Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі заманғы экономикалық даму кезені елімізде Ж. І. Ө-нің, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің төмендігі, жұмыссыздықтың көбеюімен сипатталады.

Жұмыссыздықтың көбеюімен инфляцияның өсуі халықтың сұранысын тиісінше азайтуда. Ал бүкіләлемдік қаржы дағдарысының әсерінен туындаған бүл келеңсіз жағдайлар еліміздің депозит нарығына да өз әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасының депозиттік қызметінің құрылуына да көп уақыт болмаса да нарықта белгілі тұрақтылығымен сипатталуда. Бүкіләлемдік қаржылық дағдарыс еліміздің кейбір салаларымен ішкі жағдайын шиеленістіргенімен коммерциялық банктерге депозит нарығында жаңа межелер белгіледі, яғни дағдарыс салдарынан болған депозитке деген инвестициалық көзқарасты қайта қарауға мәжбүр етті. Депозит мәселесі бұл ауқымды мәселе болып табылады.

Сол себепті менің бүгінгі таңдағы қарастыратын тақырыбым еліміздің депозит нарығы мәселелері мен оның даму перспективалары болмак.

Курстық жұмысымның мақсаты- Қазақстанның депозиттік нарығының жетілдіру жолдарын оның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында, депозиттік қатынастардың теориялық және практикалық аспектілерін, төлемдерді кепілдендіру жүйесін ұйымдастырудың әлемдік тәжірбиесін талдау негізінде бағыттарын дайындау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді жолға қойдым.

1. депозит нарығының маңызын ашу

2. депозит нарығының елімізде дамыту үшін алғышарттар белгілеу

Курсық жұмысым бойынша алдыма қойған міндетім депозит нарығының еліміздегі қалыптасқан жағдайын ашып көрсету.

Осыған байланысты курсық жұмысымның құрылымы төрт бөлімнен тұрады.

1. Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі.

2. Депозиттік операциялар түрлері

3. Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны

4. Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері мен

депозит нарығын дамыту жолдары.

Курстық жұмысымның теоретикалық-әдістемелік негізі ретінде аталған мәселе бойынша отандық және шетел авторларының еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері қолданылады.

1. Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі.

Шаруашылық субъект ретінде кез-келген қаржы институты өз жарғылық қызметін іске асыру үшін қаржы ресурстарына, яғни ғимарат, құрылыс, техника мен технология сатып алу үшін, айналым капиталын жасақтау үшін, жалақы және бюджетке төлем жүргізу т. с. с. үшін ақша көздеріне мұқтаж болып табылады. Ол шығындар өз есебінің негізінен қаржыландырылуы, не қарыз мен тартылған қаржының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Оның негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың түрлі салымдары немесе депозиттер құрайды.

Депозиттік операциялар алғашқы кезде алтын монеталарды сақтау формасы түрінде қалыптасты, оның мақсаты монеталардың жақсы сақталуы болатын. Сақтағаны үшін қожайын белгілі -бір сыйақы төлеуі тиіс болған. Клиенттің тілегі бойынша менялдарда өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала алмайтын. Уақыт өте келе олардан нақ сол тиындарды қайтару талап етілмей, орналастырылған ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау мерзімі де ұзартылатын. Егер осыған дейін несиені тек өз капиталына қарай беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың мүмкіндіктеріне ие болды.
Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар түрлі формаларға бөлініп, түрлі елдер бойынша әр түрлі болып табылады. Дегенмен кез-келген қаржы институты үшін салымшыларды тарту және несиелік ресурстардың негізгі көзі ретінде депозит базасын кеңейту басты мақсат болып табылады. Ақшалар жинақтаушы функциясын орындап депозиттерге айналады, ал олар халықтың, шаруашылық субъектілердің және т. б. жинаған қаржысы болып табылады. Клиенттің барлық салымдары депозит деп түсіндіріледі. Депозиттерге салынған қаржы көздері түрлі болуы мүмкін. Ол корпоративтік клиенттердің есеп шоттарындағы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылары, жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша қолданылмай тұрған жалақылары.

Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен, дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Депозит нарығы қаржы нарығының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны ерекше болып табылады. Депозит нарығында депозиттік операциялар жүзеге асырылады.

Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;

депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады:

депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;

депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;

депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;

депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн;

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

2 . Депозиттік операциялар түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депозит нарығы
Экономикалық ұғымдар
Қор нарығының қазіргі замандағы жай-күйі және халықтың жинақтарын инвестицияларға айналдырудың негізгі механизмдері
Коммерциялық банк
Банктердің депозиттік саясатын факторлық талдаy
Банк қызметінің мәнін сипаттау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Қаржы нарығының құрылым
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz