Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық.көркемдік сипаты ... ... ... ... ... ... .
2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік 6
сипаты ... ... ... ... ... ... .
2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ... 33
Қорытынды 61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер 64
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
КІРІСПЕ
Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына
өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-
Әлидің әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез,
сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі
едің деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып
алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі
күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев
мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты. Оның ақындығы, ақындық мұрасы,
шығармалары өзі көзі тірісінде емес, осы уақыттарда ғана Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды.
Мұқағали өлеңдері ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін,
жаппай аероцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы
қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің
куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре
байытты да, сонысымен қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен
қатар ақын қазақ лирикасын және поэзияның классикалық, реалистік сарынын ХХ
ғасыр әдебиетінің озық дәстүрлерімен талантты түрде құнарландырды. Білікті,
парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса, соның
өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы
дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
шекпен жауып өзіне қайтарамын дегенде де ақын өзінің суреткерлік сырын
алға тартқан. Оқырманын бірде қақаған аяз, боран құшағына, бірде аспан
жерге жабысқан аптап ыстық құрсауына, бірде жапырағын желден басқа жан
желпімеген жаратылыс жанатты жазира жайлау жасыл аймаққа алма-кезек
алмастырып, өмірдің нәрін көңілдің аңсары мен кәусарына айналдыратын
поэзияның иір-иір бұтақтарынан жамырап бүр ашқан, таңғажайып тәтті әлеміне
жетелейді. Ғарыш кемесімен таласа ұшқан қазақ жырының сырлы өлкесінен орын
тепкен Мұқағали Мақатаевтың саңлақ үні халық санасының тереңіне сіңіп,
шыншыл, сыршыл қоңыр даусы әдебиет әлеміне орнығып, күздегі жайқалған,
тасынған ақын жүрек сан миллион жүректі адамгершілік, суреткерлік тегімен
жайнатып келеді. Оқушының жанына, жүрегіне қозғау салмаған, бірде толқытып,
бірде тебірентпеген өлең – өнер емес. Мақатаев жырлары – азаматтық жан
дүние сырлары. Кәдімгі жұмыр басты пенденің күнделікті тұрмыс-күйінен
туындап жататын жан тебіреністері, ақын жүрегінің бұлқыныстары.
Сондай-ақ қазақ әдебиетінде М. Мақатаев шығармаларын өздерінің ғылыми
жұмыстарында, көлемді монографиялық еңбектерінде, немесе шығармашылығымен
салыстырып, арасында жеке мақала күйінде де жазып пікір білдіріп жүрген
қаламгерлер де баршылық.
Сонымен қатар қазақ ақындарының творчествосындағы жанрлық, стильдік,
көркем шеберлік қасиеттерін жан-жақты ғылыми жүйемен зерттеп келе жатқан да
ғалымдар аз емес. Олардың барлығын тізбесек те, мына кісілерді айта кеткен
жөн. Олар: С. Қирабаев, М. Дүйсенов, Ә. Шәрипов,
Ә. Нарымбетов, Т. Әбдірахманова, К. Сейітова, Х. Күрленбай, Б. Бегманова,
тағы басқалар.
Зерттеудің дерек көздері. Біз бұл аты аталған ғылыми еңбектерге
көзқарасымызды білдіріп, түгел талдадық деп айтудан аулақпыз. Дегенмен, К.
Сейітова, Х. Күрленбай, Б. Бегмановалардың ғылыми жұмыстарын жұмысымызда
басшылыққа алғанымыз хақ (жоғарыда айтылған ғалымдардың барлығының
еңбектерін біздің жұмысымыздың көлемі де, характері де талап етпейді.
Әрине, оларда әр ақынның өз қолтаңбасына, ақындық талантына, стильдік
ерекшеліктеріне қарай біртекті ұқсастық немесе бір-біріне қарама-қайшы
пікірлер де, дәлелдеулер де болуы мүмкін). Олармен қатар М. Мақатаев
шығармашылығы жайында әр жылдарда ғылыми пікір білдірген М. Базарбаев, З.
Қабдолов, З. Ахметов, М. Қаратаев, С. Қирабаев, Ә. Тәжібаев, Х. Әдібаев, Ә.
Нарымбетов, К. Сейітова,
А. Әбдіхалиқов, Қ. Алпысбаев, Б. Кәрібаева, А. Егеубаев сынды ғалымдардың
еңбектері де жұмысқа пайдаланылды, тағы қоса кететін бірер еңбектер мен
арқау болған құнды мақалаларды, 2006 жылдан бастап шығыр келе жатқан
Мұқағали атты журналда жарық көрген ой-пікірлер мен естелік, еске
алулардан қоса кеттік.
Зерттеу жұмысының мақсаты. ХХ ғасыр әдебиетінің
60-70-жылдардағы көрнекті сөз зергерлерінің бірі, классик ақын Мұқағали
Мақатаевтың қазақ поэзиясында, поэма жанрында қосқан мол мұрасын, яғни
тырнақалды поэмасы Ильичтен басталып, Ақ қайың әні, Ару ана,
Мұзбалақ, Мавр, аққулар ұйықтағанда, Райымбек! Райымбек!, Қырандар
қош болыңдар, Жер үстінен репортаж, Қашқын, Шекарада, Чили – шуағым
менің, Большевиктер сынды лирикалық, сюжетті-эпикалық тұрғыда жазылған,
қазіргі таңда да, болашақта да поэзия шыңындағы ақ қардай (таза, пәк),
асқақтықты арғымақ қып мінген мәңгі өлмес ғұмырлық поэмаларындағы көркемдік
ерекшелігін, әдебиет теориясының қағидаларына ғылыми-теориялық жақтан
сүйене отырып құбылтудың, әрі айшықтаудың тобына жататын көркемдегіш
құралдарын қолданудағы ақындық шеберлігі мен Күпі киген қазақтың қара
өлеңінен өзіндік дара стиль бекінісін қалаған ақын жанының ішкі әлемінің
есігін қағып, құпия сырларын ашуды өз халімізше жан-жақты нақты мысалдар
мен үзінділер арқылы талдауды негізгі мақсат етіп алдық.
Зерттеудің теориялық пәні, практикалық негіздері. Біз бұл бітіру
жұмысында қазақ әдебиеттану ғылымының негіздеріне сүйене отырып, Мұқағали
Мақатаев поэмаларындағы идеялық-көркемдік ерекшелігі мен жанрлық
құрылымына, сондай-ақ стиль даралығын қарастырдық.
Зерттеу жұмысында айтылған ғылыми пікірлерді, ой-тұжырымдарды, басқа
да еңбек жазуға қолдануға, тереңірек пайдалануға болады.
Зерттеу әдісі: салыстырмалы және сипаттама әдісін қолдандық. Неге
десеңіз, біздің жұмыс барысында ақын поэмаларын Сәкен (Аққудың айырылуы),
Қасым (Ақын өлімі) поэмаларымен салыстыра зерттегендерімізге көз
жеткізесіз.
Әрине, көркем шығарманың құндылығы, сапасы оның көлемімен
өлшенбейтінін ескерсек, ақынның бағасы жоқ мол мұрасы – формасы, өзінше
жаңалығы жағынан қазақ поэзиясы үшін еңсесі биік көк тіреген алып шың
немесе сол таудан аққан мөлдір бұлақ. Таудағы алып шыңды кәрі де, жас та
алыстан көре алады емес пе, сондай-ақ мөлдір бұлақтан кәрі де, жас та
сусындап, рахатқа бөлене алады. Сол тақылетті М. Мақатаевтың отты лирикалы,
терең мазмұнды поэмаларын оқып, жыр сүйер қауым жырға деген шөлін басып,
сусындап рахатқа бөленгенін ғылыми тұрғыдан талдау, зерттеу – біздің
жұмысымыздың негізгі өзегі.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тараудан, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М. МАҚАТАЕВ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Қазақ әдебиеті тарихына әріден көз жібертсек лиро-эпостық, эпостық,
батырлар жырын, қисса-дастандарды айтпағанда, поэма жанры ұлы Абайдан
басталды десек, оның дәстүрін одан әрі жалғастырушы кешегі күндерде
эпикалық поэманың майталманы атанған С. Торайғыровты,
І. Жансүгіровті, С. Сейфуллинді, Қ. Аманжоловты мақтанышпен айта аламыз.
Мұқали Мақатаев поэма жанрында да ерекше қолтаңбасымен дараланады.
Қазақ тарихының құбылысты мәселелеріне барумен бірге өзі өмір сүрген кезең
шындығына да қалам толғады. Саяси-әлеуметтік, қоғамдық-саяси сарындағы
поэмаларының өзінде шынайы көңіл шамырқаныстарына толы көркем шындықты
бейнелейді.
Ол поэма жанрын тақырыптық жағынан байыпты, жанрлық-стильдік тұрғыдан
жаңғырта түсті. Дастан, поэмаларында лирикалыұ сарындар, азаматтық-
әлеуметтік тыныс, тарихи арна барынша жеке-дара оқшауланып көрінді. Саяси
тақырыптарға да барып бірнеше талантты поэмалар қалдырды.
Ильич, Ақ қайың әні, Ару ана, Мұзбалақ, Мавр, Райымбек,
Аққулар ұйықтағанда, Дариға жүрек, Арман, Досыма хат, Алтай-
Атырау, Қырандар, қош болыңдар, Жер үстінен репортаж, Қашқын,
Шекарада, Чили – шуағым менің, Большевиктер поэмалары әдебиет
тарихында елеулі орны бар, көркемдігі кемел, психологиялық талдауларға ден
қойған, қазақ еліндегі әр кезеңдегі ахуалын, ұлттың жан дүниесін терең ашып
көрсеткен туындылар.
Ақынның алғаш оқырман қауымға ұсынып, баспа табалдырығынан асыға алашқа
тараған поэмасы – Ильич поэмасы. Бұл поэма жазылу жағынан циклді поэмаға
жатады. Поэма туралы күнделікті басылымдарда бірлі-жарым әдеби сыншылар мен
ғалымдардың поэманың көркемдік жетістігі мен кемшілігі көрсетіліп
мақалалары жарияланды. Ғалым
Ә. Нарымбетов М. Мақатаевтың Ильич атты циклді поэмасы қазіргі ұлттық
поэзиямыздың кең тынысын, биік мәртебесін танытатын елеулі көркемдік табыс
[1] екен айтып, тиісті әділ бағасын берді. Шындығында Мұқалидің бұл поэманы
жазған кезінде біз социалистік идеологияның жетегінде коммунистік партияның
басшылығында В.И. Ленин идеясын мәңгі өлмейтұғын идея деп танып, оған
көңілімізде қандай жақсылық, тілімізде қандай жақсы сөз болса барлығын
соған арнадық. Ал бүгінгі таңда Ленинді сонша көркем бейнелеп, жырға қостың
деп кінәлау бекер. Ақын – сол дәуірдің перзенті. Сондықтан қандай да болса
әрбір ақынның өз дәуіріне деген сенімі, ұғымы, көзқарасы сол өзі жасаған
мемлекеттің саяси идеялогиясымен қабысып, тығыз байланыста болатыны тарихи
заңдылық.
Демек, солай екен, онда М. Мақатаев қазақ поэзиясына циклді поэмалары
Ильичпен қосқан өзінше жаңалығын, көркемдік жақтан соны бейне жасаудағы
сәтті табыстарын бекерлеуге болмайды. Бұл туындыны жазарда ақынның жаны
төзбей көп ізденіп, көп үйренгені, көптеген кітаптарды ақтарғаны, әрі
өзінің лирикалық өлеңдерімен бірге эпикалық шығарма жазуға құлашын кең
сермеп, бұл жанрда өзінің ақындық талантын жан-жақты байқап сынағаны да
көзге түсерлік дәрежеде екенін сеземіз. Бұдан біз М. Мақатаевтың көлемді
эпикалық поэма жазуда да өзінің ақындық алғырлығын, сезімнің шексіздігін,
шабыттың шалқарын, ойының түпсіз тереңдігін, көңілінің кең әлемнен де
кеңдігін, әрі жарықтың жылдамдығындай көңілінің жүйріктігін байқаймыз да
қуанамыз.
Ақынның циклді поэма тұрғыда жазылған Чили – шуағым менің, Ару-ана,
Дариға жүрек, Аққулар ұйықтағанда, Райымбек, Райымбек!, т.б. да
поэмаларын оқығанда да оның поэмаларына өмірдегі объектив оқиғаларды
танудағы, сюжетті поэма жазудағы, ондағы кейіпкер образын жасаудағы тарихи
шындық пен көркем шындықтың ара жігін білдірмей байланыстыра отырып,
өмірдің құдды өзіндей табиғат құбылыстарын әрі сан түрлі бояуларын өз
күйінде шеберлікпен суреттегенін көріп те осындай сезімге ие боламыз.
1973 жылы мерзімді баспасөзде жарияланып, кейін кітаптарында жарық
көрген Аққулар ұйықтағанда поэмасы – ақынның шығармашылық өмірінің ерекше
бір шоқтықты биігі. Поэма кезінде әдеби үрдісте де соны серпін әкелгендей
болды. Негізінде Мұқалидың поэма, дастан секілді ірі жанрлардағы
шығармалары көркемдік табиғаты жағынан лиро-эпикалық сипаты басым болып
келеді. Лирикалық жырдың шебері, оның ішінде адам баласының ішкі
психологиялық иірімдеріне сергек көңілмен тереңдеп баратын ақындық қасиет
дастандарында да ерекше көрініс беріп қалады. Аққулар ұйықтағанда
поэмасының көркемдік бітімін алдымен осы ыңғайда түйсінуге болар еді.
Өзінде жоқ сыймаған арнасына
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма сірә?! –
деген сынды ашық та сыршыл сөзбен басталатын поэма әсерлі суреттерін
біртіндеп қоюландыра түседі. Таста тұнған тамшы мен тау басындағы көлдің
шендестірілуі, сол көлдің өзінің шыңға, қарға мөлдіреп қарауын кейіптеу,
жарасымды ақындық синтаксис щығарманың жоғары эстетикалық танымдық, талғам
биігін бірден айқындап береді. Жетім көлдің тұнық суреті, мөлдір сұлулығы
мөлдірете жырланады.
Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына Жетім көлдің шөлдейтұғын
(Суымен сырқаттарды емдейтұғын).
Сыршыл сұлу көріністер мен тебіреністі эпизодтар алма-кезек ауысып,
поэзияның өзіне ғана тән сымбатты түзілімімен баурап алады. Сындарлы сыршыл
лириканың ұшқын атқан саздары поэманың эпикалық тынысына тыныс қосқандай.
Аққулар...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып.
... Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Мерген отыр жағада
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Поэманың сындарлы сымбаты сөйтіп сұлу сырлы суреттерден, терең сезім
тебіреністерден түзіледі. Сюжеті қарапайым, поэмаға тән кесек бейнелеулер
де жоққа тән. Лирика барынша айшықтала, кең қанаттана орын алған.
Кейіпкерлердің кейіптелуінде де әлдебір шарттылық қылаңдайды.
Бас бағады шыршаның қалқасынан
Қаруына қолында қан сасыған
Ал аққулар
Аққулар тарануда
Сусып түсіп су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан...
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың тап аққуға,
Білмей ұалды мылтықтың атылғанын.
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым,
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын...
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
Қан аралас қалқыған мамығымен,
Жетім көлдің толқыны ойнап жатыр.
Қасиетке оқ атып жойған пақыр,
Қалай алып кетерін біле алмастан,
Сүле-сапа жағада ойлауда құр.
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу-бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба ана?..
... Мына жатқан жетім көл, мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Оқиға қисыны қарапайым: Ана баласының жанын алып қалу үшін, тәуіптің
ауыр науқаста жатқан баласын аққумен аластау керек дегені үшін Жалғыз
ұлдан жалған артық па, Балам өлсе бақыттың керегі не?! Топан су басып
кетсін қалғандарын, – деп Ана жүрек аққуды көзі қиып атады. Табиғаттың
мұндай ісем, сұлу, киелі ханшайымына зала келтіргені үшін соның қарғысы мен
наласына ұшырадым ба деп күйініп-күңіренеді. Ал шошынған аққулар Жетім
көлде көрінбей кетеді. Бұл тұста автор халық санасындағы наным, сенім,
сұлулыққа деген қастерлі сезімді асқақтата көтере жырлайды. Шығарма
классикалық лирикалық шығармалар дәстүрінде туған әдемі сазды туындылар
қатарында ұзақ сақталғандығы, оқырмандардың талай-талай толқындарының
рухани талғамын қанағаттандыратындығы ақиқат.
Сонымен осындай ауыр трагедиямен аяқталатын поэманың сюжеті баяндау
түрінің даму процесін қарастырғанда, оның жанр ретінде ауқымды философиялық
тұрғыда дүниеге келген туындының бір мысалына осы
М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын атауға болады. Поэма
дегеніміз ғасырдың және тарихи уақыт ағымындағы адам орнының философиялық
проблемалары туралы образды ойлау [2], – дейді
И. Абашидзе. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі таңда поэмаға екі нәрсе – терең
психологизм мен философия қажет. Мұндай мысалға А. Кулешовтың Цунами, Д.
Кугультдиновтың Ой жарылысы (Бунт разума) сияқты поэмаларын атауға
болады. Мұнда (Цунами) мәңгілік құбылыс махаббат пен ерлік, ар-ұят
алдында шығарма кейіпкерлері ақыр аяғында ең қатал трагедиялық сынға тап
болады: алапат цунами толқынын тудырған атом жарылысы олардың болашақ
ұлдарына жарық дүниеге келместен бұрын-ақ зардабын тигізеді. Бұл – ұлы
алапат күшінен сақтандыру үні секілді шығарма. Цугами (1968) атты шығарма
поэманың философиялық жанр ретіндегі концепциялық ұғымға құрылған.
Д. Кугультдиновтегі психологиялық талдау сәт сайын жақындап келе жатқан
ауқымды символдық образдың тууына ықпал етеді. Ақын түбірімен жағып
жіберу идеясымен, жалын атқан от деревня образын өзінше ерекше жолмен
дамыта түсті. Көз алдымызға күлге айналған Хиросиманың от желінің алдында
тұрған от қаланың адам шошырлық көрініс келеді.
Психологизмнің тереңдей түсуі – поэтикалық эпоста жиі көрінетін
процесс. Ол поэманың барлық түрлері мен формаларына қатысты. Ойлылық ерекше
рухани атмосфераны қажет етеді. Мұндай атмосфераны, біздің ойымызша, терең
психологизм тудыра алады. Рас, аққулар ұйықтағанда поэмасында А. Кулешов,
Д. Кугультдинов поэмаларындағыдай халықаралық проблеманы қамтымайды. М.
Мақатаев поэмасындағы психологизм – адам санасындағы ұғым, түсінік туралы
сезім арпалысы.
Аққулар ұйықтағанда тақырыптық жағынан дүлдүл ақын
С. Сейфуллиннің Аққудың айырылуы атты поэмасымен үндес.
С. Сейфуллин поэмасында мерген оғынан бірі мерт болған, бірі серт байласқан
сыңарын тастап кете алмай, шарқ ұрған қос аққудың арасындағы таза да
құдіретті махаббат жырланады. Кейіпкері – аққуды атқан мерген, оны көріп
отырған ақын ғана. Мұнда М. Мақатаев поэмасындағыдай психологиялық арпалыс
жоқ. Алайда, екі поэма тақырыптық жағынан ұқсас болғанымен, ішкі мазмұн,
авторлық идея тұрғысынан мүлде екі басқа дүниелер. С. Сейфуллин
шығармасының идеялық ерекшелігі туралы профессор С. Қирабаев былай деп
жазды: Адам достық, шын махаббат туралы осы аңызды оқып отырғанда оқушының
көз алдына ұнамсыз бір образ тағы көрінеді. Ол талайдан белгілі екі таза
жандар махаббатының арасына тікенек болып қадалып, соның аяғын трагедиямен
бітіруге себепкер болатын ұнамсыз адам кейпі. Сәкен поэмасында бұл аңшы
күйінде берілген. Екі аққудың ғашықтық, көркем суреттеріне ден қойған, одан
ала алмай жатқан ақынға осы әсемдікті бұзған мерген де жат. Көл жағасынан
оқ бұрқ еткенде ол көлді жарған суық жүрек шіркін кім екен – деп ойлайды.
Гуманист, ізгі жүрек ақын адал махаббатты бұзушыға бар ниетімен жиіркеніш
білдіреді [3, 25 б.]. Ал М. Мақатаевтағы идеялық мақсат – адам санасындағы
ұғымды сынға салу. Сәкенде киелі құсты мерт қылу – қызық қуып жүріп,
аңғырттықпен істелінген әрекет болса, Мұқағали ғазиз ана жүрегіндегі
екіұдай сезімді таластыру арқылы оқырманның өзін ойлантып, шешімін
іздеткендей болады. Өмір мен өлім, күн мен түн, табиғат пен адам арасындағы
арпалысты аңғарту сияқты ойлар жатыр. Бәрі де адам тіршілігі, рухы үшін
қажет деген идея бар.
Екі ақынға да тән ортақ жай: аққу құсқа тән адалдық, сұлулық, киелілік,
нәзіктік шығарманың идеялық сипатынан анық байқалады. Екі поэмадағы аққу
құстың сұлулық кейпін сипаттайтын әсерлі бейнелеу ішкі мәнерімен әдемі
үйлесім тапқан. Аққудың айырылуында:
Күміс суды жұмсақ сызып
Екі сұлу сыланды.
Сылдыратып моншақ тізіп,
Ақ көбікке бұланды.
Дөңгеленіп, сәнін түзеп,
Айна көлге қаранды.
Екі сұлу әнін түзеп,
Жуынды да таранды, –
боп келсе, Аққулар ұйықтаған поэмасында:
... Аққулар ...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
немесе
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып, –
дейді. М. Мақатаевтың Сәкен шығармасымен мұндай үйлесімі поэзиядағы
үндестікті, дәстүр сабақтастығын байқатса керек. Көркемдік шешімі нанымды
әрі тағылымды Аққулар ұйықтағанда поэмасында ақын тілінің бояуын
байқататын мынадай мысалға назар аударайық. Екі мысал, екі көрініс. Жетім
көлдің базаралы, бақытты кезіндегі айдынында ойнақтаған ерке құстың
келбетіне көз салайық:
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Таңғажайып сұлулық тәңірісі көркем тіл, әсем нақыш, әсерлі бояумен
өрнек тапқан. Ақын талантына тәнті боласың. Ал енді осы тылсым тыныштықтың
шырқы бұзылып, ананың аққуларға еріксіз оқ атып, жаңағы тыныштықтың сүт
ұйыған тегешін сапырған сәттегі сөзбен салынған суретке зер салыңыз:
Ию-қию көл маңы астан-кестең,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығып жар салып, жартастар тұр,
Жетім көлдің қайғысын бастан кешкен.
Көріп-біліп таныпты тастарда өлген
Алып аспан астына сыя алмай жүр.
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
Мөлдіреген Жетім көл көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тия алмай тұр.
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
Түйіндеп айтқанда, М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасы қазақ
оқырманының жан дүниесіне етене жақын ұлттық шығарма және өз кезеңіндегі
әдеби үрдіс тынсының мектебін танытады.
М. Мақатаев эпикалық жанрдағы мазмұны мен көркемдігі тұщымды 20-ға жуық
поэма, толғаулары барын ескерсек, оның бұл жанрда да құлашын кең сермеп,
өнімді еңбек еткенін көреміз.
М. Мақатаев көп жыл бойы тынымсыз шығармашылық еңбек үстінде болды.
Соның нәтижесінде ақын қаламынан идеялық ізденіс көркемдігі жоғары бірнеше
поэмалар дүниеге келді.
Қазақ поэзиясында поэма жанрының өсіп, өркендеуіне әрі дамып, көркемдік
жағынан баюына цезерлік дәрежеде әсер еткені оқушы қауымға әлдеқашаннан
аян. Ақын туындылары тек қана аян емес, қазақ поэзиясында бүгінгі замандас
бейнесін жасаудағы көркемдік табыстарға еріскен эпикалық поэмалар қатарына
жатады. Ақын поэмаларына әр кезде азды-көпті пікір айтқан әдеби сыншы,
ғалымдарға Ә. Нарымбетов, Б. Сарбалаев, А. Нысаналин, С. Жұмабеков, Х.
Әбдібаев, Қ. Алпысбаев, Н. Үркімбаева, тағы басқаларды айтуға болады.
Бұл әдебиетші-сыншы ғалымдар Мұқали поэмаларының идеялық-көркемдігі
туралы аракідік тоқтап, әр кездерде күнделікті басылымдарда өз пікірлерін
білдіргендері болмаса, ақынның эпикалық туындылары бойынша ғылыми тұрғыдан
терең зерттеліп, жеке кітап болып шыққан көлемді еңбек жоқ. Мақатаев
поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне, көркем образ жасаудағы ақындық
шеберлігіне өмір шындығының көркем шындыққа айналуына тоқтамас бұрын,
қазіргі қазақ поэзиясындағы поэмалардың түрлеріне көңіл аудармақпыз.
Себебі, қазір қазақ поэзиясы әдебиеттің түрлі жанрлары бойынша дамып, биік
деңгейде туысқан халықтар әдебиетімен, шетел халықтары әдебиетінің
классикалық шығармаларымен теңдей дәрежеде өсіп, әлем халықтарының назарына
ілігіп, ұлттық колоритті сақтап, белгілі деңгейде өзінің идеялық көркемдік
жағынан үлкен табыстарға жетіп, танымал болғаны бүгінгі күнде сыр емес.
Бұл шеберлік нені көрсетеді? Бұл дәл ақиқат М. Мақатаевтың табиғи тума
талант, шынайы ақын өмірге тек жыр үшін келгендігін, ақын кеудесінің жыр
күмбезі екенін әрі ұлтымыздың сөз құдіретіне ана тіліне деген шексіз
махаббатының бір ғана ақын жүрегінде берік орын тепкенін, соның ішінде
ақынның бүкіл жан-тәнімен поэзияға, жырға өзінің қысқа өмірін бағыштап,
өмірден көрген, білген, сезген бар құбылысты өз өмірімен көркемдік жақтан
тығыз байланыстырып, тұтас бір мәңгілік әрі әсем, сәулетті де биік жыр
күмбезін тұрғызып кеткенін көрсетеді.
Ақынның Дариға жүрек лирикалық поэмасындағы тұнып тұрған сезім
құдіретіне оқыған сайын тамсанып, таңырқап, шөлдеп, кейде сусындап, сезім
айдынында шомыласың, шомыласың да рақатқа бөленесің, көкірек көңілі
марқайып, рухани азық аласың, ақынның Дариға жеңгесінің бүкіл әйел
қауымының ішіндегі сұлулықтың символы етіп идеялық-көркемдік жағынан
шеберлікпен, ақындық үлкен шабыт үстінде жеңгесінің таза болмысын терең
түсінген күйде бір деммен, бір ырғақ, бір әуенмен жыр өрнегіне қосқанының
куәсі боласың.
Дариға жүрек кім еді?
Тасылмай қалған өзені,
Ашылмай қалған өзегі,
Келмей бір кеткен кезегі,
Керемет бір жанның өзі еді.
Айтылмай қалған сөз еді,
Ашылмай жүрген сыр еді,
Басылмай жүрген жыр еді,
Дариға жүрек кім еді?
... расында Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің прототипі
Дариға жеңгесі – соғыс салған ұлы жарадан, халықтық трагедияның қаймағын
сезініп, азап шеккен жан. Құдай қосқан қосағына сондай адал, пәк
махаббатына кірбің келтірмеймін, дақ түсірмеймін десе де, өмірдің өзіндік
заңы бойынша әйелдердің өсек-аяңын белшесінен кеше жүрген жаны сұлу Дариға
еді.
Шын мәнісінде ақын өзінің балалық пәк көңілімен өте сұлу жеңгесінің
істеген қылықтарына сүйсіне жүріп, кейін өсек-аяңға ілігіп, әйелдер сөз
еткенде де оған сенсе де жеңгесін бірден жаманатқа қимай, оны өзгелер
сияқты айыптауға бала көңіл аулақ еді. Өйткені ақын жеңгесінің мінез-
құлқын, бар болмысын терең түсінеді. Осы тұста Мұқағали соғыс жылдарындағы
ауыл тұрмысын, тыныс-тіршілігін өмірдің өзінен ойып алған тәрізді
дәлдікпен, шындықпен суреттеп, Дариға-жүрек бейнесінде сол кездегі талай
жанның басындағы бар жағдайды көркем суреттеп, типтік бейне, дара тұлға
жасағандығын көреміз.
Поэма тарихи поэмалар қатарына жатады. Себебі, поэма қазір сонау
аласапыран сұрапыл соғыс кезіндегі ауылдағы әрбір адам бойындағы күйкі
тірлік пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты айқын баяндап, нақты көрсетіп
тұр. Мұндай тағдыр теліген теңі қайтпаған Дариғаның тартқан азабын, көңіл
күйі, басынан кешкен мұң мен зарын ақын жырға қосып, оған кінәлі
тауқыметтің әмір-төрешісі соғысқа лағынат айтып отырған жоқ па?
Шөп шабыс еді,
Қосымыз тұрған шатқалды,
Ұйқыдан қауым
жаңадан тұрып жатқанда.
Дариға жүрек,
ботадай келіп боздады,
Бозарып тұрып,
бозарып атқан ақ таңда.
Тыңдаған жан жоқ,
өзінше жұрттар дүрбелең,
Кімдері сөйлеп,
кімдері ұрсысып кімменен.
(Қауымның мұндай
қатігездігін білмеп ем).
Айғай мен хайбар,
айналам тегіс гүлдеген.
Осы үзінді хақында Н. Үркембаева: Кеңістіктегі біздің шартты
тіршілігіміздің нағыз көрінісі осы болар. Талайымыздың Өмір шындығы деген
– міне осы деп қалыптастырып алған ұғымымыздың жаңсақтығын осындайда ғана
түсінгендейміз. Дариға жүректің жан ышқынысын естіместен, парықсыздық
апатынан сақтануға шақырған ақынның азаматтық үніне құлақ түрместен, Өмір
деген – күрес! деп өзара жалғасып баққан тырбаң тіршілігімізді малданып,
шынайы ғұмыр үшін күрестің не екенін білместен сенделісті күн кешеміз-ау.
Ендеше Дариға-жүрек бұған қалай шыдасын [4], – деп жазды.
Әрине, бұл пікірді К. Камидулаев та қуаттайды: Бүкіл сұлулық үшін
күресте ақынның жаны төзбесі керек десеңіз міз бақпайтын алып тауларды,
жаратылыстағы барлық жанды көмекке шақырып, өзінің жастығынан мұң-наласы,
арман-тілегін өзімен бірге ала кеткен Дариға жеңгесінің типтік көркем
бейнесіне ақын түгілі, біз, оқушы қауым да жанымыз ашып, барлық кінәні сұм
соғысқа аударамыз. Ол кездегі некесіз туған, әкесіз өскен балаларды да
дүниеге әкелген де, әрі соған себепкер де жексұрын соғыс еді.
Алайда қазақ поэзиясында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған
поэмалардың сюжеттік мазмұны майдандағы жауынгерлердің ерліктері немесе
әділетсіз соғысқа қарсы, бейбітшілік үшін күрес әрекеттеріне байланысты
тартыс оқиғаларға бейім болып, ондағы адамдардың ерлік көрсеткен образдары
әр қырынан шынайы көркемдікпен суреттелсе, Мақатаев поэмасында соғыс
уақытының екінші қырынан келіп соғыстағы қаһармандық ерлік туралы емес, сол
дәуірдегі болып жатқан адамдар тұрмысын сәтті суреттеп поэма қаһарманының
ішкі құпиясын, жасырын сергек сезімін, көңіл күйін, қайғысы мен қуанышты
сәттерін реалистік тұрғыдан баса суреттеп, Дариға жеңгесінің дара тұлғасын
тасқын шабытпен жырға қосып, өзіндік шеберлікпен нанымды жасап шыққан.
Сондықтан да дауылды ақынның бұл поэмасы лирикалы-психологиялық поэмаға
жатады.
М. Мақатаевтың Дариға жүрек поэмасының негізінде лирика-романтикалық
спектакль жазылды. Спектакльді қойған әрі инсцинировкасын жасаған –
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Райымбек Сейтметов пен Нұрқанат Жақыпбаев. Осы
спектакльден көрермен халық М. Мақатаевтың Отан деп соққан, елім, жерім деп
соққан үлкен жүрегінің лүпілін сезіп, қойылымды көріп, одан эстетикалық
әсер алып зор қуанышқа бөленгені мәлім.
Сондай-ақ Аян Нысаналин Мұқағалидың осы поэмасы жайында:
... Дариға жүрек – ғұмырға ғашық жанның тебіренісі, талант кемелдігіне
куә туынды. Онда уақыттың шамырқандыратын шындығы, көкіректі күйдірген
ыстық табы жатыр шыршық атып. Төрт аяғын тең басқан жорға лирик алқынбай,
кең құлашты эпиктікке ұласып қалам қарымын көрсетіп, шабытына шалқар айдын
ашқан тұсы бұл, – деп жазды.
М. Мақатаев поэзиясы өзінің ішкі мазмұнының тереңдігі, қарапайым
сөздерді құбылтып, құлпыртып істеткенде сөздердің құдіреттілігі, бүкіл
жаратылыс пен адамзаттың тыныс-тіршілігін қабыстырып, қарыстырып,
қиыстырып, біріктіріп бізді қоршаған жанды да жансыз бар дүниеге тіл
бітіріп, көктен кеудесіне нұр арқылы жан ендіріп, онымен бізді
сырластырып,олардан тылсым сыр ұқтырып, әлем кеңістігін шарлатып, көңілдің
көк дөненімен терең ойды, сезіммен жетелетіп, біздің жырға болған
іңкәрлігімізді арттырып, бір серпілтіп жан дүниемізді сергітіп, қуанышқа
кенелтіп, тамаша рахатқа бөлеу – ақын шығармаларына тән негізгі
қасиеттердің бірі. Бұндай идеялық-көркемдік жақтан шеберлікке келуде
Мұқалидың ақындық келбеті де, негізгі идеялық айтар ойы да, алға қойған
азаматтық позициясы, өмірді тану көзқарасы да өте айқын көрінеді. Сол
себептен болар ақынның әрбір лирикасы, поэмасы оқырман жүрегіне жылы жетіп,
жылы қабылданады. Бұған біз Дариға жүрек поэмасынан-ақ дәлел келтірейік.
Бұл поэма жанры туралы белгілі ғалым-жазушы Ш. Елеукенов: Поэма
секілді күрделі шығарманың құлақ күйін келтіруге кіріскен ақын бұл жанрдың
жауапты жайлары мен шарттарына, ерекшеліктеріне әбден қанығып алады деп
түсінуіміз керек. Осылардан әсіресе, бір шар дейміз бе, ерекшелік дейміз
бе, әйтеуір, автор назарын өзіне аудармай қоймайды. Ол қандай шарт, қандай
ерекшелік еді?
Поэма жанрының көркеюіне талай жылдан атсалысып, тер төккен сақа
ақындарымыздың бірі – Ғафу Қайырбеков бір өлеңінде:
Заулауында киіктің
Кеңдігі бар даланың, –
депті. Осы бір философиялық мәні терең жолдардан, меніңше, жоғарыдағы
сұраудың жауабын іздестіруге болатын сияқты. Оның поэма ерекшелігінде де
авторы – ақынға тікелей қатысы бар. Шынында да Ғафу Қайырбеков сөзін
өзгертіп айтсақ, тоқымдай жерді киік жүтки ала ма? Әрине, жоқ. Жүйткімек
тұрсын, төбеге ұрғандай тікіректеп қалар еді. Бұл желаяқтың самғауы үшін
қазақ даласындай далиған шексіз-шетсіз кеңістік керек. Ақын да солай. Ол
бір уақыт ішкі сезім тылсымдарына сүңгіп кетсе, бір уақыт эпикалық
кеңістікті аңсайды. Мұндай кеңстік өрісі ұзақ поэма жанрынан табылса, оның
авторының да көз жетер жері алыс, шабыты көсіле шабуға тиіс [5], – деп
жазған болатын.
Мұқағали Мақатаев та – 60-70-жылдардағы қазақ поэзиясының поэма
жанрындағы эпикалық кеңістікте жоғарыда айтқан киіктей самғап, кең
тыныстаған, алысқа шапса алқынбас хас жүйрік ақындардың бірі.
Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының ішінде ең шоқтығы биік
туындыларының бірі – халықаралық тақырыпқа жазылған Чили – шуағым менің
поэмасы. Бұл поэма Чилидің ұлы ақыны Пабло Нерудаға арнаған ескерткіш-
туынды. Бұл эпикалық туындыны оқып отырып, ақынның ақындық құдіретін,
философиялық терең ойларын, азаматтық асқақ кредосын, жүректің түбінен
шымырлап атқылап шыққан озық идеясын көреміз. Мұқағали поэмасында Чили
халқының фашизмның зұлымдығына деген ыза-кегін ақын Пабло Неруданың образы
арқылы, оның халық басындағы қайғыға деген көзқарасы, тереңнен тебіренетін
ойлары арқылы суреттейді.
Чили – шуағым менңғ поэмасы Мұқалидың әлемдік көзқарастағы, уақыт пен
заман жайлы үндес дыр жазуға кемелденгенін көрсететін көркем де, мазмұнды
еңбек. Ақын жаны – бүкіл дүниедегі адамзат баласының тыныштықта, бейбіт
өмір сүріп, жасауын қалайды. Әлі де жұмыр жер бетіндегі қатыгез, қаталдық
пен фашизмнің бас көтерулеріне жаны ауырып, жүрегі сыздап алаңдайды.
Себебі, дүниедегі бар ақын бір ананың баласы деп бағалайды:
Барлық ақын – баласы бір ананың,
Ақын келсе өмірге қуанамын.
Ақын кетсе өмірден – жылағаным,
Барлық ақын – баласы бір ананың,
Барлық ақын – бауыры тірі адамның!
Тұтандырсам бірінен жыр алауын,
Бірінен қасиетті сыр аламын.
Тәңір деген жоқ қой,
Жоқ!
Бар болса егер,
Ақындарға тиме деп сұранамын [6, 374 б.].
Бұл жұмыр жер бетіндегі бар халықтың ұлтына, түріне қарап алаламай
бәрін бір адамның баласындай көретін үлкен жүректі гуманист ақынның
бүкпесіз ақтарылған жан сыры, ақиқат үні. Бұлай деуге ақынның толық правосы
бар, себебі ақынның ақындық қуаты мен білімі, азаматтық кесек дара тұлғасы,
ой парасаты осындай заңғар биік шыңдарға жетелейді.
Бірде Мұқағалидың өзі осы поэмасы туралы былай деген еді: Чили –
шуағым менің 27 ақпанда (1974) Социалистік Қазақстанда толық басылды.
Жұрттың бәрі бір адамдай жақсы қабылдады. Көргісі келмегендер көрмей-ақ
қойсын.
Бір нәрсеге өзіме-өзім дән ырзамын. Ол – өзімнің ақындық болжамым,
ақындық интуициям. Пабло туралы менің поэмамнан кейін одақтық баспасөзде
көп материалдар жарияланды. Әрине, олардың бірімен де таныс болған емен.
Солармен кейін таныса отырып, дәл басып, бұрын білмеген жайыттарымды алдын
ала нақ айтқаныма мақтанам. Неруданың сүйегін қабірінен қазып, ұрлап
әкетіпті, кітаптарын өртепті. Мен мұны білгем... [7].
Кейін бұл пікірді еске алған А. Шәріп: Ұлыларға көріпкелдік етене ...
Табиғат Мұқағалиды да құралақан қалдырмапты. Неруданың сүйегін қабірінен
қазып, ұрлап әкетіпті, кітаптарын өртепті. Мен мұны білгем.... Жердің
шалғай бір қиырындағы өзі көріп-білмеген жанның тағдырын дәлме-дәл болжауы
кісі таңғаларлық-ақ. Әлде, ғылымның алтыншы сезім дейтіні осы ма еді? Ал
Бақытым менің алыста атты өлеңіндегі Қыс та өтер, қыспен бірге мен де
өтермін... деген жолдар тікелей өзіне қатысты. Бұл дүниенің қашан
жазылғанын білмеймін, бірақ ақынның көрегендігіне сенімім кәміл. 1976 жыл,
наурыздың 27-сі. Ақынның жарық ғаламмен қоштасқан күні. Ит үріп, үсік
шыққан кез. Қырдағы ел ойдағы елмен көріскен шақ. Ұйықтап кетсем болғаны
төсегімде, қырықтың бесеуінде – деген Мұқали да тап осы мезгілде келмес
сапарға аттаныпты... [8] – деп таңқалғанын көреміз. Реті келгенде бұған
қосымша айта кететін мына деректі қараңыз: ... Сөйтіп, февраль айының
алғашқы онкүндігінде Өсірдастанның он данасын (сигналдық) беріп жіберіпті.
Марқұм өте қатты қуанды. Алғашқы автографын елден келген бір балаға жазды.
Мұның өмір дастаны енді-енді басталып келеді, сосын ең әуелі жазып
отырмын, – дегені есімде. Өзі бара алмайтын болғасын Әбекеңе (Әбілмәжін
Жұмабаев) арнап жазған автографын менен беріп жіберді. Жаңа айттым, бұл
февраль айының алғашқы онкүндігі болатын, бірақ сол автографтардың бәрінің
астына 27 март 1976 жыл деп жазған-ды. Мен байқасам да, неге бұлай жаздың
деп сұрамадым. Сөйтсем, марқұмның жүрегі алдын ала сезген екен ғой, дәл 27
март күні қайтыс болды. Қалай ғана дәл білген деп әлі күнге дейін
таңданамын. Кейін бұған Әбілмәжін аға да қатты қайран қалған. Лашын апай
(Мұқалидың жұбайы) бұдан әрі сөйлемей отырып қалды [9] – деп жазған
болатын. Бұл келтірілген деректерден шығатын қорытынды айдан анық, әрине
бұларға сенбеске болмайды.
Жоғарыда айтқанымыздай-ақ арқалы, аруақты ақын тұрғысынан қарасақ,
Мұқалидың бұл поэмасы – жер бетіндегі бейбітшілік сақтауға, ол туралы бас
қатыратын жауапты адамдарға, былайша айтқанда, бүкіл адамзатқа тыныштықты
баянды етуге шақырған ұраны іспетті, әлем кеңістігін түгел қамтыған көркем
де, кесек туынды.
Сондықтан да ақынның мұхиттың аржағында Отаны отқа оранып жатқанда
өзінің өткір жырларымен халқына рухи жақтан күш беруші Чили ақындары Пабло,
Хосе, Лоркаларды өз ақындары сияқты көріп Саулығын Паблоның біліп қайт
деп, Ақындық рухымды аттандырғам деп толғануы тектен-тек емес, өте орынды-
ақ.
Мұқағали поэмасында Пабло Неруданың көркем де, нақты бейнесін жасауда
оның өз ойын, өз сөзімен келтіріп, психологиялық мінез-құлқын, бар болмысын
шеберлікпен көрсете суреттейді.
Бұл поэмаға пікір білдірген С. Жұмабеков өз ойын айта келіп: Пабло
Неруданың көркем бейнесін жасауда оның Испания жүрегімде деген атақты
өлеңі (орыс тіліне аударған Илья Эренбург) талай антологияларға, талай
хрестоматияларға енген. Дүниенің төрт бұрышындағы оқырман атаулы:
... И по улицам кровь детей
текла просто, как кровь детей, –
деген құйқа шымырлатарлық жолдарды тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес.
Мұндағы барлық гәп Пабло Неруданың бала қанына поэтикалық теңеу іздемей-ақ,
сол күйінде, қаз қалпында ала салуы образдың бүткіл жүгін, көркемдік қуатын
айрықша арттырған. Бұған Мұқали Мақатаев та сүйсінген және сол сүйсінуін
Чили – шуағым менің поэмасында Пабло Неруда образына қажетті детальдың
бірі етіп алған. Мысалы:
Бала қаны...
Бала қаны – кәдімгі бала қаны.
Бала қанын теңемей жыр жазады,
Бала қаны дей салып баламаны –
деп пайдаланған [10] – деп жазды. Бұл пікірге қосыла отырып айтарымыз,
шындығында да әлемдегі әділеттікті жырлаған ұлы таланттар тағдыры, арман-
мұраты бір болып, бір сезіммен тыныстайтыны бұл заңды нәрсе деп
қабылдауымыз шарт. Сондықтан да лирико-публицистикалық мақамды әдіспен
жазылған бұл поэмада Пабло Неруданың азаматтық тұлғасы шебер берілген,
нанымды өрнектелген. Оның халық деп соққан жүрегі, жан толқынысы, ауыр
тағдыры тапқырлықпен шынайы бейнеленген. Ақынның соңғы сапарға аттанар
алдындағы өмірді, халықты, өзінің жан серігі жырының ақырғы шумақтарын
жазарға әл-қуаты жоқ болса да, ол мойымайды, өлімнен қорықпайды, тек арманы
халқының азаттығын сақтау еді, оған ақыннығ жыр құдіретімен ғана қарсы
соққы беруден басқа ылажының жоқтығы жан күйзелтеді:
Ақын – халық перзенті қашаннан да,
Халқыменен қартайған, жасарған да.
немесе
Есіңде ме Марид?
Бала қаны.
(Баламасын сен тапқан бала қаны
Ақыл сұрап Чили тұр ақын сенен,
Шие-шие қан болып алақаны [6] –
деп толғанады, әрі ақынның еңсесін биік көтеріп, оның азаматтық парасатын
жоғары қойып, өзіне тән болған ерекшелікпен жырға қосады.
М. Мақатаевтың Чили – шуағым менің поэмасына ғалым Х. Әдібаев: Ақын
салған өрнекті жырды жаңғырта оқыған сайын Чилидің адал перзенті Пабло
Неруданың азаматтық бейнесі көз алдыңыздан кетпейді – нар кеуделі ақын
Мұқалиды да қатар көріп тұрғандаймыз. Жыр қос ағындала тереңдеп, айдыны
кеңіп сарқырама нөсерге айналады. Енді ақын Отанын жаяу кезіп, ақ бесікте
шырылдаған бөбектерді егіле тербеткендей, көзінің жасымен сәбиін жуған ана
атаулыны демеп, сүйеп жұбатып тұрғандай...
Егер М. Мақатаев өзінің жеке басынан өткергендей күй кешпесе, бойында
қуатты сезім болмаса, осынша толғанып, ақ жүрегімен ақтарыла алар ма еді?!
Адамзат баласын өз бауырындай сезінбейінше, бүкіл дүниежүзілік уақиғаға үн
қосуыңыз мүмкін емес қой. Оқушы сезімін шымырлата баурап, алып өмірге жасын
жыр әкелген ақын Мұқағалидың құдіреті осы ағынан жарыла ақтарылар
табиғатынан, қашан да оқушысымен іштей сырлас, қанжығалас, сол заманымен
сапарлас келер сұңқарлығынан ғой деп ойлаймыз. Ақын көңілінде иненің
жасуында сыр қалдырмай жырын әрқашанда табиғаттың өзіндей ақтара
өрнектейді [11, 219-220 бб.] – деп жазғанын білеміз. Бұл әділ пікірді
мақұлдаймыз да. Себебі, сыршыл поэзия ақжарылған шыншыл жүрнектен туады
емес пе? Сондықтан да ақын атаулыны бүкіл адамзат басына түскен ауыр
тағдыры алаңдатады.
Міне, шабандоз ақын Мұқалиды да толғантқан халық тағдыры, Чили
трагедиясы:
Бостандығын халқының қайтарып бер,
Ырза болсын ақынның әруағы!!! [6] –
деп жұмыр жер бетіндегі бүкіл адамзаттан Чили халқының бостандығын сұрап
ағынан жарылып тебіренген сәтін көреміз.
Чили – шуағым менің поэмасы хақында Қ. Алпысбаев: Жүрегі үлкен,
арманы асқақ, ақ ниетті адамның тілегі – бейбітшілік. Барлық бақыттың
бастау бұлағы, ендігі күннің ең өзекті, мәнді мәселесі – бейбітшілік. Бұл
мүддеден ақын да бейтарап қала алмайды. Үн қосады, адамзатты бейбітшілікті
сақтауға бар даусымен шақырады [12, 184 б.] – деген еді. Бұл айдай ақиқат
шындық.
Задында М. Мақатаев – өзі жасаған ХХ ғасырдың тыныс-тіршілігін толық
жүрегінің төрінен өткеріп, шынайы жырмен көркем өрнектеген поэтикалық-
эстетикалық талғамы күшті сөз зергері. Мұндай халықаралық тақырыптарға үн
қосып оқушысын тұщынтқан ақындар қазақ әдебиетінде кемде-кем. Сондықтан да
ақынның Чили – шуағым менің поэмасының идеялық-тақырыптық көркемдігі
жағынан, тілінің құнарлылығы, образ жасаудағы, оның психологиялық дара
адамгершілік мінезін, нақты сезімдермен суреттегенін айтпауға болмайды.
М. Мақатаевтың Чили – шуағым менің поэмасын тұтас алғанда ақын
шығармашылығынығ сәтті жемісі деп тану мақұл, әрі орынды.
Ақынның Райымбек! Райымбек! атты поэмасы – тарихи тақырыпқа, ерлікке,
ел қорғауға арналған көлемді де кесек туынды. Бұл поэма ертеректе,
анығырағы 1970 жылы жазылса да, баспадан жарыққа кешеуілдеп шықты. Турасын
айтсақ, Лениншіл жас газетінің 1981 жылғы 26-28 қараша күндеріндегі үш
санында қатарынан жарияланды. Оған себеп Қазақстанның Ресейге өз еркімен
қосылуының 250 жылдық мерекесі қарсаңында Ғаасырлар асқарынан асқан
достық айдарымен жарияланған еді. Өйткені, ғасырлар бойы қалыптасқан
достықты айта отырып, бұл мәселеге байланысты тарихи оқиғаларды, тарихта
болған адамдарды еске түсіріп, олардың халық үшін істеген іс-әрекеттерін,
үлкен қызметтерін, ерен еңбектерін халыққа таныту, оған көңіл бөлу тиіс
болды. Міне, сондықтан ақиық ақын Мұқағалидың бұрын жазылса да әлі
оқушысына таныс емес Райымбек! Райымбек! тарихи поэмасын тарих
ғылымдарының докторлары Х. Арғынбаев, К. Нұрпейісов алғы сөзін жазып
жариялаған болатын. Себебі, ақынның Райымбек! Райымбек! поэмасы
Қазақстанның Россияға қосылуы қарсаңындағы, поэманың бас қаһарманы
Райымбектің халықты сыртқы жаулардан қорғау үшін көрсеткен ерлігі мен
халықтың басындағы ауыр кезеңінің ащы шындығы суреттелген.
Мақатаевтың поэмасын жариялап, алғы сөз жазған тарихшылар: ...поэманың
басты кейіпкері Райымбек және осы шығармада аты аталатын Ханкелді батыр
тарихта болған адамдар. Ханкелді ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар
басқыншыларына қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле би, Сатай, Бөлек
батырлармен бірге Россия патшасы Анна Ионовнаға Ұлы жүз қазақтарын өзінің
қоластына алу жөнінде хат жолдаса, оның немересі Райымбек халық арманы –
сол достық жолын одан әрі жалғастыра түскен.
Райымбек пен Ханкелді батырлар жайындағы қысқаша мәліметтер Қазақ Совет
энциклопеясының 9 және 11 томдарында бар. Ал, Ұлы жүз қазақтарын Россия
қоластына алу туралы Ханкелдінің қолы қойылған өтініш хат 1961 жылы Қазақ
КСР Ғылым академиясының баспасынан жарық көрген Казахско-русское отношение
в ХVІ-ХVІІІ вв деген документтер жинағында жарияланған [13] – деп жазды.
Мұқали Мақатаев бұл поэмасын қазақ халқының басынан өткен, небір ауыр
қанқұйлы кезеңі Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама тәрізді тарихи болған
оқиғаның ел аузында сақталған деректерін, тарихи мәліметтерді жинақтап, өте
шеберлікпен сол кездің, сол дәуірдің есте қаларлық оқиғаларын кең ауқымда
нанымды суреттеген.
Сондықтан да ақын бұл туындысын қазақ әдебиетіндегі тарихи өлеңдердің
ең алғашқы үлгілерінің бірі ақтабан шұбырынды оқиғасынан басталатынын
ескеріп, осы ауыр сәттің сұмдық көрінісін, халыққа кең тараған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz