Сүліктердің түрлері



1.Сүліктердің түрлері
2.Сүлік сілекейінің емдік қасиеті
3.Гирудотерапия дегеніміз не?
4.Сүліктің қан соруы
5.Сүлікті сақтау
6.Қазақстанда сүлік салу
7.«Әулие құрт» туралы аңыз

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сүліктердің түрлері

Сүлік (Hirudinea) - буыл-тық құрттар типінің бір класы. Сүліктердің табиғатта кең тараған 3 отряды, 5 тұқым-дасқа бірігетін 400-ден астам түрі мәлім. Олар теңіз-дерде, тұщы суларда және топырақта өмір сүреді. Еркін қозғалатын жыртқыштардың, жануарлардың қанын қорек етеді. Сол себепті сүліктерді эктопаразиттер деп те атайды. Денесінің ұзындығы - 0,2-20 сантиметр, бас және аналь бөлімдері жоқ, денесі 33 сегменттен түзілген, олардың алдыңғы төртеуі қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі артқы сорғышты құрайды.
Медициналық сүлік (Hirudo medicinalis) - бірқатар емдеуге пайдаланылады. Сүліктің бұл түрінің өзіндік ерекшелігі бар.

Сүлік сілекейінің емдік қасиеті

Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметр болады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу процесіне әсер етеді. Гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады.
Зерттеушілердің айтуынша, сүліктің сілекейі қабыну процесіне қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының склероздық процесін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиеттеріне ие. Ғалымдар сүліктің сілекейінен дестабилаза деген фермент жасалып шығатынын анықтап отыр. Бұл фермент фибриндік қоюланған заттарды жою дәрежесіне жеткізе алады. Сүлік-тің сілекейіндегі осындай қа-
сиеттерді анықтаған дәрігер-лер оны адам қанын азайту-ға және қанды ұйымайтын жағдайға жеткізу үшін пайдаланып келеді.

Гирудотерапия дегеніміз не?

Ғылымда сүлік салуды - гирудотерапия деп атайды. Қазіргі таңда гирудотерапия - кардиология, офтальмология, дерматология, хирургия, гинекология, урология, неврология және герентология саласында кеңінен қолданылатын, күретамыр, қан тамыры, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома тәрізді сырқаттарға өте шипалы ем. Ең ғажа-бы, бұл күндері кейбір адамдар сүлік салудың көмегімен арықтай да бастады.
Гирудотерапияның тиімділігі сүлік адамның артық арам қанын сорып алады, сөйтіп, қан айналысын жақсартады, сүліктің сілекейі биологиялық белсенді заттарға бай, осы түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейі адамның қанын тазартып, иммунитетін күшейтіп, ағзасын жасартады, түрлі ферменттермен бірге қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты айырмашылығы.
Дәрігерлер сүлікті науқас адамның жүрек қызметі нашарлап, бауыры ұлғайғанда, тромбофлебитте, миокарда
инфарктінде, жүректің демікпелі ұстама ауруында (стенокардия), миқан тамырларының қысылуында қолданады. Сүлік салып, емдегеннен кейін сырқаттың дене қызуы қалпына келеді, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендейді, ұсақ қан қатпарлары жойылып, ісікке қарсы, ауырсыздандыру тетіктері іске қосылады. Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолданғанда әйелдер ауруынан айығады, оларда гормондық зат алмасу процестері жылдам қалпына келеді, сүлік салу бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулар-дың алдын алады, кейбір жағдайларда сүлік салу бұл ауруларға негізгі ем ретінде пайдаланылады. Әсіресе, сүлік салу операциядан кейін тез жазылуға әсер етеді. Осыған орай қазір дәрігерлер операциядан соң сүлік салуға кеңес береді.

Сүліктің қан соруыМедициналық аш сүлік бір сорғанда 10 мл. қан сорып, оған тойған соң адам денесінен өзі сыпырылып түсіп қалады. Егерде адам денесіне 8-10 сүлікті қоятын болса, олар 300-400 мл. қанды сорып алады және де сүліктің сорған жерінен қан өздігінен алты сағаттан бір тәу-лікке дейін аға береді, - дейді мамандар.

Егерде адам ағзасынан қанды аздап қана алу қажет болса, онда кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Сүлік салғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, дене салмағына, қан қысымына, сүліктің жағдайына көңіл бөлу қажет. Сүлікті қолданғанда тәндегі өзгерістердің қатерлі болып кетуі мүмкін болғандықтан, сүлікті аллергиялық ауруы бар сырқатқа, қансыраған адамға, қан қысымы төмендерге, қан ұю процесі нашарлаған ауруға пайдалануға болмайды.
Сүлікті сақтау
Сүлікті сулы ыдысқа салып қояды. Сырқатты емдеу үшін аш сүліктер қолданылатындықтан, олар 2-3 ай суда қалқып жүруге тиіс. 3-5 литрлік банкіде 300-ге дейін сүлік ұстайды.
Сүлік сақталған судың құрамында хлордың болмауы керек.
Және де оның жылылығы бөлме жылылығындай болады. Ыдыстағы суды 24 сағат сайын ауыстырып отырады. Ыдыстың бетін темір тормен немесе дәкемен жауып қояды. Мамандардың айтуынша, сүлікті тұндырып қайнатылған температурасы 18 градус су құйылған таза ыдыста - банкіде сақтап, сүліктердің ауырып қалмауын және бөлмеде тыныштық болуын қадағалап отырады. Бөлмеде қатты шу болса, сүліктер бұралып қалады, аш болса да қан сора алмайды.
Сүлікті сақтап қою үшін сиым-дылығы 50-100 мл. ыдыс қажет. Банкіден қысқашпен емес, қолмен 8-12 сүлікті таңдап алып, адам денесіне салады. Үлкен сүліктер артық арам қанды жақсы сорады. Емдеуге сау сүліктер қолданылады. Дені сау сүлікті түрткілесе қозғалып, жылан сияқты қимылдап, қысқарып, жуандайды.
Сүлікті қалай салады?
Сүлік салар алдында мынандай заттарды дайындап алу қажет: шыны түтік қысқыш, глюкоза ерітіндісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Протозоа дүние тармағы
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Эктопаразиттер
Буылтық құрттар, олардың тіршіліктік бейімделуі және сан алуандылығы
Жануарлар қанынан алынатын дәрілер
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жалпақ құрттар типі
Құрттар типіне жалпы сипаттама
Буылтық құрттар типі
Элементарлы сенсорлық психиканың жоғарғы деңгейіне жалпы сипаттама
Пәндер