Инвестициялық қызметтің халықаралық және ұлттық құқықпен реттелуі


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
1. Инвестициялық қызметтің түсіңігі және шетел инвестициялары ның халықаралық-құқықтық реттелуі . . . 7
1. 1. Инвестициялар және инвестициялық қызметтің түсінігі . . . 7
1. 2. Шетел инвестицияларын көпжақты халықаралық актілер арқылы реттеу . . . 10
а) «Мемлекеттер мен шетел тұлғалары арасындағы инвестициялық
дауларды шешу тәртібі туралы» 1965 жылғы Вашингтон Конвенциясы . . . 12
б) «Инвестициялардың кепілдіктері жөніндегі Көпжақты агенттіктің құрылуы туралы» 1985 Сеул Конвенциясы . . . 14
1. 3. «Шетел инвестицияларың қолдау және өзара қорғау туралы» екіжақты келісім-шарттар . . . 15
2. Инвестициялардың құқықтық және институтық реттелуі . . . 22
2. 1. Инвестициялардың шет елдердің және Қазақстан Республикасының ішкі заңдар бойынша құқықтық реттелуі . . . 22
2. 2. Инвестициялардың институтық реттелуі . . . 38
Қорытынды . . . 43
Библиография . . . 47
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздікті жариялағаннан кейін Қазақстанда бизнес және инвестиция үшін қажетті құқықтық базаның берік үргетасы қаланды. Оның негізінде мемлекеттік және жекеменшікті қорғауды, әркімнің кәсіпкерлік қызметке еркіндік құқығын, әртүрлі заңды кәсіпкерлік қызмет үшін өз меншігін еркін қолдануды көздейтін конституциялық қағидалар мен нормалар жатыр. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды жеткілікті деңгейде реттеуге, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және эканомиялық негіздердің айқындауға, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын инвесторлардың құқықтарың қорғауға, инвесторлардың мемлекеттік қолдаушараларын ұйымдастыруға, инсвестициялар қатысатын дауларды әділ шешуге ұмтылады.
Инвестициялық қатынастарды ұлттық және халықаралық дәрежеде құқыктық реттеу жүйесін қалыптастыру тиісінше ұлттық және халықаралық инвестициялық құқықтың қалыптасуына әкеліп соғады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық қатынастарды инвестициялық қызмет аясындағы барлық қатынастарды реттеуге жататын заңдар мен заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілер жүйесі арқылы құқықтық реттеу экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу жүйесінен инвестициялық құқықтың бөлінуін рәсімдеуге келтірмеді. Қазақстанда инвестицияға аз көңіл беріледі деуге болмайды, бірақ оны өзінің арнайы заңнамасы бар жеке салаға бөлу дүрыс болар еді.
Құқықтық тұрақсыздық инвестиция тартуға кедергі келтіретін себептердің тізімінде төменгі орында емес. Кез-келген шетел инвесторы, қандай да болсын елдің нарығына келер алдында ең бірінші ретте оның құқығы мен міндеттері, кепілдіктер мен оның мүддесін қорғау тәсілдері анық және айқын жазылуы тиіс заңнамасын оқып танысады.
Шетел инвесторларын тартқысы келіп түрған Қазақстанның алдында дамыған және ішінара қайшылықсыз инвесторлардың мүддесін жүзеге асыру және қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін заңнама жүйесін жасау міндеті түр. Осының нәтижесінде инвесторларға байланысты ұлттық заңнамаға инвестициялық қызметті жақсарту үшін, мемлекеттік реттеу жүйесін құру үшін көптеген толықтырулар мен өзгертулер жасалынған болатын. 2003 жылдың 8-ші қаңтарда инвестиция туралы заң қабылданды.
Бұл заң ТМД мемлекеттерінің инвестицияға байланысты ұлттық заңнамаларының ішінде ең жемісті, жоғары талаптарға сай заң деп айтуға болады. Мұнда шетел инвесторлар үшін үлкен жеңілдіктер, яғни салықтық преференциялар, кеден баждарынан босату, мемлекеттік заттай гранттар берілген. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы бойынша алғаш рет мемлекет шетел инвесторын отандық инвестормен бір деңгейге қойды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған мәселе халықаралық және ұлттық заңгер, теоретик ғалымдардың назарынан тыс қалмаған және де бұл тақырыпқа заңгер ғалымдар өз еңбектерін арнаған. Олардың ішінде; М. К. Сулейменовтың «Право и иностранные инвестиции в Республике Казахстан», Мауленов К. С. «Правовое регулирование иностранных инвестиции в Республике Казахстан», Кулагин Г. И., Перельман М. Г. «Упровление инвестиционным процессом в европейских странах СЭБ»
Біздін кішігірім еңбегімізде аталған тақырыптың зерттелу деңгейінде азда болсада өз үлесін қосады деген үметеміз.
Зертелу мақсаты мен міндеті. Зертелу мақсаты болып - инвестциялық қызметтің халықаралық және ұлттық, яғни Қазақстандағы құқықтық реттелу мәселесіне талдау жасау, кем тұстарын анықтап теориялық қортынды жасау. Зертеудегі міндеттері болып осы мәселеге арналған құқықтық әдебиеттерді және нормативті - құқықтық актілерді қарастыру, инвестиция және инвестициялық қызмет түсінігін ашу, инвесторлардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі құқықтарың мазмұндау болып табылады.
Зертеудің объектісі мен пәні. Жұмыстын зерттеу объектісі болып халықаралық және ұлттық деңгеидегі инвестициялар мен инвестициялық қызметтің жай күйін зерттеудің пәні болып инвестициялық қызметке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері және осы құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылуы прцессінде туындайтың қоғамдық қатынасар танылады.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста пайдаланған зертеудін әдісі мен қағидалары;
- Жалпы ғылымдық-объективтілік принціпі; таным принціпі; формальдік логика әдісі; синергетика әдісі және жүйелік әдіс-тәсіл.
- Арнайы немесе жеке - формальді - құқықтық; салыстырмалы - құқықтық; тарихи - құқықтық; түсіндіру - анықтау тәсілі;
Жүргізілген жұмыстың мәліметтер қорын төменгі құжаттар құрайды; Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы заңдар, БҰҰ-ның аясындағы қабылданған құжаттар және өзге де конвенциялар, Қазақстан Республикасының екі жаққты және көп жақты - аймақтық келісім - шарттар. Зерттеудің әдіснамалық дерегі болып Қазақстандық, Ресейлік және де шетелдік заңгер ғаламдардың зерттеулері пайдалынады.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
1. Қазақстан Республикасыың инвестициялар туралы қолданыстағы заңдарында инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттардың, сондай - ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жоғарлық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған заттардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту деп анықталған. Бұл анықтама біздің пайыздауымызша толық емес және ол инвестициялардың нормативтік мазмұнын жеткілікті түрде аша алмайды. Анықтамада инвестицияның басты белгісі - «пайда табу мақсатына» тура нұсқау жоқ.
2. Республикамызда шетел инвесторларына ұлттық инвесторлармен бірдей деңгейлер жағдай жасалған. Бұл Қазақстанның шетел инвестицияларының ел экономикасына құйылуына әлі де мүдделі екенідігін көресетеді. біздің ойымызша еліміздің экономикасының шетел инвестицияларына тәуелділігінің деғгейі егемендігіміздің алғашқы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Сондықтан біз инвестициялардың (әсіресе шетел инвестицияларының) елімізге келтірілуіне аса тиімді жағдайлар жасау артық шара деп есептейміз. Сонымен қатар, ұлттық инвесторларға шетелдік инвесторлармен салыстырғанда қолайырақ жағдайлар жасап, басымдықтар беру дұрыс болар еді деп болжаймыз.
3. Қазіргі кезде шетел инвестицияларының құқықтық реттелуі екі ж деңгейде асырылады: ұлттық құқықтық және халықаралық - құқықтық деңгейде. Шетел инвестицияларымен байланысты қатынастардың ұлттық - құқықтық реттелуінің кемшіліктері халықаралық - құқықтық реттеумен алмастырылып, толықтырылуы мүмкін. Халықаралық шарттармен шетел инвестицияларына берілетін кепілдіктерді мемлекет бірпжақты алып тастай алмайды, сондықтан да шетелдік инветицияларды халықаралық - құқықтық реттеудің шетел, инветорлары үшін маңызы зор. Сондай - ақ реттеу жүйелерінің бір - бірімен алмастыру мүмкіндігі әділдік және демократизм қағидаларын нақтылай түседі.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Аталмыш тақырыптағы менім еңбегімді арнайы орта және жоғарғы оқу орындарындғы юристпруденция мамандықтарындағы тиісті пәндер бойынша дәріс ретінде пайдалануға болады деп есептеймін. Тәжірибедегі мамандар үшін де бұл еңбек көмекші құрал төлін атқаруға қабілетті.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, әрқайсында бірнеше тармақ көзделген. 2 тараудан, қорытынды жәе библиографиядан құралған. Жалпы көлемі - 50 бет
1. Инвестициялық қызмет түсінігі және шетел инвестицияларының халықаралық-құқықтың реттелуі.
1. 1. Инвестициялар және инвестициялық қызметтің түсінігі.
Ғылыми әдебиеттерде "инвестициялар" түсінігіне көп көңіл аударылған. Инвестициялар түсінігінің анықтамасы экономикалық және заң ғылыми әдебиеттерінде өте көп. Бірақ берілетін барлық анықтамалар толық емес деп айтуға болады, онда тек инвестицияларға тән қасиеттер ғана көрсетілген.
"Инвестициялар" ағылшын тілінен аударғанда (investments) "капитал құю" дегенді білдіреді, сол себепті "инвестициялар" және "капитал құю" сөздері синоним сөздер болып табылады1.
М. И. Кулагиннің айтуы бойынша, инвестициялар экономикалық тұрғыдан өндіріске, көлікке, ауыл шаруашылығына және де ұлттық экономиканың басқа да салаларына пайда алу мақсатымен ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын құю дегенді білдіреді2.
Ғылыми әдебиеттерде инвестициялардың құқықтық аспектісі де қаралады. 1966 жылдың конгрессінде капиталдың рецепиенттері болып табылатын Халықаралық құқық ассоциациясының қатысушылары шетел инвестицияларына келесі анықтама берді: "Инвестиция - бүл инвестор-мемлекеттен пайдаланушы-мемлекетке өндірістік кәсіпорын немесе қызмет көрсетуге байланысты кәсіпорын құру мақсатымен капиталдың қозғалысы".
2003 жылдың 1 тамызындағы "Шетел инвестициясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, инвестициялар - пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік қызмет объектілеріне инвесторлармен салынатын затты құндылықтардың барлық түрлері мен оларға құқық және де интеллектуалдық меншіктерге құқық болып табылады.
Бұрынғы 1991 жылдың 10 маусымдағы "Қазақ ССР-ғы инвестициялық қызмет туралы" Қазақ ССР Заңында инвестициялар анықтамасы кеңірек болған. Бүл заңның 1 бабына сәйкес, инвестициялар - бүл қаржылық және материалды-техникалык кұралдарды қүюдың барлық түрлері және де әлеуметтік, экономикалық экологиялык, ғылыми-техникалық пайда алу мақсатымен кәсіпкерлік қызметке салынатын затты құқықтар және интеллектуалдық құндылықтар.
2003 жылдың 8 қаңтарындағы "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында инвестициялардың анықтамасы мынадай: "Инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға құкықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған заттардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту".
Шетел авторлары еңбектерінде инвестицияға "шетел инвесторына жататын кез-келген мүлік жатады, оған қоса осы мүлікпен байланысты әртүрлі құқықтар мен мүдделер де жатады".
Г. Шварценбергер инвестицияларға тікелей және портфельді инвестициялар, орта айлық және ұзақ мерзімді несиелер және займдар, және шетелдегі кез-келген мүлік, құқықтар мен мүдделерді жатқызады. Оның ойынша, "инвестициялар" және "меншік" терминдері синоним ретінде қаралуға міндетті3.
А. Г. Богатырев, Г. Шварценбергтің инвестициялардың құқықтық жағдайы туралы айтқан анықтамасы дұрыс деп белгілеп отыр: шетел инвестициялары шетел меншігінің әртүрлі нысандарында көрінеді, ол басқа мемлекеттің территориясында капиталды иелену, оған билік ету және пайдалану құкықтарымен байланысты жеке меншік4.
Бұл авторлармен жеке меншік - құқықтық категория ретінде "шетел инвестициялары" түсінігінің міндетті элементі деп келісе отырып, шетел меншігі дегеніміз не, меншіктің қандай белгісі бойынша оны шетелдікке жатқызуға болады? "Шетел инвестициялары туралы" және "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарының нормаларын сараптай келіп, бұл мәселе осы заңнамада дәл және дұрыс реттелмеген. "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабына сәйкес, шетел инвесторларына келесі жеке тұлғалар жатады: шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел мемлекетінде тұрақты тұрып жатқан шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары.
Осыдан шығып, мынаны айтуға болады: Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар шетел инвесторлары бола алмайды және олардың Қазақстан Республикасының территориясына құйған инвестициялары шетел инвестицияларына жатпайды. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың инвестицияларын шетел инвестицияларына емес, ұлттық инвестицияларға жатқызу дүрыс па, дүрыс емес пе? "Шетел меншігі" анықтамасы мүнда жеке тұлғаның азаматтығына байланысты емес, оның тұрақты мекен-жайына байланысты болады. Басқаша айтсақ, валюталық заңнама бойынша "резидент" және "резидент емес" деп айтамыз. Яғни "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабында резиденттерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан жеке тұлғалар, сонымен қатар, шетелде уақытша жүргендер жатады, ал резидент еместерге қалған басқа тұлғалар жатады.
Бір мәселе шешілмей қалып отыр: шетелден келетін ұлттық инвесторларға жататын құралдарды шетел инвестицияларына жаткызуға бола ма? Инвестор-мемлекеттен пайдаланушы- мемлекетке капиталдардың қозғалысы ретінде болса, онда болады. Ал егер заң бойынша болса, онда болмайды. Бұл мәселе өзінің заңдық шешімін табу қажет.
Шетелдік құралдардың шетел инвестицияларына жатқызудың ғылыми әдебиеттерде тағы да бір белгісі - ол шетел инвесторының алатын пайдасы. Бұл белгі бойынша өндірістік, әлеуметтік немесе басқа объектіні құруға мемлекетке берілген қайтарылмайтын құралдар инвестициялар бола алмайды.
Н. Н. Вознесенскаяның ойынша, егер де қүралдар мемлекетке сыйға тартылса, онда тараптардың арасында пайда болған қарым-қатынастар инвестициялық мәселеге әсерін тигізбеу керек. Мұнда инвестициялық катынастарды бекіткен кезде міндеттер кешені пайда болмайды5.
Менің ойымша, бұл позиция дұрыс болып табылады, себебі "капитал", "капитал құю" түсініктері пайда алуды білдіреді.
Шетел инвесторының экономикалық белсенділігі, өндірістік қызметінің ролі өте жоғары. Бірақ оларды шетел инвестициясы түсінігінің белгілеріне емес, берілетін капиталдың пайдалануының эффектісі туралы мәселесіне жатқызамыз. Капиталдың рецепиент-мемлекеті қажетті құралдарды алуға көңіл аударады да, белгілі бір мүддені жүзеге асыру үшін кететін бұл құралдарды кім және қалай пайдаланады: шетел инвесторы ма, отандық өндіруші ме - бұл басқа мәселе.
"Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 14 сәуіріндегі заңында тікелей және портфельді инвестицияларға түсініктер берілген. Заңды тұлғаны тікелей немесе жанама бақылауға алу мақсатындағы капиталдарды құю тікелей инвестициялар деп атайды (1 бап. 10т. "а" тармақшасы) . Салынған капиталдан табыс алу мақсатындағы капитал салымдары портфельді инвестициялар деп аталады (1 бап. 10т. "б" тармақшасы) .
Тікелей мен портфельді инвестициялар бұл заңның 1 бап 10 тармағына сәйкес "капитал қозғалысымен байланысты валюталык операциялар" деген жалпы түсінікке біріккен. Егер де бұл заңның анықтамаларына келетін болсақ, тікелей инвестициялар портфельді инвестициялармен салыстырғанда үлкен экономикалық белсенділікке ие, олар заңды тұлғаны бақылауға алуға бағытталған, сондықтан да бүл заңды тұлғаның қызметіне араласуға мүмкіндік туады. Өкінішке орай, 1996 жылдың 24 желтоқсанындағы "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңында тікелей және портфельді инвестицияларға берілген анықтамалар жоқ.
Шетел инвестицияларын қүқықтық реттеудің ең негізгі қайнар көзі болып, қабылдайтын елдің ұлттық заңнамасы болады. Халықаралық актілер кейбір инвестициялык қатынастарды реттейді, бірақ та олар ұлттық заңнаманы ауыстырмауы тиіс6.
Жоғарыда айтылғанның барлығына мынадай нәтижелер шығаруға болады:
- "шетел инвестициялары" түсінігі құқықтық категория ретінде шетел меншігінен тұруы керек.
- Шетел инвестицияларының міндетті белгісі пайда алу болып табылады.
- Инвестициялық қатынастар әртүрлі құқықтық жүйелермен реттеледі:экспортер-мемлекеттің, импортер-мемлекеттің күқықтық жүйелерімен, халықаралык экономикалық қүқықтық нормаларымен. Белгілі бірмемлекеттің территориясындағы шетел инвестициялардың құқықтықжағдайы ұлттык заңнамамен, және де халықаралық .
Инвестиция түсінігінің бұл анықтамалары толық, әрі соңғы деп айтуға болмайды. Бірақ та, қалай болса да, инвестицияға түсінік берілді деп ойлаймын және «инвестициялық қызметке» түсінік беруге тура келеді.
Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз - инвестициялармен байланысты капиталдарды қүю, мемлекеттік реттеу, контрактілерге қол қою және басқа да қызметтерден тұратын инвестициялық қызмет.
1. 2 Шетел инвестицияларын көпжақты халықаралық актілер арқылы реттеу.
Қазіргі заманның жағдайларында шетел инвестицияларының құқықтық реттелуі екі деңгейде жүзеге асырылады: ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық деңгейде. Шетел инвестицияларымен байланысты қатынастарының ұлтгык-кұқықтық реттелуінің кемшіліктері халықаралық-құқықтық реттелумен алмастырылуы мүмкін. Ұлттық заңдармен шетел инвестицияларына берілетін кепілдіктер жаңа заң қабылданғаннан кейін кез-келген уақытта алып тасталуы мүмкін. Халықаралық шарттармен шетел инвестицияларына берілетін кепілдіктерді мемлекет біржақты алып тастай алмайды, сондықтан да шетел инвестицияларды халықаралық-құқықтық реттеудің шетел инвесторлары үшін маңызы өте зор.
Шетел инвестицияларының халықаралық реттелуі шын мәнінде 60-шы жылдары Азия мен Африкада жаңа мемлекеттер пайда болғаннан кейін қалыптаса бастады. Ұлт-азаттық көтерілістердің нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекеттерде осы мемлекеттерге келген шетел жеке капиталдармен арасындағы қарым-қатынас мәселелерін шешу қажет болды. Көпшілік жағдайда бұл мәселелер шетел жеке меншігін ұлттандыру және жаңа мемлекет пен шетел жеке инвесторы арасында туындайтын дауларды шешу жөнінде болды.
Шетел инвестицияларды халықаралық-құқықтық реттеу көпжақты және екіжақты халықаралық келісімдердің негізінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа да инвестицияға байланысты ұлттық заңдарды унификациялауда БҰҰ-ң халықаралық ұйымдары, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және тағы да басқа халықаралық ұйымдар үлкен роль ойнайды. Бұл ұйымдардың шеңберінде шетел инвестицияларын құқықтық реттеуіне әсер еткен құжаттар қабылданды. Шетел инвестицияларын көпжақты халықаралық-құқықтық реттеу 60 - шы жылдардан басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстың әсерінен көп мемлекеттердің экономикалары құлап, әлсіреді. Сондықтан да, Халықаралық валюталык қор, Халықаралық қайта құру және даму банк (МБРР) сияқты маңызды, әрі қажетті институттар құрылды.
Шетел инвестицияларын реттеу Халықарлық сауда ұйым жарғысының бірнеше баптарының ережелерінде көрсетілген. Біздер білетініміздей, жарғы мемлекеттермен ратификацияланбады да, күшіне енген жоқ. Халықаралық сауда ұйымының жарғысын талқылаған Гавана конференциясынан кейін көпжақты конвенцияларды қабылдауға талпыныстар байқалды. Мұндай талпыныстарға Боготада өткен конференция да жатады. Бұл конференция барысында жеке инвестиция мәселелерін реттеуге байланысты арнайы тарауы бар келісімге қол қойылды. Келісімді тек үш мемелекет ратификациялады: Коста-Рика, Панама және Гондурас.
50 жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басында Азия мен Африкада көптеген жаңа мемлекеттер пайда болды. Олардың экономикасын көтеру үшін шетел инвестицияларын осы дамушы елдерге инвестиция құю керек болатын. Дамушы елдерде шетел инвестицияларын құқықтық реттеуге әсер еткен келесі құжаттар болып табылады: БҰҰ-ң Бас Ассамблеясының, Әлеуметтік және Экономикалық Кеңестің резолюциялары, БҰҰ-ң сауда және даму жөніндегі конференциялары (ЮНКТАД) және басқа да құжаттар.
а) "Мемлекеттер мен шетел түлғалары арасындағы инвестициялық дауларды шешу тәртібі туралы" 1965 жылғы Вашингтон Конвенциясы.
1965 жылғы "Мемлекеттер мен шетел тұлғалары арасындағы инвестициялык дауларды шешу тәртібі туралы" Вашингтон Конвенциясының негізгі мақсаты инвестициялық дауларды шешу бойынша Халықаралық орталық (ИКСИД) - арнайы халықаралық инвестициялық арбитражды құру болатын.
ИКСИД, басқа да халықаралық арбитраждар сияқты ұлттық заңдармен салыстырғанда екі түрлі сипаттамамен ерекшеленеді:
1) Халықаралық арбитраждың құрылымы ғана емес, жүзеге асыратын әрекеті де халықаралық шарттардың ережелерімен анықталады;
2) Көрсетілген ережелерге халықаралық құқық норма ретінде, мемлекеттің ішкі заңнамасымен салыстырған кезде артықшылықтары беріледі. Ұлттық арбитражда қолданылатын құқық ұлттық заң болып табылады және ұлттық сот және әкімшілік органдар бұл арбитраждың қызметіне олар араласа алады. Ал халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметіне олар араласа алмайды, себебі ол халықаралық шарт негізінде қызмет етеді.
Вашингтон Конвенциясы жобасының авторы халықаралық қайта құру және даму банкісі болды. Бұл банктің негізгі мақсаты дамушы елдерге көмек ретінде қаражаттандыруды қамтамасыз ету болды. Реципиент-мемлекет пен шетел инвесторы арасында туған дауды шешудің механизмін құру саяси тәуекелді жою мен қолайлы құқықтық ахуалды күшейтуге алып келетін еді.
Вашингтон Конвенциясы ережелерін ИКСИД-ң мәртебесін халықаралық ұйым ретінде белгілейтін нормалар және дауларды қарау тәртібін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.
Мәртебені белгілейтін нормалар ИКСИД-ті 18 бабқа сәйкес, халықаралық құқықтық қабілеттігі бар үкіметаралық ұйым деп айтады. Орталығы МБРР-ң штаб-пәтерінде Вашингтонда орналасқан. Оның президенті ИКСИД-ң Әкімшілік Кеңесінің төрағасы болып табылады. Кеңес Конвенцияның қатысушыларынан, яғни мемлекеттің өкілдерінен қүрылады. Олардың негізгі функциялары: орталықтың процедура ережелерін қабылдау, Бас хатшыны және оның көмекшісін тағайындау, бір жылдық бюджетті бекіту, орталықтың қызметі туралы есепті бекіту және тағы да басқалар.
ИКСИД-ң хатшылығын басқаратын Бас хатшы орталықтың заңды өкілі және "орталықтың басты лауазымды тұлғасы" болып табылады.
- Инвестициялық дауларды қарауға ИКСИД-ң құзыретін белгілейтін нормалар;
- Келісім процедурасын жүргізудің ережелері;
- Дауларды шешудің арбитраждық тәртібі туралы нормалар;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz