Әлеуметтік шиеленістер туралы түсінік


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛЕУМЕТТІК ШИЕЛЕНІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus - қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.

Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.

Қазіргі кезді, әсіресе, біздің қоғамызда әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген шиеленісті жағдайда ұласуы жиі ұшырасып отырды.

Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиеленіскен жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет.

Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымда қалыптасты.

Әлеметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеленістің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құүбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың соңында жарық көрген Г. Спенсер, М. Вебер және Л. Гумпловичтің еңбектерінде шиеленістер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л. Гумплович К. Маркстен кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған қүрестен іздеу керектігін айтты.

«Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми Г. Зиммель болды. Г. Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.

Г. Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын XX ғ. 20 -жылдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын» негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке, бейімделу ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.

Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке бағыт ретінде XX ғ. 50 - жылдарында қалыптасты. Әлуметтік шиеленістер жан - жақты зерттеген конфликтологияның классиктері Р. Дарендорф (Германия), Л. Козер (АҚШ) және К. Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеленістердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиеленіс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті.

Әлеуметтік шиеленістер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Мәселен, саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясының 1997-жылы Сеулде болған Дүниежүзілік конгресі осы мәселені талқылауға арналған.

ШИЕЛЕНІСТІ ҚҰРАЙТЫН ЭЛЕМЕНТТЕР

Ғылыми әдебиеттерде шиеленіс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген. Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиеленіс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.

Мәселен, Е. М. Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиеленіс - түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлтттардың, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т. б. арарсындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама-қарсылығынан немесе мәнді айырмашылықтарынан туатын қақтығыс, әлеуметтік қайшылықтардың шегінен шығып асқынған түрі. Әлеуметтік шиеленіс шешілуі қажет әлеуметтік проблемаға байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір себептері, қозғаушы күштері болады. Сонымен бірге шиеленіс ұзаққа созылынуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.

Әрине, бұл берілген анықтама әлеуметтік шиеленіс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеленістің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.

Шиеленіс болуы үшін оның барлық алғышарттары пісіп-жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеленістерді өзара тығыз байланыста болатын элементтерден тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеленісті құрайтын элементтерге келсек, олар төмендегідей:

1) шиеленісті жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екі жақ болуы мүмкін. Бұларды шиеленістің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, улеуметтік жіктер, саяси партиялар, т. с. с. жатады.

Сол сияқты шиеленіске негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар - екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар да болуы мүмкін. Шиеленісьің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеленісті жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады. Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т. б.

Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез - құлықтарыңдағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келе бермейтін, бар мәселелерді ұрыс - таласпен шешуді қалайтын «қиын» мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеленістің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.

2) Шиеленісті орын алуы үшін қарама - қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама - қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір - бірімен қабыса бермейді. Шиеленісті жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р. Фишер мен У. Юри шиеленіс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты бітімге келтірудің қажеттігін айтады. Шиеленісті жағдайда субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама - қарсылығын айкын сезінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Саяси жанжалдар
Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп
Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Экономика саласындағы әлеуметтік шиеленістер
Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
Қақтығыстар мен шиеленістер
Әлеуметтану бойынша материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz