Міндеттемелер аудиті


Кіріспе
Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық тәжірибесінің, ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субъектінің талаптарымен анықталады. Іс тәжірибеде арнайы аудит бағыттары және басқа түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.
Осы жұмыста қаржылық есеп берудің негізгі элементтерінің бірі шаруашылық субъектіде қолданатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырамыз.
Міндеттемелер өткен мәмілелердің немесе оқиғалардың нәтижелері болып табылады және ағымдағы және ұзақ мерзімді болады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталмен қатар басқа қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті материалдар мен шикізаттар алғаны үшін жабдықтаушы - мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйвмдар өзінің сататын тауарын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. тіпті өндіріспен де саудамен де айналыспайтын ұйымдардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еіңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оларды қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелер есебі типтік шоттар кестесінің үшінші және төртінші міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлармен есеп айырысу жағдайына және тәртібіне, тапсырылған сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін көтеруге және соңында шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті бекітуге көмектеседі. Аудитордың субъектінің кредиторлық берешегін тексерген кездегі басты мақсаты оны баланста бейнеленген көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады.
Міндеттемелер есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталмен қатар басқа қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті материалдар мен шикізаттар алғаны үшін жабдықтаушы - мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйвмдар өзінің сататын тауарын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. тіпті өндіріспен де саудамен де айналыспайтын ұйымдардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еіңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оларды қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелер есебі типтік шоттар кестесінің үшінші және төртінші міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
- Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі
Несие - бір заңды тұлғаның екінші заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын қарым -қатынас жүйесі б. т.
Нарықтық экономика жағдайында несиенің екі түрі бар.
Комерциялық несие - бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнының алынатын құнының кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі - ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім шарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім ставкалары мен оның толеу тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір біріне беретін құжаттарының тізімі және тағы да бысқалары көрсетіледі.
Несиенің объективті қажеттілігі - бұл, кәсіпорынның өндірістік және сауда айналымы капиталының заңдылықтарына негізделеді.
Банк мекемелерінің несиелерінің есебі
Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы ҚР ҰБ мекемесі бекіткен: «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру» ережелеріне сай жүргізіледі. Қ. м. несие ұйымның айналым қаржысын құрайиын көздерінің бірі болып саналады.
Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарының қаражаттарының мөлшеріне қарамай ақ беріледі және қолма қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісім шартта қарастырылады. Егер несие алушы келісім шартта көрсетілген мерзімде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар» немесе «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және т. б. шоттар
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты,
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты
Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.
Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі
Еліміздің экономикалық жағдайын котеру үшін сырттан инвестийия тартып, әр түрлі дүние жүзінің ірі банктерінен де несие алынады. Соның ішінде есептелетін пайызы мен берілетін мерзімі жағынан тиімді де маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше елдеріне берілетін «СТЭД БАЙ» несиесі б. т. Бұл қордың мүшелігіне енетін елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына, кедендік төлемдерді төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.
Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде несие алған ұйымның бухгалтериясында:
Д-т:«Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі,
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде жазылады.
Ал ұйым бұл несиені қайтарған уақытында:
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты
К-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Банктен тыс мекемелерінің несиелері есебі
Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес барлық кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі ақшалардың қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни өзінің бос тұрған ақшаларын кәсіпорын басқа кәсіпорынға инвестиция ретінде салуға немесе несиеге беруіне болады. Сондықтан да ұйымдар өзіне қажет ақшаны тек қана банк мекемелерінен ғана емес, басқа да заңды немесе жеке тұлғалардан несиеге, қарызға алуға болады. Ұйымдардың басқа кәсіпорындардан алған несиесчіне бухгалтерияда жазылатын екіжақты жазу банк мекемелерінен алынатын несиеге жазылатын жазуға ұқсас болып келеді:
Ұйым банктен тыс мекемеден несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар» шоты
К-т: «Банктен тыс мекеменің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: «Банктен тыс мекемесінің қарызы» шоты,
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты
Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде жазылады.
Басқадай несиелік операциялар есебі
Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде, яғни пайдаланатын вексель түрінде береді. Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісім шартта қарастырылып белгіленеді. Бұл айтылған вексельдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексель ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелетін пайыз сомасын аударады.
Әрбір кәсіпорын өз қалауы бойынша «Басқадай қарыздар»деп аталатын шотта «Басқа да қ. м. несиелер» және «Басқадай ұ. м. несиелер»деп аталатын аралық шоттарын ашуларына болады. Сонымен қатар бұл шоттарда алынған несиелердің басқадай түрлері де есептеледі. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде нақты несиеге алынған ақшаларына:
Д-т: «Ақшалар» шоты
К-т: «Басқадай қарыздар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Ал бұл алынған қаржы бойынша есеплелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: «Басқадай қарыздар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Ал вексельдерді дисконттау бойынша операцияларға:
Д-т: «Басқадай қарыздар» шоты,
К-т: «Алынған вексельдер» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Кесте 1-Банк және банктен тыс мекемелердің қарыздары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
- Дивидендтер бойынша есеп айырысу операцияларының есебі
Дивиденд дегеніміз акционерлерге олардың акцияларыының саны мен түрлеріне қарай тиесілі акционерлік қоғам табысының бір бөлігі болып табылады.
Ал оның мөлшері осы қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында бекітіледі. Ескертетін жағдай, артықшылығы бар акциялар бойынша есептелетін дивиденд сомасының мөлшері ол акцияны шығарған кезде белгіленген мөлшерден және де жай акцияларға есептелетін дивиденд сомасы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Сондай ақ акцияның артықшылығы бар деп аталатын түрі үшін кәсіпорын дивиденд сомасын есепті жылы табыс алғаны немесе алмағанына қарамастан есептеп төлеуі тиіс. Акционерлер мен оларға тиісті төленетін дивидендтер бойынша есеп айырысу есебі «Дивидендтер бойынша есеп айырысу» деп аталатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі. Дивидендтер есептеген уақытта:
Д-т: «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) »шоты немесе есепті жылда алынған бөлінбеген табыс сомасы жетіспеген жағдайда «Өткен жылдағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) »шоты,
К-т: «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу» немесе «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттардың тиістілерінде түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Акцияларға, дивиденд төлеу бойынша заң актілерінде немесе үлес қосушылардың құжаттарында қаралған міндеттемелер негізінде, бөлінбеген табыстың болмауынан немесе жетіспеушілігінен, резервтік капиталдың есебінен артықшылығы бар акцияларға есепателген дивиденд сомасына:
Дт : «Резервтік капитал» шоты
Кт: «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттар түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Акционерлерге есептелген дивиденд сомасынан ұсталатын табыс салығы сомасына:
Дт: «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу» немесе «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттардың тиістілері
Кт: «Бюджетпен басқадай операциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттар түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады
Ал бұл есептелген табыс салығының сомасы бюджетке аударылған уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:
Дт: «Бюджетпен басқадай операциялар бойынша есеп айырысу» шоты
Кт: «Ақшалар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады
Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлерге дивиденд төлеген уақытта:
Дт: «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу» немесе «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттардың тиістілері
Кт: «Ақшалар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Сондай ақ, жай және артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлерге дивиденд төлеген кезде, есеп айырысудың талдамалық есебі әрбір акционер бойынша есеп айырысу шоттары жөніндегі айналым тізімдемесінде жүргізіледі.
Кесте 2 - Дивидендтер бойынша есеп айырысу шоты арқылы жүргізілетін операциялар
- Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
Бюджет - жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың экономикалық әл ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
ҚР салық кодексіне сәйкес және жеке заңды тұлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі б. т.
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салық Заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның ерекшелігі, бұл салық түрі кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ қызметкерлер мен жұмысшылар еңбекақысынан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілер қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлікпен айналысатынжеке тұлғалар жатады.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы негізінде есептеледі декелесі айдың 15 - ші жұлдызынан кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында:
Дт: «Жалпы және әкімшілік щығындар» шоты
Кт: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.
Сол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:
Дт: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шоты
Кт: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бух. жазу жазылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Ұйым өзінің есепті жылда алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бух. есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Дт: «Корпоративтік салық бойынша шығындар» шоты
Кт: «Төленетін корпоративті табыс салығы» шоты.
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:
Дт: «Төленетін корпоративті табыс салығы» шоты
Кт: «Ақшалар»деп аталатын шоты түріндегі бух. жазу жазылады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы
Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған кезде:
Дт: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты
Кт: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты. түріндегі жазу жазылады.
Акциздік салықтар
Кәсіпорында акциз салығы есептегенде:
Дт: «Алынуға тиісті борыштар» шоты
Кт: «Акциз салығы» шоты. түріндегі жазу жазылады.
Кесте 3 - Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар
Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының:
- ұлғаюына
- азаюына
5530
3110
3110
5530
«Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотына түзетулер енгізуге байланысты:
- салық мөлшерін ұлғайтуға
- салық мөлшерін азайтуға
7710
632
632
7710
Пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде кездескен уақытша айырма салық сомасына:
- бюджетке төлеуге
- зиянды жабу нәтижесіне есептелген
632
632
3110
7710
- Активтерді қайта бағалауға байланысты салықсомасының үстеме өсімі, салық есебіндегі қайта бағалау үстемеөсімінен жоғары болған кезде,
- Салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бух. есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде
5420
632
632
7710
жалғасы кесте 3
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz