Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Орындаушы:

5 курс студенті АлтынбековА. А.

Ғылыми жетекші

э. ғ. к. профессор Сарбасова Т. С.

Норма бақылаушы Абдилова Ә. Ч.

Қорғауға каф. меңгерушісімен

жіберілді

э. ғ. д., докторы Төлегенова М. С.

Алматы 2007

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы. ҚР білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы 3 тараудан 49 беттен тұрады. Онда кесте келтірілген. Жұмысты жазу барысында 41 әдебиеттер, мерзімді басылымдар мен Президент жолдаулары мен статистикалық мәліметтерді пайдаландым.

Кілт сөздер: білім беру, ақпараттық технология, инновация, онлайндық технологиялар.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Осы тәуекелділікті қолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы қазақстан халқына жолдауында мына жағдайға ерекше тоқталды: «Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене кіріккен барлық қазіргі заманғы бақуатты мемлекеттер «парасатты экономика» сүйеніп жасалған. Ал осындай экономика жасақтау үшін ең алдымен өз қалауымыздағы білім саласын, білімнің болашақ ортақ базасын жаңарту үшін талаптар қойып инфрақұрылым қалыптастыру қажет және жаңа технологиялар беруші ұжымдарға осы жаңа технологиялармен жұмыс істеуге тиіс Қазақстандық құрамды міндетті түрде оқытуды ұсынған дұрыс». Осыған орай, Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл даму негізінің құрамдас бөлігі -білім беру мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын және білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі бағыттарын, міндеттерін және оларды жүзеге асырудың механизмдерін айқындайтын құжат болып табылады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ . . . 6

1. 1 Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар, интернет технологиялар және ақпараттық жүйелерді жасау бойынша құрылымдар . . . 6

1. 2 Білім берудегі ақпараттық технологиялардың маңызы . . . 13

2 ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҒ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ . . . 26

2. 1 Жоғары білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың шетелдік тәжірибесі . . . 26

2. 2 Жоғарғы оқу орнындарындағы онлайндық технологиялар бағдарламасы. 29

3 ПАРАСАТТЫ ЭКОНОМИКАДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙСІНЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ . . . 32

3. 1 Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру . . . 32

3. 2 Жоғарғы оқу орындарындағы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жас мамандар дайындау . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. 21 ғасырда адамның рухани қазынасын білім арқылы қалыптастыра алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.

Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін мамандар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымда ойлай білетін қазіргі заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономиканы ешқашан құра алмаймыз [1. 19-б. ] .

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Осы тәуекелділікті қолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2007 жылғы қазақстан халқына жолдауында мына жағдайға ерекше тоқталды: «Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене кіріккен барлық қазіргі заманғы бақуатты мемлекеттер «парасатты экономика» сүйеніп жасалған. Ал осындай экономика жасақтау үшін ең алдымен өз қарауымыздағы білім саласын, білімнің баршаға ортақ базасын жаңарту үшін талаптар қойып, инфрақұрылым қалыптастыру қажет және жаңа технологиялар беруші ұжымдарға осы технологиялармен жұмыс істеуге тиіс Қазақстандық құрамды міндетті түрде оқытуды ұсынған дұрыс» [2, 13-б., 57-б. ] .

Осыған орай, Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл даму негізінің құрамдас бөлігі -білім беру мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және оларды жүзеге асыруының механизмдерін айқындайтын құжат болып табылады.

Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «Ұлттық қауыпсіздық туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «Қазақстан 2030» стратегиясында, «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында», Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық -инновациялық даму стратегиясында, «Білім» мемлекеттік бағдарламасында, Дакар шеңберіндегі әрекеттер «Білім баршаға», Білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі конвенцияда, Еуропа өңірлеріндегі жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясында, «Жастардың құқықтары туралы» конвенциясында, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конференцияның декларациясында, Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің ұсынымдарында, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің білім министрлерінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің конференциясында, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніңдегі кеңесте, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2005-2015 жылдарда Тұрақты даму мүддесінде білім берудің он жылдығын өткізу туралы қарарында белгілінген Қазақстанның білім беру саясатының негізгі ұстанымдарын одан әрі дамытады.

Жаңа 21 ғасыр - бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Мемлекеттің қарқынды дамуы көбінесе оның білім-ғылымымен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, менің бітіру жұмысымдағы білім беруді ақпараттандыру, яғни қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау - бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі болып табылады.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен 21 ғасыр - «ақпараттандыру ғасыры» деп алады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогресстің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылым-білімнің, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл жоғары оқу орны мен мектепке жүктеледі. Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғалаған адам - ол ақпараттық технология ауысуына және нарық талабына сай, терең білімді, әрі жан-жақты адам.

Қазақстанның 50 елдің қатарына кіру үрдісінде білікті де білімді жастардың маңызы өте зор. Ал білікті де білімді жастардың терең білім алуында бүгінгі заманға сай енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялардың орны ерекше. Технология дамыған қазіргі заманда интернет желілерінің, электронды оқулықтардың, ақпараттық технологиялармен оқытудың маңызы арта түсуде. Осыған байланысты бітіру жұмысында қазіргі замандағы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында кезек күттірмейтін бір қатар мақсат-міндеттер қойылады. Бұл жерде негізгі мақсат - Қазақстан Республикасы азаматтарының ақпараттық технологияларды меңгеруге қызығушылығын ынталандыру. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу келесідей шаралар жүйесін құру жолымен, яғни компьютерлік техниканы, интернет жүйесі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электронды оқулықтарды, интернет желісіндегі электрондық сервистердің аясын кеңету арқасында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды игеру арқылы жүзеге асырылады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей жастарға білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

1. 1 Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар, интернет технологиялар және ақпараттық жүйелерді жасау бойынша құрылымдар

Ақпараттық технология теориясының пайда болуын әдетте, негізінен, американдық ғалым К. Шенонның «байланыстың математикалық теориясы» (1948ж. ) атты іргелі еңбегінің жарыққа шығуымен байланыстырады . Дегенмен ақпараттық технология теориасына оның жігін бұзбай, басқада ғалымдардың еңбектерінде алынған нәтижелер енді. Мысалы, ең алғаш ақпараттың сан өлшемін ұсынған (1928ж. ) Р. Хартылидің үзіліссіз функцияның жекелеген сандық нүктелеріндегі мәндерінің жинақтылығымен білу мүмкіндігі жайындағы аса маңызды теореманы тұжырымдаған (1933ж. ) және бөгеуілді ортада сигналдарды қабылдаудың тиімді әдістерін ұсынған (1946ж. ) академик В. А Котелниковтың ақпараттық технология теориясының матетатикалық негізі болып табылатын тербелістердің статикалық теориясына үлкен үлес қосқан (1941ж. ) академик А. Н. Колмогоровтың нәтижелері кіреді .

Келесі жылдарда ақпараттық технология теориясы шетел ғалымдарының еңбектерінде ары қарай дами түсті.

Ақпараттық технология теориясы идеясын ғылымның әр түрлі саласында кеңінен пайдалану әрекеттерінің жасалынуы оның өзінің негізгі математикалық теория екендігіне байланысты. Оның негізгі ұғымдары ( энтропия, ақпарт мөлшері, істеп шығару қаблеті) әр түрлі физикалық мазмұн беруі мүмкін оқиғалыр ықтималдығы арқылы ғана анықталыды . Ақпараттық технология теориясының негізгі идеяларын пайдалану тұрғысынан ғылымның басқа салаларындағы зерттеу тәсілі теориялық- ақпараттық тәсіл деп аталады . Көптеген жағдайларда осы тәсілді пайдалану жаңа теориялық нәтижелермен құнды практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, мұндай тәсілдің нақтылы шындыққа онша сай келе бермейтін үрдістер моделін құруға әкелетін кезі сирек емес. Сондықтан хабарларды таратудың және сақтаудың таза техникалық мәселелер төнірегінен тыс, кез келген зерттеулерде ақпараттық технология теориясын үлкен сақтықпен пайдаланған жөн . Әсіресе бұл адамның ақыл ой әрекетін моделдеуге, оның ақпараттық қабылдау және өңдеу үрдістеріне қатысты болып келеді.

Ақпарат ұғымын түсіндірудегі бар айырмашылық, ақпарат әр қашан материалдық - энергетикалық тұлғада, сигнал түрінде айқындалатыны даусыз. Техникалық құралдардың көмегімен оны өңдеуді жүзеге асыру мүмкін болатын тұлғаланған түрде берілген ақпаратты мәліметтер деп аталады. [3. 17-б. ]

Кез келген бизнес - білім беру, тұтастай алғанда, ұлттық бизнеске және ұлттық білім беруге негізделеді.

Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайықты биіктен көрінуі ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне тікелей байланысты.

Елдің ертеңгі өрісі биік, дүниетанымы кең кемел ойлы азаматтардын дайындау үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой -пікірмен ұштастырған сапалы біліммен тәлім тәрбие қатар берілуі қажет екендігі және еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістердің бүгінгі мен болашағы туралы ой пікірлер бізге өте құнды болып саналады.

Ұлттық білім беру өз кезегінде көптеген ұлттық мәдениеттердің ықпалында болды. Мәселен, Ресейлік білім беру (және онымен байланысты қазақстандық білім беру) келесі белгілерді өзіне сіңірген:

- Германиялық білім берудің, ол қоғамдық мүддеге және тұлғаның ішкі әлеміне бағыттала отырып, абстрактілі тұлғалық құндылықтарға негізделген; ол, сонымен қатар білім беруге және тәрбиеге реалистік көзқарасына ие болды; мақсаты - адамның гуманистік идеалы емес, сондай-ақ практикалық қайраткер түрі де емес, мемлекеттік адам, шенеунік, ғалым және бұл Ресей мемлекетімен мойындалды;

- Гуманистік идеалы бар романдық білім беру мәдениетінің;

-Прагматикалық, функционалдық, оқыту мен тәрбиеге діни өзгешеліктерден арылған көзқарастары бар англосаксондық педагогиканың және оның американдық нұсқасымен бірге алғанды.

- Жекелікке, тұлғаның өзіне практикалық танымдық іс - әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беруге, осы тұлғаның экстраверттілігіне, тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуіне жағдай жасауға басты назар қойған американдық педагогиканың.

Кеңестік дәуірде білім беру жоғарыдан орнатылатын сананың қауымдық - ұжымдық түрін, қоғамдық құндылықтардың жеке құндылықтардан басым келуін, тиісті идеология мен авторитарлы оқытушылық әдістемелер бағытында тәрбиеленуді бастан өткізді.

Сондықтан әртүрлі мәдениет пен өмір жағдайларының ықпалында бүгінгі білім берудің сипаттық ерекшеліктері айқындалды: білім беруді оның барлық деңгейінде ұйымдастырудағы және қаржыландырудағы мемлекеттік анықтаушы рөлі; оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде қалыптасқан қоғамдық мүдделердің жеке мүдделерден басымдығы, рухани және идеологиялық компоненттерінің жоғары үлесі; білімнің айрықша маңыздылығы, білімді тұлғаның жоғары беделі, білімнің қуаттылығына деген сенім, политехнизм тұлғаға білім беру қызметінің тұлғасы ретінде емес, нысаны ретінде дәстүрлі көзқарас; білім берудегі авторитарлық; оқыту үрдісінде тұлғаға интровертті көзқарас, тұйық адамды идеалды адам құндылықтары әлемінде тәрбиелеу.

Көрсетілген кейбір ерекшеліктер бизнес - білім беруде бейнелену қажеттілігі толық негізделген. Әсіресе бұл мемлекеттің білім беру сферасындағы анықтаушы рөліне байланысты. Мәселен, мемлекетпен білім беру сапасы куәландырады, бұл мемлекеттік дипломдарды беру арқылы қамтамасыз етіледі.

Көптеген абитуриенттер жоғарғы білім алуға кәсіптік қызмет түрі ретінде емес, жалпы оқу ретінде қарайды. Дипломды алған соң, олар алынған білімге қатысы жоқ жұмысқа тұрады. Осыдан келіп, екінші жоғарғы білім алғысы келетіндер саны өсіп отыр.

Кәсіптік қайта даярлауды өтуді көбісі мансаптық өсудегі орынды нығайту ретінде қарастырады.

Бизнес - құрылымдарындағы және мемлекеттік басқару органдарындағы оқу дайындығының деңгейіне және кәсіптік білімге талап артып отыр. Қазіргі жағдайларда білімнің ескіру қарқыны жеделдеп отыр. Мұның бәрі мамандарды қайта даярлау қарқынын жоғарлату қажеттілігіне мүмкіндік туғызып отыр.

Нарықтық экономиканың іс - әрекет етуі, екінші жағынан, бизнес - білім берудегі жекенің қоғамдықтан басымдылығын ұйғарады. Соңғысының қызметі - пайдаға, мансаптық өсуге, кәсіпкерлік бағытта тәрбиеге бағытталған кадрлар өндірісі үшін даярлау. Сонымен қатар адамдарды ұжымда жұмыс істеуді, командалық жұмысқа үйрету қажет.

Осылайша, жоғарғы оқу орын білімінің кемшілігі әзірге бизнес заңдарын білмеуінен, алынған білім негізінде шығатын ілімдер мен ептіліктің болмауынан көрініп отыр.

Көрсетілген кемшіліктерді толтыру - бұл бизнес - білім берудің қызметі. Екінші жағынан: жұмыс үрдісінде команададағы моральдік - этикалық нормаларды сақтау үшін бизнес-білім беруде тыңдаушылар бизнес этикасы, іскерлік және корпоративтік мәдениет және т. б. бойынша курстарды өтеді.

Қазақстанда нарықтық экономика бойынша білім алуды және қайта даярлауды қажет ететіндер үшін МВА (Master of Business Administration) бағдарламалары бойынша бизнес - білім беру ұйымдастырылған. Оның сипаттамаларын атап өтейік:

- Біліктілік кез - келген жоғарғы білімі бар тұлғаларға беріледі.

- Оқу мерзімінің соңында магистр қолданбалы сипаттағы диссертация жазады;

- Оның тәжірибемен, бизнес - кейстермен (case study) тығыз байланысы;

- Нақты әйгілі компаниялардың қызметінен шығатын бизнес - жағдайларды талдау тыңдаушылардың кәсіби ілімдерінің, сараптамалық қабілеттіліктерінің дамуына көмектеседі.

МВА бағдарламаларының бүкіл курсының құны батыс бизнес - мектептерінде 30 - 100 мың долларға тең, ал Қазақстанда 5 - 8 мың долларға тең.

Бағдарламалардың міндетті компоненті - бұл оқу сапасын бақылау және қолдау. Сондай - ақ оқытушылардың шетелдерде сынақ өткізуі, аккредитацияның әлемдік тәжірибесін игеру және т. с. с. болжанып отыр.

Бизнес - білім беруде компаниялардың топ менеджерлерімен немесе жоғарғы жетекшілерімен ұсынған. Vip-білім алушыларды бөліп көрсету міндетті болып табылады. Негізінен, ондағы оқу қымбат, оқытушылардың үлкен еңбегі мен көп күш жұмсауды талап етеді. Жұмыс көлемінің толықтығынан топ-менеджерлер стандартты бағдарламалар мен сабақтарға үнемі қатыса алмайды. Сондықтан оларды оқыту қысқартылған оқыту формаларды қолдана отырып, демалыс күндері жүргізіледі. Осы мақсаттарда Executive МВА, DBA- Doctor of Business Administration (әкімшілік іскер докторы) бағдарламалық өнімдер қолданылады.

Қазақстанда жаңа ақпараттық технологияларды, ақпараттық жүйелерді, жеке алғанда бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жүйелерді жасау бойынша құрылымдарды құру қажет. Ұйымдастырушылық мүмкіндіктер математика және механика, ақпараттандыру және басқару, жоғарғы оқу орындарындағы ақпараттық жүйелер мен информатиканың тиісті кафедраларының ғылыми-зеріттеу институты түрінде бар деп санайды.

Бағдарламалық қамтамасыз ету нарығының жоғарғы даму тиімділігі туралы оның «Про -Инвест Консалтинг» ресейлік компанияның лидерінің тәжірибесі дәлел болады.

- Ол инвестициялық жоспарлау, қаржылық талдау және болжау үшін қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалардың толық пакеттерін дайындайды.

- Ол ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, корпоративті жоспарлау жүйелерін енгізіп, консалтингтік қызметтер көрсетеді;

- Компанияның бағдарламалық өнімдерді пайдаланушылар 3000 - ға жуық ұйымдар, соның ішінде халықаралық болып табылады.

- Оның қатысуымен жасалған жобалар бойынша жүздеген миллион долларға инвестициялар тартылды.

Капитал салымының тиімді нысаны деп интернет пен интернет - технологияларды санайды. Жақын болашақта интернет миллиардтан астам компьютер пайдаланушыларын біріктіреді. Батыс Еуропада электрондық саудадан түсетін жыл сайынғы табыс 300 миллиард доллар деңгейінде, ал АҚШ - та 900 миллиард доллар деңгейінде күтілуде.

Мамандардың бағалауы бойынша, білім беру қызметінің қалыптасқан әлемдік нарығының көлемі 2005 жылы 90 млрд. долларды құрады. Білім берудің бірінші әлемдік салонына 2000 жылы мамыр айы, Ванкувер, Канада 56 елден 458 жеке және мемлекеттік ұйымдардан 3000 кәсіби мамандар қатысты.

Алайда білім беруді коммерциялизациялау мен жаһандандыру үрдістері білім берудің әлеуметтік және ұлттық - мәдени құрастырушыларының маңызын жоя отырып, оның униформизациясы мен әрі қарай әкеледі. Еуропалықтарды американдық компаниялар мен оқу орындарының экспансиясы, американдық жоғарғы оқу орындарының дистанциялық оқыту бойынша курстары ерекше алаңдатады. Интернет каналдары мәліметі бойынша.

Білім беруді жаһандандыру үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет болды:

- 1998 жылдың мамыр айында Франция, Германия, Ұлыбритания және Италияның білім беру министрлерінің «Еуропалық жоғарғы білім беру жүйесін үйлестіру туралы ортақ декларация» құжатын қабылдауы. Онда барлық Еуропа елдерін ортақ «Еуропалық жоғарғы білім беру кеңістігін» құруға мүмкіндік туғызуға шақырған;

- 1999 жылдың маусымында 30 еуропалық ел Болондық декларацияға қол қойды. Онда еуропалық жоғарғы білім беру жүйесінің әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға ерекше көңіл бөлінген. Ол декларацияда еуропалық жоғарғы білім беру аймағын құру бойынша және әлемде еуропалық жүйенің таралуына көмектесуі бойынша шаралар белгіленген.

Француз министрі К. Аллегр Ванкуверлік салонда айтып өткендей: « . . . әлемнің технологиялық дамуына қарсы тұруға болмайды, сондай-ақ либералды дамудың логикасын тұтастай қабылдаудың қажеті жоқ. Қазіргі әлем талаптарына бейімделудің өзіндік жолын табу қажет ».

Сонымен, Болондық декларацияға қол қою елге қандай міндет жүктейді? Бұл:

- дипломдардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету;

  • білім берудің қос сатылы жүйесін енгізу, яғни бакалавриат және магистратура.

- Еуропада қабылданған өтетін сабақтар сағатын есепке алу және сынақтық бірліктер жүйесін енгізу, модульді процесспен несиелер.

  • оқу орындарының аттестациялануы мен аккредитациялануын қамтамасыз ету;

- оқу сағаттарын өтетін сабақтар көлемін несиелік есепке алу жүйесіне ауыстыру;

- аттестация және сапаның мемлекеттік бақылау жүйесін құру және т. с. с.

Болондық декларацияға қол қойған елдер үшін 2010 жылға жоғарғы мектептің біріңғай жүйесін құру міндетті болып табылады. Бұл үрдіске Ресей мен Қазақстан Республикасы да қосылды.

Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарындағы білім беру батыс әдістемесі - несие жүйесі бойынша құрылуда. Оған сәйкес студент міндетті сабақтардан басқа бірқатар курстар мен оқытушыларды таңдауға құқылы. Ол оқу барысында басқа оқытушыға ауыса алады және бұл оқытушылар арасында студенттер үшін, оқытудың жақсы әдістемесі үшін, ең қызықты материалдар үшін бәсекелестіктің негізіне айналады[4, 5 c] .

Алайда Ресейде 2010 жылға жоғарғы білім беру қос сатылы жоғарғы білім жүйесін, несиелер жүйесін және мемлекеттік стандарттарды қайта қарауды енгізу жолымен халықаралық деңгейге «өз бетінше ауысуы» мүмкін деген жағдай күмән туғызып отыр. Күмәндердің себебі ретінде жоғарғы мектептің қазіргі қаржыландыру жағдайын, сондай - ақ жұмысшылардың еңбек ақылары көлемін батыспен салыстырғанда, жоғарғы оқу орындарының жабдықталу сапасын және т. б. қарастырады.

Болондық үрдістің жақтаушылары дәлел ретінде студенттердің жоғарғы оқу орнын таңдаудағы немесе қалаған модульді оқудағы еркіндігін қарастырады. Әрине, бұл жерде бітірушінің дипломының «иесізделгендік» мәселесі және оның жұмыс берушілер үшін маңыздылығы туындап отыр.

Алайда элитарлық еуропалық жоғарғы оқу орындарының барлығы Болондық үрдіске кірмеген, мәселен, Кембридж, Париж саяси ғылымдар институты және т. б. мұндай жоғарғы оқу орындарына Ресейдің кейбір жоғарғы оқу орындары да қосыла алады. Сонымен қатар, элитарлық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен олардың ұрпақтары ақпараттық қоғам элитасын құрады деп болжанып отыр. Салдары келесідей болады: жоғарғы білім алуға тең жағдай жасалмайтын болады: - біреулері артықшылыққа ие болса, екіншілері оған ие болмайды. Бұған Франция тәжірибесі дәлел болады, мұнда 1950 жылы қарапайым отбасынан шыққандар элитарлық жоғарғы оқу орындарында 30% - ды құрады, ал 1995 жылы 9% - ды құрады[21, 11 c] .

Бірыңғай білім беру кеңістігін құру бірқатар оң мүмкіндіктерге ие. Оларға жататындар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бұқаралық ақпарат
Беларусь Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының ерекшеліктері
Мұғалімдердің АКТ құзыреттілігінің құрылымы
Ақпараттық дәуірдегі – ақпараттық қауіпсіздік
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Электр энергетикасы саласын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарды дамытудағы Оңтүстік Кореяның рөлі
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz