Радиоактивті химиялық, биологиялық зақымдану кезінде халыққа көмек көрсету
Жоспары:
1. Аймақтың радиоактивті зақымдануы
2. Химиялық қару
3. Апатты.химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ)
4. Бактериологиялық (биологиялық) зақымдану аймақтары
5. Химиялық күйік алған адамға алғашқы көмек
6. Химиялық ахуалды айқындау және бағалау реті
7. Қолданған әдебиеттер

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Реферат
Тақырыбы : Радиоактивті химиялық, биологиялық зақымдану кезінде халыққа
көмек көрсету
Жоспары:
1. Аймақтың радиоактивті зақымдануы
2. Химиялық қару
3. Апатты-химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ)
4. Бактериологиялық (биологиялық) зақымдану аймақтары
5. Химиялық күйік алған адамға алғашқы көмек
6. Химиялық ахуалды айқындау және бағалау реті
7. Қолданған әдебиеттер
Аймақтың радиоактивті зақымдануы
Радиоактивті зақымданудың себептері ядролық жанармайлардың бөлетін
қосындылары, топырақта немесе басқа материалдарда нейтрондардың әсерінен
пайда болатын радиоактивті изотоптар – бағытталған белсенділік, сонымен
қатар ядролық зарядтың бөлінбей қалған бөліктері болып табылады.
Жарылыстың радиоактивті зақымдағыштары үш түрлі сәулелену шығарады: альфа,
бета және гамма. Олардың қоршаған ортаға әсер етуі ұзаққа созылатын үрдіс.
Себебі, жер үстіндегі жарылыс кезінде отты шар өз бойына топырақ пен
көптеген басқа да заттарды жинақтап, суыған кезде радиоактивті бөлшектер
жер бетіне радиоактивті жауын түрінде жауады. Бұлттың жылжу мөлшеріне орай,
оның ізімен радиоактивті жауынның жаууы өтеді де, осылайша жер бетінде
радиоактивті із қалады. Жарылыс ауданындағы және радиоактивті бұлттың
қозғалу ізіне қарай зақымдану тығыздығы жарылыс көзінен алыстау мөлшеріне
байланысты азаяды.
Іздің формасы сан түрлі болуы мүмкін, ол нақты шарттарға байланысты болады.
Іздің конфигурациясы радиоактивті бөлшектердің жерге түсуінен кейін ғана
нақты анықталуы мүмкін.
Аймақ радиацияның 0,5 рс деңгейінде зақымдалған болып есептеледі.
Ыдыраудың табиғи үрдісіне байланысты радиоактивтілік азаяды, әсіресе
жарлыстан кеәінгі алғашқы сағаттарда бұл үрдіс ерекше қарқынмен жүреді.
Зақымдалу аймақтарының сипаттамасы
Аймақ Аймақтың сыртқы шекарасының сипаты
деңгей Зақымдағыштардың толық ыдырау дозасы
А.Аймақ 8 40
Б.Аймақ 80 400
В.Аймақ 240 1200
Г.Аймақ 800 4000
Радиоактивті іздегі адамдар мен жануарлардың зақымдалуы сыртқы және ішкі
сәулеленудің нәтижесінде болуы мүмкін. Сәулеленудің соңы сәуле ауруына
ұшыратады.
Химиялық қару
Химиялық қарудың негізін улағыш заттар (УЗ) – адамдар мен жануарларды,
ауаны, аймақты, су қоймаларын және аймақтағы әр түрлі нәрселерді
зақымдайтын улағыш химиялық қосылыстар құрайды. Кейбір УЗ өсімдіктерді
жоюға арналған.
Химиялық қару-жарақтарда, құралдарда УЗ сүйық немесе қатты күйде болады,
химиялық қаруды қолдану кезінде УЗ дайындық күйіне – бу, аэрозоль немесе
тамшылар түріне өтіп, адамдарды тыныс алу мүшелері арқылы немесе денеге
тиген кезде тері арқылы зақымдайды.
Физиологиялық әсер етуіне қарай УЗ бірнеше топқа бөлінеді:
• Жүйке-паралитикалық әсерлі УЗ – зарин, зоман, VХ (ви-икс). Олар жүйке
жүйесі қызметін бұзады, бұлшық ет дірілін, сал ауруын немесе өлімді
туындатады.
• Тері-іріңдік әсерлі УЗ – иприт. Теріні, көзді, тыныс алу мүшелерін
және ас қорыту жүйесін (ішке түссе) зақымдайды.
• Жалпыулылық әсерлі УЗ – синиль қышқылы және хлорциан. Уланған кезде
ауыр тыныс алу, қорқыныш сезімі, діріл мен сал ауруы пайда болады.
• Тыныс тарылтқыш УЗ – фосген. Өкпені зақымдайды, оның ісінуіне,
тыныстың тарылуына әкеп соқтырады.
• Тітіркендіргіш УЗ – хлоацетофенон, адамсит, CS (си-эс) және CR(си-ар).
Бұл УЗ тыныс алу органдары мен көзді тітіркендіреді.
• Психохимиялық УЗ – B Z (би-зет). Тыныс алу мүшелері арқылы қозғалыс
координациясын бұзады, елестер мен психикалық бұзылуларды туындатады.
Жүйке-паралитикалық әсерлі УЗ, тері-іріңдік әсерлі УЗ, жалпыулылық әсерлі
УЗ және тыныс тарылтқыш УЗ өлімге душар ететін УЗ болып табылады. Ал
тітіркендіргіш УЗ мен психохимиялық УЗ адамды уақытша істен шығарады.
Зақымдау жылдамдығына байланысты тез әсер ететін УЗ (зарин, зоман, синиль
қышқылы, CS (си-эс) және CR(си-ар ) ) және баяу әсер ететін УЗ (VХ, иприт,
фосген, B Z ) болып бөлінеді.
Әсер ету ұзақтығына байланысты УЗ тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді:
Тұрақтылары зақымдау әсерін бірнеше сағаттар бойы сақтайды.
Тұрақсыздары бірнеше минуттарға созылады.
Токсодоза – белгілі бір зақымдалу әсерін алуға қажет УЗ мөлшері:
T=C. t, гм3
Мұндағы, С – ауадағы УЗ концентрациясы, гм3; t – адамның зақымдалған ауада
өткізген уақыты, минут.
Химиялық оқ- дәріні алғаш қолдану кезінде УЗ бұлты пайда болады. Ауа
массаларының қозғалысы нәтижесінде УЗ бұлты белгілі бір кеңістікте таралады
да, химиялық зақымдану аймағын құрайды.
Химиялық зақымдалу аймағы деп тікелей химиялық қарудың әсеріне ұшыраған
немесе жойғыш концентрациядағы УЗ-мен зақымдалған бұлт таралған
территорияны атаймыз.
Химиялық зақымдалу аймақтарында химиялық жойылу ошақтары пайда болуы
мүмкін.
Химиялық жойылу ошақтары – кеңістігінде химиялық қару әсерінен адамдардың,
ауылшаруашылық жануарларының және өсімдіктердің жалпы жойылуы болған
территория.
Химиялық қарудың ерекше топтарына әр түрлі газдарға толы екі ыдыстан
тұратын бинарлы химиялық оқ-дәрілерді жатқызуға болады.
Апатты-химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ)
Авариялы-химиялық қауіпті заттар қатарына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында
қолданылатын қауіпті химиялық заттар жатады. Олардың апатты түрде ағып
кетуі кезінде қоршаған ортаның тірі ағзаны жоя алатын концентрациядағы
зақымдалуы болады.
Күнделікті түрде көпшілік жағдайларда АХҚЗ газ тәрізіді немесе сүйық күйде
болады.
АХҚЗ-дың ірі қорлары химиялық, қағаз-целлюлозалық, қорғаныстық, мүнай
өңдуші және мұнай-химиялық, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында
және тыңайтқыштар, азық-түлік пен мата тігу өндіріс орындарында
шоғырланған.
АХҚЗ-дың улағыш қасиеттерін сипаттау үшін келесі ұғымдар қолданылады:
зиянды заттың ақырғы мүмкін концентрациясы (АМК) және токсидоза. Адамға
ұзақ уақыт бойы күнде әсер ететін АМК-концентрация патологиялық өзгерістер
мен ауруларды туындатпайды.
ПДКсс елді мекендеріндегі және ПДКрз өндіріс орындарындағы жұмыс
аумақтарының ауа атмосферасындағы кейбір АХҚЗ-дың АМК-сы:
АХҚЗ атауы ПДКее, МГМЗ ПДКрз, мгм3
Хлор 0,03 1
Аммиак 0.2 20
Акрилонитрил 0,03 0,5
Синиль қышқылы 0,01 0,3
Күкіртсутек 0,008 10
Күкірт ангидриді 0,05 10
Фосген — 4.4
Бензол 0.8 5
Монометиламин 1
Диметиламин 0,005 1
Триметиламин — 5
Азот қышқылы 0.15 2
Күкірт қышқылы 0.1 1
Тұз қышқылы 0,2 5
АХҚЗ-дың ең көп таралған түрлеріне хлор, аммиак, күкіртсутек, күкірт
қостотығы (күкіртті газ), синиль қышқылы, фосген, метилмеркаптан, бензол,
бромсутек, фтор, фторсутек жатады.
АХҚЗ-бен зақымдалу аймақтары
Көпшілік жағдайларда ыдыстың апаты немесе сынуы кезінде сұйық заттардың
қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендеп, АХҚЗ қайнайды да атмосфераға
газ, бу немесе аэрозоль күйінде тарайды. Бірінші 3 минут кезінде сынған
ыдыстың аузында пайда болған АХҚЗ газ бұлты зақымдалған ауаның алғашқы
бұлты деп аталады. Ол үлкен қашықтықтарға жайылады. Сұйықтықтың қалған
бөлігі (200 жоғары қайнау температурасына ие) жер үстінде жайылып, кейін
буланып кетеді. Бу атмосфераға таралып, зақымдалған ауаның екінші бұлтын
құрайды, ол аз қашықтықтарға таралады.
АХҚЖ зақымдалу аймағының формасы жел жылдамдығына байланысты. Мысалы, жел
жылдамдығы 0,5 мс аз болса, форма шеңбер тәрізді болады, 0,6-дан 1 мс-ке
дейін жетсе жартылай шеңбер болады, 1,1 мс-тен 2 м с-ке дейін жетсе 90°
бұрыштағы сектор, 2мс-тан көп болған жағдайда 45° бұрыштағы сектор
формасына ие болады.
Сонымен қатар, қалалық жерде орналасқан құрылыстар мен ғимараттар ауылдық
жердегі ғимараттарға қарағанда күн сәулесімен тез қызатынын естен шығармау
керек. Сол себепті қалалы жерде ауаның интенсивті қозғалысы байқалады, ол
ауаның перифериядан орталыққа қарай магистральді көшелер бойымен ағылуына
байланысты. Бұл АХҚЖ-на аулаларға, тірлемелерге, жерасты орындарына өтіп
кетуіне септігін тигізіп, тұрғындардың зақымдануына қауіп туғызады.
Кейбір жағдайларда, әсіресе табиғат апаттары кезінде, қатты әсер ететін улы
заттардың ауаға түсіретін апаттар болуы мүмкін. Мұндай кезде
концентрациялар ПДК-дан асып түседі де, өлімге душар етеді.
Химиялық қауіпті объекттің жанында өмір сүретін тұрғындар берілген
кәсіпорында қандай АХҚЗ қолданылатынын, өндірістік орындардың жұмыс
аймақтары мен елді мекен үшін қандай ПДК бекітілгенін, қандай қауіпсіздік
шаралары басты назарға ие екендігін, әр түрлі апаттық жағдайлар кезінде
қандай қорғаныс құралдары мен әдістері қолданылатынын міндетті түрде
білулері керек.
Бактериологиялық (биологиялық) зақымдану аймақтары
Бактериологиялық қару-жарақтың зақымдағыш әсерінің негізін ауру туындататын
микроағзалар – бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар мен
бактериялық улар (токсиндер) құрайды.
Биологиялық (бактериологиялық) құралдар биологиялық рецептуралар
түрлерінде – сақтау мен қолдану жағдайларында биологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz