Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Жалпы бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың жолдары

Кіріспе

I - тарау

Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиетін қалыптастырудың педагогика теориясындағы жайы

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттері жайлы түсініктің дамуы
  2. Қазіргі ресми құжаттардағы бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі және оны қалыптастырудың жолдары

II - тарау

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен

2. 1 Бастауыш мектеп білім мазмұнының оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыруға ықпалы

2. 2. Сыныптан тыс жұмыстардың және қосымша білім беру мекемелердің бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жолдарынан

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі . Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Осы негізде Қазақстан Республикасының Президенті 2004 жылғы 14 қазандағы № 1459 Жарлығымен “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын” бекітті. Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру керектігін атап көрсетті. Себебі қоғамдағы тәртіп нормаларын жүзеге асыратын - жеке тұлға. Адамның құқықтық санасы мен мәдениеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қоғам дами түспек. Ол өзінің тыныс - тіршілігі, өмірге араласуы арқылы қоғамды елеулі, тіпті шешуші өзгерістерге ұшыратады.

Осы арада, адам және оның еңбегі, көзқарасы, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесінің маңызы қай қоғам мен кезеңде болмасын тарих беттерінен ешқашан түскен емес. Ежелгі дәуірлерден жеткен әдебиеті мен тарихында, мәдениетінде, ғасырлардан-ғасырларға жеткен ғұлама ойшылдардың даналық ойларында, қазақ ақын-жырауларының өлең-жыр, толғауларында адам әлемі, жас ұрпақ тәрбиесі айрықша орын алып келді. Сондай-ақ Әл-Фараби фәлсапаларынан бастап, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, М. Х. Дулати кеңестерінде, Абай әлемінде, Ы. Алтынсарин, Шәкәрім шындықтарында, Алаш зиялылары М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтың қоғамдық ой-пікірлері мен тәлім-тәрбиелік еңбектерінде табиғи жалғасын тапқан адам баласының тәрбиесі бүгінде өзіне басты назарды аудартуда. Осы көкейтесті мәселе шеңберінде кейінгі жылдардағы отандас ғалым, ағартушылардың зерттеу жұмыстарының өзінде Уманов Г. [2], Жарықбаев Қ. [6], Әбиев Ж. [2], Қалиев С. [16], Сабыров Т. С. [5], Қоянбаев Р. М. [13], Нұрғалиев Қ. Н. [2], Жатқанбаев Ж. Ж. [6], т. б. педагогикалық - психологиялық еңбектерінде, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жан-жақты қарастырылып, оқушылардың елжандылық, ізгілік, ұжымшылдық, еңбекке деген сүйіспеншілік, адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, тәртіптілік, қоғам мүлкіне ұқыптылықпен қарау сияқты моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге тиіс деп тұжырымдалған. Сондай-ақ Әбдіқадырова Т. Р. «Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық-педагогикалық мұраларындағы тұлғаны қалыптастыру мәселесі», Оразбекова К. А. «жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми- педагогикалық негіздері», Игенбаева Б. Қ. «Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі», Қойшыбаева Н. И. «Қазақстан оқушыларының әлеуметтік - азаматтық көзқарастарының қалыптасуы», Сайдахметова Л. Т. «Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» атты диссертациялық ғылыми еңбектері зерттеу жұмысымызға негіз болды.

Ата заңымызда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары түпкі мақсат-мұрат ретінде атап көрсетіліп, бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында [17] көрініс тапқан. Онда: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау» - дей келе, «Білім беру жүйесінің басты міндеттері мыналар болып табылатындығы көрсетілген:

  • жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту;
  • азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу; » қажеттілігі жазылса, ал бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Тәрбие тұжырымдамасында»: “бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым - қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс” [19] делінсе, ал «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: “Қазақстандықтарды патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу” көзделген [20] . Көрсетілген нұсқаулардан біз көтеріп отырған мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығына дәлел болмақ.

Осы негізде жеке тұлғаны қалыптастыру бастауыш білім сатысынан жүргізілуі қажет. Себебі І-ІҮ сынып (7-10 жас) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, себебі бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Бұл тұлғаның психологиялық даму деңгейі мен үнемі өсіп отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Егер оқу-тәрбие жұмыстары педагогикалық тұрғыда сауатты ұйымдастырылған болса, онда оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, ұлтжандылық, азаматтық, қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапалары мен адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Демек аталмыш мәселенің қазіргі кездегі қажеттілігі анық байқалады. Осы қажеттілік шешімін табу бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты “Жалпы бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың жолдары” деп таңдап алуымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты. Жалпы бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдарын айқындай отырып, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкінділігін ашу.

Зерттеу міндеттері:

  • жеке тұлға қасиеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау. Атап айтсақ: “жеке тұлға”, “тұлғалық ерекшелік”, “жеке тұлғаны жан-жақты дамыту” ұғымдарының анықтамаларын нақтылау;
  • тарих кезеңдеріндегі ғұлама ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу туралы ой-пікірлерін жүйеге келтіру;
  • қазіргі ресми құжаттардағы тұлға қалыптастыру тәрбиесінің маңыздылығын айқындау;
  • тұлғалық қасиеттер, оның педагогика ғылымында алатын орны, мақсат-міндеттерін және жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ерекшеліктер мен мүмкіндіктерін анықтау;
  • жеке тұлға тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін тәрбиеші-педагогтар қауымына насихаттауды әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету жұмысының жүйесін сипаттау жолдары;

Зерттеу нысаны. Жалпы бастауыш білім беру жүйесінде тұлға қасиетін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу пәні. Жалпы бастауыш білім беру оқу пәндері арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жеке тұлғалық қасиеттерге ғылыми-педагогикалық тұрғыда жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалып, тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының сана-сезімі мен мінез-құлқын өзіндік дара, табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлға қалыптастырудың тиімді жолын жасауға мүмкіндік кеңейеді.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жалпы бастауыш білім беру жүйесіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Жеке тұлғаның әлеуметтік мәнімен жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық-әрекеттік қатынас туралы қазіргі педагогикалық, психологиялық қағидалар: табиғат, қоғам, адамның өзара байланысымен диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсететін таным теориясы, психология мен педагогика ғылымдарының дамуына үлес қосқан ғалымдар мұралары және қазіргі кездегі ғалымдардың зерттеу жұмысы бойынша жазылған ғылыми еңбектері негізге алынды.

Зерттеу көздері. Педагогика-психологиялық негіздегі ғылыми еңбектері мен ресми құжаттары: Қазақстан Республикасының конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы, “Қазақстан - 2030” стратегиясы, Қазақстан Республикасының “Білім мемлекеттік бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы”, т. б.

Зерттеу әдістері. Материалды теориялық жағынан өңдеу, жүйелеу, зерттеу нәтижелерін мақұлдаудан өткізу, диссертацияны әдеби жағынан редакциялап өңдеу. Теориялық деңгей әдістерін (байқап-бақылау, оқушылардың жазбаша және шығармашылық жұмыстарын зерттеу) қолдана отырып, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау.

Зерттеу базасы. Алматы қаласы № 136 М. Дулатов атындағы орта мектебі мен № 147 бастауыш мектептерінің оқушылары, олардың сынып жетекшілерімен бірлесе жүргізілген жұмыс және Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі факультеттік іс-тәжірибе.

Зертеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2005-2006) диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, педагогикалық-психологиялық зерттеулерге арналған әдебиеттер мен оқулықтарға талдау жұмысы жүргізілді. Мақсат-міндеттерін, зерттеу әдістерін қарастырып, зерттеу жұмысының өзектілігі анықталып, зерттеу жұмысының жоспары бекітілді. Университет кешенінде өтетін ғылыми-педагогикалық конференцияға зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша баяндама дайындалып, ғылыми басылым беттеріне мақалалар жазылды.

Екінші кезеңде (2006-2007) зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жинақталған теориялық бөлімінің ұғымдары жүйеленді. Қажетті зерттеу материалы жинақталып, тарихтың даму кезеңдеріндегі қоғам қайраткерлерінің тәлім-тәрбиелік мұраларындағы тұлғаны қалыптастыру мәселесін зерттеуге, дамытуға бағытталған әдістердің тиімді жолдары ұсынылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жалпы бастауыш білім беру жүйесіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне қойылатын Республикамыздың ресми құжаттарының талаптары мен жеке тұлғаның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жөніндегі педагогикалық теориясымен тәжірибесіндегі деректерге сүйене отырып, зерттеуші тұрғысынан бұл мәселенің шешілуі жөніндегі ықпалдастырылып алынған - “қоршаған ортасына шапағаты мол, жан-жақ жетілген, дене мен эмоциялық тұрғыдан дамыған, адамгершілігі мол, жүйелі ойлай білетін тұлғаны қалыптастыру” ұстанымы, тұлғаның, ғылыми-білім жүйесін өрістетуде, қоғамдық сананы қалыптастыруда алар орнының дәлелденуі зерттеу жұмысымыздың ғылыми-теориялық жаңалығы болып табылады.

Зерттеудің тәрбиелік мәні. Зерттеу нәтижесі бакалавриат дәрежесінде білім алып жатқан студенттер, студент-магистранттар, жалпы бастауыш білім беру деңгейіндегі мұғалімдеріне, ЖОО оқытушылары үшін педагогикалық тәжірибеде пайдалануға болады деп есептейміз.

Зерттеу жұмысының дәйектілігі мен сенімділігі. Әдіснамалық және ғылыми әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық негізі, теориялық тұжырымдарға практикалық зерттеулер жүргізуі және оның жарияланған ғылыми еңбектерінің мақұлданып жүзеге асырылуы арқылы дәйектеледі.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар.

  • тарих тағылымындағы жеке тұлғаны тәрбиелеу негіздерін қалайтын ой-тұжырымдар жүйесі және олардың өзара сабақтастығы мен өзіндік ерекшеліктері.
  • тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеудің мәні, мазмұндық сипаты және функционалдық мүмкіндіктері.
  • жалпы бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жолдарының тиімділігін арттыруға ықпал ететін тәжірибе мазмұны.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі және мақұлдануы. Зерттеу материалдары мен нәтижелері курстық жұмыс түрінде және ғылыми баяндама түрінде Абай атындағы ҚазҰПУ-де (2006) халықаралық конференцияда және жыл сайын өткізілетін ғылыми конференцияда талқыланды. Сондай-ақ ғылыми мақалалар негізінде Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің “Хабаршы” ғылыми басылымының “Бастауыш мектеп және дене мәдениеті” сериясының №2 (11) 2006 жылғы санында “Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың маңызы” атты тақырыпта және “12 жылдық білім беруге көшу жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері” жинағында “Білім беруді дамыта отырып бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиетін қалыптастыру” тақырыбында материалдар жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмсы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиетттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, жетекші идеясы мен тәжірибелік мәні, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, оның мақұлдануы қарастырылады.

І тарау бойынша, Жалпы бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыруда педагогика теориясындағы оқушы тұлғасын қалыптастыру мәселесіне талдау жасалып, сондай-ақ қазіргі ресми құжаттардағы бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесінің маңыздылығы педагогикалық негізде талданады.

ІІ тарау бойынша, Жалпы бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесіндегі білім мазмұнының ықпалы және сыныптан тыс жұмыстардың қосымша білім беру мекемелерінің тәлім-тәрбиелік негіздеріне талдау жасалады.

Қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны тұжырымдалады.


I-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКА ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ ЖАЙЫ

  1. . Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттері жайлы түсініктің дамуы

Кескін-келбеті мен болмыс-бітімі сан құбылып, қилы өзгерістерді басынан кешіріп отырған осынау алмағайып заманда көш соңында қалып қоймай, өзгелермен терезесі тең іргелі ел болу үшін білімді де білікті, әрі іскер жастардың бірнеше ұрпағы өсіп жетілсе, солар ғана еліміздің елдігін сақтай алады. Кемелденген, қуатты қоғам орнатамыз десек, ең алдымен сол қоғамның басты байлығы ұрпақ тәрбиесіне мән беруіміз қажет.

Адам бола білу - ең биік қасиет. Оған тек жаны, тәні сау ұрпақтың ғана қолы жетеді. Сондықтан адамды адам ете түсетін қасиеттерді ашып көрсету, яғни тұлғаны дамыту заман талабына айналып отыр.

Жаңа туған нәресте “адам” деп аталғанымен, “тұлға” деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені кісі болып ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің “менін” басқа “мендерден”, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ержетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға деуге болады. Себебі қандайда болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады.

Тұлға - адамдар арасындағы өзінің ұстанымын, орнын, еркін және жауапкершілігін анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам, ол қоршаған ортамен, қоғамдағы адамдармен қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасып, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға (личность) - дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны немесе әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес.

Адам тұлға болып, өзіндік ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.

Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор - баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылықтың жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда - адамның) өмірінің тарихын анықтайды.

Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта дегеніміз - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары) . Микро орта дегеніміз - баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Сонымен бірге жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары да әсер етеді. Қай кезде де адам өзі өмір сүрген ортада қызмет етіп, іс-әрекет жасап, өз қажеттілігін өтеп, алдына мүдде, мақсат қойып, сол арқылы көксеген мұратына ұмтылады. Бұл - адамның тарихи дамуын көрсететін жағдай.

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Жеке адам дамуы өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Адам дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамудағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т. б. ) . Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

Жеке тұлғаның қалыптасып, дамуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т. б. ), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы педагогикалық процесін ұйымдастыру.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан-жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқарас еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz