Көркем шығарманы оқыту



Жоспар.

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
1.Көркем шығарманы оқыту.
2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.

Әдебиеттер.
Кіріспе.
Көркем шығарманы талдау. Көркем шығарма үлгілерін класта, үйде оқу, жоспар жасау, ауызша, жазбаша мазмұндауының мазмұнын ұғынуды көздейді, ол бірақ оқудың бастауыш формасы ғана. Текстің мазмұны анықталған сон, енді талдап оқудың кезегі туады. Мұның орталығында геройларға мінездеме жасау, шығарманың композициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау (пейзаж, портрет), жанрды теныту, ен аяғында, жаттау, көркемдеп оқу міндеттері тұрады. Жоғарыда айткандай, бұл үш тыны бір-бірінен бөлмей, әдебиеттік оқу сабағының бірін-бірі толықтыратын тұтас жүйесі деп алу қажет.
Талдап оку дегенді көіт жайда алғашқы ұғынып оқудың нәтижесіне сүйеніп, сұрау, жауап әдісімен, балалардың өздеріне істету арқылы жүргіземіз. Мұнын мақсаты: а) шығарманың идеялык мазмұны мен көркемдік формасын бірлікте тұтас алып талдау; ә)образ-кейіпкерлерін аныктап, оларға түрліше (дараланған, салыстырмалы, топтастырылған түрде) мінездеме жасату; б)пейзаждык, суреттемелік тәсілдерін анықтау; в)композициясы мен сюжетін, оның элементтерін ашу, солардын кызметін таныту; г)шығарманың акындық-көркем тілін зерттеу; ғ)түрлі жанрдың табиғатын танытып, соған сай жұмыс әдістерін қолдану; д)осы ұғымдарды теориямен ұштастырып, бекіту міндеттері болмақ.
Осыған сай мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, кай жүмысты қай жерде кімнің жүргізетінін белгілейді. Талдау сабақтарында мұғалім түсінігінің орны біраз елеусізденіп, балалардың өздеріне істету, әңгіме әдісі бірінші орынға түседі. Бұл үшін әрбір міндетке сан өз тұсында арнаулы тапсырма, сұрау беріледі. Сол сұраулар негізінде әнгіме әдісімен талдау жүргізіледі. Кейде жеке балаларға баяндама беріліп, өзгелер соған пікір қосады. Кейде айтыс әдісі де қолданылады. Үйге және класта берілетін сұрақтардың жүйесінде мұғалім үлкен шеберлік көрсетуге тніс. Әңгіме әдісі тек шығарманың мазмұнын ұғыну түсында
Әдебиеттер.
1.Бітібаев.Қ. Әдебиетті терендетіп оқыту.-А.1999.
2.Қоңыратбаев.Ә. Әдебиет пәні методикасы.-А.1997.
3.Жаңа технологияларды пайдалану //Қазақ әдебиеті,2001,2ақпан.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Көркем шығарманы оқыту.
2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.
Әдебиеттер.

Кіріспе.

Көркем шығарманы талдау. Көркем шығарма үлгілерін класта, үйде
оқу, жоспар жасау, ауызша, жазбаша мазмұндауының мазмұнын ұғынуды көздейді,
ол бірақ оқудың бастауыш формасы ғана. Текстің мазмұны анықталған сон, енді
талдап оқудың кезегі туады. Мұның орталығында геройларға мінездеме жасау,
шығарманың композициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау
(пейзаж, портрет), жанрды теныту, ен аяғында, жаттау, көркемдеп оқу
міндеттері тұрады. Жоғарыда айткандай, бұл үш тыны бір-бірінен бөлмей,
әдебиеттік оқу сабағының бірін-бірі толықтыратын тұтас жүйесі деп алу
қажет.
Талдап оку дегенді көіт жайда алғашқы ұғынып оқудың нәтижесіне сүйеніп,
сұрау, жауап әдісімен, балалардың өздеріне істету арқылы жүргіземіз. Мұнын
мақсаты: а) шығарманың идеялык мазмұны мен көркемдік формасын бірлікте
тұтас алып талдау; ә)образ-кейіпкерлерін аныктап, оларға түрліше
(дараланған, салыстырмалы, топтастырылған түрде) мінездеме жасату;
б)пейзаждык, суреттемелік тәсілдерін анықтау; в)композициясы мен сюжетін,
оның элементтерін ашу, солардын кызметін таныту; г)шығарманың акындық-
көркем тілін зерттеу; ғ)түрлі жанрдың табиғатын танытып, соған сай жұмыс
әдістерін қолдану; д)осы ұғымдарды теориямен ұштастырып, бекіту міндеттері
болмақ.
Осыған сай мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, кай жүмысты қай жерде кімнің
жүргізетінін белгілейді. Талдау сабақтарында мұғалім түсінігінің орны біраз
елеусізденіп, балалардың өздеріне істету, әңгіме әдісі бірінші орынға
түседі. Бұл үшін әрбір міндетке сан өз тұсында арнаулы тапсырма, сұрау
беріледі. Сол сұраулар негізінде әнгіме әдісімен талдау жүргізіледі. Кейде
жеке балаларға баяндама беріліп, өзгелер соған пікір қосады. Кейде айтыс
әдісі де қолданылады. Үйге және класта берілетін сұрақтардың жүйесінде
мұғалім үлкен шеберлік көрсетуге тніс. Әңгіме әдісі тек шығарманың мазмұнын
ұғыну түсында ғана емес, әсіресе талдау сабақтарына қажеттірек.
Әрине, талдауды үнемі бір сарында, бір формада жүргізіп,
схемалауға болмайды. Мысалы, кішігірім әңгімелер тұсына
оның бөлімдері класта, үйде оқылып жоспар жасалып, мазмұндатылса, содан соң
геройларына мінездеме-беріледі, өлен жанры
тұсында образ кем болып келсе, оның бөлшектерін, тақырыбын
анықтай келіп өлең не жаттау, не көркемдеп оқумен көмкеріледі. Кейбір
өлеңнің композициясы мен тілін талдай келіп, оның
идеялык мазмұнына ой баса бөлінеді. Мұғалімнің басшылық
ролі әсіресе V—VI кластарға көбірек керек. Оку, талдау, көркемдеп оқу
дегеніміздін өзі жанр ерекшелігіне қарай алуан
түрде кездеседі. Текст тұтас оқылып бітпей жатып, тұтас талдау
жүргізуге болмайды. Бірақ онын бөлшегі окылғанда, жол-жөнекей композициясы,
геройлары бөлек әнгімеленеді. Ол кейінгі
тұтас талдауға негіз болады.
Кейбір методиетер кысқа өлеңді қайталап, көркемдеп, байыптап оқудың өзі
де талдау дейді. Мысалы, методист Бочаров: V—VI класс окушыларынан өлеңнің
әдеби мінездемесін немесс оның идеялық мәнін корытып айтуды емес, сол
тексті түсініп, көркемдеп оқи білуді талап ету жеткілікті (жаттау, текске
жақын түрде мазмұндау),— дейді.
Ш ы ғ а р м а н ы ң к е й і р к е р л е р і. Г. В. Плеханов: Көркем
шығарманы талдау дегеніміз оның идеясын түсініп. формасын білу деген сөз.
Сыншы "мазмұнды да, түрді де бірдей камтуға тиіс. Ол әрі эстет, әрі ойшыл
болуға міндетті,2 — дейді. Басқаша айтқанда, ол мазмұн мен түрдің бірлігін
сақтап талдау керек дегенді ұсынады. Шығарманын формасына образдар, жүйесі
жатады. Әрине, тілдігі образдылық пен адам характеріне байланысты
образдылықты бір деп түсінуге болмайды. Тіл, сюжет, композиция, суреттеу
элементтеріде формаға жатады. Бірак бұлар—характер, тип жасауға кізмет
істейтін жәрдемдеуіш формалар. Талдаудың орталығында адам образы түрады.
Көркем шығарманың әсері де ондағы адам түлғаларынын білімдік-тәрбиелік,
көркемдік-эстетикалык күш-қуатында.
Шығармадағы адам образдары әр түрлі кезең, дәуірден алынады. Образ арқылы
біз белгілі бір дәуірлердің әмір шындығын, қайшылығын танып білеміз.
Образдар жүйесін талдағанда ек алдымен сол образдардың табиғатын, өскен
ортасын, соларды тудырған жағдай мен себепті анықтау қажет. Автордың
шебергі сол кайшылықтарды каншалықты дәл, тереңкөрсете білуіне Бальзак:
Талант дегеніміз адам журегін билеген жұмбактардын себебін аныктауда,—
деген. Ол жұмбақтар коғам өмірімен байланысты. Әрбір тулға түрліше ортанык
өкілі болғандықтан, олардың табиғатында зор апырмашылык, тартыс, элементі
бар. Образдарды талдағанда, мұғалім жай өмір теориясімен бірге адам
тұлгалары аркылы көрінетін осы тенденцияларды да анықтайды. Автордың
ұнатқан не ұнатпаған образдары болады. Сондықтан образдарды жай характер
ғана депалмай, оны автор идеясының да сәулесі, үлкен коғамдық
проблемалардың түйіні деп те караймыз. Образда өмір философиясы, зор
диалектикалық кайшылык бар. Ол қайшылык қоғам өмірінен туа отырып
(себеп), кейде адам тұлғасынан, тіпті автор көзкарасынан да орын алуы
мумкін. Бұл — заман жағдайынан туатын заңдылық. Осы заңдылықты
социологияламай, өз дәрежесінде ашып, соған бүгінгі өмір тұрғысынан да баға
берілу қажет.
Әрине, шығармадағы алам бейнесін өмір көрінісінің жай көшірмесі,
фотографнялық кұбылыс деп алып, характердің табиғатын жалаң ғана олардың
тегінен, табынан іздеу кейде жетімсіз. Олай болғанда, Қозы, Баян, Қамар,
оның әкесі Омар ағасы Касен өзінің шыққан ортасына карай ұнамсыз образ
болар еді. Белгілі бір тарихи заманнан алынған образдар жүйесіне, әсіресе
классиктер тұсында, бұлай келе беруге болмайды. Олай еткенде заманның өз
кайшылығы, адамдардын характері, тенденциялар теория анықталмайды. Әрине,
анықтаптык сананың көрінісі болған Тұрлығұл, Итбай, Жорга Нұрым, Қалтан,
Оспан би, Кұнанбай, Әжібай, Жұман, Игілік сиякты образдардың өз ортасына
тән сипаттарын ұмытуға болмайды. Тек образдарды талдағанда әңгімені жалаң
солардың тегінен бастамай, мүддесінен, ісінен, тұлғасынан, типтілігінен
бастаған жөн. Өйткені оларды бала алдымен әдеби образ, адам характері деп
түсінуге тиіс. Бұлай еткенде балалар пәленше пәлен таптың адамы, сондыкган
керексіз деп мәселеге үстірт келмей, олардың характерінде нендей ерекшелік
бар, ол неліктен солай көрсетілгендейтін кәркем әдебиетке тәнірек,
жақынырақ мәселеден бастап, сол негізде әлеуметтік характерлерге әдеби баға
беретін болалы. Ал біздін мектептеріміздегі талдау характерге негізделмей,
кейде жадағай бағалауға күрылып жүр. Осыған карсы методист В. В. Голубков;
Тұрпайылаушы соцнологияның өріс алған кезінде мұғалімнің негізгі мақсаты
Владимир Дубровский яки Гсинёв сияқты кейіпкерлердің таптык мүдделерін
әшкерелеу жағында болды да, солардың тәрбиелік мәнін өрескел төмендетті,—
деп Жазады. Енді осы кезде педагогикалық тәжірибеде тұрпайылаудың екінші
бір түрі пайда болған. Журт талданатын характерлердін кайшылығын қойып,
оларды идеалдық түрде, сырлап көрсетеді,— дейді тағы Голубков.

V—VIII класс окушыларына керегі философиялық түйіндеу емес, тексті окып
үйрену, әдеби образ дегеннің сырын түсіну болғандықтан, бүл түрдегі
тұрпайылықтың екеуінен де аман болған жөн. Өйткені ондан терен
түйіндеулерге баланың білім дәрежесі, жасы әлі өсіп жетілген жоқ. Мәселені
қиыннан емес, онайдан, әдеби образдардың кім екендігінен емес, қалай
көрсетілгендігінен, солардың тұлғасынан, тартыс-таластарынан бастап,
алдымен текске сүйеніп, әдеби характердің. Өзін таныту керек. Сол негізде
ғана олар терең жинақтауға келеді. Ылғи жадағай бағалау тәуеліне көшсек, ол
баланың есінде калманды. Қалмайтыны бала сол образдардың ішкі тынысын,
ерекшелігін жетік талдап, содан терен әсер алған жоқ. Бұл тәсіл көркем
шығарманың эстетикалык нәрін танып, сол негізде тәрбие алуға орасан зор
нұқсаң келтіреді.
Образ талдаудың өзін біздің кейбір окулыктарымыз жеке адам тізіміне
айналдырып, оларды ақылды, тапқыр, сұлу, шешен өжет немесе жауыз, кара
жүрек, бай, кедей деген сияқты дайын сипаттармен баяндап жұр. Қамар сұлу
акылды болғаны үшін, Итбай өзінің кара жүректігі үшін ғана образ болып
тұрған жоқ, коғамдық жағдайдан туған табиғи талабы, арманы, шынайы мінезі
үшін образ болып тұр. Калың малдағы: Итбайдың психологиясында сол кездегі
ұсақ буржуазияға тәнірі баиларға жетемін деген, бірак өмір заңына
үйлеспеген иллюзиянын танбасы бар. Оның арманы — баю, жеке меншік. Ал
Ғайшада өзінің бас бостандығын іздейітін адамдық, әділ талап бар. Бүл
реттен Итбай мен Ғайшанын мүддесінде де зор карама-карсылык бар. Итбайі
әдетке жүгінсе, Ғайша сол әдетке қарсы. Ал Тұрлығұлдармен салыстырғанда
Итбайдың халі мүшкіл, тұрақсыз. Сондықтан ол ақырында Медеу, Серғазылар
ортасынан сүйеніш іздейді. Окушы әрбір образдын өз басындағы осындай
кайшылыктарды дәл танып, соның себебін танығандай болуы қажет. Ол үшін
әуелі Итбайдың барлык ісін, мінез-құлқын, тұрмыс калпын жете талдап алып,
сонын өзін түрлі ортамен байланыстырып семьяда, Медеу, Серғазылар
ортасында, Тұрлығұлмен карым-қатынаста алып, жан-жакты талдау керек. Сонда
оның өзіндік характері балаға дәл жетеді де, топшылап, бағалауға да жағдай
туады. Әрбір образ осылай талдануға тиіс.
Бұл түста объектив себептерді аныктауға көніл жете белінуге тиіс.
Итбайдың мінезінде заманға тән объектив себептор бар. Ол капиталистік қарым-
қатынастын туып, елдің екі жакты қанауға душар болуы, шаруа психологиясы,
феодалдык салттың мығымдығы, тап күресінін жаңа формаларынын туа бастауы
сиякты жойттер. Мұнсыз ешбір образды түсініп болмас еді. Ғаишанын Кожашка
ғашык болуының объектив себебі оның мойнына түскен Тұүрлығұл кұрығында,
ескі салттын күшінде. Осының бәрі әрбір образдын мінезінен ісінен, автор
мотивировкасынан жақсы көрінеді. Соны тану үшін бала текспен жұмыс істеп,
көп жәйттерді өз тұрғысында талдайды. Осындай даралап талдау ғана тұтас
түйіндеуге әкеледі және осының бәрін мұғалім айтпай, балалардык өзіне
істету, сүрау, жауап әдісі аркылы ғана таныту керек.
Әдебиеттің тікелей әсері образдан алынады десек, олардын әсері әр алуан.
Ол көбіне ортаға, заманға байланысты. Мысалы, Нарсұтбай, Ваня Солнцев,
Мсресьев, Павел Власов образдарынан жас бала коммуннстік мораль, тәрбие
алады, соған еліктейді, кұмартады. Ал Қалың мал, Қамар сулу, Абай
жолы романдары ,Бас кескен балта сияқты үзінділсрдің тәрбиелік мәні
олардын нәрін салыстыруға негізделеді. Бірақ сол салыстырудың өзінде аса
зор коммунистік тәрбие, білім элементі бар. Бала сол салыстырудан ескі мен
жаңаның аспан мен жердей айырмасын, бүгіннің мәнін теренірек ұғынады.
Эгоизм, дарашылдық, опасыздык, зорлық, надандық Карабай, Қодар, Итбай,
Оспан би, Әжібай бейнелерінен көрінсе, Козы, Баян, Камар, Ғайша, Ахмет,
Серғазы тұлғаларынан халықтық мінез, ескімен жауласкан өзгеше бір
қаһармандықтын, әділет идеясының көрінісі танылмақ. Ең аяғында сол
проблемалардың Октябрьден кейін қалай шешілгені де әңгімеленеді. Бұл тұста
бала ескіге бүгіннін биік мұнарасынан көз жібереді. Мұнын мәні жаңа
тақырыпқа жазылған шығармадаи кем емес.
Кейбір образдардың табиғатын, мысалы, орыс- әдебиетінде Гринёв, Вл.
Дубровский, қазақ әдебиетінде Омар, Касен, Сарыбай, Бөжей сияктылардың
тұлғасын бірден тану киын. Өйткені олардың тұлғасында, тегінде кайшылык
мол. Мұндай жерде олардың тұлғасын тарихи жағдайға қойып, әлді-әлсіз
жағын даралап талдатып, өзінің бар шындығымен тағыту кажет. Бірак соның
өзінде де олардын тұлғасы бедгілі бір адамдарға карсы қойылған. Егер осы
тарихи әдісті қолданбасак, олардың басындағы қайшылык толық дәлелденбейді,
образдың мәні балаға барып жетпейді. Ақын тұлғасы жөнінде де осыны айтамыз.
Абай неге тарихи материализмді түсінбеді деу тарихи жағдайды түсінбеу болып
шығады.
Мұның бәрі қажеттік шығармаларға тән белгілер, ал лирикада акыл ойымен
тұлғасы бірінші орынға түседі. Абай жолы романында ақын образы этникалық
стильде берілсе оның өлеңдерінде Абай бейнесі бізге бірде ойшыл демократ,
бірде шығармалық образ болып көрінеді, Жамбыл Калбаев, Сокен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров, С. Мұқанов поэзиясындағы жай да солай. Ақын образында
заманның түйінді проблемалары, ой-санасы, халықтың арман-зары, куанышы мен
ісі бар. Сондықтан лирикалык образ талданғанда, осы ерекшеліктерді дәл
таниту кажет. Акын образының әсері аса зор.
Әрбір адам—тип, сонымен бірге, айқын кескіні бар тұлға. Оның мәнісі
әрбір образда даралау мен жинақтаудын орны бар. Образдауда қиялдаудын үдееі
зор. Суреткер табиғаттан (өмірден) тікелей көшірме алмаяды, соған ұқсас
шынайы мүсін жасайды, творчестволық процестін сыры осында,—дейді Гончаров.
Тип—жинақтау, тұлға—даралау. Тип тұлғалардын жан қосындысы емес, мүсіндік
синтезі. Бұл екеуін бірлікте алып карау керек. Геройдың даралық мінезі
болмаса, оның өзіндік, дара характері болмай шығады да, әсері кемиді;
Әдебиеттік оқу тәжірибесінде талдауды бірден типтен бастау іске қиындық
келтіреді. Талдауды онда тұлғадан, дара характерден бастап, сол негізде
ғана жинақтауға (типке) келген жөн.
Тип, типтілік деген үғыммен біз окушыларды көбіне IX—XI кластарда
таныстырамыз. Бұл термин жеке элемент ретінде тек VII—VIII кластарда ғана
көріне бастайды. Сондықтан әдебиеттік оқу түсында бүл терминдерді орнымен
ептеп-ептеп қана айтамыз (қорытынды). Әңгімені бірден геройдың шыққан
ортасынан, тегінен, көзқарасынан бастасақ, мұның аты талдауды даралық
характерден емес, жинақтаудан (тип элементінен) бостағандық болады.
Типпен прототип (типология) байланысты, бірақ бір-бірімен тең емес Образдын
қуаты кейде жалан жинақтаудан емес, даралык психолоғиядан көбірек
байқалады.
Мысалы, Қалың малдағы Итбайдын қай топқа жататындығынан бүрын өзіне ғана
тән мінезі, ісі, ой-санасың тұлғасы, психологиясы өте шебер, айкын
көрінген. Әжібай бейнесі де солай. Оның касында Тұрлығүл тұтастау
көрсетілген Итбай, Әжібай сияқты психологиясы жақсы көрінген образдар
тұсында мүғалім балалармен көбірек жұмыс істеп, әдеби образдын ерекшелігін
теренірек танытуға әрекеттенеді.
Геройларға мінездеме жасау. Тексті талдағанда мұғалім өмірдегі кәдімгі
адамдарды емес, шығарманың көркем образдарын зерттейді, бүл үшін ол Совет
психологиясының қағидалары мен әдебиет ғылымының принциптерін жақсы білуғе
тиіс,— дейді методист В. В Голубков.
Н. В. Гоголь суреткер мен артистің әдісін екі түрлі деп түсіндірген.
Жазушы әуелі геройдын түтас, басты суқпаттарын белгілеп алып, ұсақ-түйекті
соған косымшалайды, ал артист көбіне талдаушы (аналитик) болғандықтан,
әуелі герой мінезіндеп ұсақ, жеке белгілерді біліп алып, сол негізде оның
тұтас тұлғасына келеді. Шығарманың образдарын талдап, оған мінездеме
жасағанда V—VIII класс мұғалімдері де көбіне осы сонғы әдіске сүйенеді.
Талдау сабактары үшін жинақтаудың басы — тексті оқып үғыну (кіріспе сөзі
ішінде), аяғы — әрбір геройдын табиғатын белгілеп, қорыту болмақ.
Такырып пен автор идеясында да жинақтаудың орны бар Сондықтан мінездеме
тұсындағы талдауды белек-салақ әдіс де қарамаймыз. Бірақ өз орнында оған
уақыт, көңіл бөліп, арнайы тоқталмай болмайды. Талдау — оқудан кейінгі
әдеби текспен жұмыс істеудін ең басты буыны. Көркем шығармадан терен әсер
алу үшін оны оқып ұғыну тіпті жетімсіз, сонымен бірге онын геройларын,
суреттеу тәсілдерін, композициясы мен тілі, тақырыбы мен идеясын нақтылы
талдап, әдеби ұғым да але білу қажет. Сонда алғашкы оқудан туған жай әсер
терекдеп, баланын сезімімен, ақылынл өтіп, саиллы, көркем әсерге аипалмақ.
Баланын ойсанасын, мінез-кұлқын қалылтастыру ретінен бул аса жауапты
педагогикалық процесс. Егер талдау ұқылты, кызықты, нақтылы болса,
муғалім окушылардың жан сарайын билеп, олардын коммунистік көзқарасын тез
тоқиды, жасайды.
Мінездеменің элементтері мен принциптері мыналар: а) әдеби образды бір-
бірінен бөлек, заман жағдайынан жырып алыл, формалистік рухта талдауға
болмайды, олардың өмір сүрген заманы, кандай әлеуметтік ортаға тән
екендігі, образдың коғам өмірінен алып тұрған орны, қызметі анықталады; ә)
геройдын өзіндік мінез-кұлкын, характерін дәл анықтау керек. Герой
характері онын қоғамдык және семьялық өмірінен, күн керісінен, салтынан,
көзкарасы мен әдетінен, іс-әрекетінен, мінезінен, басқаларымен қарым-
қатынасынан көбірек байқалады. Кай эпизодта қандай герой пайда болды,
олармен басты геройдың мәмлесі немесе тартысы неде, сол эпизод тұсындағы
суреттерден геройдың дәл кандай мінезі көрінеді дегенге текст бойынша
кеніл жете аударылады; б) бұдан баска геройды толыктыратын оның портреті,
герой сөзі, пейзаж бен оның жағдайын баяндайттін суреттері болады (үйінің
ішкі-тыскы көрінісі, кәсібі, мүлкі, кұралы т. б.)- Сәбит Муканов портретті
(геройдың сырткы көрінісін) көбіне бір дуркін берсе, М. Әуезов оны
бөлшектеп, әр килы, геройдың түрліше күйіне, психологиялық кұбылыстарға
байланыстырып баяндайды. Статикалық (тұтастырған) портреттен
психолопиялық портрет қиындау, бірақ әсерлірек. Оны бағла ұсақтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Көркем шығарманы оқыту әдістемесі
Көркем мәтінді оқытуда авторлардың өмірбаянын оқытудың маңыздылығы
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
Көркем шығарманың оқытудың тиімді жолдарын қарастыру
Әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕЙ ОҚЫТУ
Көркем шығарманы оқытудың әдістемесі
Көркем шығарма тілі – мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту құралы
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары
Пәндер