ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы



КІРІСПЕ

1. Сфрагистика ғылымының дамуы
1.1 Сфрагистиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... 8.16
1.2 Қазақтардағы мөрлердің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.22

2. ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер жинағы
2.1 ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы лауазымдық мөрлер (сот, би, старшина, болыс) ... ... ... ... 23.27
2.2 ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы жеке және жай мөрлер ... ... ... ... ...28.33

3. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы мөрлердің сақталуы
3.1 Музей қоры мен экспозицияда мөрлердің сақталу тәсілдері ... ... .34.42
3.2 Сфрагистикалық материалдарға реставрация және консервация жасау әдістері ... ... ... .42.49


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50.51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52.53
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54.60

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультеті

Археология және этнология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к, доцент
К.Райымхан
Орындаған: 4 курс
студенті: Қ.Е. Ауашева

Қорғауға жіберілді:
Археология және этнология кафедрасының
меңгерушісі, т. ғ. д, профессор
--------------------------- Т.Ә. Төлебаев.
"-----" ---------------------------------- 2007 ж.

АЛМАТЫ 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Сфрагистика ғылымының дамуы

1. Сфрагистиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... 8-
16
2. Қазақтардағы мөрлердің шығу тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-22

2. ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер жинағы

1. ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы лауазымдық мөрлер
(сот, би, старшина, болыс)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-27
2. ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы жеке және жай мөрлер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-33

3. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы мөрлердің сақталуы

3.1 Музей қоры мен экспозицияда мөрлердің сақталу тәсілдері
... ... .34-42
3.2 Сфрагистикалық материалдарға реставрация және консервация
жасау әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...42-49

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .50-51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52-53

ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .54-60

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп,
өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті
елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи
оқиға болып отыр. Бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез келген
мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық
алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктермен қамтамасыз етіп, одан
әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін
даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі - мәдениет. Бүгінгі
таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан Мәдени мұра
бағдарламасы аясында біраз жұмыстар да атқарылып жалғасын таппақ.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны сақтауға,
зерттеуге, қастерлеуге ерекше ден қойылып, қазіргі заманның кезек күттірмес
маңызды міндеттерінің біріне айналып отырған мәселенің бірі-халықтың мәдени
мұрасының сақталатын, көрсетілетін, насихатталатын орны – музейлердегі
коллекцияларды ғылыми тұрғыдан, терең зерттеу болып отыр. Бұл сала бойынша
атқарылып жатқан игі істерге ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің деректану
және қолжазба бөлімі өз үлесін қосуда.
Бұл бөлім ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде тұңғыш рет 1999 жылы
құрылып, өз қызметін атқаруда. Бүгінгі таңда бөлімде жеті қызметкер атап
айтқанда, бөлім меңгерушісі, екі ғылыми қызметкер, екі жоғары дәрежелі қор
сақтаушы, екі кітапханашы жұмыс істейді. Бөлім қызметкерлері Қазақ
тарихына байланысты архивтік-деректі құжаттардың деректанулық зерттеулері
атты көп жылғы іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Онда
сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар, нумизматика, эпиграфика,
геральдика, сфрагистика, бонистика салалары бойынша қордағы және шетел
архив музейлердегі экспонаттар, археологиялық деректанулық айғақтарды
қарастырып, зерттеп ғылыми айналымға енгізуге ат салысуда. Дегенмен,
ғылымның бұл саласында зерттелмей тың жатқан және жаңа тұрғыдан қарауды
қажет ететін мәселелер әлі де болса баршылық. Осы бөлімнің қорында
зерттелетін көп жәдігерлердің бірі – мөрлер.
Мөрлерді зерттейтін ғылым сфрагистика деп аталады – (грек тілінен
sphragis аударғанда – мөртану дегенді білдіреді) – ол геральдика,
нумизматика ғылымының бір саласы болып есептеледі. Басқа ғылым саласымен
байланыстылығын мөрлерге қарап білеміз. Әр кезеңдегі мөрлер өзіндік
белгілерімен ерекшеленеді. Мысалы, XVII ғасарлардағы мөрлердің ерекшелігі
тарихи құжаттарда уақыты, мөр иесінің есімі, қала, ауылдікі екендігі
көрсетілген.
Қазақ қоғамында хан, сұлтан мөрлері негізінен "тамшы іспетті" пішінді
мәтінді, мөр иесінің әкесі мен атасының аты-жөні және "хан", "сұлтан", "би"
атағы көркемделіп, нақышталып жазылды. Мұндай мөрлерді хан, сұлтан, билер
ғана қолдану құқығы болды. Бұл куәландырғыш белгілерді қазақ хандары мен
сұлтандары және билері өзара хат алмасуда, ішкі саяси іс жүргізуде, әр
түрлі заңды құқықтық құжаттарда және сыртқы халқаралық қатынастарда кеңінен
қолданған. ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорында сфрагистикалық белгісі
бар құжаттармен қоса 98 ескі мөр 29 лауазымдық белгілер сақталған. ҚР
Орталық Мемлекеттік музейінде 2006 жылы сәуірдің 28-күні Мөрлер мен
лауазымды белгілер – қазақ тарихы мен мәдениетінің деректері атты көрме
өтті.
Көрмеде ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде
жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты пайда болған соттардың,
билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлері қойылды. Қазақ хандығы
дәуірінде қазақ хандары мен сұлтандары билік төреліктің мемлекеттік белгісі
ретінде арнайы мөрлер қолданған. Ондай мөрлер көбінесе алтын, күмістен
жасалған жүзіктер болған. Мөрлердің формасы қолданысына қарай да әр түрлі
болған. Қазақ қоғамының саяси билігі жүйесіндегі тарихи деректік
айғақтардың сақталған орны ҚР Орталық Мемлекеттік музейі. Саяси құрылымға
қатысты музейдің фото документтер қорында ақсақалдар жиынынан, билер
сотынан, уездік сот сәтінде С.М. Дудин, П. Лейбин, Л. Багаев және белгісіз
фотогрфтар түсірген суреттер сақталған. Бұл фотоқұжаттардың маңызды
дегендері ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде 2002 жылдың 28 наурызында
ашылған "Қазақтардың тұрмыс-салты мен мәдениеті (XIX ғ. аяғы –XX ғ. басы.)"
атты көрмеде қойылды. Музей қорындағы құнды жәдігерлер қатарынан билік
лауазымдықты, әлеуметтік статусты білдіретін белгілер орын алатыны даусыз.
Соның бірі – 1861 ж 19 ақпанда Ресейде қоладан құйып жасаған, ауыл
старшинасының лауазымдық белгісі. Мөрдің бір бетінде 8 желтоқсан 1856 жылы
Александр II бекіткен Орынбор губерниясының гербі бейнеленген. Мөр шынжыр
ілінген түйреуіш арқылы кеудеге тағылған. Александр II патшаның таңбасымен
1869 жылы қоладан құйып жасаған мөрінің ортасына Ресей герібінің бейнеленуі
Ресей патшасының отарлық саясатының қазақ қоғамының билік жүйесіне тісін
терең батырғандығын дәлелдейді.
Музейде сақталған сфрагистикалық материалдардың ішінде 1889 жылы 12
шілдеде Орынбор болыстық сотының мөрі бар. Мөрдің алдыңғы бетінде 1856 ж 8
желтоқсанда бекітілген Орынбор губерниясының герібі бейнеленген. Сондай-ақ,
1891 ж. 25 наурызда берілген Ақмола облысының биінің мөрінде 1878 ж. 25
шілдеде бекітілген Ақмола облысының гербі бейнеленген. XIX ғ. аяғында
қолданылған Верный Атырау комиссиясының мүшесінің кеудеге тағатын қола
мөрлерінің түрлері де музейде сақталан. Бұл мөр дөңес формалы болып келген.
Мөрдің алдыңғы бетінде Жетісу облыстық герібі, екінші бетінде Ресей герібі
және патша тәжінің ескі үлгісі бейнеленген. Мөр формасының бекітілген
уақыты "1870 ж. 16 маусым" деп көрсетілген.
Елімізде егемендік алған уақыттан бері осы қойылып отырған
мақсаттарды жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Солардың бірі
тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында кеңестік дәуірде саналы
түрде бұрмаланып, жасырылып келген халқымыздың, қазақ ұлтының өткенін жаңа
тұрғыдан зерттеуде, оған тиісті баға беруде орын алып отыр. Республика
тарихшы ғалымдарының осы мәселелерді зерттеу нәтижесінде қол жеткізген
табыстары осыған куә.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Зерттеу жұмысы қазақ қоғамындағы әміршіл-
әкімшіл реформаларға байланысты пайда болған соттардың, билердің,
болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін тереңінен зерттеуге негізделіп,
қоғамның саяси және экономикалық байланыстарын, дипламатиясы мен жеке
қызыметтердің зерттелу деңгейін зерделеу, талқылау міндетке алынды.
Қазақстан сфрагистика ғылымы саласында жазылған зерттеулердің көлемі
саусақпен санарлықтай, бірақ осы салаға қатысты азда болса ғылыми жұмыстар
мен мақалаларды кездестіруімізге болады. Солардың бірі Н.П. Лихачевтің
"Дипломатика" (Из лекций по сфрагистике) деген көлемді зерттеуінде
"сфрагистика" ғылымының шығу тарихына тоқталып, мөрді ішкі саяси
дипломатиялық қатынастарда кеңінен пайдаланғанын нақтылап жазған. Еңбектің
негізгі бөлімінде Азия және европа халықтарының қолданған мөрлерінің
ерекшеліктерін (көлемі, материалы, типі т. б.) салыстыра отырып талдаған.
Мөрлерді қолданысына қарай, көлеміне, материалы, типі, таңбасына (оттиск)
байланысты сыныптап көрсеткен 1.
Қазақстан сфрагистика саласында жазылған көлемді ғылыми зерттеудің
бірі И. Е. Ерофееваның “Символы казахской государственности” атты еңбегінде
XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы хандар мен сұлтандардың
мөрлерін сипаттап жазған. Онда мөрдегі лауазымды тұлғалардың есімдері
бойынша (өз есімі, қоғамдық титулы, ата тегі), мөрдің деректердегі
қолданысы, мөрлердің көлемі, тарихи құжаттарға басылған мөрлердің тіркелген
жері күні, мөр басылған құжаттың сақталған орны, таңбаның публикациясымен
немесе мөр белгісімен бірге құжаттың текстін толығымен беріп, олардың
ерекшеліктерін қарастырған 2.
Е. Шаймерденовтің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері"
атты еңбегінде тарихи қосалқы пәндердің даму тарихына тоқтала кетіп,
“тамға” сөзін “мөр”деген сөзбен байланыстырады. Бір ғажабы, таңба ұғымы
түркі халықтарына ортақ екені байқалады. Мысалы, қырғызша “тамға”, -
жылқының санына күйдіріп басатын таңба, белгі; қарақалпақша “тамға” немесе
“таңба” – қазақшадағыдай мағынада; әзербайжанша “дамға” – таңба, белгі;
өзбекше және башқұртша “тамға” – таңба, белгі мөр деген анықтамаларға
тереңінен тоқталған 3.
Белгілі түріктанушы ғалым В.В. Радлов бұл ұғымның мағанасын “белгі”,
“ру таңбасы”, “мөр” деген сөздермен ашады. Өте ертедегі тасқа қашалып
жазылған әдебиет нұсқаларындағы мәні де осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

С. М. Мәшімбаевтің "Патшалы Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік
басқару мекемелерінің тарихы" атты диссертациясында Патшалы Ресей әр түрлі
тәсілмен мемлекеттік мекеме құрлымын Қазақстандағы саяси-әлеуметтік
өзгерістерге қарай бейімдеп жетілдіріп отырғандығы. Әр уақытта жаңа мекеме
құру алдында Патша үкіметі Қазақстандағы саяси өзгерістерді ескеріп,
жергілікті әлеуметтік топтарға арқа сүйегендігін жазған. Осылайша алғашқы
шекаралық сот құрудан басталған бұл жұмыс қазақ жерлерін жеке бөліктерге
бөліп, біртіндеп оларды Ресей-әкімшілік басқару жүйесіне енгізіп, отарлық
мемлекеттік басқару мекемелерін құруға жалғасқаны туралы жазылған 4.
А.И. Оразбаеваның "Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи
бастаулары, орны және ролі" деген диссертациясында қазақ халқының
тарихындағы билер институтының маңызы, ролі, саяси-әлеуметтік құндылықтары
туралы мәліметтер жазылған. Билер институтының қоғамдық қатынастар
саласындағы қызметі сыртқы қарым-қатынастағы ролі қарастырылған 5.
Т. Е. Қартаеваның "Қазақ қоғамының дәстүрлі саяси құрлымы және
лауазымдық белгілер" (Туркестанские ведомости газеті және ҚР Орталық
Мемлекеттік музейінің қор материалдары негізінде) атты мақаласында XIX
ғасырдағы қазақ қоғамындағы жоғарғы топ өкілдерінің саяси құрлымын ролін
лауазымдық белгілерін сипаттап жазған 6.
Б. С. Қақабаевтың "Қазан ревалюциясына дейінгі Қазақстандағы халық
сотының қызметтік белгісі" атты мақалада Ресей империясының құрамына өту
кезеңіндегі Қазақстанның құқықтық жүйесінің эвалюциясына арналған. Соның
ішінде өтпелі кезеңде қазақ билеріне берілген халық сотының қызыметтік
белгілерінің ерекшеліктері сөз болады 7.
Қорыта айтқанда ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың басындағы
мөрлер туралы ғылыми негізде жазылған мақалалар саусақпен санарлықтай,
мөрлерді зерттеп ғылыми айналымға енгізу көп ізденісті талап етеді. Ол
болашақтың еншісінде.
Жұмыстың мақсаты Зерттеуіміздің мақсаты сфрагистика ғылымының
қалыптасу тарихын, бүгінгі күнде қазақ тарихына қатысты ҚР Орталық
Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің зерттелу деңгейін, және
қолданыстағы орнын анықтау барысында ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық
Ресейдің қазақ жерінде жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты
пайда болған соттардың, билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін
зерттеп ғылыми сипаттамасын жазу, музей қорларындағы мөрлерді зерттеу болып
табылады.
Зерттеу жұмысының міндеті Айтылған мәселелерді шешу барысында мынадай
міндеттер қойылды:
- Қазақстандағы сфрагистика ғылымының қалыптасу тарихының зерттелу
деңгейін анықтау;
- ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің жинақталу
тарихын зерттеу;
- ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлерді сыныптау,
жүйелеу;
- ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарында патшалық Ресейдің қазақ жерінде
жүргізген әкімшіл-құқықтық реформасына байланысты пайда болған
соттардың, билердің, болыстардың, ауыл старшындарының мөрлерін
зерттеп ғылыми сипаттамасын жазу;
- Мөрлердің музей экспозициясында сақталу, қорғалу деңгейін анықтау;
- Мөрлерге консервация және реставрация жасау тәсілдерін,
ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақ халқына билік жүргізген хандар, сұлтандар және Ресей
империясына қосылғаннан кейінгі билер, болыстар және халық
соттарының мөрлері мен лауазымдық белгілері арқылы тарихи
тұлғалардың өмірінен қысқаша деректер беру;
Тақырыптың дерек көзі Жұмысты қолдану барысында пайдаланған деректер:
ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлер, және құжаттардағы
мөрлердің түрлері, музейдегі түсім кітаптары, инвентарлық карточкалар,
мөрлердің аңызы, ғылыми зерттеулер мен музей меңгеруші қызметкерлерінің
жинақтары, экспедиция материалдары, музейдің архив материалдары.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Зерттеудің хронологиясы мен
ауқымдық шеңбері ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың басын қамтиды.
Себебі, ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің басым
бөлігінің хронологиялық уақыты сол кезеңге сәйкес келеді.
Зерттеу жұмысының жаңалығы Музей қорында мөрлер алғаш рет музей
жәдігері ретінде ғылыми зерттеу жұмысының нысаны болып отыр. Музей
қорындағы мөрлер толық сипатталып талданып, жүйелеу және сыныпталуы
айқындалды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде
объективтілік, тарихилық, жүйелілік принциптері, тарих және әлеуметтік
ғылымдарының негізгі теориялық тұжырымдамалары басшылыққа алынды. Зерттеу
жұмысын жазудың методологиялық негізі мен әдістеріне жалпы ғылыми
зерттеудің арнайы музейтанулық ғылыми тәсілі басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының құрылымы Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан
әрқайсысы екі тармақшадан тұратын, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер
тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі анықталып, зерттеу мәселесі мен
тақырыпқа қатысты деректерге шолу жасалған.
Бірінші тарауда Қазақстанда сфрагистика ғылымының зерттелу деңгейі,
ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорындағы мөрлердің жинақталу тарихы
жазылған.
Екінші тарауда лауазымдық мөрлер яғни билер старшындар, соттардың
қоғамдағы ролі және атқарған қызметі мен қолданыстағы мөрлер туралы, және
жеке тұлғалар мөрлерінің сипаттамасы жазылған.
Үшінші тарауда музейдегі мөрлердің сақталу деңгейі және мөрлерге
консервация реставрация жасаудың әдістері мен тәсілдері қарастрылған.
Қортындыда берілген зерттеу жұмысының нәтижесі, ұсыныстар
тұжырымдамалар берілген. Қосымшада Орталық Мемлекеттік музейінің қорында
сақтаулы жекелеген мөрлердің суреттері берілген.

1 Сфрагистика ғылымының дамуы

1. 1 Сфрагистиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы

Сфрагистика (грек тілінен аударғанда “сфрагис” – мөр), немесе
сигиллография ғылымының (латын тілінен аударғанда “сигиллум” – мөр) –
ғылыми зерттейтін дерегі мөр болып табылады. Бұл ғылым саласы тарихи ғылыми
қосалқы пәннің бөлімі деп есептеліп, геральдика, нумизматика, эпиграфика т.
б. ғылымдарымен тығыз байланысты.
Байырғы заманда, шамамен б. д. д. V-X ғасырларда Ассирияда, Бабылда,
Мысырда, Урартуда циллиндір пішінді тас мөрлерді пайдаланған. Мысырда
кейбір ғибадатханаларды (Осирис, Абидос) мемлекеттік талаптар мен
міндеттерден босатуға билеушінің суреті бар мөрлері басылатын, сондай-ақ
билік иелерінің бұйрығы, саудагерлердің келісімі де мөр арқылы бекітіліп
отырған.
Ертеректе тарихи оқиғаларды ойшылдар, даналар қағаз беттеріне түсіріп
отырған, сол құжаттардың түпнұсқалығын дәлелдейтін, шынайылылықты
сенімділікті арттыратын белгі ретінде – мөрлерді пайдаланған. Бұл
дипламатика ғылымы үшін өте құнды құжат болып табылған.
Көне дәуірлердегі мөрлер әр түрлі формада болды және оның бетіне неше
түрлі бейнелер салынатын. Мысалы: құдайлар, құстар, қоңыздар, гүлдер т.б.
Кейбір мөрлер асыл тастардан, кейіннен алтын мен күмістен жасалынды. Басуға
ыңғайлы болу үшін иелері мөр тастарды жүзіктеріне орнатып, қолдарына тағып
жүрді. Көшпелі өркениеттің көсемдері жылқының, тау ешкінің, барыстың
бейнесі бар мөрлерді пайдаланды 8, 42-43.
Әрбір мемлекеттегі жоғары биліктің өз әлеуметтік – мәдени табиғаты
және өзіндік орны тарихы болатыны бәрімізге аян. Мемлекеттің осы бір мәдени-
тарихи өзгешелігін мемлекеттік символикада, оның сөзсіз – атрибуттары –
елтаңба, ту, мөрлерде және лауазымдық белгілерден айқын көруге болады.
Уақыт өте келе мөрлердің әр түрлі типтері пайда болған. Ертеде Шығыс
елдерінде циллиндір пішіндес мөрлерді қолданып, оларды саз балшықтан
жасалған тақтайшаларға өрнектермен және жазуларымен (циллиндірдің жоғарғы
бөлігі) таңбалаған. Бұл туралы мәліметтерді Плиний өз еңбектерінде айтып
кеткен.
Антикалық кезеңде жүзікті мөрлер пайда болған. Жүзікті мөрлерді алғаш
рет Мысыр елдерінде әр түрлі асыл тастармен әшекейлеп, қымбат бағалы
металлдардан құйып жасаған. Атақты патша ІІ Тутмос алтыннан жасалған
жүзікті мөрінің бетінде ироглфтер таңбаланған. Онда Хуву патшаның үлкен
пирамиданы салғызғаны, және пирамиданы салған сәулетшінің есімі жазылған.
Жүзіктердің қалқанында өрнектері және жазба белгілері көрсетілетін болған
9, 55.
Бізге жеткен мәліметтер бойынша ежелгі Римдіктердің қолындарында бір
емес бірнеше жүзікті мөрлер болған, бірі құжат үшін, құпия хат үшін, әр
түрлі қазыналарды сақтайтын қобдишаларға мөр соғу үшін және т.б. қолданған.
Мөрлерді қай жағынан оқып, зерттесеңіз де, ойыңыздың зерттеу дерегі
тарихи-дипламатиялық білміңізге сай келеді – бұл сұрақтың тууы өте ертеде
басталған еді. Әсіресе сфрагистика ғылымының тереңінен зерттелуі, ХІХ
ғасырдың екінші жартысы болып есептеледі. Әлемдік сфрагистика ғылымында
мөрлердің бізге берген әр түрлі көрсеткіші айтарлықтай қызықты пәнді
жасады. Мөрлер дипламатиялық ескерткіштің үлгісі ғана емес (құжатты бекіту
үшін); тарих ғылымы үшін де (саяси тенденцияларды біріктіруші, көпшіліктің
ойы және көзқарасы - өрнектерінде, көлемінде, материалында, мөр иесінің
ұлылығын да көрсетеді), өнер тарихының ескерткіші ретінде және тұрмыстық
ортаның құнды тарихи құжаты (ғимараттың бейнесі, киімдер, әр түрлі
қолданбалы аспаптар мен қару-жарақтар) болып табылады. Осыдан барып орынды
мәселе туады, ескерткіштерді танып оқу үшін, бірнеше пән бір-бірімен тығыз
байланысып, бір жағынан сфрагистика ғылымын зерттеу үшін тарихи-дипламатика
пәнін оқып, тарихи оқиғаның шындығын дәлелдеу қажет, бұл ғылымның бағыты
мың жылдықтар уақытында Византиялық мөрлерден бастау алады.
Сфрагистика ғылымы алғашында дипломатика ғылымының бөлімінде –
қосымша пән ретінде актілердің мазмұнын, көлемін анықтаушы қызмет атқарып,
құжаттың уақытын, түпнұсқалығын, немесе жасандылығын анықтап отырды. 10,
176-178. Кейінен мөрді дипломатика ғылымы тұрғысынан оқып, олардың көлемі
немесе сурет белгілері бойынша, құжаттың мазмұны мен жапсырмасын,
мемлекеттің ондағы билік мекемелерінің атқарған қызметін хронологиялық
шеңбермен жүйелеп, мирасқорлық белгілерін, олардың әсерін және өзара қарым-
қатынасын қарастырды 1, 297-307.
Бұл ғылымының басқа да, ғылыми құнды бөлімдері бар. Біріншіден, мөрді
оқу, тарихи-дипламатиялық пәнді оқытуда өзіндік үлкен үлесін қосады.
Екіншіден, мөр тарихи мәдени материал болып есептеледі. Үшіншіден, мөр өнер
тарихының ескерткіші ретінде танылады. Қандай ғылыми бөлім болмасын
шығармашылығына қарап тарихи білімді әсіресе, - дипломатика ғылымы үшін,
мәдени тарих, өнер тарихы да - әр қайсысы өзіндік зерттеуді қажет етеді.

Сфрагистика ғылымы деректанудың белсенді саласы ретінде де, өзіндік
зерттеу мақсатын айқындайды. Оларға: деректі сынау, түпнұсқалығын анықтау,
авторын, датасын білу жатады. Мөр жазба деректердің ішкі белгілерін
анықтап, дәлелдеп көрсететін дерек. Ішкі сараптама, әрине нақты жазба
деректің пайда болуы туралы сұраққа тікелей жауап беретін мәлімет бермейді.
Бірақ құжаттағы мөр тарихи деректің құпиясын ашудың бір негізі болуы
мүмкін. Мөр куәләндіргіш белгі ретінде бір адамға, немесе белгілі қызмет
мекемесіне тиісті болуы мүмкін. Мөрді оқу ол жеке затты куәләндыратын
құжатты оқығанмен бірдей қызмет атқарады. Оған заң жүзінде құқықтық күш
берілгендіктен тарихшылар үшін үлкен қолданбалы білімді анықтауда тарихи
қосалқы пәндерді ұштастыруы қажет. Алғашында мөрлер құжаттың бір түрі
ретінде мұрағаттарда, музей қорларында сақталды. Бір уақыттарда мөрлерді -
мемлекеттік биліктегі әр түрлі институт өкілдері тарихи құжаттарды
куәләндіру мақсатында шартты түрде қол қойып бекітіп заңды дипломатиялық іс-
шаралар жүргізген. Мөрлерді зерттеуге деген қызығушылық XVIII ғасырда
пайда болды. Ең алғаш зерттеушілердің назарын аударған нәрсе мұрағаттарда
сақталған актілік құжаттардағы мөрлердің таңбалары еді 1, 239-242.
Мөр мағынасы сфрагистика ғылымында – штамп немесе қалып және (оттиск)
таңба түрінде кездеседі. Ғылымда басылған мөрлерді штамп деп атайды.
Мөрлерді ойып немесе қатты материалдарды қырып жасайды және балауыздан
жасалған штамп бар (сүргіш бояуымен басылады). Металдағы оттисктер (алтын,
күміс, қалайы, қорғасын) булла деп аталады. Мөрлер таңбалық, жай, жеке
тұлғалық (факсимил) деп бөлінеді.
Факсимил – латын тілінен facsimile аударғанда қалағаныңды сал
дегенді білдіреді.
Ертеректе әр үйде заттары ауысып кетпеу үшін ерекше мөрлер
signaculem болған – олар қарапайым белгі салумен ерекшеленген 1, 286,
291.
Материалына байланысты мөрлер – металлда, қағазда, балауызда, балауыз
мастикасында, сүргіште, ысталған мөрлердің таңбалары басылады. Мөрдің
қалыбы қатты берік материалдардан жасалады – тастан, сүйектен, металлдан,
ағаштан немесе соңғы кездері жұмсақ - каучуктен, резеңкеден жасалып жүр.
Мөрлерді қолданысына қарай үлкен екі топқа бөлуге болады – ілінбелі
(вислые) баулы ілінбелі құжат, және қолданбалы құжаттарды таңбалау. Ең
алғашқы құжаттар арнайы қысқыш-түйреуіштермен таңбаланған, екіншіден - әр
түрлі пішінде және таңбаны дайындау үлгілерімен ерекшеленген. Көне заманда
хатты жазғанда куәләндыру үшін мөрдің орнына балауызды ағаштан жасалған
тақтайшалар қолданылған – балауыз арнайы дайындалған қалыпқа құйылып, екі
тақтайшаға хаттың немесе құжаттың үлгісі балауызбен бірге қатталып бауымен
біріктіріліп, соңында мөр жапсырмасы жапсырылатын болған 1, 287.
Орта ғасырларда ілінбелі мөрлер пайда болған. Жазба құжаттарда,
пергаментте немесе қағаздың төменгі бөлігіне кішкене саңылау жасап оған
лента немесе зығырдан бау жасап, бауға мөр жапсырлатын болған.
Мөр таңбасын салу үшін балауызды пайдаланған. Таза балауыз өте
күйрегіш, осал материал болғандықтан, мөрлердің таңбасын тез бұзылудан және
ұзақ сақталу үшін, арнайы балауыз мастикасы дайындалған. Оны дайындау үшін
балауыз бен бояуды араластырып, бор немесе ұн, сымала, майды қосу арқылы
мөр таңбасын салуға арнайы қоспа жасаған. Бұл қоспа анағұрлым берік әрі
ұзақ саталатын болған. Мұндай қоспаны "балауыз мастикасы" деп атаған.
Балауыз мастикасы қызыл немесе ақшыл қызыл түсті болған.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында сақталған бірнеше
құжаттарда сақталған таңбалардағы балауыздың құрамын зерттеу барысында оның
қалай дайындалатыны анықталды. Қызыл түсті балауызды дайындау үшін: 12 фунт
балауыз, 3 фунт кинварь (қызыл түсті минирал), 4 фунт жоса, 7 фунт сымала,
жарты фунт терпентин (қылқан жапырақтан шығатын қара май) қоспалары
қосылған.
Материалдың сапасына қарай мөр таңбасын салуда сымаланы сирек болса да
қолданған.
Кейінгі уақыттарда шамамен XVII ғасырдың соңында сүргіш мөрлер
айналымға енген. Ал, XVIII ғасырда оларды көптеп пайдаланған. Оларды
мемлекет арасында яғни елшілік бұйрықтар қызыл сүргішпен "пошта суммалары",
"әр түрлі хаттардағы жарлықтар" таңбаланды 11, 13-18.
XVIII-XX ғасырлардағы құжаттарда отқа ысталып басылған мөрлер де
кездеседі. Осындай таңбаны салу үшін металл немесе тас қалыпты отқа қақтап,
әбден қарайғанда қағазға басқан. Бұл қалып қағазға қара таңба қалдырған,
ал қалыпта ойылған өрнек немесе таңба ақ түс болып қалған. Мұндай мөрлер
XVIII ғасырдағы қазақ хандарының орыс үкіметіне жазған хаттарында
кездеседі.
XIX ғасырда "ысталған" мөрлерді болыс мүшелері, ауыл старосталары да
пайдаланған.
Жаңа және қазіргі заманда қолданбалы мөрлер көптеп пайдаланылады.
Қолданбалы мөрлер негізінен металлдардан алтын, күміс, қалайы, қорғасыннан
жасалған. Қорғасын мен қалайы жұмсақ әрі арзан металл болғандықтан оларды
көптеп пайдаланған.
Мөрдің басты белгісі – құжаттың шынайылығын дәлелдеп, бекітетін
құқықтық күш. Мөрлер арнайы штампельдік-граверлық орында полиция
басқармасының рұқсатымен жасалған. Мөрлердің жауапкершілігі ұйымның
мекеменің басшылығында болған. Егер мөр бүлінген зақымданған (штамп) болса
тез арада оны полиция оргондарына хабарлап немесе оның жарамсыз екендігін
басылымдарда жариялау қажет.
Әлемдегі сфрагистика ғылымының қалыптасуы мен дамуында бір келкілік
заңдылығы сақталған. Оны біз жүйелеп сараптаған кезде ғана анықтай аламыз.

Ол үшін сфрагистика ғылымын бір бағытқа келтіріп жүйелеу керек. Бұл
ғылымды ең алғаш неміс ғалымдары әр түрлі жүйелеп сыныптады. Мұнда граф
Гогенлоэ-Вальденбург пен Гротефендтің еңбектеріндегі мөрлердің сыныпталуы
берілген.
Олар еңбектерінде мөрлерді төрт басты типке бөліп жүйелейді. Онда:
- Өрнексіз мөрлер, бір таңбалы, археографиялық таңбалары бар мөрлер;
- Өрнектері бар мөрлер, кескіндемелік белгісі бар немесе белгілі бір
ұғымның я бір идеяның шарты және нышандық белгілері бар мөрлер;
- Портреттік бейнесі бар мөрлер;
- Елтаңбалық белгісі бар мөрлер;
Осы төрт типті белгілеріне қарай он тоғыз бөлімге бөледі.
- Иесінің аты жазылмаған таңбалары бар мөрлер;
- Иесінің аты жазылған таңбалы мөрлер;
- Иесінің аты жазылмаған өрнектелген мөрлер;
- Иесінің аты жазылған өрнектелген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісі жоқ, иесінің жартылай
бейнесі бейнеленген – оның басы, кеуде бөлігінің тұрпаты немесе беліне
дейінгі бейнесі бар мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісі жоқ, иесінің тұтастай
бейнесі (тігінен тұрған адам) бейнеленген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісі жоқ, иесінің тұтастай
отырған бейнесі бейнеленген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісі жоқ, иесінің тұтастай
түргеліп тізерлеп отырған бейнесі бейнеленген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісі жоқ, иесінің атқа мінген
бейнесі бейнеленген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісі бар, иесінің жартылай
бейнесі бейнеленген – оның басы, кеуде бөлігінің тұрпаты немесе беліне
дейінгі бейнесі бар мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісі бар, иесінің тұтастай
бейнесі (тігінен тұрған адам) бейнеленген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісімен иесінің отырған
бейнесі (адамның денесі түгелімен көрсетілген) бейнеленген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісімен және иесінің тұрып
бір аяғымен тізерлеп отырған бейнесі бейнеленген мөрлер;
- Портрет бейнесі бар мөрлер, елтаңбалық белгісімен немесе иесінің атқа
мінген бейнесі бейнеленген мөрлер;
- Елтаңбасы бар мөрлер, елтаңбалық белгісі бар, (бейнелер шартты белгілер
(эмблема)) геральдикалық қалыпты тік мөрлер;
- Елтаңбасы бар мөрлер, елтаңбалық эмблемаларымен, арнайы қызмет иесінің
геральдикалық қалқаны бейнеленген мөрлер;
- Елтаңбасы бар мөрлер, геральдикалық бейнедегі шлем және елтаңбасы
әшекейленген (ортаңғы алаңында бейнеленген) мөрлер;
- Елтаңбасы бар мөрлер, геральдикалық бейнедегі шлем және әшекейленген
билік оргондарының геральдикалық қалқаны бейнеленген мөрлер;
- Елтаңбасы бар мөрлер, мөрдің көлемін толығымен елтаңба бейнеленген,
гербтік эмблема, арнайы билік оргондарының геральдикалық қалқаны, әр түрлі
геральдикалық атрибуттармен әшекейленген мөрлер 1, 298-307;
Мұндай геральдикалық атрибуттарымен ерекшеленетін мөрлер ҚР Орталық
Мемлекеттік музей қорында да кездеседі.
Мысалыға, ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорында ХІХ ғасырдың 70
жылдары жасалған елтаңбалық белгісі бар мөр сақтаулы. КП 802237 номерлі
мөр музей қорына 1952 жылы түскен. Торғай облысы Николаевск уезі Меңдіғар
болысы № 4 ауыл халық сотының мөрі. Мөр қоладан жасалған диаметірі – 3,5
см, биіктігі – 3,7 см. Мөрдегі елтаңбалық белгі Торғай қаласының елтаңбасы.
Бұл елтаңба Верный, Орал, Семей және Торғай қалаларының елтаңбаларымен
бірге 1878 жылы патша жарлығымен қабылданған. Төртеуінің де сыртқы нысанасы
ұқсас. Жоғарғы жағында патша тәжі, төменгі бөлігінде төменге қаратылған
жарты ай суреті бар. Бұл белгі мұнда Ресей мұсылмандары тұрады дегенді
білдіреді (1-сурет).
Көріп отырғанымыздай бұл жүйе мөрлерді бір жақты мазмұнына қарай
сыныптаған. Бұл жүйе әлі де жеткіліксіз, мөрлерді толығымен сипаттап жазу
үшін сфрагистикалық материалдарды оқып үйрену керек, бір ескерткішті әр
түрлі кезеңге бөліп, пайда болу уақытын және тарихи мағлұматты анықтау
қажет.
Мөрлердің басты белгісіне қарап бес бағытта сыныптайды.
Бекітетін белгілеріне байланысты, материалына, көлеміне, таңбасына
байланысты, термин сөздің қажеттілігі бар мөрлер, аударылуы қиын таңбалар.
Бесінші типі бойынша Гогенлоэнің мөрлерді сыныптауда Гротефендтің
сыныптауын толығымен өзгертусіз қабылдаған. Гротефендтің мөрлерді алғашқы
төрт тип бойынша сыныптауы мынадай белгілерді келтіреді.
I. Бекітілген белгісіне байланысты:
- Актінің бетіндегі қосымшасы.
- Актінің арт жағындағы қосымшасы.
- Мөрлердің бекіткіші (ілінбелі, пергаментті ойып тесу).
- Құжатта басылған мөрлер белгісі (құпия құжаттардағы таңбалар).
- Таңбаны бекіту, құжатты тесу арқылы, үлкен орамалы қағаздарды берік
ұстап тұру үшін лентамен немесе баумен бекіту.
- Бұл термині бойынша аталатын мөрлердің түрлері, лентаға ілінген мөрлер,
құжаттың дәл ортасын ойып таңбалау.
- Ілінбелі мөрлер.
а) пергаментті, б) теріден жасалған ( түсі ақ немесе қара, қара қоңыр,
қызғылт қоңыр), в) баулы немесе жіңішке арқанды мөрлер, г) материалға
таңбаланған мөрлер жібек, зығыр, кендір, жүн маталарда таңбаланған мөрлер
немесе жіпте, бауда, тоқылған бауда, лентада мөрлердің таңбасы кездеседі.
Мөрлерді көптеген белгілері бойынша бөліп оларды анықтау қиынға соғады.
Біркелкі - мөрлер, мөрдің құжаттағы немесе конверттегі анықтамасы (егер
құжатты бүктеп конвертке салса), - типтің маңызды нышаны құжат үшін ең
елеулі белгі. Мысалы құжатты бекіту немесе орамалап бекіту жатады 1, 228-
230.
Сфрагистика ғылымында мөрлерді басты типтерге бөліп қарайды. Олар мыналар:
1) Қолданбалы мөрлер, 2) қолданбалы мөрлердің қағаздағы таңбалары, 3)
ілінбелі мөрлер. Ілінбелі мөрлерді қазақ қоғамында ХІХ ғасырдың ортасында
билер мен халық соттары көптеп қолданды. Мысалы, ҚР Орталық Мемлекеттік
музейі қорында КП 26530 номерлі ілінбелі мөрдің бауының ұзындығы 35 см.
Халық сотының мөрі қоладан жасалған көлемі – 2,5 х 5,5 см. Александр ІІІ
кезендегі мөрдің ортаңғы алаңында Семей облысының елтаңбасы бейнеленген.
Елтаңбада негізгі белгі ретінде түйе, шалқалаған ай және бес бұрышты жұлдыз
суреттері алынған. Ең үстінде патша тәжі және оларды айналдыра Александр
лентасымен байланған алтын түстес емен жапырақтары бейнеленген. Мөрдің
шетін айналдыра 25 наурыз 1891 жыл деп жазылған (2-сурет).
II. Материалы бойынша:
а) металл; 1) қорғасын буллалар ( пломбысы бар), 2) алтын буллалар,
в) балауыз;
а) қарапайым, таза балауыз: 1) түссіз, боялмаған, 2) қызыл, жасыл, қара
балауыз.
б) құрамына байланысты, (мөрлердің ерекше түрлеріне арналған аралас балауыз
т.б.) мастика ( жапсыру, бекіту үшін жасалған қою замаска), екі түсті
(мөрдің таңбасы бір түске боялса, мөрдің шеті басқа түсте немесе бояусыз),
түссіз табақшалы балауыз, шыны аяқтағы түсті балауыз (әсіресе поляктар және
румындар көп қолданған), табақшалы түрлі түсті елтаңбалық белгісі бар
немесе өрнектелген мөрлер, қаңылтыр қораптағы мөрлер: ақ қаңылтырдан, кейде
сары мыстан (латуни) күмістен не алтын жалатылып жасалған мөрлер, ағаш
кустадии (ағаштың қабығынан және боялған ағаштан жасалған), піл сүйегінен
жасалған кустадии, қағазды парақтарға таңбаланған мөрлер.
Бұл ең соңғы бағыт парақ немесе кустадии, ең басты мөр болып саналады.
Мөрдің өзіндік мағанасы кустадии бөлек мағынада болуы керек. Балауызды
мөрлерді жіктегенде, кустадии ең алғашқы мөрлердің белгілері ретінде және
сол уақытта буллаларды ұзақ сақтау үшін арнайы қорапшаларға салып қоятын
болған.
Балауызды мөрлер қоспасына байланысты бөлінген, көбінесе балауызды
таза күйінде қолданған:
а) бояусыз балауызды мөрлер; б) бояу қосылған балауызды мөрлер; Балауызды
мөрлерді балауыз матитінің құрамына байланысты сыныптайды:
а) асты табақша көлеміндегі балауызсыз мөр; б) балауызсыз шыны аяқ
көлеміндегі мөр; в) арнайы кустадии;
III. Мөрлерді көлеміне байланысты былай сыныптайды:
дөңгелек пішінді мөрлер; сопақша пішінді мөрлер; көлденең сопақша пішінді
мөрлер; сүйірленген сопақша мөрлер; қалқан тәрізді мөрлер; қалқан тәрізді
жоғарғы бөлігі дөңгеленген мөрлер; қалқан тәрізді төменгі бөлігі
дөңгеленген мөрлер; жүрек тәрізді мөрлер; үшбұрышты ұшы төменге қаратылған
мөрлер; үшбұрышты ұшы жоғары қаратылған мөрлер; үш жапырақты пішіндегі
мөрлер; төрт жапырақты немесе крест тәрізді дөңгеленген аяқтамалы мөрлер;
төртбұрышты мөрлер; ромбы тәрізді мөрлер; бес-алты-сегіз бұрышты мөрлер.
Гротефенд мөрлерді көлеміне қарай осылай бөліп, кейіннен екі пішінді
қосады:
1. екі жағы сүйірленген сопақша мөрлер; 2. алмұрт немесе жұмыртқа тәрізді
мөрлер; Көлемі бойынша сыныпталған мөрлердің біразын ата-бабаларымыз
қолданған мөрлерден де кездестіруімізге болады. Сонымен бірге бізде көлемі
бойынша бұл жүйелеуде жоқ мөрлер де бар. Мысалы, ҚР Орталық Мемлекеттік
музей қорында КП 263581 номерлі күміс мөрдің пішіні екі мүйізді тепеттеп
қоғаланып жасалған. Екі мүйіз бұрышында бербұрын салынған. Арт жағында бау-
жіп тағылатын күміс ілгегі бар. Көлемі 2,6 х 2,6 см.
Төртбұрышты мөрлерді былай бөледі:
1. төртбұрышты; 2. тік төртбұрышты; 3. көлденең тік төртбұрышты; 4. ромбы
тәрізді төртбұрышты;
VI. Мөрлерді құрлымына байланысты
1. бір жақты мөрлер; 2. екі жақты мөрлер; 3. мөрдің контры басқа жағында
(қырында, жанында т. б.) бейнеленген мөрлер 1, 312-318.
Қарастырылған сыныптаудың барлығы құнды терминдерді қалыптастырып
сфрагистикалық ескерткіштерді дұрыс сипаттап жүйелеуге септігін тигізеді.
Бұл жүйелеу тек сфрагистика ғылымының бір бөлігі ғана.
ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлерді жүйелеп сыныптап
көрсек, бұл арада ескертетін мәселе зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері
ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың басы болғандықтан жаңа заманда
пайда болған мөрлер жүйеленіп сыныпталады.
Мөрлердің типіне қарай:
I. Администрациялық – лауазымды тұлғалардың (сот, би, болыс) XIX ғасырдың
60-90 жылдары мен 1916 жылға дейінгі Патшалық Ресейдің қазақ жерінде
жүргізген әкімшілік құқықтық реформаларына байланысты пайда болған мөрлер.
II. Жеке (факсимиле) – танымал ғалымдардың, жазушылардың, дәрігерлер және
тағы басқалардың мөрлері.
III. Жай мөрлер – бұл мекемелерге, көпшілікке қызымет көрсететін ұйымдарға
арналған мөрлер, - деп бөлеміз.
Қордағы коллекциялардың негізгі ядросы – бұл мөрлер лауазымды
тұлғаларға арналған (әкімшіл соттар, билер, ауыл болыстары), олардың
көпшілігі XIX ғасырдың 60-90 жылдарында Қазақстандағы әміршілдік құқықтық
реформаларыға байланысты жасалған мөрлер. Негізінен мөрлердің көпшілігі
қорға түспес бұрын бірнеше адамдардың қолында болған, тарихы 1916 ж тиісті.
Қордағы барлық мөрлердің композициясы, көлемі, материалы бірдей. Мөрдегі
жазулар айналық келбетте оқылады. Осыған қарап мөрлерге қорытынды жасауға
болады – бұлар дәстүрлі, мәні бар мөрлер. Мөрлерді жасаған шеберлердің
есімдері белгісіз, оймашылар өздерінің есімдерін жазып қалдырмаған.
Коллекция құрамында лауазымды тұлғалардың жеке (факсимиле) мөрлері бар.
Бізге белгілі қазақ ғалымдарының, дәрігерлердің, жазушылардың Мысалы:
партия төрағасының мөрі, профессор Б. И. Безсоновтің (Қазақстандағы бірінші
топырақ зерттеуші) мөрі, Ұлы Отан соғысы кезінде әскери емханаларда қызмет
атқарған Е. А. Садуақасованың факсимелі, жазушы С. Сейфуллиннің, және қазақ
әдебиетінің негізін салушылар, ревалюциялық төңкеріске қатысушылардың,
кеңес өкіметін орнатуға ат салысқан адамдардың және т. б. мөрлері бар.
Үшінші бөлімдегі жай мөрлер - қоғамдық мөрлер. Мысалы: Қостанай қаласының
(1915-16 ж.ж) салық инспекторы А. М. Озеровтің мөрі, ұжымдық
"интергельпо", "өзара көмек" (бұл қырғыз халықтарының өзара көмегі) Музей
материалы.
II. Материалы бойынша:
1. металл; (күміс, мыс, ақ металл, темір, қола); 2. ағаш; 3. тас;
Мысалы музей қорында КП 263582 номерлі күмістен жасалған дөңгелек
пішінді мөр бар. Көлемі – 24 см. Мөрдегі белгілер араб әрпімен жазылған.
Онда Ақсақал Ибраһім Ақұнұлы Қасым Ақұн - деп жазылған. Мөр музей қорына
2000 жылы 28 желтоқсанда түскен. Оны музейге С. М. Баширов деген азамат
өткізген .
Мыстан жасалған дөңгелек пішінді диаметірі – 6,2 см, мөрдің қалыңдығы
- 0,1 см. КП 7911 номерлі мөрдің тұтқасы қалайыдан жасалған оның ұзындығы
– 2,7 см. Ортасында өзбек тілінде араб әрпімен жазылып, мөрдің шетін
айналдыра орыс тілінде кириллица әріпімен жазылған.
Арап әрпімен мөрге бес қатарға ойылып жазылған белгілер:
1. B.H.S.C.
2. Sarqi Buhara hukligi
3. wa maliyet makamasi
4. muftis himeberi
5. 1924
Орыс тіліндегі таңбаны аударғанда: Бұхара Кеңестік Республикасының Халық
Инструкторы. Шығыс Бұхара инспекторының төтенше қаржы комитеті, - деп
жазылған.
Темірден жасалған КП 802247 номерлі мөр. 1867-1916ж.ж. Торғай облысы
№ 2 Наурызым болысы биінің мөрі – дөңгелек пішінді арт жағында тұтқасы бар.
Тұтқасының ұзындығы - 4,5 см.
Қоладан жасалған КП 802215 номерлі мөр. 1867-1916 ж.ж. Торғай облысы
№1 ауылдың халық сотының мөрі – дөңгелек пішінді, көлемінің диаметірі – 3,5
см. Мөрдің ортасында № 1 ауылдың халық соты, - деп жазылған Музей
материалы. Музей қорында мөрлер коллекциясының көптігіне байланысты
мөрлердің бірнеше үлгілері ғана көрсетіліп отыр.
III. Мөрлер көлеміне байланысты мынадай топтарға жіктеледі:
дөңгелек пішінді; сопақша; екі мүйіз пішіндегі мөр; тік бұрышты; төрт
бұрышты; тұтқалы мөрлер. Көлеміне байланысты ҚР Орталық Мемлекеттік музей
қорында дөңгелек пішінді КП 802216 номерлі Торғай облысының №1 ауылдың
халық сотының мөрі сақтаулы. Мөрді 1867-1916 жылдар аралығында қолданған.
Мөрдің көлемінің диаметірі – 3 см, тұтқасының ұзындығы 3,6 см. Мөрдің
ортасында №1 ауылдың халық соты, шетін айналдыра Торғай облысы
Николаевск уезі Сарыой болысы, - деп жазылған.
Сопақша пішінді тастан жасалған КП 11639 номерлі мөр бар. Мөрдің көлемі
-1,2 х 1,7 см, биіктігі - 2,6 см. Мөрде араб әрпімен Мұхаммед-Ахмет, -
деп жазылған. Мөрді 1969 жылы Талдықорған қаласының тұрғыны геграфия
пәнінің мұғалімі Төлеубаев бақшасын суғарып жатқанда тауып алған. Мөрді
шамамен XVIII-XIX ғасырда қолданған.
Тұтқалы ақ металлдан жасалған КП 802249 номерлі мөр ҚР Орталық Мемлекеттік
музей қорында сақтаулы. Мөр 1867-1916 жылдар аралығында жасалған. Мөрдің
көлемінің диаметірі – 3 см, қалыңдығы - 0,8 см. Мөр Николаевск уезі Ұбаған
болысы № 3 ауылдың старшинасыныңкі (3-сурет).
Қортындылай келгенде ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорында сақталған ХІХ
ғасырдың 60-90 жылдары мен ХХ ғасырдың ортасында жасалған мөрлердің көлемі
бойынша сараптайтын болсақ, басым бөлігі дөңгелек пішінді мөрлер және сол
кезеңнің сот билігінде қызмет атқарған тұлғалардың мөрлерінің көпшілігі
ілінбелі мөрлер болған.

1. 2 Қазақтардағы мөрлердің шығу тарихы

Ежелгі көшпелі қоғамда мөр қолданылғаны жайында жазба деректер
баршылық. Далалық көшпенділердің әсіресе көне түріктердің қаған, йабғұ,
шад, тархан, бек, әскери қолбасшылары мен батырлары секілді билік иелері
арнайы мөр тұтынған. Ол мөрлер мемлекеттік істерде және ру-тайпалық,
еларалық қарым-қатынастарда белгілі бір лауазымдық иелерінің куәлігі
ретінде кеңінен қолданылды. Мысалы, көне түркі дәуіріне қатысты Құтлұқ
деген лауазымдық атағы жазылған қола мөр табылған. Жазба деректерде
кездесетін көне түрікше тамға, тамғачы, алтын тамған тархан деген сол мөр-
таңбалардың көне аталымын оның ресми түрде қолданғанын, сол мөрлерді арнайы
сатушысы болғандығын айғақтайды.
Мөр мағынасында қазақ хандары мен сұлтандары Орта Азиядағы үлкен
игілікті оқымысты даналар татарлар немесе мұсылмандар күнделікті қолданыста
парсы тіліндегі мухр немесе моһр (мохр) сөзін қолданған – бұл тамға
сөзіне жақын. Түркі тіліндегі жазба деректерде мынадай сөздер ал тамға,
(қызыл мөр) және көк тамға (көк мөр) деген сөздер кездеседі 2, 19.
Қазақтың таңба сөзінің мәні де соған ұқсас. М. Қашғари сөздігінде
(ХІғ): ел билеушілерінің ерекше белгілері деген мағынада Хақан не басқа
билеушілердің таңбасы деген анықтама бар.
Қазақтың ежелгі ру таңбалары әр түрлі геометриялық пішіндерді еске
салады. Өкінішке орай, таңбалардың мәні мен мағанасын, терең тарихи
тамырларын және халқымыздың этникалық болмысымен байланыстыра терең
зерттелген іргелі ғылыми зерттеулер жоқ. Олардың басты ерекшеліктері -
нақтылық пен қарапайымдылық. Кезінде әмбебап этносаяси нышан ретінде
пайдаланылған, әскери байрақтар мен тулардың маңызды элементтері қатарына
жатады. Таңбалар қол орнына жүретін мөр ретінде де пайдаланылып келген 3,
77.
Таңба сөзін орыс князьдері де герб деген мағанада қолданғаны
белгілі. Бірінші Петр патшаның әкесі Алексей Михайлович Романов қол қойған
грамоталарда герб салығы деген ұғымды білдіретін тамговой сбор тіркесі
кездеседі. Ғалымдардың пікірінше орыс тілінде осы уақытқа шейін кең
қолданылатын таможня сөзі таңба бажы дегеннен шыққан.
Қытай тарихшысы Фан Сюаньлин Цзинь династиясының тарихы атты
еңбегінде үйсін тайпасынан шыққан ер жүрек қолбасшы Шы Лэнің ІІІ ғасырда
бүкіл Қытайға билігін жүргізіп тұрған кездегі императорлық мөрі туралы кең
мағлұмат береді. Ол ғажайып асыл тас қара яшмадан (кварцтың бір түрі)
жасалған. Көлемі төртбұрышты (4 пунь мен 7 фень). Ұстайтын тұтқасы таспақа
пошымды. Аса бағалы асылтас – оның қолындағы биліктің ерекше қасиетті,
маңыздылығын білдірсе, оның түсі – тіршіліктің негізі болып табылатын бес
стихияның бірі – судың белгісі, асыл таспақа – сол киелі күштің иесі болып
саналған. Төртбұрыш қабырғаларының өлшемдері де тегін алынбаған. Жеті саны
– жеті аспан шырағын (Күн, Ай, Шолпан, Меркурий, Марс, Юпитер, және Сатурн)
бейнелесе, төрт саны - дүниенің төрт бұрышы деген ұғым береді. Астарында
аспан денелерінің (құдайлардың) мейрімі түскен император төл стихиясы күш
алып тұрған сәтте шартарапқа бірдей сөзін өткізіп билігін жүргізе бердіге
саятын емеуірін жатыр 3, 79.
Әйгілі алтын шежіреде Шыңғыс хан Найман мемлекетін құлатқаннан кейін
Таян ханның мөр сақтаушысы – Тататунганы сарай маңында ұстап, өнерін
пайдаланғаны жазылған. Найман ханның жеке билік белгісін қойнына жасырып,
жылысып бара жатқан Тататунгадан Бати:
- Басқаның бәрі бізге тізе бүгіп жатқанда, сен қайда қашып барасың?
Мынаны қайда апарасың? – деп сұрайды.
- Мен өз қызметіме өлгенімше адал болайын деп едім. Бұл таңбаны
мәртебелі иесіне табыс етуді ойлағанмын. Үлгермедім.
- Ол неге керек?
- Ием осы таңбаны маған көздің қарашығындай сақтатып, кірген-шыққан
қағазға бастырушы еді. Жақсы адамды жат жерге жіберерде сенім
көрсету белгісі ретінде пайдаланылады, - деген екен.
Аңыз бойынша, Шыңғыс хан дүниеге келгенде оң қолында яшма асыл тасынан
жасалған айдаһарлар патшалығының мөрін уыстап жатқан екен деген сөз бар.
Шыңғыс ханның мөрі алқызыл түсті асыл яшмадан жасалған. Онда Аспанда –
Құдайтағала, жерде қаған құдіретті. Адамзат билеушісінің мөрі - деген
сөздер бар.
Қазақ таңбаларының үлгілері қола дәуіріндегі Беғазы-Дандыбай мәдениеті
қазбаларынан табылған. Мысалы, әйгілі этногрф-тарихшы Ә. Марғұлан осы
кезеңнің мәдени ескерткіштері арасынан бағаналы руының таңбасына ұқсас
белгі көргенін жазады 3, 78-82.
Бір ғажабы, таңба ұғымы көптеген түркі халықтарына ортақ екені
байқалады. Мысалы қырғызша тамға, - жылғының санына күйдіріп басатын
таңба, белгі; қарақалпақша тамға немесе таңба - қазақшадағыдай
мағанада; әзербайжанша дамға - таңба, белгі; өзбекше және башқұртша
тамға - таңба, белгі, мөр. 1882-1892 жылдары Н. Ф. Костанов түркі
халықтарына тән үш мыңға жуық таңба үлгілерін жинапты.
Белгілі түріктанушы ғалым В. В. Радлов бұл ұғымның мағанасын белгі,
ру таңбасы, мөр деген сөздермен ашады. Өте ертедегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сфрагистикалық материалдар
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайының ақпараттар жүйесін құру
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
АЛТЫН БҰЙЫМДАР ЖИНАҒЫ
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Музейлердің қор жұмысы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары
Пәндер