Саяси процестерді жүзеге асыру барысындағы саяси лидердің ролі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет

1. САЯСИ ЛИДЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Саяси лидерліктің табиғаты мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8 бет
1.2 Саяси лидерлік феноменін зерттеудегі ұғымдық.тарихи негіздер ... ..10 бет
1.3 Саяси лидердің қазіргі түсініктемесі: теориялық аспектілер ... ... ... .18 бет

2. САЯСИ ПРОЦЕСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЛИДЕРДІҢ РОЛІ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Мемлекеттік органдар дамуындағы президенттің ролі ... ... ... ... ... ... .23 бет
2.2 Мемлекет басшысының Конституциямен белгіленген мәртебесі ... ..31 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42 бет
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45 бет
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47 бет

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Саясаттану кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

САЯСИ ПРОЦЕСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЛИДЕРДІҢ РОЛІ

Орындаушы
4 курс студенті ___________________________________ ____Сембиева В.А
(қолы,
күні)

Ғылыми жетекші:
с.ғ.д., профессор__________________________ __________Байдельдинов Л.А.
(қолы, күні)

Нормобақылаушы_____________________ ______________Басыгариева Ж.А.
(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:
________ 2007ж
кафедра меңгерушісі________________________ ___________Иватова Л.М.
с. ғ. докторы, профессор (қолы, күні)

Алматы
2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет

1. САЯСИ ЛИДЕРЛІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. Саяси лидерліктің табиғаты мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 бет
2. Саяси лидерлік феноменін зерттеудегі ұғымдық-тарихи негіздер ... ..10
бет
3. Саяси лидердің қазіргі түсініктемесі: теориялық аспектілер ... ... ... .18
бет

2. САЯСИ ПРОЦЕСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЛИДЕРДІҢ РОЛІ
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Мемлекеттік органдар дамуындағы президенттің
ролі ... ... ... ... ... ... .23 бет
2.2 Мемлекет басшысының Конституциямен белгіленген мәртебесі ... ..31 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...42 бет

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 44 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...45 бет

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .47 бет

КІРІСПЕ

Бітіру жұмыстың тақырып өзектілігі. Тарихтың әр кезеңіндегі қоғамда
орын алған басшылар мен лидерлердің іс-әрекеттерін қарастыру, олардың
ғасырлар бойы зерттелген және оның ары қарай дамуына көптеген теориялар
ұсынылды. Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті
алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі
дамытуды ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың
индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді
бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін
өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір
топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді
көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі
бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын - лидер.
Бәрімізге белгілі тарихтағы маңызды рольге дара тұлғалар емес,
халықтық бұқара ие. Қоғам өмірі мен тарихтың мәні өз мүддесін көздеп, сол
мақсатын жүзеге асыруға талпынған іс-әрекетшіл азаматтардан тұрады.
Дегенмен, сол бұқара халықтың белгілі бөлшегі әлемге ерекше көзқараспен
қарап, өз мүдделері мен өзге азаматтардың мүдделерімен санасып, олардың
сәйкестіктері мен ерекшеліктері туралы ойлана бастағанда, қоғамда партиялар
өмір сүруінің алғышарттары пайда болады. Осындай кездерде қоғам
шеңберіндегі адамдардың мүдде-мақсаттары мен мемлекетті дамытатын бағыт-
бағдарларды сәйкестендіріп, ортақ саясат жүргізетін азаматтар пайда
болмағанда, айтылып кеткен жағдайлар жиі орын алып, мемлекеттің саяси
тұрақсыздығына әкелуші еді. Бұл тұжырымдама лидерліктің қайнар көзін
анықтайды.
Біз ұлттық саяси лидерлердің сыртқы саясат шеңберіндегі іс-әрекеттерін
зерттеуді қарастыра келе лидерліктің еселеніп отырғандығын байқаймыз. Егер
ол лидерлер толық изоляционизм позициясын ұстанбаған жағдайда олар өз
конституенттары мен басқа ұлт өкілдер басқарушыларының және халықаралық
ұйымдар арасында делдал қызметін атқаруға тиісті. Р.Патнэм айтып өткендей,
мұндай саяси лидерлер қос ойынның қатысушылары немесе ойыншылары болып
саналады – ішкі саясат және дипломатия деңгейінде. Дипломатиялық деңгейдегі
келіссөздер мен сұхбаттардың жүзеге асулары және олардың нәтижелері ішкі
саясат деңгейіндегі қолдауды қажет етеді, ал конституенттер мен
сайлаушылардың қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерін дипломатиялық
деңгейдегі сұхбаттар мен келіссөздер анықтайды. Саяси қайраткерлер бір
деңгейдегі жағдайды келесі деңгейдегі жағдайға нәтижелі, тиімді пайдалану
үшін өте көп еңбек етеді.[10]
Зерттеу объектісі – тақырыптың ерекшелігі қоғамдағы индивидтің саяси
лидерлік сипаты, саяси лидер, саяси элиталар, саяси басшылық және
мемлекеттік билік нысандары болып табылады. Тақырыптың маңыздылығы тәуелсіз
Қазақстанның егемендік жылдардағы саяси лидердің қалыптасуы,
қоғамдық ақпараттық-технологияның дамуы, қазіргі саясаттағы ғылыми
техникалық прогрестің адамзаттың өмір сүруіне қажеттілігін жаңа
реформаларға бейімдеу.
Тақырыптың зерттелу пәні - саяси лидерліктің теориялық және
тәжірибелік негіздерін зерттеу.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті - жалпы саяси лидерліктің саяси
процестердегі алатын орнын белгілеу мақсатында қалыптасқан теориялық-
әдістемелік және тәжірибе жүзіндегі негіздерінің мәнін ашу, саяси лидердің
жалпы қоғамдағы маңызы және оның Қазақстан мысалында жүзеге асу
ерекшеліктерін айқындау.
Лидерлік реттеушілік пен құрылымдық процестерінде түзетуді қажет
ететін күрделі құрылымдық жүйелердің белгілі талаптарына сай негізде
құрылады, ал ол өз негізінде қоғамдық ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Бұл белгілі иерархиялық пирамидалық құрылым ұйымдары арқылы жүзеге асатын
басқарушылық іс-әрекетін бөліп шығару жолымен дамиды. Мұндай пирамиданың
төбесі - лидердің орны.
Лидерлік – көпдеңгейлік ұғым. Оның басқаруын қарастырғанда ең алдымен
назарды лидердің өз сипатына, екіншіден оның сайлаушылары мен
конституенттерінің қасиеттеріне, барлық саяси субъектілеріне аудару керек.
Үшішіден, лидер мен оның конституенттерінің арасындағы байланыстарға,
сонымен қатар төртіншіден, сол лидерлікпен басқарылып жатқан шеңберді
(контекст)немесе белгілі жағдайды назарда ұстау қажет. Бұл төрт жағдай
лидерліктің төрт бейнесінде көрінісін табады(images): ту ұстаушы(ұлы адам),
қызметкер, саудагер және өрт сөндіруші.
Халықаралық байланыс шеңберінде саяси лидерлік қалай
көрінеді(relationships) халықаралық қатынастардан өзгеше олар Г.Сондерспен
қалай зерттеледі?(relations) Мақсаты осындай байланыстарды қалыптастыру
және дамыту болған жағдайда не болады? Мұнда саяси ойынның деңгейлеріне
тағы екеуі қосылады. Лидер өзінің назарын тек өзінің сайлаушылары мен басқа
елдердің басқарушыларына ғана аудармауы тиіс, сонымен қатар басқа елдегі
конституенттердің ықпалды көпшілігінің қажеттіліктері мен түсініктеріне,
үміттеріне өте сақ әрекет етуі керек, және де оның белгілі
байланысы(relationships), бір елдің лидерімен қалайша халықаралық саясат
пен бүкіл мемлекетаралық қатынастар жүйесінде(foreign relations) жүзеге
асатындығына назар аударуы қажет.[8]
Осы мақсатқа жету үшін, яғни лидерліктің саяси процестерге қатысуын
теориялық негізінде зерттеу үшін, тақырыпты қажетті көлемде ашу үшін
өзімнің алдыма мен мынадай міндеттер қойдым:
• Жалпы лидерліктің мәні мен мағынасын ашу, оның саяси табиғатын
белгілеу;
• Саяси лидерлікті зерттеудегі ұғымдық-тарихи негіздеріне қысқаша шолу
жасау (тарихтың әрбір кезеңіндегі ғұламалардың, би-шешендердің, зиялы
ғалымдарының айтқан теориялары);
• Саяси лидерлердің қазіргі түсініктемесі, саяси лидердің халықаралық
шеңберде және мемлекеттің ішіндегі саяси процестердің, халықаралық
қатынастардың ішінде алатын орнын қарастыру;
• Мемлекеттік органдар дамуындағы президенттің ролін терең қарастыру
(1991 жылдан бері қарай тәуелсіз Қазақстанның саяси құрылымындағы
мемлекет деңгейіндегі лидердің маңызы);
• Елдің саяси-әлеуметтік реформаларының дамуымен байланысты Конституция
белгілейтін мемлекет басшысының мәртебесіне салыстырмалы талдау жасау;
• Лидердің саяси міндетін атқару процесі барысындағы мемлекет пен қоғам
арасындағы байланысты кеңейту шараларына түсініктеме беру;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси лидерлік мәселесі философтар мен
ойшылдардың көзқарастарын көптеген ғасырлар бойы қызықтырды. Антика
дәуірінде саяси танымдар философиялық-этикалық турде болды, оның көмегімен
ежелгі грек ойшылдары өз заманының ақиқаттарын жеткізіп отырды. Олар
гуманизм (адами қасиеттер) мен мораль туралы өздерінің идеалды нормаларын
қалыптастырды, әділеттілік пен түсіністік заңдарына сәйкестендіріп
мемлекеттік құрылымның идеалды модельдерін іздеді. Осылай, Платон бойынша
идеалды мемлекетте билік шынайы білімі бар және бейбіт өмірді негіздеуші
философтардың қолында болуы керек.[2]
Саяси танымның белгіленуінің келесі кезеңі Ортағасырларға келеді,
мұндағы ерекшеліктердің біреуі – қоршаған ортаны қарастырудағы діни
көзқарастардың басым болуы. Ортағасырлық дүниетанымдардағы басым көпшілігі
табиғаттағы және қоғамдық-жеке өмірдегі құдайдың маңызды ролін тану болып
саналады. Жоғарыда айлылған сөздерден мынадай нәтиже шығады: билік құдайдың
дегенінің жүзеге асуы, ал мемлекеттік билікке бағыну христиандық мораль
талаптарының біреуі болып саналады. Мемлекеттік билік ққұдайдан шыққан
деген идеяның негізін салушылардың бірі – христиандық ойшыл Фома Аквинский.
Оның ойынша, тек кең пейілді және әділетті монархтың ғана билігі мемлекетте
жердегі құдай билігінің шынайы көрінісінде болады.[2]
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың айқын көрісін көрсеткендердің бірі
мемлекеттік қайраткер, тарихшы және ақын Николло Макиавелли болды.
Саясаттың ғылымға айналуының біріншілігі де оның сіңірген еңбегі.
Н.Макиавеллидің негізгі сіңірген еңбегі болып ол ұсынған саяси реализм
қағидасы саналады, онда ой қорытындыланған белгілі жоспардан,
адамгершіліктен бас тарту, саясатта шынайы талаптардың есепке алынуы,
тәжірибелік мүдделердің саяси іс-әрекеттеріне бағыну сынды шаралар орын
алады.[2]
Бір билеуші еріктің басқаруының тағы бір идеологы абсолютизмнің
француздық өкілі, саяси ойшыл және заңгер Жан Боден болды. Ол өз заманның
маңызды ашуларының бірі – егемендік теориясының негізін салушысы болды,
оның мәні – біржақты және біртекті билеу, саяси одақтардағы жоғарғы,
абсолюттік және тұрақты билік.[3]
Жаңа заман дәуірі тарихи кезеңінде саясат пен мемлекеттің мәселесін
қарастыруда ең айқын идеялар – жаратылыстық табиғи құқықтар мен қоғамдық
келісім теориялары болды. Қоғамдық құқықтың теориясын ағылшындық философ
Томас Гоббс қарастырды.[3]
Саяси ойдың дамуының келесі кезеңі ағылшындық публицист, тарихшы және
философ Томас Карлейль мен оның салған жолын жалғастырушы американдық
философ, эссеист және ақын Ральф Уолдо Эмерсон сынды ғалымдардың
лидерлікті зерттеудің валюнтаристік теориясы бейнесінде көрініс тапты.[8]
Бұл ойлар Фридрих Ницшенің жоғарғы адам идеологиясында да
қарастырылады.[3]
Лидерлікті түсінудегі көлденеңді батыстық әлеуметтанудың психологиялық
бағытының негізін салушылардың бірі француз әлеуметтанушысы Габриэль Тард
кеңейтті.[8]
Саяси лидерліктің типологияларын қарастыруда өзінің елеулі зор үлесін
неміс социологы, философы және тархшысы Макс Вебер қосты. Оның идеалды
түр теориясы лидерлерді авторитет көзіне байланысты жіктеу негізінде
қалыптасты.[3]
Ары қарай саяси лидерлік мәселесінің зерттеулері итальяндық Гаэтано
Моска, Вильфредо Парето және австриялық Р.Михельс негіздерін салған саяси
элита теориясының шеңберінде көрініс табады.[8]
Саяси лидерліктің пайда болу мәселесінің толық мазмұнды және қамтулы
еңбектерінің бірі болып француз сасаттанушысы Ж.Блондельдің зерттеулерінде
кеңінен қарастырылды.[1]
Кеңес дәуіріндегі саясаттанудың даму тарихы, философия, мемлекет пен
құқық теориясы секілді пәндер шеңберінде жүзеге асты. Саяси процестердің
экономикалық дамумен бірігуі көрініс табатын маркс-лениндік қағидасындағы
басым идеологиясының орын алуы қоғамның дамуында саяси лидерлердің ролін
тусінуді шектеуге алып келді. Унитарлы идеологияға тән таптық біртектілік
лидерлердің жалпы адамзаттық бастамасының оңтайлы ерекшеліктерін толықтай
меңгеруге мұрша бермеді, өйткені ол кезде тарихтың негізгі әрекет етуші
субъектісі болып халықтық бұқара саналды.
Елдегі идеологиялық күштердің әлсізденуі кезінде, 1990 жылдары толық
емес ғылыми еңбек деп саналатын жұмыстар пайда болады. Бос кеңістік
туғызған орындарды басу және өз заманындағы сұрауларға жауап іздеу
жұмыстары, яғни зерттеулердің бұл мүмкіндіктері сол кездегі ірі саяси
тұлғалардың өмірлік шығармашылықтарын қарастыруға арналды: Ленин, Сталин,
Хрущев, Брежнев және т.с.с олардың қоршаған орталары туралы 1990 жылдары
лидерліктің саяси мәселелерін қарастыратын бірнеше теориялық өңдеу
жұмыстары пайда болды.[10]
Отандық тарихта мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалардың орны туралы
сөз қозғаған қазақ ойшылы, саяхатшы,Орта Азия халықтарының мәдениеті мен
тарихын зерттеуші Шоқан Уалиханов болды.[9]
Қазақтың ақын-ағартушысы Абай Құнанбаев философиялық-этикалық Қара
сөздерінде өз елі үшін еңбек ететін лидердің қажет екендігін айтады, тек
сондай қайраткер ғана мемлекетіне жақсылық жасауға қабілетті.[9]
Қазақтардың тарихы бойынша ең алғашқы зерттеу еңбегі болып қазақ
интеллегенциясының көрнекті өкілі, Қоқан автономиясының тұңғыш премьер-
министрі, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың Қырғыз-қазақ халықтардың тарихы
бойынша материалдар атты еңбегі саналады. Автор қазақ елі деген ұғымды
құрастырушы тайпалар мен рулардың пайда болуы және дамуларын кең
қарастырады, оны терең бейнелейді.[9]
Біздің еліміздің саяси ойдың дамуының жаңа кезеңі қабылданбалы
динамикамен белгіленеді. Халық интеллегенциясы ұғымының қалыптасуы мен
дамуын ашық көрсетудің тұңғыш амалын Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов,
Смағұл Садуақасов, С.Қожановтың драмалық тағдырларының
мысалында қоғамдағы алдыңғы позиция ретінде қарастыруға Болашақ үшін өткен
туралы атты мақалалар жинағының авторлары тырысты. Мемлекеттің алдыңғы
қатарлы тұлғалары: саяси портреттер атты еңбектердің авторлары өздерінің
мақсаттары етіп мемлекеттік қайраткерлерді Керей мен Жәнібек хандардан –
тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевке дейін тұлғалардың әрекеттерін талдауды
қойды. Президентіміздің егемен Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі мен
тәуелсіздік тұсындағы орны туралы ойларын айтуға болады.[9]
Диссертациялық зерттеулердің бірнешесі саяси лидерліктің әртүрлі
аспектілерінен қарастыруға арналған: тоталитарлық қоғам жағдайында саяси
әлеуметтанудың механизмдерін жалпы түсінудің тереңдігі; синергетика және
сыни-әдістемелік рационализмдік сипатқа негізделген лидерлік феноменін
зерттеулердің жаңа теориялық-әдістемелік негіздер ұсынылады;
Б.Т.Көппаеваның Қазақстандағы саяси лидерлік. Тарихи талдау тәжірибесі
еңбегінде кеңестік Қазақстандағы ірі саяси тұлғалар – Ж.Шаяхметов пен
Д.А.Қонаев сияқты қоғам қайраткерлеріне баға беріледі. Отандық
саясаттанудағы персоналия мәселелерін З.С.Гаипов Бұйрықтық-әкімшілік
жүйедегі тұлға: Т.Т.Тәжібаев – педегог, ойшыл, саясаткер атты
диссертациялық жұмыста қарастырды. Мұнда бұйрықтық-әкімшілік жүйедегі
тұлғаның мәні мен ролі туралы мәселелер мемлекеттік іс-әрекет және оның
өзінділігі, жоғарылық қысымға қарсыласу мүмкіндігі призмасынан өтеді.[11]
Жалпы бітіру жұмыстың көлемі – 57 бет, ал мазмұны кіріспе, екі негізгі
бөлімнен, қорытынды, сілтемелер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшадан тұрады.

1. Саяси лидерлікті зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
1.1 Саяси лидерліктің табиғаты мен мәні

Лидерлік – көпдеңгейлік ұғым. Оның басқаруын қарастырғанда ең алдымен
назарды лидердің өз сипатына, екіншіден оның сайлаушылары мен
конституенттерінің қасиеттеріне, барлық саяси субъектілеріне аудару керек.
Үшішіден, лидер мен оның конституенттерінің арасындағы байланыстарға,
сонымен қатар төртіншіден, сол лидерлікпен басқарылып жатқан шеңберді
(контекст)немесе белгілі жағдайды назарда ұстау қажет. Бұл төрт жағдай
лидерліктің төрт бейнесінде көрінісін табады(images): ту ұстаушы(ұлы адам),
қызметкер, саудагер және өрт сөндіруші.
Мартин Лютер Кинг бойынша, лидер - ту ұстаушыларды өздеріне тән
қасиеттері ақиқатқа көзқарастарын ерекшелетеді. Оларда арман бар, оны шын
мәнінде жүзеге асыру үшін лидер - ту ұстаушылар жиі саяси жүйені өзгертуге
тырысады. Лидерліктің бұл түрін түсініп, ұғу үшін міндетті түрде белгілі
бір мақсатқа бағытталған лидердің адамдық жеке қасиеттері мен оны қоршаған
бағынушыларын білу қажет. Лидер өтпелі жағдайды сипаттайды, оның жүзеге асу
барысын қадағалап, саяси проблематикасын қалыптастырады(agenda)[10]
Қызметкердің бейнесін бағыныштыларының мүддесін қорғауға тырысатын
лидер иемденеді. Дәл солардың мақсат-мүддесін көздеп, олардың
атынан сөйлейді, жұмыс атқарады. Тәжірибедегі мұндай түрдегі лидерлер
сайлаушыларының қажеттіліктері мен сенімдерін күтумен жүреді. Сайлаушылар
лидердің орталықтанған міндеті болатын тапсырмаларды дайындайды.
Саудагер – лидерлер үшін ең маңызды болып седіру немесе көндіру
қасиеттері саналады. Осының арқасында оның идеялары ме жоспарлары оның
конституенттары сатып алады және соны жүзеге асыруға тырысады(buy) Гарри
Трумен айтпақшы : Президент билігінің мәні мынада – мәселен, халықты
біріктіріп және істерді еш күмәнсіз атқаратындай етіп көндіру қажет Бұл
жағдайда лидерлік лидер мен өзі қалыптастырған сайлаушыларының қарым-
қатынас негізінде пайда болады. Айтылып өтілген мағыналар лидердің өзінен
мүмкіндік иемденеді және өзінің саясатына қолдау табу үшін, оны жүзеге
асыру үшін ынталанатын лидердің стратегиясын да иемденеді.
Лидер - өрт сөндірушілер лапылдап жанған өртті өшірумен айналысады,
яғни қоршаған ортаның лидерлік конституенттеріне араласуы барысында туылған
мәселелерге әрекет етеді. Мұндай лидерлер әр жағдайда пайда болған оқиғалар
мен мәселелерге құлақ түреді. Моменттің қиын-қыстау талаптары олардың іс-
әрекеттерін анықтайды.
Тәжірибеде көптеген лидерлер лидерліктің төрт бейнесін әр алуан
тәртіпте және келісімінде пайдаланады. Әрбір белгілі момент шеңберінде
лидерлер өз мақсаттарын конституенттерінің мүдделерімен сәйкестедіреді.
Тиімді әрекет етуші лидерлер олардың позициялары сақтап тұратын
коалициялар құрады, ал олар өз кезегінде конституеттерінің қажетті
талаптарын өтеуге міндетті.
Бәрімізге белгілі тарихтағы маңызды рольге дара тұлғалар емес,
халықтық бұқара ие. Қоғам өмірі мен тарихтың мәні өз мүддесін көздеп, сол
мақсатын жүзеге асыруға талпынған іс-әрекетшіл азаматтардан тұрады.
Дегенмен, сол бұқара халықтың белгілі бөлшегі әлемге ерекше көзқараспен
қарап, өз мүдделері мен өзге азаматтардың мүдделерімен санасып, олардың
сәйкестіктері мен ерекшеліктері туралы ойлана бастағанда, қоғамда партиялар
өмір сүруінің алғышарттары пайда болады. Осындай кездерде қоғам
шеңберіндегі адамдардың мүдде-мақсаттары мен мемлекетті дамытатын бағыт-
бағдарларды сәйкестендіріп, ортақ саясат жүргізетін азаматтар пайда
болмағанда, айтылып кеткен жағдайлар жиі орын алып, мемлекеттің саяси
тұрақсыздығына әкелуші еді. Бұл тұжырымдама лидерліктің қайнар көзін
анықтайды.
Сонымен, саяси лидерлік – бұл заң негізінде қолдау тапқан ұйымдарға,
топтарға немесе қоғамдарға приоритетті ықпалы бар бір немесе бірнеше
адамдардың өзара байланыстары жүретін күрделі құбылыс.Оның өзіндік
сипаттамалары үш құрыламды бөліктерден тұрады:
1. Лидердің жеке қасиеттері. Оларға мәселелерге тез сіңу немесе оларды
тез сезіну, оған үйрену, өз мақсатына жетудегі бағыттарын жетік білу,
өз дегенінде нақты тұру.
2. Лидер өз басқармасындағы құралдар мен ресурстардың болуы, яғни
топтардың, партиялардың, бюрократия, соттар, заң шығарушы органдар,
БАҚ, сонымен қатар лидердің ісіне көмегін немесе кеселін тигізетін
нәрселер.
3. Оған әсер ететін және ол әрекет етіп жатқан немесе белгілі бір
ситуация. Бұл компоненттердің маңыздылығы мынада: саяси лидерліктің
ерекшеліктерін көрсететін саяси өзгерістер лидер міндетті түрде
араласатын, оған ықпал етуші уақытша және тұрақты ортаның нәтижесі
ретінде суреттеледі, бейнеленеді және ары қарай дамиды.
Бұл құрылымдар үздіксіз симбиоз жағдайында саяси лидердің әрекетінің
тиімділігіне тікелей әсер етеді.[6]

1.2 Саяси лидерлік феноменін зерттеудегі ұғымдық-тарихи негіздер

Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті алғашқы
қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі дамытуды
ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың
индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді
бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін
өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір
топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді
көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі
бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын - лидер.
Лидер ұғымы leader деген ағылшын сөзінен енген, аудармасы ертіп
жүруші, жетекші деген мағына береді, ол өзіне одақтасу қызметі мен бар
топтардың іс-әрекетін ұйымдастыру қызметін қосады. Басқа адамдарға әсері
мен ықпалы зор және олардың іс-әрекетін қадағалап отыратын, қоғам өмірінде
доминатты орын алушы лидерлік әр тарихи кезеңде, әр салада пайда бола
береді.[1]
Лидерлік реттеушілік пен құрылымдық процестерінде түзетуді қажет
ететін күрделі құрылымдық жүйелердің белгілі талаптарына сай негізде
құрылады, ал ол өз негізінде қоғамдық ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Бұл белгілі иерархиялық пирамидалық құрылым ұйымдары арқылы жүзеге асатын
басқарушылық іс-әрекетін бөліп шығару жолымен дамиды. Мұндай пирамиданың
төбесі - лидердің орны.
Неғұрлым рельефті болып биліктің ерекше түрі ретіндегі лидерлік
адамдар іс-әрекетінің саласында, яғни саясат атты ортада пайда болады. Егер
билік – индивидуум немесе дара топтың қоғам мүшелерінің еркілерін өзіне
қаратудағы мүмкіндігі болса, онда саяси лидерлік ең алдымен, өзінің кең
ауқымдылығымен, халықтың белгілі көпшілігін сапалы және ерікті түрде
бағындырушылығымен, көпшіліктің жетекшісі ретінде тануға дайындығымен
ерекшеленеді. Саяси лидерлік. Жалпылама талдауға жол атты өзінің
еңбегінде Ж.Блондель саяси лидердің іс-әрекетін бөліп көрсетеді, яғни
басқаларды позитивті немесе негативті іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу
немесе ең ақырында ештеңе істемеулеріне ықпал жасау әрекеттері Саяси
лидерлік ортаны өзгертуге бағытталған іс-әрекеттерден тұрады және де ол
лидердің жеке қасиеттері болса ғана жүзеге асады. Жоғарада айтылған
себептерге байланысты ол ең қиын және жалпылау билік түрін көрсетеді.[1]
Дегенмен колоссальді адамдардың ұйымын басқару үшін тек жеке
қасиеттерге ие болу аз болады. Саяси лидерлік институциализация және
формализация (ресми бекіту) ұйымдарымен тығыз байланысты. Аз топтық
интеграциялық кішкене ұйымдарда үздіксіз байланыста лидер есебінде белгілі
бір ұйымдастырушылық қасиеттерге ие тұлға көрінеді. Бірақ мұндай жағдайда
институциализация процесі болмауы мүмкін, ол үшін ұжымдық іс-әрекеттердің
тиімділігі анық функционалдық-қызметтік дифференциациясынның және олардың
мамандандырылған болуы, сонымен
қатар басқарудың оперативтілігі және бағынудың қатаңдығы сақталатын
адамдардың ірі бірліктерінің болуы міндет.
Көптеген ізін жалғастырушылар, олардың әркелкілігі лидер мен оның
конституенттерінен өзіндік механизм тарапынан білімді талап етеді. Лидер
табиғи физикалық тұрғыда кез-келген адаммен ашық байланыстарға түсе
бермейді, оған жалғыз өзіне бүкіл ақпараттарды игеру мүмкін емес, әр топтың
мәселелерін қарастыру, оны түсіну де қиынға түседі. Бұл нормативті-
аксиологиялық тәртіп өкілдерінің көлемдерімен белгіленген ұйымдардың
мүшелері арасындағы биліктің тік (басқару-бағыну) және көлденең
(коррелятивті бірдеңгейлік байланыстар) жүйесін еске түсіреді.[7]
Басқарудың институциализация қызметі формальді(ресми) лидерлік
ұғымында көрінеді. Ресми лидер – қалыптасқан нормативті процедуралар
негізінде сайланған немесе тағайындалған әкімшілік биліктің өкілі. Мұндай
лидерліктің өкілі ұйымның мүшелеріне приоритетті әсер ете келіп, белсенді
түрде мемлекеттік аппараттың мүмкіндіктерін қолданады.
Бейресми(формальді емес) лидерлік топ мүшелерінің жеке қарым-
қатынастарында пайда болып, ең негізі өз лидерлеріне деген сенім болатын
өзара қарым-қатынастардың субъективтілігімен сипатталады. Мұндай жағдайда
міндетті түрдегі саяси-құқықтық құзыреттерінің болмауына қарамастан
лидердің билігі ұйым мүшелерінің авторитетінің негізінде құрылады. Лидердің
авторитеті – бұл топтардың мүдделерін көздеу, оларды көрсету, олармен
санаса білу және адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігіне оңтайлы
реакциясы; сонымен қатар оның жеке қасиеттеріне – көрсетілген ерігі, ақылы,
эрудициясы, өмір сүруге құштарлығы және т.б айырмашылық қасиеттері. Ол ізін
жалғастырушылардың ерікті түрдегі лидерді мойындауына, оны басқаруға құқылы
лидер деп тануға әкеледі. Бейресми лидерлік жиі саяси оппозицияның пайда
болуына себепкер болады. Бұл лидерліктің екі түріне сәйкестену немесе
толықтыру жағдайы кезде авторитетті басқарушыда ұйымның тиімділігі артады.
Ресми және бейресми лидерлік саяси лидерлікті сипаттайтын екі факторды
көрсетеді. Саясатта ресми лидерлік алдыңғы қатарлы болып келеді, себебі
билікті игерудегі ресми-қызметтік статусы тек индивидуалды қасиеттерге ғана
тәуелді емес(бірақ ол да қажетті нәрсе) сонымен қатар ұйымның ықпалы мен
күштеріне де тәуелді. Болып жатқан оқиғаларға жоғарғы билік құрылымдарының
өкілдері ең аз белсенділікке ие болса да шешім қабылдауға өз әсерін
тигізеді. Бейресми лидерлік тек қоғамдық қатынастардың субъективті-
эмоционалды жақтарын ғана көрсетеді.[11]
Саясаттануда басқарушы лидерлерді екіге бөледі. Біріншісіне –
эгоцентристік түрі,ол билікті өзіне материалды және рухани құндылық
көздерін игеру деп санайды(яғни байлық, престиж, танымалдық, жариялық,
қоғамның ең жоғарғы таптарына қол жеткізушілік және т.с.с) немесе билікті
біреудің тәуелділігінен, бағынуынан ләззат алушылық ретінде түсіну(саяси
садизм)
Лидердің екінші түрі – социоцентристік, яғни оның іс-әрекетінің ең
маңызды мәні ретінде Отанына қызмет ету, өзінің алдында ешқандай
эгоцентристік мақсаттарды көздемей, қоғамдық міндеттерді атқару.[5]
Сонымен, лидерліктің пайда болу себептерін, оның мәні мен
ерекшеліктерін қарастыра келіп, саяси ойдың дамуында әлеуметтік маңызды
біріншіліктің ұғым теориясы қалайша пайда болғанын көруге болады.
Саяси лидерлік мәселесі философтар мен ойшылдардың көзқарастарын
көптеген ғасырлар бойы қызықтырды. Антика дәуірінде саяси танымдар
философиялық-этикалық турде болды, оның көмегімен ежелгі грек ойшылдары өз
заманының ақиқаттарын жеткізіп отырды. Олар гуманизм(адами қасиеттер) мен
мораль туралы өздерінің идеалды нормаларын қалыптастырды, әділеттілік пен
түсіністік заңдарына сәйкестендіріп мемлекеттік құрылымның идеалды
модельдерін іздеді. Осылай, Платон бойынша идеалды мемлекетте билік шынайы
білімі бар және бейбіт өмірді негіздеуші философтардың қолында болуы
керек. Және лидерліктің тек осындай жоғарғы планкасы ғана ортақ мүдделерді
ақылмен басқаруды қамтамасыз етеді. Мемлекетте философтардың басқаруына
дейін немесе патшалар мен билердің айтуға тұрарлықтай әрі жақсы, әділетті
философияға берілмесе, ол екеуі - мемлекеттік билік пен философия бір
арнаға келіп құймайды: оған дейін мемлекет зұлымдық пен қауіп-қатерден
құтылмайды Антика заманының ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық
көзқарастарында лидерлік саясатта тұлғалық немесе даралық сипатқа ие. Бұл
кезең философия мен этиканың, саясаттың арасындағы
дисстанцияларының(шеттерінің) анық болмауымен көрінеді және саяси теорияның
дамуында мотализаторлық анықтамаларға ие.[2]
Саяси танымның белгіленуінің келесі кезеңі Ортағасырларға келеді,
мұндағы ерекшеліктердің біреуі – қоршаған ортаны қарастырудағы діни
көзқарастардың басым болуы. Ортағасырлық дүниетанымдардағы басым көпшілігі
табиғаттағы және қоғамдық-жеке өмірдегі құдайдың маңызды ролін тану болып
саналады. Жоғарыда айлылған сөздерден мынадай нәтиже шығады: билік құдайдың
дегенінің жүзеге асуы, ал мемлекеттік билікке бағыну христиандық мораль
талаптарының біреуі болып саналады. Мемлекеттік билік құдайдан шыққан деген
идеяның негізін салушылардың бірі – христиандық ойшыл Фома Аквинский. Оның
ойынша, тек кең пейілді және әділетті монархтың ғана билігі мемлекетте
жердегі құдай билігінің шынайы көрінісінде болады. Тек осындай лидер өзінің
міндеттерін бұлжытпай орындауға қабілетті – тұрғылықты азаматтардың
қажеттіліктерін өтеп, бейбітшілікті сақтайды және барлығының жақсы өмір
сүруін қамтамасыз етеді.[2]
Батысевропалық ортағасырлық саяси ой қоғамдық-саяси құрылымының
түсініктемесі құдайшылдық болатын христиан моралінда дамыды. Христиан
дінінің канондары мемлекеттік білім негізінде жаңа сипаттағы қағидаларды
ойлап тапты, яғни басқарушылардың жауапкершілігі, заңның әділеттілігі,
ортақ мүддені қамтамасыз ету.
Нарықтық қатынсатардың дамуы барысында саясат пен құқықты түсіндірудің
діни-теократикалық сипаттамаларына өзгеріс еніп, оның орнын Қайта өрлеу
дәуірі деп аталатын жаңа тарихи кезең ауыстырды. Бұл кезең
әлемді теоцентристік қабылдаудан антропоцентристік қабылдауға өтумен
сипатталады. Реннесанс дәуірі тарихта діннің орны доминантты емес, яғни аз
мөлшердегі тарих кезеңін қамтиды. Алдыңғы қатарда адамның бейбіт өміріне,
оның жердегі бақытының талпынысы деген идеялардың теориялары тұрады. Саяси
ойды дамыту да көптеген өзгерістерге ұшырады. Саяси процестерді
теологиялық, діни-этикалық түсіндірудің орнын адам қажеттіліктерін
рационалды-сыни түсініктемелер басты. Мемлекет пенқұқықтың жаңа қағидалары
саяси тәжірибенің талдауына сүйеніп, бар саяси қатынастарды кең игеріп,
оның табиғатын түсіндірумен айналысады.
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың айқын көрісін көрсеткендердің бірі
мемлекеттік қайраткер, тарихшы және ақын Николло Макиавелли болды.
Саясаттың ғылымға айналуының біріншілігі де оның сіңірген еңбегі.
Н.Макиавеллидің негізгі сіңірген еңбегі болып ол ұсынған саяси реализм
қағидасы саналады, онда ой қорытындыланған белгілі жоспардан,
адамгершіліктен бас тарту, саясатта шынайы талаптардың есепке алынуы,
тәжірибелік мүдделердің саяси іс-әрекеттеріне бағыну сынды шаралар орын
алады. Оның ойынша, саясат моральдық қағидаларға негізделмеуі керек, ол
елгілі мақсаттарға жетуге баынуы қажет. Саяси мақсаттарды таңдау
жағдайларға негізделеді, сондықтан да мақсаттарға жетудегі құралдар
моральді қағидаларға емес, жағдайлар мен басқарушылардың мүмкіндіктеріне
сәйкестенуі керек. Мемлекеттік қайраткерлердің жеке қасиеттерін назардан
шығармай Макиавелли мынаны анық түсіндіреді: тек талант пен шексіз энергия
иелері ғана жағдайларға төтеп бере алады. Макиавелли қағидасының ең негізгі
леймотиві – қоғамның барлық таптарын қосып, қоғамдық тәртіпті қолдау және
өз мемлекетін сақтап қалу үшін әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдаланатын
берік саяси биліктің символы ретіндегі лидер.[2]
Бір билеуші еріктің басқаруының тағы бір идеологы абсолютизмнің
француздық өкілі, саяси ойшыл және заңгер Жан Боден болды. Ол өз заманның
маңызды ашуларының бірі – егемендік теориясының негізін салушысы болды,
оның мәні – біржақты және біртекті билеу, саяси одақтардағы жоғарғы,
абсолюттік және тұрақты билік. Мемлекеттік биліктің ең басты сипаты ретінде
Ж.Боден оның әрдайым басшылыққа ие және бар басшылықтардан да биік
тұратындығын қарастырды. Егемендік халыққа емес, монарх иелігінде болады.
Және де монарх, Боден бойынша, құқық пен заң көзі болып саналады.
Мемлекеттің жоғарғы лидерінің міндеттері елдің монолитті саяси
біртұтастығын қалыптастыру мен орталықтанбау, бөлшектенуге қарсы тұру
әрекеттерінде бірігеді.[3]
Жаңа заман дәуірі тарихи кезеңінде саясат пен мемлекеттің мәселесін
қарастыруда ең айқын идеялар – жаратылыстық табиғи құқықтар мен қоғамдық
келісім теориялары болды. Қоғамдық құқықтың теориясын ағылшындық философ
Томас Гоббс қарастырды. Бұл қағиданың негізгі жағдайлары мемлекеттің пайда
болуын құдай еркінің көрінісі ретінде емес, саналы түрде қоғамда биліктің
ерекше жүйесін қалыптастырып және оған бағынуды міндет еткендігін
қарастыруға мүмкіндік береді. Гоббс мықты
абсолюттік мемлекеттік билікті жақтайды, өйткені оның ойынша, тек ол ғана
адамдардың жаратылыстық табиғи жағдайларының қалдықтарын жоюға қабілетті
және бәрінің бәріне қарсы соғысын тудырады. Егемен бейнесінде мықты
саяси биліктің қажеттілігі тұрақты мемлекет қалыптасуының алғы шарты
ретінде көрінеді.[3]
Осылайша, адамзат өркениеті дамуының тағы бір кезеңі, Жаңа заман
дәуірі адамның ақыл-ойына, оның мемлекеттік билік жүйесін қалыптастыру
мүмкіндіктеріне негізделген мемлекеттің пайда болуының жаңаша қағидаларын
ұсынды. Бұл кезеңнің әйгілі ойшылдары саясатқа ғылыми қызығушылығының
өрісін кеңейтіп, саяси саланы адамдардың өмірлік шығармашылықтарының ерекше
түрі ретінде қарастыруға ары қарай септіктерін тигізді.
Саяси ойдың дамуының келесі кезеңі ағылшындық публицист, тарихшы және
философ Томас Карлейль мен оның салған жолын жалғастырушы американдық
философ, эссеист және ақын Ральф Уолдо Эмерсон сынды ғалымдардың
лидерлікті зерттеудің валюнтаристік теориясы бейнесінде көрініс тапты. Бұл
философиялық ағымның негізгі идеясы орташа бұқараның басындағы саяси
процестердің рухани қайраткерлердің кейіпкерлер культі ұғымымен тығыз
байланысты.[8]
Бұл ойлар Фридрих Ницшенің жоғарғы адам идеологиясында да
қарастырылады. Неміс философы адамзатты тек өз мақсаттары мен үлгілеріне
жетудегі құрал ретінде санайтын биологиялық жоғарғы түр – индивидуумның
қажеттілігін түсінуге тырысты. Адамзаттың бірден-бір міндеті болып ұлы
адамдарды дүниеге әкелу саналады, және осы қайылған мақсатты іс жүзіне
асыруы үшін күндіз-түні жаппай еңбек етуі керек деп санайды ол. Ұлы адам
- моральдің ешқандай нормаларымен байланыспаған, жақсылық пен зұлымдық
ұғымдарының арасында тұратын, қарапайым адамдарды бағындыратын, адам-
лидердің алғы шарты болатын әдемі де қатты, батыл, ержүрек тұлғаның барлық
керемет қасиеттерінің бірігуі. Ницше бойынша, құндылық – бұл адам өзіне
биліктің игере алатын ең жоғарғы, ең көп саны.[3]
Лидерлікті түсінудегі көлденеңді батыстық әлеуметтанудың психологиялық
бағытының негізін салушылардың бірі француз әлеуметтанушысы Габриэль Тард
кеңейтті. Оның саяси лидерлік теориясының дамуына қосқан үлесі шығарма
немесе туынды және еліктеу сияқты категориялардың ашылуында орын алды.
Туынды - белгілі тұлғалардың іс-әрекетінің нәтижесі ретінде көрінетін
әлеуметтік прогрестің жалғыз көзі. Адамдардың көпшілігі өзіндік әлеуметтік
шығармамен айналысуға бәрі қабілетті емес. Әлеуметтік өмірдің негізгі заңы
болып еліктеу яғни лидер қарамағындағылардың өз лидерлеріне еліктеулері
саналады, осының арқасында топтық және қоғамдық нормалармен құндылықтар
пайда болады.[8]
Саяси лидерліктің типологияларын қарастыруда өзінің елеулі зор үлесін
неміс социологы, философы және тархшысы Макс Вебер қосты. Оның идеалды
түр теориясы лидерлерді авторитет көзіне байланысты жіктеу
негізінде қалыптасты. М.Вебер лидерліктің үш түрін ұсынды: 1) дәстүрлік,
мұнда лидерлік құқығы қоғамда орын алған салт-дәстүрлерге негізделеді; 2)
рационалды-ресми лидерлік, қарастырылатын қоғамдағы заңды процедуралардың
ресми бекітілуі жағдайында ғана пайда болады; Лидер билік құзыреттерін салт-
дәстүр мен ерекше жеке қасиеттерінің күшінен емес, жүйәнің біртұтастығы
тұрғысынан қарастырғандағы рационалды белгілі мемлекеттік қызмет өкілі
күшінен иеленеді. М.Вебер лидерліктің дәл осы түріне ерекше назар аударады,
себебі оның ойынша, лидерліктің дәл осы түрі рационалдық қазіргі заманғы
европалық мәдениеттің анықтаушы сипаты болып табылады; 3) саяси лидерлік
теориясының үшінші түріне харизматикалық түр жатады, ол лидердің жоғарғы
мүмкіндіктерінің, яғни оның тұлғалық культінің, қасиеттерінің сенімдеріне
негізделеді және ол эмоционалды сипатқа ие. Харизматикалық лидер
революциялық роль атқарады, себебі ол қоғамда белгіленген шектен тыс саяси
инициативаларымен алаңға шығады. М.Вебердің саяси лидерлікті зерттеудегі
теориясына қосқан үлесі болып саяси билік легитимдігінің әлеуметтік
қағидасын қалыптастыруы саналды.[3]
Осылайша, саяси ойдың дамуына XIX ғасыр аяғы-XX ғасырдың бас
кезеңіндегі әлеуметтік теориялар ықпал етті. Қазіргі саяси ғылым үшін
әлеуметтанудың маңызы болып саясат туралы танымды айқынырақ көрсету мен
тәжірибелік шешімдер үшін қол жеткізу саналады.
Ары қарай саяси лидерлік мәселесінің зерттеулері итальяндық Гаэтано
Моска, Вильфредо Парето және австриялық Р.Михельс негіздерін салған саяси
элита теориясының шеңберінде көрініс табады. Заңгер, әлеуметтанушы Г.Моска
саяси элитаның қалыптасу мәселесін талдай келе, мынадай қорытындыға келеді:
элитаның құрамына ену үшін тек адамдарды басқара білу қабілеті ғана емес,
сонымен қатар материалдық-моральдық және ақыл-ой, жоғарғы білім қасиеттерге
ие болуы қажет. Саяси ғылым негіздері атты еңбегінде Г.Моска әр қоғамның
мызғымас заңын, яғни басқарушылар мен бағынушылар болып екі тапқа бөлінуді
ерекше қарастырады.
Экономист және әлеуметтанушы В.Парето өз қағидасын ойлап тапты және ол
қағида бойынша, тәртіп пен білім нәтижесінде пайда болған әлеуметтік және
жеке қасиеттермен көзге көрінген таңдамалы азшылық қоғамды басқарады. Оның
басқарушы элита түрлерінің түлкі мен арыстан сынды ауысу теориясы саяси
лидерліктің мәнін, оның қоршаған ортасымен мызғымастығын анықтауға
көмектеседі.
Экономист және әлеуметтанушы Р.Михельс олигархиялық тенденцияның
темір заңын ашты және ол теория бойынша демократиялық құрылыстан
қоғамның олигархизациясына өту заңдылықтары көрсетіледі. Р.Михельс мынадай
қорытынды жасайды: қоғамдық ұйымдар элитарлықты, яғни приоритетті ұйымдық
қасиеттерге ие тамаша адамдардың бөлінуін қажет етеді.
Бұл ойшыл-саясаттанушылардың сіңірген еңбектері болып олардың
лидерлерге тән сипаттамаларды толық түсіндірулері және олардың шыққан
тектері мен элиталық топқа жатқызу процестері табылады. Жалпы алғанда,
Г.Моска, В.Парето, Р.Михельстің еңбектері элита мен лидерлікті саяси таным
шеңберінде теориялық және эмпирикалық зерттеуді ары қарай дамытуға, оны кең
ауқымда қамтуға өздерінің зор елеулі үлестерін қосты.[8]
Саяси лидерліктің пайда болу мәселесінің толық мазмұнды және қамтулы
еңбектерінің бірі болып француз сасаттанушысы Ж.Блондельдің зерттеулерінде
кеңінен қарастырылды. Эмпирикалық материалдарды жалпылай келе (Лассуэл,
Стогдилл, Бэсс) ол жеке қасиеттердің талдауына және оның саяси лидердің
түрінің қалыптасуына әсерінің талдауына кең ұғымдық шолу жасайды. Дәстүрлік
әлеуметтік қабылдаулардағы индивидуалистік сипатқа ие әдістерді
біріктіріп, саясаттанушы лидерліктің тиімділігіне тұлғаның әсер етуінің
жүйелік талдауын негізге алады. Лидердің әлеуметтік шығу ортасы, оның
білімі мен айналысатын істері сынды факторларды сынап бағалау үшін ол
лидердің өмірбаянын көпжақты қамту көзделді. Ж.Блондель мынадай қорытындыға
келеді: лидерлік адам табиғаты мен оның аспектісінің барлығымен де тығыз
байланыста болады, бірақ приоритетті қасиеттер ретінде ақыл-ой, білім, ерік
және сөзінен қайтпаушылық сияқты ерекше сипаттарға ие нәрселерді таниды.
Лидерлер – бұлар өз мақсаттарына өте берік бағытталған адамдар Ж.Блондель
лидер өзінің басқаруында орын алатын құралдарды және өзі әрекет ететін
ситуацияларды зерттеуге ерекше назар аударады деп санайды. Бұл мәселенің
терең зерттелуіне қарамастан, Ж.Блондель саяси ғылымның осы бөлімді одан
ары кең қарастыруда бірнеше сұрақтарды реттеп қойды.[1]
Кеңес дәуіріндегі саясаттанудың даму тарихы, философия, мемлекет пен
құқық теориясы секілді пәндер шеңберінде жүзеге асты. Саяси процестердің
экономикалық дамумен бірігуі көрініс табатын маркс-лениндік қағидасындағы
басым идеологиясының орын алуы қоғамның дамуында саяси лидерлердің ролін
тусінуді шектеуге алып келді. Унитарлы идеологияға тән таптық біртектілік
лидерлердің жалпы адамзаттық бастамасының оңтайлы ерекшеліктерін толықтай
меңгеруге мұрша бермеді, өйткені ол кезде тарихтың негізгі әрекет етуші
субъектісі болып халықтық бұқара саналды.
Елдегі идеологиялық күштердің әлсізденуі кезінде, 1990 жылдары толық
емес ғылыми еңбек деп саналатын жұмыстар пайда болады. Бос кеңістік
туғызған орындарды басу және өз заманындағы сұрауларға жауап іздеу
жұмыстары, яғни зерттеулердің бұл мүмкіндіктері сол кездегі ірі саяси
тұлғалардың өмірлік шығармашылықтарын қарастыруға арналды: Ленин, Сталин,
Хрущев, Брежнев және т.с.с олардың қоршаған орталары туралы 1990 жылдары
лидерліктің саяси мәселелерін қарастыратын бірнеше теориялық өңдеу
жұмыстары пайда болды. Зерттелетін мәселелерінің сұрақтар мазмұны өте кең :
лидер авторитетінің философиялық түсінуден бір білгілі тұлғаның басқару
тәртібіне дейін.[9]
Отандық тарихта мемлекеттің алдыңғы қатарлы тұлғалардың орны туралы
сөз қозғаған қазақ ойшылы, саяхатшы,Орта Азия халықтарының мәдениеті мен
тарихын зерттеуші Шоқан Уалиханов болды. Абылай ханның өмірін зерттей келе,
оған өзінің атына сай болуға көмектескен Абылайдың өзінің жеке қасиеттері
деп көрсетеді. Ол халықтың алдында беделге ие
бола білді және ол бедел мистикалық сипатта болды. Абылай ханның мықты жеке
билігі қазақ жеріндегі рулар мен тайпалардың қоғамдық келісімі мен
теориялық бірлестігін сақтауға ықпал етті[9]
Қазақтың ақын-ағартушысы Абай Құнанбаев философиялық-этикалық Қара
сөздерінде өз елі үшін еңбек ететін лидердің қажет екендігін айтады, тек
сондай қайраткер ғана мемлекетіне жақсылық жасауға қабілетті.
Қазақтардың тарихы бойынша ең алғашқы зерттеу еңбегі болып қазақ
интеллегенциясының көрнекті өкілі, Қоқан автономиясының тұңғыш премьер-
министрі, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың Қырғыз-қазақ халықтардың тарихы
бойынша материалдар атты еңбегі саналады. Автор қазақ елі деген ұғымды
құрастырушы тайпалар мен рулардың пайда болуы және дамуларын кең
қарастырады, оны терең бейнелейді. Хандардың іс-әрекетіне ерекше тоқталып,
М.Тынышбаев олардың саясатындағы ұлттық мемлекеттік пен халық бірлігінің
өрістуіне негізделетін бағыттарын бөліп көрсетеді.[9]
Біздің еліміздің саяси ойдың дамуының жаңа кезеңі қабылданбалы
динамикамен белгіленеді. Халық интеллегенциясы ұғымының қалыптасуы мен
дамуын ашық көрсетудің тұңғыш амалын Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов,
Смағұл Садуақасов, С.Қожановтың драмалық тағдырларының мысалында қоғамдағы
алдыңғы позиция ретінде қарастыруға Болашақ үшін өткен туралы атты
мақалалар жинағының авторлары тырысты. Мемлекеттің алдыңғы қатарлы
тұлғалары: саяси портреттер атты еңбектердің авторлары өздерінің
мақсаттары етіп мемлекеттік қайраткерлерді Керей мен Жәнібек хандардан –
тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевке дейін тұлғалардың әрекеттерін талдауды
қойды.Диссертациялық зерттеулердің бірнешесі саяси лидерліктің әртүрлі
аспектілерінен қарастыруға арналған: тоталитарлық қоғам жағдайында саяси
әлеуметтанудың механизмдерін жалпы түсінудің тереңдігі; синергетика және
сыни-әдістемелік рационализмдік сипатқа негізделген лидерлік феноменін
зерттеулердің жаңа теориялық-әдістемелік негіздер ұсынылады;
Б.Т.Көппаеваның Қазақстандағы саяси лидерлік. Тарихи талдау тәжірибесі
еңбегінде кеңестік Қазақстандағы ірі саяси тұлғалар – Ж.Шаяхметов пен
Д.А.Қонаев сияқты қоғам қайраткерлеріне баға беріледі. Отандық
саясаттанудағы персоналия мәселелерін З.С.Гаипов Бұйрықтық-әкімшілік
жүйедегі тұлға: Т.Т.Тәжібаев – педегог, ойшыл, саясаткер атты
диссертациялық жұмыста қарастырды. Мұнда бұйрықтық-әкімшілік жүйедегі
тұлғаның мәні мен ролі туралы мәселелер мемлекеттік іс-әрекет және оның
өзінділігі призмасынан өтеді.[9]
Саясаттанудың маңызды бөлгінің құбылысы ретіндегі саяси лидерлікті
зерттеу қажеттілігі саяси процестерді толық түсіну үшін, өткеннен
проекциямен болашаққа саяси лидердің іс-әрекетін дұрыс бағалай білу үшін
керек.

1.3 Саяси лидердің қазіргі түсініктемесі: теориялық аспектілер

Саяси ойын деңгейлері. Біз ұлттық саяси лидерлердің сыртқы саясат
шеңберіндегі іс-әрекеттерін зерттеуді қарастыра келе лидерліктің еселеніп
отырғандығын байқаймыз. Егер ол лидерлер толық изоляционизм позициясын
ұстанбаған жағдайда олар өз конституенттары мен басқа ұлт өкілдер
басқарушыларының және халықаралық ұйымдар арасында делдал қызметін атқаруға
тиісті. Р.Патнэм айтып өткендей, мұндай саяси лидерлер қос ойынның
қатысушылары немесе ойыншылары болып саналады – ішкі саясат және дипломатия
деңгейінде. Дипломатиялық деңгейдегі келіссөздер мен сұхбаттардың жүзеге
асулары және олардың нәтижелері ішкі саясат деңгейіндегі қолдауды қажет
етеді, ал конституенттер мен сайлаушылардың қажеттіліктері мен мақсат-
мүдделерін дипломатиялық деңгейдегі сұхбаттар мен келіссөздер
анықтайды.[10] Саяси қайраткерлер бір деңгейдегі жағдайды келесі деңгейдегі
жағдайға нәтижелі, тиімді пайдалану үшін өте көп еңбек етеді. Осылай,
М.Горбачев өз әкімшілік басқаруының басында халықаралық аренада тұрақты
жағдайларға бағытталған көптеген сыртқы саяси инициативалар жүйесін жүзеге
асырды, мұның тиімді жағы – ішкі саясатта міндетті түрде жүзеге асырылатын
өзгерістерге назар аударуға мүмкіндік алды. Ал Р.Рейган күш позициясынан
Кеңес Одағымен келіссөздер жүргізуі үшін әскери шығынды көбейтті.[8]
Халықаралық байланыс шеңберінде саяси лидерлік қалай
көрінеді(relationships) халықаралық қатынастардан өзгеше олар Г.Сондерспен
қалай зерттеледі?(relations) Мақсаты осындай байланыстарды қалыптастыру
және дамыту болған жағдайда не болады? Мұнда саяси ойынның деңгейлеріне
тағы екеуі қосылады. Лидер өзінің назарын тек өзінің сайлаушылары мен басқа
елдердің басқарушыларына ғана аудармауы тиіс, сонымен қатар басқа елдегі
конституенттердің ықпалды көпшілігінің қажеттіліктері мен түсініктеріне,
үміттеріне өте сақ әрекет етуі керек, және де оның белгілі
байланысы(relationships), бір елдің лидерімен қалайша халықаралық саясат
пен бүкіл мемлекетаралық қатынастар жүйесінде(foreign relations) жүзеге
асатындығына назар аударуы қажет.[8]
Басқа елдің қоғамдары не құрастыра алатындықтарына көңіл аударған
лидер екі елдің де ішкі күштеріне тиімді, қолайлы саясатты қалыптастыруы
үшін сол елдің басшыларымен жұмыс істеуі әбден мүмкін. Лидерлер өз
жоспарларында өзге елдің қоғам қайраткерлеріне қаншалықты сене алатындығын
және онда қандай альтернативалар немесе белгілі іс-әрекеттер қолдау таба
алатындығын ұғуға көп мүмкіндік алады. Осылай, жұмыс істей келе екі елдің
қоғамдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін лидерлер өз байланысының
үздіксіз болуына мүмкіндік иеленді. Өзге елдің сайлаушыларының қоғамдық
санасына түсініссіздік лидерлер арасындағы байланыстар мен қатынастарға
кесел келтіруі мүмкін. Бұл қағиданы өз тәжірибесінде Дж.Картер Кеңес
Одағымен байланысын жақсарту мақсатында кеңестік диссиденттердің қолдауын
қажет етіп және КСРО-дағы адам құқының бұзылуын ашық даттаған кездегі
жағдайында көзін жткізген болатын.[5]
Халықаралық байланыс халықаралық шеңберде дараланып қалмайды,
тұйықталмайды, бірақ әртүрлі сыртқы саяси қатынастар мен халықаралық
қатынастар ықпалында болып, әсер ету қаупінде болады. Мысалы, кеңес-
американдық қатынастардың дамуы Қиыр Шығыстағы жағдайдың шиеленісіне өз
ықпалын тигізеді. Лидер өзінің мүдделі халықаралық байланысының тұрақтылығы
үшін өзге аймақтар мен мәселелі облыстардың саясатымен теңесе білуі тиіс.
Өзінің жеке сайлаушыларын тану, сонымен қатар өзге елдің конституенттары
мен басшылықтарын тану лидерді екі түрлі саяси бағыттар мен мәселелер өзара
сәйкестенуі және осы байланысқа қандай да болсын салада қандай іс-әрекет
әсер ету мүмкіндігі туралы анықтауға бағыттайды.
Екі ансамбль: жеңіс және мақсатқа жету. Екі деңгейлік халықаралық
ойынға қатысушы лидер үшін жеңіс ансамблінің қағидасы өте зор(win set)
Мұның астарында лидердің конституенттерінің қолдауына ие болуға мүмкіндік
болатын келіссөздер ортасы көрінеді. Ал төрт деңгейлік халықаралық ойынды
жүргізуші лидерлер үшін өзара мақсатқа жету ансамблінің қағидасы өте
зор(mutual-gain set) Екі топтың конституенттері үшін қажетті және қажет
емес, қадай және қайда жүзеге асырылып жатқандығын, қай қатынастарды
тұрақты байланыс үшін сақтау қажет екенін анықтау өте маңызды. Өзара
байланыста аймақтық конфигурация нәтижелі күш қолдануды анықтайды. Айталық,
лидерлер мақсат ретінде жай байланыстың сақталу міндетін қойды. Өзара қарым-
қатынастар аймағы қаншалықты кішкентай мөлшерде болса, соншалықты тез
лидерлер өздерінің істерінде тиімді мүмкіндіктерді ойынның ережелерін
анықтау және пікір алмасуы үшін қолдануға тиісті болады.
Лидерлердің өздерінің тұрақты шешім қабылдау қасиеттерінен басқасы
олардың өзара байланысын сақтауға қабілетсіз. Өзара қарым-қатынастық аймағы
қаншалықты үлкен мөлшерде болса, соншалықты лидерлерге іс жүзіндегі
мәселелер мен оларды шешу жолдарына назарын бағыттау оңайға түседі. Екі
жақтың қалыптасқан байланыстан өз пайдасына тиімді жақтарын қалай пайдалану
керектігін ойлайды.
Рейганның басшылығы екі шекті анықтайды. Өзінің әкімшілік басқаруының
басында, яғни Кеңес Одағы зұлымдық империясы ретінде танылғанда АҚШ пен
КСРО арасындағы байланыс туралы оның конституенттері не ойлайтындығы және
ол туралы кеңестік бетте не дейтіндігі жайында білмеді деп айтуға болады.
Кеңестік лидерлерге Рейганды байланыс сақтау мақсатында көндіру қиынға
соқты. Дегенмен, Ю.Андропов пен М.Горбачев кеңестік сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Лидер
Қоғамдағы саяси лидердің рөлі
Басқару жүйесіндегі саяси менеджмент
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Насихат мақсаты
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Зерттеудің міндеттері жоғары сынып оқушыларының лидерлікке даярлығын тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындау
Пәндер