жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен немесе жоспармен
салыстырғанда қандай баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін,
ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын анықтауға көмектеседі.
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын шыққан бапқа аударылады.
Тура калькуляциялық баптар бойынша шығындардың өзгеру себептерінің
бірі өнім (жұмыс, қызмет) көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның құрамын
өзгерту болып табылады. Тура материал шығындарының өзгеру себептері болып
шығындар нормасының өзгеруімен материалға, жанармайға,
жартылай фабрикаттарға деген бағалар (тариф) мен ұйымдардың өндірістік
мінездегі қызметтерінің өзгеруі табылады.
Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы бабы бойынша
шығындардың өзгеру себептері өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгерісі болып
табылады. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыға деген тура
шығындары мен тура материалдық шығындардың өзгерісіне өзара әрекет еруші
факторлардың әсері өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын талдау
кезінде анықталады.
Жанама шығындардың (жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық) өзгерісін
талдау кезінде олардың есепті жыл сметалары өткен жылмен салыстырылып
зеттеледі.
Ақаулардан туындаған жоғалтулар ұлғайған кезде олардың себептері
талданып, сонымен қатар осы шығындардың орнын толтыру мен ақауларға кеткен
шығындар теңестіріледі. Басқа да өндірістік шығындарды
талдау олардың құрамының түрлері мен есепті жылдағы олардың өзгерісінің
себептері өткен жылмен салыстыра отырып анықталады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарына талдау жүргізу
кезінде есепті кезеңнің нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен немесе
белгіленген жоспармен салыстыру арқылы құралы мен құрылымы
бойынша шығындардың өзгеру себептері мен көлемін анықтау, шығынның өсуі
немесе азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу, оларды азайтудың мүмкін
болатын қорларын анықтау қажет.
Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік
құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру
тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның
өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету
мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды
белгілеуге көмектеседі.
Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен қатар,
қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама көрсеткіштерінің
бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың міндеттері:
– өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың
шиеленістігі мен негізделуін бағалау;
– өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен
динамикасын белгілеу;
– өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін
факторлар мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау,
жоспарлы шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен
себептерін анықтау;
– өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау;
– шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен
бағалау.
Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база
болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық
калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың
синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.
Отандық кәсіпорындағы шығындарын басқару және талдау жүйесін
қарастырдық, ендігі кезекте шығындардың басқарудың шетелдік тәжірибесін
қарастырамыз.
1.3. Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі
Дамыған мемлекеттерде соңғы 35-40 жылда өнімді өндіруге деген
шығындарды анықтаудың калькуляция баптарының шектеулі номенклатурасы әдісі
арқылы анықтау кең қоланылуда. Шығындардың құрамындағы ауыспалы шығындарға
келесілер кіреді: шикізат және материалдар, еңбек төлемі, қосымша
шығындардың ауыспалы бөлігі. Бұл шығындар өндіріс қызметінің көлем
функциясы ретінде қарастырылады. Тұрақты шығындар жекелеген өнім түрлерінің
өндіріс шығындарымен тығыз байланыспайтыны негізделеді. Осыған орай,
кәсіпорынның өндіріс шығындарын тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті деп
бөліп қарастыру кең таралған.
Шығындарды басқару әр түрлі баламалы басқарушылық шешімдерді анықтау
мен бағалау процесін көрстеді: кәсіпорын қызметінің соңғы маңызды мақсаты -
пайда табуды ұйымдастыру деңгейіне өнім өткізу мен өндірісті ұйымдастыру
тәсілдері, ассортименттік бағдарламаның құрылуы, жаңа өнімді құрастыру мен
өндіру және баға қалыптастырудың әсерін анықтау. Шығындарды басқару
өндірісте өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды орын
алады. Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай және басқа да өндірісі дамыған
мемлекеттердің беделді кәсіпорындары шығындарды басқаруда міндетті түрде
осы құралдардың бірін қолданады. Жоғарғы сапалы өнімді сатып алуда бұл
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және
сәйкесінше АҚШ нарығында өткізу көлемін өсіруге көмектеседі
Сонымен қатар, АҚШ кәсіпкерлерінің өздері де шығындарды жүйелі және
сапалы басқаруды үйрене алған жоқ. Ол туралы 7 нот менеджмента ресейлік
экономикалық бестллердің автор былай деп жазады: Білікті басқарушылардың
бірінші қадамдарының санатында шығындарды және өзіндік құнды төмендету
шаралары маркетингтен кейінгі екінші орында, бірақ маркетингтік қадамдармен
салыстырғанда үш есе төмен.
Батыстық тәжірибе шығындарды басқару жүйесі мен оларды басқаруда
қолданылатын шығындар жіктелімнің әр түрлі әдісін көрсетеді. 2 кестеде АҚШ
фирмаларымен қабылданған шығындар жіктелімінің нұсқалары келтірілген.
Кесте 2
АҚШ фирмаларымен қабылданған шығындар жіктелімінің нұсқалары
Шығындарды есептеудің мақсаты Шығындар
Өнім қорының құнын анықтау Есепті кезеңге барлық өнімнің құны бойынша
Дайын өнімді өндіруге
Көрсетілген және процестік
Шаруашылық шешімдерді қабылдау Келешек кезеңге
Қайтарымсыз
Жіктелген (баламалы қызметтер курсын
қабылдау нәтижесінде туындаған)
Шекті (маржиналды) және өсімді
(инкрементті)
Шығындарды реттеу ман бақылау Нормативті
Нормативтен шегерілетін
2-ші кестеде көрсетілген жіктелім кәсіпорында басқарушылық және
өндірістік есепті ұйымдастыру үшін қолданылады.
Жіктелім шығындарды басқару жүйесін құру мен шаруашылық шешімдерді
қабылдау үшін маңызды құрал болып табылады.
Батыс кәсіпорындарында шығындар жіктемесінің маңызды негізі болып
олардың өндіріс көлеміне қатынасы табылады. Осы белгі бойынша шығындар
тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Шығындарды басқарудың батыстық
тәжірибесі мен теориясында қолданылатын жіктелімінің мынадай нұсқаларын
көрсетуге болады: аралас және өткен шығындар бөлімшелерінің пайда болу
орнына байланысты шығындар, бақылау мен реттеу мүмкіндіктері, шығындарды
тудырушылар бойынша жауапкершілік орталықтары. Батыс кәсіпорындарының
шығындар жіктелімі 3 кестеде көрсетілген.
Кесте 3
Батыс кәсіпорындарының шығындар жіктелімі
Шығындарды басқару үлгісі
Мінездеме Ішкі өндірістік есептің мәліметтеріне
бағытталған шаруашылық субъектісінің
басқарушыларының сұранысы
Өндіріс көлеміне қатынасы Барлық жерлер бойынша таратылған
бойынша тұрақты және ауыспалы
шығындарға жіктелімді қолдану
Қолдану аумағы Директ-костинг шығындар есебі жүйесінде
өндірістің залалсыздығын талдау үшін, болжалды
есеп үшін
Реттеу мен қадағалау Барлық жерлер бойынша таратылған
мүмкіндіктері мен
жауапкершілік орталықтары
бойынша жіктелім
Қолдану аумағы Стандарт-кост жүйесінде құрылымды
бөлімшелердің жұмысын бағалау үшін қолданылады
Экономикалық элементтері Белгілі бір көлемге жеңілдетілген (шығынның үш
бойынша шығындар жіктелімі элементі қалыптасқан: тікелей материалдық
шығындар, тікелей еңбекақы шығындары, үстеме
шығындар)
Қолдану аумағы Өзіндік құнға қатынасы бойынша шығындар
жіктелімінің қолдану аумағымен сәйкес келеді
Калькуляция баптары бойынша Бұндай жіктелім түрі көп кездеспейді
шығындар жіктелімі
Қолдану аумағы -
Өзіндік құнға қатынасы Экономикалық элементі бойынша жіктеліммен
бойынша шығындар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz