Батыс өркениеті жалпы сипаттама



Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі идея
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Еуропаға көзқарас
Мұсылман мәдениеті тудырған еуропалық қайта өрлеу дәуірі

3. Қорытынды

Әдебиеттер
Кіріспе.
Қазір жаһандану, интеграция қоғамды күрделендіре түсті. Діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы әртүрлі көптеген халықтарды өзара қарым-қатынасқа түсуге мәжбүрлеп жатыр. Бұндай процестер барысында өзара түсініспеушіліктен, салт-дәстүрлердің ерекшелігінен туындаған қайшылықтарға байланысты халықтар, тіпті мемлекеттер арасында келіспеушіліктер байқалуда. Көптеген әлеуметтанушылар, психологтар, саясатшылар бұл бағытта әртүрлі ғылыми зерттеулер, сараптамалар жүргізіп, әрқилы тұжырымдар мен болжаулар ұсынуда. Бұлардың көпшілігі адам баласының материалдық жағдайына көбірек мән беріп, қоғамдағы келіспеушіліктердің, қайшылықтардың тамыры ретінде байлықтардың теңдей бөліспеуін көрсетеді. Осыдан болар, қолданысқа «бай солтүстік», «кедей оңтүстік» деген секілді ұғымдар орын ала бастады. Бұл мәселеге басқа тұрғыдан жақындауға тырысамыз.Қоғамға негізгі бағыт бағдар берушінің біреуі де аймақтың географиялық орналасуы болып табылады. Ал адамдарды бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын қоршаған ортасы яғни ауа-райы мен қоректенуі (Ауа-райы адам баласын ұдайы жаңа сипаттармен жаңартып тұрады. Көп тамақ жеу адамның ақыл-ойын, денесін маужыратады. Аз тамақ жеу ақыл-ойдың, дененің ширақ әрі ояу жүруіне себеп болады). Сонымен қатар, күнделікті тұрмыс тіршіліктен туындаған өзгешеліктер. Мысалға, көшпелі мен отырықшы халық арасындағы айырмашылық. Бүкіл осы айырмашылықтар негізінде ұлттық, мемлекеттік ерекшеліктер қалыптасады. Ал, әлемде жүріп жатқан процестерге, өзгерістерге назар аударар болсақ, бұны Батыстық және Шығыстық деп екіге бөлуге болады. Осы ой, көзқарастарының жетегінде әртүрлі теориялар мен пікірлер, қөзқарастар қалыптасады. Кейбір ойлар, болжамдар бұлжымас қағида, заңдылық ретінде адамдар тарапынан қабылданады. Ал енді осы ойларды да жалпы алғанда Батыстық (Еуропалық) және Шығыстық (Азия) деп бөлеміз.
Қарастырылған әдебиеттер:
Жоламанов К. «Мемлекет және құқық теориясы»;
Байжанова К.Т «Лекция»;
Таң-Шолпан (журнал) 2006, №4, 143-154 беттер;
Батыс пен Шығыс өркениеті ортасында - Қазақстан
http://qazaq.kz/?p=990;
Салих Ибраһим.«Ислам және өркениет»
http://www.muftyat.kz/index.php?p=trib_more&n=6&id=303

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі идея
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Еуропаға көзқарас
Мұсылман мәдениеті тудырған еуропалық қайта өрлеу дәуірі
3. Қорытынды
Әдебиеттер

Кіріспе.
Қазір жаһандану, интеграция қоғамды күрделендіре түсті. Діні, тілі,
салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы әртүрлі көптеген халықтарды өзара қарым-қатынасқа
түсуге мәжбүрлеп жатыр. Бұндай процестер барысында өзара
түсініспеушіліктен, салт-дәстүрлердің ерекшелігінен туындаған қайшылықтарға
байланысты халықтар, тіпті мемлекеттер арасында келіспеушіліктер байқалуда.
Көптеген әлеуметтанушылар, психологтар, саясатшылар бұл бағытта әртүрлі
ғылыми зерттеулер, сараптамалар жүргізіп, әрқилы тұжырымдар мен болжаулар
ұсынуда. Бұлардың көпшілігі адам баласының материалдық жағдайына көбірек
мән беріп, қоғамдағы келіспеушіліктердің, қайшылықтардың тамыры ретінде
байлықтардың теңдей бөліспеуін көрсетеді. Осыдан болар, қолданысқа бай
солтүстік, кедей оңтүстік деген секілді ұғымдар орын ала бастады. Бұл
мәселеге басқа тұрғыдан жақындауға тырысамыз.Қоғамға негізгі бағыт бағдар
берушінің біреуі де аймақтың географиялық орналасуы болып табылады. Ал
адамдарды бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын қоршаған ортасы яғни ауа-райы
мен қоректенуі (Ауа-райы адам баласын ұдайы жаңа сипаттармен жаңартып
тұрады. Көп тамақ жеу адамның ақыл-ойын, денесін маужыратады. Аз тамақ жеу
ақыл-ойдың, дененің ширақ әрі ояу жүруіне себеп болады). Сонымен қатар,
күнделікті тұрмыс тіршіліктен туындаған өзгешеліктер. Мысалға, көшпелі мен
отырықшы халық арасындағы айырмашылық. Бүкіл осы айырмашылықтар негізінде
ұлттық, мемлекеттік ерекшеліктер қалыптасады. Ал, әлемде жүріп жатқан
процестерге, өзгерістерге назар аударар болсақ, бұны Батыстық және Шығыстық
деп екіге бөлуге болады. Осы ой, көзқарастарының жетегінде әртүрлі
теориялар мен пікірлер, қөзқарастар қалыптасады. Кейбір ойлар, болжамдар
бұлжымас қағида, заңдылық ретінде адамдар тарапынан қабылданады. Ал енді
осы ойларды да жалпы алғанда Батыстық (Еуропалық) және Шығыстық (Азия) деп
бөлеміз.

2.Негізгі тақырып.
2.1 Европалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті
топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын
орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың
саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару
аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу
саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иеленушілік
көп дамыды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық
мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше
елдеріне, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдық биліктен айырмашылығы:
1. Халықтың туысқандығына қарамай, тереториясына сәйкес біріктіру.
Билікті осы тереторияда жүргізу.
2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат
үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
3. Салалық жүйесінің болуы. Арнайлы мемлекетті басқаратын аппаратта
қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық
қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де,
шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде
жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-
әрекеттін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керке болды;
- Қоғамды экономикалық дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін
басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын жақсарту үшін мемлекет керек болды.
Мемекеттің неізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (армия,
полиция, сот, т.б). Қоғамдық өмірдің дамып, курделене түсуіне
байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсатына сәйкес қоғамдық қарым-
қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемелкеттің билік жүргізетін белгілі тереториясының болуы, халықты руына
қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемді
белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процессіне әсер етеді.
Дамған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әртүрлі партиялар, одақтар,
бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды.
Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелгі қоғамдағы
жоғарғы өкімет билігіне (суверенді құқыққа) иелігі. Мемлекеттік өкімет
билігінің күші сол елдегі халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды.
Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашалық белгілері:
- Мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа
бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана
барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
- Мемлекет қоғамды барлық құықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске
асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап алды;
- Мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

2.2 Батыс өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен факторлардың бірі ерте
грек философиясы. Бұл философия адмның ғылымды, білімді болуына нұсқау
береді. Онда абсолют ретінде Дао немесе Нирвана ілімдеріндегідей
тұлғасыздық емес керісінше адам жеке тұлға ретінде қарастырылады. Бұл
философияда білімге деген құштарлық мынайдай себептермен түсіндіріледі.
Біріншіден, Грекия әртүрлі мәдениеттер арасында дәнекерші рөлінде болды. Ол
бірнеше мәдениеттердің қиылысу жерінде орналасқан(ежелгі мысырлық, финдық,
вавилондық), және осының арқасында әртүрлі мәдениеттерден өзіне керектісін
алып пайдалана алды. Екіншіден, Грекия – демократия мен адам құқықтарының
отаны. Ұлы реформатор Солон барлық адамдардың тең құқықты болуына қол
жеткізді, оның иелік, социалдық не болмаса басқа да дәрежесіне қарамастан.
Үшіншіжен, грекия тұрғындары ешқашанда біреулерге ұқсас халық болған жоқ.
Ылғида өз жолыме дамыған болатын.
Батыс адамы мен қоғам арасындағы қатынас, адам мүдденсінің қоғам
мүддесінен жоғары тұруынан адамның қоғамға бағынашты болуынан,
тәуелсіздігіне көрініс береді.
Табиғатқа көзқарас. Батыс дүниетанымы бойынша адам айналадағы дүниенің
қожайыны болуы керек, табиғатта бардың бәрін адам өзінің қажетіне жаратуы
керек.
Батыстық ой-пікірлерден позитивистік, реалистік, прагматистік
көзқарастар байқаймыз. Либерализм, социализм, анархизм, корпоративизм,
марксизм, коммунизм, социал-демократия, революция, консерватизм,
национализм, фашизм және христиандық демократия бұның барлығы Еуропадан
шыққан. Бүгінгі Еуропаны танып білу үшін орта ғасырдағы Ульрих Звингли,
Жеан Кальвин, Мартин Лютер секілді реформаторлардың дәуіріне назар аудару
керек. Еуропа бұл кезде христиан дінінің қою қараңғылығы ішінде бүркеніп
жатты. Мәдениет христиан дінінің негізінде өрбіді. Жазу-сызу Інжілді
көбейту әрі оқыту үшін қолданылды. Орта ғасырлық Еуропадағы реформистік
әрекеттердің христиан дініне бағытталғанын көруге болады. Демек, христиан
діні халықтың талап-тілегін, мұң-мұқтаждығын өтей алмады. Бұған зиялы қауым
қарсы келді. Нәтижеде әртүрлі діни ағымдар(протестандық, лютерандық,
кальвинизм, анабатист, католиктік т.б.) пайда болды. Қоғамды өздерінің
мақсат-мүдделеріне сай түрде өзгертті. Бұл еуропалықтарда қоршаған ортаны
және қоғамды өзгерту өздерінің қолында екендігі туралы бір ой
қалыптастырады. Осыдан барып тек ақылға ғана сүйенушілік ауыр баса бастады.
Ақылмен өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартты. Ақылға шектен тыс арқа
сүйеуден дарвинизм, материализм, атеизм пайда болды. Құдайдың орнына
әртүрлі измдер орын алды. Құдайды жоққа шығарып, сырттай өзін емін-
еркінмін деп сезінгенімен рухы езіліп жатты. Өйткені, өзін қалай емін-
еркінмін, басым бос деп есептесе соғұрлым айнала қоршаған ортаны да
қараусыз, бақылаусыз құр бос тұрған дүние деп білді. Ал ешқандай бақылау,
қадағалау болмаған сыртқы дүние қауіп-қатерге толы болды. Өзіңіз ойланып
көріңізші, ешқандай заң, жүйе, тәртіп болмаған жерде адам баласының рухы
өзін қалай сезінер еді? Көзге көрінбес мыңдаған қауіп-қатерден өздерін
сақтап, болашағын қамтамасыз ету үшін еуропалықтар бір адамға жан-тәнімен
тәслім болды. Былайша айтқанда, жолын кескен мыңдаған қарақшылардан сақтану
үшін басқа бір қарақшымен келісімге келеді. Міне осылайша мәдениеттімін
деген ХХ ғасырдың Еуропасынан Гитлер, Муссолини секілді диктаторлар шыққан.
Гитлер мен Муссолиниді ортаға шығарған еуропа мәдениеті. Олар аспаннан
түскен жоқ. Басқа планетадан да келген жоқ. Бұларды тәрбилеп шығарған
Еуропаның мәдениеті, әлемге деген материалистік көзқарасы. Ал бүгінгі
еуропалықтар өздерінің мәдениеттерін сақтап қалу үшін бар кінәні Гитлер мен
Муссолиниге жапты. Бар бәле осы екеуінде. Еуропа күнәдан ада. Сөйтіп,
өздері қалған мемлекеттерге жол көрсетпекші.Сонымен Еуропа елдері бүгінгі
Еуроодаққа бірден жеткен жоқ. Бұл жолда көптеген қантөгістер болды:
Католиктердің протестандарға қарсы Саинт Варфаламей түніндегі қырғыны(1572
ж.), Напольеон Банопарт жорығы, І және ІІ дүниежүзілік соғысты басынан
кешірді. Ғасырлар бойы жинаған көптеген материялды және рухани
байлықтарынан айрылды. Бұл Батыстық қайраткерлерді өзара ымыраға келуге
итермеледі. Сонымен баршаға ортақ идеология – пайда қалыптасты. Барлығы
өзара пайданы ойлап, Еуропа құрылығында дүниеге келген Рим империясының
салтанатын қайтадан жандандыру бағытында шешімге келді. Қазіргі Еуроодақтың
көлемінен бұрынғы Рим империясының қамтыған территориясын байқауға болады.
Рим империясы Анатолияға, яғни Кіші Азияға үстемдік жүргізгеннен бастап
ыдырау процесі басталды.

2.3 Әлемнің көптеген жетекші саясаткерлері, ғалымдары мен журналистері
аузынан Мұсылман әлемі мен батыс өркениетінің аражігін жалғау мүмкін емес
деген сөздерді естіп қаламыз. Атап айтсақ, қазіргі таңда варварлық Ислам
өркениеті Батыстың бітіспес жауы, әрі антиподы деген көзқарас кең етек
алған. Бір замандарда Ислам қазіргі батыс өркениетінің бастауы болғаны
ешкімнің ойына кіріп те шықпайтын сияқты.
Еуропа қайдан шықты?
Әрине, адамдардың санасын жаулаған мифтерден арылу қиын. Әсіресе, БАҚ-та,
кино өндірісінде, мектеп пен университет оқуында, ғылымда да Еуропа
антикалық өркениеттің бірден-бір мұрагері, бүгінгі әлемде теңдесі жоқ
бірегей өркениет болып табылады деген қате түйін жасалып жүр. Сонымен қоса,
оның мәңгі жолы болмай жүрген бақталасы, күншіл қарсыласы деп мұсылман
әлемі айтылады.
Алайда, бұл жорамалдар Батысты Рим мен Афина мұрагерлері ретінде әлемнің
қожайыны деп пайымдайтын миф секілді нәрсе болып табылады. Ақиқатына
келгенде, бүгінгі Батыс антикалық дәуірдің рухани да, мәдени де, саяси да
жолын жалғаушы емес.
Керісінше, Еуропада феодалдық мемлекеттердің пайда болуы оған жаңа бір
қоғамдық, саяси, әрі мәдени даму моделінің келуімен байланысты болды. Ал,
антикалық дәуір мен еуропалық қайта өрлеудің арасында мың жылдан астам
уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саһа кеңістігі
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Өркениет
Ислам мәдениетi және Ұлы Дала ойшылдары
«Қоғамдық білім негіздері»
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Грек тарихнамасы
Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде
Сақ ескерткіші
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
Пәндер